Пәні бойынша оқыту бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)



бет3/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,79 Mb.
#11266
1   2   3   4   5   6   7   8

БЕКІТЕМІН

Химиялық технологиялар және

жаратылыстану факультетінің деканы

___________ К.К.Ахметов

2013 ж. «___»___________


Құрастырушы: аға оқытушы _____________ Шарипова А.К.




Пән бағдарламасы (Syllabus)

Палеонтологияның және эволюциялық оқудың негіздері OEUP 4208

Күндізгі оқу түрінің 5В060800 Экология мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

Бағдарлама 2013 ж. «____» ____ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.


2013 ж. «__» ____ кафедра отырысында ұсынылған, № __ хаттама
Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.М.Жумадина «___» ___ 2013 г.
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған «____» ____ 2013 ж., № __ хаттама

ОӘК төрайымы __________ Ю.М.Каниболоцкая «___»____ 2013 г.



  1. Оқу пәнінің паспорты

Пән атауы Палеонтологияның және эволюциялық оқудың негіздері

Пән таңдау бойынша компонент

Кредиттер саны және оқу мерзімі

Барлығы – 4 кредит

Курс: 4

Семестр: 7

Барлық аудиториялық сабақ – 60 сағат

Дәрістер - 15 сағат

Тәжірибелік сабақтар - 15 сағат

Зертханалық сабақтар – 30 сағат

СӨЖ – 75 сағат

Соның ішінде СМӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы ембек сыйымдылығы - 135 сағат

Бақылау түрі

Емтихан – 7 семестр
Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, өсімдіктер систематикасы, адам анатомиясы, генетика, жалпы паразитология.


Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: зоологиядан үлкен практикум, ботаникадан ұлкен практикум, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің көптүрлілігі.


2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланысу ақпараттар

Шарипова Айнагуль Каировна

Аға оқытушы

Биология және экология кафедрасы, Ломов к.64, А-корпус, А-417 аудитория

Байланысу телефоны; 8(7182) 67-36-85 (ішкі 12-57), сот. 87076053008

Е-mail: scharipova_5@mail.ru


3. Пәні, мақсаттары мен міндеттері

Палеонтологияның және эволюциялық оқудың негіздері пәнінің зерттеу нысаны болып Жер бетіндегі органикалық дүниенің дамуы туралы көзқарастар және биологиялық эволюцияның негізгі мезанизмдері есептеледі.



Пәннің оқыту мақсаты - органикалық тіршіліктің даму заңдылықтарын анықтау және келешекте оны басқару.

Пәннің оқыту міндеттері: биологияда эволюциялық көзқарастардың даму тарихымен студенттерді таныстыру; эволюциялық процестің негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштері, Жер бетіндегі органикалық эволюцияның негізгі кезеңдері, уақыт аралығында тақсондар арасындағы филетикалық байланыстар туралы және биологиялық эволюция туралы студенттерде ғылыми көзқарастар қалыптастыру.

4 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар

Пәнді оқу нәтижесінде студенттерде міндетті:

- тірі табиғаттың нақты, универсалды, күрделі және көпқырлы бірлігі ретінде биологиялық түр туралы көзқарастар, органикалық дүниенің даму заңдылықтары, биологиялық жүйелердің даму себептері мен заңдылықтарын ашу туралы түсініктер болу;

- жаңа түрлер және түрішілік формалардың пайда болуына әкелетін, түрден жоғары тақсондар эволюциясының негізгі бағыттары мен заңдылықтарын; адам, жануар және өсімдіктердің тарихи дамуының кезеңдерін және негізгі ерекшеліктерін білу;

- эволюциялық заңдылықтары туралы білімді зерттеу жұмыстарында, қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалануда қолдана білу;

- пәнді оқыту әдістері мен тәсілдерін мектептегі биология курсында қолдануды; эволюциялық процестерді зерттеу тарихын және қазіргі заманғы көзқарастарды қалыптастыруды дағдылана білу;

- жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, эволюцияның себептерін айқындау, тірі материяның тарихи даму заңдылықтарын анықтау, адамның пайда болуы мен дамуы, микро-және макроэволюциялық процестерді болжау, эволюциялық процестерді басқару үшін ғылыми әдістерді құрастыру туралы сұрақтарда білікті болу.


5 Пәнді оқытудағы тақырыптық жоспар

Сабақтар бойынша академиялық сағаттардың тарлуы






Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс

тәж

зерт

СӨЖ

1

Эволюциялық ілімінің мақсаттары мен міндеттері

1

1

1

4

2

Биологияның Дарвинға дейінгі кезеңі

1

1

1

4

3

Ч.Дарвиннің түртүзіліс туралы ілім

1

1

1

4

4

Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары

1

1

1

6

5

Эволюцияның молекулярлы-генетикалық негіздері

1

1

2

6

6

Микроэволюция туралы ілім

1

1

2

6

7

Табиғи сұрыпталудың жетекшілік ролі

1

1

2

6

8

Макроэволюция туралы ілім


1

1

2

6

9

Биологиялық эволюцияның негізгі заңдылықтары мен ережелері

1

1

2

6

10

Палеонтология және эволюция. Палеонтологияның бөлімдері

1

1

1

6

11

Көму кезеңдері және сақталу формалары. Биоминерализация және фоссилизация

1

1

1

6

12

Тіршіліктің пайда болуы


1

1

2

6

13

Алғашқы - су омыртқалыларының пайда болуы мен эволюциясы


1

1

2

6

14

Қосмекенділердің пайда болуы мен эволюциясы

2

2

2

6

15

Бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы мен эволюциясы

2

2

2

6

16

Құстардың пайда болуы мен эволюциясы

2

2

2

7

17

Сүтқоректілердің пайда болуы мен эволюциясы

2

2

2

7

18

Антропогенез


1,5

1,5

2

7

Жалпы пән бойынша:

22,5

22,5

30

105


6. Дәріс сабақтарының мақмұны


1. Эволюциялық ілімінің мақсаттары мен міндеттері

Эволюциялық ілім - органикалық эволюция туралы ғылым. Органикалық эволюция ұғымы. Эволюциялық идеялар. Тарихи принцип. Биологияның барлық салаларындағы әдістемелік негізі туралы көзқарас - эволюцияның синтетикалық теориясы.

Эволюциялық ілім және палеонтология негіздері пәнінің мақсаты – органикалық тіршіліктің даму заңдылықтарын анықтау және оны басқару. Тіршіліктің тарихи даму заңдылықтарын дәлелдеу үшін эволюциялық ілім әртүрлі биологиялық, ауылшаруашылық және медицина салаларындағы бай материалдарды қолданады. Осы заңдылықтарды ашып, қазіргі кезге сай өсімдіктер мен жануарлардың дамуын басқаратын жалпы принциптер құрастырады және ауыл шаруашылығының қажеттілігіне сай өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін шығаруға жол ашады.

Пәннің міндеті - диалектико-материалистік көзқарасты қалыптастыру;

- басқа биологиялық пәндерді игеруде құбылыстар мен фактілердің философиялық және теориялық түсініктерді қалыптастыру;

- биологиялық ойлау, табиғат құбылыстарына статистикалық әдіс қолдануды қалыптастыру;

- табиғи құбылыстар туралы себеп-салдардың байланысына түсінік беру.
Эволюция дегеніміз – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және бағытталған тарихи дамуы. Ол популяциялардың генетикалық құрамына, бейімделушіліктің түзілуіне, түрлердің түзілуі мен өліміне, экожүйенің қайта қалпына келуіне тікелей байланысты болады.

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім№ Эволюциялық ілім биология ғылымының теориялық негізі болып есептеледі және оның жеке салалары бойынша алыңған мәліметтерді жинақтап қорытындылайды.

Дарвинизм (эволюционистика)– органикалық дүниенің эволюция сы туралы материалистік теория.

Эволюциялық ілімінің негізгі бөлімдері:



  • эволюциялық идеялар, гипотезалар және концепциялардың пайда болуы мен даму тарихы;

  • жеке филогенетика;

  • жалпы филогенетика;

  • микроэволюция;

  • макроэволюция.

2. Ежелгі әлемдегі табиғаттың даму және біртүтастығының идеялары. Бұл идеялар туралы Үндістан, Кытай, Месопотамия, Мысыр және Грек материалистер еңбектерінде берілген.

Б.д.д.II ғ. «Ригведа» (Индия) материалдық әлемдің «праметериядан» пайда болғаны туралы идея ұсынылған.

«Аюрведада» (б.д.д 1 ғ.) адамның 18 млн. бұрын тіршілік еткен маймылдардан пайда болғаны мақұлданады.

Жасанды сұрыпталу және медицина туралы б.д.д. XI-V ғ.ғ. Алдыңғы, Ортаңғы Азия, Месопотамия, Мысыр, Үндістанда өте көп мәліметтер белгілі болған, үйткені үй жануарлардың (ит, қой, ешкі, шошқа, түйе, зебу, мысық, тутовы шелкопряд) және өсімдіктердің (күріш, пшеница, просо, ячмень, кунжут, виноград) көп түрлері шығарылған.

3 мың жыл бұрын Үндістанда оспаға қарсы егу ашылған, ал Еуропада тек 1788 ж.

Тістерге протез жасау, қол-аяқтарды кесіп тастау және қаңқаның трепанациясы неолит кезінде белгілі болған.

Қытайда б.д.д. 1ғ. Соңында бір тірі жаныарлардың басқалары ауысу туралы идеялар көп тараған болатын. Эволюциялық ілімнің пайда болуына Грек философы Анаксимандр Милетский үлес қосты. Өзінің еңбегінде «Табиғат туралы» (б.д.д 540 ж.) ол жануарлардың суда пайда болғанын және сырттарын кебуден қорғауғайтын қатты жабындысын түзіп құрлыққа шыққаны туралы жазған. Ал адамды балыққа ұксас жануарлардан пайда болғанынан есептеген.

Гераклит Ефесский (б.д.д 6 ғ.) барлық тірі организмдер табиғи жолмен алғашқы материадан пайда болған деп есептеген.

Ал ұлы ғалым Аристотель тірі ағзалардың дамуын, олардың жалпы құрылысы және бір-біріне ауысуын, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы аралас түрлерін қарастырған. Өзінің фундаментальды еңбектерімен «Жануарлардың тарихы», «Жануарлардың пайда болуы туралы», «Жануарлардың дене бөлшектері туралы» биологияның дамуына өте үлкен әсер еткен.

Осыны қорытындағанда, ежелгі әлемде, бірнеше ғасырлар бұрын, әртүрлі елдерде дін-философиялық идеялар – трансформизм (заттардың бір біріне ауысуы) және креационизм (тіршіліктің Алланың тілегімен жасалғаны) пайда болған.

Орта ғасырлық.. 2 мың бойы ежелгі әлемдегі Рим, Үндістан, Қытай, Грек елдерде білімнің қарқынды дамуынан кейін Еуропада VI-XIV жылдарға дейін «жаратылыстанудың қара түндері» басталады. Адамдарды табиғаттын дамуы туралы идеялар айқан үшін ғана емес, көне философтардың кітаптарын оқыған үшін де алауға жаққан. Христиандік ілімі бойынша әлемнің тіршілік етуіне 6 мың жыл болған, оны б.д.д 4004жылы құдай жаратқан. Табиғатты зерттеуге мүлдем тыйым салыңған. Жүздеген талантты ғалымдар, көне кітаптар осы уақытта жойылған. Тек Испанияда алауда 35 мың адам жағылып 300 мыңнан астам жәбірленген.

Бірақта объективті оулауға неміс тақуасы Альберт Больдштедский (1206-1280 ж.ж.)

шақырып, көп томды, өсімдіктер мен жануарларға арнайы бөлімдерімен, энциклопедиясын жарыққа шағарады. Аристотель, Плиния, Гален мәліметтеріне сүйеніп жүйелеу негіздерін береді, жануарлардың жүріп-тұруын сипаттайды.

X-XII ғ.ғ. Араб әлемінде жоғары дәрежеде әлеумет және білім болады. Еурпада ислам әлеуметінің ошағы болып Ибн Синаның (Авиценна) «Канон медицины» деген шығармасы болған.

Қайта өркендеу дәуіріндегі биология. Теңізде жүзу және сауда дамуымен органикалық дүниенің әр алуандығы туралы мәліметтер өсіп, флора мен фаунаның инвертаризациясы басталады.

15 ғ. ортасында Еуропада феодализмдің құрып капитализмге көшуінен бастап жаратылыстанудың дамыуна қолайлы себептер пайда болады. Сонымен, жаратылыстанудың қазіргі кездегі тарихы осы кезден басталады деп есептеледі және бұл адам ойының дамуындағы ұлы бұрылыс болған.

XVI ғ. Адам мәйітін зертеуге қойылған тыйымды алып тастағаннан кейін анатомияның қарқынды дамуы басталады. Микроскоп ашылуымен зерттеу мүмкінділіктер кеңейіп, өсімдіктердің клеткалық құрылысы (Р.Гук, 1665), микроағзалар әлемі, эритроциттер, сперматозоидтар (АЛевенгук, 1683), қылтамырлардағы қан жылжуы (М.Мальпиги, 1661) зерттеледі.

Ф.Реди XVII ғ. экспериментальды жолмен қандай да болсын күрделі заттардың өзінен пайда болуын мүмкін еместігін дәлелдеген. Ал Пастердің (19 ғ.) жетістіктері өзінен өзі пайда болу версияны мүлдем жойған.

Көптеген жиналған ғылыми-жаратылыстану мәліметтер жүйелеуді және қорытындылауды талап еткен. Алғашқы өсімдіктер және жануарлардың көптомдық сипаттамалары жарыққа шыққан. Италиялық медик, философ А.Чезальпино 1583 ж. өсімдіктерді олардың тұқымы, гүлдері және жемістері бойынша жүйелеген. Ағылшын биолог Дж. Рей өзінің еңбегінде «Өсімдіктер тарихы» (1686-1704) алғаш рет «түр» және «туыс» деген ұғымдарды пайдаланған, мұнда ол 18 600 өсімдіктер түрінің сипаттамасын берген, бірақта түрлер өзгермейтінін есептеген.

"Эволюция" деген сөз латынша "evolutio" — "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геологиягеографияастрономия, т.б. кеңінен қолданады. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді.

Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізеді, ал Швейцария жаратылыс зерттеушісі (натуралисі) Ш.Бонне (1720 — 1793жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюциялық ілім тіршіліктің пайда болғанынан бастап қазіргі кезге дейінгі және келешектегі тарихи даму бағыттары мен заңдылықтарын зерттейді.

Эволюциялық ілімнің ғылыми негізін салған көрнекті ағылшын ғалымы Чарлз Роберт Дарвин(1809 — 1882 жж.).

Қазіргі кезде вирустардың 800-дей, саңырауқұлақтардың 100 мыңдай, өсімдіктердің 350 мыңнан астам және жануарлардың 1,5 млн- дай түрі ғылымға белгілі. Ғалымдардың болжауы бойынша жер бетінде тірі организмдердің 4,5 млн-ға жуық түрі таралған. Ал геологиялық замандарда жер бетінде 1 млрд-қа жуық түрлер тіршілік еткен, олардың көпшілігі жойылып кеткен.


2. Биологияның Дарвинға дейінгі кезеңі

Ежелгі әлемдегі тірі табиғат туралы мәліметтер. XV-XVII ғ.ғ. биология. К.Линней жүйесі. Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теория. Ж.Кювье, А.А.Борисяк, К.Рулье, А.Северцовтың эволюциялық көзқарастарының дамуы.



Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. Тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашкы идеялар Үндістанның, Кытайдың, Месопотамияның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде байқалады. Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат козғалыста, өзгерісте болады, сондай-ақ біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады, ал қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Біздің заманымыздан 2 мың жыл бұрын Кытайда мүйізді ірі қаранын, жылқының, балықтың түрлі тұқымдарын және әсемдік өсімдіктерді шығаруға бағытталған арнайы сұрыптау жұмыстары жүргізілген. Ертедегі философтар тірі ағзалар эволюция әрекетінде бір түрден екінші түрге айналады деген пікірде болған. Солардың бірі Гераклит барлық тірі ағзалар, тіпті адам да ең алғашкы материядан табиғи жолмен дамып жетілді дейді. Жануарлар мен өсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Аристотель болды. Сол кездегі осындай материалистік бағыттағы ой-пікірге қарсы табиғатта карапайымнан күрделіге дейінгі дамудын бар екенін жоққа шығаруға тырысқан метафизикалық көзқарас та қалыптаса бастады. Алайда, VI— XIV ғасырлар аралығында Еуропа елдерінде «жаратылыстану» ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау заманы туды. Одан кейінгі дәуірлеу кезенінен бастап антик табиғат зерттеушілері — Аристотель, Платон мен Теофрастың шығармалары кең колдау тауып, қайтадан оқыла бастады.

Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің ашылуы XV ғасырдың басына жаратылыстану ғылымдары — астрономия, геология, ботаника және зоологияның дамуына себеп болды.

Әйгілі ағылшын философы Ф. Бэкон (1561—1626) иңдукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады. Бұл үндеу табиғат зерттеушілердің арасында кен колдау тауып, соның нәтижесінде түрлі ғылыми салаларда көптеген жаңалыктар ашыла бастады. Мысалы, 1543 жылы А. Везалий адам денесінің кұрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, 1628 жылы У. Гарвей қан айналымы жөніндегі ілімін жариялады.Микроскоптың ашылуына байланысты өсімдік жасушасының кұрылысы (Р. Гук, 1665), ұсак ағзалар дүниесі, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысы (А. Левенгук, 1683) жан-жақты зерттелді.

XVI—XVII ғасырлар аралығы биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Осы қарсанда биологияның барлық салаларында тірі ағзалардың түрлері жайлы сан алуан деректі материалдар, жинактамалар көбейе бастады. Тірі табиғаттын өлшем бірлігін «түр» деп тауып, ағылшын ботанигі Джон Рей (1628—1705) оған ең алғаш анықтама берді.

Биология саласында XVII гасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы аралықта қалыптасқан эволюциялық көзқарастар. Тірі табиғатты жүйелеуде аса зор енбек сіңірген швед ғалымы Карл Линней (1707—1778) болды. Ол түрдің табиғи жан-жактылығын және ақиқат барлығын айта келіп, түр —кұрылысы жағынан ұксас, көбеюі кезінде өздеріне ұқсас ұрпақ беретін көптеген туыстас ағзалар жиынтығы деді. Линней түрді латын тілінде қос атпен атауды (биноминальдық номенклатура) тәжірибеге енгізіп, оны жүйелеуге негіз етіп пайдаланды. Жақын түрлер туысқа, туыстар отрядқа, отрядтар класқа біріктірілді. Линней барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығынын саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа, ал жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің кұрылысына қарай 6 класқа топтастырды. Жануарлар кластарына: сүтқоректілер, құстар, сұмпайылар, балықтар, бунақденелілер және кұрттарды жатқызды. Ең соңғы құрттар класына Линней қарапайымдыларды, тікентерілілерді, тіпті дөңгелекауыздыларды да енгізді. Линнейдің құрастырған жүйесі жасанды деп аталады, өйткені бұл жүйе түрлер арасыңдағы туыстықты емес, ұқсастықты ғана көрсететін жүйе болды. Линней табиғат туралы метафизикалық көзқараста бола отырып (түр өзгермейді деп есептегенімен) адамның жануарлар дүниесіндегі орнын дәл тауып, оны адам тәрізді маймылдармен қатар бір отрядқа орналастырды.

Тірі табиғатты жүйелеуде жіберген бірқатар кемшіліктеріне қарамастан Линней енбектері орасан зор бағаланады. Ол өзіне дейінгі ғалымдардың барлығынан да өзгеше, жануарлар мен өсімдіктердің ерекше жүйесін ұсынып, түрлердің шығу тегін анықтауға, жүйелеудін одан әрі дұрыс дамуына жол ашты. Түрлерді қосарынан латынша атауды енгізді; 8000-ға жуық өсімдіктер мен 4500-ге жуық жануарларды сипаттап, 1000-ға жуық биологиялық терминдер ұсынды. Өмірінің соңғы кезінде Линней түрлердің тұрақты еместігін мойындады. 1749 жылы Ж. Бюффон «Табиғи тарих» атты көп томдық енбегінде «бейорганикалық заттардан тірі ағзалар (алдымен өсімдіктер, одан кейін жануарлар мен адам) пайда болды дей отырып,түрдің өзгергіштігі жайлы ілімді қолдады. Органикалық дүниенің эволюциясы жөніндегі дұрыс ой-пікірлер Д. Дидроның, Ч. Дарвиннің атасы Эразм Дарвиннің, И. Канттың еңбектерінде де жазылған.

Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы.
Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М.В.Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф алғашкылардың бірі болып, ұрықтың дамуы жөніңде дұрыс пікір ұсынды.
А.Н.Радищев табиғатты біртұтас деп тауып, ондағы даму қарапайымнан күрделі құрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К. Ф. Рулье түрлердің тұрақтылығы жайлы метафизикалық көзқарасты қатты сынап, ағзалардың қай кайсысы болса да айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді.
Аса кұнды эволюциялық идеяны А. И. Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық ілімі.
Алғашқы эволюциялық теория XIX ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж. Б. Ламарк өзінің 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегінде түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалы қарапайым жәндік кірпікшелі кебісшеден басталып, сүткоректілермен аякталған. Мұнда барлық жануарларды 6 сатыға, 14 класқа жіктеу арқылы орналастырған. Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар кұрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарылауын (градация) көруге болады. Ламарктың пікірі бойынша органикалық формалардың қарапайым құрылыстан күрделі кұрылысқа карай біртіндеп жоғарылауы тарихи дамудың нәтижесі.
3. Ч.Дарвина түр түзілу туралы ілім

Органикалық әлем эволюциясының дәлелдері және адамның шығу тегі


Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, тұқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ.Макроэволюцияның секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай-ақ қазір өмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылды. Оның үстіне бүгінгі күні өмір сүретіндерге қарағанда өліп біткен жануарлар мен өсімдіктер көп. Егер орасан көп мөлшердегі формалар ақыр соңында жойылып кететін болса, осыншама ұзақ уақыт аралығында соншалық алуан түрліліктің қандай жаратылу мәні бар? Атап айтқанда макроэволюциялық үдеріс туыстан дүниеге дейінгі ірі жүйелеу санатында қоса жүрді.

Эмбриологиялық дәлел


Суретте - бірайлық адам эмбрионы.

Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Генкель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.



Ғаламшарда тіршілік біржасушалылар түрінде туындады. Тіршілік иелерінің барлығы бір жасушадан бастама алады. Оның адамда - зигота, саңырауқұлақта - спора немесе бақбақта партогенез (қыздықты көбею) кезінде ұрықтанбаған жұмыртқажасушадан пайда болуы мүмкін. Жұмыртқаның соңғы бөлшектенуі (бластула) кезеңінде көпжасушалардың ұрық сатылары қазіргі сары домаланғы (золотистый вольвокс) іспетті алғашқы шоғырлы көпжасушалылар сатыларына сай келеді. Ұрық жапырақшаларының (гаструла) қалыптасу сатысы бастапқыда - ішекқуыстыларға, ал кейінірек жалпақ құрттарға сәйкес болады. Ағза өз таксонына жеткенге дейін одан әрі дами береді. Бірақ негізгі межеден әрі ұзамайды. Жорғалаушылардың эмбрионы құстар сатысынан ешқашан өтіп кетпейді, сондай-ақ қосмекенділердің эмбрионы жорғалаушылардың сатысына өтпейді. Оның есесіне қосмекенділердің эмбриондары балықтар сатысынан өз сатысы бақаларға дейін едәуір ұзақ жол кешеді. Адам эмбрионында дами бастаған кезде жұтқыншағында желбезек саңылауы, желі, екі бөлімді жүрек, шеміршекті қаңқа пайда болады. Соңынан саңылаулар бітісіп, жүрек үш бөлімді, кейінірек төрт бөлімді бола бастайды. Шеміршекті каңқаны сүйекті қаңқа алмастырады, алайда сүйек ішінде куыстар (құстардағыдай) болады. Бастапқыдағы ми кепіршіктері түріндегі ми соңынан бес бөлікке бөлініп, жекеленеді. Біртіндеп алдыңғы ми ұлғаяды да үлкен ми сыңарларын түзеді. Бұдан соң мишықта және алдыңғы мидың үстінен қыртыс қалыптасады. Бұдан да көрнекі мысалдар бар. Қоңыздардың (әсіресе заузаның) дернәсілі және көбелектердің жұлдызқұрттары буылтық құрттар типіне жататын шұбалшаңды еске түсіреді. Атап айтқанда буылтық құрттар типі буынаяқтылардың ата тегі болып табылады. Өсімдіктерде де осыған ұқсас жайттар бар. Мүк спорасынан өсіп шыққан өскінше жіп тәрізді балдырға өте ұқсас. Шындығында да құрлықта өсетін өсімдіктерге алғаш бастама берген де осы балдырлар.

Көптеген даңқты эмбиологтар атап айтқанда биогендік заңға сүйенеді. Жануарлардың жүйедегі орнын анықтау көбінесе олардың ұрықтық сатыларын зерттеуге негізделеді. A. О. Ковалевский қандауыршаның желілерге тиесілі екені де осылай дәлелденді.Асцидиялар дернәсіл сатысында ғана желіні бірнеше сағат сақтайды. И. Мечников жөнө А. Ковалевский еңбектері негізінде арнайы ілім дамытылды. Ол ұрықтың дамуы негізінде омыртқалы жануарлардың барлық типтерінің, бірлігін ғана емес, ұрық жапырақшаларынан мүшелердің қалыптасу ортақтығын дәлелдеді. Биогендік заңның дамып, жетілдірілуіне ғалымдар И. Ф. Шмальгаузен жәнө A. Н. Северцов маңызды үлес қосты. Олар мүшелердің қайта құры лу тетігін зерттеді және белгілі эволюциялық, салдарына жеткізу үшін эмбриогенездің қай сатысында өзгеріс болатынын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет