Пәні: Өзін-өзі тану Пән мұғалімі: Капанова Жибек Каиргельдиновна Тақырыбы



Дата19.12.2016
өлшемі29,46 Kb.
#4194
Пәні: Өзін-өзі тану

Пән мұғалімі: Капанова Жибек Каиргельдиновна

Тақырыбы:  «Мейірімділік – асыл қасиет»

«Мейірімділікті анадан үйрен» - халық даналығы.



Мақсаты:  Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түіндіру;

-           өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-           мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, дәптер, оқулық, жүрекшенің үлгісі.

Шаттық шеңбері: Мұғалім балаларга шеңбер құрып тұруды ұсынады:

-           Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге қарай қолдарыңды созыңдар.

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)

Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды.)

Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Мұғалім оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырады:

— Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі.

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Оқулықпен жұмыс. Әңгімелеу «Сары тауық пен балапандар»

Мейірімділік қасиеттің мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жұмысы ұйымдастырылады. Оқулықтағы мәтінді оқушы әңгімелейді.

Оқушылардың мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауаптары арқылы тыңдалады.

•           Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

•           Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

•           «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

•           Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

•           Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз

Әңгіме мазмұны бойынша туған ойлар дәйексөзбен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді. Ана - халық үғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.

Ойын:

Балаларды мейірімді болуға дағдыландыру үшін «Мейірімді жүрек» атты ойын ұйымдастырылады. Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы, Сен мейірімдісің!; Сен кішіпейілсің!; Сен әдемісің!; Сен қайырымдысың!; Сен ізеттісің!



Үй тапсырмасы

Бірінші тапсырма: Дәптерде берілген жүрекшенің ішіндегі бос жолдарға «Мен мейірімді баламын. Өйткені...» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері туралы шағын әңгіме құрастырып жазады.

Екінші тапсырма: Әңгімені оқып, мәтін мазмұнында берілген адами асыл қасиеттерді өз бойларыңа сіңіре біліндер.

Жүректен-жүрекке

Сабақ соңында балалар адамдарға,  айналасына мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

-           Күлімдеген күн мейірімді!

-           Кіршіксіз ақ қар мейірімді!

-           Таза мөлдір су мейірімді!

-           Бәрімізді көтеріп түрған жер мейірімді!

-           Аяулы анам мейірімді!

-           Қадірлі әкем мейірімді!

-           Әлпештеген әжем мейірімді!

-           Еркелеткен атам мейірімді!

-           Жылы жүзді ұстазым мейірімді!



-           Тату-тәтті достарым мейірімді! және т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет