Пәні: Әдебиеттік оқу Класы: 3 Мерзімі:
|
Тақырыбы:
|
Қасым Аманжолов. Ұшқыш болғым келеді
|
Жалпы мақсаты:
|
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармаларын мәлімет жинау арқылы білу. Ұшқыш мамандығы туралы мағлұмат алу. Картамен жұмыс істеу барысында ҚР қандай мемлекеттермен көрші екенін табу
|
Оқу нәтижесі:
|
Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармаларын біледі. Ұшқыш мамандығы туралы біледі. Картадан ҚР көршілес елдерді таба алады
|
Түйінді идея:
|
Ұшқан құспен таласқан, ұшқыш болғым келеді
|
Сабақ мазмұны
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
3 мин
|
Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. «Ұшты-ұшты» ойыны
Соңғы бестік бір топ болып топтасады
|
Оқушылар айналып жүреді. Жүргізуші «ұшты-ұшты әуе шары ұшты» дегенде оқушылар екі-екіден, тікұшақ ұшты дегенде үш-үштен, ұшақ ұшты дегенде төрт-төрттен, зымыран ұшты дегенде бес-бестен топтасып тұрады.
|
Тақтаға әуе шары, тікұшақ, ұшақ, зымыранның суреттері ілінеді
|
2 мин
|
«Ой қозғау» әдісі Ұшқыштар туралы видеоролик көрсету
Қандай ойда болдыңдар?
Басбармақ бойынша бағалау
|
Өз ойларын айтады
|
Видеоролик
|
6 мин
|
«Радиоға қоңырау шалу» әдісі
Үш шапалақ
|
М.Мақатаев туралы мәлімет жинап келеді.Әр топтан бір оқушыдан шығып, радио қонағы болады. Оқушылар сұрақ қояды, қонақтар жауап береді. Автор туралы мәліметтерін айтады
|
|
20 мин
|
«Санадағы кинофильм» әдісі бойынша жаңа сабақты меңгерту.Мұғалім өлеңді оқиды
Бағдаршам бойынша бағалау
|
Оқушылар көздерін жұмып отырады. Мұғалім өлеңді оқып болғасын, балалар оқиғаны тоқтаған жерден әрі қарай дамытып, өз ойларымен айтады
Ұшқыштар туралы білетіндерін айтады
|
Оқулық
|
5 мин
|
Картамен жұмыс
|
ҚР қандай мемлекеттермен шекаралас екенін табады
|
ҚР картасы
|
6 мин
|
«Ыстық орындық» әдісі
|
Ортада шеңбер құрып отырады. Бір оқушы ортадағы орындыққа отырып, сұраққа жауап береді. .Жан-жағындағы оқушылар сұрақ қояды
|
|
3 мин
|
«Блоб» ағашы бойынша кері байланыс
|
|
|