Цитосклет -жасушасының тірек-қозғалыс қаңқасы
Сабақтың мақсаты.Ядро мен цитоплазманың құрамымен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар.Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Көпшілік өсімдіктерде (жабық тұқымдыларының 70%) бөліну үш реттен болады, осының нәтижесінде бірдей сегіз ядро түзіледі. Осындай бөліну уақытында ядролар поляр-лық күйде болады, олардың тертеуі микропильге (спермиялардың енетін жері) жақын жатады, ал қалған тертеуі халаза деп аталатын қарама-карсы бөлігінде орналасады. Ары қарай ядролар дербес клеткаларға айналып окшауланады, ол клеткаларда едәуір мөлшерде цитоплазма болады.
Микропиледе орналасқан төрт клетканың үшеуі — жұмыртка клеткасымен синергидтер деп аталатын екі клетка — жұмыртка аппаратын құрады. Синергидтер үрықтану кезінде көмекші қызмет атқарады, көп үзамай олар ыдырап жойылады. Тертінші ядро үрық қалтасының ортасына кетеді, сол арада халазалық шеттен келген бір ядромен қосылады. Орталық бөлікте құйылысқан екі гаплоид ядродан бір диплоидты ядро, екінші кезектегі, яки ұрық қалтасынын. орталык ядросы түзіледі. Ұрық қалтасының халаза шетінде қалған үш ядро клеткаға айналып оқшауланады; олар антиподтар деп аталады. Антиподтар, синергидтер сияқты, зиготаның дамып жетілуі кезінде көмекшілік қызмет атқарады да, көп ұзамай, ыдырап бұзылады. Сонымен, митоздық жолмен үш рет бөліну нәтижесінде ұрық қалтасында гаплоидты және бірдей 8 ядро түзіледі, солардың біреуі ғана жүмыртка клеткасына айналады. Біз қарастырып отырған бір мегаспорадан сегіз ядролы үрық калтасының түзілу схемасы көп таралған. Бірақ өсімдіктердің әр түрлі топтарында бұл процесс алуан түрлі болып етеді. Өсімдіктер мен жануарлардың филогенездік ажырауы (дивергенция) клеткалы құрылым түзілуінің әте ерте кезінде болды. Соған қарамастан жануарларда және өсімдіктерде жыныс клеткаларының пісіп жетілуін салыстыру, олардың арасындағы толық параллелизмді көрсетеді.
№13 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |