Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы



бет3/3
Дата25.08.2017
өлшемі490,14 Kb.
#27609
1   2   3

КЕЛІСІЛГЕН *

Кафедра меңгерушісі ______________ Бурдина Е.И. 20 ж. «____» ________


* – егер пән шығарушы кафедрада бекітілмесе, онда бағдарламаны барлық осы мамандықтар бойынша мамандарды даярлау үшін жауап беретін кафедра меңгерушілерімен келісу қажет.

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Булекбаева Слухия Елеуовна

К.м.н., доцент, психология және педагогика кафедрасының профессоры

Психология және педагогика кафедрасы А корпусында 149 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67 36 85 (1139 )
2 Пән туралы мәліметтер

Патопсихология психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра отырып зерттейді, психикалық сараптама жүргізу мақсатымен эксперименталды-психикалық зерттеу әдістерін үйретеді. Патопсихология пәні бойынша дәріс курсында жүйелі түрде пәннің теориялық және әдістемелік негіздері ашылуы керек, соның ішінде нейропсихологияның негіздері, бала дизонтогенезі мәселелері, әлеуметтік патология, соматикалық медицинаның психологиялық мәселелері, тұлғаның құбылыс жағдайының, мамандық деонтологиясының психологиялық аспектілері және т.б.


3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

6

2



90

15

15










60

30

РБ, емтихан

Бар-лығы

2


90

15

15










60

30

РБ, емтихан


4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы - студенттерде психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын меңгеруді психикалық процестердің нормада қалыптасу және жүзеге асу заңдылықтарымен салыстыра қалыптастыру. Пәннің міндеті - адамның психикалық жағдайларын зерттеу үшін студенттерде толық бағдарлық негізді қалыптастыру;

- психологиялық білімді қолданудың спецификасын психологтың іс-әрекетінің құрылымында түсіну;

- психиатриялық сараптаманың негізінде жатқан психологиялық себептерді талдау дағдыларын қалыптастыру;
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар.

Пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер:

- психикалық іс-әрекеттердің және жеке тұлға қасиеттерінің бұзылу заңдылықтарын;

- патопсихологиялық зерттеудің барлық әдістемелерін;

- психологиялық білімді психологтың іс-әрекетінің құрылымында қолданудың спецификасын;

- физикалық, әлеуметтік және рухани жағдайларына байланысты бейімделудің және өзін-өзі көрсетудің қиыншылықтары бар тұлғаларды анықтау әдістерін білуі керек.

- эксперименталды-психологиялық зерттеулерді жүргізуді;

- психиатриялық сараптама (еңбек, әскери) жүргізу кезінде психиканың бұзылу деңгейі мен құрылымын психикалық талдауды және бағалауды жүргізуді;

- психикалық аурулары бар балалар мен жастардың мүгедектікке ұласуының алдын алу мақсатымен, еңбекке және оқуға ұсынуды таңдау және негіздеу үшін олардың интеллектуалдық сферасының ерекшеліктерін психологиялық талдауды жүргізуді;

- әртүрлі жағымсыз нәрселердің, уланудың, күйзелістердің әсерлерінен пайда болатын аурулар кезіндегі психикалық іс-әрекеттер құрылымына психологиялық талдау жүргізудіе білуі керек.



6 Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, психофизиология, психогенетика.



7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: медициналық психология, практикалық психология, дифференциалды психология, эксперименталды психология.



8 Пәннің тақырыптық жоспары

р/с


Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны




дәріс-тер

практкалық

Зертханалық

студиял

жеке

СӨЖ

1

2



















1

Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.

1

1










4

2

Патопсихологиялық зерттеу әдістері

1

1










4

3

Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы.

1

1










4

4

Қабылдаудың бұзылуы. Иллюзиялар және галлю- цинациялар.

1

1










4

5

Естің бұзылуы. Амнезия- лар. Естің бұзылуын зерт- теу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері.


1

1










4

6

Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері.

1

1










4

7

Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.


1

1










4

8

Сананың бұзылуы, крите- рийлері,синдромдары: кома, стопор, онейроид, есеңгіреу, делирия, құнды идеялар, паранойя.

1

1










4

9

Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.


1

1










4

10

Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерт- теулері. Ойлаудың бұзыл- уын зерттейтін әдістер.

1

1










4

11

Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасы- ның бұзылуы. дамуының пренаталды кезеңі

1

1










4

12

Психиканың органикалық бұзылуы, оның түрлері, диагностикасы.


1

1










4

13

Кешіккен психикалық даму, этиологиясы, түр- лері, дифференциалды

диагностика, психологиялық коррекция мәселелері



1

1










4

14

Дисгармониялық психикалық даму. Психопатия. .

1

1










4

15

Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм.

1

1










4

Барлығы

15

15










60

9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

Осы курста отанымыздың патопсихология теориясы мен тәжірибесінің дамуы, қарым-қатынас жемістілігі, сол сияқты, денсаулық сақтаудың тәжірибелік сұрақтарының шешілуіне қолданбалы мәнділігі көрсетілуі керек. Патопсихология сараптамаларының нәтижелері бойынша диагноз қойылады, әскерге жарайтындығын не, жарамайтындығын, сот алдында кінәлі ме, әлде кінәлі емес екендігі шешіледі. Сондықтан бұл курста студенттердің ауру адамдарды экспериментті-психологиялық зерттеудің негізгі әдістері және тәсілдерімен, сонымен қоса, психокоррекциялық жұмыс жүргізудің тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінеді.



10 Курс компоненттері

Теориялық курстың мазмұны

1 тақырып. Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.

Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы. Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары. Жалпы патопсихологиялық пәннің анықтамасы, эксперименталды-психологиялық әдістерді клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принципі.



2 тақырып. Патопсихологиялық зерттеу әдістері. Патопсихологиялық зерттеудің әдістері, оның кезеңдері: ауру анамнезін талдау, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Тексерудің негізгі маңыздылық категориялары: адекватты, эготропты, нозотропты мотивациялар. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері.

3 тақырып. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қатынас мәселесі. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері. Әртүрлі аномальды даму барысындағы балалардың психологиялық сипаттамалары.

4 тақырып. Қабылдаудың бұзылуы. Сағымдар: физикалық, физиологиялық, зейінсіздік, аффективті, вербальді, парэйдолиялық. Елестеушіліктер: интерпретативті, әмірлі немесе бұйрықты (императивті), функционалды, жанасу, иіс сезу, дәм сезу, іштегі (висцеральды), психогендік, қарапайым, күрделі, жалған елестеушіліктер.

5 тақырып. Естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері. Естің физиологиялық негіздері, оның түрлері: механикалық, сөздік-логикалық, музыкалық, гипомнезия, гипермнезия, феноменальды. Амнезия, оның түрлері: антероградтық, ретроградтық, парамнезия, конфабуляция, псевдореминисценция, крептомнезия. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Интеллект түсінігі, түрлері: туа біткен ақыл-ой жетіспеушілігі – олигофрения: идиотия, имбецильность, дебильность. Жүре пайда болған ақылдың жетіспеушілігі – деменция: органикалық, апатикалық (шизофреникалық), эпилептикалық.

6 тақырып. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялар ... стресс. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу. Физиологиялық және патологиялық аффект. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы.

7 тақырып. Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.

Невротикалық бұзылулар: 1) обсессивтік-комплексті бұзылулар, олардың әлеуметтік жағдайлармен байланысы, психологиялық механизмдері, психотерапевтік және психокоррекциялық жұмыстарды өткізу; 2) соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы; 3) диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация; 4) «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия. Невроздар кезіндегі соматикалық және басқа бұзылулар.



8 тақырып. Сананың бұзылуы, критерийлері. Сананың бұзылулары. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары: кома, сткпор, онейроид, қарауытқан ... бұзылулары (сумеречное состояние), есеңгіреу (оглушенность), делирия, құнды идеялар, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі. Паранойя.

9 тақырып. Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер. Сөйлеудің бұзылуы - алалия, афазия: моторлық, сенсорлық, амнестикалық, брадифазия, вербигерация, дизартрия, заикание, косноязычие, олигофазия, шизофазия, символическая речь, криптолалия, неологизмы, мутизм. Зейіннің бұзылулары. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.

10 тақырып. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер.

Ойлаудың бұзылуы, оның түрлері: сандырақ ойлар, ипохондриялық ойлар, нақұрыс және ұлылық сандырағы, жүйеленген сандырақ, жабысқақ ойлар. Ассоциативті процестің бұзылуы: ойлардың секіруі, үзілуі, қисынсыздығы, персерверациясы, толықтылығы. Балалар ойлауының бұзылуы, оның ерекшеліктері. Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.



11 тақырып. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы, могтив иерархиясы, жанамалалаудың бұзылуы. Мағына қалыптастыру процесі және оның бұзылулары. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні.

12 тақырып. Психиканың органикалық бұзылуы. Зақымданған психикалық дамудың түрлері: мидың минимальды дисфункциясы, мидың екі жартышарының арасындағы өзара іс-әрекеттің бұзылуы, бас миының локальды зақымдануы (мысалы, ми қыртысының сөйлеуге қатысты орталығы), эпилепсия, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы.

13 тақырып. Кешіккен психикалық даму, этиологияся, диагностикасы, коррекция мәселелері. Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері: психикалық, психофизикалық инфантилизм салдарынан және ұзаққа созылған астеникалық және цереброастеникалық жағдайларға байланысты болған психикалық дамудың кешігуі;

Кешіккен психикалық дамудың себептеріне байланысты варианттары: конституциональдық, соматогендік, психогендік, церебральды-органикалық. Коррекциялық көмек.



14 тақырып. Дисгармониялық психикалық даму. Психопатия. Дисгармониялық психикалық дамудың себептері, әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Психопатия жеке тұлғаның дисгармониялық дамуының түрі ретінде. Психопатияның классификациясы, түрлері: шизоидтік, эпилептоидтік, циклоидтік, психоастеникалық, истероидтік, психопатиялар. Жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.

15 тақырып. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм. Ерте балалық аутизмнің клинико-психологиялық құрылымы, оны сипаттайтын белгілері. Диагностикасы. Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы, оның негізгі кезеңдері: психологиялық коррекция, педагогикалық корреция, дәрі-дәрмекпен коррекция, отбасымен жүргізілетін жұмыс.

Практикалық сабақтардың мазмұны және тізімі


1) Тақырып. Патопсихологияның пәні, міндеттері, даму тарихы.

1.Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары.

2.Эксперименталды-психологиялық әдістерді клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принциптерін анықтау.

2) Тақырып. Патопсихологиялық зерттеу әдістері.

1. Ауру анамнезін талдау, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау.

2. Тексерудің негізгі маңыздылық категорияларын көрсету.

3. Сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері.



3) Тақырып. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері. Аномальды дамудың психологиясы.

1. Аномальды дамудың психологиясы.

2. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері.

3.Әртүрлі аномальды даму барысындағы балалардың психологиялық сипаттамалары.



4) Тақырып. Қабылдаудың бұзылуы. Сағымдар: физикалық, физиологиялық, зейінсіздік, аффективті, вербальді, парэйдолиялық. Елестеушіліктер: интерпретативті, әмірлі немесе бұйрықты (императивті), функционалды, жанасу, иіс сезу, дәм сезу, іштегі (висцеральды), психогендік, қарапайым, күрделі, жалған елестеушіліктер.

5) Тақырып. Естің бұзылуы. Амнезиялар. Естің бұзылуын зерттеу әдістері. Интеллектің бұзылу түрлері.

1. Амнезия, оның түрлері: антероградтық, ретроградтық, парамнезия, конфабуляция, псевдореминисценция, крептомнезия.

2. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері.

3. Интеллект түсінігі, түрлері



6) Тақырып. Эмоциялар және олардың патологиялық өзгеруі. Эмоциялардың психофизи-ологиялық механизмдері.

1. Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері.

2. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуындағы аффективті бұзылу.

3. Физиологиялық және патологиялық аффект.

4. Эмоционалды бұзылулардың диагностика мен коррекциясы.

7) Тақырып. Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.

1. Невротикалық бұзылулар.

2.Соматоформдық бұзылу, конверсиондық (истерия), соматогендік, ипохондрия, психокоррекциясы;

3. Диссоциативтік бұзылулар: психогендік деперсонализация;

4. «МЕН» бейненің бұзылуымен байланысты дисморфоманиялар, дисморфобиялар, нервтік анорексия.

8) Тақырып. Сананың бұзылуы, критерийлері.

1. Сананың бұзылуының критерийлері.

2. Сананың бұзылуының синдромдары.

3. Паранойя.



9) Тақырып. Сөйлеудің ауытқулары. Зейіннің бұзылулары. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.

1. Сөйлеудің бұзылуы.

2. Зейіннің бұзылулары.

3. Зейіннің және қабылдаудың мотивациялық компонентінің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.



10) Тақырып. Ойлаудың бұзылуының патопсихологиялық зерттеулері. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер.

1. Ойлаудың бұзылуы, оның түрлері.

2. Ассоциативті процестің бұзылуы.

3. Балалар ойлауының бұзылуы, оның ерекшеліктері.

4.Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.

11) Тақырып. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері және тұлғаның мақсат қоюдағы мотивациялық сферасының бұзылуы.

1. Жеке тұлғаның патологиялық өзгерістері.

2. Патологиялық қажеттіліктердің құрылу анализі. Өзін-өзі реттеудің бұзылуы.

3. Невроздардағы тұлғаның бұзылуы.

4.Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер.



12) Тақырып. Психиканың органикалық бұзылуы.

1. Зақымданған психикалық дамудың түрлері.

2. Мидың минимальды дисфункциясы, мидың екі жартышарының арасындағы өзара іс-әрекеттің бұзылуы.

3. Бас миының локальды зақымдануы.

4. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы.

13) Тақырып. Кешіккен психикалық даму, этиологияся, диагностикасы, коррекция мәселелері.

Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері: психикалық, психофизикалық инфантилизм салдарынан және ұзаққа созылған астеникалық және цереброастеникалық жағдайларға байланысты болған психикалық дамудың кешігуі;

Кешіккен психикалық дамудың себептеріне байланысты варианттары: конституциональдық, соматогендік, психогендік, церебральды-органикалық. Коррекциялық көмек.

14) Тақырып. Дисгармониялық психикалық даму. Психопатия.

1. Дисгармониялық психикалық дамудың себептері, әлеуметтік дезадаптация түсінігі.

2. Психопатия жеке тұлғаның дисгармониялық дамуының түрі ретінде.

3. Жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.



15) Тақырып. Бұрмаланған психикалық даму. Ерте балалық аутизм.

1. Ерте балалық аутизмнің клинико-психологиялық құрылымы, оны сипаттайтын белгілері. Диагностикасы.

2. Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы, оның негізгі кезеңдері.

Студенттің өздік жұмысының мазмұны



СӨЖ түрлері

Есеп беру түрлері

Бақылау түрлері

Сағат саны

1

Дәріске дайындалу

Конспект

Сабаққа қатысу

15

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу, үй тапсыр- маларын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу


22

3

Аудиториялық сабақ -тардың мазмұнына кірмеген материалды зерделеу

Конспект


Баяндаманы қорғау

7

4

Ғылыми баяндама жасауға дайындалу, рефераттарды орындау

Реферат, баяндама

Қорғау

6

5

Бақылау іс-шараларына дайындалу




Межелік және қорытынды бақылау

10




Барлығы







60


Студенттердің өздік жұмысына ұсынылатын тақырыптардың нұсқасы

1. Патопсихологияның эксперименталды-психологиялық әдістерін клиника-нозологиялық диагностика мақсаттарына пайдалану принципі.



2. Психоневрологиялық мектептердегі патопсихологтардың негізгі функциялары.

3. Патопсихологиядағы зерттеу әдістері, оның кезеңдері: ауру анамнезін талдау, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау.

4. Патопсихологиядағы сараптама, оның типтері, негізгі міндеттері.

5. Аномальды дамудың психологиясы. Психикалық дамудың биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара қатынас мәселесі.

6. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері.

7. Психикалық бұзылудың жастық ерекшеліктері.

8. Қабылдаудың бұзылуы. Сағымдар: физикалық, физиологиялық, зейінсіздік, аффективті, вербальді, парэйдолиялық.

9. Естің физиологиялық негіздері, оның түрлері. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері.

10.Эмоциялардың психофизиологиялық механизмдері. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар.

11. Невроздар. Негізгі невротикалық синдромдар.

12. Сананың бұзылуының критерийлері,синдромдары.

13.Жүйкелік-психологиялық аурулардың әртүрлі формаларындағы ойлаудың бұзылуы. Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер.

14. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер. Жалпы психология үшін тұлғалық аномалияларды зерттеудің мәні.

15. Зақымданған психикалық дамудың түрлері, диагностикасы.

16. Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері.

17.Әлеуметтік дезадаптация түсінігі. Психопатия жеке тұлғаның дисгармониялық дамуының түрі ретінде.

18.Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы, оның негізгі кезеңдері.
Рефераттар тақырыптары

1. Патопсихология, пайда болу тарихы және дамуы.

2. Патопсихологиядағы тексерудің негізгі маңыздылық категориялары.

3. Дизонтогенез түсінігі, психикалық дизонтогенездің негізгі түрлері.

4. Қабылдаудың бұзылуы.Сағымдар. Елестеушіліктер. Диагностикасы. Коррекциясы.

5. Естің физиологиялық негіздері. Балалар есінің бұзылу ерекшеліктері. Интеллект түсінігі, түрлері.

6. Эндогенді және шектік (пограничные) күйлердегі эмоционалды бұзылулар.

7. Сананың бұзылулары, олардың құрылуы мен психологиялық механизмі.

8.Сөйлеудің бұзылуы. Зейінді қабылдауды зерттейтін әдістер.

9.Ойлаудың бұзылуын зерттейтін әдістер, олардың дифференциалды-диагностикалық мағыналылығы.

10. Тұлғаны зерттеудегі патопсихологиялық әдістер.

11. Кешіккен психикалық дамудың себептері, диагностикасы, түрлері.

12.Дисгармониялық психикалық дамудың себептері, әлеуметтік дезадаптация түсінігі.

13.Жеке тұлғаның патологиялық қалыптасуы.

14.Ерте балалық аутизмнің клинико-психологиялық құрылымы, оны сипаттайтын белгілері.

15.Психологиялық ерекшеліктеріне байланысты аутикалық балаларға қолданылатын коррекциялық жұмыстардың арнайы бағдарламасы.
11 Курс саясаты

Академиялық мінез-құлық саясат және оқытушы әдептанулары және студенттерді университет ішкі тәртібі ережелеріне тиісті талапқа сай болу. Оқу процесіне белсенді қатысу қажет. Жұмыстар дер кезінде өткізілмегенде (ауру оқиғасында немесе басқа орынды себептерге байланысты), жіберілген жұмыстарды оқытушымен айқын уақытқа келісіп тапсыру . Жұмыстарға кешікпеу (кешігудің объективті себебін алдын ала хабарлау). Үй тапсырмаларын талапты орындау. Дайын жазбаша материалдарды дер кезінде тапсыру. Бақылау жұмысы, тестілеулер, емтихан тапсыру кезінде көшіруге тиым салынады.

Тапсырмалар дәл және дер кезінде орындалғанда және жұмыстардың барлық түріне үзбей қатысқанда барынша көп балл жиналады.

- лекцияларға қатысу , материал конспектілеуі -2 балл ( қатысу 1 балл , конспекті барысы 1 балл );

- қатысу практикалық жұмыста және топта белсенді жұмыс -4 балл

( қатысу 2 балл, белсенді жұмыс тапсырма дұрыс орындалуы 2 балл );

- орындалу және үй тапсырма қорғанышы -6 балл.

Бірінші бақылау-10 балл құрастырады , екінші -10 балл . Емтихан тестілеу түрінде өткізіледі . 25 сұрақ алдын ала дайындалады : сұраққа дұрыс жауап -4 балл .

Дұрыс жауаптардың саны қосындыланады .

100 балл - қойылған сұрақтарға жүйелі және жеткілікті жауап береді ;

85-75 балл – материалды нақты біледі, және жетекші сұрақтарсыз жауап береді , проблемалармен әдебиеттерден танысады ;

74-50 балл - тек ең басты материалды біледі, проблемамен әдебиетте шатасады , берілген сұрақтарға жеткіліксіз жауап береді ;



49-0 балл - берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, проблема бойынша әдебиеттермен таныс емес.
12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Ілешева Р.Г. Медициналық психология. Алматы, 1994.

  2. Ілешева Р.Г. Психиатрия. Алматы, 1995.

  3. Құдиярова Г.А. Психиатрия. Алматф, 1994.

  4. Абрамова Г.С., Юдчиц Ю.А. Психология в медицине. М., 1998.

  5. Братусь Б.С. «Аномалии личности». М., 1990.

  6. Зейгарник Б.В. Патопсихология. МГУ, 1987

  7. Лебединский М.С. Нарушения психического развития у детей, М.,1985.

  8. Лурия А.Р. Основы нейропсихологии. М.,1973.

  9. Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подростков. М.,1986.

  10. Николаева В.В. Влияние хронической болезни на психику. МГУ, 1987.

  11. Сапарова И.А. Психология переживания болезни. Алматы, 1997.

  12. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии. М., 1970.

  13. Хрестоматия по медицинской психологии. (составитель Сапарова И.А. Алматы, 2004

  14. Хомская Е.Д. Нейропсихология . М., 1990.

  15. Клиническая психология в социальной работе. (под ред. Б.А.Маршинина, 2002.

  16. Менделевич В.Д. Патология девиантного поведения. М., 2001.

  17. Максимова Н.Ю., Милютина Е.Л. Курс лекций по детской патопсихологии. Ростов на Дону,: Феникс, 2000.

  18. Клиническая психология: учебник /Под ред. Б.Д.Карвасарского – СПб: Питер, 2002.

Қосымша:

  1. Захаров А.И. Неврозы у детей и подростков. Л., 1989.

  2. Лэнг Р. Расколотое Я. М., 1996.

  3. Коркина М.В., Цивилько М.А., Марилов В.В. Нервная анорексия. – М.: Медицина, 1986.

  4. Карвасарский Б.Д. Неврозы. – М.: Медицина, 1990.

  5. Маринчева Г.С., Гаврилов В.И. Умственная отсталость при наследственных болезнях. – М.: Медицина, 1988.



Күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған бақылау шараларының күнтізбелік кестесінің үлгілері
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру жөніндегі және «Патопсихология негіздері» пәні бойынша 050503 –Психология мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанындағы студенттерге арналған

бақылау шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (2 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

8

Бар-лығы

Максималды балл

20

20

30

30

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

16

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

4

4

4

4

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

32

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

4

8

8

8

8

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ӨОҮТ

1


ӨОҮТ

2


ӨОҮТ3

ӨО

ҮТ

4



ӨОҮТ

5


 

32

Бақылау нысаны

 

 

 

Т 

Б

Т 

Б

Т 

 

Макс.балл









4



4





Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 




 

ПТД 




 

ПТД 

20

Бақылау нысаны

 

 

 




 

Т1




 

Т2

Макс.балл

 

 

 




 

10




 

10

2 рейтинг (2 семестр)

Апталар

1 сабақ үшін макс. балл

1

2

3

4

5

6

7

Бар-лығы

Максималды балл

20

20

35

25

100

Дәрістерге қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ДҮТ 1,2

ДҮТ 3,4

ДҮТ 5,6

ДҮТ 7,8

14

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

1

4

4

4

2

Практикалық сабақтарға қатысу және дайындалу

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

ПҮТ 1,2

ПҮТ 3,4

ПҮТ 5,6

ПҮТ 7,8

28

Бақылау нысаны

 

У

У

У

У

Макс.балл

2

8

8

8

4

Материалды өздігінен меңгеру

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 

ӨОҮТ

1


ӨОҮТ

2


ӨОҮТ3

ӨОҮТ

ӨОҮТ


5

28


4

Бақылау нысаны

 

 

 

Т 

Б

Т 




Т 

 

Макс.балл









4



4



 

Пән тақырыптары бойынша білімді бақылау

СӨЖ түрі/есеп беру нысаны

 

 

 




 

ПТДҚ 




 ПТДҚ

 

30

Бақылау нысаны

 

 

 




 

Т1




 

Т2

Макс.балл

 

 

 




 

15




 

15




Шартты белгілеулер: 1 ДҮТ – №1 дәрісті дайындау үшін берілетін үй тапсырмасы; Қ – оқу үрдісіне қатысу; ПҮТ 1 – №1 практикалық сабақтарға дайындалу үшін үй тапсырмасы; Т – тексеру; ӨОҮТ1 – материалды өздігінен оқуға №1 үй тапсырмасы; Б – бақылау; 1Т –№1 тест.
Кафедра отырысында ұсынылған 2010__ж. «___»________№_____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі __________ Бурдина Е.И. 20__ж. «___» _________
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет