ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14.1.01.20.21
/01-2015
|
«Машина элементтерін есептеу негіздері» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар
ПОӘК
|
№___ басылым
|
ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
МАШИНА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЕСЕПТЕУ НЕГІЗДЕРІ
5В072400 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар»
мамандығына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2015
Мазмұны
1
|
Дәріс оқулар
|
|
2
|
Практикалық сабақтар
|
|
3
|
Білімалушының өздік жұмысы
|
|
|
|
|
2 ДӘРІС ОҚУЛАР
Дәріс сабақтардың құрылымы:
Дәріс 1. Машиналар сенімділігінің теориялық негізі.
Дәріс жоспары:
Жалпы мағлұмат.
Үйкелу және тозу жағдайындағы машиналардың физико-химиялық ескіру негіздері.
Ескiрудiң бөлшек материалының қасиеттерiмен және сыртқы жағдайлармен байланысы.
1. Қазіргі заманғы машиналар туралы ғылым үш бөлімнен тұрады: жалпы машинатану, өндіріс теориясы және машиналар сенімділігінің теоиясы. Бұл бөлімдердің әрқайсысы жекелеген пәндерде қарастырылады. Жалпы машинатанудың негізгі теориялық негізі болып: машиналардың жұмысшы және қосалқы процестерінің теориясы; машиналардың кинематикасы мен динамикасы; машиналардың беріктік теориясы; машиналарды жобалау теориясы.
Машиналар сенімділігі туралы ғылым кейінгі жылдары өз алдына жеке ғылым болып қалыптасты. Бұл пән машиналар туралы ғылымның жаңа және толықзерттелмеген бөлімі болып табылады. Машиналар сенімділігі теориясында келесі мәселелер қарастырылады: 1) физико-химиялық (фрикционды тозу теориясы, пластикалық және де тозудың басқа түрлері) тозу; 2) сенімділіктің статикалық теориясы (сенімділікті бағалау және есептеу теориясы, ақаулар туралы мәліметтерді жинақтау және талдау, сұлбалар сенімділігінің теориясы, сынау әдістері, моделдеу және т.б.); 3) сенімді машиналарды құрастыру әдістері (сенімділікті экономикалық талдау әдістері, қоршаған ортаның әсерін есептеу әдістері, техникалық психофизиология); 4) өндірістегі сенімділікті қамтамасыз ету әдістері (сенімділік көрсеткіштері бойынша материалдарды, дайындамаларды және технологиялық процестерді бағалау әдістері); 5) пайдалану және жөндеу теориясы (сенімділікті сақтауды қамтамасыз ету әдістері, жөндеу әдістері); 6) машиналар сенімділігінің экономикасы. Машиналар туралы ғылымның құрылымын талдау арқылы төмендегідей тұжырым жасалады: қазіргі заманғы ғылым машиналарды жасаудан бастап, оларды пайдаланудың барлық сатыларындағы мәселерді қарастырады. Яғни, машиналарды жасаудың әрбір сатысында сенімділікті жоғарылатуды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы әдістер қолданылуы тиіс. Көптеген машиналардың құрылымының кемшіліктері олардың бөлшектерінің және тораптарының уақытынан бұрын тозуы мен істен шығуына байланысты болады. Температуралар өзгерісінің жоғарылығынан, соққы күштерінен, белсенді орталардың әрекетінен, жоғары жылдамдық пен қысымнан қазіргі машиналар бөлшектерінің жұмыс жағдайы күрделенді. Осыған байланысты материалдардың сипаттамаларының және олардың жұмысшы беттері қасиеттерінің статикасын білу жеткіліксіз.
2) Машиналардың тозуы нәтижесінде олардың ескіруіне көптеген факторлар әсер ететіндіктен ескіру теориясы қалыптасқан жоқ. Дегенмен, жекелеген бөлшектердің тозу түрлері мен олардың қалыптасу процестері жеткілікті деңгейде зерттелген.
Қазіргі күнге дейін И.В. Крагельскийдің, Б.И. Костецкийдің, М.М. Хрущовтың, Д.Н. Гаркуновтың және басқалардың машина бөлшектерінің тозуының физикохимиялық құбылыстарын талдау негізінде ұсынған бірнеше классификациясы белгілі. Осы классификациялар арқылы бөлшектердің және машина тораптарының тозу түрлерін және сипатын анықтауға болады.
Машиналар бөлшектерiнiң бұзылуын тездететiн тозудың негiзгi түрi басқа құбылыстарға байланысты болады. Бұл И.В. Крагельский ұсынған беттердiң тозу процестерi сұлбасында жақсы көрсетiлген. Беттердiң сырғанауы кезiнде механикалық және молекулалық өзара әрекеттесуi болады. Мұндай үйкелiстен механикалық, химиялық және құрылымдық өзгерiстер туындап, содан кейiн беттер бұзылады. Тозу процесiнiң физикалық мағынасын талдау негiзiнде тозуға төзiмдiлiктiң екi жағдайы қалыптасты: бiрiншi, беттер арасында туындайтын молекулааралық байланыс берiктiгi төмен жатқан материалдан аз болуы керек. Екiншiден, беттiк қабаттар көпреттi деформацияларға бұзылмай төтеп беруi қажет.
Молекулалы-механикалық өзараәрекеттесу жергiлiктi, бiрақта қарқынды қызуға әкеледi. Қызу физикалық қасиеттердiң әртүрлi комбинацияларында, тiптi сырғанау жылдамдығының және жүктеудiң аз мәнiнде де болады. Мысалы, металлдың шыны бетiнiң 1 см2-не бiрнеше киллграмм жүктеумен, бар болғаны 30-60 см/сек жылдамдықпен үйкелгенде кейбiр нүктелердегi температура 520-5700 С-ге дейiн жетедi.
Беттiк қабаттардың құрылымының, физикалы-механикалық және химиялық қасиеттерiнiң өзгеруi тек үйкелу немесе сырғанау кезiнде ғана емес, сонымен қатар газдардың әсер етуiнде болуы мүмкiн. Машиналардың үйкелiсте жұмыс iстейтiн бөлшектерiнiң беттiк қабаттары жан-жақты айнымалы сығылу жағдайында болады. Бұл кезде тiптi тез сынатын шойын, шынықтырылған болат сияқты материалдардың өзi жоғары пластикалы болады. Үйкелiс жағдайына сәйкес белсендi қабаттар пластикалы деформациялар мен жылудың әрекет етуiнен өз құрылымын өзгертедi.
3) Техникадағы тозуды сызықтық тозу қарқандылығымен (ТҚ), салмақтық ТҚ немесе энергиялық ТҚ-мен сипаттайды. Сызықтық ТҚ-ғы тозған қабат биiктiгiнiң ∆һ оның жүрген жолына L қатынасынан немесе тозған қабат көлемiнiң ∆V оның жанасу ауданымен Sa жүрген жолының L көбеййтiндiсiнiң қатынасынан анықталады.
Дәріс 2. Берілістердің тозу ерекшеліктері.
Дәріс жоспары:
Тісті берілістердің тозуы.
Буынтықты беріліс.
Шынжырлы берілістер.
Эксплуатация процесі кезінде тісті дөңгелектерде келесідей кемшіліктер бар: торсневтардан және жұмыстық профильден, тістердің сынуы, немесе ступицаларда беттік жағының маййысуы және тағы басқалар.
Тісті берілістің тозуын анықтау үшін оны бөлшектейді. Валдан тісті дөңгелектерді шешу қажет емес. Детальдарды жуып, құрғақ болғанға деййін сүртеді. Тістердің төзу шамасын анықтау үшін: сыртқы бакылаудан және штанген зубамермен олшейди (сур 1, а) немесе штангенциркульмен тістің қалыңдығының азаюы бастапқы шеңберден 0,15 т дейін қабылданады, ал ответственник берілістерге 0,55т, неответствпередач т- модуль жатады.
Үгітілген және сынық тістерді эксплуатация берілісі рұқсат етілмейді.
А) штанген тісөлшегішпен тістің өлшенуі;
Б) сваркілеу арқылы тістің қалпына келтіру;
В) восстановление зуба наплавкой по медным шаблонам;
Г) қондырғы арқылы тісті қалпына келтіру;
Д) шаблонды тісті профилмен бақылау.
Кішкетай модульмен төзген беріліс детальдарды қалпына келтірілмейді, оларды жаңа детальдармен алмастырады. Кейбір жағдайларда үлкен диаметрлі тісті дөңгелектерді тісті дөңгелектердіқалпына келтіреді.
Қатты тозген, үгітілген және сынық тістерді, диаметрлері түзу тісті цилиндрлердің дөңгелектерін жөндейді, тіске төсем жабдықталады. Төсемді винтпен немесе пісіру арқылы жонады (сур 1. б). Сонымен қатар жуан қабатты электродтарды пайдаланып, тістерді электродоғамен капиловкамен шаблонға орналастырады. Наплавкадан кейін дөңгелекті ыстық құмда суытады. Фрезерлерді немесе тісті кескіш станоктарда өңдейді, осыдан қалған тістерді қанмен немесе модульді шаблон арқылытістің профилін бақылайды (сур 1, д) болатты тегершіктерді жоғары жілікті т-зген цементпен нығайтып қатырады.
Жоғары модульді шойынды тегершіктердің тістерін ввертиш қондырғы арқылы жөнделеді (1 сур, г). Сынған жерлердің дөңгелектерін кеседі, пайда болған бет жағындағы тістердің осьтерінен бұрғымен шеңбер жасалынады, оның ішіне болатты шпилькаларды бұрайды, тістің биіктігімен кесімді де, металға наплавляют. Жоғарыда атап өткен әдістер бойынша өңдеу жүргізіледі.
Тісті дөңгелектің эталонмен салыстырып егейді. Қалпына келтірген тістердің размерлерін штангентісөлшегішпен (сур 1, а) немесе штангентісөлшегішпен тексереді, тістердің қадамдарын және профилдерін шаблон арқылы бақыланады (1 сур, д). Тісті берілісті үйкелеп өткеннен кейін 2.....3 сағатқа жүктемесіз, 2....3 сағат жүкпен тексереді. 50 индустриалды маймен майланады. Тісті берілістің қарапайым эксплуатациясы:
Сапалы және тісті дөңгелектерін өңдеу, деталдардың берілістерін дұрыс жинауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар валдардың осьтері паралель болуы керек, ал межосевая аралықта тістердің қалыпты ұстауын жетілдіру керек. Тісті дөңгелектер тіс осьтік шектерден жоғары болуы мүмкін, мысалы валдардың клеткаларының тербелуі 0,03 т немесе болмауы керек.
Тісті дөңгелектердің дұрыс жалғануы жанасу нүктеден анықталынады. Жанасу нүктесі тісті дөңгелектердің айналуынан алады, тістің біреуін жұқа қабатпен краска жағылады, жұмыс істегенде тіс екінші тісті дөңгелекке із қалдырады.
Қалыпты жалғану мынандай жағдайларда сипаттайды жанасу нүктесі тістің ортасында орналасады 50…...60% биіктікті алады, тістің аудандық беттік жағының еті 55……75% тістердің өлшеніп анықталынады, шестерна тістердің арысына қорғаныс пластиналар немесе алюминии фольгасын қояды, екі индикаторлы сағатты , типтің көмегімен жасалынады. Тісті берілістідөңгелектерді жинағанда балға престейді орташа дөңгелектің ось аралық қашықтығы 320…..500 мм дейін, валдардың остерінің қашықтығы + 16 мин диаметрдің жартысына тең болу керек.
2) Буынтықты берілісте ең бірінші дөңгелектер тозады. Оны көбінесе ауыстырады. Унемдеу жағдайда түсті металдан 2 металдан құралған билеталды шестерниялар жасалынады. Шестерналардың ступициялары шойыннан, ал венецтарын қоладан жасайды. Билеталдардың шестерналарын венецтарын жөндегенде тістерді егейді, задираларды алады жаңа венецтарды компреселейді, тістерді кесіп тегістейді қалыпты жұмыста червиченты берілістің жанасу нүктесі. Буынтықты дөңгелектің тісінде орналасады. Жөндеу заводтарда тісті және буынтықты берілістердің детальдары арнайы сентдарда сыналады, жанғануының дұрыстығы және соғылуы детальдардың эталонмен салыстырады, мысалы ұршық эталонмен және инфофотордың шестерниясының эталонымен салыстырады.
3) Шынжырдың және шынжырлы берілістердің жұлдызшалардың төзуінің кесірі себеп ол жұлдызшалардың паралель осьтарының бұзылуы валдардағы осьтерінің шығуы шынжырлардың төзуі немесе перуі, берілістің жұмыс істеуі жоғары температурада болуы мысалы: Сопаның майданжәне тағы басқа шынжырлардың перуінің әлсіреуі тістердің бұзылауынан төзуінен болады. Сонымен қатар шынжырлардың созылып кетуі, жұлдызшалардың ұшып кетуі, берілістердің қатты шуланып, жұмыс істеу нәтижесінде шынжырлардың үзілуі. Шынжырлардың төзуі қадамдардың үлкеюінен сипатталынады және бастапқы шынжырлардың қадамдардың шамасымен білдіреді. Шынжырлардың қадамдары (сур4) 50 звеналарға тең, ұзындығы е-мен өлшенеді. Орташа қадамдардың температурасы мынандай формуламен анықталынады.
T=(e1-e)/e)*100%
Е1, немесе е -50 звеналарға тең шынжырлардың ұзындығы, мм.
Машина жөндеу технологиялық процестің схемасы механизмдерді және олардың түиіндерін машина жөндеу технологиялық процесстің схемасы бойынша орындалады.
Жөндеу цехіна келіп түскен машиналардың сыртына ауа үрлеп, механикалық әдіспен тазалайды немесе оларды душ арқылы жуады. Тазалаудан кейін машиналарды смазкадан босатады да, бөлшектейді.
Детальдарды және бөлшектеуге келмейтін ұзындарды жуғыш ванналарда немесе машиналарда жуады, осыдан төзудің дәрежесін анықтайды. Эксплуатацияға келетін детальдарды бөлшектеуге жіберуі, ал жөндеуді талап ететін детальдарды арнайы жөндеу цехтарына әкетеді. Жарамсыз детальдарды ауыстырады. Ұзындарды жинағаннан кейін сынайды. Жиналған машинаны обкадкыдан жай жүрісте және салмақты жүріспен тексереді.
Дәріс 3. Машина өнімділігінің негізгі тоериясы.
Машина өнімділігі, машинаның жұмысның ең маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Машина өнімділігі деп - белгілі бір уақытта машинаның өндіретін (қайта өңдеу, шығару, өңдеу) өнімнің саны немес мөлшерін айтамыз. Ол т, кг немес м3 сағатына немес секунты арқылы өлшенеді және олар жұмыс (технологиялық) процесінің жүруін нақты сипаттайды, осының нәтижесіне қарап машинаның басқа пареметрлерін максималды түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Өнімділік үш түрге бөлінеді: нақты ПН, теориялық ПТ, және технологиялық П//.
1. Машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН- өнімнің кондициялық нақты мөлшерімен анықталады, яғни өнімділіктің уақыт бірілігіндегі орташа мөлшерін береді (бұндай өнімділікке, ауысымдағы эксплуатацияда немесе басқа мезгілдердегі жағдайларда және әртүрлі түрдегі циклдік емес шығындар; машинаны реттеу, орнықтыру немесе құрылғаларды айырбастау, механизмдер мен тораптарды жөндеу, машинаны жинақтау және т.б. кіреді).
Егерде, τсм - ауысымның ұзақтығы; τМ - ауысым кезіндегі машинаның жұмыс істеу ұзақтығы; τп -кідіру ұзақтығы; п -жұмысшы циклдардың саныдарын белгілеп, жұмысшы циклдағы бір бұйымды берудегі машинаның нақты (факторлық) өнімділігі ПН анықтасақ:
, (1.1)
Мұндағы τр - жұмыс циклдағыуақыт; τотн -кідіріс кезіндегі салыстырмалы уақыт.
2. Машинаның теориялық өнімділік ПТ- өнімнің санымен анақталатын, бірлік уақыт ішінде тоқтаусыз жұмыс істеуде смашинаның өндіре алатын мүмкіндік өнімділігі.
Жұмыс циклінде бұйымды беруде машинаның теориялық өнімділігі мына формуламен табылады:
, (1.2)
Машинаның нақты өнімділігі, теориялық өнімділіктің функциясы болып табылады, сонымен қатар машинаның экспулатациялық және өндірісті ұйымдастыру жағдайларына байланысты.
Нақты өнімділік пен теориялық өнімділіктің айырмашылықтарын машинаның қолдану (теориялық өнімділік) коэффициенті деп аталады.
(1.3)
η/ машинаның жұмыс істеу кезіндегі уақытты жоғалтудың салыстырмалы мөлшерімен сипатталады және машинаның рационалды эксплуатациялық көрсеткіші болып табылады.
3. Машинаның технологиялық өнімділігі П//- машинаның ішкі цикльді уақытты есептемей босжүрісті өнім өндіруді айтады. Бұған үздіксіз-толассыз әрекетті машиналар (мысалға, алманы ұсақтап алма пюресін жасайтын машина) жатады. Бұндай машиналардың теориялық өнімділігі бірден технологиялық өнімділікті береді.
Олай болса, технологиялық өнімділікті өнімді үздіксіз өңдеу кезінде өнімнің машинада болған уақыты деп қарастыруға болады.
Мысалға, технологиялық процесте сүтті плунжерлік гомогенизатормен гомогенизациялауда, оны принципті түрде дискалы гомогенизаторды қолданып ағынды әдіспен іске асыруға бола тұрғанымен де, оны плунжердің бос жүрісті жіберген шығынмен бірге цикльді түрде іске асырады.
Теориялық өнімділіктің технологиялық өнімділікке қатынасын өңдеудің үздіксіздік кэффициенті (машинаның технологиялық өнімділігін қолдану) деп аталады.
(1.4)
Толассыз машиналар үшін η//=1 тең.
Бір орындау құралынан тұратын циклді машиналар үшін өңдеудің үздіксіздік кэффициенті келесі түрде анықталады:
(1.5)
Мұндағы τк= +( τр-τ/р)+τх+τ0 – кинематикалық циклді уақыт;
τ/р – өңделетін объектіге тікелей әсер ететін жұмысшы жүрістің арақашықтығының бөлігі;
( τр-τ/р) - өңделетін объектіге қолданылмайтын жұмысшы жүрістің бөлігінің уақытты (жұмысшы құралдың объектіге кіру уақытты);
τх, τ0 –бос жүрісті уақыт мен жұмысшы құралдың тоқтау уақыты.
Егер циклді машинада т жұмысшы құралдары болса, онда:
(1.6)
Олай болса,
(1.7)
Нақты өнімділікті арттыру келесі жағдайларды жоғарлату негізінде іске асырылады:
а) технологиялық өнімділікті П//, яғни процестің өзін қарқындату есебінде;
б) өңдеудің үздіксіздік кэффициенті η//, яғни бос жүріске кететін, кідірістерге, жұмысшы құралдың объектіге кіру уақыттарын қысқарту есебінде;
в) машинаны пайдалану коэффициенті η/, яғни цикльдік емес шығындарды қысқарту және ауысымдылықты ұлғайту есебінде.
Аналогтық қатынастар болады және нақты өнімділік үшін келесі түрде анықталады:
(1.8)
(1.8) формуладан байқағанымыздай, , τотн.=const болса болады және ПТ=const, болса болады.
Бақылау сұрақтары
1. Технологиялық машиналар қандай белгілерге байланысты жіктеледі?
2. Машинаның жұмысшы құралдары қалай жіктеледі?
3. Технологиялық машиналар қандай сыныптар мен топтарға бөлінеді?
4. Технологиялық машиналар атоматтандырылған дәрежелеріне қарай қалай жіктеледі?
5. өнімділік дегеніміз не?
6. Өнімділіктің қандай түрлерін білесіз?
7. Машинаның пайдалану коэффициенті (теориялық өнімділігі) нені сипаттайды?
8. Машинаның нақты өнімділігін қалай көтеруге болады?
Дәріс 4. Бөлшектер мен тораптарды құрастыру кезіндегі жалпы мәліметтер. Тамақ өнеркәсібінің жабдықтарын жүйелеу.
Өңделетін өнімге әсер етуі бойынша тамақ өнеркәсібінің жабдықтарын аппараттарға және машиналарға бөлеміз. Аппараттарда физика-механикалық, жылулық, диффузиялық, химиялық, биохимиялық, электрлік және басқа процестері жүреді, ал машиналарда негізінен өңделетін объектіге механикалық әсер кезінде технологиялық процестер жүреді. Бұл процестерді механикалық деп атайды.
Технологиялық жабдықтарды машиналар мен аппараттарға шартты түрде бөлеміз. Кейбір машиналарда механикалық өңдеу ретінде қыздыру, суыту, массаалмасу, химиялық реакциялар жүреді. Сондықтан "технологиялық машина" терминін - технологиялық процесті жүзеге асыруға арналған техникалық құрылғы деп түсіндіреді.
Тамақ өндірістерінің машиналары және аппараттары көбінесе химиялық және аралас салалар өнеркәсіптерінің жабдықтарына ұқсас. Техникалық даму барысында тамақ өндірістерінің жеке машиналары мен аппараттарын басқа өнеркәсіптерде (мысалы, сүт өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын сүттен қаймақты бөлуге арналған сұйықты сепараторлар тамақтық, химиялық және басқа да өнеркәсіп өндірістерінде кеңінен қолданылды). Қант өнеркәсіптерінде кеңінен белгілі центрифугалар химиялық өнеркәсіптерде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте тиімді жұмыс істейтін пластинкалы жылуалмастырғыштар сүт өнеркәсібінде қолданылады .
Жабдықты құрастыру кезіндегі есептеулер.
Құрастыру критериялы, еркін және кездейсоқ шешімдер қабылдаумен байланысты. Ең дұрысы критериялық шешім.
Құрастырудың негізгі бағыты оптимизациялауда. Оптимизациялау облысында екі негізгі талаптарды белгілеп қоюға болады: ең аз шығындармен қажетті тиімділікті алу; шектелген қорларды қолдана отырып, максималды тиімділікті алу. Ең аз шығындар критерияларын қолдану немесе максималды тиімділік оптимизациялауды жүзеге асыруға көмектеседі .
Бөлшектің негізгі құрастыруында, есепке жататын өзара байланыстар болады ( сурет .1.1).
Өзара байланыс І–ІІ. Еңбек шығындары және құралдарды құрастыру кезінде, техникалық қызмет етуде мен жөндеуде тұтастықтың жоғарылауы құрастырма бірліктерді тұтастық талаптарының орындалуымен байланысты. Құрастырма бірліктердің компановкасының талаптарын қанағаттандыратын бағыттардың бірі жоғары төзімділікті материалдардан жасалған кіші габаритті өлшемді бөллшектерді құрастыруды жетілдіру.
Өзара байланыс І-ІІІ. Техникалық қызмет ету мен жөндеуде құрастырма бірліктердің еңбек шығындарының азаюы және компоновкаға арналған құралдардың жүктеу режиміне сәйкес бөлшекті таңдаумен байланысты.
І-IV өзара байланыс. жоғары төзімділікті материалдардан жасалынған, аз габаритті бөлшектерді қолдана отырып, құрастырма бірліктердің тұтастық талаптарын қанағаттандыру.
Өзара байланыс І-V. Бөлшекке зақым келуін азайту және бөлшек шыдамдылығын арттыруға арналған тиеу циклдарының санын қысқарту.
Өзара байланыс П-IV. Бөлшектің қауіпті қимасының жеткілікті өлшемдерін қамтамасыз етуі; бұл кезде қосылысқа кіретін бөлшек құрылымына емес, қосылыс құрылымына ерекше назар аудару керек.
Өзара байланыс П-V. Техникалық қызмет ету мен жөндеу кезінде шыдамдылықты жоғарылату, құралдар мен еңбек шығындарын төмендету. Бөлшек шыдамдылығының жоғарылауымен зақым келетін бет кедір-бұдырлықтарын азайтуға болады. Мұндай бөлшектерді механикалық өңдеуден кейін ажарлайды.
Өзара байланыс Ш-IV. Жүктеулерді ескере отырып, статикалық беріктілікті жоғарылату.
Өзара байланыс Ш-V. Бұл байланыс бір бағытта болады, бөлшектердің шыдамдылығы эксплуатация шарттарына байланысты сыртқы тиеулермен анықталады .
Өзара байланыс ІV-V. Пайдалану шарттарындағы қажетті беріктілік пен шыдамдылықты қамтамасыз ететін пайдалану шарттары мен оларды шешу жолдарын іздеу.
Құрастыру процесінде суықпен өңдеу әдістерімен дайындалған, типтік бөлшектерге қолданылатын негізгі параметрлер: түрі, материалы, конструкторлық базасы, өлшемдері, массасы, беттердің кедір-бұдырлығы ( сурет 1.2).
Өзара байланыс VІ-VIII. Бөлшек түрінің талаптарын қамтамасыз ету, құрастырма бірліктердің беріктілік есебімен, құралдарды дайындау, ең аз еңбек шығындарын прогрессивті әдістермен өңдеу.
Өзара байланыс VІІ-Х. Дайындау мен жөндеуге минималды еңбек және ақшалай шығындарды қамтамасыз ету үшін материал таңдау. Бөлшек массасының төмендеуі, аз тығыздықты және беріктілік сипаттамасы бар материалдарды қолдануды талап етеді .
Өзара байланыс VІІ-ХП. Беттің кедір-бұдырлығының минималды параметрлерін қамтамасыз ету кезінде қызметтік тәртіптегі материалды таңдау. Бет кедір-бұдырлығының қажетті параметрлерін алу үшін, мысалы, шлицтік тесікке термиялық өңдеуді қолданады, ол бөлшек материалының қажетті қаттылығы мен біркелкі құрылымына алып келеді.
Өзара байланыс VІІI-XI. Құрастырма бірліктегі бөлшектің орналасуын базалау арқылы қамтамасыз ету.
Өзара байланыс ІХ-X. Тұтастықты ескере отырып, бөлшек өлшемдерін анықтау үшін құрастырма бірліктерді беріктікке есептеу және тұтастық шешімдерін таңдауды жүргізу.
Өзара байланыс ХП-XI. Беттердің кедір-бұдырлығына байланысты бөлшектің тағайындалуын анықтау, оның дәлдік класына және өңдеу әдісіне тәуелді болады. Бөлшек құрастыру кезінде өзара әрекет сұрақтарымен қоса өндіріс талаптарын, бөлшектердің бірыңғайлығын, дайындау технологияларын және т.б. ескеру керек.
Бөлшек материалын таңдаудың негізгі талаптары беріктік, шыдамдылық, берілген массасына, кедір-бұдырлыққа, бөлшектердің бірыңғайлығына, термо өңдеу шарттарына және т.б. байланысты.
Дәріс 5. Технологиялық процестің ерекшеліктерін ескере отырып,
жабдықты жобалау.
Жабдықты таңдау дайын өнім мен жасалатын материал қасиеттерімен анықталады. Машинада немесе аппаратта өтетін технологиялық процестің талдауы құрастырудың параметрлік синтезін және құрылымның негізін ұсынады. Құрастырудың құрама бөлімі болып машина схемасы мен олардың тораптырының варианттарын таңдау болып табылады. Бұл жағдайда конструктордың интуициясы мен білімдарлығы шешуші роль атқарады.
Қажетті операцияларды орындайтын геометриялық және механикалық параметрлерді анықтау машина немесе аппараттың параметрлік синтезіне жатады
Теория жүзінде белгілі дисперсті фазаның түйіршіктелген құрамы, фазалар тығыздықтары мәндері мен дисперстік орта тұтқырлығы, сонымен қатар сепаратор өнімділігі және ашық суспензиядағы қатты фаза бойынша сепаратордың сипаттамасын анықтауға болады. Бірақ та түйіршік құрамының, сол сияқты сепараторға суспензияның кіруіне дейінгі қатты фаза концентрациясының тұрақсыздығынан, сепаратордан өту процесінің математикалық моделін пайдалану мүмкін емес. Сонымен қатар, математикалық моделдер ротордың әр алуан конструктивті ерекшеліктерінің ықпал жасауын ескере алмайды. Сондықтан бөлуші жүйенің дисперстік сипаттамаларын анықтау әдістерін дифференциялау керек.
Аппарат өнімділігіне байланысты жетек үлгісі туралы сұрақты шешеді, ал өнімділіктің көрсеткіш мәнінен ротордың айналу жиілігін табады. Өндірістік сепаратор тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінен сепаратор параметрлерінің соңғы таңдауы алынады.
Жабдықтың жаңа конструкцияларын жасауда жобалаудың әрбір кезеңі жайлы өңделетін жүйелер туралы ақпараттар алумен байланысты белгілі-бір тәжірибелік зерттеулердің орындалуын талап етеді.
Жабдықтың конструкцияларына қойылатын талаптар.
Бастапқы құрастыру кезеңінде техникалық ұсынысты талдайды, онда машина немесе аппараттың жалпы құрылым синтезін өткізеді.
Өнеркәсіпті өнімнің сапалық көрсеткіштері маңызды элементтер болып саналады:
- жабдықтың функционалдық қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштер,- өнімділік , энергия шығындары, жұмысшы органдардың айналу жиіліктері, күш және т.б.;
Жабдықтың сенімділігі, яғни қажетті функцияларды орындайтын, объектінің қабілеттілігін анықтайтын параметрлердің қабілеттілігін сақтау.
Эргономикалық және эстетикалық көрсеткіштер, адамдар жүйесіне жататын - машина ;
Бұйымды дайындау мен эксплуатация процестерімен байланысты технологиялық көрсеткіштер;
, қауіпсіздік, стандарттау, бірыңғайлау, патентті - заңды және экологиялық көрсеткіштер.
Тамақтық жабдықты құрастыру кезінде, санитарлы-гигиеналық және коррозиялық талаптарды ескеру қажет. Кейбір жағдайларда жабдықтың жаңа конструкцияларын жасау кезінде, жобаланушы объектінің әртүрлі деңгейлеріне жататын көптеген варианттар, конструкциялар ұсынылады. Бұл жағдайда тиімді варианттарды табу үшін реттелген іздеу жүргізіледі. Мұнда жобалаушыға тәуелді (шешуші факторлар) және тәуелді емес конструкция сипаттамаларын анықтайды. Одан кейін салмағын тағайындау арқылы салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты жобалау кезінде анықталатын параметрлерді белгілейді. Әрбір шешуші факторға сандық мәндерді қойып, ауыспалы тәуелділіктерді анықтайды.
Осындай реттелген іздеуді ЭЕМ-нің көмегімен жүргізуге болады.
Дәріс 6. Құрастыру кезеңдері.
Өнеркәсіптің барлық салаларының бұйымдарына құрастыру құжаттарын дайындаудың негізгі тарауларына МЕСТ белгіленген. Жалпы жағдайда жобалауға арналған негізгі материал ретінде техникалық тапсырма алынады. Ол машинаның (аппарат) параметрлерін, қолдану аймағы мен шарттарын анықтайды.
Техникалық тапсырма. Конструктор өнеркәсіп салаларынан білімі жоғары болу керек. Конструктор тапсырма тексеру керек, кейбір жағдайларда оны түзетудің қажеттілігін дәлелдеу қажет. Техникалық тапсырма өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарымен берілсе, онда тапсырыс берушінің талаптарын қанағаттандырумен қатар, басқа да кәсіпорындарда машинаны қолдану мүмкіншілігін қолдану.
Техникалық ұсыныс. Орындаушы ақпаратты материалды талдайды және бұйым түрлерінің орындалуын мақсатқа лайықты дәлелдейді .
Нұсқалы жоба. Бұл құжат құрылғының приниципиалдық шешімдері мен бұйымның әрекеттеріне жататын конструкторлық материалдың кешенінен тұрады. Орындаушы оның негізгі параметрлерін, принципиалдық сұлбаларын, жалпы сызбасын, құрастырма бірліктер мен бөлшектердің ең маңыздыларын келтіреді.
Техникалық жоба. Бұйымға соңғы техникалық шешім техникалық жобада орындаушымен беріледі. Оған сұлбалар, есептеулер, техникалық шешім және сенімділік көрсеткіштері келтіріледі.
Жұмысшы жоба. Бұл кезеңде барлық конструктивті ниеттер, өңдеулер және тәжірибелер іске асырылады. Орындаушымен барлық бөлшектер мен машинаны құрастыруға арналған конструкциялық құжаттама әзірленеді.
Жобаны бастаудан машинаны өнеркәсіпке енгізуге дейін белгілі бір кезең өтеді, оның ұзақтылығы жобалы жұмыс сапасы мен күрделігіне байланысты. Көрсетілген кезең келесі сатылардан: жобалаудан, машинаны дайындаудан, зауыттық жөндеулер және тәжірибелі үлгі жеткізгіштерден тұрады. Осыдан кейін техникалық құжаттама жасалады, машинаны дайындау мен өнеркәсіптік сынақтар жүзеге асады. Одан әрі сериялы құжаттама өңделеді және сериялы шығару ұйымдастырылады.
Құрастыру әдістемесі.
Жаңа машинаның параметрлерін таңдауы кезінде конструктивті орнын басушылық принципі сақталу керек.
Мүмкін болатын конструктивті шешімдерді жасау кезінде келесіге мыналарды ескеру керек:
Табиғатта кездесетін жүйелердің әрекет принциптерін қолдану мүмкіншілігі;
Кері әсерді қамтамасыз ету арқылы қозғалмайтын элементтерге қозғалыс беру;
Бір элементте әртүрлі функцияларды біріктіру жолымен бірнеше элементтердің мүмкіншілігі;
Элементтердің беріктілігі және өзгеруінің мақсатқа лайықтылығы;
Әртүрлі материалдардың қолдану және жасау мүмкіншіліктерінің жақсарту мақсаттарында бөлшектерді бөлу;
Бөлшектерді бөлу және қиыншылық тудыратын бөлімдерді шығару.
Құрастырудың маңызды элементі ретінде нұсқалы және жұмысшы құрастырудан тұратын құрастыру болып табылады. Бастапқы кезде негізгі сұрақтар - кинематикалық және күштік схемаларды таңдау, қажетті өлшемдер және бөлшектердің түрлері және олардың орынды орналасу сұрақтары шешіледі.
Құрастырудың негізгі ережесі ол ең тиімді вариантты таңдау. Конструкцияның негізгі бөлшектеріне беріктік және қаттылық есептерін есептеу керек. Бірақта факторлардың қатар және анау есеп-қисап бар болу әдістері жиі еске алынбайды , не бөлшектерді болады , емес ұшырайтындар есеп-қисапқа . Құрастыру жанында даярлау сұрақтары қажетті еске алыну және технологиялық мақсатқа лайықты түр бөлшектеріне қосып беру .
Құрастыру жанында конструктивті элементтердің барынша көп бірыңғайлаулары жетуге ереді, шарттар еске алыну, работо анықтаушы машина қабілеттілік, жүйе өңдеуін машина майлаулары , охлажде ния , құрастырулар , тәртіптеп сұрыптаулар, агрегат бекітулері және қосылудың оған көршілес бөлшектердің және д т.| құрастыру әдістемесін центрден тепкіш су перісі насос жобалауы үлгісінде қарап шығамыз. Бұл жағдайда негізгі база чествесі насос гидравликалық бөлімдері нобай алынған ( күріш .1.3).
Дәріс 7. Жобаланатын машинаның құрылмасы. Негізгі жүйелік талдау
Машинаның құрылмасын болжаудан бастау керек (жағдайды, объекті моделдеу). Болжаудың ең көп тараған әдістері:
экстраполяция әдісі жинақталған тәжірибені қолдануға негізделген, аз уақытта болжауда қолданылады.
экспертті бағалау әдісі эксперт-мамандар тобының көзқарастарын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс субъективті сипаттама береді.
моделдеу әдісі, талдау үшін ұқсастық теориясы негізінде пайда болған моделдерді қолдануға негізделген.
аналогтар әдісі, бір объектінің басқасына құрамын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Машина құрылымдарын болжау машинаның функционалды қолданысын, негізгі техникалық және экономикалық параметрлерін, мүмкін болатын компоновкалы сұлбаларын, жаңа материалдар мен дайындама түрлерін, бөлшектер мен тораптарды дайындаудың жаңа технологиясын қарастырады.
Соңғы кезде құрастыруда жүйелік талдау (жүйені талдау және жинау) кеңінен қолданылады.
Жүйелік талдаудың негізгі тапсырмалары:
спецификалық байланысты зерттеу, жүйенің бөлек типтеріндегі заңдылықтарды орнықтыру;
осы негізде анықталған әдістердің сипаттамасын жетілдіру және оқу.
Жүйелік талдаудың қорытындысы – арнайы мәселелердің шешім әдісі болып табылады.
Құрастыруда машина немесе аппарат жүйе ретінде қарастырылады. Жүйенің өзара байланысатын құрылымына және оның бөлшектерінің құрамына көңіл бөлінеді.
Жүйелік үйлесімнің ең басты артықшылығы, оның органикалық бөлігі логика-әдістемелік талдау болып табылады.
Жүйелік талдаудың басты сұрағы көп вариантты тапсырманың шешімінен ұтымды вариант беретін мүмкіндік критерий таңдау болып табылады. Бұл жұмысты екі этапта жүргізеді:
объектінің берілген сипаттамасын қамтамасыз ету параметрлерін анықтау;
ұтымды критерийде бекітілген бір немесе бөлек сипаттама бойынша құрылымды жақсарту.
Дәріс 8. Жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға қолдану
Машинаның жоғары сапалылығы мен тиімділігі жобалау процесін ұйымдастыруға байланысты. Қолмен жобалауды қолдану құрылым варианттарын талдау мүмкіндігін жоғалтады.
Қазіргі кездегі машиналарды құрастыру тапсырмасын жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға енгізу нәтижесінде шешуге болады.