Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістері қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты да мұны және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жургізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі — баланы тарбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т. б.) әсер етеді. Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғыдыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына яғни келтірмейтіндей және оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1, Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005. 2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.
3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004. 4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992. 5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж