ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ДӘрілік полимерлер технологиясы» 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет4/7
Дата24.04.2017
өлшемі1,07 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7
Дәріс 21-23Полиэтилен технологиясы

Дәріс жоспары:



  1. Жоғары қысымды полиэтилен. Технологиясы, қасиеттері

  2. Шыны тәріздес полимерлердің деформациялану қасиеттері

Полиолефиндерге алифатты қанықпаған көмірсутектерін және олардың туындыларын полимерлеу арқылы алынған полимерлер жатады. Фармацияда қолданылатын полиолефиндер: төмен қысымды полиэтилен, жоғары қысымды полиэтилен, полипропилен, полиизобутилен. Полиолефиндер суға, этанолға, ұшқыш емес қатты қаттардың ерітінділеріне тұрақты. Аязға тұрақтылығы -50С тан -800С дейін, жылуға тұрақтылық +600С дейін. Полиолефиндерден жасалған бұйымдар өте жеңіл, биокоррозияға, ескіруге тұрақты. Олардың тұрақтылығы, сорбциялық және миграциялық қабілеттері фармацевтикалық талаптарға жауап береді.

Полиэтиленді 100—350 МПа қысым 190 - 300 °С оттегі немесе тотықтар қатысында этиленің полимерленуімен алады. Этилен полимерленуі радикалды механизм бойынша жүреді.



Жоғары қысымды полиэтилен алу әдістерінде екікаскадты сығу әдісі кең таралған (1 сурет).

1 сурет. Жоғары қысымда этилен полимерленуінің сызбанұсқасы: 1 – этилен қоймасы, 2,4 – араластырғыш, 3- бірінші каскад компрессоры, 5 – екінші каскад компрессоры, 6 – түтікше реактор, 7 – жоғары қысымды бөлгіш, 8 – төмен қысымды бөлгіш, 9 – экструдер-гранулятор, 10 – циклон, 11 – бункер, 12 – дозатор, 13 – таразы, 14 – қап тігетін машина



Синтез барысында сызықты қаныққан полимер түзіледі -(-СН2-СН2-)-, соңғы топтарда қос байланыстар (-СН=СН2) немесе метил топтары -(-СН2-СН3) болуы мүмкін. Ж.қ. ПЭ судын әсеріне өте тұрақты, қышқылдар және сілтілер, сонымен қатар органикалық еріткіштерге салыстырмалы тұрақты, тотықтырғыштар әсеріне тұрақсыз. Ж.қ. ПЭ тірі жасушалардың өсуіне кедергі болмайды жәнеде жасушаларға минималды уытты әсерін тигізетін пластмассаларға жатады. Ж.қ. ПЭ қаныққан полимер болғандықтан атмосфералық ескіруге салыстырмалы тұрақты. Бөлме температурасында жарықсыз ПЭ бастапқы физикалық қасеттерін және механикалық беріктігін оң және одан да көп жылдар бойы сақтайды. Ж.қ. ПЭ жасалған қабықшалар ұнтақтәрізді дәрілік заттарды фасовкалау үшін кең қолданылады. ПЭ флакондар ұнтақтәрізді және сұйық дәрілік заттарды ұзақ уақыт бойы сақтау үшін қолданылады.

Этиленнің төмен қысымда полимерленуі Циглер — Натта қатысында жүреді. Бұл катализаторлар алюминийалкилдер немесе алюминийалкилгалогенидтердің (үшэтилалюминий немесе диэтилалюминийхлориді) үш - немесе төртхлорлы титанмен әрекеттесу өнімдері болып табылады. Практикада жиірек төртхлорлы титан— диэтилалюминийхлориді жүйесін қолданады.

Төмен қысымда этиленнің полимерленуі анионно-координациялық механизм бойынша жүреді. Төртхлорлы және диэтилалюминийхлоридінің қатынасы 1:1 ден до 2:1 дейін өзгереді. Төртхлорлы титанның мөлшері жоғарлаған сайын полимерлену жылдамдығы өседі, полимер шығымы жоғарлайды, бірақ оның молекулалық массасы төмендейді.

Төмен қысымда этиленнің үздіксіз полимерлену процессін схема бойынша (2 сурет) жүргізеді.



2 сурет. Төмен қысымда этилен полимерленуінің технологиялық схемасы: 1 – араластырғыш, 2-сұйылту аппараты, 3-аралық сыйымдылық (емкость), 4-полимеризатор, 5-скруббер, 6,8,10 – центрифугалар, 7-ыдырату аппараты, 9-шаю аппараты, 11-кептіргіш, 12-экструдер-гранулятор



Т.қ. ПЭ химиялық және молекулаүстілік құрылымы ж.қ. ПЭ ұқсас. Бүйір функционалды топтарының аз мөлшерімен, жоғары кристалдану дәрежесімен және жоғары тығыздықпен ерекшеленеді. Т.қ. ПЭ механикалық беріктіктін көрсеткіштері жоғарырақ.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: төмен және жоғары қысымды полиэтиленнің қасиеттері, алу жолдары, технологиясы, фармацияда қолданылуы

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Синтетикалық полиэтиленнің негізгі түрлерін атаңыз

  2. Жоғары қысымды полиэтиленнің артықшылығы?

  3. Полиэтилен қайда қолданылады? Полиэтиленнің қасиеттері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18

2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 298-299 б.

3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 149-185.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет