ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені «ДӘрілік полимерлер технологиясы» 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар


Дәріс 30 – Поликарбонаттар өңдірісі



бет7/7
Дата24.04.2017
өлшемі1,07 Mb.
#14827
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 30 – Поликарбонаттар өңдірісі

Дәріс жоспары:



  1. Поликарбонатты алу әдістері

  2. Поликарбонаттың модификациясы

  3. Поликарбонаттың физика химиялық қасиеттері

Поликарбонаттар (ПК) – дигидроқосылыстар мен көмірқышқылдың полиэфирлері. Негізгі тізбегінде карбонатты байланыстар болады

Өндірісте ПКны екі әдіспен алады: балқымада дифенилолпропан мен көмір қышқылының ароматты диэфирлерінің (диарилкарбонаттар) переэтерификациясы және фазалар бөліну шекарасында дифенилолпропанды фосгенирлеу. Бірінші жағдайда реакцияның жалпы теңдеуі:



Осы әдіс бойынша ПК алу процессі катализаторлар қатысында екі стадияда жүреді: 1. 150-2000С температурада және қысымы 4 кПа. Бұл кезде фенолдың 80-90% бөлінеді. 2. Температураны 250-2800С дейін көтереді және қысымды 133 Па дейін төмендетеді. Дайын полимердің балқымасын реактордан инертті газ көмегімен шығарады.



Негізгі өндірістік әдіс – дифенилолпропанды фосгенирлеу

Технологиялық процесс келесі операциялардан тұрады: дифенилолпропанды фосгенирлеу, полимерді жуу, суспензиядан ПК тұндыру және бөліп алу (2 сурет). ПК негізгі артықшылығы – жоғары тұтқырлық, алынған бұйымдарының тұрақты мөлшерлері, жоғары термотұрақтылығы және диэлектрлік қасиеттері, оптикалық мөлдірлік.



2 сурет. ПК өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-реактор, 3-фильтр, 4-кері тоңазытқыш, 5-жуғыш, 6-сусыздану аппараты, 7-қондырғы колонна, 8-дефлегматор, 9-тұндырғыш, 10-өлшегіш, 11-фильтр, 12-кептіргіш, 13-экструдер-гранулятор.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: поликарбонаттың фармацияда қолдануы, қасиеттері, технологиясы

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  1. Поликарбонаттар медицинада неліктен кең қолданылады?

  2. Поликарбонаттың кең тараған алу технологиясын сипаттаныздар

  3. Поликарбонаттардың қасиеттерін сипаттаныздар.

Ұсынылған әдебиеттер:

1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18

2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 321-322 б.

3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 199-210.


Практикалық сабақтар
Практикалық сабақ № 1 - ЖМҚ құрылысы мен қасиеттері
Практикалық сабақ № 2 - Медициналық полимерлер
Практикалық сабақ № 3 - Полимерлерлі гидрогельдер
Практикалық сабақ № 4 – Полимерлік нанобөлшектер
Практикалық сабақ № 5, 6 - Ерігіш метилцеллюлоза технологиясы
Практикалық сабақ № 7, 8 - Поливинил спирті технологиясы
Практикалық сабақ № 9, 10 - Акрил және метакрил қышқылдарының полимерлер мен сополимерлерінің технологиясы
Практикалық сабақ № 11 - Этилен тотығының полимерлері мен сополимерлері технологиясы
Практикалық сабақ № 12 - Полиэтилен технологиясы
Практикалық сабақ № 13 - Полипропилен мен полиизобутиленнің технологиясы
Практикалық сабақ № 14 - Поливинилхлорид технологиясы
Практикалық сабақ № 15 - Поликарбонаттар технологиясы
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
Әрбір студент семестр бойына 4 жазбаша СӨЖ орындауы тиіс.

№1 СӨЖ тақырыптары

Физиологиялық белсенді полимерлер тақырыбына реферат



№1 СӨЖ-ді өткізу мерзімі– 4-апта



№2 СӨЖ тақырыптары

Табиғи полимерлерді медицинада қолдану тақырыбына реферат

№2 СӨЖ-ді өткізу мерзімі – 6-апта





№3 СӨЖ тақырыптары

Поливинил спирті және оның препараттарының технологиясы тақырыбына реферат



№3 СӨЖ-ді өткізу мерзімі - 11-апта
№4 СӨЖ тақырыптары

Этилен тотығының полимерлері мен сополимерлері және олардың туындыларының технологиясы тақырыбына реферат



№4 СӨЖ-ді өткізу мерзімі -14 -апта



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет