Дәріс 27-29 – Поливинилхлорид өңдірісі
Дәріс жоспары:
1. Блок әдісімен ПВХ өңдірісі
2. Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.
3. Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі.
4. ПВХ қасиеттері
Блок әдісімен ПВХ өңдірісі. Ерекшелік – түзілген ПВХ мономерде ерімейді. Бұл реакция жылуы берілуін күрделі қылады. Полимерленудің мерзімді екістадиялық процесің қолданады (1 сур).
1 сур. Блок әдіспен ПВХ өндірудің технологиялық схемасы: 1-авоклав, 2-айналмалы автоклав, 3-фильтр, 4-конденсатор, 5-виброелеуіш, 6-центрифуга, 7-кептіргіш
Суспензиялық әдіспен ПВХ өңдірісі. Винилхлоридті суспензиялық полимерлену әдісі алынған полимердің жоғары тазалығымен процесті жеңіл реттеумен үйлестіреді. Суспензиялық ПВХ өндіру процесі келесі стадиялардан тұрады: реакциялық қоспаны дайындау, полимерлену, центрифугалау және кептіру.
2 сурет. Суспензиялық әдіспен ПВХ өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-жинағыш, 4-центрифуга, 5-кептіргіш, 6-бункер-циклон, 7-үсақтау түйін, 8-қорап машинасы.
Эмульсиялық әдіспен ПВХ өңдірісі . Эмульсиялық ПВХ мерзімді және үздіксіз әдістермен алады. Үздіксіз әдіс бірнеше стадиялардан тұрады: сулы фазаны дайындау, полимерлену, дегазация, тұрақтандыру және кептіру. Суда еритін тотық инициаторлары, мысалы сутек асқыны немесе калий персульфаты және ионогенді эмульгаторлар қолданады. рН реттеу үшін буфер тұзын түзетін фосфор қышқылын және сілтіні енгізеді.
3 сурет. Эмульсиялық ПВХ өндірісінің технологиялық схемасы: 1-араластырғыш, 2-полимеризатор, 3-дегазатор, 4-жинағыш, 5-тұрақтандыру аппараты, 6-кептіргіш.
ПВХ негізінен таблеткалардың, драже және суппозиториялардың қабықшалар ретінде қолданылады. ПВХ жақпамайларды сақтау үшін қолданылатын тара ретінде қолданылады. Қан қую және қанның құрғақ консерванттар ретінде қолданылады.
Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: поливинилхлоридтің қасиеттері, қолданылуы, технологиясы, технологиялық схемалары
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Поливинилхлорид полимерленуінің мерзімді екістадиялық процесін неге қолданатының түсіндірініздер?
Винилхлоридтің суспензиялық полимерленуінің артықшылығы неде?
Поливинилхлоридтің қасиеттері мен қолдану аймағын сипаттаныздар.
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Семчиков Ю.Д. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Академия, 2010, 368 с. С.4-18
2. Е.Е.Ергожин, М.Қ. Құрманәлиев. Жоғары молекулалық қосылыстар. Алматы, 2008. 310-311 б.
3. Полимеры в фармации / Под редакцией А.И. Тенцовой. – М.: Медицина, 1985. С. 185-199.
Достарыңызбен бөлісу: |