Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Дәріс сабақтарының мазмұны



бет3/3
Дата05.06.2017
өлшемі1,24 Mb.
#17801
1   2   3

6. Дәріс сабақтарының мазмұны


1. Тақырып Анатомия пәні, міндеттері және зерттеу әдістері.

1. Адам анатомиясының пәні, басқа пәндер арасындағы орны.

2. Зерттеу әдістері: өлгеннен кейін, тірісінде, қазіргі кездегі.

3. Жалпы пәннің мақсаты мен міндеттері.



4. Осьтар мен жазықтықтар.
Анатомия — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия — зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:

  • жүйелі анатомия — адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;

  • мүсіндік (пластикалық) анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;

  • топографиялық анатомия — адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;

  • салыстырмалы анатомия — әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;

  • түр анатомиясы — жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;

  • түқым анатомиясы — мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;

  • жас анатомиясы — жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;

  • қалыпты анатомия — ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;

  • сырқаттық (патологиялық) анатомия — ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;

  • микроскопиялық анатомия — жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім;

синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім;

миология - бұлшықеттер туралы ілім;

дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;

спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім;

эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім;

ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім;

неврология — жүйке жүйесі туралы ілім;

эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудің түрлі әдістері бар. Зерттеу әдісін таңдап алу зерттеу мақсатына байланысты.

Ең ескі, бірақ әлі де маңызын жоғалтпаған, ғылымға ат берген (грекше anatemno – кесу,боршалау), препараттау. Бұл әдіс ірі түзілістердің сыртқы құрылысы мен топографиясын зерттеуде қолданылады. 20-30 есе үлкейткенде көрінетін объектілерді макро және микропрепараттанғаннан кейін сипаттап жазуға болады. Бұл әдістің бірнеше түрлері бар: түсіп келе жатқан тамшы астында, су қабаты астында препараттау. Оны түрлі қышқылдармен дәнекер тканьді қопсытумен, зерттелетін құрылымдамдың (нервтердің, бездердің) таңдап боялуымен, түтікті жүйелерді (қан тамырларды, өзектерді) боялған массалармен толтырумен (инъекциялаумен) толықтыруға болады.

Инъекция әдісі, егер инъекциялық масса рентген сәулелерін тұтатын болса, рентгенографиямен, егер арнайы өңдеуден кейін объект мөлдірленіп, ал инъекцияланған тамырлар мен өзектер контрастанып, лайланатын болса, жарықтандыру мен ұштастыра қолданылады. Кейіннен тканьдерді қышқылдарда еріте отырып тамыр, өзек, қуыстарды инъекциялау (коррозиялық әдіс) кеңінен қолданылады. Бұның нәтижесінде мүшенің (тамыр, нерв және т.б.) басқа анатомиялық түзілістерге қатысты орналасуын тоңазтып қатырылған дененің арамен кесілген жерін зерттейді. Осы аралап кесу әдісіе бірінші рет қолданған Н.И.Пирогов. Егер қалыңдығы микрометрлермен өлшенетіндей кесінді даярлап, оны гистологиялық бояулармен өңдесек, онда мұндай кесінділерден алынған деректерді тканьдік арақатынастар туралы мағлұматтармен толықтыруға болады. Бұл әдіс гистотопография деп аталады.

Гистологиялық кесінділер мен гистотопрограммалар бойынша зерттелетін түзілістің суретін немесе көлемін алуға болады. Бұл амал графикалық немесе пластикалық реконструкция болып табылады. Бәрқатар анатомиялық міндеттерді шешу үшін гистологиялық және гистохимиялық әдістер қолданылады. Жұқалығы соншалық, жарықтық микроскоптан көрінбейтін құрылымдарды көруге мүмкіндік беретін электрондық микроскопия анатомияға кеңінен енгізілуде. Аз және көп үлкейткенде де зерттеу объектісінің көлемдік кескінін беретіндей сканирлеуші электрондық микроскопия әдісінің болашағы зор.

Бұл аталған әдістердің барлығы өлген адамның денесін тексергенде қолданылады. П. Ф. Лесшафт айтуынша «анатомияны зерттегенде негізгі объект әр уақытта тірі организм болуы тиіс, ал өлі препарат тірі организмді тексергендегі деректерге қосымша болуы керек».

Әдебиет: [1,2,4,5]
2. Тақырып Тірек-қимыл аппараты.

1 Сүйектің құрылысы, өсуі және дамуы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жіктемесі. Қаңқаның қызметтері.

2. Дене қаңқасының құрылымдары. Омыртқа жотасы, бөлімдері, иілімдері. Әр бөлімдегі омыртқалардың ерешеліктері.

3. Бас қаңқасының бөлімдері, құраушы сүйектер. Бас сүйектердің байланысуы. Бас қаңқасының жыныстық ерекшеліктері.


Тірек-қимыл жүйесінің маңызы: тірек-қимыл жүйесіне (аппаратына) қаңқа мен бұлшықеттер жатады. Бір-бірімен дәнекер ұлпалар (шеміршек пен сүйек) арқылы байланысқан сүйектер қаңқа түзеді. Қаңқа (скелет) ағзаның тірегі, ал оның бұлшықеттері қимыл-қозғалысты қамтамасыз етеді. Тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүру қалпын (пішінін) сақтайды (омыртқа жотасы мен жамбас белдеулері). Қаңқа мидан бастап, барлық ішкі мүшелерге қорғаныш қызметін атқарады. Мысалы, ми бір-бірімен берік байланысқан ми сауытын құрайтын сүйектердің ішінде жатады. Жүрек пен өкпені кеуде қуысы сүйектері қорғаса, құрсақ қуысындағы мүшелерді – жамбас белдеулері сүйектері қорғайды. Қаңқаға бұлшықеттер бекінеді. Ағзаның қоршаған орта жағдайларына бейімделуінің бір белгісі – қимыл (қозғалу). Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер. Кез келген қозғалыста (жүгіру, секіру) ағзаның барлық мүшелері сүйекті таяныш (тірек) етеді. Сүйек кемігінде қан жасушалары түзіледі. Сүйектің құрамында минералды тұздар мен микроэлементтер болатындықтан минералды алмасуға қатысады.

Сүйектер тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан түзіледі. Сүйектің сырты – тығыз ұлпа, ішкі бөлімі – борпылдақ ұлпадан құралады. Сүйектің сыртында сүйек затымен тұтасып кеткен сүйек қабы болады. Сүйек қабының астыңғы бетінің жасушалары бөлініп сүйек затын түзеді. Сондықтан сүйек қабы арқылы сүйектер жуандап өседі. Сүйек сынғанда біртіндеп бітіп, қайта қалпына келуі де сүйек қабына тікелей байланысты. Сүйек қабында қантамырлары мен жүйкелер болатындықтан сүйекке ұдайы қоректік заттар жеткізіледі. Сүйектің екі шетіндегі шеміршекті қабаттағы жасушалардың бөлінуінен сүйек ұзарып өседі. Қаңқаның толық сүйектенуі 20–25 жасқа дейін жалғасады. Адам 25 жасқа дейін өседі. Ересек адамның сүйегінің үштен екі бөлігін бейорганикалық, ал қалғанын органикалық заттар құрайды. Органикалық заттар иілгіштік, серпінділік, ал бейорганикалық заттар мықтылық қасиет береді. 



Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% нәруыз тектес органикалық зат оссеин (жұмсақ, серпінді органикалық зат) 21,8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15,7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпінді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындықтан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, минералды заттар көбейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып морт сынғыш келеді.

Сүйектердің байланысы. Сүйектердің сыртында бұлшықеттер, сіңірлер бекінетін әр түрлі сайшалар (борозда), төмпешіктер, қантамырлары мен жүйкелер өтетін тесіктер болады. Қанқаны құрайтын сүйектер әр түрлі байланыстар түзеді. Атқаратын қызметіне қарай байланыстар: қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы және қозғалмалы деп бөлінеді.

Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бір-бірімен тұтасып қозғалмайтындай болып байланысқан.

Жартылай қозғалмалы – шеміршектер арқылы омыртқалар бір-бірімен байланысқан.

Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

Буындар. Адам денесінде 230-дан астам буындар бар. Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпен қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығында қабырғаларынан бөлінетін буын сұйықтығы болады. Сұйықтық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Сонымен буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. 

Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпен қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны (толчок) әлсіретеді.

 Адам қаңқасының бөлімдері. Адам қаңқасы бір-бірімен өзара буын қалталары арқылы байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқада 200-ден астам сүйектер бар. Ағзада болатын барлық сүйектер пішіні, мөлшері жағынан ұзын сүйектер, қысқа сүйектер, жалпақ сүйектер деп бөлінеді.

Ұзын сүйектерге қол-аяқты құрайтын жіліктер жатады. Ұзын сүйектердің жілік майы толтырып тұратын ортаңғы бөлігі қуыс болғандықтан түтікті сүйектер деп те атайды.

Қысқа сүйектерге – омыртқа, алақан, табан, саусақ сүйектері жатады.

Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен ені әр түрлі. Жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері – жалпақ сүйектер.



Қаңқа – тұлға, бас сүйегі, иық белдеулері мен қол сүйектері және жамбас белдеулері мен аяқ сүйектері деп бөлінеді.

Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасы мен қабырғалар және төс сүйегінен тұрады.

Омыртқа жотасы тұлғаның негізгі тірегі. Адамда омыртқалардың саны 33–34, олар: 7 мойын омыртқа; 12 арқа омыртқа; 5 бел омыртқа; 5 сегізкөз омыртқа; 4–5 құйымшақ омыртқалар.

 Омыртқаның құрылысы – әр омыртқаның денесі мен доғасы болады. Омыртқа доғасында көптеген қанаттары (бір арқа, екі бүйір, екі үстіңгі және екі астыңғы буындық) бар. Омыртқа доғасы иіліп, денемен тұтасқан. Омыртқалардың дәл ортасындағы кең қуыста жұлын орналасады. Мойын омыртқалардың (7) пішіні жағынан басқа омыртқалардан біршама айырмашылықтары бар: омыртқа денесі кішілеу, бірінші мойын омыртқасының (ауыз омыртқа) денесі болмайды, ортасындағы қуысы үшбұрышты. Мойын омыртқаларының біріншісі бас сүйегімен байланысып, басты бұруға қатысады. Денеге күш түсуіне байланысты 3-мойын омыртқадан бастап 7-омыртқаға дейін пішіндері сәл өзгереді. Омыртқа денесі ұлғайып, арқа өсіндісінің ұшы (7-омыртқадан басқасы) екіге ажырап ашаланады.

Арқа омыртқалары (12) мойын омыртқаларынан ірілеу, арқа өсіндісі көлбеу орналасқан. Бүйір өсінділерінде және омыртқа денесінде қабырғалар бекінетін шеміршекті буын ойықтары болады. Арқа омыртқалар қабырғалармен байланысады.Бел омыртқалары (5) басқа бөлімнің омыртқаларымен салыстырғанда денесі жалпақ әрі үлкен. Арқа қанаттары да жуан, бұл бел бөлімінің көбірек қозғалуына әсер етеді. Бел омыртқаларына дене салмағының күші көбірек түседі.

  Сегізкөз омыртқалары (5) бір-бірімен қозғалмастай тұтасып кеткен. Пішіні үшбұрышты, ішке қараған беті сәл иіліңкіреп ойықтау болып келеді. Ойыс жағынан сегізкөз омыртқаларының тұтасып кеткен іздері 4 көлденең бұдыр сызық болып анық көрініп тұрады. Сегізкөз омыртқаларында 4 жұп тесіктерінен жұлын жүйкелерінің тарамдалған ұштары шығады.



Құйымшақ омыртқалар (4–5) қалдық ретінде тұтасып кеткен. Тек бірінші омыртқада омыртқаның кейбір белгілері ғана сақталған. Қалғандары біртіндеп кішірейген.

Барлық омыртқалар бір-бірімен шеміршектер, бұлшықеттер, сіңірлер арқылы байланысып, омыртқа жотасын құрайды. Омыртқа жотасы – тұлғаны алға, артқа, бүйіріне қарай иіп-қозғалту арқылы түрлі қимылға келтіреді.

      Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18–20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Бұл иілімдер дененің тепе-теңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бір-бірімен жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі (қисаюы) – сколиоз ауруына әкеп соқтырады.

 Омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюының негізгі себептері:

а) орындықта түзу отырмау;

ә) жазу столы мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі;

б) көбіне бір қолымен ауыр жүк көтеру;

в) сүйектер мен бұлшықеттердің нашар дамуы және т. б.

Сондықтан да жүргенде, тұрғанда, отырғанда омыртқа жотасын түзу ұстауға тырысу керек. Ауыр жүк көтермеу, жүйелі түрде спортпен шұғылдану керек.

Кеуде қуысының қанқасын 12 арқа омыртқа, 12 жұп қабырғалар, алдыңғы жағын жалғыз төссүйек құрайды. Қабырғаның алдыңғы шеті шеміршекті болады. Жоғарғы 7 жұп қабырғалар шеміршек арқылы төссүйекпен байланысқан. Келесі шеміршек шеттері қабырғалардың жұптарымен өзара қосылып доға түзеді. Қабырғалар омыртқалармен буын арқылы қозғалмалы, төссүйекпен шеміршек арқылы жартылай қозғалмалы байланысады. Қабырғалардың 11, 12-жұптарында шеміршек болмағандықтан алдыңғы шеттері бұлшықеттердің арасында бос жатады. Қабырғалар тыныс алу мен тыныс шығарғанда кеуде қуысы көлемінің ұлғайып, кішіреюіне әсер етеді. Кеуде қуысында орналасқан мүшелер: жүрек, өкпе, ірі қантамырлар, кеңірдек, бронхылар, өңеш және жүйкелер. Кеуде қуысының пішіні жынысына, жас ерекшеліктеріне, дене бітіміне, дамуына байланысты. Кеуде қуысының жоғарғы және төменгі тесігі болады. Жоғарғы тесігі артқы жағынан бірінші арқа омыртқасының денесімен шектеледі. Бүйірі бірінші жұп қабырғалармен, алдыңғы жағы төссүйектің жалпақ бетімен бітеді. Жоғарғы тесік арқылы өңеш, кеңірдек ірі қантамырлар мен жүйкелер өтеді. Жануарлармен салыстырғанда денесін тік ұстап, тік жүруіне байланысты адамның кеуде қуысы екі жағына керіліп, кеңейген.

Бассүйек қаңқасы – ми сауыты мен бет бөлімдерінен құралған. Ми сауыты бөлімі бір-бірімен берік (қозғалмай) байланысқан маңдай, төбе (2), самай (2), шүйде және т. б. сүйектерден құралған. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері – еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар. Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының әсерінен бүлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адамның бассүйегінің ми сауыты бөлімі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақ сүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны арқылы байланысқан.

 Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақ және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді.



Қол қаңқасы – иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады. Иық белдеуіне екі бұғана мен екі жауырын сүйектері жатады. Жауырынның пішіні үшбұрышты үш қырлы, жұқа әрі жалпақ сүйек. Бұғананың бір шеті төссүйекпен, екінші шеті жауырынмен байланысады. Қол сүйектеріне жататындар: тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ сүйегі (білек), қолбасы сүйектері. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен байланысады. Тоқпан жіліктің ішкі қуысын жілік майы толтырып тұрады.

Қолбасы сүйектеріне – білезік, алақан, саусақ сүйектері жатады. Білезікте (запястья) 2 қатар орналасқан 8 сүйек, алақанда 5 сүйек, саусақтарда 14 сүйек болады. Саусақ сүйектерінің басбармақтан басқасының әрқайсысында 3 қысқа сүйек (фаланги), ал басбармақта екеу болады (42-сурет).

Аяқ қаңқасына – жамбас белдеуі мен аяқ сүйектері жатады.

Жамбас пен сегізкөз тұтасып жамбас қуысын құрайды. Жамбастың өзі бір-бірімен тұтасып кеткен 3 сүйектен (мықын, шат, шоңданай) тұрады.



Әдебиеттер: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Тірек-қимыл жүйесі.

  2. Адам қаңқасы.

  3. Сүйектердің құрылысы мен құрамы.


3 Тақырып Ас қорыту жүйесі.

1. Ауыз қуысы. Сілекей бездері. Тістердің құрылысы және мамандалуы. Тіл.

2. Жұтқыншақ. Өңеш.

3. Қарын құрылысы.

4. Ащ ішеі. Тоқ ішек.

5. Қарын асты безі. Бауыр.


Асқорыту мүшелері мен асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі механикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар, майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық өзгерістерге жатады.

Асқорыту мүшелеріне ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан (қарын), аш ішек және тоқ ішек жатады. Асқорыту мүшелерінің іші қуыс, түтікке ұқсас.

Асқорыту мүшелерінің қабырғасы негізінен үш қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпадан тұратын сірқабат. Ортаңғысы – бұлшықет қабаты, ішкі қабаты – эпителий ұлпасынан тұрады.



Ауыз қуысы. Ауыз қуысын кіреберіс (ұрт) және нағыз ауыз қуысы деп екі бөлімге бөледі. Ұрттың сыртын бұлшықеттер мен еріндер жауып тұрады. Оның ішкі жағында үстіңгі, астыңғы жақ сүйектері, қызылиек және тістер орналасқан. Нағыз ауыз қуысы алдыңғы жағынан жақ сүйектерімен, тістермен, ал артқы жағынан аңқамен (зев) көмкерілген.

Ауыз қуысының үстіңгі жағындағы қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, оны мұрын қуысынан бөліп тұрады. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі жіңішкеріп әрі ұзарып бөбешікпен (тілшік) аяқталады. Ауыз қуысына сілекей бездерінің өзектері ашылады. Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып ұсақталады әрі сілекеймен араласып жұтылады. Тамақты жұту күрделі физиологиялық процесс (75-сурет).

Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады. Осыған байланысты тіл өте қозғалмалы мүше. Тілдің түбі, денесі және ұшы болады. Тіл кілегейлі (шырышты) қабықшамен қапталған. Тілдің кілегейлі қабықшасының үстіңгі бетінде түрлі пішінді көптеген дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің ұшы – тәттіні, екі бүйірі – қышқыл мен тұзды, ал түбі – ащыны сезеді. Сондықтан тіл дәм сезу мүшесіне де жатады. Сонымен бірге тіл сөйлеуге және тамақты жұтуға да қатысады. Ауыз қуысы тікелей аңқа (зев) арқылы жұтқыншақпен байланысады.

Жұтқыншақ – түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омыртқалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11–13 см. Жұтқыншақтың төменгі бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі (75-сурет). Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ арқылы тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшелер жүйесіне жатады.

Жұтқыншақ екі бүйіріндегі тесіктер арқылы ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан. Жұтқыншақтың ауыз қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті бадамшалар (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады. Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады. Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды жояды. Егер бадамша қабынса, қызметі дереу бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.



Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі жұтқыншақпен, төменгі бөлімі асқазанмен жалғасады. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған. Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті қабықшасының көп бөлігі бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің толқын тәрізді оқтын-оқтын жиырылуы нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көкеттің ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен) жалғасады.

 

Асқазан (қарын) – құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі (76-сурет). Асқазан іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Асқазан жоғарғы жағынан өңешпен төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. Ішкі қабаты – қиғаш, ортаңғысы – сақина тәрізді, ал сыртқысы – ұзыннан орналасқан. Асқазанның қатпарлы кілегейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.



Аш ішек – асқазан мен тоқ ішекті жалғастыратын түтік пішінді бұлшықетті мүше. Оның ұзындығы ересек адамдарда 5,5–6 метрдей. Аш ішектің асқазаннан басталған 25–30 сантиметрдей бөлімі – ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және ұйқы безінің де өзегі ашылады (77-сурет).

Аш ішек ирелеңдеп орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге аш ішектің кілегейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің ішкі сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылып-босаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің ішімен алға қарай жылжып отырады.



Тоқ ішектің ұзындығы 1,5–2 метрдей (78-сурет), аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқыр ішек деп аталады. Ол оң жақтағы мықын тұсында орналасқан. Соқыр ішектің төменгі шетінде ұзындығы 7–8 см-дей құрт пішінді тұйық өскін болады. Оны аппендикс (латынша «appendіx» – қосалқы) деп атайды. Ол лимфа жүйесіне жататын мүше.

Оның қабынуынан болатын ауру – соқырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ ішектің соңғы бөлімі – тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады, оның кілегейлі қабықшасында жарты ай пішінді ірі әрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі. Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары) болады, олар ағзаға пайдалы. Бұл бактериялар өсімдік жасунықтарын (клетчатка) ыдыратады, кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан қорғап, тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы бактерияларға зиянды әсер етуі мүмкін. Сондықтан да дәрі-дәрмектерді (антибиотиктерді) тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.



Тістің құрылысы және гигиенасы Тістің құрылысы. Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тіс сауытының сырты жылтыр кіреукемен (эмаль) қапталған (79-сурет). Кіреуке адам денесіндегі ең қатты ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейорганикалық заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95% кальций фосфатының қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш, темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да түрліше болады. Тіс сауытының үстіңгі бұдырларында кіреуке едәуір қалың. Балалар тістерінің кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз болғандықтан ол жұқа болады. Тістің қызылиектен шығып тұрған бөлігі – тіс сауыты деп аталады. Тістің келесі бөлімі – мойны. Тіс мойны арқылы тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.  

Тістің үшінші бөлімі – түбірі. Тістің түбірі жақ сүйектеріндегі арнайы ұяшықтарда орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (үлкен азу тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы борпылдақ дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген (79-сурет).

Тіске келетін қантамырлар оны қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Тіс ауырғанда немесе тісті жұлғанда ауыратыны жүйкелердің сезімталдығына байланысты.

Тістің көп бөлігін дентин (латынша «dens» – тіс) заты құрайды. Дентин өте тығыз сүйек ұлпасынан түзілген. Оның құрамының 70% фосфаттардан, фтордан және кальций карбонаттарының қосылыстарынан тұрады. Микробтардың әсерінен тістің дентин затының бұзылуынан болатын ауру тісжегі (кариес ) деп аталады (80, a-сурет).

Бүтін, әрі сау тістер адам денсаулығының басты кепілі. Ауырған тістерде ауру қоздырушы микробтар көптеп кездеседі. Тістің бүлінуі тіс кіреукесінің шытынауынан басталады. Тіс кіреукесінің шытынауы қатты заттарды (мысалы, жаңғақ) шағудан және т.б. жағдайлардан да болады. Кейде тым ыстық немесе өте салқын сусындарды бірінің артынан бірін ішу кіреукенің шытынауына әсер етеді. Тіс кіреукесіндегі шытынаған жерлерге микробтар шоғырланып, тістің бүлінуі жалғаса береді. Ауру тістер адам ағзасындағы басқа мүшелерге (жүрекке, бүйрекке, буындарға және т.б.) де зардабын тигізеді. «Ауру ауыздан кіреді» деген сөзде терең мағына бар. «Тіс бүлінді дегенше, іш бүлінді. Іш бүлінді дегенше, іс бүлінді» деген сөздер тістің ауруының ішкі мүшелерге әсерін дәл көрсетіп тұр.

Ауыз қуысына түскен тағам алдымен тістердің көмегі арқылы шайналып ұсақталады да, сілекеймен араласады. Ауызда толық шайналған, әрі сілекеймен шыланған тағам ағзада жеңіл қорытылып, тез сіңеді. Көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаевтың «апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас» деген нақылынан өздерің қорытынды шығарыңдар.

Адамның да тістері басқа сүтқоректі жануарларға ұқсас жеке топтарға бөлінген. Тістер күрек, сойдақ, кіші және үлкен азу тістер деп бөлінеді (81-сурет).

Ересек адамдарда 28–32 тұрақты тіс болады. Олар үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі арнайы тіс ұяшықтарында орналасқан. Әрбір жақ сүйектерінде 16 тіс бар. Тістердің пішіні де әр түрлі. Жақ сүйектерінің алдыңғы жағында орналасқан жалпақ тістерді күрек тістер деп атайды. Кейде оларды халық арасында маңдай тістер немесе қасқа тістер деп те атай береді. Жалпы күрек тістердің саны 8. Күрек тістердің екі шетіндегі пішіні үшкірлеу келген сойдақ тістер. Олардың саны 4. Адам күрек және сойдақ тістері арқылы тағамды жұлып алып жейді. Бұл тістерден кейін кіші азу тістер орналасқан. Олардың саны 8. Кіші азу тістерден кейін үлкен азу тістер бар. Олардың саны 12. Азу тістердің үстіңгі беті кедір-бұдырлы болады. Азу тістердің көмегімен тағамды ұсақтап шайнайды.

Сәби дүниеге тіссіз келеді. Сәбидің 6–9 айлығында алғаш рет күрек тістер шыға бастайды. Сәбиде 2 жасқа дейін барлығы 20 тіс шығады. Бұл тістер сүт тістер деп аталады. 6–7 жастан бастап сүт тістер түсіп, орнына тұрақты тістер шығады. «Баланың жетіде тісі түседі» деген нақыл соны аңғартады. Өйткені балалардың жақ сүйектерінің мөлшері мен пішіні ересек адамдардан өзгеше болады. Тұрақты тістердің бастапқы нышаны сүт тістердің түбірінің астында орналасқан. Олар бірте-бірте сүт тістерін ығыстыра бастайды да, сүт тістеріне қоректің келуіне кедергі жасайды. Қорек келмеген сүт тістер бірте-бірте түседі, оның орнына астыңғы жағынан тұрақты тістер шығады. 12–14 жаста толық тұрақты тістер шығып бітеді. Ең соңғы үлкен азу тістер 18–20 (одан да кешірек) жаста шығады. Оларды кеш шығатындықтан «ақыл тістер» деп атайды. Шын мәнінде олардың ақылға ешбір қатысы болмайды.

Тіс гигиенасы. Тісті сау қалпында сақтау үшін әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шайып, тісті тазалау қажет. Күн сайын тісті таңертең және кешке мұқият тазалап жуу керек. Тісті тазалауда белгілі ережені есте ұстау шарт. Алдымен бөлме температурасындағыдай сумен ауызды бірнеше рет шаю; содан соң арнайы тіс щеткасымен тазалау; алдыңғы жағын үйкелей бермей алдыңғы, артқы бүйір тұстарын да мұқият тазалау. Тіс щеткасын тістердің арасымен жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға қарай ысқылау; тістердің ауыз қуысына қараған ішкі беттерін де тазалау қажет (80, ә-сурет).

 Әрбір адамның жеке басының арнайы тіс щеткасы болуы тиіс. Тіс щетканы пайдаланғаннан кейін жақсылап тазартып жуып, сабындап қою керек. Келесі пайдаланарда сабынын жуып тазартып алу қажет.

 

Қазақ халқының көрнекті ғалымы, әрі алғашқы кәсіби дәрігері Халел Досмұхамедұлы да тістің тазалығына зор мән берген. «Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруының көбінен құтыласың. Тамақ жеген сайын тісіңді мәсуекпен (тіс тазалағышпен) жақсылап тазала. Ішкен-жеген сайын және ертеңінде, кешінде аузыңды тазалап шайып отыр». Ғалымның бұл даналық сөздері әрбір адамның есінде жүрер ережеге айналуы шарт.



Тісті тазалаудың басты құралы – тіс щеткасы (80, ә-сурет). Ондағы қылшықтардың орташа ұзындығы 25–30 мм, ені 8–12 мм болуы шарт. Жаңа тіс щеткасын пайдаланудан бұрын сабынмен, әрі ыстық сумен жуу керек. Тіс щеткасын әрбір 2–3 айда жаңартып отыру қажет. Тіс пасталарын да дұрыс таңдай білу керек. Мектеп оқушыларына «Ну, погоди», «Буратино», «Карлсон», «Детская», «Мятная», «Апельсиновая», «Олимп» және т.б. пасталар ұсынылады. Тістің кіреукесінің беріктігін сақтау үшін құрамында фторы бар пасталар қолданылады. Ондай пасталарға «Чебурашка», «Фтородент», «Флюродент», «Сигнал», «Пепсодент», «Колгейт» жатады.

Тістің бүтіндігін сақтау үлгісін жапон халқының қазіргі кездегі игілікті істерінен айқын көруге болады. Соңғы жылдары Жапонияда «тістің саулығы – ұлттың саулығы» деген ұзақ мерзімді «8020» атты шара қолға алынды. Бұл шара әрбір жапондыққа жақсы таныс. Оның мәні 80 жасқа дейін әр адамда 20 бүтін тіс болуы шарт: ол үшін алдымен тіс щеткасын таңдай білуге ерекше мән береді. Тісті және ауыз қуысын мұқият тазалау – ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Олай болса бұл салада да өзге халықтардың да өнегелі істерінен үлгі алудың ешбір сөгеттігі бола қоймас.


Асқорыту бездері. Асқорыту ферменттері. Сілекей бездері Асқорыту бездері. Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр және ұйқы безі жатады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл – өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл – сілекей және т. б. (қосымша 211-бет).

Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И.П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі кілегейлі қабығындағы өзгерістерді зерттеуде эндоскопия әдісі қолданылады. Онда жарықты арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.

Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі органикалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.



Асқорыту ферменттері. Ферменттер химиялық құрамы жөнінен нәруызтектес органикалық заттарға жатады. Ферменттер тірі жасушалардың барлығында кездеседі. Олар жасушада жүретін реакциялардың белсенділігін арттырады. Сондықтан да ферменттерді кейде биологиялық өршіткі – катализаторлар деп те атайды. Ферменттердің белсенді әсер етуіне қолайлы температура +37, 38°С.

Ферменттердің өздеріне тән қасиеттері бар. Біріншіден, әрбір фермент белгілі бір органикалық затты ғана ыдырата алады. Екіншіден, әрбір фермент белгілі бір химиялық ортада белсенді әсер етеді. Мысалы, қарын сөлінің құрамындағы ферменті қышқылды, ұйқы безінің сөліндегі ферменті – сілтілі ортада әсер етеді.

Көптеген ұсақ және ірі үш жұп сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Сілекей бездерінің ең ірісі – жұп шықшыт безі. Ол құлақ қалқанының астында орналасқан. Оның өзегі ұртқа ашылады, салмағы 20–30 г. Астыңғы жақасты сілекей бездерінің салмағы 14–15 г. Оның өзегі тілдің астына ашылады. Сілекей бездерінің ең кішісі – тіласты бездері. Оның салмағы 5 г, өзегі тілдің астына ашылады. Тағамның құрамына байланысты сілекей бездерінен тәулігіне шамамен 1,5–2 литрге дейін сілекей бөлінеді (82-сурет).

Сілекей – тұтқыр, түссіз сұйықтық. Оның құрамында 99–99,5% су, 0,5–1% органикалық және бейорганикалық заттар болады. Бейорганикалық заттардың мөлшері органикалық заттарға қарағанда 2–3 есе аз. Сілекейдің реакциясы әлсіз сілтілі. Сілекейдің құрамында көмірсуларды ыдырататын фермент – амилаза болады. Сілекейдің құрамында бактерияларды жоятын лизоцим болады.

Сілекейдің бөлінуі рефлекторлық жолмен реттеледі. Сілекей бөліну орталығы сопақша мида орналасқан. Тамақ ауызға түскенде ондағы жүйке талшықтарының ұштары (рецепторлар) тітіркенеді де, сілекей бөлінеді. Бұл сілекей бөлінудің шартсыз рефлексіне жатады. Ал сілекейдің тамақтың иісіне, көрінісіне, тамақ туралы айтылған сөздерге байланысты бөлінуі – шартты рефлекске жатады.

Шықшыт сілекей бездері қабынған кезде ісініп, жақпен тұтасып айқын байқалады. Ондай ауру паротит (свинка) деп аталады.

Қарын және ішек сөлі. Бауыр мен ұйқы безінің құрылысы және қызметі Қарын сөлі – қарынның ішкі кілегейлі қабығындағы ұсақ бездерден бөлінеді. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей қарын сөлі бөлінеді. Бөлінетін қарын сөлінің мөлшері тағамның құрамына, қою-сұйықтығына байланысты. Асқазанның кілегейлі қабығындағы безді жасушалар құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты 3 топқа бөлінеді. Бездердің бір тобынан – ферменттер, екіншісінен – тұз қышқылы, үшіншісінен – кілегейлі зат – муцин бөлінеді.

Қарын сөлі түссіз, әрі қышқылды ортада белсенді әсер етеді. Қарын сөлінің құрамы: 97–98% су, 1% органикалық заттар (ферменттер), 0,5% минералдық тұздар, 0,7% тұз қышқылы.

Асқазанның бұлшықеттерінің үнемі жиырылып босаңсуының арқасында тағам қарын сөлімен әбден араласады. Қарын сөлімен араласқан тағамды жентек (химус) деп атайды.

Тамақ ауыз қуысына түскен кезде-ақ қарын сөлі шартсыз рефлекс арқылы көп бөліне бастайды. Мұны И.П. Павлов тәбет сөлі деп атаған. Қарын сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолмен реттеледі. Қарын сөлінің құрамын, реттелуін И.П. Павлов өңешті кесіп және қарынға фистула қою және «бөлініп алынған қарынша» әдістері арқылы зерттеді. Қарын сөлінің құрамындағы фермент – пепсиннің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Қарын сөлінің құрамындағы тұз қышқылы ферменттердің белсенділігін арттырады және микробтарды, бактерияларды залалсыздандырады.

Асқазанда тамақтың қорытылуына ішімдік пен темекі тарту зиянды әсер етеді. Ішімдік асқазанның кілегейлі қабығындағы бездердің қалыпты қызметін бұзады. Ішімдікті үзбей пайдаланатын адамдарда асқазанның созылмалы қабынуы (хронический гастрит) байқалады. Темекі құрамындағы никотин уы сілекей арқылы асқазанға түсіп кілегейлі қабығының қабынуын туғызады. Кейде никотин әсерінен асқазандағы ұсақ қантамырлар зақымданып, ойық жаралар (язва желудка) пайда болады. Темекіні көп тартатын адамдардың 90%-ға жуығы асқазанның ойық жара ауруына шалдығады.

Ішек сөлі – аш ішектің ішкі кілегейлі қабығындағы көптеген ұсақ бездерден бөлінеді. Аш ішекте астың ары қарай қорытылуы өттің және ішек сөлінің әсерінен жүреді. Ішек сөлінің түсі күңгірттеу сұйықтық. Ересек адамда тәулігіне шамамен 2 литрдей ішек сөлі бөлінеді, оның реакциясы да сілтілі. Ішек сөлінің әсерінен асқазаннан тамақпен бірге келген қышқылды орта жойылады. Ішекке асқазаннан түскен тағамның әсерінен ішек сөлі үздіксіз бөлініп тұрады. Ішек сөлінің құрамында су, органикалық, бейорганикалық заттар және 20-дан астам ферменттер болады. Олар түрлі тағамдарды ыдыратып, денеге сіңуіне жағдай жасайды. Ішек сөлінің бөлінуі рефлекстік және гуморальдық жолдармен реттеледі.

Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен асқорыту безі. Бауыр жасушалары шоғырланып, өте ұсақ бөлшектер құрайды (83-сурет). Ол құрсақ қуысының жоғары бөлімінің оң жағында көкеттің астында орналасқан. Бауырдың салмағы ересек адамда 1,5–1,7 килограмдай, қоңырқай түсті безді мүше. Бауырдың оң жақ бөлігі үлкен, сол жақ бөлігі кішкене. Оның астыңғы бетінде алмұрт пішінді өт қабы орналасқан. Ересек адамның өт қабында 30–50 мл өт болады.

Бауырдың негізі эпителий ұлпасынан тұрады. Бауыр жасушаларына өте көп мөлшерде қан келеді. Бауырға артерия қанымен бірге, аш ішек, тоқ ішек, асқазан, ұйқы безі, көкбауырдан жиналған вена қаны да келеді. Вена қаны бауырдың вена қақпасын құрайды. Вена қанының құрамындағы денеге сіңген тағамдық өнімдер бауырда қайта өңделеді. Өңделген заттардың біраз бөлігі қайтадан қанға өтіп, ұлпаларға, мүшелерге энергия және құрылыс материалы түрінде таралады. Қалған бөлігі бауыр жасушаларында гликоген күйінде қор заты болып жиналады.

Бауыр жасушалары ішімдікке, есірткіге және темекі уына өте сезімтал. Ішімдікті үнемі, әрі ұзақ уақыт пайдаланатын адамдардың бауыр жасушалары тығыздалып, дәнекер ұлпаға айналады. Ол бауырдың өте қауіпті ауруы – бауырдың беріштенуіне (цирроз) соқтыруы мүмкін. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұқпалы бауырдың қабынуы (гепатит) ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі тілде сары ауру (болезнь Боткина) деп атайды. Бауырда паразитті таспақұрт – эхинококктың әсерінен де ауру болуы мүмкін. Оның жұмыртқалары лас судан, таза жуылмаған көкөністерден, не жануарлардан жұғады да, қанмен бауырға келеді. Одан эхинококкоз ауруы пайда болады.

Бауырдың басты қызметі – өт бөлу. Ересек адамдарда тәулігіне 0,5–1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына), одан өт қабының өзегі арқылы ұлтабарға түседі. Бауыр жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. Өт ұлтабарға адам тамақтанған кезде ғана өтеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және рефлекторлық жолмен реттеледі.

Өттің құрамының 95–98% су, қалғаны өт пигменттері, өт қышқылдары, холестерин, минералдық тұздар. Өт түсінің сары-қоңырқай, кейде жасыл болуы құрамындағы пигментті заттарға (билирубин, биливердин) байланысты. Өт пигменттері тіршілігін жойған эритроциттердің гемоглобинінен түзіледі. Өттің, зәрдің және нәжістің түстерінің сарғыш түсті болуы да өт пигменттеріне байланысты. Өт әлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.

Өттің негізгі қызметінің бірі – майлы тағамдарды қорытуға әсер етеді. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның құрамында холестериннің мөлшері артады. Ол ұзақ уақыт ұсақ түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде «тастың» пайда болуына әсер етеді. Өт майлар мен майда еритін витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек сөлінің және ұйқы безі сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге келген микробтарды зиянсыздандырады. Бауырдың ағзада атқаратын қызметі сан алуан. Ол зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Бауыр қандағы қанттың қалыпты деңгейін сақтайды. Бауырда қанттың артық мөлшері қор ретінде (гликоген) жиналады. А витамині, фибриноген, протромбин нәруыздары түзіледі. Тіршілігін жойған эритроциттер бауырда өттің түзілуіне қатысады. Ішектен бірге түскен зиянды және улы заттар бауырда зиянсызданады.

Бауыр ауруын емдеуде қазақстандық ғалымдар академик, халық қаћарманы Мұхтар Әлиев пен профессор Жақсылық Досқалиевтың еңбегі зор. Олар ұрықтың (түсіктің) бауыр жасушаларын алып, бауыры ауыратын науқастардың бауырына салды. Бұл медицинада дүниежүзілік мәні зор жаңалық болды.

 Ұйқы безі – бауырдан кейінгі кіші асқорыту безі. Ол әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездерінің қызметін атқарады. Ұйқы безі қарынның астыңғы жағында орналасқан пішіні таспа тәрізді. Салмағы 60–80 г. Ұйқы безінің де өзегі ұлтабарға ашылады. Одан бөлінетін сөл нәруыздарды, майларды және көмірсуларды ыдыратады.

Оның сыртқы бөлігі ғана сөл бөледі. Ұйқы безінен панкреатин (латынша «рankreas» – ұйқы безі) сөлі ересек адамдарда тәулігіне 1,5–2 л бөлінеді.

Ұйқы безінің ішкі бөлігінен инсулин, глюкагон гормондары бөлінеді де, көмірсулардың және майлардың алмасуын реттейді.

Қорыта айтқанда, ас асқорыту мүшелерінде ұсақталып, асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Қорытылған заттар қан мен лимфа арқылы денеміздегі барлық жасушаларға, ұлпаларға таралады. Қорытылмай қалған қалдық заттар сыртқа шығарылады.

 Асқорыту мүшелерінде астың қорытылуы мен сіңуі Ауыз қуысында астың өзгеруі. Ауыз қуысына түскен тағам шайналып ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге айналдырады. Сілекейдің құрамындағы ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп, тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз қуысындағы тағам тіл мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа, одан өңеш арқылы асқазанға өтеді. Жұту кезінде көмекей қақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде тұншығады. Сондықтан да, тамақ ішіп отырғанда сөйлеуге болмайтынын естеріңнен шығармаңдар!

Асқазанда астың қорытылуы. Ересек адамдардың асқазанының сыйымдылығы 1,5–2 литр. Асқазанның пішіні мен мөлшері астың түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ бездерден бөлінетін қарын сөлінің құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және т.б. заттар болады.

Асқазанда тағам 3–6 сағаттай уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың сұйық жентекке айналады. Жартылай сұйық жентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын аш ішекке өтіп тұрады.



Ішекте астың қорытылуы және сіңуі. Асқазанда жартылай қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі. Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының және ұйқы безінің өзегі ашылады. Бауырдан келетін өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар – амин қышқылдарына, крахмал – қантқа, майлар – май қышқылдары мен глицеринге дейін ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді. Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен толық қорытылып, еріген қосылыстарға айналады.

Астың сіңуі. Аш ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте ұсақ тұйық өскіндер – бүрлер болатыны сендерге таныс. Бүрлердің сырты бір қабатты эпителий жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын көптеген қан және лимфа тамырлары торлап жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы әбден қорытылған амин қышқылдары мен қант (глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май қышқылдары лимфа тамырларына өтеді де, тері астындағы шел қабатқа жиналады. Амин қышқылдары мен қант бауырға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл денеге таралады. Бұл арада, сендер, қоректік заттардың қанға тек еріген күйінде ғана өтетінін есте сақтаңдар!

Тоқ ішекте астың қорытылуы. Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу – жасунықты (клетчатканы) ыдыратуға қабілетті. Бактериялар «К» және «В12» витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат – нәжіске айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Осы бұлшықеттердің көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Ащ ишектегі астың қорытылуы.

  2. Асқорыту жүйесінің құрылысы.

  3. Ас қорыту жүйесі бойынша саяхат.


Тақырып 4. Тыныс алу жүйесі

  1. Мұрын қуысы. Көмей.

  2. Кеңірдек және бронхлар. Өкпенің анатомиялық құрылысы.

  3. Ацинус ұғымы. Альвеолалар.

Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті қабылдап, көмірқышқыл газын бөледі. Ағзаның әрбір жасушасының жұмысы (бұлшықеттердің жиырылуы, тердің, сілекейдің бөлінуі, қозудың берілуі) энергияны жұмсаумен байланысты. Тынысалу тірі ағзаларға тән қасиет.

Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады. Тотығуға оттек жұмсалады. Ағзада оттектің қоры болмайды. Ағза тыныс алғанда оттекті қабылдайды, ыдырау өнімдері (көмірқышқыл газы мен су буы) ағзадан сыртқа шығарылады. Тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі, ағза мен қоршаған орта арасында газ алмасуды қамтамасыз етеді. Органикалық заттардан энергия босау үшін оттек қажет. Тірі ағза үздіксіз тыныс алады. Адам оттексіз 1 минут та тіршілік ете алмайды.



Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Тынысалу жүйесіне – мұрын қуысы (кеңсірік), жұтқыншақ, көмекей (көмей), кеңірдек, бронхылар, өкпелер жатады (67-сурет). Өкпелерден басқасын ауа өтетін жолдар деп атайды.

 Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды. Онда көптеген ұсақ бездер болады. Безді жасушалардан бөлінген шырыш шаң мен тозаңдарды ұстап қалады. Әрі ауа ылғалданады. Кілегейлі қабықша қантамырларына бай. Мұрын қуысындағы ұсақ көптеген қантамырлардың әсерінен ауа біршама жылынып ары қарай өтеді. Қан жасушалары – лейкоциттер мұрын қуысына енген микробтарды жояды.



Кеңсіріктегі ауаны кілегейлі қабықшадан бөлінген заттар ылғалдандырады; капилляр қантамырлары ауаны жылытады; лейкоциттер микробтарды жояды.

 Кеңсіріктің жоғарғы жағында түрлі иістерді қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұштары орналасады. Мұрын қуысы ішкі танау тесігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Жұтқыншақта асқорыту және тынысалу жүйелерінің жолы түйіседі. Тамақ жұтқыншақтан өңешке, ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тынысалу мүшелер жүйесіне жатады. (Асқорыту мүшелерін естеріңе түсіріңдер).



Көмекей (көмей) – мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуыс шеміршекті мүше. Оның ішкі бетін кілегейлі қабықша астарлап жатады. Қабырғасы 3 сыңар, 3 жұп шеміршектерден түзілген. Ірі шеміршектеріне: төменгі бөлігіндегі сақина тәрізді, алдыңғы жағы мен бүйіріндегі қалқанша тәрізді, үстіңгі жағындағы көмекей қақпақшасы жатады. Көмекейдің артқы жағында 3 жұп майда шеміршектер болады. Шеміршектер бір-бірімен жартылай қозғалмалы байланысқан. Шеміршектерге бұлшықеттер бекінеді. Шеміршектердің арасында – 2 дыбыс сіңірлері болады, олар да шеміршекке бекінеді. Дыбыс сіңірлері бір-біріне қатарлас жатқан иілгіш, серпімді талшықтардан түзілген. Дыбыс сіңірлерінің арасындағы кеңістікті дыбыс саңылауы дейді.

Адам дем шығарғанда дыбыс саңылауы тарылып дыбыс шығады. Дыбыстың шығуы адам сөйлегенде ауа ағынының дыбыс сіңірлерін тербелтуіне байланысты. Дыбыс сіңірлері неғұрлым ұзын болса, оның тербелісінен жуан дыбыс шығады. Ер адамдардың көмекейі үлкен, дыбыс сіңірлері ұзын, дауыстары жуан. Мойынның алдыңғы жағындағы ең ірі қалқанша шеміршегінің үлкен үшкір түйіні – бидайық (кадык) деп аталады. Ол жұтынғанда, сөйлегенде жоғары, төмен қозғалады. Сонымен көмекей дыбыс шығару мүшесінің де қызметін атқарады. «Көмекейі бүлкілдеген әнші екен», «күміс көмей» деген ұғымдар соны білдіреді. Ер адамда көмекейінің орташа ұзындығы 44 мм. Әйелдердің көмекейі кішілеу, дыбыс сіңірлері қысқа болғандықтан, дауысы жіңішке болады, оның орташа ұзындығы 36 мм. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға тіл, ерін, жақ сүйектері қатысады.

Әдетте барлық адамның дауысы бірдей емес. Дыбыстың құбылып, түрліше болып шығуы: көмекейдің пішіні мен мөлшеріне, дыбыс саңылауына, мұрын, ауыз қуыстарына, тіл, ерін, тістеріне байланысты. Көмекей – ауаны өткізуге, дыбыс шығаруға көмектеседі. Көмекейдің төменгі бөлімі кеңірдекке жалғасады.

Кеңірдек – көмекейдің жалғасы, іші қуыс түтік пішінді шеміршекті мүше. Ол өңештің алдыңғы жағында орналасады, ұзындығы шамамен 9–12 см, диаметрі 15–18 мм. Кеңірдектің алдыңғы қабырғасы бір-бірімен сіңірлер арқылы өзара байланысқан жартылай шеміршекті сақиналардан тұрады. Жартылай сақиналы шеміршектер кеңірдектің бір-біріне қабысып қалмай ауаның еркін өтуін қамтамасыз етеді. Кеңірдектің өңешпен жанасқан артқы жағы жұмсақ, тығыз талшықты дәнекер ұлпасынан түзілген. Кеңірдектің бұл жағы өңештен тамақ өтуіне ешбір кедергі жасамайды.

Кеңірдек 5-інші арқа омыртқасының тұсынан оң және сол жақ өкпеге баратын 2 бронхыға тармақталады. Бронхы (грекше «bronchus» – тыныс алқымы) кеңірдектің жалғасы. Ішкі беті кілегейлі қабықшамен қапталған. Бронхылар өкпеде өте көп тармақтарға бөлінген. Ең жіңішке тармақтары бронхиолдар (грекше «bronchіolі» – кішірею) деп аталады. Бронхиолдардың ұштары шоғырланып, іші ауаға толы өкпе көпіршіктерімен (альвеолалармен) аяқталады. Альвеоланың (латынша «alveolus» – ұяшық, көпіршік, қуыс) диаметрі 0,2–0,3 мм, қабырғалары бір қабат эпителий жасушаларынан тұрады. Өкпе көпіршіктерінің сыртын тұтас капилляр қантамырлары торлап жатады. Капиллярлар мен өкпе көпіршіктері қабырғаларының арасында газ алмасады. Көпіршіктердің ішіндегі ауа құрамынан оттегі қанға өтеді. Капиллярлардағы қанның құрамындағы көмірқышқыл газы өкпе көпіршігіне өтеді.



Өкпенің құрылысы мен қызметі Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше (68-сурет). Өкпеде қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе (оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар (борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бір-біріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толып жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы (грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.

Өкпе көпіршіктері серпімді болғандықтан тыныс алғанда созылады. Оның қабырғаларын орталық жүйке жүйесімен байланыстыратын жүйке талшықтары торлайды. Өкпе көпіршіктері орталық жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Өкпе көпіршіктері мен капилляр қантамырларының қабырғасы өте жұқа болғандықтан, олардың арасында газдар еркін алмасады.



Тынысалу қозғалыстары. Тынысалу қозғалыстары – тынысалу және тыныс шығару арқылы жүзеге асады. Жаңа туған нәрестенің тынысалу қозғалыстары минутына 60 рет, ересек адамдарда 16–18 рет (69, ә-сурет).

Демді ішке алғанда қабырғалар сәл көтеріліп, көкет тегістеледі. Кеуде қуысы кеңейеді (70-сурет). Көкет – диафрагма кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын күмбез тәрізді бұлшықетті перде. (Бұлшықеттерді естеріңе түсіріңдер.)

Тыныс алғанда көкеттің тегістелуі бұлшықет талшықтарының жиырылуынан болады. Тыныс алғанда кеуде қуысының көлемі үлкейеді. Кеуде қуысының қозғалысына сай өкпенің де көлемі үлкейіп, ауаға толады. Сыртқы қабырғааралық бұлшықеттердің жиырылуынан қабырғалар көтеріледі. Тынысалуға көкет пен қабырғааралық бұлшықеттерден басқа кеңірдек пен бронхылардың шеміршек арасындағы бұлшықеттер де қатысады.

Тыныс шығарғанда кеуде қуысы мен өкпенің көлемі кішірейеді. Көкет күмбезденіп қайта қалпына келеді. Өкпе көпіршіктеріндегі қысым артып, ауа өкпеден ауа жолдары арқылы сыртқа шығарылады. Тынысалуға қатысатын бұлшықеттер босаңсып, көкет күмбезденіп көтеріледі. Жиі тыныс шығарғанда ішкі қабырғааралық және құрсақтың бұлшықеттері қосылып жиырылады. Тыныс алуға қабырғааралық еттер белсенді қатысса – «көкіректі» тыныс алу типі дейді. Бұл көбіне әйел адамдарда байқалады. Көкет белсенді қатысса – «құрсақты» тыныс алу типі дейді, бұл ер адамдарда болады (70-сурет).



Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу. Өкпедегі газ алмасу – тыныс алғанда атмосфералық ауаның құрамында 79% – азот, 21% – оттек, 0,03% – көмірқышқыл газы және т. б. болады. Тыныс шығарғанда оттектің мөлшері азайып (16%), көмірқышқыл газы (4%) көбейеді (69, а-сурет). Тыныс алу мен тыныс шығару кезінде азоттың мөлшері өзгермейді. Тыныс алу актысы кезінде өкпе көпіршіктерінен оттек қанға, көмірқышқыл газы өкпеге өтеді.

Оттекті тасушы – гемоглобин. Өкпеде қан көмірқышқыл газынан тазарып, оттекке қанығады. Оттекке қаныққан қан үлкен қанайналым шеңберімен ағзаның барлық ұлпаларына таралады.



Ұлпалардағы газ алмасу. Ұлпа жасушаларындағы оттектен артерия қанындағы оттектің мөлшері көп болады. Оттек капиллярлардың қабырғаларынан жасушаларға өтеді де, олардың тіршілік әрекеттеріне жұмсалады. Артерия қанымен жасушалардың газ алмасуы диффузия жолымен жүреді. Түзілген көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан қанға өтіп, артерия қаны вена қанына айналады. Ұлпаларда қан оттекті беріп, көмірқышқыл газына қанығады.

Өкпедегі және ұлпалардағы газ алмасу үш кезеңнен тұрады. Біріншісі – сыртқы (өкпелік), екіншісі – газдардың қан арқылы тасымалдануы, үшіншісі – ішкі (ұлпалық) газ алмасу деп аталады.



Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі.

 

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады (71-сурет).

Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.

 

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл

 

Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.



Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.

Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады. Тыныс шығарғанда өкпенің сығылуы өкпе көпіршіктеріндегі жүйке ұштарын тітіркендіріп, қозу пайда болады. Қозу сезгіш жүйке талшықтары арқылы тыныс алу орталығының тыныс алу бөліміне беріледі. Бұл бөлімнің импульстері жұлынға, одан қозғалтқыш жүйке талшықтары арқылы сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке беріледі. Бұлшықеттер жиырылып, кеуде қуысын кеңейтеді, тыныс алады. Тыныс алу мен тыныс шығаруды реттейтін орталық – жүйке жүйесі. Мұны жүйкелік реттелу дейді. Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарылауы және т. б.) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттеледі. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілейді. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.

Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет (72-сурет). Жасанды тыныс алдыру жолдары: а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу; ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру; г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Тыныс алу жүйесінің құрылысы


Тақырып 5. Жыныс және зәр шығару жүйесі.

  1. Бүйрек құрылысы.Фильтрациялық аппарат.

  2. Несепағар. Қуық. Мочеиспускательный канал.

Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз. Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық (қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.

Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, ішек жатады.



Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі жатады.

Ыдырау өнімдерін шығарудың негізгі мүшесі - бүйрек. Ағзадан зат алмасу соңғы өнімдерінің 75%-ы бүйрек арқылы шығарады. Бүйрек құрсақ қуысында 1-2- бел омыртқаның екі жағында орналасқан. Ол үрмебұршақ пішінді қызғылт-қоңыр түсті. Оң жақтағы бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған. Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары, бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.

Әрбір бүйректің салмағы шамамен 150 г. Бүйректің сыртын қалың май қабаты қаптайды. Бүйрек қоңырқай түсті сырты қыртысты және іші бозғылт түсті милы заттан түзілген. Бүйректің ойыс жағында шағын қуысы болады, оны бүйректің астаушасы дейді. Бүйректің құрылысы өте күрделі. Бүйректің құрылымдық және қызметтік бірлігі - нефрон (гр. nefron -бүйрек) деп аталады. Әрбір бүйректе 1 миллионнан астам нефрон болады. Нефронның өзі екі бөлімнен тұрады. Сыртынан қоршап жатқан бөлімі — бүйрек денешігі деп аталады, ол қыртысты затта орналасқан. Екінші бөлімі — нефрон өзекшелер, олар бүйректің иір-иір болып шумақталып, боз затқа орналасады. Нефрон өзекшелері иректеліп әрі өзара қосылып жинағыш түтікшелерді құрайды. Олар тікелей пирамидалармен байланысқан.

Бүйректе артерия қантамырлары 2 рет қылтамырлар шумағын құрайды. Адам денесіндегі басқа мүшелерде ұсақ қантамырлар бір-ақ рет қылтамырлар шумағын құрайды.

Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын - бүйрек.


  1. Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена қантамырларымен жүрекке карай ағады.

  2. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.

  3. Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.

  4. Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын сақтайды.

  5. Су мен тұздың мөлшерін реттейді.

  6. Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың концентрациясы жасуша ішіндегі концентрациясынан артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп калады.

Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз) қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр уақытша жиналады. Ол ересек адамда кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген. Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналаскан.

Зәршығару өзегінің құрылысы ер адамдар мен әйел адамдарда бірдей емес. Әйелдердің зәршығару өзегінің ұзындығы 3-3,5 см. Зәршығару өзегінің сыртқа ашылатын тесігі қынаптың алдыңғы тұсында қатарласа орналасады. Зәршығару өзегінің ішкі сілемейлі қабығы ұзын қатпарлы болады. Үрпі жолы зәршығару тесігімен аяқталады.

Ер адамның зәршығару өзегінің пішіні түтікше тәрізді, ұзындығы шамамен 18 см. Ол қуықтан басталып, жыныс мүшесінің ұшына дейін созылып жатады. Ер адамдардың зәршығару өзегі 2 түрлі қызмет атқарады: зәр және жыныс жасушалары (спермалар) сыртқа шығарылады.



Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

  1. Функции выделения. Органы выделения.

  2. Мочевыделительная система

  3. Половая система.


Тақырып 6. Эндокриндік жүйе.

  1. Гипоталамус. Гипофиз. Эпифиз.

  2. Тимус. Қалқанша, қалқанша серік бездері.

  3. Қарын асты безінің аралшық аппараты.

  4. Бүйрек үсті.

 Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды (8-сурет).

Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.

 Гормондар (грекше «hormae» – қоздырамын, қозғалысқа келтіремін) – ішкі секреция бездерінен бөлінетін және ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы органикалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық – аралық мидағы гипоталамус (грекше «hyро» – асты, төменгі жағы, «talamos» – бөлме). Оны көру төмпешік асты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бір-бірімен тығыз байланысып, гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Олардан бөлінетін гормондар нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады (қосымша 210-бет).

Қызметі: 1. Гормондар денедегі зат алмасу қарқындылығын өзгертеді; 2. Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігін арттырады; 3. Өсу мен көбеюді реттейді; 4. Ағзадағы физиологиялық процестерді үдетеді (күшейтеді) немесе бәсеңдетеді.

Гипофиз (грекше «hypophysіs» – өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5–0,6 г жетеді. Гипофиз – безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі: 1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді; 2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді; 3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді; 4) сүт безінен сүттің бөлінуін қамтамасыз етеді;   5) бүйрекүсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді; 6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды. 

Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигменті – меланиннің түзілуін күшейтеді. 

Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі ұсақ артерия қантамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады. 

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді (9-сурет). Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады. 

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байқалады. Аяқ-қол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (грекше «akros» – аяқ-қол сүйектері, «mega» – үлкен) деп атайды (10-сурет). Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді. 

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей қалады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, әйелдерде 100–120 см-ден аспайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.



Ергежейлілік (грекше «nanos» – тым аласа бойлылық) – гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі – дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын – гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан – алдыңғы бөлігі зақымданады. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлығы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей қалады. Жыныс бездері толық жетіліп-дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.

Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады. 

Гипофиздің жұмысын реттеу үшін (бойы нашар өсетін балалар) өсу гормонын жасанды түрде ағзаға жіберсе, 6 айда 5–6 см өседі. Аласа бойлы адамдардың бойлары 38 см-ден 1 метрге дейін өскені анықталған.

Гипофиздің артқы бөлігі зақымданса, бүйректің жұмысы бұзылады. Денеден тәулігіне өте көп мөлшерде зәр бөлінеді.

Ескерту: спортпен шұғылданып, денесі әбден шыныққан, бойлары 2 м жететін адамдар бар. Бұларда гипофиз гормоны қалыпты мөлшерде бөлінген. Тек шынығудың арқасында сүйектері жақсы дамыған.
Аралас бездер. Ұйқы безі. Жыныс бездері.

Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу


 Аралас бездер сөл де, гормон да бөледі. Сөлді арнайы өзектері арқылы басқа жерде орналасқан мүшелерге, ал гормондарды тікелей қанға бөледі. Сондықтан бұл бездер әрі сыртқы, әрі ішкі секреция бездеріне жатады. Аралас бездерге ұйқы безі мен жыныс бездері кіреді.

Ұйқы безінің құрылысы: ұйқы безі бозғылдау қызғылт түсті, ұзындығы 15–22 см, құрсақ қуысының оң жағында қарынның астына таман орналасады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық (экзокриндік) қызметі: өзінен бөлінетін ұйқы безінің сөлі өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады. Ішкі секрециялық (эндокриндік) қызметі: ұйқы безінің әр жерінде топтанып орналасқан ерекше жасушалар жиынтығына байланысты. Мұндай топтанып орналасқан жасушалар ұйқы безінің жалпы салмағының 2–10%-ын құрайды. Жасушалар тобы әсіресе ұйқы безінің төменгі ұшында көбірек орналасқан. Адамның ұйқы безінде мұндай жасушалар тобының саны 1 800 000-ға жетеді, ешқандай өзегі болмайды. Жасушалар тобының диаметрі 100 мкм-ден 500 мкм-ге дейін, пішіндері домалақ, сопақша және т.б. Сәби және жас кезде ағзаның өсуіне әсер ететін инсулин гормоны көбірек бөлінеді. Қартайғанда глюкагон гормоны көбірек бөлінеді. Ұйқы безінің экзокриндік қызметі асқорыту ферментін бөлу болса, эндокриндік қызметі инсулин, глюкагон гормондарын бөлумен байланысты.

Қызметі: инсулин (латынша «іnsula» – аралша, топ) – қарапайым нәруыз, қандағы глюкозаны реттейтін гормон. Инсулин гормонын Канада ғалымдары 1921 жылы жасанды жолмен бөліп алған. Инсулин жасушалардың жарғақшасы арқылы глюкозаның өтуін жылдамдатады және оның біраз бөлігін гликогенге айналдырады. Гликоген бауырда, бұлшықеттерде қор ретінде жиналады. Дені сау адамның қанында глюкозаның мөлшері 4,6–6,7 миллимоль/л. Глюкоза – ағза үшін энергетикалық және пластикалық материал. Май мен нәруыз алмасуына да әсер етеді. Нәруыз түзілу кезінде жасуша жарғақшасынан аминқышқылдарының тасымалдануын күшейтеді. Инсулин зат алмасудың көптеген реакциясына қатысады.

Инсулин гормоны жетіспегенде (аз бөлінгенде) ағзада болатын ауытқулар: денеде инсулин гормоны жетіспесе, адам қант ауруына (сусамыр) шалдығады. Қант ауруы (сахарный диабет) көмірсу алмасуының бұзылуынан болады. Қанда глюкозаның концентрациясы 10 миллимоль/л дейін жоғарылайды. Бұл аурумен ауырған адамның бауырында гликоген қоры азайып, қанда глюкоза мен май қышқылы көбейеді. Жасушада аминқышқылы реакциясы бұзылып, нәруыздың түзілуі нашарлайды. Қанда глюкозаның мөлшері 0,1%-дан – 0,4% -ға дейін көбейеді, зәрдің құрамында глюкоза пайда болады.

Қанда глюкоза мөлшері артқандықтан, ол зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Қантты бөліп шығару үшін қосымша су мөлшері қажет. Аурудың белгісі: адам шөлдей береді; тамақты да жиі қабылдайды; тез арықтайды. Бұл ауру суды көп қажет ететіндіктен «сусамыр» дейді. Қант диабеті ауруын емдеу үшін құрамында көмірсулары бар тағамдарды өте аз пайдалану; диета сақтау; денеге инсулин гормонын жіберу; «толбутамид», «надизан» және т.б. дәрілерді ішу қажет. Ұйқы безінен бөлінетін екінші гормон – глюкагон. Бұл гормонның қызметі инсулин гормонына керісінше. Егер қанда глюкоза жетіспесе, глюкагон гликогеннің глюкозаға айналуына әсер етеді. Қанда глюкозаның мөлшері көбейеді.



Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқажасушасы түзіледі. Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары бірден қанға бөлінеді. Ер адамдардан бөлінетін жыныс гормондары – андрогендер (грекше «andros» – еркек) оның негізгісі – тестостерон. Әйелдердің жыныс гормондары экстрогендер деп аталады.

Қызметі: ер адамдардың жыныс гормоны еркектерге тән белгілердің дамуына әсер етеді (дауыстың жуандауы, сақал-мұрттың шығуы, бұлшықеттерінің даму ерекшеліктері және т. б.). Андрогендер – бауыр, бүйрек, бұлшықеттегі нәруыздың түзілуін күшейтеді. Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Әйелдердің жыныс гормоны әйелдерге тән жыныс белгілерінің дамуын реттейді ( жіңішке дауыс, бетке сақал-мұрттың шықпауы; сүт бездері мен жатырдың дамуы, қанқа сүйектерінің ерекшеліктері және т. б.). Жыныс гормондары жетіспесе, сүйектің өсуі баяулап, денесі өспейді, тек аяқ-қолдары тым ұзарып кетеді.

Адам денесінде ішкі секрециялық бездерден басқа сыртқы секрециялық бездер де болады. Оларға жататындар: тер, жас, сілекей, сүт бездері мен бауыр және т. б. бездер. Бұл бездердің без жасушаларында түзілген өнімдері арнайы өзекшелер арқылы сыртқа шығарылады (тер, сілекей, сүт, өт және т. б.).



Ішкі секреция бездерінің бір-біріне әсері. Гуморальдық және жүйкелік-гуморальдық реттелу. Ішкі секреция бездері жұмысының бір-бірімен өзара күрделі байланысы негізінен мына факторлармен аңықталады: 1) әрбір мүшенің жұмысына әр түрлі бездерден бөлінетін бірнеше гормондар бір мезгілде әсер етеді; 2) бір бездің гормоны басқа бездің жұмысына әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормоны бүйрекүсті бездерінің қыртыс қабатының дамуына әсер етеді. Инсулиннің бөлінуіне, қалқанша без бен жыныс бездерінің қызметіне әсерін тигізеді. Ішкі секреция бездерінен гормондардың бөлінуін орталық жүйке жүйесі реттейді. Өйткені, орталық жүйке жүйесінде бездердің жұмысымен байланысты орталықтар аралық мида бар. Жүйке арқылы реттелу өте тез жүреді және ол жүйке жүйесінің тікелей бақылауында болады. Гормондар арқылы реттелу жүйке арқылы реттелуден баяуырақ жүреді. Ағзада мүшелер қызметінің гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді. Гуморальдық (латынша «humor» – сұйықтық) реттелу ағзаның ішкі ортасы (қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы) мен жасушалардан, ұлпалардан бөлінетін биологиялық белсенді заттар арқылы жүзеге асады. Гуморальдық реттелуде гормондар негізгі рөл атқарады. Жүйкелік-гуморальдық реттелуде гуморальдық реттелу жүйкелік реттелуге бағынышты. Жүйкелер мен гипофиздің байланысының арқасында, жүйкелік-гуморальдық реттеу жүзеге асады. Екінші жағынан гормондар да жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл екі жүйенің өзара бірлесуі бұзылса, барлық мүшелер жұмысы да бұзылады. Жүйкелік реттелу мен гуморальдық реттелу арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын орта жағдайларына бейімделеді.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Ішкі секреция бездері

2. ІСБ бұзылуынан пайда болатын аурулар.
Тақырып 7. Қан және лимфа жүйелері.


  1. Қан құрамы. Қан тамырлары.

  2. Кіші және үлкен қан айналымдары.

  3. Жүрек құрылысы (бөлімдері, қабаттары, клапандары).


Қанайналым мүшелері. Қан адам ағзасында ұдайы қозғалыста болады. Қанның қозғалуы – ағза мен сыртқы ортаның арасында газ бен зат алмасуды қамтамасыз етеді. Дененің барлық мүшелері мен ұлпалары қоректік заттар мен оттекті қабылдап, зиянды заттардан тазартылады. Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын (қозғалысын) қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне – жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын XVІІ ғасырда ағылшын ғалымы У. Гарвей ашты.

     Жүректің құрылысы. Жүрек – қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250–300 г. Жүрек – кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше (60-сурет). Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі – негізі, сүйірлеу бөлігі – ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) – перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады (61-сурет). Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.

Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты – эпикард (грекше «epі» – сыртқы, «cor» – жүрек), өте жұқа, жүректі қоршап тұрады. Ортаңғы қалың бұлшықетті қабаты – миокард (грекше «mіos» – бұлшықет). Ішкі қабаты жұқа – эндокард (грекше «endo» – ішкі) жүректің ішкі қуыстары мен қақпақшаларын астарлап жатады.

Жүректің миокард қабаты қарыншаларға қарағанда жүрекшелерде жұқа. Ондағы бұлшықет талшықтары екі түрлі бағытта орналасқан. Қарыншалардағы миокард қабаты (әсіресе, сол жақ қарыншада) қалың.

Жүрек негізінен ұшына қарай созылып жатқан қалың бұлшықет қабаты арқылы 2 бөлікке бөлінген. Жүректің әрбір бөлігінде бір жүрекше, бір қарынша болады. Әр бөліктегі жүрекше мен қарынша өзара тесіктер арқылы байланысады. Сол тесіктерде жүрекшелерден қарыншаларға қарай ашылып-жабылып тұратын жақтаулы қақпақшалар (створчатые клапаны) болады. Оң жақ жүрекше мен оң жақ қарыншаның арасында үш жақтаулы, сол жағында қос жақтаулы қақпақшалар орналасқан (62-сурет).

Қарыншалар мен олардан басталатын артерия қантамырларының арасында жарты ай тәрізді қақпақшалар (полулунные клапаны) бар. Бұл қақпақшалар қантамырлардың ішіне қарай ашылады.

Жүректегі қақпақшалар қанды тек бір бағытқа қарай өткізеді. Жақтаулы қақпақшалар арқылы қан жүрекшелерден қарыншаларға қарай өтеді. Жарты ай тәрізді қақпақшалардан қан артерия қантамырларына қарай ағады. Қақпақшалар тығыз жабылып, қанның кері бағытқа қарай өтуіне кедергі жасайды. Жүректегі қақпақшалар эндокард қабатынан түзілген.

Жүрек қуыстарымен қанның ағу бағыты:



Қан жүрекшеден қарыншаға қарыншадан артерия қантамырларына қарай ағады.

Жүректің жұмысы – бірін-бірі ырғақты түрде алмастырып отыратын жүрек циклынан тұрады. Әр соғуы 3 кезеңнен тұрады: 1) жүрекшенің жиырылуы (0,1 сек); 2) қарыншаның жиырылуы (0,3 сек); 3) жүректің босаңсуы (жүрекше мен қарыншаның бір мезгілде тынығуы) (0,4 сек). Жүректің бір рет соғуына барлығы 0,8 сек уақыт кетеді. Ересек адамда жүрек қалыпты жағдайда минутына 70–75 рет соғады. Жүрекке күш түскенде соғуы жиілейді. Қарыншалар әрбір жиырылғанда қантамырларға 70–80 мл, яғни бір минутта 5–5,5 л қан өтеді. Жүректің өмір бойы тынбай жұмыс істесе де, шаршамауы тынығу кезеңінің болуына байланысты. Жүрек қабырғасындағы бұлшықеттердің қаңқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: а) ет талшықтары шоқтанып орналаспай, бір-бірімен тор тәрізді жалғасып жатады; ә) жүрек бұлшықеттерінің жиырылуы бірыңғай салалы бұлшықеттердікі сияқты сыртқы тітіркендіргіштерге тәуелді емес (өздігінен еріксіз жиырылады); б) жүрек бұлшықеттерінің жасушалары 2 түрлі: 1) жиырылатын жасушалар; 2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар:

1) жиырылатын жасушаларда көлденең жолақты бұлшықет талшықтарына қарағанда митохондрийлері көп болады. Сондықтан олар тотығу деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етеді. Керісінше эндоплазмалық тор қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда нашар дамыған. Жүрек бұлшықеті жасушаларында ядросы дәл ортасында, миофибриллалары шет жағында қатарласа орналасады.

2) жүректің өткізгіш жүйесін құрайтын жасушалар импульстерді жүректің өз ішіне өткізеді. Бұл жасушалар өте ірі, түйіршікті эндоплазмалық торлары өте көп. Миофибриллалары мен митохондриялары аздау әрі ядролары ірі.

Жүректің ішкі бетіндегі ерекше жалпақ жасушалар қантамырлары мен лимфа тамырларының ішкі бетін астарлап жатады. Бұл жасушалар қанның қантамырлардың ішінде ұюына кедергі жасайды. Жүрек бұлшықетінің тағы бір қасиеті сыртқы тітіркендіруге тәуелді емес. Жүректе болатын импульстерге жауап ретінде ырғақты жиырылуға қабілетті. Бұл құбылысты жүрек автоматиясы (жүректің өздігінен жиырылуы) дейді. Жүректің өздігінен жиырылуын жүректің бұлшықетінде болатын ерекше бұлшықет жасушалары реттейді. Осының нәтижесінде ағзадан бөлініп алынған жүректе қозу ырғағы пайда болады. Электрокардиограмманың көрсеткіші жүрек бұлшықеттерінің жұмысын аңғартады. Мұның жүрек ауруларын анықтауда маңызы зор.



Жүрек жұмысының реттелуі үнемі жүйкелік және гуморальдық жолмен жүзеге асады. Жүректің жиырылу жиілігінің жүйкелік реттелуі – сопақша мида орналасқан «жүрек ырғағының орталығына» байланысты. Бұл орталықтан жүрекке қозғағыш жүйкелердің 2 тобы әсер етеді. Оның парасимпатикалық бөлімі жүрек жұмысын бәсеңдетсе, симпатикалық бөлімі жүректің жиырылу жиілігін күшейтеді.

Гуморальдық реттелу гормондардың әсерінен болады. Бүйрекүсті бездерінен бөлінетін адреналин гормоны жүректің жиырылу ырғағын үдетеді. Тек адреналин гормоны ғана емес, қалқанша без гормоны тироксиннің де әсері күшті.

Жүйкелік және гуморальдық реттелу бұлшықеттердің жұмысы кезінде айқын байқалады. Жүректің қалыпты жұмыс істеуіне қанның құрамындағы кальций, калий тұздарының да әсері бар. Калий жүрек жұмысын баяулатса, кальций күшейтеді.

 

Қантамырлар және олардың түрлері

 

Қантамырлар ағзаны түгелдей торлап жатады. Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді (63-сурет).



Артерия қантамырлары (грекше «arterіa» – қантамыр) – қанды жүректен мүшелер мен ұлпаларға тарататын қантамырлар тобы. Жүректен шығатын екі ірі артерия қантамыры бар. Оң жақ қарыншадан басталатын – өкпе артериясының ішінде вена қаны болады. Сол жақ қарыншадан басталатын – қолқа (аорта) тамырының ішінде артерия қаны. Артериялардың қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы қабаты – дәнекер ұлпасынан, ортаңғы қабаты – бұлшықет ұлпасынан, ішкі қабаты – жалпақ эпителий жасушаларынан түзілген. Артерия қантамырларының қабырғасы қалың, серпінді. Олардың сыртқы қабаты мықтылық, серпінділік қасиет беріп, қантамырлардың кеңейіп, тарылуына әсер етеді. Ортаңғы қабаты серпінді талшықтар мен бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Бұлшықеттер жиырылып, босаңсу арқылы қантамырлар қуысының диаметрін реттейді. Ішкі қабаты қантамырлардың қабырғасына қосымша мықтылық қасиет береді. Артерия қантамырларымен ағатын қанның қысымы өте жоғары болады. Сондықтан қысымға төзіп, созылуына қабырғасының тығыз, мықты, серпінді болуының маңызы өте зор. Артерия қантамырлары бұлшықеттердің астында терең орналасады, сондықтан олар көрінбейді. Ең ірі артерия қантамыры – қолқа (аорта) деп аталады. Жүректен алыстаған сайын артерия қантамырлары тармақтанып, жіңішке капиллярларға айналады.

Қорыта айтқанда, көпшілік артерия қантамырларының бойымен артерия қаны ағады. Тек өкпе артерия қантамырының ішімен вена қаны ағады.

Ерекше ескертетін жағдай – барлық артериялық қантамырлармен тек артерия қаны, барлық веналық қантамырлармен тек вена қаны ағады деген түсінік қалыптаспауы тиіс.

Вена қантамырлары (латынша «vena» – қантамыр, сіңір) – мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұқсас веналардың да қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен қабырғасы жұқа, жұмсақ, серпінділігі аз болады. Вена тамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан қозғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен қанның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшықеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлар жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі – ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады (63-сурет). Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.



Капилляр қантамырлары (қылтамырлар) – латынша «capіllarіs» – шаш тәрізді қылдай) адам шашынан 50 есе жіңішке. Олар дененің барлық мүшелері мен ұлпаларын торлайды. Капиллярлардың қабырғасы өте жұқа, эпителий жасушаларынан түзілген бір қабаттан тұрады. Капиллярлармен қан өте баяу қозғалады. Олардың жұқа қабырғалары арқылы қан мен ұлпаның арасында газ алмасады. Сондықтан қан еріген оттегінің көбін ұлпаға беріп, көмірқышқыл газымен қанығып, вена қанына айналады. Қандағы қорек заттар капиллярлардың қабырғасымен ұлпаларға өтіп, ұлпадан зат алмасу өнімдері қанға беріледі. Капиллярлардан қан веналарға жиналады. Капиллярлардың қабырғалары өте жұқа болғандықтан еріген қоректік заттар, оттек, көмірқышқыл газы, алмасу өнімдері оңай өтеді. Химиялық және жүйке тітіркендірулерінің әсерінен капиллярлар бірде кеңейіп, бірде тарылады. Капиллярларда қан қысымы артерия тамырларынан төмен болады (5-кесте).

Қорыта келгенде, адам ағзасында қан – артериялар, веналар, капилляр қантамырларының бойымен ғана ағады.



5-кесте

 

Қантамырлар және олардың құрылыс ерекшеліктері

 


Артериялар

Веналар

Капиллярлар

1. Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады

Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды

Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады

2. Қабырғасындағы   бұлшықет талшықтары қалың әрі серпінді

Қан қысымы өте төмен

Микроскопиялық өте ұсақ, қабырғасы бір қабатты

3. Қан қысымы жоғары

Қабырғасындағы бұлшықет талшықтары жұқа әрі әлсіз

Қан қысымы шамалы

4. Көпшілігі тереңде бұлшықеттердің арасында жатады

Теріге жақын да, тереңде де жатады

Дененің барлық мүшелеріне таралады

5. Ең ірі артерия тамырлары – қолқа және өкпе артериясы

Ішіндегі қақпақшалар қанды кері бағытқа өткізбейді. Ең ірі вена тамырлары – төменгі, жоғары қуысты веналар және 4 өкпе веналары

Капиллярлар арқылы газ және заттар алмасады, қан баяу ағады, ұсақ артериялар мен ұсақ веналарды байланыстырады


Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.Қанның қантамырлармен қозғалуы

 

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді (63-сурет).

1. Үлкен қанайналым шеңбері – жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артерия қантамырынан басталады. Оттегіне қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, капиллярларға бөлінеді. Капилляр қантамырларының жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттегін таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газы мен қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.

 Үлкен қанайналым шеңбері жүректің сол жақ қарыншасынан басталып дене жасушаларына жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.

 2. Кіші қанайналым шеңбері – жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артерия қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артерия қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген капиллярлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ жүрекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.

 Кіші қанайналым шеңбері жүректің оң жақ қарыншасынан басталып өкпеге жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.

 Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі – қан тек өкпеге барып оттекпен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.

Оттекке қаныққан қан – артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан – вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан).

Жүрек қанды қолқа артерия қантамырынан бөлінетін қантамырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисық сызық арқылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшықеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23–27 секунд.

Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттек пен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде – қан оттегіне қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады.



Қан қысымы. Қан қантамырлардың бойымен ағуы кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры – қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын қантамырларда қан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105–120 мм. Ұсақ артериялар мен капиллярларда 20–25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы вена қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді: а) жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы;

ә) демалған және дем шығарғанда кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі; б) веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы;

в) веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуына мүмкіндік туады.

Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың қарынан) өлшейді (64-сурет). Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70–80 мм. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония (грекше «hyper» – үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония («hupo» – асты, төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасқан.

    Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын-оқтын серіппелі кеңейеді (латынша «pulsus» – соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан ары қарай артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі – тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70–75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді.

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

1. Адамның қан жүйесі



  1. Қан жүйесінің эволюциясы

  2. Жүрек құрылысы мен қызметі


Тақырып 8. Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама.

  1. Орталық жүйке жүйесі. Жұлын. Ми (соңғы, орталық, аралық, мишық, сопақша).

  2. Шеткі жүйке жүйесі.

Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:



  • мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің бір түтастығын іске асырады;

  • денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

  • организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

  • сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына организмді бейімдейді;

  • денедегі барлық клеткалардың, үлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесінің құрылысы. Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі немесе перифериялық (лат.периферикус - шеттік) жүйке жүйесі болып бөлінеді (4-сурет).

Орталық жүйке жүйесі ми мен жүлыннан түрады. Ж ү л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, үзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г.

Жүлын 10 жасқа келгенде екі есе үзарады. Оның өсуі алғашкы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жүлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жүлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жүлын 8 есе көбейеді.

Жүлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жүлын арқылы іске асады. Себебі жүлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Бүларға қоса, жүлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.е.с рефлекстер жүлынның қатысуымен орындалады.

Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жүлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жүлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.

Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жүлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).

Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жүп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бүларға I иіс, II көру, III көз қимыл-датқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII ды-быс, IX тіл-жүтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.

Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан түрады



Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 г. Жаңа туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе үлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 г, ересек адамда 1400-1450 г. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миы-ның салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста бай-қалады. Адамның ақыл-ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен, мидың физиологиялық қалыпты қызмет аткару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бүзылады.

Сопақша ми жүлынның үстіңгі жағында орналасқан Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және кдрынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары және ІХ-ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі-сопақша мидыңүстіндеорналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарадьх Көпірден V, VI ми нервтері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми нервтері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидың дамуы аяқталуға жақындайды.

Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың күрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишық-тың жарты шарларының устіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан түрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейрондардан (нерв клеткаларынан) құралған: І-сыртқы, молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік қабаттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан қүралған. Ак затында сүр заттың түйірлері - тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың қүртында сүр заттан қүралған екі ядро бар.

Ересек адамның мишығының салмағы 150 г, оның негізгі қызметі - белгілі бір қозғалысқа қатысатын бүлшық еттердің жиырылуының жылдамдығын үйлестіру арқылы барлық қозғалыстарды реттеу, яғни қозғалыстар кезінде бүлшық еттердің тонусын сақтау. Қорытып айтсақ, мишық - тонустық рефлекстердің жоғары дәрежелі реттеушісі болып есептеледі. Бүған қоса, мишық тыныс алуды, жүректің соғуын қимыл-дың түріне байланысты лайықтап отырады.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мүндағы сүр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан түрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мүнда зат алмасуын, дененің температурасын, аш-тық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мүнда нейросекреттер түзіліп, ол нейросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге катысатын орталық та бар. Бүларға коса, ол адамның үйқысын және сергектігін реттеуге катысады.

Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады. Ми бағанасының ортаңғы бөлігін ретикулярлық формация ( торлы құрылым ) деп атайды.



Үлкен ми сыңарлары мидың ең үлкен, ең маңызды бөлімі. Адам миының барлық салмағының 80%-ын ми сыңарлары алып жатыр. Онда 17 миллиардтай нерв клеткалары бар Қүрылысы жағынан ми сыңарлары бір-бірімен сүйелді дене арқылы жалғасқан екі жарты шардан түрады. Әрбір жарты шар 5 бөлімнен түрады: маңдай, орталық, төбе, шүйде және самай.

Ми жарты шарларының жалпы көлемі 1700-1800 см2, бірақ оның 2/3 бөлігі қатпарларында орналасқан, тек 1/3 бөлігі сайларының үстіңгі жағынан орын алады.



Ми жарты шарларының қыртысы 7 кабат нейрондардан түрады:

  1. Молекулярлық қабат ми қыртысының ең үстіңгі жа-ғында орналасқан үсақ нейрондардан қүрылған;

  2. Сырткы түйіршікті қабат пішіні дән, пирамида және көп бүрышты нейрондардан түрады;

  3. Сыртқы пирамидалы қабат пирамида пішінді мөлшері әртүрлі нейрондар;

  4. Ішкі түйіршікті қабат тығыз орналасқан әртүрлі пішінді үсақ нейрондар;

  5. Терең орналасқан пирамида қабаты Бец клеткаларының жиынтығы;

  6. Көп пішінді клеткалар қабаты үш бүрышты, үршық тәрізді, көп бүрышты және жүлдыз пішінді клеткалардан түрады;

7. Бүл қабат жіп тәрізді өте үзын нерв торшаларынан түрады, кейбіреулерінің дендриттері 1-ші қабаттағы ней-рондарға өтіп кетеді.

Жалпы, 7-13 жас арасы ми кыртысы қызметінің бірсыпыра жоғарылаған мерзімі. Бүл кезде ол көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын толық бақылауына алады. Сондықтан баланың көзіне қарап, көңіл-күйін білу киындайды. Бала-ның қимылдары жылдам, ақыл-ойы, ойлау қабілеттері болады. Ойлау қабілеті тікелей сөз әсеріне байланысты да-миды.



13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Дегенмен байланыс бөлімінің миелинденуі әлі аяқталмайды, қыртыстағы нейрондардың серпімділігі әлі де болса төмен, қозу тежелуден басымырақ келеді. Сергек кезіндегі ЭЭГ-сында 10%-дай тета ырғақта-ры болады. 13-16 жас арасында маңдай бөлімінің дамуы аяқталып, ЭЭГ-сы ересек адамдардікіндей. Баланың белсенді зейіні 30-40 минөттей. 17-18 жаста ми қыртысының қүры-лымдық дамуы аяқталады, бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады. Көпшілік ғалымдардың мәліметіне кара-ранда, ми қыртысының қызметінің дамуы 50-60 жасқа дейін байқалады.

Орталық жүйке жүйесі Адам ағзасы физиологиялық белсенділік және тыныштық қалыпты жағдайда болады. Физиологиялық белсенділік жағдайда адам ағзасы түгел, немесе мүшелер жүйесі, немесе жеке мүшесі қызмет атқарып тұрады. Физиологиялық тыныштық жағдайда тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу бірақ көзін жұмып жатады. Адам ағзасының сыртқы және ішкі ортаның түрлі әсеріне жауап беру қабілеті тітіркену деп атайды. Сыртқы және ішкі ортаның әсерін тітіркендіргіш деп атап, тегі бойынша төртке бөледі: физикалық (механикалық соққы, қысым, электрлік әсерлер), химиялық (дәрі-дәрмек, улы заттар, сілті-қышқылдар, тұз-ерітінділер, тамақтың органикалық-бейорганикалық құрамдық бөліктері), физико-химиялық (ерітіндідегі иондар мен заттардың осмостық, парциалдық қысымы, концентрациясы), биологиялық (тірі ағзалардың әсері). Тітіркендіргіштің әсерінен тітіркенуге қабілетті ұлпаны тітіркенгіш ұлпа деп атайды (жүйке, бұлшықет, без ұлпалары). Тітіркенгіштің тітіркендіргіштің әсеріне электрлік және биохимиялық қасиеттерін өзгертіп, қызметін күшейтіп жауап беруін қозу деп, қозудың бәсеңдеуін немесе тоқтауын тежелу деп атайды. Орталық тежелу құбыысын 1862 жылы орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан. Тірі жүйенің электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Жасушаның мембранасының сыртқы және ішкі потенциал айырмашылығын физиологиялық жағдайына сай тыныштық немесе әрекет потенциалы дейді. Нерв талшығы бойымен қозудың таралуы оның анатомиялық және физиологиялық біртұтастығыны байланысты. Егер нервті байласа, салқындатса, фармакологиялық, наркоикалық заттармен әсер етсе олардың физиолгиялық біртұтастығы мен өткізгіштік қасиеті бұзылады. Нервтің өткізгіштік қасиетін реттеуде олардың анатомиялық және физиологиялық құрылысымен таныс болу қажет және сонда ондағы өткізгіштік процестерді фармакологиялық жолмен реттеуге болады. Мысалы, новокаин миелінсіз нерв талшықтарында ауру сезгіштік қозулардың таралуын бөгейді, өйткені ол изоляцияланбаған мембранаммен әректтесе отырып аксоплазмадан анатомиясы, калий иондарының көптеп шығуын туғызады. Нәтижесінде нерв талшығының сырты гиперполяризацияланады. Мұның өзі мембраналық потенциалдың өсуі мен ұлпалар қозғыштығының төмендеуіне әкеп соғады. Тамақтану асты табу қозғалыстарына (бағдарлау, асты ұстау, шайнау, жұтыну т.б.) негізделеді. Жоғарғы жүйке әрекеті күшіне қарай күшті (күшінің қатынасына сай) және әлсіз болып бөлінеді. Күшті тип байсалды (қозғалғыштығына, ширақтылығына сай) және тынышсыз (жеңілтек) болып бөлінеді. Байсалды – қозғалғыш, ширақ тип және селқос, жігерсіз тип болып екіге бөлінеді. Ес – көрген-білгенді, естігенді, сезгенді, өтіп кеткен құбылыстарды нақтылы бір жағдайда, қасиеттерімен бірге жинақтап, тәжірибе ретінде адамның пайдалануы. Есте сақтау – адамның өмірден алған тәжірибесін өзгертпестен қайта жаңғырту. Оқушылардың жұмыс қабілеті тұрақты болмайды. Ол күні бойы, апта, жыл, өмір бойы кейде жоғары, кейде төмен болып өзгеріп отырады. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Ми қыртысының қозғыштығы таң ертең жақсы болып, түске дейін сақталады. Содан кейін біраз уақыт тежелу үстем болып 16-17 сағатта қозғыштық қайтадан жоғарылайды, бірақ ұзаққа созылмайды. Балалардың жұмыс қабілетінің өзгеруі динамикасы таң ертеңгі сағат 8-ден кешкі 8-ге дейін екі рет жоғарылап, төмен түседі. Жұмыс қабілетінің өзгеруіне физиологиялық, физикалық және психикалық факторлар әсер етеді. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қыметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сытртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі — ойлау, дүниетану, пікір тудыру дегеніміз — жүйке жасушасы. Ол — жүйке жүйесі құрамындығы жеке (дербес) бөлік, сол жүйенің морфоөрекеттік негізі. Нейтрондардың арасын нейроглия толтырады. Ол нейрондарды жан-жақты қоршайтын құрылым. Нейрондар пішіні, келемі жағынан әртүрлі. Бірақ қай нейрон болса да, ол дене және өсінділерден (талшықтардан) тұрады. Нейрон талықтары ұзындығына қарай (1 микроннан-1,5 метрге дейін) аксон, дендрит болып екіге бөлінеді. Аксон нейронның ұзын, ал дендрит қысқа талшығы. Әр нейронда бір аксон, бірнеше дендрит болады. Нейтроглия деп нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды (гли-опдарды) айтады. Глия грек сөзі — желім дегей мағынада. Глиаксоны екі түрлі — астроциттер және өзара түйіспелер құрайды. Астроциттердің өсінді талшықтары көп болады. Олар жасуша де-несінен күннің сәулесі тәрізді жан-жақта таралады. Астроциттер көбінесе мидың қан тамырлары бойында орналасады да, нейрондарды олармен байланыстырады. Олигодендпоциттер нейронның аксонын қоршайды, тармақтары өте аз болады. Бұл жүйенің аты латынның limbus — жиек деген сөзінен алынған. Өйткені бұл жүйеге жаңа ми қыртысының түп жағында ми бағанын айнала қоршағап құрылымдар жатады. Олардың көбі ми сыңарларының ішкі бетінде сүйелді дененің жан-жағында орңаласқан: белдеуші қатпар (gyrus hippocampi) миндаль (бадамша) тәрізді кешен (комплекс), күмбез (fornix), гиппокамп, мамиллярлық дене. Бұл құрылымдарды 1878 ж. лимбиялық қыртыс деп атаған. Ол қызмет жағынан таламустың алдыңғы ядролары мен гипоталамус және ортаңғы мидың торлы Құрылымымен тығыз байланысты. Осы аталған құрылымдардың қызмет бірлігін, оның аса күрделілігіп көрсету үшін 1952 ж. П.Д.Мак-Лин (америка ғалымы) оларды бір лимбиялық жүйеге біріктіреді (22-сурет). Лимбиялық жүйенің ең көрнекті қызметінің бірі ішкі ортаның тұрақтылығын және жануарлардың белгілі бір түрінің түр сақтаудағы арнамалы әсерленістерін сақтау. Лимбиялық жүйенің әрбір бөлігін жеке тітіркендірсе түрлі вегетативтік функциялар, ішкі ағзалардың қызметі өзгереді. Мысалы, бадам тәрізді кешенді тітіркендіргенде жүректің соғу жиілігі мен тыныс жиілігі және қан тамырлар тонусы өзгереді. Ас қорыту ағзаларының қызметі ішек қимылы, сілекей бөлінуі көбейін, шайнау, жұту қимылдары пайда болады. Мұнымен қатар, қуық жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейееді. Мұндай өзгерістер лимбиялық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Мұнымен қатар қуық, жатыр жиырылады, пилоэрекция күшейеді. Мұндай өзгерістер лимбиялыық жүйенің басқа бөліктерін тітіркендіргенде де пайда болады. Айтылған вегентативтік әсерленіс гипоталамусты жеке тітіркендіргенде кездесетін әсерленістерге ұқсас, дегенмен тұтас лимбиялық жүйенің қатысуымен вегетативтік әрекеттердің реттелуі гипоталламустан көп жоғары дәрежеде өтеді. Лимбиялық қыртыс гипоталамуспен бірге ішкі ортаның мұқтаждығын қамтамасыз ететіп іс-әрексті мен эмоцияның калыпптасуына қатысады. Лимбиялық жүйенің кейбір жерін тітіркендіргенде жануарларда себепсіз ашу, ызалану, бой бермей шабуыл жасау немесе қорқыныш сезімдері пайда болады. Егер ол бөліктерді алып тастаса, мысалы, бұрын шабуыл жасауға әрқашан даяр маймыл жетекшісі жуас және сенгіш болып қалады. Мұнымен бірге оның ас іздеу әрекеті және жыныстық функциясы бұзылады. Мұның бәрі лимбиялық жүйе, гипоталамус секілді, вегетативтік және денелік, эндокриндік әрекеттерді үйлестіріп біріктіретінің көрсетеді. Лимбиялық жүйе есте сақтау қызметіне қатысады. Адамның гап-покампын алып тастаса, жақын арада болғап барлық окиғалар естен шығып, ұмытылады. Ал операция кезінде бұл құрылым тітіркендірілсе, бірден тез өтетін оқиғалар еске түседі. Гиппокамптың құрылым ерекшеліктері ондағы қозудын кейрондар тізбектері арқылы айналып жүруіне керекті жағдай туғызады. Осы мәселе, оның есте сақтау қызметінің негізін құрады. Есте сақтау бұл гиппокамп пен жаңа қыртыстың қызметі. Гиппокамп арқыпы лимбиялық жүйе жаңа ми қыртысының самай, мандай бөлімдерімен байланысады. Қорыта келгенде лимбиялық жүйе ескі құрылым болғанымен жаңа қыртыспен қызметі тығыз байланысты және онымен қосылып бүкіл вегетативтік және дене қызметтерін реттеу, үйлестіру жұмыстарына қатысады. Орталық жүйке жүйесінің негізгі кьпметі — рефлекс (ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин. Жүйке орталығы деп бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топ-талған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады. Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді. Жүйке орталығын үздіксіз тітіркендіру арқылы оның ет және жүйке талшықтарына қарағанда тез қажитыны анықталды. Бұл, біріншіден, түйііспелерде медиаторлар мөлшерінің, екіншіден, нейтрон денесіндегі қуат қорының азаюынан, үшіншіден, нейрондарға оттегі жетіспеуінен (гипоксия) болады. Қозудың бастапқы толқыны жүйке орталығында баяу өтсе, келесі толқыны жылдамырақ өтеді. Бастапқы қозу келесі қозудың өтуін жеңілдетіп, жүйке орталығында із қалдырады, қысқасы, бастапқы қозу келесіге жол салады, сөйтіп оның өтуін жеңілдетеді. Жүйке орталығында қозудың жиілігі мен күші тітіркендіргіштін жиілігі мен күшіне тең бола бермейді. Жеке тітіркендіргішке жауап ретінде жүйке орталығында көптеген қозу толқындары пайда болады. Тітіркендіргіш әсеріне қарағанда оған қайырылатып жауап (рефлекстік әсерленіс) уақыты жағынан әлдеқайда ұзағырақ. Қабылдағышты тітіркендіру тоқтағанымен жүйке орталығында қозу көпке дейін тоқтамайды. Бұл үрдіс тітіркендіруден кейінгі әрекет деп аталады. Дивергенция мен конвергенция. Қозудың орталық жүйке жүйесін. Қоздыру ерекшелігі осы екі құбылысқа байланысты. Бір аксон тармақталып көптеген нейрондармен байланысады да түйіспе құрады, яғни бір нейрон аксонының серпінісі бірдей бірнеше нейронды қоздырады. Мұндай құбылыс дивергенция (тармақталыс) деп аталады. Бұған қарама-қарсы құбылыс — конвергенция (түйістіріліс), яғни бірнеше нейроннан кепіп түскен серпіністердің бір немесе азғана нейронда жинауы. Орталық жүйке жүйесінде тежелу арнайы тежеуші нейрондары қозған кезде басталатын. Жұлыннан Реншоу жасушасы табылды. Бұл жасуша жұлын мотонейронының айналасында орналасқан. Оны мотонейрон аксоңының бұтағы қоздыра ды. Тежелуші жасушалар мидың әр жерінен табылды. Тежеуші нейроның аксонытның ұшыпан тежелу медиаторы (гаммааминмай қышқылы не глицин) бөлініп шығады да оның әсерінен түйіспеден кейінгі тежеуші потенцил пайда болады. Рефлекстерді келістіріп үйлестіруде орталық жүйке жүйесіндсгі су бординация кұбылысы мен қозуды өткізу ерекшеліктері әсіресе жинақы қозу, конвергеция мен окклюзияның маңызы өте зор. Бұлармен қатар орталық жүйке жүйесіндегі кездесетін бірнеше құбылыстар (принциптер) рефлекстерді үйлестіру негізін құрады: қозу мен тежелудің жайылысы (иррадиациясы), бір жерге шоғырлануы (концентрациясы), үрдістердің индукциясы мен реципроктық тежелу, доминаттық қозу, кері байланыс, соңғы жалпы жол. Жүйке орталығында пайда болған бір үрдіс екінші қарама-қарсы үрдістін тууына себепкер болады. Бұл индукция құбылысы. Жүйке жүйесінде қозу тежелуді, тежелу қозуды тудырады. Мәселен, жұлынның бір сегментін жартысында бұғу орталығы қозады. Мұнымен бірге екінші жартысындағы жазу орталығы қозыт, бұгу орталығы тежеледі. Келесіде осы орталықтағы үрдістер бірін-бірі алмастырады. Индукция себебінен пайда болған тежелуді Ч. Шерингтон репрокцииялық (жегілген немесе қосарланыс) тежелу деп атаған. Репрокциялық тежелудің арқасында бір сәтте орталықта қарама-қарсы қозғалтатын қимыл рефлекстері тумайды Бұл құбылыс рефлекстердің бір-бірімен үйлесуін қамтамасыз етеді

Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:

Тақырып 9. Талдағыштар

  1. Көру талдағышы.

  2. Есту талдағышы.

  3. Иіс сезу талдағышы.

  4. Талдағыштардың ерекшеліктері.

Ішкі және сыртқы ортаның алуан түрлі тітіркендіргіштер әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мушелері дейді. Сезім мүшелері сезімдік (сенсорлық) жүйенің тек қана шеткі қабылдаушы аппараты. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен катар ОЖЖ-не ішкі ағзалардың, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осымен байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш (анализатор) деген атаумен алмастыруды ұсынған. И.П. Павловтың пікіріне сәйкес сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен, талдагыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабыддап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін айтады. Олар қабылдаушы қурылымнан — рецептордан, өткізгіш бөліктен (жуйкелік жолдан) және мидың улкен жарты шарларының қыр-тысында орналасқан орталық бөлімнен турады. Талдағыштар сезім мүше-лерінің орналасқан орнына қарай сырқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары дистанциялық (алшақтық) экстерорецепторлардан қүралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға тері рецепторлары (ауырсыну, температуралық, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады

Ішкі талдағыштардың қабылдаушы аппаратгарын интеро (ішкі)-және проприорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) қүрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскен сигналдарды қабылдал, талдауға арналған. Олар тек түйісу рецепциясына негізделген.

Эволюциалық даму барысында әрбір талдағыш тітіркендіргіштің белгілі бір түрін қабылдауға бейімделген, сондықтан әр талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

Жогары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторларының қозу та-балдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне ете сезімтал келеді.

Арнаулылық, талғамдылық қасиет. Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейіңділік танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш — сәуле, есту талдағышы үшін — дыбыс толқыны т.с.с. болып табылады. Бірақ талдағыштарда қозу өте күшті тосын (инадекватты) тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Мұндай жағдайда туындайтын түйсік солғын, көмескі болады.

Әсерлілік (реактивтік) қасиеті. Талдағыштар қозу үрдісі туындап үлгермей түрып-ақ тітіркендіргіш әсерінен өзінің функционал-дық күйін өзгерте бастайды.

Созыяыңқы, жалгасқан әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш өсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап оты-рады. Осының нәтижесінде талдағьшггар арқьшы өсер мерзімінің ұзақты, оның сипаты жайлы нақтылы ақпарат алынады.

Сенсибилизация қасиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

Бейімделгіштік (адаптация) қасиет. Тітіркеңціргіш күші мен сипа-тына таддағыш рецепторы қажымай-ақ озінің функционалдық күйін өзгертіл, сезімталдығын төмендетіп жауап береді. Олардың қозғыштық, сезімталдық қасиеті қалпына тез оралады.

Контрастық қубылыс. Түйсік күші нақтылы жағдаймен байланысты өзгереді. Мысалы, толық тыныштық жағдайында өлсіз дыбыстың өзі күшті естіледі.

Туйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б.) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.

Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпа-раттпрдың 80-90%-дан астамын көзбен көріп біледі. Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша мүшелерден тұрады. Көз алмасы 3 түрлі қабықтан тұратын шар тәрізді мүше.

Сыртқы қабығы - қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабық. Бұл қабық көз алмасының алдыңғы және артқы бөліктерін қаптап тұрады. Ақ қабықтың алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңес қасаң қабыққа айналады. Ақ қабық көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.

Ортаңғы қабығы - қантамырларына бай тамырлы қабық. Бұл қабықта қантамырлары көп болғандықтан, көзді коректік заттармен қамтамасыз етеді. Тамырлы қабықтың алдыңғы жағы нұрлы (бояулары түрлі түсті) қабыққа айналған. Нұрлы қабықтың дәл ортасындағы тесік - қарашық деп аталады. Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді. Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді. Жарық мол түссе, қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды. Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықта болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.

Мөлдір қабық пен нұрлы қабық арасында көздің алдыңғы. қуысы орналасқан. Нұрлы қабық пен көз бұршағының арасында көздің артқы қуысы бар. Көз қуыстарындағы сұйықтық көздің ішкі қысымын реттейді.

Нұрлы қабық пигментке (бояғыш зат) бай. Пигменті аздау көз - көк немесе боз түсті. Қара көз бен қой көзде (коңырқай) пигменттер жеткілікті болады. Пигментсіз болса, қызыл, тағы басқадай түсті болады. Қара пигментті жасушалар жарық сәулесін жақсы сіңіреді.

Қарашықтың артқы жағында пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене - көз бұршағы (хрусталик) жатады. Ол күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады (жинайды). Көз алмасының ішін мөлдір шыны тәрізді іркілдек дене толтырып тұрады.

Көздің ішкі қабығы - торлы қабықтың құрылысы күрделірек. Көз алмасының түп жағында шар тәрізді ақ дақ (соқыр дақ), оның жанында сары дақ болады. Торлы қабықта жарықты сезетін жасушалар өте тығыз орналасқан. Бұл жасушалардың пішіндері таяқша, колба тәрізді (химиялық ыдыс) болып келеді. Сары дақ колба тәрізді жасушалардың жиынтығынан түзілген, жарықты жақсы сезеді. Соқыр дақта жарықты сезетін жасушалар болмайды, жарық сәулесін қабылдамайды. Сондықтан оны соқыр дақ дейді, соқыр дақ - көру жүйкесінің көз алмасынан шығатын жері.

Таяқша тәрізді жасушалар арқылы адам түнде, ымырт жабылған кезде жақсы көреді. Колба тәрізді жасушалар тек жарық жақсы түскенде ғана тітіркеніп, заттың түсін ажыратады. Жарық сәулесімен тітіркендіргенде жасушаларда козу пайда болады. Қозу көру жүйкесі арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Сонымен, көз алмасы - ақ қабық, тамырлы қабық және торлы қабықтан тұрады.

Көздің қосымша (қорғаныш) мүшелеріне - қабақ, кірпік, көз алмасын козғалтатын бұлшықеттер, жас бездері, қас жатады. Қабақ пен кірпік - көзді шаң-тозаңнан, жарқыраған жарықтан қорғайды. Бұлшықеттер - көз алмасын жоғары, төмен, ішке, сыртқа қарай қозғалтады. Жас бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Жас бездері ұдайы жас бөледі. Жас - көзді ылғалдап, жылытады. Көзге түскен бөгде заттар жаспен бірге сыртқа шығарылады. Жас зиянды микробтарды жояды. Қас - аққан терді көздің ішіне жібермей ұстап, қорғап қалады.

Дәм рецепторлары — дәм сезу баданасы тілдің түпкі жағында, жұмсақ таңдайда, тілше мен жұтқыншақтың шырышты қабықшасында орналасқан. Әсіресе тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңға жуық дәм сезу баданасы болады. Олардың әрбіреуі 8—12 рецептор және тірек клеткаларынан тұрады. Дәм сезу баданасының пішіні сауытша тәрізді, ұзындығы мен ені шамамен 70 мкм, төбесінде тесігі болады.

Дәм баданалары тілдің емізікшелерінде орналасады. Бұларды емізікшелер арасындағы бездердің сөлі шайып отырады. Рецепторлардың ұзындығы 10—20 мкм, ені 3—4 мкм, олардың ұштары өте сезімтал 30—40 шағын түктерден тұрады. Демеуші заттар дәм сезуші клеткаларға баданың тесіктері аркылы өтеді. Қабылдағыштың әртүрлі заттарды іріктеп сіңіретін стереоарнамалы шектері болады деп жорамалдайды. Әрбір рецепторлардан сезгіштік жүйке талшықтары басталады. Рецепторлар организмнің ең аз өмір сүретін клеткаларына жатады. Олар әрбір 250 сағаттан кейін дәм сезу баданасының шетінен ортасына жылжып келетін жана клеткамен алмасады. Қөшкен кезінде жүйке уштары қалыптасып, рецепторға айналады. Дәм баданасынан 2—4 сезгіштік жүйке талшықтары шығып, тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкенің құрамында сопақша мидың жалқы будасына келеді. Одан шыққан екінші нейрондар ішкі ілмектің құ-рамында таламусқа жетеді. Одан, ми қыртысының дәм сезетін аймағына келетін, үшінші нейрон басталады. Дәм рецепторлары төрт түрлі дәмді сезеді: тәтті, ащы, қышқыл, тұзды. Осы әрбір дәмді түйсіну үшін жеке хеморецепторлар болады деген пікір бар. Мәселен, тілдің түбінде ащы, ұшында тәтті, бүйірлерінде қышқыл және тұзды сезетін рецепторлар топтасып орналасады. Алайда кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, тілдің түбінде орналасқан рецепторлардың ащы тітіркендіргіштерге сезімталдығы, оның ұшындағыларға қарағанда, тек 6 есе, ал бүйіріндегі рецепторлармен салыстырғанда 4 есе ғана жоғары екендігі көрсетілді. Рецепторлардың ұқсас тітіркендіргіштерді жіктеп айыра білу қабілетін ажырату сезімталдығы деп атайды. Адамда дәм сезімталдығының әркелкі абсолюттік табалдырығы болады. Ол организмнің әртүрлі (аштық, тоқтық т. б.) жағдайларына байланысты. Тітіркендіргіш ұзақ әсер еткенде дәм талдағышы оған бейімделіп алады, яғни оның сезімталдығы төмендейді. Талдағыштар бәрінен де тәтті және тұзды тітіркендіргіштерге тез бейімделеді. Ал қышқыл, әсіресе ащы тітіркендіргіштерге бейімделісі өте баяу өтеді. Бірнеше тітіркендіргіштер қатар немесе бірінен соң бірі әсер еткенде қарама-қарсы дәм түйсігі туады не олар аралас сезіледі. Бұл алмасып бейімделу деп аталады. Тұздыға бейімделу тіттіге, ал тәттіге бейімделу қышқыл мен ащыға сезімталдықты арттырады. Сондықтан тұзды тамақтан кейін тұщы су тәттілеу болып, ал тәтті тамақтан кейін алма, жүзім едәуір қышқыл болып көрінеді. Бірнеше дәмді заттарды араластырғанда, қоспа құрамына кіретін заттардың дәмінен басқа жаңа түйсік пайда болады.

Эволюциялық даму кезінде дәм сезу тағамды талғау немесе қабыл алмау механизмі ретінде қалыптасты. Табиғи жағдайда дәм сезу түйсігі тағаммен қатар иіс сезу, тактильді және жылулық түйсіктерімен қоса жүреді. Жас ұлғайған сайын ажырату сезімталдығы кемиді. Дәрі кабылдау, темекі шегу дәм сезімталдығын төмендетеді. Оның жойылуы — агевзия, кемуі — гипогевзия, ал қалыптан тысқа әуес болушылық — парагевзия деп аталады.

Дыбыс талдағышының шеткі бөліміне ішкі қүлақта орналасқан Корти мүшесі, өткізгіш бөліміне д ы б ы с н е р в і, қыртыс бөліміне самай тұсында орналасқан дыбыс есту орталығы жатады. Дыбыс талдағышының ең шеткі бөлімі - құлақ үшке бөлінеді: сыртқы, ортаңғы және ішкі кұлақ болып.

Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін күлақ түтігі өсіп, үзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға кара-ганда анағүрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 гра­дус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы қүлағы сүйыққа толы болады да біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі күлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның қүлағымен теңеседі.

2-3 жаста сыртқы қүлақ түтігі сәл иіледі де 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ак; ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы қүлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адам-ның қүлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы қүлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жас­та үзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі қүлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның қүлағымен теңеседі.

Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарының нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту талдағышының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік зоналар жетіледі.



Баланың дыбыс есту қабілеті алғашкы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса музыкалық қарапайым әуенді аздап ажы-рата алады. Дегенмен, ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адам-нан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс талдағы-шының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс талдағышын-дай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыр-тысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.

Адамның вестибулярлық аппараты туғаннан бастап қызмет атқарады. Жаңа туған нәрестенің жартылай айналмалы каналдары, әсіресе бүйір жақ шетіндегі каналы жақсы қалыптаскан. Ол тік және еркін орналасқан жоғарғы каналмен үлкен бүрыш жасайды. Ересек адамда бүл канал тік күйінде қалғанымен, сәл қиғаштау орналасады. Оның артқы жағына таман пирамиданың бетінде терең шұңқыры көрініп тұрады. Ол арқылы қан тамырлары өтеді. 3-5 жастан кейін ол үзын өзекше пішінді болады, 8-10 жаста тар жылғашаға айналады. Жаңа туған сәбидің ұлу тәрізді сүйекшесінің күмбезі жалпақтау және жоғарырақ орналасқан. Оның жалпы көлемі баланың жасы үлғая келе кішірейіп, 3-5 жаста ересек адамдікіндей болады. Жаңа туған сәбидің отолит сүйекшелері мен отолит жіпшелері нәзік шеміршектен түрады. 1-3 жастың арасында олардың тығыздығы темен болады да 5-7 жаста тығыздығы артады. Жаңа туған нәресте тербелісті жақсы сезеді, тіпті 1 ай-дан аса тербелістің бағытын да сезе алады. Тербеліс сезімталдығы өте жоғары болады. Бір жасқа дейінгі нәрестелер орнынан қозғағанда, жастығын жөндегенде, денесі оқыс қозғалғанда екі қолын екі жаққа созып, саусақтарын ербеңдетеді. Баланы оқыс көтеріп, төмен түсіргенде осы қимылдарына қоса, тынысын ішіне тартады. Бесікке жатқызу, тербету сияқты әрекеттерге байланыс-ты "бесік" шартты рефлекстері 12-16 күнде-ақ пайда болады. Бүл рефлекстері осы әрекеттерге дайындық кезінде қолдарын екі жаққа созуы мен саусақтарын ербеңдету қимылдары, содан соң қолы мен саусақтарын бүрынғы қалпына келтіруі, тынысын ішіне тартуы арқылы байқалады. Тепе-теңдік рефлекстері баланы аспа бесікке салып, жоғары-төмен тербеткенде жақсы байқалады. Бүл рефлекс 2-3 айлығында айқындалады. Баланың вестибулярлық рефлекстері 6-7 жаста жылдам пайда болады. Олардың рефлексінің пайда болуына эсер ету үзақтығы жасына байланысты: 6-7 жаста 7,3 м/сек, 10-15 жаста 11 м/сек, 15-20 жаста 16 м/сек. Баланың жасы өсе келе, вестибулярлық аппараттын сезімталдығы төмендейді. Оған қоса, жаттықтыру арқылы оның сезгіштігін азайтуға болады.

Кеңістікте қозғалудың үйлесуі негізінен балалық шакта қалыптасады. Оның қалыптасуы көптеген мүшелер жүйелерінің дамуына байланысты, сондықтан кеңістіктегі орынын анықтау және тепе-теңдігін сақтау қабілеттері баланый өмірден алған тәжірибесіне, шартты рефлекстерінің пайда болуына, жүйке жүйесінің дамуына байланысты.
      1. Тактильді талдағыштар. Теріде орналасқан көптеген рецепторлар сипап сезуге, яғни сырткы орта тітіркендіргіштерінің әсерін түйсінуге мүмкіндік береді. Олар сыртқы дүние танымда да айтарлықтай роль атқарады. Сондықтан көру мүмкіндігінен айырылған адамдарда ол белгілі дәрежеде жетіспейтін талдағышты алмастыра отырып, ерекше маңызға ие болады. Терінің сезімталдық жүйесінің аумағы өте үлкен — 1,4 тен 2,1 кв м-ге дейін болады. Теріде жанасуды, қысымды, тербелуді, жылылықты, суықты қабылдайтын, сонымен қатар ауырғанды сезетін көптеген жүйке ұшы жинақталған. Құрылысы бойынша олар әралуан терінің әртүрлі қабатында орналасады және оның бетіндегі таралуы біркелкі емес. Олардың ең көбі саусақтардың терісінде, алақанда, табанда, ерінде және жыныс мүшелерінде орналасады.


Әдебиет: [1-9]

Мультимедиялық құралдар тізімі:


7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

Тақырып 1 Адам анатомиясы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Анатомия пәнінің даму тарихы. Адамның табиғаттағы орны. Адам мен жануарлар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық. Ұлпалар туралы жалпы түсінік. Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 2 Тірек-қимыл аппараты

Сүйектердің, бұлшық еттердің және шеміршек пен буындардың дамуы. Байланыс түрлері. Адам қаңқасының құрылысы.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 3 Ас қорыту жүйесі

И.П. Павловтың еңбектері. Ас қорыту бездерінің ерекшеліктері. Ас қорыту мүшелерінің топографиясы.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 4 Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу мүшелерінің топографиясы және құрылысындағы ерекшеліктер. Дыбыс аппараты. Өкпенің құрылыстық бірлігі- ацинус. Жасаңды тыныс алдыру.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 5 Несеп-жыныс жүйесі

Несеп-жыныс мүшелерінің топографиясы. Нефрон құрылысы. Несеп жиналуы. Аталық және аналық жыныс органдарының анатомиялық ерекшеліктері мен қызметі.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 6 Эндокриндік жүйе

Гуморальдік реттелу. Гормон туралы жалпы түсінік. Гипофиздің аралық мимен байланысын көрсету.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 7 Қан-тамыр және лимфа жүйелері

Қан тамыр құрлысының ерекшелігі. Жүректің автономдық жұмысы. Ұрықтағы қан айналудың ерекшелігі.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 8 Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама

Ми мен жұлынның дамуы. Шеткі және вегетативті жүйке жүйесінің құрылысы. ЖЖә туралы жалпы түсінік.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 9 Анализоторлар

Анализаторлардың үш бөлімінің құрылысы. Сезім мүшелерінің негізгі құрылысы.



Әдебиет: [1-11]

Зертханалық сабақ мазмұны

Тақырып 1 Адам анатомиясы пәні, міндеттері және зерттеу әдістері

Ұлпалардың микропрепараттарымен танысу.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 2 Тірек-қимыл аппараты

Сүйектердің құрылысы. Сүйектің түрлері. Адамның қаңқасының құрылысы. Қимылсыз және қимылды байланыстар. Омыртқа жотасының бөліктері. Омыртқалар құрылысы. Көкірек клеткасының құрылысы. Қол-аяқ сүйектердің құрылысы.



Әдебиет: [1-9]

Тақырып 3 Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту органдарының қүрылысы. Ауыз қуысы, тіл, тістің дентин, эмаль, цемент заттары, тіс қуысындағы пульпа, органдардың ферменттері, олардың физиологиялық маңызы. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 4 Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесіне жататын органдардың: көмекей, кеңірдек, бронхылар мен өкпелердің құрылысы. Көмекей шеміршектерің орналасуы және құрылысы. Дыбыс аппараты. Өкпенің құрылыстық бірлігі- ацинус. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 5 Несеп-жыныс жүйесі

Несеп-жыныс жүйесі. Несеп-жыныс органдардың топографиясы. Бүйрек құрылысы. Нефрон құрылысы. Несеп жиналуы. Несепағар, қуық, қуық каналының құрылысы. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 6 Эндокриндік жүйе

Эндокриндік бездердің топографиясы: қалқанша, қарынасты бездер, гипофиз, эпифиз, бүйрекүсті безі және жыныс бездер . Әрбір секрециялық бездердің бөлетін гормондары, олардың организмге тигізетін әсері. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 7 Қан-тамыр және лимфа жүйелері

Жүректің құрылысы Тамырлар қабырғаларының құрылысы. Салатамыр және көктамыр жүйелері.Үлкен және кіші қан айналу шеңберлерінің артериялары. Қан айналу жолы. Лимфа жүйесінің құрылысы, бездері. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 8 Жүйке жүйесіне жалпы сипаттама

Жүйке жүйесінің жалпы құрылысы мен қызметі. Нейрондарды жіктеу. Мидың және жұлынның жалпы құрылыстары. Мидың және жұлынның бөлімдері, нервтері. Рефлекторлық доға. Әдебиет: [1-9]



Тақырып 9 Анализоторлар

Сезім органдары. Көру анализаторларының құрлысы. Есту, тепе-теңдік сақтау, иіс және дәм органдарының құрылысы. Терінің құрылысы



Әдебиет: [1-9]

7. Студенттердің өзіндік жұмысының мазмұны
1 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Конституция туралы жалпы түсінік.

2) Адам ағзасын құрайтын функционалды жүйелер.

2. Тақырып бойынша терминдердің глосарийін дайындаңыз.

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


2 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Кол-аяқ сұйектерінің латынша атауларын жазып алу, жаттау

2) Көкірек қуысын құрайтын сұйектердің латынша атауларын жаттау

3) Бас қаңқасын құрайтын сүйектердің латынша атауларын жаттау

2. Бұлшық еттердің негізгі және қосымша бөліктерін анықтап жазып алыңыз.

3. Шығармашылық тапсырма: сүйектердің дамуы, бұзылуы кезеңіндегі адамның жағдайы.

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


3 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Ас қорыту бездер функцияларының бұзылуы, себеп-салдары.

2) И.П. Павловтың еңбектері.

2. Тамақтануға қойылатын талаптар. Калорий деген не?

3. Шығармашылық тапсырма: «Витаминдер» тақырыбы бойынша слайд құрастырыңыз.



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


4 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Тыныс алу жолдарының кең тараған аурулары.

2) Газ алмасу процесінің кезеңдері.

2. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы.

3. Шығармашылық тапсырма:



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


5 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Аталық және аналық жыныс органдарының анатомиялық ерекшеліктері мен қызметі.

2) Жыныс гормондары және олардың мөлшері.

2. Жыныс тәрбиесі.

3. Шығармашылық тапсырма: Әйел мен ер адамға тән ортақ мінез құлықтың белгілері.



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


6 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Ас қорытуға қатысатын гормондар

2) Қанның қасиеттерін реттейтін гормондар

2. Шығармашылық тапсырма: 40 гормондардың сипаттамаларын жаттау

Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


7 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Артериалдық жүйенің барлық тамырларының латынша атауларын жаттау

2) Веналық жүйенің барлық тамырларының латынша атауларын жаттау

2. Жүректің құрылысын латынша оқып білу

3. Шығармашылық тапсырма: Жүректін суретін еркін салып беру.



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


8 СӨЖМ тапсырмалары:

1. Келесі сұрақтарды қарастыру:

1) Сомалық жүйке жүйесі, құрылысы, қызметі.

2) Вегетативтік жүйке жүйесі, құрылысы, қызметі.

2. Жүйке жүйесінің эволюциясы.

3. Шығармашылық тапсырма:



Тапсырмалар орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар: дәріс материалын меңгеру.

Әдебиеттер: [1-9]


9 СОӨЖ. Сезім мүшелерінің онтогенезі.

СОӨЖ кеңестерінің графигі




Виды занятия

дүйсенбі

сейсенбі

сембі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру

10.25-11.15
















2.

Тәжірибелік сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру







10.25-11.15










3.

СӨЖ сабақтарының сұрақтары бойынша кеңес беру













10.25-11.15




4.

Тест тапсырмаларының сұрақтары бойынша кеңес беру

10.25-11.15

















11. Оқитын студенттердің білімін тексеру кестесі

Дәріс және тәжірибелік қатынасу (семинарлық, зертханалық, жеке, студийлық) 0-100 баллмен бағаланады.


Пән бойынша тапсырмалардың жасау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен міндеті

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындалу мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру күні

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат







3 апта



4-ші апта

2

Реферат







2 апта




6-ші апта

3

Межелік бақылау

Модуль 1,2







коллоквиум

8-ші апта

4

Реферат







2 апта




9-апта

5

Реферат







2 апта




11ші апта

6

Межелік бақылау

Модуль 3,4







коллоквиум

15-ші апта


12. Студенттердің білімдерін анықтаудағы критерийлері
Сабақты жалпы қорытындылауы тест түрінде аяқталады, бұл барлық өтілген материалдарды қамтиды. Емтиханға жіберілуді алу үшін студент келесідей пән бойынша қамтылатын міндеттерді атқаруы қажет:

Әрбір тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберілу рейтингі орташа арифметикалық барлық тапсырмаларды ағымдағы сабақтардағы орындалған түрі бойынша есептеледі (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе және т.б. тапсырмалары, межелік бақылау).

Жұмыс оқу бағдарламасындағы барлық орындалған тапсырмалары бойынша (барлық зертханалық жұмыстарды орындау және тапсыру, СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру), курстық жобаны қорғаудан оң баға алуынан және жіберілу рейтингі 50 баллдан кем болмаған студент қорытынды бақылауға (ҚБ) жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі әр бір пән бойынша, соның ішінде МЕ қорытынды бақылауынан, қорытынды бағамен анықталады, ол ЖР мен ҚБ есебімен есептеледі.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Салмақтық үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы керек.

КЖ/КЖ комиссия алдында қорғалады. Бағасы көрсетілген жұмысы бойынша және жетекшісінің пікіімен қаралып есептеледі.

Қорытынды бақылау пән бойынша студенттің оң бағасымен және жіберілу рейтингісімен есептеледі.


  1. Тұрмыстық құрал-жабдықтардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі экологиялық талаптар.

  2. Қалдықтарды жоюдың және тасымалдаудың зиянсыз әдіс-тәсілдері.

  3. Қазақстанның өнеркәсіп орындары және оларға қойылатын экологиялық талаптар.

Рефератты жазуға арналған әдістемелік нұсқау

Рефератты орындау үшін материалдар ұсынылған әдебиеттерден алынады. Орындауға 1-2 апта уақыт беріледі. Реферат көлемі қолмен жазылса 10-15; компьютерде 10-12 бет болады. Компьютерде жазғанда текстің беттегі иллюстрациялар, таблицалар А-4 өлшемді бетте жазылуы тиіс. Тексті тергенде сол жақ 30 мм, оң-10, жоғары 20, төмен 20 мм-ден кем емес; шрифт көлемі 14, болуы керек, нөмерлеу оң жақ жоғары бүрышында нүктесіз қойылады.



Рефераттың аттестациясы.

Баға қою үшін рефератқа қойылатын талаптар:

1. Тақырыпты құрастыру дәрежесі

2. Ғылым әдебиетті қамту

3. Рефератты жазудың теориялық дәрежесі

4. Ғылыми негізде дұрыс қорытынды жасау


Рефераттар тақырыптары:
  1. Конституция туралы жалпы түсінік.
  2. Физикалық жаттығулардың тірек-қимылына әсері. Сымбат.
  3. И.П. Павловтың еңбектері.
  4. Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы.
  5. Жыныс тәрбиесі.
  6. Гормондардың ашылу тарихы. Гуморальдік реттелу.
  7. Иммунитет.
  8. Жүйке жүйесінің эволюциясы.
  9. Сезім мүшелерінің онтогенезі.


13. Оқытушының талаптары, саясаты және рәсімдері

Студент дәріс сабақтарына міндетті түрде қатысуы тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе аяғында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, бұл деканаттың қарастыруымен қаралып түсініктеме қағазымен беріледі. Сабақта 2 рет қана жоқ болуы жіберіледі. Сабаққа екі рет қалып келу, бұл бір рет жоқ деп есептелінеді. Егер де екі реттен жоқ болса, бұл әкімшілдік шешім сұрағымен қарастырылады. Дәрісте басқа топтың студенттеріне отыруға тыйым салынады.

Тапсырмаларды дәл уақытында тапсыру қажет. Ең соңғы кезі емтиханға дейін 3 күн қалғанда қабылданады. Осы аталған тапсырмалардың барлығы егер тапсырылмаса, студент емтиханға жіберілмейді.

Тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды қамтуы әр кезде қаралып отыруы керек. Оқу материалдарын меңгеруі тестпен немесе коллоквиуммен қаралып бағаланады. Тестілеу кезі студенттерге айтылмай қабылдануы мүмкін.



14. Әдебиет тізімі

Негізгі:


  1. Нұрышев М. Адам анатомиясы. Оқулық Алматы: Карасай, 2005. -348 б.

  2. Набидолина Ш.С. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Оқұлық. - Астана:Фолиант, 2007.-275 б.

  3. Дүйсенбин Қ. Орталық жүйке жүйесі жғне жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы. Алматы, 2001.

  4. Iзмұхамбетов Т.Ё., Есiмбекова Р. I., Сахишева С. Ш., Мұсажанова М.Қ. Анатомия және физиология. Атлас. - Алматы: Арыс,2007.-169 б.

Қосымша:



  1. Гайворонский И.В., Ничипорук Г.И., Гайворонский А.И. Анатомия и физиология человека: учебник для проф.образования.-5-е изд.стер.-М.:Академия, 2009-492с

  2. Гослинг Дж.А. Анатомия человека: цветной атлас и учебник анатомии. – 4изд..-М.: АСТ-Астрель, 2005-377с.

  3. Крылова Н.В., Искренко И.А. Анатомия скелета: анатомия человека в схемах и рисунках: атлас-пособие; учеб.пособие-2изд..-М.: Изд-во РУДН, 2006-83с.

  4. Курепина М.М., Ожигова А.П., Никитина А.А. Анатомия человека: учебник для студ.вузов.- М.:Владос, 2005-383с.

  5. Фениш Х. Карманный атлас анатомии человека на основе Международной номенклатуры.- 4-е изд., стер..-Минск:Интерпресссервис, 2002-464с.

Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет