Еңсертің прототипі – Қараш Бейнеубай Құлшарұлы туралы мәлімет беру, шығарма оқиғасына негіз болған “Ақотты нар” , т.б. аңыздар туралы мағлұмат беру .Топтық іс - әрекет барысында диалог орнату, эссе жаздыру, білімдерін өзара сыни тұрғыдан бағалау.
Міндеті
Топқа бөліну арқылы кейіпкер бейнесін ашу, аңыз әңгімелер негізінде өлке тарихынан мәлімет алу (зерттеушілер, тарихшылар, аңыз айтушылар, эссе жазушылар) Эссе жазу кезінде де ойларын шынайы жеткізу
Күтілетін нәтиже
Бейнеубай Құлшарұлы туралы мағлұмат алады;
Оқиғаға негіз болған «Ақотты нар» аңызы екенін меңгереді;
(оқушылардың оқып үйренгендерінің нәтижесін бағалау)
(Способность сознания человека сосредоточиться на самом себе, адам санасының өзіне тоқталу қабілеті) – жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу, қорытындылар жасау, болашақты жоспарлау.
Үй тапсырмасын беру.
Қорыту сұрақтары: Шығармаға негіз болған қандай аңыз екен?
«Ақотты» сөзінің мағынасы қандай?
«Ақотты нар» тіркесі қалай пайда болған?
Құдықшы кәсібі туралы не түсіндіңіздер?
Үйге тапсырма:
Өлкеміздегі қасиетті Бекет ата, Шопан ата құдықтары туралы біліп келу.