ПӘн бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)



бет2/154
Дата10.06.2017
өлшемі30,65 Mb.
#18836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
20__ж. «___»__________ кафедра отырысында ұсынылған №__ Хаттама

Кафедра меңгерушісі ______________ Н.Н. Оспанова 20__ж. «____» ________

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 20__ж. «__»__________ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ____________ А.Б. Искакова 20__ж. «_____»___________


1. Оқу пәнінің паспорты

Пәннің атауы Алгебра және аналитикалық геометрия

Міндетті компонент пәні



Кредит саны және меңгеру мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: 1

Семестр: 1



Барлығы аудиториялық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар – 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағат



Бақылау формасы

Емтихан – 1 семестр



Пререквизиттер:

-Математикалық анализ бастамасы

-Алгебра және геометрияның мектеп курсы

Постреквизиттер:

- Мамандықтың математикалық пәндері

- Мамандықтың қолданбалы пәндері

2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Құдайберген Маржан Құдайбергенқызы

Математика кафедрасының аға оқытушысы

«Математика» кафедрасы, А - 410 аудитория

Байланыс телефоны: 67-36-46, ішкі тел. 11-20

E-mail: marizhank@mail.ru



3 Пәннің мақсаты және міндеттері

Пән туралы мәліметтер

Аналитикалық геометрия және сызықты алгебра қазіргі заманда ғылымның көптеген бөліктерінің теоретикалық негізі болып отыр және оның атқаратын міндеті өсіп отыр. Компьютерлік технологияның дамуы негізінде тиянақты практикалық маңызы бар есептерді шешу мүмкіндіктері пайда болды, ол әрине математиканың қолдану өрісін кеңейте түсті. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат – студенттерге оқу процесінде арнайы курстарды оқу барысында және өзбетінше оқу кезінде кезігетін математиканың негізгі ұғымдары мен негізгі математикалық әдістермен таныстыру.



Пәннің мақсаты: Математикалық әдістер ғылым, техника, экономика және басқару мәселелерін шешуде үлкен роль атқарады. Сондықтан математиканы оқытудың алдына келесі мақсаттар қойылады:

  • студенттердің математикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту;

  • студенттердің математикалық есептерді зерттеу және оларды шешу әдістерін игеру;

  • студенттердің қолданбалы кәсіптік есептерді шешуде математикалық білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру;

Пәннің міндеті:

  • математикалық ұғымдар мен әдістер мысалында студенттерге ғылыми көзқарастың мәнін түсіндіру;

  • математиканың мәнін және оның қолданбалы – кәсіптік есептерді шешудегі ролін түсіндіру;

  • студенттерді математикалық әдістерді кәсіптік әрекеттерінде қолдануға бағыттау.

4. Білім, икем, дағдылар және құзырларға қойылатын талаптар

Осы пәнді меңгеру нәтижесінде:

студенттер білуі тиіс:

- негізгі ұғымдарды, формулаларды, анықтамаларды, теоремаларды;

- есептерді шешудің тәсілдері мен әдістерін;

студенттің икемді болуы тиіс:

- бағдарлама бойынша қарастырылатын формулаларда дәлелдеу және қорытып шығару;

- математикалық модельдерді құрастыру;

- математикалық зерттеулерді жүргіздіру;

студент тәжірибелік дағдыларды иемденуі тиіс:

- ұсынылатын әдебиетпен өздігінен жұмыс жасау;

- алдына қойылған мәселе есептерді шешу;

- теоремаларды құрастыру және дәлелдеу;

студент құзырлы болуы тиіс:

- алгебра және геометрия сұрақтарында;

- математикалық анализ сұрақтарында.



5 Пәннің тақырыптық жоспары

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттардың бөлінуі




Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша ауд/лық сағаттардың саны

СОӨЖ

Дәріс

тер


Тәжіри

белік


Зерт/лық, студ/лық, жеке

Бар

лығы


Соның ішінде СОӨЖ

1

Комплекс сандар

1

2




6

1,5

2

Сызықты алгебралық теңдеулер жүйелері

2

6




18

3

3

Векторлық алгебра

2

6




18

3

4

Өрістердегі көпмүшеліктер, топтар, сақиналар және өрістер

2

2




6

3

5

Сызықты кеңістіктер, евклид және унитарлы кеңістіктер.

2

2




6

3

6

Сызықты кеңістіктегі сызықты оператор

2

2




6

3

7

Жазықтықтағы түзу. Кеңістіктегі жазықтық пен түзу

2

5




15

3

8

Екінші ретті сызықтар мен беттердің жалпы теориясы

2

5




15

3




Барлығы: 135

(3 кредит)



15

30




90

22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Комплекс сандар

Жоспар: Комплекс сандар. Көпмүшеліктер.

Әр сұрақтың қысқаша мазмұны

Нақты сандарды қарастырғанда нақты сандар жиынында квадраты (-1)-ге тең санды табу мүмкін еместігі айтылған болатын. Осы тәрізді есептердің шешімін табу мақсатымен сандар ұғымы комплекс сандарды еңгізумен кеңейтіледі.



Комплекс сан ұғымы.

өрнегі комплекс сан деп аталады, мұндағы және - нақты сандар, - немесе теңдіктерімен анықталатын, жорамал бірлік;

- комплекс санның нақты бөлігі, ал - комплекс санның жорамал бөлігі деп аталады. Жорамал бөліктерінің таңбалары ғана әр түрлі болатын екі және комплекс санды түіндес сандар деп атайды.

Егер болса, онда таза жорамал сан, егер болса, онда нақты сан шығады: .

Екі негізгі келісім қабылданады:



1) және екі комплекс сан тең болады, егер , .

2) болады сонда және тек қана сонда, қашан болса.


Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   154




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет