Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок-60,0 г/л, глюкоза-5,5 ммоль/л, калий-4,28 ммоль/л, натрий-132,1 ммоль/л, кальций-0,73 ммоль/л (иондалған). қалыпты Микрофлорға себу -аранынан Кандида туыстас саңырау құлақ, алтын түсті стафилококк, құйрығынан-алтын түсті стафилококк өскенің көрсетті. кандидамикоз Жалпы зәр анализі: реакция қышқыл, белок-0,66, лейкоциттер-барлық көру аймағында, түйіршікті цилиндрлер-3-5 к/а. Протеинурия, пиурия, лейкоцитурия Рентгенограмма:жалпы кебу фонында өкпе суретінің қоюланғаны, оң жағында көкет үстінде және сол жағында жоғары бөлігі деңгейінде тығыздалу анықталады. Осы тығыздану деңгейінде фестонды, сақина тәрізді қараю (қуысқа күмән) бар. Түбірі бір текті. Жүрек шегі әлсіз көрінеді. Синустары бос. Өкпе абсцесі
Пневмонияны емдеу мақсатында ұзақ уақыт антибактериальды ем алған шала туған нәрестенің 1 ай 10 күндігінде жағдайы нашарлаған. Оперкулярлы пароксизм түрінде (бір түрлі сору және шайнау қимылдары, тілін шығару), құрысу пайда болған. Бас шеңбері өскен (+6 см 1 ай 10 күнде). Оң жақ қолында қозғалыс белсеңділігі жоғалған.
Терісі бозғылт, мрамор суретті, боксесінде эритематозды фонда папулезды бөртпе бар. Ауыз қуысының кілегей қабатында қиын алынатын ақ жабынды байқалады. Тынысы пуэрильді, барлық бөлімдерінде естіледі, сырылдар жоқ. ТЖ-40 рет минутына, жүрек шекарасы: оң жағы төстің оң жақ шеті; сол жағы бұғана ортасы сызығынан +1 см ішке қарай. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ-120 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасынан +3 см, талағы +1 см тұр. Дәреті күніне 2 рет, ботқа тәрізді. Диурезі өзгермеген.
Қанның жалпы анализі: Нв-112г/л, эр-3,5x10/л, ТҚ-0,89, лейк-10,3x10/л, т/я-2%, с/я-33%, э-3%, л-52%, м-10%, ЭТЖ-15мм/сағ. Қалыпты Жалпы зәр анализі: мөлдірлігі-лайлы, лейкоцит-10-12 к/а, белок және глюкоза жоқ, Candida туыстас саңырауқұлақ көп. Лайланған, лейкоцитурия