Пән: «Орман тауарларын тану» Дәріс №1 Тақырып: Сүректің микроскопиялық құрылысы



бет25/27
Дата31.01.2023
өлшемі75,66 Kb.
#166907
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
orman tauarlar n tanu lektsiya

Припуск - сортименттің кебуін және кейінірек өңдеудің әсерінен номиналды ұзын мөлшеріне қосылатын міндетті өлшем. Қылқан және жалпақ жапырақты ағаштар көлденең бөлшектенгенде тілу және аршу үшін қылқан жапырақтыларда 6см-ге дейін, жалпақ жапырақтыларда 3см-ге дейін припуск беріледі.
Допуск - сортименттің номиналды мөлшерінен аз немесе көп жаққа қарай ауытқуы. Ол станоктардың және басқа құралдардың дұрыс жұмыс істелуі әсерінен болғанда қосымша берілетін өлшем. Қылқан және жалпақ жапырақтыларда дөңгелек орман материалдарына келесі допуск қойылады: көлденең тілгенде ±2см, яғни кейбір жағдайларда.
Дөңгелек орман материалдары қалыңдығы бойынша үш топқа бөлінеді:
1. Ұсақ орман материалдары. Қылқан жапырақтылар үшін 6-13см, жалпақ жапырақтылар үшін 8-13см градация - 1см.
2. Орташа орман материалдары үшін диаметрі 14-24см дейін, градация - 2см.
3. Ірі орман материалдары 26см-ден бастап, градация 2см.
Мысалы: диаметрі 25см өлшенсе, оны 26см деп қабылдаймыз. Ал егер 23,8см болса, оны 24см деп қабылдаймыз.
Сапасы бойынша 4 сортқа бөлінеді: ұсақ материал екінші және үшінші сортқа ғана дайындалады. Ал төртінші сорт төменгі сапалы сүрек және отын үшін дайындалады.


Пән: «Орман тауарларын тану»
Дәріс № 13
Тақырып: Тілінген орман материалдары. Мөлшері және пішіні бойынша жіктеу. Белгілеу, өлшеу, есептеу ережелері
Көлденең кесігіне байланысты пиломатериалдар пластиндерге, торттік, брустар, брусшалар, тақтайлар, шпалдар, дөңбектерге бөлінеді.
Пластиндер – бөренені ортасынан көлденең бөлгенде алынатын пиломатериал.
Төрттік бөрене (четвертина) – пластиннің симметриялық көлденең екі бөлікке бөлінген көрінісі.
Брус – бұл қалыңдығы мен ені 100мм аспайтын пиломатериалдар. Кесілген жағына байланысты брус 2 қанатты, 3 қанатты және 4 қанатты болады.
Брусша – қалыңдығы 100мм-ге дейін, ал ені қалыңдығына тең немесе оны екі есеге басып өтпейтін тілінген материалдар.
Тақтай – қалыңдығы 100мм-ге дейін, ал ені қалыңдығынан екі есе көп пиломатериал түрі.
Шпал – темір жолдарда рельске тірек болатын арнайы пиломатериал. Көлденең кесігіне сәкес шпал кесілмелі немесе кесілмейтін болып келеді.
Дөңбек – бір шеті тегістелмеген, бөрененің ең соңғы тақтайы.
Дайындама дегеніміз – керекті детальдармен сүректің сапасы мен өлшеміне қарай кесілген тілінген материалдар.
Қалыңдығы бойынша тақтай мен брустер жіңішке-13-32мм аралығында, қалың-40мм немесе одан да көп болып бөлінеді. Қалыңдығы 13мм фанера станоктарында жасалған пиломатериалдар тегістелген фанера деп аталады. Көбінесе жіңішке тақтайды планктер, ал қысқа кесілген пиломатериалдар-рейкалар деп аталады.
Тілінген материалдың тік кең жақтары және квадрат кесікті пиломатериалдың барлық жағы пласть, жіңішкелері жиегі, ал екеуінің біріккен жерін – қабырға деп атаймыз. Жақсы өңделген, сүрекдіңнің жақсы сапасын игерген пласть – беткі жақ, ал кері жағы – айналым деген атауға ие. Орта жақтағы пласть – сыртқы пласть деп аталады. Тілінген материалдардағы бөрененің сыртқы бөлігінің қалыңдығын обзол деп атаймыз. Обзол өткір немесе жұмсақ болуы мүмкін. Жұмсақ обзол жиек ұзындығы түгелдей тегістелгенде, бірақ қалыңдығы түзелмегенде байқалады. Өткір обзолда жиек ұзындығы түгелдей емес, ал қалыңдығында кейбір жерлері тегістелмейді.
Өңдеу жұмысына байланысты пиломатериалдар кесілмеген, яғни оның пласттері тегістелген, ал кромкасы тегістелмеген немесе аз бөлігі тегістелген, обзол шамасы кесілген пиломатериалда берілген шамадан артық болады. Кесілмелі пиломатериалдар – бұл барлық төрт жағы тегістелген, обзол шамасы пиломатериалдың басқа сорттарында көрсетілген шамадан аспайтын тілінген материалдар. 2 кромкасы ұзынында, қалыңынан да түгелдей тегістелген, барлық бұрышы түзу кесілмелі пиломатериалдар таза кесілмелі деп аталады.
Өңдеу деңгейі бойынша пиломатериалдар кәдімгі және жонылғандар болып қарастырылады.
Бөрененің көлденең кесігінде орналасуына қарай тілу материалдары келесідей жіктеледі: жүректегі, егер олар бөрененің ортасынан алынып, жүрегін түгелдей қамтыса орталықты, егер олар бөрененің ортасынан алынса, жүрекшенің бөлуінен 2 дана да болса, шеткі, егер олар бөрененің жүрегінен және орталығығна шетте болса.
Тегістеудің тәсіліне қарай пиломатериал кәдімгі тегістеуде, радиалды, тангентельды және параллельді құрайтын тегістеуде болуы мүмкін.
Маркілеу, өлшеу және есептеу.
Маркілеуге 1м немесе одан да көп ұзындықтағы пиломатериалдар жатады. Марка пиломатериал сортының белгісіне тұрады және де ол белгі тауардың беткі жағына өшірілмейтін бояумен салынады.
Тілу материалдарды пакетпен немесе пачкамен жөнелткенде маркілеуді пиломатериалдың пластасында бормен немесе штелпельмен салуға болады. Әрбір пакеттің биркасы болуы керек, онда пакеттің нөмірі өндіруші кәсәпорынның және жоғарғы ұйымның аты және мекен-жайы, өнімнің аты, пакеттегі кубометрлі пилометр саны, стандарт нөмірі, бракер нөмірі.
Қалыңдығы 25мм тілу материалдары тік жолақпен, ал 25мм-ден жоғарылары – нүктемен көрсетіледі. Алынатын сорт пиломатериалда 1 көлденең сызықпен, ал пакетті қабылдауда пластада 1-4 сорттар пиломатериалда рим цифрымен, ал заготовка пластасында араб цифрымен беріледі.
Жонылған материалдар ұшында маркерленеді. Дайындама ұшында сапаның шартты белгілері қызыл бояумен салынады, ал тілу материалдары сорты – қызылдан басқа кез келген бояумен жазылады.
Таңдаулы немесе бірінші сортты теңіз кемелерінде қолданылатын тілінген материалдар С әріпімен маркерленеді, резонансты дайындамалар – Р, шаңғы дайындамалары – Л, обоз құрылысындағы дайындамалар – О әрпімен белгіленеді.
Өлшеу және есептеу. Қылқан тұқымды тақтайлар қалыңдығы (МЕСТ 8486-66) 13-100мм, брусктер-50-100м аралығында, брусылар-80-250мм аралығында болады. Қылқанды пиломатериалдың ені 80-250мм аралығында алынады, ал жапырақтыларда (МЕСТ 2695-62) 80-200м болады. Жапырақты пиломатериал қалыңдығы 13-75мм болуы мүмкін. Қылқанды және жапырақты пиломатериалдар ұзындығы 0,25м градациямен 1-6,5м дейін созылады.
Қылқанды (МЕСТ 9685-61) және жапырақты (МЕСТ 7897-62) тұқым заготовкаларының қалыңдығы 7-100мм (жапырақтылар 75мм-ге дейін) ені – 40-200мм-ге дейін, ұзындығы – 0,5-1мм-ге дейін, (жапырақтыларда – 0,3мм-ден бастап) 5см градациясымен және 1м-ден жоғары 10см градациямен алынады. Тақтай, загатовка қалыңдығы 25мм-ге дейін 3мм градациясымен болады (25мм-ден кейін 3мм немесе одан да көп).
Кесілген пиломатериал ені 110мм-ден кейін 20-30мм градациямен бекітілген.
Тілу материал немесе дайындама қалыңдығы ұзындықтың кез келген жерінде торецтен 150мм қашықтықта, обзол жоқ жерде өлшенеді. Кесілмейтін пиломатериалдың немесе загатовканың ені ұзындықтың ортасынан қабықсыз 2 платьтің енінің жартысы ретінде анықталады.
Сонымен қатар 0,5см-ге дейінгі шамадағылар есептелмейді, 0,5-ге тең шамадағылар 1см болып есептеледі. Тәжірбиеде кесілмейтін пиломатериалдың штабельде орналасқандағы енін 2 торецтің орта сызығының жарты шамасы ретінде анықтайды.
Тілу материалдары мен дайындамалардың ұзындығы ұштар арасындағы ең кіші аралық бойынша өлшенеді. Тілу материалдарының ұзындығының белгіленген өлшемнен жіберілетін ауытқулары 5025мм-ді құрайды. Жуандығы бойынша жіңішке тілу материалдары үшін (32мм-ге дейін) - 1,0мм, жуандары үшін (32мм-ден жоғары) - ......, ал кесілген тілу материалдары үшін ұзындығы мен ені 40-100мм болғанда 2мм, ал 100мм-ден асса 3,0мм. Тілінген дайындамалар үшін ұзындығы бойынша номиналды өлшемнен ауытқуы 5мм, ені мен жуандығы бойынша (32мм-ге дейін) 1,0мм, 40-тан 100мм-ге дейін 2,0мм және ені бойынша (110мм одан жоғары) - 3,0мм.
Тілу материалдары мен дайындамаларды есептеу ылғалдылық 15 кезінде номиналды өлшемдер бойынша тығыз кубтық метрде жүргізіледі. Мұндағы допуск пен припуск есепке алынбайды. Тілу материалдары мен дайындамалардың көлемі олардың геометриялық формаларына сай жүзеге асырылады. Параллелипипед түріндегі дұрыс геометриялық формалы тілу материалдары мен дайындамалар олардың ұзындығын жуандығы мен еніне көбейту арқылы анықталады. Тілу материалдары мен дайындамалардың көлемін шығаруды жеңілдету үшін МЕСТ 5306-64-те келтірілген арнайы көлемдік кестелер қолданылады. Көлемдер тілу материалдары мен дайындамалардың жуандығы, ені және ұзындығына байланысты 0,000001-0,001м3 дәлдікпен анықталады. Өлшемдері МЕСТ 5306-64-тің көлемдік кестесінде жоқ көлемдер осы тілу материалдары мен дайындамалардың номиналды өлшемдері бойынша есептеледі. Дөңбек көлемін мына формуламен табуға болады:
Жаппай есептеу кезінде дөңбек көлемін арнайы толық сүректілік коэффициенттрі (МЕСТ 5780-69) көмегімен тығыз шамаға аударылатын бөлінгіш кубоматрмен анықтайды.
Сапасына қарай жалпы мақсаттғы қылқанды ағаштардың тілу материалдары (тақтайлар мен брусшалар) бес сортқа жіктеледі: іріктелген 1,2,3 және 4 (брусшалар төрт сортқа: 1,2,3 және 4), ал жапырақты ағаштардың тілу материалдары – 3 сортқа: 1,2 және 3.
Сүрек сапасы мен өңделуі бойынша қылқанды ағаштардың жалпы мақсаттағы дайындамалары төрт топқа бөлінеді: 1,2,3 және 4, ал жапырақтылардың дайындамалары – 2 топқа (1және 2).
Анықталған сорт талаптарына барлық көрсеткіштері бойынша жауап беретін, бірақ осы сортқа белгіленген нормадан асып кететін обзолы жоқ қылқанды ағаштардың кесілген тілу материалдарын сорттылығын сақтай отырып, кесілмегенге айналдыруға рұқсат етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет