Жобаланған автоматтандырылған жүйені машинаға қолдану тапсырманы қою және математикалық әдістермен ЭЕМ-ді пайдалану арқылы оларды шешуге жүйелік ыңғайды кеңінен қолдануға негізделген. Математикалық моделдердің маңызды түрлері: детерминирленген модель бұрынғы объекті туралы жеткілікті ақпарат арқылы болашақ машинаны болжауға мүмкіндік береді;
ықтималдық модель – болашақта нақты болатын ықтималдылықты болжайды;
эвристикалық моделдер белсенді ізденіс негізінде гипотез және болжау аймағына жатады.
Машиналардың ұтымды құрылымын жобалау тапсырмасын шешу үшін оның барлық талаптарын және өзара байланысын қарастыру керек: техникалық қызмет көрсету және жөндеу, кешенді технологиялық процестер және өндірісті тұтас ұйымдастыру және т.б.
Байланыстардың қалыптасу этапы көп уақытты талап етеді. Бұл байланыстардың заңдылықтарын анықтау үшін көбінесе ғылыми зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Дәріс 9. Өндірісте пайдалану кезіндегі машина құрылмасына қойылатын талаптар. Құрастырудың негізгі тиімді принциптері
Тапсырманы қалыптастыру үшін өзара байланысты сипаттайтын заңдылықты білу қажет.
1. Тиімділігі – қабылданған шешімдер тиімді болуы тиіс, демек берілген шарт пен уақытта неғұрлым аз шығында, анағұрлым көп эффект бере алатын вариант таңдалып алынады.
2. Жүйелік үйлесім – анықталатын фактор сапасының неғұрлым үлкен санын, олардың өзара байланысын, ал кейде қайшылығын ескеру қажет.
3. Шығармашылық үйлесім – конструктор алдынан шыққан кез-келген техникалық қиындықтарды шешуге шығармашылықпен қарау, шетелдік үлгілерді көшірмеу, бұрынғы тәжірибені ғана емес, сонымен қатар өзінің эрудициясын, данышпандығын қолдану қажет.
4. Қалыптандырылған үйлесім – бұрыннан бар стандарттар, модулдер, параметрлік қатарларды максималды қолданудың жиынтығы (секциялау және агрегаттау).
5. Технологияның приоритеті – жаңа технологиялық машиналар белгілі технологиялық процестерді орындау (технологияның артықшылығын ескеру қажет) және неғұрлым аз энергия шығындары үшін жасалады. Бұл машина қазіргі заманғы ғылым мен техниканың деңгейіне сәйкес және өндірілетін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс.
6. Әлеуметтік зардапты ескеру – санитария мен гигиенаның, қауіпсіздіктің, адамға ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да зиянсыздығын, эргономикалық және эстетикалық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.
Дәріс 10. Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі (ҚҚОЖ) – бұл ұйымдар мен өнеркәсіптерде пайда болатын және кеңінен қолданылатын құрастыру құжаттарын рәсімдеудің, жетілдіру кезіндегі өзара байланыстағы ережелер мен нұсқалардың кешенді мемлекеттік стандарттары.
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі стандарттарын белгілеу үшін келесідей құрылым белгіленген: МЕСТ 2.000-00,
мұндағы, МЕСТ – мемлекеттік стандарт;
2 – стандарт класы (ҚҚОЖ);
0 – стандарттардың жіктелу тобы;
00 – топтағы стандарттардың реттік нөмірі;
00 – стандарттың тіркелу жылы (соңғы екі сан).
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі стандарттарының кешені шартты түрде 10 топқа бөлінген 125 стандарттан тұрады.
0 топ – Жалпы жағдай (МЕСТ 2.001-93).
1 топ – Негізгі жағдай (МЕСТ 2.101-91).
2 топ – Құрастыру құжаттамаларындағы бұйымдардың белгіленуі және жіктелуі.
3 топ – Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері.
4 топ – Машина жасау мен құрал жасаудағы бұйымдар сызбасын орындау ережелері.
5 топ – Құрастыру құжаттамаларымен жұмыс істеу ережелері – санау, сақтау, көшірме жасау, өзгерістер енгізу (МЕСТ 2.501-89).
6 топ – Эксплуатациялық және жөндеу құжаттамаларын орындау ережелері.
7 топ – Сұлбаларды орындау ережелері.
8 топ – Құрылыс және кеме жасаудағы құжаттамаларды орындау ережелері.
9 топ – Басқа да стандарттар.
Құрастыру құжаттарының ортақ жүйесі негізінен құрастыру құжаттамаларымен жұмыс істеу және рәсімдеу, орындаудың ортақ ережесін қолдануды ұсынады. Олар:
құрастыру құжаттарын ұйымдар арасында ешқандай қайта рәсімдеусіз айырбастау мүмкіндігі;
қажет емес құжаттарды жетілдірмей, көшірмесін жасамай-ақ кешенділігін тұрақтандыру;
құрастырмалық жетілдіру кезінде унификациялауды кеңейту мүмкіндігі;
құрастыру құжаттары мен графикалық бейнелер пішінін жеңілдету;
құрастыру құжаттарын өзгерту жұмыстарын және жобалау-құрастыру жұмыстарындағы еңбек сыйымдылығын қысқарту;
ЭЕМ-ді қолдану арқылы техникалық құжаттарды өңдеуді автоматтандыру және механизациялау;
өндірісті техникалық дайындау шарттарын жақсарту.
Дәріс 11. Бұйымдардың түрлері және олардың құрылымы
Бұйым деп өнеркәсіптерде дайындауға жататын кез-келген зат немесе заттар жиынтығын айтамыз.
Бұйымдар былайша бөлінеді:
олардың қолданысына байланысты – негізгі бұйым (таратуға немесе жеткізуге арналған) және көмекші өндіріске арналған (өнеркәсіптің тек өз қажеттілігіне арналған).
құрамдас бөліктерінің болу немесе болмауына байланысты – специфицирленбеген (бөлшектер) – құрамдас бөліктері болмайды және специфицирленген (құрастырма бірліктер, кешендер, жиынтық) – екі немесе одан да көп құрамдас бөліктерден тұрады.
Сонымен бұйымның келесідей түрлері болады: бөлшектер, құрастырма бірліктер, кешендер, жинақтар.
Бөлшек – құрастырма операцияларды қолданбай-ақ, маркасы мен аталуы бойынша біртекті материалдан жасалған бұйым (маховик, құйылған тұрық, пластина); сонымен қатар бұл – қорғаныш немесе сәндік жабындысы бар бұйым (хромдалған бұранда), немесе жергілікті пісіру, пайкалау, жапсыру, тігу қолданылып жасалған бұйым (қатты қағаздан жасалған жәшік, материалдан пісірілген құбыр және т.б.).
Құрастырма бірлік – құрамдас бөліктерінің бір-бірімен байланысуы құрастырма операциялар көмегімен дайындаушы зауытта жасалатын бұйым (бұрап алу, тойтару, дәнекерлеу, жаншып қақтау, желімдеу, тігу), мысалы, станок, төмендеткіш, шприц-машина, вакуум-аппарат.
Сонымен қатар құрастырма бірліктерге функционалдық қызметтері бірдей құрастырма бірліктер мен бөлшектердің жиынтығы жатады. Мысалы, машинаның, автоматтың, автоматтық желінің электрлі жабдықтары, шыны құбыр өткізгіштегі фланецті-бұрандалы қосылыстың құрамдас бөліктерінің жиынтығы (жартылай жалғастырғыштар, резиналы тығындағыш сақиналар, гайкалар) және басқалар.
Кешен – өзара байланысты эксплуатациялық функцияларды орындауға арналған, дайындаушы-зауытта құрастырма операциялардың көмегімен қосылмаған екі немесе одан да көп специфицирленген бұйымдар. Мысалы, сары май өндірісіне арналған қондырғының (кешеннің) құрамына дезодаратор, майжасағыш, қаймақжасағыш және т.б. кіреді. Кешенге кіретін әрбір специфицирленген бұйым, барлық кешенге берілген бірнеше негізгі функциялардың біреуін орындауға арналған.
Жиынтық – бірдей эксплуатациялық қолданыстағы, дайындаушы-зауытта құрастырма операциялардың көмегімен қосылмаған екі немесе одан да көп бұйымдар (ЗИП жиынтығы, өлшеуіш аппараттар жиынтығы, буып-түю ыдыстарының жиынтығы).
Дәріс 12. Құрастыру құжаттарының жинағы және түрлері
Құрастыру құжаттарына жетілдіру мен дайындауға, бақылауға, қабылдауға, эксплуатация мен жөндеуге қажетті берілгендер, бұйым құрылымы мен құрамын анықтайтын графикалық және мәтіндік құжаттамалар жатады.
Графикалық құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
1) бөлшектер сызбасы – жасауға және бақылауға қажетті бөлшектің сызбасы мен басқа да берілгендерінен тұрады;
2) құрастырма сызба (ҚС) – жинауға және бақылауға қажетті құрастырма бірліктердің сызбасы мен басқа да берілгендері;
3) жалпы көріністің сызбасы (ЖК) – бұйымның көрінісі, қимасы, кескін көрінісінен тұрады. Сонымен қатар бұйымның құрастырмалық құрылымын түсінуге мүмкіндік беретін мәтінді бөлім мен жазулардан, бұйымның құрамы туралы мәліметтерден және негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әсері мен жұмыс принципінен тұрады (бұйымның техникалық сипаттамасын орналастыруға болады).
4) теориялық сызба (ТС);
5) ауқымдық сызба (АС);
6) монтаждық сызба (МС), электрлік сызба (ЭС);
7) жинақтаушы сызба (ЖС);
8) сұлбалар – онда бұйымның құрамдас бөліктері мен олардың арасындағы байланыстардың белгілеулері мен кескіндері көрсетіледі. МЕСТ 2.701-84 бойынша оларды былайша жіктейді:
сұлба түрлері: Э – электрлік; Г – гидравликалық; П – пневматикалық; К – кинематикалық; С – қиыстырылған;
сұлба типтері: 1 – құрылымдық; 2 – функционалдық; 3 – принципиалдық; 4 – байланысу сұлбасы; 5 – қосу сұлбасы; 6 – жалпы; 7 – орналасу сұлбасы. Мысалы, Г3 – гидравликалық принципиалды сұлба.
Мәтінді құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
1) спецификация құрамдас бірліктер мен кешендердің құрамын анықтайды. Ол келесідей бөлімдерден тұрады: құжаттама, кешендер, құрастырма бірліктер, бөлшектер, стандартты бұйымдар, басқа да бұйымдар, материалдар, жиынтықтар. Бұл бөлімдердің болу немесе болмауы бұйымның құрамына байланысты;
2) спецификация ведомосі (СВ) – бұйымның құрама бөлігінің санын көрсететін барлық спецификациялардың тізімі.;
3) сілтеме құжаттар ведомосі (ҚВ) – бұйымның құрастыру құжаттарына сілтеме жасалған құжаттамаларының тізімі;
4) сатып алынатын бұйымдар ведомосі (СВ) – сатып алынатын бұйымдар тізімі;
5) сатып алынатын бұйымдарды қолдануға рұқсат ведомосі (БВ);
6) түпнұсқа ұстаушылар ведомосі (ТҰ);
7) техникалық ұсыныстар ведомосі (ТҰ);
8) нобайлық (эскиз) жоба ведомосі (НЖ);
9) техникалық жоба ведомосі (ТЖ);
10) түсіндірме хат (ТХ) – жетілдірілетін бұйымның жұмыс принципі мен қондырғының сипаттамасынан, сонымен қатар жетілдіру кезіндегі техника және техника-экономикалық негіздемеден тұрады. Ол төмендегідей бөлімдерден тұрады: кіріспе, бұйымның қолданылу аумағы және тағайындалуы, техникалық сипаттама, таңдалынып алынған құрылымның негіздемесі және сипаттамасы, бұйымның сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігінің есебі, бұйымды қолдана отырып жұмысты ұйымдастыру сипаттамасы, күтілетін технико-экономикалық көрсеткіштер, қалыпты бағалау деңгейі немесе унификация деңгейі (МЕСТ 2.106-84);
11) техникалық шарт (ТШ) – бұйымды жасау, бақылау, қабылдау және жеткізу талаптарынан тұрады (барлық көрсеткіштердің, нормалардың, ережелер мен жағдайлардың жиынтығы). Техникалық шартты МЕСТ 2.114-70 бойынша құрады:
12) сынаудың әдістемесі мен бағдарламасы (ӘБ);
13) эксплуатация, жөндеу және басқа да құжаттар (Қ ...);
14) есептеулер (ЕЕ);
15) инструкция (И)
16) кесте (К).
Әрбір бұйымға мыналар жетілдіріледі:
құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы;
немесе құрастыру құжаттарының толық жиынтығы.
Негізгі құрастыру құжаттарына төмендегілер жатады:
а) бөлшектер үшін – бөлшектер сызбасы;
б) құрастырма бірліктер, жиынтықтар, кешендер үшін – спецификация.
Құрастыру құжаттамаларының негізгі жиынтығына (ҚҚ) барлық бұйымдарға қатысты құрастыру құжаттары жатады (құрамдас бөлігінің құрастыру құжаттары оған кірмейді).
Құрастыру құжаттарының толық жиынтығына бұйымды құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы жатады. Құрастыру құжаттарының негізгі жиынтығы бұйымның барлық құрамдас бөліктеріне жасалады.
Дәріс 13. Құрастыру құжаттарын жасаудың негізгі стадиялары
1) Техникалық ұсыныс – бұйым жасаудың әртүрлі нұсқадағы мүмкіндік шешімдері мен тапсырыс берушінің техникалық талдауы негізінде бұйым құжаттамасындағы технико-экономикалық және техникалық негіздеме, жетілдірілетін және бұрыннан белгілі бұйымның құрастырмалық және эксплуатациялық ерекшеліктері мен патенттік ізденістен тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы.
Міндетті құжаттар – техникалық ұсыныс және түсіндірме хат (ТХ) ведомосі. Қосымша мыналар да жетілдірілуі мүмкін: жалпы көріністің сызбасы (ЖК), ГС, сұлбалар, кестелер, есептеулер және т.б. Барлық құжаттарға литера П беріледі.
2) Нобайлық жоба – жетілдірілетін бұйымның ауқымдық өлшемдері мен негізгі параметрлері, қолданысын анықтайтын мәндер, сонымен қатар бұйымның жұмыс принципі мен қондырғы туралы жалпы мәлімет беретін принципиалды құрастырмалы шешімдерден тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы.
Нобайлық жобаның міндетті құжаттары – НЖ және ТХ ведомосі, ал қосымша құжаттарға ЖК, ТС, ГС, сұлбалар, сатып алынатын бұйымдардың ведомосі және оларды қолдану шешімі, сынаудың бағдарламасы мен әдістемесі, кестелер, есептеулер және т.б. Барлық құжаттарға литера Э беріледі. Бұйымның үлгілері мен макеттері де сыналуы, дайындалуы мүмкін. Нобайлық жоба техникалық ұсынысты жетілдірудің негізі болып табылады.
3) Техникалық жоба – техникалық құжаттаманы жетілдіру үшін берілгендері мен жетілдірілетін бұйымның құрылымы туралы толық мәлімет беретін соңғы техникалық шешімдерден тұратын құрастыру құжаттарының жиынтығы. Техникалық жобаның міндетті құжаттары – ЖК сызбасы, техникалық жоба ведомосі, ТХ, ал қосымша құжаттар – бөлшектер сызбалары, ТС, ГС, сұлбалар, сатып алынатын бұйымдардың ведомосі және оларды қолдану шешімі, ТУ, сынаудың бағдарламасы мен әдістемесі, кестелер, есептеулер. Барлық құжаттарға литера Т беріледі.
4) Жұмысшы құрастыру құжаттамасы жетілдіріледі:
а) сынау үлгілері үшін;
б) лектік (массалық) өндіріс үшін. Бұған барлық бөлшектердің, құрастырма бірліктердің, спецификациялар мен басқа да қажетті құжаттардың сызбалары кіреді.
Бұл бұйым жасаудағы алдыңғы барлық этапты біріктіретін, ең соңғы маңызды құрылымдық этап болып табылады.
Дәріс 14. Жабдықты құрастыруда қолданылатын негізгі ережелер
Технологиялық жабдықты құрастырғанда келесі ережелерді сақтау керек:
- машинаның қажетті берілісін анықтауда, оның сенімділігін және машинаны қолдану кезіндегі эксплуатациялық шығындарының экономикалық тиімділігінің өсуіне құрастыру барысында бағыну;
- машинаның өнімділігі мен онда орындалатын операциялар көлемін арттыру арқылы қажетті берілісті максималды жоғарылатуға жету;
- энергия қажеттілігін, қызмет көрсету және жөндеуді азайту арқылы машинаның эксплуатациялық шығындарын мүмкіндігінше төмендетуге жету;
- өнімділікті, өнімнің сапасын жоғарылату және еңбек шығындарын қысқарту мақсатында машинаны автоматизациялау деңгейін максималды жоғарылату;
- машинаның сенімділігін мүмкіндігінше арттыру;
- машиналарға жоғары дәлдікті өлшемдерді салу және жетілдірудің басқа да жолдарын қарастыру арқылы олардың техникалық ескіруін ескерту, олардың ұзақ қолданылуын қамтамасыз ету;
- машинаның әмбебаптылығы мен сенімділігін арттыру мақсатында интенсификацияның алғы шарттарын эксплуатацияда қолдану;
- негізгі машинаға құрылымдық элементтерін толығымен қолдану мақсатында туынды машинаны құрастыру мүмкіндігін қарастыру;
- сүйкелу беттерін бөлшектер тұрығына орналастырмау қажет; жөндеуді жеңілдету үшін оларды бөлек және оңай ауыстырылатын бөлшектерге орналастыру керек;
- агрегаттылық принципін жүйелі түрде ұстау қажет; тораптарын тәуелсіз агрегат түрінде құрастырып, жиналған машинаға бекіту керек;
- жинау кезінде бөлшектерді таңдау болмауы тиіс, бөлшектердің толық өзара орын ауыстырылуы қамтамасыз етілуі қажет;
- салыстыра тексеру операциясын болдырмау, бөлшектер мен тораптарды орыны бойынша реттеу; машинаны жинау кезіндегі бөлшектер мен тораптардың дұрыс қондырылғандығын қамтамасыз ететін құрылымдағы элементтерді қарастыру;
- машинаның және бөлшектердің жоғары беріктілігін қамтамасыз ету;
- бөлшектердің циклді беріктілігінің жоғарылауына ерекше көңіл бөлу; күш концентрациясын төмендету; жеңілдетілген өңдеу енгізу;
- циклді және динамикалық жүктемеде жұмыс істейтін тораптар мен механизмдерге жүктеменің тербелісін жеңілдететін серпінді элементтер енгізу;
- құрылымға жоғары қатаңдық беру;
- машинаның толық тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, машиналардың эксплуатациялық сенімділігін мүмкіндігінше жоғарылату;
- машинаны қарапайым қызмет көрсететін етіп жасау, қызмет көрсету көлемін қысқарту, периодты реттеуді алып тастау, механизмдерді өздігінен қызмет көрсететін агрегат түрінде жасау керек;
- эксплуатацияда машина күшінің өсу мүмкіндігін ескерту, автоматты реттегіштерді, шектік құрылғылар мен сақтандырғыштарды енгізу;
- машинаны дұрыс қолданбаған жағдайда бұзылулар мен апаттардың болу мүмкіндігін жоғалту, басқару органдарын дұрыс қолданбау мүмкіндігін білдіретін бітеулер енгізу, машинаны басқаруды максималды автоматтандыру;
- бірі екіншісіне салыстырмалы түрде дәл координацияны қажет ететін бөлшектер мен тораптарды қате жинау мүмкіндігін болдырмау;
- периодты майлауды алып тастау, майлау материалының сүйкелу байланысымен үздіксіз автоматты берілісін қамтамасыз ету;
- ашық механизмдер мен берілістерді болдырмау; механизмдерді сүйкелу беттеріне кір шаңдары мен ылғал кірмейтін және үздіксіз майлауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жабық тұрықтарға бекіту;
- бұрандалы қосылыстарды өздігінен босап кетпеуі үшін сенімді сақтандырғышты қамтамасыз ету; ішкі қосылыстарды қарсылау әдістерімен бекіту (шплинттер);
- ашық ауада немесе белсенді химиялық ортада жұмыс істейтін машиналарда бөлшектердің коррозиясын ескерту;
- жаңа технологиялық процестерге арналған жаңа құрылымдарды, сол сияқты машиналарды жобалағанда барлық жаңа элементтерді тәжірибе, моделдеу, дайындау уақыты және тораптарды сынау арқылы тексереді.
Дәріс 15. Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттарын құрастыруда қойылатын негізгі талаптар
Құрылымның технологиялығы – бұл мүмкін болатын ұтымды еңбек, құрал, материал шығындары мен өндірісті, дайындаманы, эксплуатацияны және жөндеуді дайындаудың техникалық уақытының жиынтығы.
Құрылымның технологиялығы ыңғайлы болып табылады. Құрылымның технологиялығы құрылымның технологиялығы деңгейімен бағаланады.
мұндағы, К – жетілдірілетін құрылымның технологиялығының көрсеткіші, құрылымдық құжаттаманы жетілдіру сатысында бір немесе бірнеше белгілерін сипаттайды;
Кб – бұйым құрылымының технологиялылығын салыстырмалы бағалауда белгіленген негіздік көрсеткіш.
Құрылымның технологиялығының негізгі көрсеткіштері:
бұйым жасаудың еңбек сыйымдылығы;
бұйымның технологиялық өзіндік құны.
Технологиялылықтың қосымша көрсеткіштері екі топқа бөлінеді:
технико-экономикалық – бұйымды жасау, эксплуатациялау немесе жөндеу құралдарының бағасы немесе еңбек шығынын сипаттайды;
техникалық – шығын және материалдарды дұрыс қолдануды, дайындаудың сапасы мен дәлдігін, технологиялық процесс пен құрылымды унификациялауды анықтайды.
Технологиялылықты бағалау және талдау үшін түріне және басқа да белгілеріне қарап жіктейді (бұйымды жетілдіру және өндіру сатысына қарай, құрылымдық және технологиялық құжаттаманы жетілдіру түрі, дайындау процесінің түрі, бұйымның құрылымдық сипаттамасы бойынша).
Мысалы, бірінші белгісіне сәйкес қарастырылады:
өндірістік;
құрылымның эксплуатациялы технологиялылығы;
техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрылымның технологиялылығы;
құрылымның жөндеу технологиялылығы.
Бөлшектер құрылымының технологиялылығын бағалау негізгі құрылымдық сипаттамамен жүргізіледі: беттік пішін, өлшемдер, материал және тағы басқалар.
Стандартизация – бұл қауіпсіздік талаптары мен эксплуатация шарттарын орындау кезінде жалпы ұтымды тиімділікке жету үшін белгілі аймақтағы қызметті жеңілдету мақсатындағы ережелерді қолдану мен орындау.
Стандарт төмендегідей болады:
міндетті түрде орындалуы тиіс талаптар ретінен (норма) тұратын құжат түрінде;
негізгі бірлік немесе физикалық тұрақты түрінде (ампер, вольт, метр, g=9,81м/с2, =3,14 ...);
физикалық салыстыру үшін бір зат түрінде (метр эталоны).
Стандартизация деңгейі с коэффициентімен бағаланады:
мұндағы, Nc, N – стандартты бөлшектер және бөлшектердің жалпы саны.
Унификация мен типизация стандартизацияның құрамдас бөлігі болып табылады.
Унификация – бірдей функциянальды қолданыстағы бұйым түрлері, типтері, маркалары және типті өлшем сандарының; осы элементтердің құрамдас бөліктерінің; негізгі және екіншілік өлшемдерінің; жіберу мен қондырудың; материал маркаларының; дайындау әдістерінің; технологиялық көрсеткішінің; техникалық құжаттамасының және т.б. рационалды қысқартылуы.
Унификация түрлері:
типаралық;
салалық және салааралық;
бөлшектердің, құрастырма бірліктердің және машиналардың унификациясы;
машина және аппарат элементтерінің құрастырма бірліктерінің унификациясы;
материалдардың сорты және маркасы, электродтардың, бекітілген типтік өлшемдердің және басқа да стандартты бұйымдардың унификациясы;
техникалық құжаттаманың унификациясы.
Типизация – бұл жалпы техникалық сипаттамалармен типтік құрылымдық немесе технологиялық шешімдердің жетілдірілуі және орындалуы.
Унификация негізінде туынды машинаның пайда болуы келесі әдістермен жүргізіледі:
1. Секциялау – машиналарды бірдей секцияларға бөлу және туынды машиналарды унифицирленген секциялардан жинаудан тұрады. Секциялауға төмендегілер жақсы келеді: тасымалдағыштар – таспалы, шынжырлы, ковшты элеваторлар және т.б., дискілі сүзгілер, пластиналы жылу алмастырғыштар, ортадан тепкіш сораптар.
2. Сызықты өлшемдерді өзгерту әдісі –машинаның немесе агрегаттың бойлық қима пішінін сақтай отырып ұзындығын өзгертуден тұрады. Бұл әдіс негізінен роторлы машиналарға (шестерналы және ортадан тепкіш сораптар, компрессорлар, араластырғыштар) қолданылады.
3. Негізгі агрегат әдісі – негізгі агрегатты қолданып машинаға әртүрлі қолданыстағы арнайы жабдықты қосу (жол машиналары, өздігінен жүретін крандар, тиегіштер, ауыл шаруашылығы машиналары, ас үй комбайндары).
4. Конверсиялау – негізгі машинаны немесе негізгі элементтерін әртүрлі қолданыстағы агрегат жасауға қолдану. Мысалы, піспекді қозғалтқыштың іштен жануын жанармайдың бір түрінен екінші түріне, бензинді газдыға, ауалы компрессорларды фреон, аммиакқа айналдыру.
5. Компаундирлеу – машиналарды параллель байланыстыру әдісін қондырғының жалпы қуаты мен өнімділігін арттыру мақсатында қолданады. Қондырғыдағы екі және одан да көп қозғалтқыштар ұшақтың қанатында болады.
6. Модификациялау – негізгі құрылымын өзгертпей өнім түрлеріне және операцияларға, жұмыстың тағы да басқа шарттарына арнап машинаны қайта жасау.
7. Агрегаттау – жалпы станинада кешенді және әртүрлі орналасқан бірдей тораптардан тұратын, унифицирленген агрегаттарды үйлестіре отырып машина жасау.
8. Кешенді стандартизация – агрегаттауға жақын. Қарапайым типтегі агрегаттарға қолданылады: тұндырғыштар, булы қондырғылар (түбі, құбырлы торлар, құбырлар, фланецтер және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |