Пәні: қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Туған жерім -аялы алтын бесігім Тақырыбы



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі128,87 Kb.
#86183
түріСабақ
1   2
Байланысты:
06.10.20 Қаз.ә-ті(1)-1
Индия, Сандық техниканың арифметикалық негіздері, 5 - Математика, бжб, 16Би Темірге бірінші толғауы, Қаладан келеміз 4-сынып оқушыларына арналған ашық сабақ
Бағалау критерийі

Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтай отырып, пікіріне дәлел келтіреді, автор бейнесін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Құрыш – жылтыр сұр түсті, темір мен көміртегі және басқа бекіткіштердің ерітіндісінен тұратын болаттың берік түрі;
Мәртебе – бұл жерде: мәрте, рет;
Әзәзіл – азғырушы, арбаушы;
Малдану – бұл жерде: пайдалану, пайда көру.

Құндылықтарға баулу

білуге құштарлық, шығармашылық және оқылатын материалға сыни қарау арқылы оқуға құштарлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Тарих

Алдыңғы білім

Алып Ер Тұңға

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут
3 минут

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылыр орнынан тұрып амандасады.
2. Психологиялық ахуал.
Жылы лебіз орнату
II.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Қайталау
— Алып Ер Тұңға кім?
— Жоқтау дегеніміз не?
— Жүсіп Баласағұн шығармасында Алып Ер Тұңғаны қалай бейнелейді?

Сұрақ

Жауап

«Ер Тұңға» жыры қандай жыр? 

Түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр

Жырдың басты қаһарманы кім?

Алып Ер Тұңға

«Алып Ер Тұңға» жырының негізгі идеясы…

Тұран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ынтымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арттыра түсу болып табылады







Сабақтың ортасы


4 минут

6 минут

2 минут


7 минут


4 минут


1 минут


4минут


3 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын тақтадан көрсету.
III Жаңа сабақ кезеңі.
Инфографиканы пайдалана отырып, тақырыпты болжаңыз.

Дескриптор Білім алушы
инфографиканы пайдаланады;
— кейіпкерді сипаттайды.
Ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысу
Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки (870 — 950 ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном,ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «… философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), — деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі.Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» — деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.

Өнерлі жігіт
Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбу Насыр одан: «Күніне қанша табасың?» – деп сұрайды.

— Екі дирхемге жетер-жетпес қана.


— Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагер:
— Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.
Сұрақ:
— Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыздар?
— Білім адамға не үшін керек?
Оқушылар жауабы тыңдалып, талқыланады.
Мағынаны тану

Тыңдалым. Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» өлеңін тыңдату




1.ЖЖ-T. Оқушылар екі қадамды кестемен жұмыс жасайды.


Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын – өз елінің патриоты Қашықтасың туған жер – қалың елім,
Не бір жүйрік болдырып жарау деген.
Шаршадым мен.Қанатым талды менің,
Шаңыт жолға сарылып қарауменен.
Ақын шет жерде көптеген жыл өмір сүргендіктен өзінің туған еліне деген сағынышын, ыстық сезімін жырға қосады.
Автор бейнесі Өлеңнен үзінді Себебі
Ақын басқаларға сын көзбен қарайды Зиялы аз бір тұтам тіршілікте,
Әкімдікке күллісі жүгіреді.
Көкірекпен сезініп, күрсініп көп,
Жаным менің түршігіп, түнереді.
Ақын кейбір билікке құмар, көкірегі саяз адамдардың ісіне күрсініп, жанының түңілгендігін жасырмай, өлең жолына қосады.
Дескрипторлар:Өлеңнен автор бейнесін ашатын үзіндіні анықтайды; Үзіндінің автор бейнесін ашатындығын дәлел келтіре отырып талдайды.
Бағалау: «Шапалақ» әдісі.
1-тапсырма. Бос орынның орнына керекті сөзді қой.
1.Көрнекті ойшыл, ғалым Әбу Насыр әл-Фараби _____ жылы __________ бойындағы ___________ қаласында дүниеге келді.
2. Ол ___ түрлі тіл білген деседі.
3. Әл-Фараби ________________________________________ сияқты ғылым салаларымен шұғылданған.
4.Фараби көзінің тірісінде-ақ Бірінші ұстаз ___________ кейінгі Екінші ұстаз деген құрметті атақққа ие болды.
5.Фарабидың мұрасы __________________________________ және т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттеледі.
2-тапсырма. Әл-Фараби сөзіне 5 жолды өлең жазады.
1.Әл-Фараби.
2. Дарынды, ұлы.
3.Білім алды, ұстаздық етті, туған жерін аңсады.
4. Соңынан мол рухани қазына қалдырды.
5. Шығыс Аристотелі.
Жазған өлеңдерін жұпта оқиды. Әр жұптан үздік шыққан өлеңдер сыныпта оқылады.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»




http://engime.org/sabati-tairibi-el-farabi-ashitasi-tufan-jer.html



Үлестірме қағаз


Сабақтың соңы
4 минут

Үйге тапсырма: эссе жазу
Кері байланыс
Мен … үйрендім. Себебі …
Маған … ерекше әсер етті. Себебі …
Мен … қызықтым. Себебі …
Маған … көңілсіз болды. Себебі …
Мен келесі … сабаққа ұсынамын. Себебі …







Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет