Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет52/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Цитофотометриялық әдіс тіндер мен жасушалардың құрылымдарына зерттелетін химиялық заттың мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Микроскоп және спекрфотометрден тұратын арнайы өлшеу аспабы – цитофотометрмен алдын-ала гистохимиялық реакция арқылы боялып анықталған өнімнің (зерттелетін заттың) оптикалық тығыздығы өлшенеді. Соңғы көрсеткіш, өз кезеңінде, зерттелетін заттық микроқұрылымдағы концентрациясын көрсетеді.
Жасушалық органоидтарының классификациясы. Жасуша-тіршіліктің ең ұсақ бірлігі болғандықтан, организмнің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің және дамуының негізі. Жасуша туралы мұндай түсінік тез арада емес, ол – 300 жыл бойы ғылымда орын алған микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде қалыптасқан. 1839 жылы Т.Шванн және М.Шлейден өсімдіктер мен жануарлардың микроскопиялық құрылысы туралы мәліметтерді жинақтап және талдап, жасушалық теорияны жасады. Бұл теория – жаратылыстанудың негізгі заңдарының бірі болып есептелінеді. Қазіргі кездегі жасушалық теорияның басты қағидалары төменде қарастырылады.
1.Жасуша – тіршіліктің ең ұсақ бірлігі. Тіршіліктің жасушадан да ұсақ түрлері бар, мысалы вирустар. Бірақ, олар тіршіліктің бірлігі деп саналмайды. Себебі, тірі организмдерге мына қасиеттер жинағы тән: көбеюге қабілеттілік, зат және энергия алмасу, сезімталдық, адаптация (бейімделушілік), өзгергіштік, т.б. Осы қасиеттер жинағына ие болған ең ұсақ тіршілік түрі – тек қана жасуша. Ал, вирусты алсақ, ол бұл қасиеттердің барлығына бірдей ие емес (мысалы, олар өздігінен көбейе алмайды, ол үшін жасушаны пайдаланады). Сондықтан, вирус қаншама ұсақ және тіршілік түрлерінің бірі болса да, оның бірлігі деп саналмайды.
2.Жасушаның көбеюі бастапқы жасушаның бөлінуі арқылы өтеді. Ұлы неміс патологы (дерт дамуын зерттеуші) Рудольф Вирхов айтқандай: «Әрбір жасуша – тек қана жасушадан» («Omnia cellula ex cellulae»). Жасушаның бөліну механизмі – митоз 1880-ші жылдары ашылды. Жасушалық теория жасалғанға дейін ғалымдар жасушаны жасушадан емес, құрылымсыз массадан бірте-бірте пайда болады деп ойлаған еді.
3.Әртүрлі мүшелерден және организмдерден алынған жасушалардың нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше болғанымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі ұқсас: ядро, цитоплазма, плазмалеммадан тұрады. Бұл – эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғанының кепілі.
Қазіргі кездегі қалыптасқан көзқарас бойынша, жасуша – организмді құрайтын элементарлы (ең қарапайым) құрылымдық, функциялық және генетикалық бірлік.
Организм тек қана жасушалардан құралған болса, ол солар сияқты сілікпе тәрізді жұмсақ болар еді. Бірақ, тін құрамында жасуша ғана емес, тіректік материал – жасушааралық заты да бар. Олар жеке жасушалардың немесе олардың топтары арасында орналасып, әрбір тіннің ерекше қасиеттерін (мысалы, сүйектің қатты болуын, шеміршектің серпінділігін, қанның сұйықтығын) анықтайды.
Жасушаның жалпы құрылысы, пішіні, туындылары. Жасушааралық зат.
Гистологиялық элементтер (тідерді құрайтын бірліктер) екі негізгі топтарға бөлінеді: жасушалық – жасуша, симпласт, синцитий) және жасушалық емес – жасушааралық зат.
Жасуша - тінді құрайтын басты бірлік, ал, басқа гистологиялық элементтер: симпласт, синцитий, жасушааралық зат – оның туындылары. Мысалы, симпласт және синцитий тіндердің дамуы (гистогенез) кезінде жеке жасушалардың бірігуі арқылы пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, адам организмінде мамандандырылған жасушалардың 200-ден астам түрлері ұшырасады. Олардың мұндай әртүрлілігі көбінесе атқаратын қызметтеріне байланысты. Жасушалардың сыртқы пішінінің түрлері мынадай: шар тәрізді – лейкоциттер, көп қырлы безді эпителийдің жасушалары, жұлдызша және тармақталған – жүйке мен сүйектің өсінділі жасушалары, ішек эпителиоциттері, жалпақ – эндолиоциттер мен мезотелиоциттер және басқалары. Бірақ, мұндай әртүрлі жасушалардың жалпы құрылысын салыстырып қарасақ, олардың үлгісі бірдей екендігіне көзіміз жетеді. Кез келген жасуша негізгі үш бөліктерден тұрады. Олар – плазмалық мембрана, ядро және цитоплазма. Құрылысы күрделі болатын бұл құрамдастар, бірін-бірі толықтырып, жасушаның өз мүддесіне лайық және тұтас организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді атқарады.
Симпласт – көптеген бір типті жасушалардың қосылуынан пайда болған көп ядролы құрылым. Мысалы, көлденең жолақ қаңқалық бұлшық ет талшығы эмбриогенезде 100-ден астам жас бұлшық ет жасушалары – миобласттардың қосылуынан, сүйек тінін ерітетін ірі, көп ядролы сүйек жасушалары остеокласттар – моноциттердің бірігуінен пайда болады.
Синцитий – митоздан кейін толық бөліндеген, цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан жасушалардан тұратын құрылым. Мысалы, сперматозоидтардың пісіп жетілуші бастамалары – сперматогендік жасушалар – бір-бірімен цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан. Бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай тудырып, синхронды (бір кезде) дамуын қамтамасыз етеді.
Жасушааралық зат немесе тін матриксі – негізгі заттан және онда орналасқан коллаген, ретикулинді талшықтардан тұратын жасушалық емес құрылым. Оның бұл құрамдастары – жасуша ішінде синтезделіп, жасушааралық кеңістікке бөлініп тұратын (секреция) молекулалар, яғни олар да жасушалардың туындылары. Кейбір жасушааралық заттар өте нәзік болады, ал, басқалары, мысалы сүйек тінінің жоғары дәрежелі беріктік көрсетіп, үлкен салмақтарға шыдайды. Бұл оның құрамдастарына, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, тіндегі қатысты мөлшеріне тәуелді. Жасушааралық заттың қызметі жасушаларды – тіндерге, тіндерді – мүшелерге біріктіру ғана емес, ол – жасушалардың тіршілігіне басқа да әртүрлі үлесін қосатын құрылым. Мысалы, олардың пролиферациясына – көбеюіне, дифференциялануына – жетілуіне, миграциясына – көшіп-қонуына, т.б. құбылыстарға қатысады. Бірақ, бәрібір- тіндердің басты элементтері – жасушалар, себебі, жасушааралық заттың пайда болуын, қалыпты жағдайын сүйемелдейтін – солар. Жасушалар өлген жағдайда, жасушааралық зат та бүлінуге ұшырайды.
Жасуша мембраналарының (плазмалемма, мембраналы органоидтар, ядролық мембрана) молекулалық құрылысы ұқсас. Олардың құрылымдық негізін үш түрлі липидтер (фосфолипид, холестерол, гликолипид) мен ақуыз молекулаларының комплексі (кешені) – биологиялық мембраналар қалыптастырады. Сұйықтық-мозаикалық модельге (үлгіге) сәйкес, биологиялық мембрана негізін қалыңдығы 4-5нм үздіксіз сұйық фосфолипидтік биқабат (қос қабат) құрайды. Оның ішінде мозаика түрде ақуыз молекулалары орналасқан. Фосфолипид (май) молекулалары полярлы гидрофильді (зарядталған – дәрменді, су тартатын) ұшы – «басынан» және полярлы емес гидрофобты (заряды жоқ – дәрменсіз, су тартпайтын) ұшы – «құйрығынан» тұрады. Сулы фазада фосфолипид молекулалары өздігінен (спонтанды) бір-біріне гидрофобты «құйрықтарымен» тартылып, жақындасып, биологиялық мембрананың биқабатты қаңқасын құрайды. Осы қасиетінің арқасында жасуша мембраналарының бүлінген бөліктері өздігінен бастапқы қалпына келіп отырады. Сонымен, мембрана құрамындағы фосфолипид молекулаларының «құйрықтары» биқабаттың ішіне қарай, ал, олардың «бастары» - сыртына қарай орналасқан. Электрондық микроскоп арқылы зерттегенде, биологиялық мембрана үш қабатты структура (құрылым) түрде көрінеді: ішкі және сыртқы гидрофильді қабаттары – электронды тығыз, ал, ортаңғы гидрофобты қабаты – ақшыл. Липидтік биқабаттың гидрофобты ортасы суда еритін көптеген молекулалардың өтуіне тосқауыл жасайды.
Биологиялық мембраналардың нақтылы түрінің (мысалы, митохондрияларды, Гольджи аппаратын, т.б. құрайтын) спецификалық (өзіндік) қасиеттері мен функциялары көбінесе оның белоктық құрамына және мөлшеріне байланысты. Мысалы, қарапайым плазмалық мембранада ақуыз оның масасының 50%-ын, нерв талшықтарын оқшауландыратын миелинді мембраналарда - 25%-ын, ал, энергия түзетін митохондрияларда - 75%-ын құрайды. Ақуыздардың да молекулаларында липидтердің гидрофобты ұштарымен әрекеттесетін гидрофобтық ұштары бар. Ал, олардың гидрофильді ұштары биқабаттың бір жағындағы немесе екі жағындағы сулы фазасына бағыттап орналасқан. Осындай әрекеттесу түрлері мембраналық ақуыздардың липидтік биқабат бойында жайғасу сипатын анықтайды.
Пигменттік қосындылар – цитоплазманың табиғи боялған заттары: бұларды көру үшін арнайы бояудың қажеті жоқ. Қайсібір тіннің табиғи түсі олардың жасушаларындағы пигменттердің типі мен мөлшеріне байланысты. Организмнің әртүрлі мүшелерінің қалыпты түстерін аномальді (ауытқу) түстерінен ажырату және сол түстердің пайда болу себебін анықтау сырқаттарды клиникалық диагностикалау үшін өте маңызды. Пигменттердің экзогендік (сыртқы текті) және эндогендік (ішкі текті) топтарын ажыратады. Экзогендік пигменттер организмнен тыс пайда болып, оның ішіне әртүрлі жолдармен (тыныс алу, тері, асқорыту мүшелері арқылы) еніп, жасушалардың цитоплазмасында орналасады. Экзогендік пигменттің мысалы – сәбізді, жұмыртқаның сары уызын, сары майды, қызанақты бояйтын каротин. Эндогендік пигменттер жасуша ішінде түссіз заттардан синтезделеді, мысалы эритроциттерді бозқызыл түске бояйтын гемоглобин. Макрофактор цитоплзмасында ыдырауының әрбір кезеңінде гемоглобин алтын-қоңыр түсті гемосидерин, сары-қоңыр түсті билирубин, жасыл түсті – биливердин пигменттеріне айналып отырады. Эндогендік пигменттерге тері, шаш, көз жасушаларында синтезделетін қоңыр-қара түсті меланен, жүрек бұлшық еті, нерв, бауыр жасушаларында ұшырасатын алтын-қоңыр түсті липофусцин жатады. Бұл пигменттің мөлшері адамның жас мөлшеріне өқарай өседі, сондықтан, липофусцинді «қартаю пигменті» деп санайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет