Дәріс 15-17 – Акрил және метакрил қышқылдарының полимерлер мен сополимерлерінің технологиясы
Дәріс жоспары:
Полиакрил және полиметакрил қышқылдарын алу технологиясы
Полиакрил және полиметакрил қышқылдарының сополимерлерінің фармацияда қолдануы
Акрил және метакрил қышқылдарының полимерлегенде сәйкес қышқылдар полиакрил (ПАК) және полиметакрил (ПМАК) қышқылдары түзіледі:
ПАК және ПМАК мономер қышқылдарын суда 5-40% ерітінді және органикалық еріткіштерде азот атмосферасында радикалды полимерлену әдісімен алады. Процесті 70-980 С 0,5-1,0% инициаторлар, ал 15-300С тотығу тотқысыздану жүйелер қатысында жүргізеді. ПАК және ПМАК аморфты құрылымды ақ түсті қатты заттар. ПАК суда, формамидте, диметилсульфоксидте, метил спиртінде ериді, хлороформда, ароматты көмірсутетктерде және кетондарда, сусыз диоксанда ерімейді. ПМАК суда, бензолда, дихлорбензолда ериді. ПАК пен ПМАК маңызды қасиеттері мөлдірлік, ескіруге және жарық әсеріне төзімділік, әртүрлі материалдарға жақсы адгезия. Эудисперт – метакрилат пен метакрил қышқылының сополимері
Қышқыл формадағы эудисперт суда, майларда, парафинде ерімейді, метил және этил спирттерінде, этиленгликольде, глицеринде және полиэтиленгликольде жақсы ериді. Эудисперттің сулы дисперсиялары таблеткалар өндірісінде қолданылатын эмульгациялайтын және суспензиялайтын агенттер ретінде қолданылады. 10% гельдер жақпамайлардың негізі ретінде қолданылады. Эудражит деп аталатын полиметакрил қышқылының туындысы фармацияда таблеткаларды, капсулаларды және суспензияларды драждау, дайындау кезінде кең қолданылады.
Карбопол сирек тігілген акрил қышқылының және полифункционалды тігуші агенттердің сополимері болып табылады. Карбопол ұсақдисперсті ақ ұнтақ, суда жақсы диспергирленеді, төмен рН ие тұтқыр дисперсияларды түзеді. Карбопол әртүрлі полярлы орталардың (су, спирттердің, гликольдердің) қоюландырғышы болып табылады. Олар рН үлкен диапазонында жоғары қоюландырғыш қасиеттерін көрсетеді. Карбополдар әртүрлі дәрілік формалардың технологиясында қолданылады: көз тамшылары, жақпамайлар, суппозиториялар, микроклизмалар, эмульсиялар, суспензиялар, таблекалар, драже, микрокапсулалар.
Фармацияда және медицинада қолданылатын сополимерлеге қойылатын талаптардың бірі олардың қауіпсіздігі. Полиакрилаттардың уыттығы олардың құрамындағы қалдық акрил мономерлердің мөлшерлеріне байланысты.
Акрил полимерлерінің аэрозольдері дененің зақымдалған терісіне шашыратқанда теріге тығыз жабысып тұратын, тез кебетін және микроорганизмдерді өткізбейтін қабықшаны түзеді. Қабықшалы аэрозольдер құрамына еріген түрінде дәрілік заттар кіру мүмкін. Бірнеше тәуліктен кейін осы қабықшаны сумен жуып тастау мүмкін. Медициналық практикада алкил-(арил)-α-цианакрилаттар негізінде желімдер кең таралған. Олардың артықшылығы: олармен жұмыс істеу ынғайлығы, полимерлену жылдамдығы жоғары, құрамының біртектілігі, жоғары бактериостатикалық әсері. Сонымен қатар дәрілік заттардың – сульфаниламидтер мен антибиотиктер тасымалдығыштары болып табылады. Дәрілік қабықшалардың ішінде маңыздылары полиакрилаттар. Олардың артықшылығы: композициялық біртектілік, сақтау кезінде тұрақтылық, гамма сәулелерге тұрақтылық, аллергиялық реакцияларды тұрғызбайды, басқа дәрілік заттармен үйлесімділік, теріге жаққанда адгезиялық және когезиялық қасиеттерді көрсетеді. Акрил сополимерлерінің гель жүйелерін түзу қасиеттері жақпамайлардағы дәрілік заттардың тасымалдаушылар ретінде кең қолдануға мүмкіндік береді. Акрил гидрогельдері офтальмологияда жақпамайлар және көз тамшылары түрінде кең қолданылады. Көз линзаларында акрил қышқылының сополимері қолданылады. Қызбаға қарсы, ауруды басатын суппозиториялардың құрамына полиакрил қышқылының тұздары кіреді. Акрилаттар таблеткалар өндірісінде жакпалардың байланыстырушы агенттер ретінде қолданылады. Микрокапсулалардың қабықшаларының құрамына полиакрил, полиметакрил қышқылдары, полиметилметакрилат, цианакрилаттар, эудисперт, карбопол, полиакриламидтер кіреді. Карбопол мен эудисперттер суспензиялардың тұрақтандырғыштары ретінде қолданылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полиакрил және полиметакрил қышқылдарының сополимерлері, құрылысы, қасиеттері, алу технологиясы, фармацияда қолданылуы
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Өнеркәсіпте акрил қышқылын қандай әдіспен алады?
Өндірісте акрил және метакрил қышқылдарының қандай сополимерлері кең тараған?
Акрилаттар мен полиметиакрилаттардың қасиеттері.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18
2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 303-305 б.
3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 64-81.
Дәріс 18-20 – Этилен тотығының полимерлері мен сополимерлері және олардың туындылары
Дәріс жоспары:
Полиэтиленоксидтердің жалпы сипаттамасы және алу әдістері
Физика химиялық қасиеттері
Токсикологиялық қасиеттері. Фармацияда қолданылуы
Полиэтиленгликольдерді су және күйдіргіш калий қатысында этилен тотығының полимерленуімен немесе этиленгликоль поликонденсациялануымен алады. Бұл жағдайда екіатомды спирттер алынады, олардың жалпы формулалары Н(ОСН2-СН2)nOH, мұндағы n – 2-85 дейін.
Твиндер полиоксиэтилденген сорбитан мен жоғары май қышқылдарының моноэфирлері. Твиндерді алу жолдары: а) Күйдіргіш натр қатысында қысым астында спендерді этилен тотығымен өндеу арқылы, б) атмосфералық қысымда спенді этилен тотығымен оксиэтилдеу, яғни құрамында бос сілті бар балқытылған спен арасынан газ тәріздес этилен тотығын өткізу.
Твиндер гидросорбиттерден, олардың май қышқылдармен күрделі эфирлерінен және оларды өндеу өнімдерінен тұратын күрделі қоспа болып табылады.
Пентолдын полиоксиэтилентуындылары:
Полиэтиленгликольдердің жоғары май спирттерімен эфирлерін келесі схема бойынша алады:
Жоғары май қышқылдарының оксиэтилденген туындылары полиэтиленгликольдердін күкірт қышқылы қатысында этерификациясы немесе қышқылдың сілтілік катализатор қатысында этилен тотығының әрекеттесуімен алынады.
Плюрониктер бұл ионогенді емес беттік активті заттар. Плюрониктер негізгі тізбек полиоксипропилен тізбегінен ал қосалқы полиоксиэтилен тізбегінен тұратын полимерлер: HO[C2H4O]m[C3H6O]n[C2H4O]mH.
n мөлшеріне байланысты полиэтиленоксидтер әртүрлі консистенцияға ие сұйықтан қаттыға дейін. ПЭО сипаттамалық ерекшелік суда жақсы ериді. ПЭО спиртте, хлороформда, бензолда жақсы ериді, диэтил және петролей эфирлерінде ерімейді. Олар рН өзгеруіне сезімтал емес, жоғары температураға тұрақты, ұзақ уақыт сақталады. Твиндер ионогенді емес беттік активті заттар. Олар суда және органикалық еріткіштерде ериді, минералды майларда ерімейді. Твиндер жақсы эмульгаторлар. Пентолдын полиоксиэтилденген туындылар ашық қоныр түсті жоғарытұтқырлы сұйықтықтар. Олар суда, этил спиртінде жақсы ериді, жоғары беттік активтілікке ие. Полиэтиленгликольдын молекулалық массасына байланысты жоғары спирттердің полиэтиленгликоль эфирлері сұйық және қатты болуы мүмкін. Плюрониктер сұйық, пастатәріздес және қатты консистенциялы беттік актвті заттар. Олар бір бірінен гидрофильды липофильды баланс, суда және органикалық еріткіштерде ерігіштігі, тұтқырлық бойынша ажыратылады. Органолептикалық қасиеттер бойынша иіссіз және дәмсіз.
Экспериментальды нәтижелер полиэтиленоксидтердын уыттығы өте төмен екендігін көрсетті. Олар организмге қосалқы әсер етпейді. Этилен тотығынын полимерлері мен сополимерлерін және олардын туындыларын жақпамайлар, эмульсиялар, суспензиялар, таблеткалар өндірісінде қолданады. Полиэтиленгликольды негіздер гидрокортизон, синтомицин, күкірт, сынап тотығынын жақпамайларының, витаминдер, ферменттер өндірісінде кең қолданылады. Твиндер жақсы эмульгаторлар болғандықтан оларды кез келген рН мәндерінде және электролиттердің жоғары концентрацияларында эмульсиялардың, суспензиялардың тұрақтандырғыштары ретінде қолданады. Жоғары май қышқылдарының оксиэтильденген туындылары солюбизаторлар және эмульгаторлар ретінде фармацияда қолданылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: полиэтиленоксидтердің жалпы сипаттамасы, түрлері, алу әдістері, олардын физика химиялық қасиеттері, токсикологиялық қасиеттері, фармацияда қолданылуы.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Полиметиленоксидті алу үшін қандай мономерлер қолданылады?
Полиметиленоксид өндірісінің негізгі стадияларын сипаттаныздар
Полиэтилен- полипропиленоксидтер өнеркәсіптік өндірісін сипаттаныздар
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18
2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 328 б.
3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 90-109.
Достарыңызбен бөлісу: |