Теориялық әдіс - анализ, синтез, салыстыру, индукция, дедукция, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, модельдеу әдістері жатады
Эмпирикалық әдіс - бақылау, әңгімелесу, сауалсұрақ, тестілеу, бағалау, алынған мәліметтерді өңдеу (математикалық, статистикалық, графикалық, кестелік), зерттеу нәтижелерін педагогикалық іс-тәжірибеге ендіру жатады.
Теориялық әдіс - Бұл құбылыс түсіндірмелерімен ,заңдарды сандық және сапалық формадағы тұжырымдамасымен және танумен,зерттелетін құбылыстың мәніне өтумен,фактінің терең анализімен байланысты.Ары қарай бұл кезеңде мүмкін болар оқиғаларды болжау және оқытылатын құбылыстардағы өзгерістер жүзеге асырылады,осы құбылыстарға тәжірибелік әсер ету ұсыныстары әрекет принциптері өңделеді.Теориялық кезең өзіне жалғастырушы жұмыс кезеңдерінің қатарын қамтиды.теориялық кезең мен эмпирикалық кезеңін байланыстырушы топ мәселе құрылымы болып табылады.
Эмпирикалық әдіс - Бұл кезең нақты фактілерге негізделген қорытынды материалды алумен қатар бірінші реттік өңдеумен байланысты.Әдетте ақиқатпен ғылыми фактілерді бөледі.
- Ақиқат фактілері-бұл болатын немесе негізінде болып жатқан құбылыстар,оқиғалар,зерттелетін обьектілердің әр түрлі жақтары,қасиеті мен қатынасы.
- Ғылыми фактілер-бұл санамен бейнеленгенақиқат фактілері,олар ғылым тілінде,пайымдаулар түрінде тексерілген,яғниміндетті түрде тексерілген фактілер жиынтығы.
- Эмпирикалық кезең зерттеудің екі сатысынан тұрады.
- 1-сатысы- бұл фактілерді іздеу және алу процесі
- 2-сатысы-олардың өзара байланысында фактілердіңекеу ара байланысын қосады.
Периодты заңды ашқан Менделлеев зерттеу тапсырмалары туралы былай деген: Үйрену-бұл: а)жай бейнелеу немесе сипаттау емес.белгіліні үйренуге қатысын білу. б)өлшеуге жататындардың барлығын өлшеу В)сандық мәліметтерді қолданып,белгілі бір жүйеде үйретудің орнын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |