Пән атауы Қазақ әдебиеті (жаратылыстану-математикалық бағыт)


ҮІІІ Бөлім. Табиғат және адам



бет11/14
Дата06.06.2023
өлшемі64,6 Kb.
#178335
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
ЖОБ әдебиет 2022

ҮІІІ Бөлім.
Табиғат және адам

Тақырып 20. Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы.
Қ.Мырзалиевтің өмірі және шығармашылығы. Ақынның «Қызыл кітап» поэмасы экология тақырыбына жазылған еңбектерінің қорытындысы іспетті. Қ.Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасы бірнеше мағыналарды қамтиды. Біріншісі, бұл поэма құрып бара жатқан аңдар туралы. Екіншісі, бұл поэма адамдардың іс әрекеттерінен жапа шегіп жатқан аңдарды қорғауға шақыратын дабыл сияқты. Үшіншісі, сондай-ақ бұл шығарма тек жануарлар туралы емес, адамдардың оларға деген қарым-қатынасы, олардың осы жоғалатын кезге дейін әкелген жағдайы суреттелген. Замана үшін басты проблема болып есептелетін экология тақырыбы. Табиғат күшінің бұрынғысы мен бүгінгі күйін салыстыра суреттеу, сол арқылы болашаққа күмәнмен қараудың да іздерін аңғаруға болады. Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны – адам, адамға тән сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көзқарасы, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Олардың қай- қайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар, жырланған шындықтар. Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбы - күллі халықты мазалап отырған экология мәселесі.
Тақырып 21. Сұлтанәлі Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» екі бөлімді комедия.
С.Балғабаев өмірі және шығармашылығы. Сұлтанәлі Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясына қазақ халқының ұлттық рухани мәселелері арқау болған. «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиясында барлық қатысушылар қазіргі кезеңдегі адамдардың іс-әрекеттері, мінез- құлық дағдылары жинақталған жиынтық образбен көрсетеді.
«Тойдан қайтқан қазақтар» пьесасы арқылы Сұлтанәлі Балғабаев қазіргі қоғамда, үкімет органдарында екіжүзді, жағымпаз адамдардың пайда бола бастағанын, қоғамдық халыққа қызмет көрсету орындарында парақорлықтың көбейіп келе жатқандығын, халық арасында әлі күнге дейін рушылдықтың қалдықтары бар екенін қозғаған.



1.Көркем шығармадағы образдар жүйесіне назар аудару, шығарма үзінділерімен жұмыс жүргізу, қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын анықтау жолында бірлескен жоспар құру.

1. Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсінеді
2. Әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдайды
3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсетеді.
4. Көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
5. О.Бөкей «Атау кере» повесі, Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңінің мазмұны, сюжетімен танысады

2. Көркем шығарманың тілдік ерекшелігіне талдау жасау, өзіндік пікірлер арқылы салыстыру жұмыстарын жүргізу.

1.Әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындайды
2. Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтайды.
3. Шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдайды.
4. Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазады.

3.Тарихи және көркемдік құндылығы, заманауилығы мен жаңашылдығына баға бере отырып әдеби эссе немесе әдеби сын немесе жоба жазу.

1.Көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалайды.
2. Шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады
3. Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет