Пән бағдарламасының (syllabus) титул беті


Дәріс сабақтарының мазмұны 1-тақырып. Психолингвистика тілдесім әрекеті туралы ғылым



бет3/4
Дата10.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#3552
1   2   3   4

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

  • 1-тақырып. Психолингвистика тілдесім әрекеті туралы ғылым

  • Жоспар:

  • 1.Психолингвистика пәні және объектілері

  • 2.Психолингвистикалық анықтамалар

  • 3.Психолингвистиканың пайда болу себептері

  • Психолингвистика (фр. linguistigueлат. lingua - тіл) — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың, танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.


    ' Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

    Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйрету теориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомскийдің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарас тұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты.



    • 1960–70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.[2]

    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    2-тақырып. Психолингвистика тарихы

    1.Тілде психикалық кешеннің болуы.

    2.Тіл – ойлау шарты.

    3. Тіл әлемді тануды шектейді.

    Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды (Оразалиева Э.Ж., 153). Ғалым-лингвист Дж. Кесс психолингвистика дамуында төрт негізгі кезеңді атап көрсетеді: қалыптасу кезеңі; лингвистикалық кезең когнитивтік кезең; когнитивтік ғылымның ағымдық кезеңі. Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әcepi тән болса, eкіншici лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы (порождающей) грамматиканың басым болуымен байланысты. Когнитивтік кезең Н. Хомский жариялаған грамматиканың негізгі қызметінен бас тартып, оның (грамматиканың) семантикамен, ал тілдің - тілді меңгеру мен пайдалану үдерісіне қатысатын басқа да когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) жүйелерімен байланысын мойындаумен сипатталады. Психо-лингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер (знания), ділдік (ментальные) репрезентациялар табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеп соғады. Сонымен қатар, психолингвистика дамуының бұл кезеңі аталмыш білімдер мен репрезентациялардың талқылау және шешім қабылдау сияқты ойлау қызметінде пайдалануын анықтайды. Дж. Кесс атап көрсеткен соңғы екі кезеңнің ажыратылуын түсіну үшін «когнитив» элементімен сәйкес келетін бірнеше терминдердің ара-жігін ашып алған жөн, себебi бұл мәселе өте күрделі болып танылуда. Алдымен, сананы ғылыми зерттеу пәні ретінде зерттеу мүмкіндігін жоққа шығарып, психиканы жүріс-тұрыстың түрлі формаларына жатқызып жүрген бихевиоризмге ментализм (АДАМНЫҢ ойлау санасына көңіл бөлу) және когнитизм қарсы болғанын ескеру керек. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык (междисциплинарные) әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді.

    Соңғы онжылдық ішіндегі деп психолингвистикалық (ПЛ) еңбектерді талдай келе, ПЛ, когнитивтік психология, когнитивтік лингвистика, жасанды интеллект, сонымен қатар, прагматика саласындағы зерттеулердің ортақ мәселені қарастыратынын байқауға болады. Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы, Басқаша айтқанда, адамның шындық жайлы алған ақпаратты түсіне біліп, оны шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шешуде колдана бiлуге тырысуы когнитивтік әдіс арқылы іске асады. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. Тілге грамматикалық теорияларда берілген когнитивтік сипаттамалар психолингвистикалық зерттеулерде «төрден» алған орындарынан айрылып, олардың атқаратын рөлі тек басқадай когнитивтік және жүріс-тұрыстық (поведенческие) модульдермен қатар сөйлеу үшін қолдану және меңгеру үдерістерінде ғана ескеріліп жүр. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.



    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    3-тақырып. Лебіз онтогенезі

    1.Тілді игеру барысындағы қиын кезең.

    2. Баланың тілді игеруі.

    3. Тілдесімге дейінгі кезең.

    4. Дыбыстық формаларды игеру.

    5. Дыбыстың мағынамен байланысы.

    6. Сөз қорының ұлғаюы.

    7. Морфологияны игеру.

    Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты.

    Психологиялық- педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәелелерінің бірі- баланың сөйлеу тілі жағдайы.

    Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мекиептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығығыың міндетті түрде қажет екені белгілі.

    Фонетика- фонематикалық және ерекше сөйлеу тілінің лексика грамматикалық жағының жетіспеушілігі, басқа психиклық процестердің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сөйлеу тілін дамыту жұмыстарында зияты бұзылған балалардың арнайы мүмкіншіліктерін дағдылары ғана емес сонмен бірге коорекциялық тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы ескеріледі. Осы сөйлеу тілін дамыту мәелелернің аспектілірені зерттеу барысында фонематикалық қатарын, сөздік қорының құрамын, сөйлеу құрауын т.б. процестердің параметрі мен ( А.К. Аксенова, М.Ф. Гнездилов, Г.М. Дульнев, М.В. Занков, Г.В. Петрова) айналысқан.

    Белгілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.

    Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.

    Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.

    Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды. С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.



    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    4-тақырып. Сөйлеудің психологиялық қылары.

    1. Тілдесімдік қателіктер.

    2. Тілдесімнің пайда болу теориялары.

    3. Тілдесім жасау модельдері.

    4. Тілдесім жасаудың схоластикалық моделі.

    5. Н.Хомскийдің генеративтік грамматикасы.



    Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады. «Антропоцентризм» терминінің адам білімінің әртүрлі саласыида БЕЛСЕНДІ Қолданылуы көптеген проблеманы туындатты. Негізінен, «антропоцентризм» термині онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан түсіндіріледі. Антропоцентризм - когнитивтік лингвистиканың негізгі тiperi. 2 Бұл ғылымдардың қазіргі қогамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттгі, оның өзектілігі Қaзipгi таңда «тіл арқылы сыртқа шығып жүрген» (языковое овнешнение -Е.Ф. Тарасов ұсьшған термин) шындық бейнелер жүйесі болып табылатын қалыптасу үдepicтepi мен тілдік сананың жұмыс жасауына ерекше назар аударылып жүр. Тіл дүние, әлемнің жеке бейнесіне үнемі үңілу арқылы жұмыс жасап отырады, ЯҒНИ Бi3 санамызда қалыптасып қалған дүние, әлем бейнесіне сүйеніп отырмасақ, ешнәрсе түсіне, ештеңе жайлы хабарлай алмаймыз. Ал әлем бейнесі когнитивтік үдерістер арқылы қалыптасады да, осы үдерістер сана бейнелерін құрайды (Оразалиева Э.Д.). Когнитивтік лингвистикадағы тіл, ойлау, түсінік, қабылдаумен қатар келетін құрылымындағы әмбебап білімнің, адам санасының органикалық және бөлінбейтін бөлігі ретінде қарастырылады. Көп ғылыми пәндер қазіргі кезде когнитивтік лингвистиканың әсерінде болып, оның аса маңызды нәтижелерін қолдануға тырысады. Әмбебап білім ретіндегі тілдің мәні туралы мәселе, тілдер сәйкестіктері мәселесі жайлы жаңа көзқарастар туындап, тілдік білімді, сонымен қатар, тілдерді салыстыру үшін когнитавтік-инварианттық мағынаны интерпретациялауға жол ашылып отыр. Когнитивтік лингвистика терминдерінде тілдік білімдерге берілген анықтама және оны «әлемнің тілдік бейнесін» (языковая картина мира) қалыптастыратын білімдердің жалпы қорына енгізу қостілділікке байланысты «әлемнің тілдік бейнесі» ұғымын нақтылауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде лингвистикада мәтін семантикасы мен «фондық білім» (фоновые «мании) арасындағы байланыстарға аса зор назар аударылыл жатыр. Бұл бағыттың өзі тіл мен ойлау ара қатынасы сияқты маңызды мәселені қарастырады. «Фондық білім» сөйлеуші мен тыңдаушыға ортақ болып табылатын ақпараттық қор, яғни олардың әлем жайлы білімінің ортақ қоры ретінде қарастырылады. Сонымен, «фондық білім» дегеніміз - тілдің ойлау әрекетіндегі (речемыслительная деятель¬ность) тәжлрибенің вербалданбаған көрнісінің (фрагменттің) коммуникативтік бірліктердің (мәтіндердің) кейбіреулерімен байланысы. Фондық білімдердің сөйлеуші мен тыңдаушы санасындағы бірдей, ұқсас болып келуі оларды жалпы білімдерден ажыратады. Осыған орай, фондық білімдер әлеуметтік және жеке (индивидуальный) болып екі типке бөлінедi. Әлеуметтік фондық білім сөйлеу әрекетіне қатысқандардың барлығына: (мысалы, радио тындаушылар мен оыррмандарға) сөйлеу әрекеті басталмай тұрып бұрын белгілі болады; жеке фондық білім диалогке қатысатын екі адамға ғана белгілі болады. Мысалы: А: - Қал қалай? Б: - Ол ертең келетін болды. Заттың немесе оның бейнесінің динамикалық белгілерін анықтау үшін «градуалды эталон» ұғымы қолданылады. ХХІ ғасырдың тіл білімі мәтінді зерделеусіз қалдыруы мүмкін емес. Тіл – филология ғылымының негізгі нысаны болған және жаңа мыңжылдықта да бола бермек. С.С.Аверинцевтің пікірінше, филология «барлық адамзат әлеміндегі мәтін төңірегінде ұйымдастырылған және мәтін арқылы көрінетін әлемді» қамтиды . Мәтін жеке тұлға ретінде өзін таныта алатын қарым-қатынастың негізгі нысаны болып табылады. Т.М.Дридзенің тұжырымдамасы бойынша, қарым-қатынастың өзі әлі де болса көптеген зерделеулерді қажет ететін мәтіндік қызмет ретінде танылады. Мәтінге және қарым-қатынасқа деген қызығушылық қазіргі заманғы тілдік мәдениеттің жаңа сұхбаттық сипатын (А.К.Михальская, Ю.В.Рождественский және т.б.) қоса алғанда әлемді танудағы бұрынғы монологиялық жүйені бұзумен және диалогизмге (М.М.Бахтин және т.б.) бет бұрумен байланысты. «Өмір сүру – яғни қарым-қатынаста болу» – М.М.Бахтиннің осы сөздерінде мәтіннің қызметтік-теориялық және практикалық маңызы, оның негізінде туындайтын қарым-қатынас қана емес, сондай-ақ қарым-қатынасты (әлеуметтік, функционалдық-прагматикалық, коммуникатив-тік) зерделейтін жаңа ғылыми-лингвистикалық парадигманың айрықша рөлі де анықталады].

    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    5-тақырып. Сөзді қабылдау

    1. Тілдік мүмкіншіліктерді және тілдік белсенділікті түзуші (Н.Хомский, Дж.миллер) ретіндегі сөйлесімдік құлық..

    2. ХҮІІ ғасырдағы құлық пен ойлау табиғатын зерттеуші ғылыми теориясы, аталмыш тұжырымдаманың философиялық негізі (Декарттың философиясы, картезиандық тіл білімі, Х.Гуарттың теориясы).

    3. Трансформацияның психологиялық дәлдігі негізінде қалыптасқан психолингвистикалық зерттеулер (Дж.Миллердің, К.Мак-Киннің, Г.Сэвиннің, Э.Перчоноктың эксперименттері).

    4. Семантикалық компоненттің кіріспесінде қалыптасқан психолингвистикалық эксперименттер.

    5. Дж.Миллердің психолингвистикаға көзқарасы.

    6. Адамзат санасында берілетін тілдерді үйрену және білім жүйесі арасындағы байланыс (Н.Хомский). Н.Хомский мен Дж.Миллер тұжырымдамаларының күшті және әлсіз жақтары.

    Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.

    Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамынбайытып отырған. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор. Демек, тілдің негізгі қоры талай ғасырды басыныа кешіргендіктен, олар байырғы көне сөздер деп аталады.

    Тілдегі сөздердің бәрі қосылып, тілдің сөздік құрамы дегенді жасайды. Тілдің сөздік құрамы үнемі дамуда, өзгерісте болады. Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты, әрі талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сөздік құрамы біркелкі болуы мүмкін емес.

    Сөздік құрамда байырғы төл сөзднрге, шеттен кірген сөздер болуы заңды. Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар, оны қайсы біреулері күнделікті өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулері бұрынғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келеді.

    Тіл тілдің өзара бір- бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете алады.

    Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.

    Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.

    Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

    Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.

    Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.

    Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті.Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тлінде қолдану креек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек.Баларға өз ойларындане бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.

    Тіл – ойды дамытушы құрал.Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: « Тіл- бұл интелліктіні дамытушы амал.Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамсыз етеді.

    Жаңа сөздер мен мағыналарды меңгеру.

    Ғылымының дамуымен бірге мәденеитте де техника да дамуда. Сонымен бірге жаңа сөздерде дамып көбеюде .Сөздердің баяуы бұл бүкіл қоғамның, сонымен бірге жеке адамның дамуына әсерін тигізеді. Сондықтанда мектепте сөздіктермен жұмыс үлкен мәселе болып саналады.

    Сөздік қорын дамытуға 4 бағыт кіреді.Бріншіден, сөздік қорын дамыту.Оқушылар алғашында білмеген таныс мес сөздер, екіншіден сөздіктерді анықтау,таныс сөздерін терең түсіндіру. Ол сөздердің айырмашылықтарын , ол сөздерге антоним сөздердіпайдалану.Үшіншіден, сөздіктерді белсендіру, әрбір оқушының тілдеріндегі сөздерді кеңейту.Бұд сөздерді сөйлемдерде, басқа сөздермен, басқа мәтіндерде қосып пайдалану.Төртіншіден, әдеби емес сөзді оқушылар қолданданғанда әсіріесе бастауыш сынып оқушылары қателер жібереді.Әлбетте 4 бағыт бір-бірімен тығыз байланысты.Оқушылар айтарлықтай жеткілікті сөздік қорларды жинау үшін күніне 4-6 жаңа сөздерді меңгеру керек.

    Интеллектуалды дамудағы және тілдік компоннетегі тілдің дамудағы бұзылыстың құрлымдардың зерттеу бұрынғыдай күрделі мәселе жеткілікті зерттелмеген.Бұл мәселені терең түсіну үшін тілінде кемшілігі бар акыл- ойы артта қалған балалар мен тілінде күрделі кемшілігі бар балалардың арқасында түсіне аламыз.Мұнымен бірге міндетті түрде теориялық компенсация қатарын талдаудан өткізу керек, оймен тілдің байланыстылығы, біріншілік және екіншілік бұзылыстары мен тілдік процестердің құрлымының деңгейі жайлы ілу керек.



    Ой мен сөйлеу тілінің байланыстылығы.

    Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның ақыл-ойын құрайтын органикаретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл қарым қатынастағы және танымдағы жүйелік ережелерді меңгереді.Алғашқыда бала бұл ережелерді түсінбейді, бірақ сол ережелерді балалар біліетіндей өздерін ұстайды.Тілдік қабілеттілік өз ішіне білгірлік пен дағдыларын және іс әрекет схемасы мен сәйкес келуі керек ( А. Валлон, Л.С. Выготский,Ж.Пиаже т.б. ) тілдің туындауы белгілі бір когнитивтік базада негізін қалады.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді.Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексереді.

    Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық эксперименттік зерттеулер жасауда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсерін тигізетін әртүрлі аспектедегі балаларды алған:

    1.ақыл- ойы кеміс балаларда сөйлеу кезінде логикалық ойдың бұзылыстары байқалады, күрделі мағыналық ойдың жоқтығы немесе әлсіздігі байқалады.

    2. Интеллектісі төмен оқушылар ертегіні оқу кезінде кейіпкерлерді шатастырып түсіне алмайды.

    3. сөйлеу тілін безендіру қаншалықты қиын болса, соншалықты қиыншылықпен меңгереді.

    4. тілдік жаңалықтарды саналы әрі дәлдік түрде көлемді және жылдамдықпен жеткізу.Инттелектісі төмен балалар бұларды айта алмайды.Бұл баланың импресивтік және экспресевтик тілдірене теріс әсерін тигізуі мүмкін.

    Біріншілік және екеншілік кемшіліктердің байланыстығы.

    Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады.Ақыл-ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық функциалардың бұзылуына әкеліп соады және сөйлеу тілінің бұзылуында әсерін тигізбей қоймайды.Ақыл-ойы артта қалған балалрға келесі мінездемелер беріледі.

    - сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің байланыстылығының жоқтығы

    - сөйлеу процесіндегі интериоризацияның бұзылыстары

    - информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының жоқтығы

    - жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай төмендігі

    - сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс деңгейіне байланысты.

    Қазіргі кездегі кемістіктерің құрлымына берілген түсініктемелері.

    Зерттеудің талдаудан өткізген нәтижелері инттелектісі бұзылған жоғарғы сынып оқушыларында сөздің мағыналық деңгейі бұзылғаны байқалды. Морфологиялық құрлымға қарағанда оларда синтаксистік құрылым анағұрлым бұзылған. Морфологиялық жүйедегі жай, нақты мағыналы сөздерді тез меңгереді. Ақыл- ойы кеміс оқушылар сөз тудыруш үшін қатты қиналады. Сөйлеу тіліндегі сенсорлық деңгей кейбір балаларда сақталған болса, ал кейбіреуінде сақталмаған.

    Психолингвистикалық талдау кезінде экспериментаторлар ақыл- ойында кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне қарай 3 типке бөлінеді.



    1. тип- сөйлеу тілі бұзылыстары. Бұл балаларда кемістіктері күрделі емес. Фонематикалық прцестердің жете дамымауы байқалады, функциянальды дислалия және жазу тіліндегі жеңіл бұзылыстары байқалған.

    2. тип- сөйлеу тілінің асқынған типі. Бұл балаларда артикуляциялық аппараттарындағы бұзылыс және педогогикалық жағынан байқаусыздан жіберілген балалар жатады.

    3. тип- сөйлеу тіліндегі күрделі кемістік. Олардың бас миының диффузиялық жағы зақымданған, сонымен бірге толықтырушы патологиялары бар балалар. Бұған кіретіндер дизартрия, ринолалия, алалияның күрделі синдромдары байқалған.

    Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады. Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.

    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.

    6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.

    6-тақырып. Мәтін психолингвистика объектісі іспетті

    1. Сөз – сөйлесім – мәтін.

    2. Мәтіннің бейсөйлесім әрекетіне қатысуы.

    3. Мәтін құру.



    4. Мәтінді қабылдау.

    Қазіргі заманғы лингвистика коммуникативтік, когнитивтік мәтінге бағдарланған. Оқырмандардың типологиясын (Г.Г.Молчанова, О.Л.Каменская және т.б.) қоса алғанда, адресат проблемасы (Н.Д.Арутюнова, В.З.Демьянкова, Г.В.Степанов) әзірленуде, коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (О.С.Иссерс, Е.В.Клюев және т.б.) зерделенуде. Бұл ретте лингвистика өзінің полипарадигмалық сипатын сақтайды. Жаңа өзгерістерге байланысты мәтінді және оның бірліктерін зерттеуде психопоэтика (В.А.Пищальникова, Ю.А.Сорокин), филологиялық герменевтика (Г.И.Богин, Г.П.Щедровицкий және т.б.), лингвосинергетика (В.А.Пищалникова, Г.Г.Москальчук, Н.А.Кузьмина, Н.Е.Сулименко) және тағы басқа жаңа ғылыми бағыттар туындауда. Жаңа үрдістерге орай, көркем сөз стилистикасын қоса алғанда, стилистикада да өзгерістер орын алуда. Қазіргі заманғы стилистика коммуникативтік, мәтінді болып, оның зерттеу нысанасы кеңеюде, жаңа мақсаттар мен міндеттер пайда болуда, сабақтас білімдер (прагматика, психолингвистика, герменевтика және т.б.) арасындағы байланыс күшейе түсуде. «Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы» деген жаңа ғылыми бағыттың туындауы лингвистикалық және онымен сабақтас ғылымдардың үдемелі дамуы ретінде де, қазіргі заманғы білім беру саласындағы қажеттіліктермен де (орыс тілін зерделеудегі коммуникативтік-қызметтік, функционалдық, мәтінге бағдарланған, этномәденитанымдылық тәрізді жаңа бағыттарды әзірлеумен) айқындалады. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының тамыры тереңде жатыр. Мәселен, осы ғылыми бағытқа тән мәтінге жүйелі-қызметтік көзқарас В.Ф.Гумбольдтың, А.А.Потебняның, В.В.Виноградовтың, М.М.Бахтиннің және т.б. тұжырымдамаларынан көрінеді. Мәтіннің қазіргі заманғы стилистикасында әр түрлі ғылыми бағыттар бар: құрылымдық стилистика (В.В.Одинцов, Г.Я.Солганик және т.б.), декодтау стилистикасы (И.В.Одинцов, Г.Я.Гучинская және т.б.), функционалдық стилистика (М.Н.Кожина, М.П.Котюрова, Т.Б.Трошина, М.Б.Борисова, Н.И.Бахмутова, С.А.Станиславская және т.б.). Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар: құрылымдық стилистика мәтіннің композициялық-стилистикалық нысандарын, оны ұйымдастырудың конструктивтік тәсілдерін зерделейді; декодтау стилистикасы мәтінді оқырмандардың танымдық аспектісі тұрғысынан қарастырады; функционалдық стилистика стилистикалық узусты, әр түрлі стильдегі мәтіндерде тілдік құралдарды пайдаланудың жалпы заңдылықтарын зерделейді. Мәтінді лингвистикалық тұрғыдан зерттеуде коммуникативтік стилистиканың зерттеу сипатына, мақсатына қарай мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады. Ол кез келген мәтінді жазушы мен қабылдаушы қызметінің ұштасуы негізінде коммуникативтік-қызметтік аспект тұрғысынан зерделейді. Сөздік қызмет теориясына сүйенетін басқа ғылымдардан (прагматикадан, психолингвистикадан, психопоэтикадан, филологиялық герменевтикадан) стилистикалық узус пен автордың идиостилін ескере отырып, олардың нақты мәтіндік өзгеруіндегі сөздік қарым-қатынастың лингвостилистикалық аспектілерін терең зерделеуімен ерекшеленеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасы оның мағыналық жайылуына сәйкес қызметтік аспектідегі жүйелік-құрылымдық ұйымдастырылуын талдауды, мәтіннің стилистикалық параметрлерін ескере отырып, олардың негізіндегі коммуникативтік стратегияларға сүйеніп, әр түрлі типтегі мәтіндерді мағыналық жағынан қабылдаудың лингвистикалық заңдылықтарын зерделеуді көздейді. Осы бағыт шеңберінде коммуникативтік эффектіге қол жеткізудің құралдары мен тәсілдері айқындалады, әр түрлі стильдер мен жанрлардағы мәтіндерде лингвистикалық негізі бар коммуникативтік универсалийлер (мәтінді ұйымдастырудың заңдары мен принциптері) зерттеледі. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының мақсаты – мәтін қызметінің лингвистикалық тұрғыдағы заңдылықтарын зерделеу, ол автор мен тыңдаушының тиімді диалогын қамтамасыз етеді. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттары пәнаралық сипаты бар, оның «мәтіндік» жүйелілігін, құрылымдылығын, регулятивтігін зерделеуде жаңа перспективалар ашатын оған қатысты қызметтік көзқараспен байланысты болады. Прагматикамен, психолингвистикамен, герменевтикамен ұштасқан кезде қалыптасатын мұндай жаңа көзқарас мәтін мен оның бірліктерін оқырманның танымдық қызметіне енгізу тұрғысынан зерделеуден туындайды. Мәтіннің коммуникативтік стилистикасының үш бағыты байланысатын мәтіндік құрылымдар, регулятивтік және мәтіннің мағыналық жайылуы теорияларына нақтырақ тоқталайық. Мәтіндік ассоциациялар (құрылымдар) теориясы. Мәтіннің әр түрлі аспектілері және оның оқырман танымындағы мағынасы туралы елестету, соның негізінде қалыптасатын мәтіндік құрылымдардың рөлі айрықша ауқымды. Бұл ретте мынадай негізгі ережелер басшылыққа алынады: Лингвистикалық аспектіде мәтіндік сөз-стимулдарға қатысты құрылымдарды оқырманның танымында өзектілікке айналатын мәтіннің лексикалық құрылымы элементтерінің және солармен арақатынастағы тіршілік құбылыстарының немесе танымның, сондай-ақ басқа да сөздер әлемінің арасындағы байланыс ретінде қарастыру – заңды құбылыс. Ассоциат сөз-стимулға – мәтіннің лексикалық құрылымы элементіне мағыналық коррелят ретінде айқындалады, ол мәтінді қабылдаушы субъектінің танымында нақты әлеммен, таныммен, сондай-ақ басқа да сөздермен корреляцияланушы мәтіндік әлем шындығымен арақатынаста болады. Автордың бастапқы коммуникативтік қызметі аспектісінде туындының лексикалық құрылымы ілгерілеулер мен әрекеттердің (стимулдарға ассоциаттардың), сондай-ақ ілгерілеулерді нақтылайтын тірек сөздердің және құрылым сөз-маркерлерінің ауызша желісі ретінде айқындалады. Мәтінді құру (автордың сөйлеу-ойлау қызметі) тұрғысынан «стимул-реакция» қатынасы тема-рематикалық қатынастармен корреляцияланушы ретінде байқалады: предикацияның әр түрлі нысандары автордың коммуникативтік стратегиясына сәйкес тұжырымдамалы түрде туындаған жаңа тақырыпты репрезентациялай отырып, берілген (автор тақырып ретінде таңдап алған) тақырыпқа құрылымдарды көрсетеді. Мәтінді қабылдау (оқырманның сөйлеу-ойлау қызметі) ағымында мәтіннің лексикалық құрылымының әрбір элементі құрылымдар желісін туындататын ілгерілеу болып табылады, олар мәтінде өзгерістерге ұшырайды немесе имплицитті түрде болады. Автор тарапынан мәтінде бірқатар ілгерілеулер болып, өзгерістерге ұшыраған құрылымдар мәтінді қабылдаушы оқырманның көзқарасы бойынша мәтіннің мағынасына жетудегі маңызды қадам болып табылады, оларды негіз ретінде қарастыруға мүмкіндік бар. Тыңдаушының танымдық қызмет процесінде мәтіннің құрылымдық жайылуы құрылымдардың күрделі түрде ұйымдастырылған желісі ретінде қарастырылады, оларды жасауға сөздердің құрылымдық-мағыналық жолдары қатысады. Мәтіндік құрылымдық-мағыналық жолдар, негізгі сөздер-ілгерілеулерді, тірек сөздерді және тыңдаушылардың сөз-маркерлерін қоса алғанда, әр түрлі типтегі лексикалық құрылымдармен толықтырылып отырады. Тұжырымдамалы түрде ұйымдастырылған бұл жолдар парадигматикалық (әр түрлі типтегі семантикалық, формальдық, формальды-семантикалық, мәтіндік лексикалық парадигмалар шеңберінде) және синтагматикалық (мәтіндік синтагматика деңгейінде) байланыстағы сөздік және бір сөздік емес бірліктерді біріктіреді. 5) Оқырманның құрылымдық қызметі процесінде мәтін туындатқан және құрылымдар коммуникаттарының танымында айрықша құрылымданған, мәтіннің тақырыптық, пәндік-логикалық, сюжеттік-композициялық, идеялық, эмоционалдық, образдық деңгейлерімен, сондай-ақ және автордың жеке басымен ара-қатынастағы жүйе ретінде мәтіннің құрылымдық жолдары қалыптасады. Құрылымның инварианттық бағыты мәтіннің құрылымдық жолын құрайды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, мәтіннің құрылымдық жолдарының ауқымды ақпараттық мүмкіндіктері бар. Жалпы бұл бөлімде мәтіннің коммуникациялық теориясы жеке-жеке талданып, нақты түсініктемелер берілген. Мәтіннің ассоциациялық, ретке келтіру және мағынаның жайылу теориясы авторды әр түрлі мәтіндердің мағыналық құрылымын зерттеуге, олардың кешенді әдістемелерін құруға жетелейді және алдағы уақытта мәтіннің коммуникативтік стилистикасының негізгі бағыттарын одан әрі пысықтау қажеттігін ескертеді. Ретке келтіру (регулятивтік) теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты ретке келтіруді оқырманға ықпал ете отырып, оның интерпретациялық қызметін бағыттау арқылы қабілетін көрсететін мәтіннің жүйелік сапасы ретінде қарастыруға негізделген. Осы теорияның негізгі ережелеріне тоқталайық. 1) Автордың «жігерлік міндеттеріне» сәйкес (Л.С.Выготский) әр түрлі коммуникативтік нәтижені ынталандыратын мәтіндік құрылымдар (регулятивтер) байқалады. Ретке келтіретін құрылымдар реттеуші құралдардың байланысын көрсетеді. 2) Автордың идиостилі тыңдаушының танымдық қызметін түрлі жолдармен ұйымдастыратын реттеушілік құралдар мен ретке келтіретін құрылымдарды таңдауда көрініс алады. 3) Жалпы мәтін деңгейінде оның коммуникативтік стратегиясы ескеріле отырып; мәтіннің реттеушілік функциясы, реттеушілік тәсілдері, яғни мәтіндік кіші құрылымдарын ұйымдастыру амалдары, реттеуші доминанттары байқалады. Әр түрлі өлшемдерге сәйкес реттеушілердің типтері айқындалады. Мәтіннің ақпараттық-мағыналық деңгейінің реттеушілік бірліктері (информемнің) мен прагматикалық деңгейі бірліктерінің (прагмемнің) шекараларын анықтау жөніндегі зерттеулер жүргізілген. Ақпарат берушілердің (информанттардың) мәтіннің реттеушілік стратегиясын тану жөніндегі жауаптарындағы ең жоғарғы бірлік әр түрлі реттеуші құралдардың бірнеше мәрте және көп арналы әсер етуі жағдайында байқалатындығы анықталған. Мәтіннің мағыналық жайылу теориясы. Коммуникативтік стилистиканың бұл бағыты мәтінде берілген ақпараттың негізінде автордың идиостилімен арақатынаста болатын мағыналық қалыптастыру процесін зерделеуге бағытталады. Бастама ретінде мәтіннің мазмұндық жоспары әр түрлі интерпретацияланғанымен (В.В.Виноградов, И.В.Арнольд және т.б.), әрқашан да мәтіндік ұйымдастырудың өзі және ең алдымен мәтіннің лексикалық құрылымы объективті түрде беретін қандай да бір инварианты болады. Мағыналық жайылу теориясының негізгі ережелері бірнеше түрге бөлінеді: Мәтінді пәндік-белгілік құрылым ретінде қабылдай отырып, оқырман объективті факторға – мәтіннің семантикасына сүйеніп, өзінің ақпараттық тезаурусына сәйкес оның мағынасын ой елегінен өткізеді. Мәтіннің семантикасы әр түрлі деңгейдегі элементтердің коммуникативтік бағдарының, сондай-ақ, мәтіндік бірліктердің – алдағы уақытта мәтіннің «көлденеңінен» (парадигмалық деңгей) және «тігінен» (синтагматикалық деңгей) берілген сан алуан байланыстарының негізінде қалыптасады. Жекелеген лексикалық бірліктердің жүйелік сапасын, сондай-ақ, мәтіннің мағыналық жайылуының лексикалық ағымын, жайылмалы мәтін бөлігі иерархиясында қарастырған жөн. Элементтердің мағыналық қатынастарының үш түрі: толықтыру, күшейту және контраст қатынастары осы үрдістегі ең басты мәселе болып табылады. Мәтінде көрініс тапқан (оның жекелеген элементтерінен бастап түрі жағдайларға дейін), мәтінде ауызша түрде кодталған көркемдік әлемнің түрлі шындықтарының ақпараттық сигналдарының әр түрлі сатыдағы элементтері мен жалпылау дәрежесіне сәйкес келетін семантикалық белгілерінің мәртебесі болады. Әр түрлі сатыдағы семантикалық белгілер мен жалпылау дәрежесінің ара-қатынасы оқырманның танымында мағыналық иерархия арқылы сөздердің жекелеген компоненттерінің микромағыналарынан сөздер мағынасына және сөйлеудің жалпылама мағынасына корреляцияланады. Мәтіннің мағыналық жайылуы (яғни онда адресаттың танымында көрініс алатын автор әлемінің тұжырымдамалық суретінің лингвистикалық тұрғыдан айқындалатын фрагментін беру динамикасы) мәтіннің лексикалық құрылымымен байланысты болады. Мағына қалыптастырудағы жетекші рөл соның үлесінде. Мәтінде көрініс тапқан түрлі сатыдағы және ауқымдағы көркемдік әлемнің әр түрлі шындықтарының лингвистикалық репрезентацияланған мағыналық белгілері мәтіннің мағыналық құрылымын құрайды. Мәтіннің мағыналық жайылуының әр түрлі типтерін және мәтіндердің мағыналық құрылымының түрлерін олардың жайылудың коммуникативтік әмбебабы мен жеке ерекшеліктері туралы сөз етуге болады. Жазушының идиостилі оның коммуникативтік бағдарының мазмұнындағы жаңа бағытқа – стилистиканы оқыту, оқушылардың ауызша және жазбаша тіл дамытуына, тіл мәдениетіне айрықша көңіл бөлген. Қазақ тілі лексикасы аса бай, стильдік көркемдегіш құралдары жетілген тілдердің қатарына жатады. Солай бола тұрса да, қазақ тілінің ойды жеткізу, сөйлем құру ерекшеліктері грамматикалық тұрғыдан толық зерттелінгенімен, стилистикалық жағынан әлі жүйелі тексеріліп біткен жоқ. Соңғы он жыл ішінде қолға алына бастаған стилистика және стиль туралы ғылыми еңбектер оқулық көлемінде және жекелеген ақын-жазушылардың тіліне байланысты жазылды. Қазақ тілінің стилистикасы туралы М.Балақаевтың, Р.Әміровтың, А.Ысқақовтың, Ф.Мұсабекованың, Р.Сыздықованың, Ә.Хасеновтың, т.б. ғалымдар мен бірсыпыра ізденушілердің еңбектерінде, мақалаларында қарастырылады. Стилистика – ең алдымен, қарым-қатынас жасауда сөйлеу жағдайына сай тілдік құралдарды таңдап алу мен қолдану тәсілдерін үйрететін тіл ғылымының саласы. Ал қарым-қатынас ретіндегі тілдік құралдардың ең кіші бөлшегі – мәтін бөлігі. Тіл мамандары мәтін бөлігі (контекст) ұғымын мәтіннің кіші бөлігі (микроконтекст), мәтіннің үлкен бөлігі (макроконтекст) және мәтіндер бөліп қарастырады. Мәтіннің кіші бөлігі бір сөйлемнің көлемінде, мәтіннің үлкен бөлігі азат жол көлемінде, ал мәтін тақырыптың көлемінде анықталады. Контекстің кіші бөлшектері болып сөз тіркестері сөйлемді, сөйлем азат жолды, ал бір немесе бірнеше азат жол мәтінді құрайды. Бұл қағиданы басшылыққа алу стилистиканы оқытудың тиімді әдістері мен тілдік құралдарын таңдауға негіз болады. Тілдің қызметінің ерекшелігін мәтін бөлігі арқылы анықтау мақсат етіледі.

    Мәтіннің когнитивтік-дискурстық аспектісі. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылымның дербес саласы ретінде қалыптасқан мәтін лингвистикасы бүгінгі таңда адамның сөйлеу-ойлау қызметіндегі өте күрделі әрі көп қырлы феномен ретінде мәтінді зерттеу мен сипаттау әдіс-тәсілдерін мейлінше қамтыған деп айтуға болады. Мәтіннің көп қырлы болуы, оның айқын шекараларының болмауы және нақты көрінбеуі ғылымда мұндай жағдайдың табиғи нәрсе екенін көрсетеді, бұл ретте талдау жасалатын объектінің онтологиялық, жүйелі және функционалдық қасиеттерін мәтіндегідей сияқты әр түрлі тұрғыдан, атап айтқанда: семиотикалық, вербальды белгілік жүйе ретінде (Р.Якобсон, Ю.М.Лотман, Б.Я.Успенский және т.б.); дискурстық, білімнің пәнаралық салалары сипаттамаларында (Э.Бенвенист, ван Дейк Т.А., жас Р.Барт және т.б.); лингвистикалық, тіл бірліктері маңыздылығының жүйесінде (В.Виноградов, Г.О.Винокур, В.П.Григорьев, Г.Я.Солганик, Н.А.Кожевников және т.б.); сөйлеу – әрекет ету, прагматикалық жағдай аясында (Дж.Остин, Дж.Серль, М.М.Бахтин, Н.Д.Арутюнова және т.б.); құрылымдаудан кейінгі, философиялық, әдебиеттану, әлеуметтік-лингвистикалық, тарихи білім салаларының біртұтастығында (Ж.Деррида және т.б.); деконструктивтік, «мәдени интермәтін», әдеби, лингвистикалық, философиялық-антропологиялық сипат ұғымдарында мәтінді талдау ретінде (Ж.Делез, Ю.Кристева, Р.Барт және т.б.); нарратологиялық, жазушы мен оқырманның белсенді диалогтық өзара іс-әрекеті ретінде мазмұндау теориясы аясында (В.Пропп, В.Шкловский, Б.Эйхенбаум, М.Бахтин, Б.Лаббок, Н.Фридман, Э.Лайбфрид, В.Фюгер және т.б.); психолингвистикалық, сөйлем құраудың динамикалық жүйесі ретінде (Л.С.Выготский, Н.И.Жинкин, Т.М.Дридзе, А.А.Леонтьев және т.б.); психофилологиялық, автордың психологиясын тіл құралдары арқылы белгілі бір әдеби нысанда іске асыратын көп қырлы феномен ретінде (Е.И.Диброва, Н.А.Семенова, С.И.Филиппова және т.б.) және басқа да тұрғыдан қарастыруға болады. Осы келтірілген аспектілер мен әдіс-тәсілдер тізбесі – бұл, сайып келгенде, негізгі бағыттар және соларға сай теориялар, олар, қалай болғанда да, ғылыми таным объектісі ретінде мәтіннің онтологиясын түсіндіруге жол ашады. Олардың бірін-бірі жоққа шығармайтыны анық, өйткені мәтін сияқты күрделі құбылысты бір ғана схемамен немесе қандай да бір парадигма аясында сипаттау мүмкін емес. Лингвистиканың қысқа тарихында мәтіннің әр түрлі қырлары «басымдыққа ие» болып отырған, өйткені солардың біреуін ғана ерекше, дербес мәтіндік санат ретінде белгілеуге ынта танытушылық қалыптасқан еді. Осылайша, мәтін дегеніміз адам өзінің когнитивтік және тілдік қабілеттеріне байланысты жүзеге асыратын сөйлеу-ойлау қызметінің қорытындысы және сол ретінде дискурстың нәтижесі болады. Мәтінге когнитивтік-дискурстық көзқарас оның көп жоспарлылығын және көп қырлылығын ескереді, сонымен қатар мәтінді тілдік дерек ретінде шығарумен байланысты күрделі ментальды процестерді нақты елестету мен түсіндіруге мүмкіндік береді. Сондықтан да мынадай нәрсе айқындалады: жаппай қамтитын, әмбебап мәтінді құрастырмас бұрын (бұған әлі қол жеткізіле қойған жоқ, өйткені мұндай кез келген үлгі белгілі бір типтегі және жанрдағы мәтінге ғана тән қасиеттер мен параметрлерді көрсетеді) мәтіннің дербес тілдік негізін зерттеу жөніндегі күрделі жұмысты атқару керек, себебі кез келген мәтін – ең алдымен, нақты табиғи тілдің сөйлеу туындысы.

    Мәтінді, оның ішінде көркем мәтінді алдын ала дербес лингвистикалық талдау қажеттігі туралы Е.В.Падучева былай деп жазған: «Әдебиет теориясын және әдеби сынды мәтінге лингвистикалық талдау жасаусыз қарастыру мүмкін емес – мұндайда, егер де оған дейін қарапайым, бірақ анағұрлым негізделген (объективті) лингвистикалық талдау жүргізілмесе, әдебиеттануды талдау толық болмайды. Мәтінді талдай отырып, ең алдымен оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасына назар аудару керек. Содан соң және соның негізінде одан мағына шығаруға болады, олар, атап айтқанда, әлеуметтік, тарихи, әдеби және басқа да бірқатар контекстерден туындайды». Тілдік талдау аясында қарастыра отырып, оны әр түрлі әлеуметтік-мәдени, философиялық-герменевтикалық және басқа да зерттеулермен ауыстырмай, «оның қандай тілде жазылғанын терең түсініп, белгілі бір мағынасын» ашуға, түсінуге және сипаттауға мүмкіндік беретін мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын анықтау мәтін лингвистикасының маңызды міндеттерінің бірі болған және әлі де солай болып қалуда. Ең алдымен тілдік құрылымның белгілі бір сатылық иерархиясының схемасы бойынша мәтіннің мағыналық ұйымдастырылуын зерттеу, басқаша айтқанда, мәтіннің соңғы (терминалдық) құрамдас бөліктерінің, яғни сөйлемдердің мазмұндық жағын зерттеудің негізінде және соның көмегімен құрастыру арқылы мәтінді, оның семантикалық құрылымын талдау мүмкіндігі туралы ойдың туындайтыны анық. Алайда мұндай көзқарас көптеген лингвистер тарапынан келіспеушілік туындатқан және әлі де туындатып отыр: «Мәтін – процестің алынып тасталған сәті, онда объектінің дистинктивті белгілері әрқилы дәрежеде белгіленеді. Ең бастысы, оны лингвистикалық зерттеу назарына жуырда ғана енген жаңа объект ретінде қарастыруымыз керек. Яғни зерделеу әдістері ғана емес, осы объектінің шамалары да тек осы объектіге тән бірліктер ретінде қарастырылуға тиіс». Осыған байланысты, Т.В.Булыгинаның «мәтіндегі сөйлемдер үйлесімділігінің кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, мәтін, меніңше, оны құрайтын сөйлемдер қасиеттерінің жиынтығынан асып түсетін ерекше құрылым қалыптастырмайды» деген пікірін қате деп есептеймін» - деп жазған И.Р.Гальперин. Осындай тұжырымды Даскал мен Маргалит те ұстанған. Олар «мәтін теориясын құру қажет емес және сөйлем грамматикасы, егер ол «толық әзірленген болса», мәтіннің барлық құбылыстарын сипаттай алады» деген. Мәтінге қатысты мұндай көзқарас сөйлем құрылымы мен мәтін құрылымының изоморфизміне тоқталады, бұл жөнсіз сияқты, себебі, біртұтас нәрсе және оның бөліктері теңдестірілмейді және мәтін тек сөйлемдер «қасиеттерінің жиынтығы» ғана болмайды. Кез келген байланысқан және тұтас сөйлеу туындысын (ауызша немесе жазбаша) екіжақты (адекватты) түрде қаншалықты дәрежеде сипаттау мәтін санатының таксономиясы туралы мәселені шешіп алмайынша мүмкін емес және ол, әдетте, объектіге байланысты қарастырылады. Зерттеуші оны қорыту және қорытындылар жасау үшін анағұрлым толық әрі презентабельді мәселе ретінде тұжырымдайды. Алайда мәтіннің дербес лингвистикалық санаттарын онда тілдің барлық бірліктерінің өзара байланысты жұмыс істеуіне орай айқындау қиынға түседі. Сол себепті көптеген авторлар мәтінді сипаттау кезінде басқа деңгейлердегі бірліктерге қатыстылығы бойынша пайдаланылатын санаттарға сүйенеді. Мәселен, лингвистердің бір тобы мәтінде вербальды, синтаксистік деңгейлер сияқты өлшемдерді (параметрлерді); басқалары – тақырып, фокус, байланыс сияқты санаттарды; үшінші біреулері – позициялық, темпоральдық өлшемдерді, негізді және тағы басқаларын атап көрсетеді. Алайда, мәтіннің осы және осы сияқты конституэнттері (санаттары) тілден мүлдем шығарылып, оның коммуникативтік өлшемдерін толығымен сипаттайды. Бұл ретте мәтін тіл туралы жаһандық теориялық ілімде пайдаланылатын жалпы лингвистикалық, эпистемологиялық санаттар тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Мәселен, мәтіннің санаттары ретінде мазмұн, мән және мағына ұғымдарының аражігі сияқты белгілі әдіс-тәсілді пайдалануға мүмкіндік туады. «Мазмұн мәтінге қатысты «мағына» және «мән» ұғымдарынан айырмашылығы бар өзінің терминологиялық қолданылуына ие болады. Мазмұнды мәтін грамматикасының термині сияқты жалпы мәтінге енгізілген ақпарат ретінде; мағынаны – сөйлемдегі немесе жоғары фразалық бірліктегі хабарлама ретінде; мәнді морфемалар, сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар ретінде ғана қарастырамыз». Мәтін мазмұнының санаттары мәтін теориясында ғана емес, жалпы лингвистикадағы қарама-қайшылығы басым әрі күрделі санаттар болып табылады. Сонымен қатар бұл санаттар өздерінің мәтінде атқаратын функциялары бойынша әр түрлі болады және мазмұны жағынан нақты емес, олар зерттеуші пайдаланатын таксономиялық аппаратқа байланысты топтастырылуы мүмкін. Мәселен, еске салу, контраст, белгілеу (көрсету), нақтылық/белгісіздік сияқты және басқа да санаттарды айқындау арқылы Т.М.Николаева былай деп жазады: «Сызықтық грамматиканың (мәтіннің грамматикасы – В.Л.) мазмұндық санаттары туралы сөз қозғай отырып, олардың екі топқа бөлінетіні туралы атап көрсеткен жөн, олар: 1) пікірдің жекелеген элементіне, сөз тіркесіне немесе сөзге қатысты мағыналық компоненттер және 2) жалпы пікірге қатысты мағыналық компоненттер». Алайда лингвистер көрсететін мәтіннің мазмұндық санаттарының тізбесі тым ауқымды әрі ең бастысы, оларды бір жүйеге келтіру өте қиын. Бұл жерде Т.М.Николаевамен келісу керек сияқты, ол Р.Харвергтің тұжырымына сүйене отырып, былай деп жазады: «Қазіргі кезде сызықтық грамматиканың ең аз мазмұндық бірліктерінің толық тізбесін жасау мүлдем мүмкін емес сияқты – мәтіннің лингвистикасын құру үшін кемінде жүздеген жылдар қажет деген болжам бекер айтылмаған». Мәтін семантикасының қандай да бір санатын тұжырымдамас бұрын, мәтіннің мазмұндық компоненттерін талдау мен сипаттау кезінде пайдаланылатын бастапқы ұғымдардың ерекшеліктерін анықтау қажет сияқты. Бұл жерде мәтіннің «мазмұны», «мәні», «мағынасы» сияқты санаттар және соларға сай терминдер туралы. И.Р.Гальперин «мән» терминін морфемалар, сөздер және сөз тіркестері үшін, «мағына» терминін сөйлемдер мен сөйлемдер тіркесі, яғни жоғары фразалық бірліктер үшін, ал «мазмұн» терминін бүкіл мәтін немесе оның анағұрлым аяқталған бөлігі үшін қолданса, мәтінге қатысты дискурс өнімі ретінде «мазмұн» термині деп тыңдаушы (оқырман) тарапынан қабылдау мен түсінуге арналған мұндай оқиға қатары туралы ақпаратты беру мақсатында айтушының (жазушының) ойы мен интенциясына сәйкес құрастырылатын оқиға қатарын (нақты, ойдан шығарылған немесе ой қозғайтын) түсіну керек деп есептейміз. Әдебиеттануда бұл терминге қандай да бір дәрежеде фабула, сюжет ұғымдары сай келеді. Мәтін лингвистикасы тұрғысынан мазмұн санаты мәтін семантикасының пропозиционалдық қырын ашып көрсетеді. «Мән» және «мағына» терминдерін мәтінге қатысты компоненттік және жоғары мәтіндік (мәтін алды немесе метамәтіндік) сипаттардың семантикалық санаттары ретінде түсінген жөн. «Мәннің» «мазмұнға» арақатынасы жекенің жалпыға арақатынасы сияқты, бұл ретте жалпыны (тұтасты) жекелердің жиынтығы деп есептемеу керек (салыстыру ретінде – мағыналар жиынтығын емес, жаңа мағыналар беретін мағыналарды қосу ережелері туралы Л.В.Щербаның ережесі) және өз кезегінде, жекені (бөлекті) жалпымен ауыстыруға болмайды. Бұл мәтін мағынасы дегеніміздің реципиент білімінің жалпы фонымен, оның ментальдығымен әрі әлеуметтік-тарихи және мәдени-танымдық көзқарастар (Кубрякова Е.С) корпусымен тікелей байланысты болатын мәтінді түсіну санаты екенін куәландырады: «... мәтін – тіл туралы және әлем туралы қандай да бір қарапайым мәліметтерді білетін адамдардың солардың негізінде мейлінше дұрыс қорытынды жасауы. Сондықтан да қорытынды білімнің инференциясы (ширығуы) процестеріне жүгінусіз ешбір мәтінді және дискурсты зерттеу мүмкін емес. Кез келген тілдік нысан, әсіресе мәтін өз құрамындағы нәрсе жөнінде ғана емес, сондай-ақ семантикалық қорытындылауға – инференттік тип бойынша қорытындыға жататын нәрсе жөнінде белгі береді. Мәтін сәулелену көзі ретінде, біздің сана-сезімімізде көптеген ассоцациялар мен когнитивтік құрылымдардың ширығу көзі ретінде орын алады (қарапайым фреймдерден аса күрделі ментальдық кеңістіктер мен ықтимал әлемдерге дейін)».

    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    7-тақырып. Психолингвистикалық бақылаулар

    1. Психолигвистикадағы бақылаулар рөлі.

    2. Ассоциативтік бақылау.

    3. Семантикалық дифференциал әдісі.

    4. Толықтыру әдістемесі.

    5. Сөйлемді аяқтау әдістемесі.

    6. Семантиканы жанама зерттеу әдістемесі.

    7. Сөз мағынасы тура түсіндіру әдістемесі.

    Психолингвистикалық бағыт бойынша адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын анықтауға болады. Адам сыртқы дүниені, сырттан қабылданған дүниені өзінің ассоциативтік қабылдау қабілеттері арқылы (сезім мүшелері арқылы) таныта алады және автоматты түрде жиі қайталанудан дағдылы түсінікке айналған стереотиптер арқылы таныта алады. Ал әрбір халықтың немесе ұлттың, әлеуметтік топтың не болмаса әрбір адамның өзіндік таныту ассоциациясы, стереотиптері болады. Психолингвистикада сонымен қатар салғастырмалы әдіске сүйене отырып, әрбір ұлттың аффективті тіл бірліктерін, эмоционалды ұғымдарын, тіліндегі экспрессивтік ерекшеліктерін нақтылап көрсетуге болады. Әрбір ұлттың өзіне сөйлеу мәдениетіндегі, жалпы қарым-қатынасындағы адам психикасының деңгейін, адамның психикалық қабілеттерін, мінез-құлық ерекшеліктерін (ұстамдылық, күйгелектік, намысқойлық, қызуқандылық) т.б. айқын көрсетуге болады.

    Ассоциация латынның «associatio – біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ассоциация – екі түрлі танымның өзара байланысы (сезіну, түсіну, ойлау, елестету қабілеттері арқылы жүзеге асады). Бұл ұғым Платон мен Аристотель заманында пайда болғанмен, ассоциация деген ғылыми атауды ХУІІ ғасырда Дж. Локк енгізген болатын.

    Ассоциация – жеке субъективті тәжірибеге негізделген белгілі объекті немесе құбылыс арасындағы байланыс. Бұл тәжірибеден субъектінің нәр алған мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі байқалады. Осы ассоциация ұғымымен тығыз байланысты ассоциациялық өріс ұғымы да бар. Ассоциациялық өріс – тілдік бірліктердің жиынтығы, мазмұн ортақтығына қарай біріккен белгілеуші құбылыстардың ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығы. Ол ассоциатив сөздердің, өзекті сөздердің төңірегінде бірігуі ретінде түсініледі. [134, с.183]. Ассоциатив сөздердің түрлі ақпарат берушіде жиналуы ассоциациялық өрістің орталық өзегін көрсетеді. Мысалы, Еуропа мәдениетінде қара түсті киім кию, қара орамал тарту – жағымсыз, өлімді білдіретін түс деп танылады. Ал Жапон, Индия мәдениетінде өлімді білдіретін қаралы түс – ақ түс. Қытайда ақ түс – өлім мен тазалықтың символы.

    Қазақ халқының салты бойынша шаңыраққа қара ту тігу – өлік шыққан үйді білдіру. Мұндағы ақ/қара түстері ассоциативтік мағынаға ие болған мәдениаралық бірлік ретінде қызмет атқарып тұр.

    Қара дегені– ұзын найзаның басына тігілген ту. Егер Бөжей жай қара қазақ емес, төреден шыққан болса, сол төрелердің өзді өз тұқымының туларын тігер еді. Ақ тулы, көк тулы, ала тулы деген төрелердің тұқымы, жік­ жігі осындайда көрінетін. Ал, қарадан кісі өлсе, тудың түсі өліктің жасына қарай болады.

    Сүйіндік жас кісі өлсе, туы қызыл болатынын, кәрі өлсе, ақ болатынын айтып келді де, «Бөжейдей орта жасты кісінің қаралы туы бір жағы ақ, бір жағы қызыл болуы керек» дегенді айтқан. Жаңағы Байдалы әкеп тіккен ту қара дегені осы еді. (М.Әуезов. Абай жолы)

    Ассоциативті тәжірибе – ХХ ғасырда К.Г. Юнг пен М. Вертгеймердің енгізуі бойынша адамның дүние танудағы уәжділігін зерттеудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Эксперименттің қарапайым түрі: тәжірибеден өтетін адам белгілі бір ақиқат дүниені таныту үшін жиі қолданған сөздерінің жинағын білу. Біртектес ассоциациялардың жиілігін білу, ақиқат дүниеге деген адамның әсері мен ниетін білу.

    Ассоциация процесі психика феномені ретінде ежелден зерттелген. Кейінгі заманда, жаңа уақытта психологтар мен психиаторлар айналысады. Психологтар ассоциативті байланыстардың қалыптасу және беку процестерін зерттеуді өздерінің басты міндеті деп санаған. Түс жору да адам санасындағы ассоциацияның бір үлгісі болып табылады. Түс жору – алғаш психоанализдің негізін салушы Зигмунд Фрейд қолданған ассоциацияға негізделген. Оның ізбасары Карл Густав Юнг ассоциацияны зерттеуді психоанализдің басты құралы деп есептеген. Осындай пайымдаулар нәтижесінде психикалық норма жайындағы зерттеулердің басы болып есептелетін алғашқы ассоциациялар тізімі жасалынды. Бұл тізімнің авторлары – А.Розанов, Х.Кент. Материал 1910 жылы психикалық ауруларды зерттейтін америкалық журналда жарық көрді.

    Психолингвистикада ассоциативті үрдістер тар шеңберде қарастырылады. Ол тек сөздік ассоциация немесе вербалды ассоциацияны зерттеумен айналысады [135]. Вербалды ассоциацияны анықтау барысында ассоциативті тәжірибе жүргізіледі. Бұл тәжірибе «ойға оралатын алғашқы сөзбен жауап беру» нұсқау қағидасы арқылы жүзеге асады. Зерттеу барысында адам не айтамын, қалай жауап беремін деп ойланбайтын нәтижелер мен реакциялары бақылау негізі болады.

    Психолингвистикадағы ассоциативті эксперименттің басты мақсаты – ақиқат дүниені танытуда қолданылатын тіл бірліктері мен тіркестерін орынды мазмұнға сәйкес таңдай ала ма, белгілі бір стилистикалық және жалпы нормативтік жүйеге сай реттеп жеткізе ала ма, жоқ па деген мәселені шешу. Психолингвистика мамандарының көрсетуінше, ассоциацияны анықтау үшін адамға ықпал етуші әртүрлі сөздер, суреттер, түстерді беріп, жауап ретінде олардың интерпретациясын бақылайды, яғни реакциясын байқайды. Демек, ассоциативті тәжірибе «стимул – реакция» жүйесі бойынша жүргізіледі.

    Адам ақиқат дүниені тани отырып, оның мәнді және жалпылама мәнді белгілерін сол дүниенің бөлшектері арқылы жадыда сақтайды. Осыдан барып ассоциацияның жалпылама және индивидуалды (жеке) түрлері туындайды. Жалпылама ассоциация ассоциациялық өріс арқылы қалыптасқан соның орталық өзегінде мүшелене көп жиналған сөз-стимулы негізінде көрініс табады. Мәселен, ақ түс барлық дерлік елде мерекелік, берекелі, жағымды түс ретінде танылады. Еуропада той киімі ақ түсті көйлекпен белгіленеді, ал қазақ халқы үшін ақ түс молшылық, берекелілік, яғни малдың сүті, өнімі – байлық деп түсініледі. Сонымен қатар ақ түс адалдық, пәктік ұғымын беруде де қолданылады. АҚШ-та ақ түс «тазалықты», Францияда бейтараптықты, Египетте қуанышты білдіреді. Махаббат символы деп танылатын құстың өзі де аққу ақ түсті құс ретінде елестеледі. Бұл ұғымдардың тілдік көрінісі мынадай тіркестер арқылы дәйектеледі: Ақ адал жүрегі (адалдық), ананың ақ сүті (мейірімділік), ақ қағаздың бетіндей (пәктік), айдындағы аққудай (сұлулық), ақ білек, ақ тамақ (көріктілік). Бұл келтірілген дәйектемелер – ақ түсінің тек жағымды ассоциациялық мәні. Қазақ халқында аққа оранды, ақ ажал боратты деген тіркестер қолданылады. Мұндағы ақ түс – өлімнің мәнін беруде қолданылып тұр. Себебі, ұлт дәстүріне сай өлген адамды ақ матаға орап жерлеу салты бар. Сондағы ақ мата деталі өлім ассоциациясын тудыратын белгі ретінде халық санасында сақталып қалған. Жалпылама ассоциация жалпыадамзаттық танымға негізделген әсерлер арқылы көрініс табады.

    Ассоциативтік теория – ертеден келе жатқан психология саласының ұғымы. Яғни, ассоциацияның пайда болуы адамзат баласының тану, тани білу, яғни танымдық қабілетін зерттей бастағаннан қалыптасқан. Әрбір адамзат баласы өзінің ортасына қарай, туып-өскен жеріне қарай, өмір сүріп отырған еліне қарай, ұлтына қарай, бейімделген менталитетіне қарай, алған білімі мен тәжірибесіне қарай айнала қоршаған заттар мен құбылыстарды (ақиқат дүниеге) әртүрлі қырынан таниды және танытады. Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады. Кез келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол тілдік қорындағы тіркес арқылы, метафора арқылы немесе фразеологизмдер арқылы көрініс табады. Мысалы, күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқындық, жаңбыр, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, күңгірттік, бұлтты күндер, қоңыр түс, алтын қырман, т.б. Бұлардың барлығы – адамның бес сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы-перцептивті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар. Ал шығармашылық таланты бар, ерекше танып қабылдайтын ақын-жазушылар танымында ассоциативтік білім көздері бейнелі түрде көрініс табады. Сондай-ақ қызға қатысты нәзік, мейірімді, шашы ұзын, үкілі тақия, қыпша бел, оймақ ауыз, т.б. түсініктер санада жинақталған қарапайым ассоциациялар болса, ал ақын-жазушылар танымында елік қыз жанарының нұрын берген; құдықтай тұнық суы тартылмаған; аш белі сәмбі талдай солқылдаған; қыздың беті – қызарып піскен алма; торғын да торғын шаштары тобық көметін тоты қыздар; өмірдің қызғалдағы; қыздары есік, төрден несіп терген, сөйлетсе – Сара ақындай дес бермеген; аяулы ару – ақбөкен; (И. Сапарбай) ; Шыт көйлек... белін бір бүрген, Етегін желге ілдірген, Омырауында бүлдірген; сен бота едің көздерің мөлтілдеген (М.Мақатаев) т.б.

    Күрделі психикалық құбылыстар, яғни ақиқат дүниені тану, қабылдау сезіну, көру, дәмін білу, терімен сезу, иіскеп көру, оймен жоспарлау, интуиция, болжау секілді қарапайым психикалық әрекеттердің көмегімен туындайтын сол дүниеге берілген баға адамның ассоциациясы негізінде жүзеге асады. Дегенмен ғалымдардың пікірінше, ассоциациялық білім ақиқат дүниені бүтіндей, барлық мағыналарын қамтитын құрылымдық негізінде кең түрде таныта алмайды. Себебі, қоғам дамып, өркендеген сайын әрбір дүниенің (зат не құбылыстың) танымдық деңгейі өзгеріп, жаңарып отырады. Сонымен қатар сол ақиқат дүниенің қызметі мен қасиеттері де кеңейіп отырады. Осыдан барып дүниенің танымдық мәні өзінің уәжді мағынасынан алшақтай түседі. Сондықтан әр дәуірде ол дүниеге берілетін ассоциативтік түсінік сол кезеңге сай қызметіне қарай өзекті мәнімен беріліп отырады. Мысалы, қазақ әйелінің қоғамдағы орнының тарихи кезеңдер мен әлеуметтік жаңарудың қағидаларына сәйкес өзгеруін алайық.



    Әңгіме әуелі тұйыққа тіреліп қалып, енді қайта шешіле бастағаннан кейін, Елизавета Быкова қазақ халқының әйелге көзқарасын сұрастырып еді, Игілік оған біріне-бірі қарама-қарсы келетін әйел басынан өтетін үш түрлі кезеңін айтты. Оған өзі де таң қалатындай азырақ мысқыл қосып, шенеп айтты:


    • Қазақ қыз баласын қатты қадірлейді, – деді Игілік. – Ана болған әйелді де сондай қадірлейді. Бұл екеуіне тіл тигізген адам, ең көргенсіз саналады. Алыс-жақыны оны түгел жексұрын көріп, жеркене қарайды. Безініп кетеді. Бірақ әйелдің қатын деген бір кезеңі бар... Ол кезде әйел күңмен тең... Мына отырған Байжекеңдер әйелін адам көріп, үй ішінің он тиындық жұмысын ақылдаса ма екен?... Жоқ бұл кісінің әйелі күңмен тең... Мына отырған қожалар әйелді еркекпен бірге намазға да қатынастырмайды... Қазақ әйелі құлшылықта да теңдік көре алмайды! Қазақта «Қыз күнінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығады?» деген мақал бар. Оны істейтін біз, қазақтың еркегіміз... Бала сияқтымыз, қолымызға берген қандай асылды болса да тез бұзып, тез тоздырып тастаймыз, – деді Игілік (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке) .

    Демек, ассоциация – жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенің үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі.

    Д.Гартли, Т.Браун, Дж. Милль т.б. ғалымдар ассоциацияның ментальді (санада, ойда болатын) тетік екенін, ассоциацияның негізгі белгісі деп ассоциациялық танымның адамның өмірде жинаған тәжірибесі мен сезінуі, ұғынуы арасындағы байланыстан туындайтынын атап көрсетеді.

    Қазіргі кезеңде ассоциацияның тәжірибелік деңгейі кеңейіп, ассоциативті эксперимент пен оған практикалық зерттеулер жүргізілуде. Ассоциативті эксперимент жүргізудегі негізгі мақсат – субъектінің ақиқат дүниені тануға деген, танытуға деген белсенділігін, әсерін (реакциясын) байқау, субъектінің «менін» бақылау. Осы кезеңде біраз тәжірибелер нәтижесі бойынша А.Бэннің «шығармашылық ассоциация» түрі қалыптаса бастады.

    Бүгінгі таңда ассоциация ұғымы психология саласынан кешенді ұғым ретінде басқа ғылым салаларында қолданысқа ие болды. Мәселен, тіл біліміндегі жаңа бағыт психолингвистика, конгитивтік лингвистика салаларында адамның ақиқат дүниені қабылдап, тіл арқылы жеткізудегі психикалық құбылыстары туралы мәселелерді қозғағанда ассоциацияның психологиядағы қызметі ерекше байқалатыны анықталды. [136, с. 224]сезіну ассоциациялары адамның өмірі мен тәрбиесі негізінде қалыптасып, дами отырып, елестету/түсіну ассоциациясына, соңғы ассоциацияға, күрделенген ассоциация түріне ұласады. Барлығы жинақтала келе, себептік тізбегіне қарай сыртқы әлемге тәуелді болады, соған сәйкестендіріледі. Бұның нәтижесі пайымдау барысында, ой жинақтау барысында өзара байланысқан ой жүйесін құрайды. Сондықтан да ассоциация заңдылықтары қалау және сезіну қабілеттерімен үйлесіп жатады. Осындай таным үрдісінде міндетті түрде адамның эмоционалды күйі, күш-қуат деңгейі, жалпы тұлғалық қасиеттері мен мінез-құлқы көріне бастайды. Сыртқы әлемді тану барысындағы адам миының рефлекторлық қызметі жүрген сайын ассоциациялардың шеңбері кеңейіп, тізбектік сипатқа ие болады. Егер бір ақиқат дүниеге берілген ассоциациялар қоры мол болса, олар ассоциациялық қатарлар мен тізбектерге түзіледі.

    И.М.Сеченовтың пайымдауынша, шексіз және әр алуан сезіну ақпараттары мен ассоциациялардан ақиқат дүниенің ерекше мәнді мазмұны қалыптасады. Сезінудің өзі – адамның санасы мен танымын жетелейтін бір элемент. Сезіну ассоциациясы – бұл адамның индивидуальді тәжірибесін сақтаушы із, яғни алғашқы түсінік. Адамзат баласы бес сезім мүшесі арқылы ақиқат дүниені қабылдай отырып, оны жадында сақтай отырып, оған қоса санада кеңінен өңдей отырып өзінің сол дүние туралы білімін мен танымын, ассоциативтік қатарын кеңейтеді, күрделендіреді. Ассоциация мәселесін психологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырған ғалымдардың бірі – И.П.Павлов. Ғалымның пікірінше, ассоциация толықтығы динамикалық стереотип құбылысымен астасып жатады. Динамикалық стереотип пен ассоциацияның байланысы неде? Ассоциация стереотиптен туындай ма? деген сұрақтарға ғалым былай жауап береді: «Барлығымызға белгілісі – ақиқат дүниені танытатын алғашқы түсініктер – ассоциациялар, солардың жиынтығынан жүйе құралады, ол жүйеден гештальт ұйымдасады. Демек, ассоциация қалыптасқаннан кейін барып, қалғандары (стереотип, гештальт) туындайды екен, керісінше емес» [136, с 89]. Стереотип ассоциациялардың жалпыхалықтық сипат алып, автоматты түрде сол дүниені таныту үшін қолдану мақсатында жиі-жиі қайталана беру нәтижесінен барып қалыптасады. Мысалы, әйелдердің – нәзік, екінші орында болуы мен ерлердің – қажырлы және бірінші орында болуы стереотиптік танымға жатады. Ұлттық ассоциациялардың стереотипке айналған түрлеріне мысал келтірсек: бәйбіше мен тоқал арасындағы, абысын мен келін арасындағы күндестік стереотипті танымға айналған.

    ^ Апа-ай! Осы бір кеселді мінез кіші апамнан неге көп шыға береді? деп, шешесінің қасына келді.

    Балам-ай, күндестің аты күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе менің де қай сырымды біліпсің! ­ деді (М.Әуезов. Абай жолы);



    Қалай да қатарымнан озамын деп,

    Қатындай күндестігім қозады кеп (М. Мақатаев. Аманат).

    Қарақатын осы ауылда Ақбаламен өш. Ақбаланың жастығын, сұлулығын көре алмайды (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

    Міне, әйел затының психологиялық табиғатына, сезімтал жанына байланысты оның іс-әрекеттерін, дүниені тануын талдауда, біздің ойымызша, ассоциацияның психофизиологиялық негізін түсіндіретін ғылыми негіздерге назар аударудың мәні ерекше.



    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.

    6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.

    8-тақырып. Этнопсихолингвистика.

    1. Тіл және мәдениет.

    2. Лингвистикалық қатынас гипотезасы.

    3. Сөздің ұлттық-мәдени мәні.

    4. Лакуналар.

    5. Тілдесім құлығы.

    6. Билингвизм.

    7. Интермәдени байланыс.

    Тіл- тарих халыктың даналық көзі.Тіл- арқылы балаға ата-аналарымыздың асыл мұрағаттары өмір тәжірбиелері, нақыл сөздері мен ұғындырылады.

    Бұл ұлттық қалыптасуы мен өмір сүруінің, жеке ұлт ретінде өмір сүруінің алғы шарты. Бұл жөнінде М.Жұмабаев « Тілсіз ұлт,тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып, жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ» деген.

    Сонымен бірге, тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінң жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар, білім негіздерінің ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді.

    Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау,түйсіну, ойлау, секілді психикалық процесс негізінде сөйлеу процессі арқылы меңгеріп, оны қайтадан сыртқа шығарады.

    Тілдің осындай көпжақтылығына байланысты тілді үш жақтама зерттеудің бағыттары бар:

    1.лингвистикалық

    2. психолингвистикалық

    3. социолингвистикалық

    Бұл бағыттар тілді әр қырынан:тілдің теориясы(лингвистика), тілдің психикалық ерекшелегі(психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекешелігі(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажеттесі психолингвистикалық бағыт.Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, қабылдау, қиял, зейін т.б. процестер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл психикалық зерттеудің объектісі болып табылады.

    Психология ғылымында тілді-тіл және сөйлеу деп бөледі. Тілді тіл және сөйлеудің алғаш рет жіктеген Ф.де Соссюр, Е.И.Негневицкал мен А.М.Шахнорвич те Фде Соссюрдің қозқарасын ары қарай дамытып былай « Когда мы употребляем слова «язык» мы имеем виду вещи- язык и «речь»,деп, тілдің сөйлеумен байланыстылығы атап көрсетеді».

    Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қатысым әрекетінде ғана өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады.” Лишь рассматривая язык в процессе речевой деятельности, мы способны вскрыть реальный механизм общественного функционирования языка “ (А.А.Леонтьев) Бұл пікірге Б.В.Беляев те қосылады: « Если язык есть явление лингвистическое, то владение, языком есть явление психологические» Олай болса, психикалық тұрғысынан тілге адамдардың өз ойын, пікірін басқа адамға жеткізуі жатады. Себебі бала өзінің ойлаған ойын, мұң-мұқтажын, қуанышын, ренішін, пікірін тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сырқа шығарады. Бла сөйлеу процесінде өзінің сөз байлығын пайдаланады. Сондықтан сөздік қордағы әрбір сөз баланың ойлау қабілетіне, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуші рөлінде қолданы.

    1. Сөз затты, оның белгісін, қалпын әрекетін, байланысын білдіре отырып,оларды «көрінетін» етеді. Сөзбен бейнеленген жинақталған сипатқа не заттар мен олардың қасиеттері туралы мұндай сезімдік сигнал таным объектісі бола тұра, жағдайға арналған оқып үйренбей-ақ сол орнында тез танылады.

    2. Кез- келген сөз жинақтаушы мәнге ие болғандықтан, балалар анық қабылдаған заттарын белгілі бір категорияға жатқыза алады.

    3. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы ьайланыстар да сөзбен беріледі.

    4. Қажет және болмайды деген сөздерде ересектердің бала тәртібіне , мінез құлық ережесіне қойылатын негізгі талаптары білдірілген.Бұл ережелерді бала меңгере отырып, оларды өз бетімен әртүрлі жағдайда қолданады, соған сәйкес әрекет жасап үйренеді.

    5. Сөз әрекеттің мағынасын білдіреді.

    6. Сөзбен өзінің қайғы-қасіретін бастан өткізген сезімдерін, өзінің бір нәрсегее қатыстылығын білдіреді.

    7. Ақыл-ой әрекетін бағыттарын сұрақ қойылып, сөзьен міндет жүктеледі.

    8. Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым-қатынасында, өз күшін байқау формасында сана –сезім дамиды.Алайда бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.

    Сөйлеуді меңгере отырып, бала басқа адамдармен араласуды, оларды түсінуді, оларға әсер етуді,ересектермен және бақа балармен сөйлесуді үйренеді.

    Демек, тіл арқылы бала өзінің қоғамының бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін сезінеді. Бұл баланың психикалық дамуына оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сөздік қорда тек қоғам бар жерде ғана жинақталады. Қоғам жоқ жерде сөздік қор дамымайды, жетілмейді.

    Ғалымдар (Л.С.Выготский, А.В. Ярмоленко сәбидің күлкісін, былдарлауын, ым- шараларын ( қолымен бір затты нұсқағанын ) « қатысым амалдарына жатқызып, мұның барлығы баланың қаршаған ортаға өзінің сезімін көңіл- күйін білдіреді дейді. Бала былдырлап сөйлегенде қршаған ортаиысындағы естіген дыбыстарын қайталайды.

    Сәбилер 3-9 айлық арасында тілдің бүкіл дыбыстық жүйесін дбыстай алады.Осы кезеңнен бастап сәбилердің сөздік қоры зор қарқынмен дамиды.Бала психикасының дамуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеу процесінде қолдануды ерекше роль атқарады.

    Сөйлеу әрекетінде бала өзінің жинақтаған « қамбасы» сөздік қорды пайдаланады. Сондықтан оның түсінікті сөйлеу дағдыларының жетелуі, лексикалық қорының сандық және сапалық жағынан дамуы т.б. Мәселелер психолог, дефектолог- педагог, тілші ғалымдарды ғасырлар бойы мазалап келеді.

    Тұжырымдағанда сөздік қор сөйлеудің құрамдас бөлігі болғандықтан, оның баланың ойлау қабілетіне де қатысы бар. Психолог ғалымдар сөздік қордың бірлігі сөздің ойлауға қатысы “барлығын айта келіп, сөз ойлаудың ,, клеткасы дейді . Бұл жөнінде А.Р. Лурия : “ что слова является не только средство замещения вещи, представления, оно является и клеточной мышления,»- деп сөздің ойлау құралы екендігіне де көңіл бөледі.Л.С Выготский ой сөзде өмір сүрмейді, сөзді құраушы мағынаны сөз бен ойдың арасындағы дәнекер деп атайды. “ мысль не выражается в слове, а совершается в нем, значение находиться как бы между мыслью и словам, вот почему значение пересекается коммуникация и мышления.

    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    9-тақырып. Патопсихолингвистика.

    1. Эмоциялық дағдарыс жағдайындағы сөйлесім.

    2. Сананың өзгерген қалпындағы сөйлесім.

    3. Акцентуация және психопатия барысындағы сөз.

    4. Сөйлесімнің физиологиялық орталығы.

    5. Сөйлеудің бұзылуы.

    6. Сөйлеу дефектілері.

    7. Мылқаулар тілі.



    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.

    5. Салқынбай А, Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. - Алматы, Сөздік-Словарь, 2002. -301 б.

    6. Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. - Алматы, Арда, 2006. – 184 б.

    10-тақырып. Психолингвистиканың қолданбалы аспектілері.

    1. Сот психолингвистикасы.

    2. Тіл және тендер.

    3. Нейролингвистикалық бағдарламалау.

    4. Мәтінді автоматты талдау..

    5. Тіл және тілдесімдік әсер.

    Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі. Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.

    Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы» қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние – әлем туралы білім қорын, ұлттың өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы объективтенеді.

    Сөйлеуде эмоционалды-экспрессивтік мағынаны жеткізуші тіл бірліктеріне дыбыс, сөз, сөз тіркестері, сөйлем жатады. Осылардың барлығы жиылып, тақырыптық-композициялық тұтастық құраған кезде тұтас мәтіннің эмоционалды-экспрессивтік тонын, ырғағын жасайды. Лексика адамның дүниеге, сыртқы ортаға қатысты сезімдік дүниетанымның тілдік картинасын бейнелесе, сөздің түрлі морфологиялық формалары, сөйлем мен мәтін және дыбыс адамның сыртқы ортамен сезімдік қатынастарының өзара байланысын, динамикасын нақты контекст жағдайында бейнелейді. XX ғасырдағы Ш.Баллидің концепциясының негізінде стилистика тілдің экспресивтік формалары туралы ілім ретінде анықталды. Стилистика тілдік жүйе элементтерінің эмоционалды-экспрессивтік, сонымен қатар тілдің мәнерлегіш құралдарының қалыптасуына әсер ететін тілдік деректердің өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде таныла түсті.

    XX ғасырда тіл білімінің үлкен жетістіктерге жетуі, жаңа бағыттардың пайда болуы стилистика ғылымының қарқынды дамуына әсер етіп, стилистикада тілдің функционалдық қырлары басты назарға ілікті. В.Матезиус бастаған чех ғалымдары әдеби тілдің функционалдық сипатын зерттеуге ерекше көңіл аударды [2]. Орыс стилистика ғылымында В.В.Виноградов жаңа бір кезеңнің бастамасы болды деп айтуға негіз бар. В.В.Виноградовтың еңбектерінде [3] тілдік-функционалдық концепция басым бағыт болса, оның негізін тілдің халық өмірінің нақты тарихи жағдайларындағы шынайы қызмет атқаруын зерттеуі құрайды.

    Қазақ тілі ерекше жүйе ретінде өзінің құрамындағы бірліктерінің энергиялық қуатын сөйлеу барысында, сөйлеу әрекетінде таныта алады. Сөйлеу барысы көптүрлі және көпбейнелі түрге ене алатын күшке ие болып келеді. Адам баласының сөйлеуі барысында физикалық та, психикалық та, физиологиялық та процестер қатар жүріп жататынын байқауға болады. Сол сәтте сөйлеу – әрі индивидуалды, әрі әлеуметтік құбылыс ретінде өтіп жатады.

    Стильдік ерекшеліктерді мәтінге жинап-теріп, бір арнаға ұйымдастыратын психикалық процестердің негізгісі ретінде сөйлеу процесі барлық тіл бірліктерінің жаңа бағдар ала ұйымдасуының жаңа сапасын танытады. Сол болмыспен сыртқа шығарылған сөйлеу туындысы енді сыртқы ортаны өзгертуге мүмкіндік алатын белгілі бір күшке ие екенін көрсетеді. Адамның санасында ойлау мен қиялдау процесі сөйлеу әрекетімен тығыз байланыста болып, адам ойлауының ерекше түрін, яғни тілдік ойлауын (сөйлеу – ойлау – речевое мышление) қалыптастырады.

    Тіл құралдарының эмоционалды-экспрессивтік қызметі лексиканың, грамматиканың аясында зерттелгенмен, экспрессивтік стилистиканың арнайы құралдары ретінде бірізге түсірілген жоқ. Психология мен психолингвистика адамның іс-әрекетіндегі эмоцияның қызметін зерттеуге бағытталған. Сол себепті адамда болып жататын психикалық процестерді талдауда эмоцияның психикалық және іс-әрекеттік қырын бірлікте алып түсіндіру басты ұстаным болып есептеледі. Психологияның өзінде де адамның эмоциялық сезімдерінің қат-қабат сырларын зерттеу әлі жеткіліксіз. Бұл эмоцияны тілдік тұрғыдан зерттеуге де қиындық тудырып отыр. Сондай-ақ, психологиядағы эмоцияның түрлерінің топтастырылуы және оның жалпы сипаты дәл анықталды деп те айту қиын. Адамға тән негізгі эмоция түрлері әлі психологияда да, физиологияда да дәл анықталмаған.

    Психологтардың ойынша, эмоцияға универсалдық сипат тән: «Некоторые отдельные эмоции являются универсальными, общекультурными феноменами. И кодирование, и декодирование ряда эмоциональных выражений одинаковы для людей всего мира, безотносительно к их культуре, языку или образовательному уровню» [12, 56 б.]. Эмоцияның универсалды қасиеті В.А.Артемьева т.б. ғалымдардың зерттеулерінде де эксперименталды тұрғыдан дәлелденеді. Дегенмен, ғалымдар арасында тілдегі сезім мен адамның табиғи сезімдерінің әрдайым сәйкес келетіндігіне күмән келтіретіндері де бар. В.И.Шаховский оған үзілді-кесілді қарсы пікір айтады: «шынайы сезімдер мен оның тілдік моделі ешқашан сәйкес келмейді» [13, 90 б.]. А.Н.Леонтьев болса, тіл бірліктері заттық өмірдің барлық қатынастары мен қасиеттерін идеалды формада бейнелейді деген пікір айтады [14]. Адамның өзіндік табиғатына тән универсалды эмоциялық сезімдерді негізге ала отырып, тілдің стилистикалық жүйесіндегі универсалды экспрессивті мағыналарды анықтауға және олардың тілдегі көрінісін анықтауға болады деген болжам жасауға болады. Бұған тілдегі адам сезімдерінің бейнелену семантикасы негіз болады. Лингвистикалық зерттеу еңбектерінде мұндай эмоциялық универсалдар түрліше аталып жүр: доминант эмоциялар, негізгі эмоциялар, эмоционалды тон, жетекші эмоциялар, базалық эмоциялар т.б. Сонымен қатар, психологтар адам баласына тән сезімдер мен толғаныстардың табиғаты бірдей болғанмен, әр тілдің эмоциялық сөздік қоры әртүрлі екенін айтады. В.Н.Гридиннің пайымдауынша, барлық халықта эмоциялар универсалды, ортақ болғанымен, олардың әр тілдегі типологиялық құрылымы бір-біріне ұқсамайды екен, себебі әр тілдің эмоционалдық табиғатына ұлттық ерекшелік тән болып келеді.



    Әдебиеттер:

    1. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -602 б.

    2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.

    3. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы: Арыс, 2008. -470 б.

    4. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы: Санат, 2009. -496 б.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет