Пәнді оқыту бағдарламасының титулдық парағы



Дата13.08.2017
өлшемі214,2 Kb.
#23630

Пәнді оқыту бағдарламасының титулдық парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Информатика және ақпараттық жүйелер» кафедрасы

«Компьютерлік тораптар» пәні бойынша


050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған
ПӘНДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар


Пәнді оқыту бағдарламасын бекіту парағы

(Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38





БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультетінің деканы

______________Нұрбекова Ж.К.

«___»__________ 2010 ж.

Құрастырушы: ИжАЖ кафедрасының доценті Оспанова Н.Н.


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы
Компьютерлік тораптар пәні бойынша

050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының сырттай оқу формасындағы студенттеріне арналған



ПӘНДІ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Бағдарлама 2010 ж. «___»_________ бекітілген оқу жұмыс бағдарламасының негізінде әзірленген.


Кафедра отырысында ұсынылған 2010 ж. «___»_________ №_____хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________ Асаинова А.Ж.


(қолы)
Физика, математика және ақпараттық жүйелер факультеттің әдістемелік кеңесімен құпталған 2010 ж. «_____»______________ №____хаттама

ӘК төрағасы __________ Мұқанова Ж.Ғ. «____»_____________2010 ж.


(қолы) (күні)

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараты

Оспанова Назира Нұрғазықызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты, информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы А1 корпуста (Ломов к-сі, 64) орналасқан, ауд. А1-102, тел. 67-36-87 (ішкі 11-25)


2 Пән туралы мәліметтер

Курс 3 кредитті пән. Компьютерлік тораптар пәні бойынша барлығы 9 сағ дәрістік сабақтар, 6 сағ тәжірибелік, 3 сағ зертханалық сабақтар және курстық жұмыс жоспарланған. Пәннің тақырыптық жоспарына кірмейтін тақырыптарды өз бетімен оқып-үйренуі үшін студенттердің 117 сағ студенттердің өздік жұмысы қарастырылған. Бақылау түрі - емтихан.



Сабақтардың, межелік бақылаулардың және емтихан сессиясының кестелерін оқу үрдісін бақылау бөлімі құрастырады. Сабақтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
3 Пәннің жұмыс көлемі

Семестр

Кредиттер саны

Аудиторлық сабақтар бойынша контактілі сағаттардың саны

Студенттердің өздік жұмыстары сағаттарының саны

Бақылау формасы

барлығы

дәріс

тәжірибе

зертхана

барлығы

СОӨЖ

5




6

6

-

-

-

-




6

3

12

3

6

3

117

18

емтихан

Барлығы




18

9

6

3

117

18




8




6

6

-

-

-

-




9

3

12

3

6

3

117

18

емтихан

Барлығы




18

9

6

3

117

18





4 Курстың мақсаттары мен міндеттері

Курстың мақсатыстуденттерге компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес комьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен таныстыру, локальді тораптардың жұмысын игерту болып табылады.

Курстың міндеттері:

  • компьютерлік желілердің түрлері мен топологияларын оқып-үйрету;

  • жергілікті желілердің негізгі технологиялары және коммуникациялы жабдықталуын оқыту;

  • TCP/IP протоколдарының стегі туралы білім беру;


5 Білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар

- қазіргі заманғы тораптық технологиялардың ерекшеліктерін, компьютерлік тораптардың жіктелуін білуі қажет;

- компьютерлік тораптардың аппараттық және программалаық қамтамаларын білуі тиіс;

- қазіргі кезедегі операциялық жүйелерде тораптық – аппараттық жабдықтарды орнатуды және олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдана білуі тиіс;

- қатынас құру құқығын тағайындауды, файлдық жүйелердің құрамындағыларды пароль арқылы қорғау және көшіруді қамтамасыз ету, тораптың аппараттық және программалық ресурстарын бірігіп қолдану үшін бөлуді білуі тиіс;

- тапсырманың нақты бір түрін шешу үшін локальды тораптарды жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі тораптық технологиялардың перспективі мен даму тенденциялары туралы жүйесі туралы білім алулары қажет.


6 Пререквизиттер

- Алгоритмдеу және программалау тілдері

- Программалау технологиясы

- Компьютерлік жүйелердің архитектурасы


7 Пәннің тақырыптық жоспары

р/с


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша сағаттардың саны

дәріс

практ

зерт

СӨЖ



Кіріспе

1

0,5




7



Компьютерлік тораптарды құру негіздері

1

0,5




10



Тораптық шешімдерді стандарттау

1

1

0,5

20



Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

1

1

0,5

20



Локальды тораптарды құру және қолдану техънологиялары

1

1

0,5

20



Глобальды тораптарды құру және қолдану технологиялары

2

1

0,5

20



Тораптық программалық қамтама

2

1

1

20

Барлығы:

9

6

3

117

  1. Пәннің қысқаша сипаттамасы

Компьютерлік тораптар пәні студенттерге компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес комьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен таныстыру, локальді тораптардың жұмысын игертуді қарастырады.


  1. Курс компоненттері

9.1 Дәрістер мазмұны

Тақырып 1. Кіріспе

Компьютерлік тораптардың қысқаша даму тарихы. Компьютерлік тораптардың жіктелуі. Локальды және глобальды тораптар.



Тақырып 2. Компьютерлік тораптарды құру негіздері

Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі. Негізгі түсініктер: тораптар түйіндері, кабельді сегмент, тораптық сегмент, логикалық торап, бұлттар, активті және пассивті коммуникациялық құрылғылар. Физикалық және логикалық топология. Бірлік ортасына қатынас құру әдістері.



Тақырып 3. Тораптық шешімдерді стандарттау

Стандарттар көзі. Ашық жүйелер қарым-қатынасын ұйымдастырудың базалық моделі. «Ашық жүйе» түсінігі. Функционалдық .деңгей түсінігі. Физикалық, каналдық, тораптық, транспорттық, сеанстық және қолданбалы деңгейдің негізгі функциялары. «Инфтерфейс», «протокол» түсініктері. Коммуникациялық протоколдар түсінігі және олардың стандартты стегі. OSI стегі. TCP∕IP стегі. IPX∕SPX стегі. NETBIOS∕SMB стегі. SNA стегі. DECnet IEEE802.x стегі.



Тақырып 4. Компьютерлік тораптардың аппараттық құралдары

Коммуникациялық құралдардың қазіргі компьютерлік тораптардағы ролі. Коммуникациялық құралдардың негізгі түрлерінің функционалды аттары, байланыс желілері, тораптық адаптерлер, қайталағыштар мен конденсаторлар, көпірлер мен конденсаторлар, маршрутизаторлар, шлюздар. Коммуникациялық құралдардың OSI модель деңгейіне функционалды сай келуі.



Тақырып 5. Локальды тораптарды құру және қолдану технологиялары

Локальды тораптарды құру мақсатында активті және пассивті құралдарды таңдау. е, жұмыс станциясына және торапқа жалпы қойылатын талаптар. Ethernet технологиясы. CSMA∕CD қатынас құру әдістері. Ethernet кдр форматтарының сипаттамасы. 10BASE -5, -2, -T, -F стандарттары. Fast стандарттары. Ethernet стандарттары. Gigabit Ethernet стандарттары.

Локальды тораптардың басқа технологиялары. Tolken Ring стандарты. FDDI және CDDI стандарттары. 10VG-AnyLAN стандарты. ARChet және TCNS стандарттары. Tolken Bus Local Talk стандарттары.

Тақырып 6. Глобальды тораптарды құру және қолдану технологиялары

Глобальды тораптарды құру функциялары мен құралдарының жалпы сипаттамалары. Глобальды тораптардың құрылымы. Глобальды тораптардың түрлері: бөлініп алынған каналдар, каналдары коммутацияланған глобальды тораптар, пакеттері коммутацияланған глобальды тораптар.

Телефондық тораптар және оларды тасымалдау үшін қолдану. Аналогтық коммутацияланған және бөлініп алынған желілер. Бөлініп алынған цифрлық желілер. SONET∕SDH технологиялары. IP-телефония. XDSL технологиялары. ISDN тораптары. X.25 тораптары. Frame Relay тораптары. TDM технологиялары. ATM тораптары. Internet тораптарын ұйымдастыру. Тораптық технологиялардың даму тенденциялары мен перспективалары.

Тақырып 7. Тораптық программаға қамтама.

Біррангтық компьютерлік тораптардың операциялық жүйелері. Бөлініп алынған сервердің тораптық операциялық жүйелері. Топатарды басқару және талдау құралдарына шолу. Ақпаратты сақтау, іздеуі өңдеу және көрсетудің қазіргі кезедегі технологиялары мен программалық құралдарына шолу.


9.2 Практикалық сабақтар тақырыптарының тізімі

  1. тақырып. Тораптардың түрі мен топологиясын таңдау.

  2. тақырып. Тораптарды жоспарлау мен іске асыру.

  3. тақырып. Административтік тораптар.

  4. тақырып. Сымсыз тораптар.

  5. тақырып. Тораптардағы ақпараттарды қорғау.

  6. тақырып. Тораптық проблемаларды шешу.

  7. тақырып. Торапты модернизациялау.


9.3 Лабораториялық сабақтар тақырыптарының тізімі

1-тақырып. Локальды есептеу торабының топологиясын зерттеу. Тораптық аппараттық және программалық құралдары. Windows – тың тораптық ресурстары.

2-тақырып. Тораптық адаптерлерді орнату. Параметрлерді қалпына келтіру. Қолдану құқығын тағайындау. Торап арқылы ақпаратты көшіру.

3-тақырып.Парольдерді орнату. Құрылғылар ресурстарын бөлу (принтерлер және CD ROM). Құжаттарды баспадан шығару.

4-тақырып. Торап арқылы хабарламалар жіберу. Тораптық утилиттердің жұмысын оқып үйрену.

5-тақырып. Тораптық протоколдарды зерттеу.


9.4 СӨЖ мазмұны

9.4.1 СӨЖ түрлері





СӨЖ түрі

Есеп формасы

Бақылау түрі

Көлемі (сағ)

1

Дәріс сабақтарға дайындық




Сабақтарға қатысу

9

2

Тәжірибе сабақтарына қатысу (тақырып бойынша материалдарды оқып-үйрену, есептерді шығару және т.б.)

Жұмыс дәптері

Сабақтарға қатысу

20

3

Зертхана сабақтарына қатысу (тақырып бойынша материалдарды оқып-үйрену, есеп үлгілерін дайындау)

Есептер

Зертханаға жіберілу

15

4

Аудиторлық сабақтардың мазмұнына кірмеген материалдарды оқып-үйрену

Конспект, сызбалар және т.б.

Сұрақ-жауап, тест және т.б.


20

6

Семестрлік тапсырмаларды орындау (рефераттар, курстық жұмыс және т.б.)

Реферат, курстық жұмыс және т.б.

Семестрлік тапсырманы қорғау

40

7

Бақылау шараларына дайындық




1 МБ, 2 МБ, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б.

13

Барлығы:

117

9.4.2 Студенттердің өз бетімен оқып-үйренуіне арналған тақырыптар тізімі

1 Локальдық желінің Ethernet технологиясы.

2 Локальдық желінің Fast Ethernet технологиясы.

3 Локальдық желінің Gigabit Ethernet технологиясы.

4 Token Ring технологиясының ерекшеліктері.



  1. FDDI хнологиясы негізіндегі локалдық желілер.

  2. Bluetooth – сымсыз локальды желі технологиясы.

9.4.3 Курстық жұмыс тақырыптарының үлгі тізімі




  1. Алдын ала берілген жұмыс орындары санын қамтитын кеңседе локальды тораптарды өңдеу.

  2. Компьютерде жұмыс жасауды үйрететін кеңседе локальды тораптың аппараттық және программалық құралдарын таңдау.

  3. дизайнмен айналысатын кеңседе локальды тораптардың аппараттық және программалық құралдарын таңдау.

  4. Клиент-сервер технологиясын жүзеге асыру үшін локальды торап жобасын өңдеу.

Ағымдағы және қорытынды үлгерімнің таратылу үлесі

Жіберу рейтингі және қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері 0,6 және 0,4-ке тең.
Ағымдағы үлгерімнің бақылау шараларының күнтізбелік графигі


Апталар

1 рейтинг

2 рейтинг

1

2

3

Барлық ұпай

1

2

3

Барлық

ұпай

Ең жоғарғы ұпай, соның ішінде бақылау түрлері бойынша:

























Сабақтарға қатысу, дайындалу және топта жұмыс жасау

Дәрістер

























Практикалық жұмыс

























Зертхана

лық жұмыс



























Практикалық жұмыс

























Зертханалық жұмыс орындау

























СОӨЖ орындау

























СӨЖ орындау және қорғау

























Курстық жұмысты орындау

























Межелік бақылау



























  1. Курс саясаты

«Компьютерлік тораптар» курсы практикалық курс болып саналады. Сондықтан міндетті түрде ағымдағы бақылаудың негізгі түрін құрайтын барлық зертханалық, өздік жұмыс тапсырмаларын орындау міндетті болып табылады.

Егер Сіз барлық сабақтарға кешікпей қатысатын болсаңыз, барлық сабақтарға дайындықпен және белсенді қатысып отырсаңыз, барлық тапсырманы уақытында және сапалы орындап отыратын болсаңыз, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілгендей жоғарғы ұпай жинайсыз.

Сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Себепті босатулар студентті зертханалық және өз бетімен жұмыстар кешенін орындамауынан босатпайды. Осындай жағдайда оқытушының кеңес беру уақытымен сәйкес студенттің жеке тапсырмалары бойынша қайта тапсыруына мүмкіндігі бар.

Дербес компьютермен жұмыстардан алынған практикалық дағдылар пән бойынша өз бетімен жұмысты орындау дұрыстылығымен бағаланады.

Студент сабаққа кешігетін болса, сабаққа кіргізілмейді және босатылған сабақты қайта тапсыруға мүмкіндігі болмайды.

Барлық аудиторлық уақыттар дәрістік сабақтарға, практикалық, зертханалық жұмыстарға және оқытушымен студенттің өздік жұмысы тапсырмалары бөлінеді. Әр сабаққа дайындық және барлық материалдарды оқу міндетті. Сіздің дайындықтарыңыз ауызша сұраулармен, бақылау жұмыстарымен және межелік бақылаулар тестілері мен тапсырмаларымен тексеріледі.

Өздік жұмысы өз нұсқаңызға сәйкес орындалуы қажет, әйтпесе жұмыс есептелінбейді. Тапсырма нұсқаларын оқытушы тағайындайды.

Әр тапсырма жеке файлда немесе бумада орындалып, СРС 1_ФИО, СРС 2_ФИО және т.б. деп аталынуы керек. СӨЖ-ының тапсырмалары иілгіш дикскке жазылып, бақылау шараларының кестесіне сәйкес оқытушыға тапсырылады.

Барлық тапсырмалар уақытында орындалып, тапсырылуы қажет. Кешіктірілген тапсырмалар төмен бағаланады. Бақылау жұмыстарын кез келгенін көшіруге және емтиханда көшіруге тыйым салынады.

Егер бақылау шараларын өткізу уақытында қандай да бір себептермен қатыса алмасаңыз, онда оқытушының кеңес беру кестесімен қайта тапсыруға мүмкіндігіңіз болады.

Семестрде бір межелік бақылау қарастырылған. Межелік бақылауға ағымдағы үлгерімі бойынша балл жинаған студенттер жіберіледі. Межелік бақылау сәйкес блоктың материалдарына сай жүргізіледі. Ағымдағы үлгерім және межелік бақылаудың нәтижесі бойынша пән бойынша студенттің рейтингісі анықталады:

Р1=АҮ1*0,7+МБ1*0,3, мұндағы АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау.

Егер студент межелік бақылау тапсырмаса немесе 50 балдан төмен балл жинаса, онда рейтинг шығарылмайды.

Оқу жоспарында пән бойынша курстық жұмыс (КЖ) және емтихан қарастырылғандықтан студенттің жіберу рейтингісі (ЖР) мынаған тең:

ЖР=Р1*0,7+КЖ*0,3

Пән бойынша қорытынды рейтинг ұпайлар бойынша мына формула бойынша есептеледі:



Қ=ЖР*0,6+Е*0,4

Емтихан екі кезеңде (тест және практикалық жұмыстар) өтеді.


11 Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер

  1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. СПб., «Питер», 2001,

  2. Пятибратов А.П., Гудыно Л.П., Кириченко А.А. Вычислительные системы, сети информатика телекоммуникации. М., «Финансы информатика статистика», 2002,

  3. Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия – СПб: «Питер», 2000.

  4. Бэрри Нанс. Компьютерные сети. М: Бином, 1996

  5. Криста Андэрсон, Марк Минаси. Локальные сети. СПб: Корона, 1999


Қосымша әдебиеттер

  1. Шиндер Д. Л. Основы компьютерных сетей:Пер. с англ.-М.: Вильямс,2003

  2. Закер, К. Компьтерные сети. Модернизация и поиск неисправностей/ Крейг Закер.- СПб. :БХВ-Петербург,2005

  3. Назаров С. В. Администрирование локальных сетей Windows NT: Учеб. пособие для вузов.-М.:Финансы и статистика,2000

  4. Хелд Г. Технологии передачи данных:Пер. с англ.-7-е изд.-СПб: Питер, 2003

  5. Таненбаум Э. Компьютерные сети. СПб., «Питер», 2003

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет