Эксперттік бағалаудың әдістері
Эксперттік бағалаулардың негізіндегі басты идеясы бағалаудың сандық әдістері және алынған жетістіктердің қайта жасалынуына сүйенетін адамның интуициялық-логикалық ойлауының тиімді процедурасын құрумен сипатталады.
Эксперттік бағалау әдістерінің мағынасы арнайы мамандандырылған, ғылыми және практикалық тәжірибеге негізделген белгілі бір маманның немесе мамандар ұжымының болжамына сүйенеді. Эксперттік бағалаудың жекеленген және ұжымдасқан түрлерін ажыратуға болады.
Жекеленген эксперттік бағалаулар осы профиль бойынша қызмет ететін эксперт-маманның ойын пайдалануға бағынышты болады. Жекеленген эксперттік бағаланулардың ішінде кең таралғандары – «сұқбат», аналитикалық, сценарийдың жазылуы сияқты тәсілдер.
"Сұқбат" әдісінде «сұрақ-жауап» кестесі бойынша жүретін болжаушы мен эксперттің арасындағы тілдесуді көрсетеді, сол тілдесу барысында болжаушы алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша экспертке болжанып отырған объектінің даму перспективаларына қатысты сұрақтар қояды. Осындай бағалаудың жетістігі, маңызды бір деңгейде эксперттің әр қилы сұрақтарға қорытынды жауапты бірден беруіне де байланысты болады.
Аналитикалық әдіс болса, эксперттің болжанатын объектінің даму жолдары мен жағдайына баға беруде, тенденцияларға талдау жасауында, тереңдетілген өзіндік жұмысты талап етеді. Эксперт болжам объектісі жайындағы барлық қажетті ақпаратты қолдана алады. Өзінің қорытындыларын баяндама түрінде рәсімдейді. Осы әдістің негізгі ерекшелігі – эксперттің жеке қабілеттіліктерін максимальды түрде пайдаланудың мүмкіндіктерінде. Алайда ол аса күрделі жүйелерді болжауда көп қажет емес, және әр түрлі аймақтар бойынша эксперт-маманның білімінің жан-жақтылығының жеткіліксіз болмағаннан кейін даму стратегиясы да аса байқалмайды.
Сценарий жазу әдісін экспертік бағалаудың жекеленген және ұжымдық түрлеріне де жатқызуға болады. Оның негізгі сипаттамалары төменде толығымен ашылатын болады.
Нақты түрлерінің бірі болып ұжымдық эксперттік бағалау саналады.
Ұжымдық эксперттік бағалау әдісі жекеленген мамандармен құралған болжам объектісінің дамуының перспективтік бағыттары бойынша эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтауды талап етеді.
Қазіргі заман шарттарында эксперттердің жұмыстарын қорытындылауда математикалық-статистикалық ережелер қолданылады. Мысалы, эксперттердің ойларының келісілген дәрежесін анықтау үшін сол немесе басқа зерттелетін мәселені шешу бойынша есептеліп шығарылатындар: бағалар дисперсиясы, орташа квадратты бағалардың ауытқуы, және осы негізде бағаның вариациялы коэффиценті, осы коэффицент аз болған жағдайда эксперттіердің ойларының сәйкестігі жоғары болады.
Эксперттік бағалауларды жүргізу ұйымдастыру үшін жұмыс топтары құрылады. Олардың басты қызметтері: сауалнама жүргізу, материалдарды қарастыру, кешенді эксперттік бағалаулардың қорытындыларын талдау. Жұмыс тобы берілген объектіні даму перспективаларына қатысты қойылған мәселелерге жауап бере алатын эксперттерді тағайындайды. Болжамды жасауға еліктіретін эксперттердің саны объектінің күрделілігіне байланысты 10 адамнан 150 адамның аралығында ауытқып отырады. Болжамның мақсаты аықталып, эксперттерге қойылатын мәселелер де жасалынады. Сауалнама жүргізу барысында жекеленген мәселелерді түсінудің бірегейлігін және эксперттердің ойларының тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек. Сауалнамадан кейін ұжымдық эксперттік бағалаудың қорытындысында алынған материалдарды өндеу жүзеге асырылады. Қорытынды баға орташа талқылау немесе барлық эксперттердің бағаларының орташа арифметикалық мағыналарын анықтауға болады.
Эксперттік бағалаудың басқа да әдістері қолдануы мүмкін. Материалдарды статистикалық әдістемемен қайта өндеуде ғылыми-техникалық болжамдарды жасау барысында эксперттер жасаған ғылыми зерттеулердің бағаланған бағыттарының әр қайсысына қатысты маңыздылықтың бағалау жиынтығын қолданады. Маңызды бағалану балмен бағаланады, және келесідей мағынада болады, яғни 0-ден 1-ге дейін, 0-ден 10-ға дейін, 0-ден 100-ге дейін және т.б.
Әлемдік тәжірибеде ұжымдық эксперттік бағалаудың келесідей әдістері, яғни ұжымдық идеялардың генерациясы әдісі, «635» әдісі, «Дельфи» әдісі «комиссия» әдісі, сценарий жасау әдісі кең қолданады. Келтірілген әдістерін механизмдерін толығымен ашып көрейік.
Ұжымдық идеялар генерация әдісінің мәні (ой шабуылы) мәселелік жағдайды «ой шабуылы» арқылы мамандардың шығармашылық потенциалын пайдалануды қажет етіп, алғашында идеялардың генерациясын жасап, кейіннен соңғы ағырға идеяларды және келісілген көз қарастарды (бұзу, критикалау) жоққа шығарады. Бұл әдіс 30-шы жылдардың соңында американдық ғалым А.Осборнмен жасалынды, ол аяқ асты пайда болған идеялар арқылы мәселелерді шешуді ұсынған. Осыған ұқсас әдістерді осыдан 400 жыл бұрын «Хинду» үндіс шеберлері қолданған болатын: дискуссия мен критикаға тыйым салынып, әркім өз идеясын еркін жеткізіп, оларға баға кейіннен берілген.
Ұжымдық идеялардың генерациясының әдісі келесі кезеңдерді іске асырумен сипатталады. ^ Бірінші кезең белгілі бір мәселені шешу бойынша «ой шабуылына» қатысушылардан топ құрумен байланысты. Топтың ең жақсы жағдайлар жиынтығының саны эмпириялық түрде болады. 10–15 адамдардан тұратын топтар аса өнімді болады. Екінші кезеңде талдау тобы мәселелі хат құрастырады, онда мәселелі жағдайды қарастырылады және мәселелік жағдай мен әдістің мағынасы келтіріледі.Үшінші кезең – идеялар генерациясының кезеңі. Әр қатысушы бірнеше рет сөз сөйлеуге құқылы. Алдындағы айтылғандарға сын жасалынбайды, скептикалық ескертулерге жол берілмейді. Жүргізуші үрдісті реттеп, жаңартылған немесе идеялардың комбинациясының қолдап, көмек көрсетіп, қатысушыларды жасқаншақтықтан босатады. «ой шабуылының» ұзақтығы қатысушылардың белсенділігіне байланысты 20 минуттан аз болмай, 1 сағаттан аспауы керек. Төртінші кезең генерация кезеңінде айтылған идеялардың жүйелілігмен байланысты. Идеялардың тізбегі жасалынып, белгілері анықталады, олардың көмегімен идеяларды біріктіруге болады, кейіннен оларды анықталған белгілері бойынша топтарға біріктіреді. Бесінші кезеңде жүйелендірілген идеялардың (бұзылуы) диструктациясы іске асырылады. Әр идея жоғары білікті мамандар тарапынан жан-жақты критикаға ұшырайды. Осындай топтар 20–25 адамнан тұрады. Ал алтыншы деңгейде критикалық ескертулерге баға беріліп, практикалық түрде іске асырылатын идеялардың тізімі жасалынады. Бұл әдіс болжау объектісінің дамуына бағалау нұсқаларын тез және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.
"635" әдісі – «ой шабуылының» көп түрлерінің бірі. 6, 3, 5 сандарының мағынасы, 6 қатысушы, олардың әрқайсысы 5 минуттың ішінде 3 идеядан жазу керек екендігін білдіреді. Осы идея жазылған парақ айналымда жүреді. Сол себепті әр қайсысы жарты сағаттың ішінде өз активіне 18 идеяны жазады, ал барлығын бірге санағанда 180 болады. Идеялардың құрылымы нақты анықталған. Әдістің түрлендірілуі де болуы мүмкін. Анықталған мәселелерді шешу бойынша көптеген идеялардың ішінен ерекшелері мен прогрессивтілерін тандау үшін осы әдіс шет елдерде (әсіресе, Жапонияда) кеңінен қолданады.
"Дельфи" әдісі – эксперттік болжамды жасаудың негізделген және қатаң процедураларын жасау амалдарының бірден бір түрі, бұл әдісті АҚШ корпорацияларының бірінде қызмет ететін қызметкерлер Т. Гордон мен О. Хелмер екеуі ашқан, 1964 жылы, олар бірнеше ғылымдар түрі бойынша даму перспективаларына қатысты мамандардың ортақтандырылған және статистикалық ойларының жинағын жарыққа шығарған болатын. Оны ғылым мен техниканың даму болжамдары барысында және инвестициялар мен басқа аспектілерді болжауда пайдаланады.
"Дельфи" тәсілінің мағынасы – көптеген еңбектік жекеленген сауалнамалардың бағдарламаларын жасау. Эксперттердің жекеленген сауалнамасы анкета-сұрақ түрінде жүргізіледі. Кейіннен статистикалық қорытындылар ЭЕМ-де жасалынады, топтың ұжымдық ойы қалыптасады, әр түрлі пікірлерге байланысты аргументтер анықталып ортақтандырылады. ЭВМ-дегі қарастырылған ақпарат эксперттерге хабарланады, олар берілген бағаларды түзете алады, және де ұжымдық пікірлермен келіспегенддері болса, түсіндіруге болады. Бұл процедура 3–4 рет қайталануы мүмкін. Соның салдарынан бағалардың диапазонының азайғаны байқалады, объектінің даму перспективаларына қатысты келісілген пікір қалыптасады.
"Дельфи" тәсілінің ерекшеліктері:
а) эксперттердің анонимдігі. Эксперттік топтың қатысушылары бір біріне белгісіз. Анкеталарды толтыру барысында топ мүшелерінің араласуы мүмкін емес;
б) сауалнаманың алдыңғы өткен турларының қорытындыларын пайдалану мүмкіндігі;
в) топтық пікірдің статистикалық сипаты.
Бұл әдіс ұзақ мерзімді сипатқа ие болған мәселелік жағдайларын дамытуды алдын-ала анықтайды. Ғылыми – техникалық болжау аймағында жұмыс істейтін біздің мамандар эксперттік бағаны қайта жасау әдістерін жасайды. Оларды эвристикалық деп атайды.
"Комиссия" тәсілі – эксперттік бағалаудың әдістерінің бір түрі, арнайы комиссияның жұмысына негізделген. Эксперттер тобы «дөңгелек стол» басында ортақ ойлар мен көз қарастарды келісу мақсатында, сол немесе басқа мәселелерді талқылайды. Бұл тәсілдің жеткіліксіздігінің дәлелі - эксперттік топтардың өз пікірлерінде негізгі компромистік логикаға сүйенетіндігі болып табылады.
Сценарии жазу тәсілі үрдістің логикасын анықтауға немесе әр түрлі шарттардағы уақыт аралық құбылыстарға негізделеді. Ол құбылыстардың ретімен жүруін бекітуді, яғни объектінің қазіргі жағдайының болашақ жағдайына көшудегі дамитындарын айтады. Өзіндік сценарии болып мемлекеттердің шаруашылығының халықаралық интеграция шарттары мен рет ретімен жазылуы мүмкін болады, ол келесідей мәселелерге ұштасады: осы үрдіс қандай қарапайым үлгілерден күрделілеріне өтуі керек туралы; ол қалайша ұлттық шаруашылыққа және мемлекеттердің экономикалық байланыстарына әсер етеді; шаруашылықтың көпұлттылыққа өту барысында қандай қаржылық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және заңдық мәселелер туындауы мүмкін деген сияқты сауалдар туындауы мүмкін.
Болжамдық сценарий болжанатын объектінің даму стратегиясын анықтайды. Ол объектінің дамуының генеральдық мақсатын, «мақсаттар ағашының» жоғары деңгейлерін бағалау критерийларын, мәселелер приоритеті мен негізгі мақсаттарға жетуге қажетті ресурстарды анықтау керек. Сценариида мәселені ретімен шешу жолдары мен мүмкін болатын кедергілер анық көрсетіледі. Сол кезекте болжау объектісінң дамуына қажетті материалдар пайдаланылады.
Сценарий болжанатын кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық амалдардың негізінде жүргізілетін жұмыстың басты мақсаты белгілі, түсінікті болатындай етіп жазылуы керек. Ол әдетте көп үлгілі сипатқа ие болып, үш бағытта жүргізіледі: оптимистикалық – жақсы қолайлы жағдайда жүйенің дамуы; пессимистік – орташа қолайлы жағдайда жүйенің дамуы; жұмыстық – қарсы факторлардың кері әсерінің есебімен жүйенің дамуы, олардың пайда болуы ,әдетте, сондай маңызды емес. Болжамдық сценарий шегіндеаяқ астынан пайда болатын жағдайларға резервтік стратегияны жасап қою мақсатты болады.
Сценарий дайын күйінде талдауға ұшырауы тиіс. Алдағы болжамға қажетті деп жарияланған ақпаратқа талдау негізінде мақсаттар құрылады, критерийлер анықталады, альтернативтік шешімдер қарастырылады.
Жүйелерді болжауда және талдауда болжамдық граф және «мақсаттар ағашы» кең қолданылады. Граф дегеніміз кесінді-қабырғалармен қосылған нүктелі-шындардан тұратын фигураны айтады. "Мақсаттар ағашы" – бұл граф-ағаш, деңгейлі шындар мен мақсатқа дету мәселелері арасындағы қатынасты көрсетеді. Әр шын өзінен шығатын барлық тармақтарына қатысты мақсат қояды.
"Мақсаттар ағашы" бірнеше құрылымдық немесе иерархиялық деңгейлердің анықталуын бөліп қарайды. Жоғары деңгейдің әр бір мақсаты келесі деңгейлердің мақсат асты түрінде болу керек, үйткені мақсат асты түсінігінң бірлестігі шығатын мақсат түсінігін толығымен анықтауы заңды болады.
«Мақсаттар ағашын» құру көптеген болжамдық амалдарды шешуді талап етеді: объектінің жалпы толығымен даму болжамынболжанған мақсаттың, деңгейдің және «мақсат ағашының» шындарының сценариын құрастыру; критерийлар мен олардың шындарының тарату. Бұл амалдар қажетті жағдайларда эксперттік бағалау әдісімен шешіледі. Болжам объектісі ретінде осы мақсат көптеген әр түрлі сценарииларға сәйкес келу керек екенін атап өту керек.
Морфологиялық талдау тәсілі мүмкін болатын мәселелердің ішінен қолайлы шешімдерді тандауды көрсетеді. Оны ірге тасы қаланған зерттеулерді болжау барысында қолдану мақсатты болады. Морфологиялық талдау тәсілі объект сипаттарының жүйелі түрде қаралуын көрсететін амалдар қатарын байқатады. Оны зерттеу «морфологиялық қорап» тәсілі бойынша жүргізіледі, ол мақсаттар ағашы немесе матрица түрінде жасалынады, оның әр торына сәйкес параметрлер жазылады. Кезектелген бірінші деңгейдегі параметрлердің келесі деңгейлердегілердің кез-келген бір параметрімен қосылуы мәселенің мүмкін болатын шешімін көрсетеді. Мүмкін болатын шешімдердің ортақ саны жол бойынша алынған, «қораптарда» келтірілген барлық параметрлердің санына сай келеді. Оларды алмастыру және әр түрде келістіру жолымен объектілердің мүмкін боларлық сипаттарын алуға болады.
Баланстық әдіс
Баланстық әдістің көмегімен тепе-теңдік және пропорционалдық қағидалары жүзеге асады. Оны болжамдарды, жоспарларды және бағдарламаларды жасау барысында қолданады.
Оның маңыздылығы мемлекеттің өнімнің , материалдардың, еңбек және қаржы ресурстарының қажеттілігі мен ресурс көздерінің және өнімді өндірушілердің мүмкіндіктерімен байланыста болуымен сипатталады. Баланстық әдіс өзара көрсеткіштер жүйесін құрайтын баланстар жинағынан тұрады, онда ресурстардың түсуі көздері бойынша сипаттайтын бір бөлігі олардың шығындарының барлық бағыттарын (пайдалану) бөлетін екінші бөлігіне тең болады.
Макродеңгейде жасалынатын болжамдық баланстардың ролі қазіргі нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде күшейе түспек, яғни нақтырақ айтсақ, есептік баланс, мемлекеттің кірістері мен шығыстарының балансы, тұрғындардың ақша кірістері мен шығындары, еңбек ресурстарының жиынтықтық балансы, сұраныс және ұсыныс балансы. Баланстық есептеулердің қорытындылары құрылымдық, әлеуметтік, қаржылық-бюджеттік және несие-ақшалық саясаттың қалыптасуына, сонымен қатар жұмыспен қамтылу және сыртқы экономикалық саясатқа негіз болады. . Баланстарды диспропорцияларды ағымдағы кезеңде анықтау үшін, пайдаланбаған резервтерді ашу үшін, жаңа пропорцияларды негіздеу үшін қолданады.
Болжау мен жоспарлауда қолданатын баланстар жүйесіне бөлінеді: материалдық, еңбектік және қаржылық. Айтылған тооптардың әр қайсысына баланстардың бірнеше қатары кіреді.
Болжамдық және жоспарлық баланстар жүйесінде ортанғы орындардың бірін алатыны – материалдық баланстар. Олардың көмегімен өндірістің және өнімнің нақты түрлерінің тұтынуы бекітіліп, кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы негізделеді. Олар сала аралық пропорцияларды бекіту үшін кең қолданылады. Бұл амал алдында қарастырылған моделдер мен әдістердің негізінде сала аралық баланстарды жасау жолымен шешіледі.
Материальдық баланстар сәйкестірілген түрмен қатар шартты-табиғи өлшем бірліктер түрінде де немесе ақшалай түрде жасалынуы мүмкін. Мысалы, жанармайдың құрама балансы, таз күйінде және шартты жанармай түрінде жасалынады (шарттық жанармай тоннасы - шжт).
Барлық материальдық баланстар, әдетте, екі бөлімнен тұрады: ресурстар мен оларды бөлуден. Ресурстық бөлімде негізгі түсетін көздер байқалады, ал оларды бөлу бөлігінде – тұтынудың негізгі бағыттары көрсетіледі. Олар, әдетте нақты кесте-схемалар бойынша құрылады. Материальдық баланстың методикасының (үрдісінің) жасалуын өндіріс заттарының балансының мысалында қарастырып өтейік, оның схемасы 1- кестесінде анық көрсетілген.
1-кесте – Өндірістік өнімнің материальдық балансының схемасы
Ресурстар
|
Бөлінуі
|
1. өндіріс
2. импорт
3. басқа түсілімдер
4.болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің басындағы қалдықтар
|
1.өндірісті-эксплуатациялық қажеттіліктер
2. капитальдық құрылыс
3. экспорт
4. нарықтық қор
5. басқа шығындар (мемлекеттік резервтердің толтырылуы және т.б.)
6. болжанатын (жоспарланатын) кезеңнің соңына қалған қалдықтар
|
Барлығы:
|
Барлығы:
|
Баланстың жасалынуы өндірістік-эксплуатациялық қажеттіліктерге және капитальды құрылысқа қажетті ресурсқа деген сұраныстан басталады, ол үшін тәсілдердің бірнеше түрі жүргізілуі мүмкін. Ең көп таралған түрінің бірі- нормативтік тәсіл: оның, яғни нормалар, нормативтер және өндіріс өнімінің (жұмыстың) көлемінің көмегімен нақты бір ресурс түріне деген қажеттілік анықталады, мысалы қара металлдарды жалға алуда. Болжамдық баланстарды жасауда іріленген (топтасқан) нормалар қолданылады. Әдетте, макро деңгейде өнімнің 1 млн. теңгеге шаққандағы ресурс шығынының іріленген нормативтері немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарына 1 млн.млрд. теңгелік іріленген нормативтер қолданылады.
Нормативтік тәсіл
Нормативтік тәсіл болжам мен жоспарлаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта оған аса үлкен көңіл бөлінуде, оның себебі әр түрлі нормалар мен нормативтерді экономиканың реттеуіштері ретінде пайдалануда. Нормативтік тәсілдің маңызы нормалар мен нормативтарды пайдаланып, болжамдардың, жоспарлардың, бағдарламалардың техникалық-экономикалық негізделуінде. Соңғысы ресурстарға деген қажеттілікті есептеуде және көрсеткіштерді пайдалануда қолданылады. Нормалар мен нормативтердің көмегімен маңызды теңсіздіктер негізделіп, заттық өнеркәсіптің дамуы және өндірістік емес орталардың дамуы, сонымен қоса экономиканың реттеуі іске асырылады.
Норма ресурстың өнім (жұмыс) бірлігіне деген шығын өлшемінің ғылыми негізін белгілі өлшем бірліктерінде көрсетеді, мысалы, ұнның бекітілген рецептураға сай 1 тонна нан тоқаш өнімдеріне кететін шығыны сияқтылар. Тағамданудың ғылыми негізделген рәсіміне байланысты кез-келген өнімді тұтыну норма түрінде болады. Мысалы, жылына ет тағамдарына пайдаланатын ет адам басына шаққана жылына – 82 кг құрайды. Өндірістік емес орталарда ортақ және тұрғын аймақтардың 1 адамға шаққандағы қажетті мөлшерін сипаттайды, мысалы, сүды пайдалану- 1 адамға қатысты есептелінеді және т.с.с.
Нормативтер, әдетте, қатысты түрде жасалынады. Олар ресурстарды пайдалану деңгейін сипаттайды (мысалы, металл-завалкалардан бір жылдық шығатын қалдықтардың пайызы), өнімнің 1 млн. т. Ресурс шығыны, несиеге кететін төлем мөлшері және т.б. (пайыздық ставкалар).
Болжам және жоспарлау тәжірибесінде нормалар мен нормативтер жүйесі қолданады. Оларға шикізат және жанармай-энергетикалық ресурстарға шығындалатын нормалар, еңбек шығындарының нормасы, негізгі өндірістік қорларды пайдалану нормалары мен норматьивтары, капиталдық салымдар мен капиталдық құрылыстың нормативтері, қоғамдықұ өндірістің әсерлелігін сипаттайтын нормалар мен нормативтер, қаржылық нормалар (амортизация нормалары, тиімділік нормалары, салық ставкалары және т.б.), әлеуметтік нормалар (минималды тұтынушылық бюджет, минималды жалақы, адам басына шаққандағы өндірістік немесе өндірістік емес тауарларды тұтыну нормалары, қалалық және ауылдық аймақтардағы тұрғын аудандар нормалары), экологиялық нормалар (зиянды қалдықтарды қоршаған ортаға тастау нормалары, суда зиянды заттардың болуының нормативтері және т.б.) нормалар мен нормативтер жатады. Қаржылық, әлеуметтік және экоогиялық нормалар мен нормативтер экономиканың маңызды реттеуіштері болып табылады.
Мысалы, рентабельділік нормативтердің көмегімен минимальды тұтынушылық бюджет базасында кәсіпорын-монополистердің өніміне деген баға бекітіледі, олар ортақтандырылған әлеуметтік нормативтер болып саналады, сондықтан минимальды жалақы бекітіліп, зейнетақылар мен шәкіртақылар қалыптасады. Экологиялық нормалар мен нормативтер экологиялық салықтың көлемін анықтауда негіз болады. Сонымен қатар, олар жаңа техника мен технологиялар жасауда, жаңа және қызмет істеп тұрған кәіпорынды жөндеу жұмыстарынан өткізуде және жобалы-құрылыс жұмыстарын жүргізгенде, қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында қолданылады.
Барлық нормалар мен нормативтер ағымдағы және перспективадағы, яғни болашақтағы деп екіге бөлінеді. Алғашқылары – ағымдағы кезеңге (жыл, ай аралығында) жоспар-болжамдарды жасауда, ал екіншілері алдағы, болашақтағы уақытта жасалынады. .
Макро деңгейде негізінде үлкейген, іріленген нормалар мн нормативтер қолданылады, ал микро деңгейде – бөлшектенген, бөлшектеніп-егжей-тегжейленген және жекеленген нормалар қолданады. Кәсіпорынның болашағына қажетті болжамдар мен жоспарларды жасау барысында топтасқан нормалар пайдаланылады, мысалы, бір тракторға кететін металлдың нормативтік шығыны (трактордың моделін ескермеген жағдайда) немесе 1 тонна кондитер өнімдеріне кететін қанттың шығын нормасы. Топтасқан нормалар нақты өнім түрінің бірлігіне шаққандағы бөлшектенген немесе жекеленген нормалардың шығынының негізінде анықталады, олар ассортименттік таралымына сәйкес өнімнің саны арқылы өлшенеді.
Таралу сипатына байланысты нормалар жергілікті, салалық және сала аралық болып бөлінеді.
Қолданыстағы тәжірибеде нормалар мен нормативтер әр түрлі әдістермен анықталады. Жан-жақты зерттелгендердің бірі болып есептік-аналитикалық әдіс саналады, ол нормалар мен нормативтерді техникалық-экономикалық есептеулердің көмегімен анықтайды. Бұл үшін ғылым мен техниканың, методика мен ережелердің жаңа жетістіктері ескерілген техникалық құжамнама пайдаланылады. Осы әдіспен есептелген нормалар техникалық негізделген деп аталады. Олар аса прогрессивті болып табылады. Они являются наиболее прогрессивными. Есептік-аналитикалық әдісті жүргізу мүмкіндігі жоқ жағдайларда, нормалар мен нормативтер өткен кезеңде жүргізілген есептік-статистикалық деректерге сүйеніп жасалынады немесе тәжірибелік жолмен, яғни өндіріс резервтеріне жүргізілген талдау барысында анықталған және таралымдық тәжірибе көмегімен қол жеткізілген тәжірибелер мен экспериментальдық деректер негізінде жасалынады. Есептік-статистикалық нормалар уақытша болу керек, себебі олар өткен кезеңдегі деректер негізінде есептелінеді, және оған тән барлық кемшіліктерді басынан өткізеді. Оларда кейде ескірген деректер деп айтады, себебі олар болжанған кезеңдегі ғана ХТӨ жетістіктерін көрсетеді де қайта қаралуға мәжбүр болады. Қарастырылған әдістермен қатар нормалар мен нормативтерді қалыптастыруда факторлық әдіс қолданылады, ол нормалар мен нормативтерге боджанған (жоспарланған) кезеңде әсер етеді.
Нормалар мен нормативтерді іске асыру сапасы мен ғылыми деңгейін жоғарылату үшін нормалауды жасауды, нормалар мен нормативтерді ұйымдастыру мен дайындау технологиясын жақсарту керек.
Инфляциялық үрдістердің болуына байланысты ірі нормативтердің (орташа салалық) үнемі түзетілуді талап етеді, олар өнімнің (жұмыстың)
1 млн.т. кететін ресурстардың шығының немесе өнімнің (жұмыстың) 1 млн.т. шаққандағы тасымалдау жүгінің көлемімен сипатталады.
Нормалар мен нормативтер жүйесін кеңейту, оларды қалыптастыру ЭМРАЖ (экономиканың мемлекеттік реттеудің ақпараттық жүйесі) дамытуға деген талаптарды жоғарылату АНЖ (нормалар мен нормативтерді жинау, жинақтау және жаңартудың автоматтандырылған жүйесі) құруға деген қажеттілікті туғызды. АНЖ-ға нормалар мен нормативтердің материальдық, қаржылық, әлеуметтік, ғылыми негізделген еңбектердің кешені, оларды қалыптастыру тәртібі мен әдістері, болжамдық және жоспарлық есептерді жүргізу барысында пайдаланылуы жән жаңартылуы, сонымен қатар ЭЕМ арқылы нормалар мен нормативтерді бақылау және дайындауды ұйымдастыру жатады. Барлық нармалар мен нормативтер жүйелерге, ал жүйелер ішінде АНЖ-ның көмегімен шешілетін амалдар бойынша өзара топтасқан.
Бағдарламалы-мақсатты әдіс
Басқа әдістермен салыстырған бағдарламалы-мақсатты әдіс (БМӘ) жаңа және жеткіліксіз жасалынған болып табылады. Ол тек соңғы жылдары ған кең пайдалана басталды, алайда бұл әдіс бұрыннан белгілі болжан және ЭЭСДМЖ (элекроэнергетикалық салалық дамудың мемлекеттік жоспары) жоспарын жасау барысында алғаш рет қолданған.
БМӘ нормативтік, баланстық және экономикалық-математикалық әдістермен тығыз байланысты, болашақтық ізденістердегі экономиканың даму мақсаттарынан шығатын қорытынды қажеттіліктерге баға беруге жасалынатын жоспардан басталады да оларға жетудің әжерлі жолдарын және ресурстық қамтылуын анықтаумен аяқталады. Осы әдістің көмегімен жоспарлаудың басымдылық қағидасы қалыптасады.
БМӘ-нің маңызы әлеуметтік, экономикалық және ғылыми-технкалық дамудың негізгі мақсаттарын тандаумен, оларды әсерлі пайдалану есебімен ресурстармен қамту балансында бекітілген мерзімде қол жеткізуі үшін өзара байланысқан іс-шараларды жасаумен сипатталады
БМӘ мақсатталған кешендік бағдарламаларды жасауда қолданылады, ол құжат ретінде болады, онда ресурстары, орындаушылары және орындалу мерзімдері бойынша бірлескен ғылыми-зеттеушілік, өндірістік , ұйымдастырушылық-шаруашылық, әлеуметтік және тағы да басқа тапсырмалар мен іс-шаралардың кешені мен мақсаты көрсетіледі. Мақсатты кешенді бағдарламалдың жасалуы деңгейлер бойынша іске асырылады. Бірінші кезенде маңызды мәселелердің тізімін құрастырады, содан соң олардың ішінен бірінші қаралуды талп ететіндері бөлініп алынады. Екінші кезенде нақты мәселені шешу үшін бағдарламаны жасауға тапсырма беріледі. Онда бағдарлама мақсаттары, ресурстар лимиті, қатысушылары мен бағдарламаны іске асыру мерзімдері байқалады. Осы кезенде бағдарламаның мақсатын сипаттайтын нақты параметрлер мен жеке кезендер бойынша оларды іске асыру амалдары анықталады. Генеральды басты мақсат мақсат бөлімдеріне іріленеді. Үшінші кезенде бағдарламаны табысты іске асыру үшін қажетті тапсырмалар мен і с-шаралар жасалынады. Бағдарламалардың негізгі тапсырмаларының құрамы құрастырылып қойған мақсаттар иерархиясынан бекітіледі. Әр тапсырма бойынша оларды оларды орындау деңгейлері жасалынады. Төртінші кезен негізгі көрсеткіштердің есебі мен бағдарламаның ресурстық қамтылуын қарастырады. Оларды іске асыруға қажетті материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстардың шығыны анықталады тасымалдаушылары мен қабылдаушылары көрсетілген материалдық ресурстардың тізімі қалыптасады. Осы кезенде бағдарламаны іске асыру әсерлігінің есебі жүргізіледі. Бесінші кезен соңғы қорытынды кезен болып табылады. Ол бағдарламалық құжаттарды жасаумен, келісуімен және қажет жағдайда бағдарламаны бекітудің қажеттілігімен байланысты болады.
Мағнасы бойынша мақсаттық кшендік бағдарламалар келесідей болып бөліеді: әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік-экономикалық, аймақтық, ұйымдастырушылық-шаруашылық және экологиялық. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешіп, халық өмірінің материалдық деңгейін жоғарылатуды қарастырады. Осындай бағдарламаларға жұмыспен қамтылу бағдарламасын жатқызуға болады, онда онда жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары мен халықты, республика тұрғындарын ұн, қант және тағы да басқа өімдермен қамты қарастырылған. Ғылыми-техникалық бағдарламларғылыми және техникалық мәселелерді шешуге бағытталған, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін өндіріске жедел еңгізу жақын арада он әсерін (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық) көрсететіні сөзсіз. Ғылыми –техникалық бағдарламалардың тізімі экономиканың дамуының нақты приоритеттерімен қалыптасады. Өндірісті-экономикалық бағдарламалар өндіріс аймағындағы аса ірі сала аралық мәселелерді шешуге қолайлы, олардың көмегімен өндіріс әсерлілігі мен жаңа өндірістің дамуы жоғарылайды. Аймақтық бағдарламар аймақтарды қайтақалыптастыруға, жаңа территорияларды кешенді түрде қамтуға және тағы да басқа мәселелерді шешуге бағытталған. Экологиялық бағдарламар табиғатты қорғау және табиғатты қалыптастырушы сипаттағы іш-шаралардың кешенің құрайды. Бұған мысал ретінде қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың Мемлекеттік бағдарламасын келтіруге болады. Ұйымдастырушылық-шаруашылық бағдарламалар экономикамен басқаруды ұйымдастыруды жаңдандыруға бағытталған. Жалпы мемлекет бойында, жеке кешендерде, аймақтарда, өнеркәсіптерде мәселелерді шешу үшін қалыптасқан бағдарламалармен бірге халықаралық экономикалық бірлестік бағдарламалары да жасалынады. Мақсатты кешенді бағдарламалар ұзақ мерзімге (3–5, 10–15 жыл аралығын) және қысқа мерзімге жасалынуы мүмкін (квартал, жыл).
Бағдарламалар ресурстары, орындаушылары және орыдалу мерзімдері бойынша байланысты болу керек. Олар әдетте ұсынушылық сипатта. Маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу бойынша жекеленген бағдарламалар да бекітілуі мүмкін. Бағдарламаларды іске асыру үкіметтің экономикалық бағдарламасы арқылы бір жылға арналған жоспар-болжамдармен іске асырылады.
Бұл нормативтер шикізатқа, материалға, жанармайлық-энергетикалық ресурстарға, сәйкесінше өнімге деген бағаның өсуімен әркез нақтыланып отыру керек. Экспортқа деген қажеттілік басқа елдермен келісім шарт негізінде жасалынады, ол өнімге және оның бағасына, сонымен қатар өнеркәсіптің мүмкіндіктеріне деген сұраныстан туындайды. Нарықтық қор, әдетте, өтіп кеткен кезендердің деректері мен болашаққа жасалынған іс-шаралардың есебінде анықталады. Халықтық қолданыстағы тауарларға келетін болсақ, нарықтық қор тауар айналымының болжамдық деректеріне сай жүргізілуі керек, оны анықтаудың негізі – халықтың саны мен адам басына шаққандағы тұтыну нормасы болып саналады. Сонымен қоса халықтың кірістері мен өткен кезендегі бағалар мен тұтыну деректері ескерілуі керек. Басқа шығындарды эксперттік жолмен экстраполяция әдісінің бірлесуімен анықтауға болады. Ресурстардың қалдығы бекітілген нормативтер негізінде саналады.
Баланстың ресурстық бөлігі қажеттіліктерді анықтағаннан кейін қалыптасады. Ресурстар барлық түсу көздері бойынша есептеледі. Ресурстардың басты көзі болып оларды өндіретін өнеркәсіп саналады. Егер де мемлекет өз өнеркәсібінің есебінде ресурстарға деген қажеттіліктерді қанағаттандыра алмаса, онда ресурстармен қамту мәселесі импорт арқылы жүзеге асырылады. Онда құрылымдық саясат пен сыртқы-экономикалық қызмет саясаты ескеріледі.
Баланс жасаудың ақырғы деңгейі болып өнім бірлігіне деген ресурс шығындарының нормасын азайту бойынша іс-шараларды жасауды іске асыратын ресурстар мен қажеттіліктердің байланысқан үрдісін және ресурс өндірісінің жоғарылауын және т.б. айтады
Баланстық тәсілді жандандыру келесідей бағыттар бойынша іске асырылады: баланстарды жасау әдістемесін жақсарту, әсіресе, сала аралық балансты; ЭММ және ЭЕМ-да баланстық есептеулерді жүргізу үшін пайдалану; болжамдық және жоспарлық баланстарды жасауда прогрессивті нормалар мен нормативтерді қолдану.
Сала аралық, еңбектік және қаржылық баланстарға сипаттама және оларды жасау әдістемесі оқу құралының келесі бөлімдерінде толығырақ қарастырылатын болады.
Нарықтық экономикада фирма ішілік жоспарлаудың жалпы мінездемесі
1.Нарықтық жағдайдағы жоспарлаудың мәні.
2.Фирма ішілік жоспарлау негіздері.
3.Фирма ішілік жоспарлау жүйесін құру принциптері.
4.Фирма ішілік жоспарлау әдістері.
I СҰРАҚ
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына: кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның даму жоспары жатады. Ағындық және перспективті жоспарлау жүзеге асатын, өмір сүруге қабілетті және ішкі, сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау бұл - әртүрлі экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді. Кәсіпорынның перспективті қызмет етуінің әртүрлі экономикалық көрсеткіштерін жоспарлауда прогрессивті нормативтер, алдыңғы қатарлы стандарттар, ғылыми ережелер және экономикалық мақсаттар жүйесін толық пайдалану қажет. Бұл мақсаттарды келесі түрлерге бөлуге болады:
1) экономикалық өсім
2) толық жұмыс бастылық
3) экономикалық тиімділік
4) бағаның тұрақты деңгейі
5) экономикалық еркіндік
6) табыстардың әділ бөлінуі
2-СҰРАҚ
Фирма ішілік қызметті жоспарлау - өндірісті басқарудың маңызды қызметі. Фирма ішілік жоспар – тиімді пайдалану немесе адамдардың материалдық қажеттіліктерін max қанағаттандыруға жету мақсатымен оларды басқаруды зерттейтін қазіргі заманғы экономикалық ғылымдардың маңызды құраушы бөлігі.
Фирма ішілік жоспарлау – фирмалар мен кәсіпорының жоспарлы қызметіне тікелей қатысты ұйымдастырушылық басқарушылық қызметтер. Ол қызметтерге: мақсатты негіздеу, стратегия құру, жұмыстарды жоспарлау, белгілі операцияларды жобалау, процесті ұйымдастыру, жұмыстармен қызметтерді үйлестіру, олардың атқаруын бақылау, нәтижелерді бағалау, мақсатқа түзету енгізу, жоспарлауды өзгерту. Фирма ішілік жоспарлау адамдардың өзара байланысты ғылыми тәжірибелік қызметі, оны зерттеу пәні болып – материалдық және рухани құндылықтарды өндіру, бөлу және тұтыну кезіндегі еңбек пен капитал арасындағы еркін нарықтық қарым қатынастар жүйесі табылады.
Жоспарлау түрлері.
Мерзіміне байланысты жоспарлау 3-ке бөлінеді:
1. Ұзақ мерзімді - бұл кәсіпорынның компаниясының ұзақ мерзімді даму стратегиясы 5 жылдан жоғары.
2. Орта мерзімді – 2-5 жыл арасын қамтиды.
3. Қысқа мерзімді - айлық, тоқсандық, жылдық жоспарлау.
Бір жылдық жоспарлау - өнім өндіруді өткізу жоспары, еңбек ресурстары, еңбек ақы жоспары, материалдық-техникалық жабдықтау жоспары.
Жоспарлау процесі көп жағдайда бірнеше сатылардан өтеді. Европалық бизнесте жоспарлаудың 4 кезеңі бөліп қарастырылған:
- жалпы мақсаттар құру
- нақты мәселелерді анықтау
- оған жетудің негізгі жолдары және құралдарын таңдау
- орындалуына бақылау жасау
Жоспарлау процесі әрдайым қазіргі және өткен кезеңдегі нақты (фактілік) және нормативтік мәліметтерге сүйенеді, кәсіпорынның келешектегі, қазіргі уақыттағы даму процесін анықтауға және бақылауға талпынады. Нарықтық жоспарлаудың күрделілігі макроэкономикалық процестер (дағдарыстар) және микроэкономикалық процестерге болады. Бұл негізінен жоспарлаудың орындалуына қатаң бақылаудың қажеттілігін және көрсеткіштерін түзету мүмкіншілігін білдіреді.
Норма – қандай да бір өнімде шығаруға қажетті шикізаттар, материалдар, отын энергиясының ең көп жұмсалған мөлшері, оны – абсолюттік шама деп атаймыз.
Норматив – салыстырмалы шама, еңбек құрал жабдықтарының қолданылуын көрететін көрсеткіш. Жоспарлар мынадай көрсеткіш қолдану арқылы жасалады:
1) Сандық көрсеткіш
2) Сапалық көрсеткіш
3) Көлемдік көрсеткіш
4) Үлестк көрсеткіш
Сандық – жалпы өнім мен тауар өнім көлемі, сату көлемі, жұмысшылардың саны, жалақы қоры,пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық - өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіші, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды төмендету, өндірістің тұрақтылығы, қор сиымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Көлемдік - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің ара қатынасы жатады. Мысалы: 1 өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлы көрсеткішін есептеу-табиғи, еңбек және құндық өлшемдерді қолдану арқылы жүргізіледі.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады (сапалық, сандық көрсеткіш кіреді)
Еңбек өлшемдері – оны есептегенде жалақы мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданады. Әдетте норма – сағатпен белгіленеді.
Құндық өлшем – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
3-СҰРАҚ
Жоспар – кәсіпорын мен оның барлық бөлімшелерін, әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы (болжам) жоспарлаудың жалпы қағидаларын алғаш шетел ғалымы Файел ұсынған. Оның пікірінше 4 қағидасы бар:
1) біртұтастылық
2) үздіксіздік
3) иілгіштік (бейімделгіш)
4) дәлдік
Біртұтастық – кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының жалпы және жиынтықтық жоспарын қарастырады.
Үздіксіздік - әрбір кәсіпорындарда жоспарлау, ұйымдастыру және өндірісті басқару процессі, еңбек қызметі сияқты өзара тығыз байланысты болады, әрдайым тоқтаусыз жүргізілуі тиіс. Бұл принцип бойынша стратегияның жоспардан тактикалық жоспарға, одан оперативті жоспарға біртіндеп көшу және қысқа мерзімді жоспарлар мен ұзақ мерзімді жоспарлау өзара тығыз байланыста болуы шарт.
Иілгіштік – жоспарлаудың үздіксіздігімен тығыз байланысты, және жоспарда көрсетілген көрсеткіштерді түзету мүмкінділігін кәсіпорынның жоспарлы экономикалық қызметінің үйлесімділігін білдіреді.
Дәлдік – көптеген фирма ішілік факторлар мен оның сыртқы ортасымен анықталады. Әрбір жоспар кәсіпорынның қаржылық жағдайымен оның нарықтағы орнын ескере отырып, кәсіпорынның қандай жетістікке жетуге талпынатын нақты дәлдікпен құруы шарт. Кейінірек Акофф Р. – Файольдің жоспарлау қағидасына – Қатысу қағидасын қосқан.
Қатысу – біртұтастықпен тығыз байланысты, қатысу бойынша ұйымның әрбір мүшесі қызметі мен атқаратын жұмысына байланыссыз жоспарлау қызметінің қатысушысы бола алады.
IV Сұрақ.
Фирма ішілік жоспарлаудың әдістері болып қойылған мәселелерді табысты орындау үшін маңызды болатын техникалық тәсілдер, процедуралар т.б. құралдар есептелінеді. Жоспарлы шешімдерді қабылдау процесінде пайдаланылатын кең таралған әдістер:
1) нормативті – нормалар мен технологиялық экономикалық нормативтер негізінде шаруашылық субъектінің иресурстарға қажеттіліктері есептелінеді.
2) Есептік – аналитикалық – база ретінде қабылданған көрсеткңштердің шамаларын және жоспарлы кезендегі өзгерістерінің индексін талдау негізінде осы көрсеткіштердің жоспарлы шамалары есептелінеді. (эксперттік бағалау әдісі)
3) Баланстық әдіс – балансты құру жолымен қолда бар қаржылық ресурстар және оған фактілік қажеттіліктер арасындағы байланыстың қамтамасыз етуін білдіреді.
4) Жоспарлы шешімдерді оптимизациялау әдісі – шешімдердің ішінен оптималдысын таңдау үшін жоспарлы есептеулердің бірнеше нұсқасын құруды білдіреді.
5) Экономикалық математикалық модельдеу – экономикалық процесті дәл математикалық сипаттау, яғни математикалық символдар мен амалдар (теңдеу, теңсіздік) көлемімен берілген экономикалық құбылыстардың өзгерістерін заңдылықтары мен құрылымын сипаттайтын факторды бағалау.
6) Жоспарлаудың жүйелілік әдісі – бұл өзара байланысты жұмыстар кешенін жүргізуді жоспарлау.
7) Бағдарламалық мақсаттық әдіс – бұл бағдарламаны жоспарлау мен басқару әдістерінің жиыны.
Стратегиялық талдау әдістері:
SWOT (кәсіпорынның ішкі ортасын талдау)
S- күшті жақтары, W- әлсіз жақтары , O- мүмкіндіктері, T- кедергілер.
PEST (кәсіпорынның сыртқы орта факторына талдау жасау)
P- саясат, E- экономика, S- социум, T- технология.
SNW –
S- күшті жақ, N- нейтралды жақ, W- әлсіз жақ.
Тақырып 4. Фирманың жоспарлау жұмысын ұйымдастыру
1.Кәсіпорындағы жоспарлау қызметінің құрылымы мен функциалары.
2.Кәсіпорынның жоспарлау технологиасының ұйымдық құрылымға сәйкестігі мен оны таңдау.
3.Кәсіпорындағы жоспарлаудың сызба нұсқасы.
ФІЖ түрлері. Кәсіпкелер өз бизнесін ұйымдастыра отырып, жоспарлық қызметті бизнес-жоспарды әзірлеуден бастайды, оның көмегімен бастаған істің болашағы (перспективасы) бағаланып, кәсіпкерлік жобаның негіздемесі беріледі. Банктердің көпшілігі үшін бизнес-жоспар несиелерді беруде міндетті құжат болып табылады.
Жоспарлардың көпшілігі нақты уақыттық шектеулерге ие. Іс-әрекет мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді (перспективалы), орташа және қысқа мерзімді жоспарлау түрлері ажыратылады.
Ұзақ мерзімді жоспар, әдетте, 5 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге есептеледі және де кәсіпорынның перспективалық мақсаттарының,сондай-ақ, ұзақ мерзімді болжамдарға негізделген өзінің ресурстарын тиімдірек бөлуге бағытталған шешімдерді қабылдауын
қалыптасуын қарастырады.
Орта мерзімді жоспаралар 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге жасалынады.
3 жылдан артық мерзімге саналған қаржылық жоспарлау мәнінен айырылады, өйткені анықсыздық артады.
Қысқа мерзімді жоспарлау 1 жылға (сонымен бірге, жарты жылға, бір айға және т. б.) дейінгі мерзімге есептелген. Қысқа мерзімді жоспарлаудың мысалы ретінде тауар айналым жоспарын, шикізат бойынша жоспарды, өндірістік жоспарды, еңбек бойынша жоспарды, дайын өнім запастарының қозғалысының жоспарын, шығындар сметасын атауға болады.
Қысқа мерзімді жоспарлау ағымдағы және оперативті (оперативті-өндірістік) жоспарлар түрінде болады.
Жоспарлаудың периодтық емес (тұрақсыз, кездейсоқ) және периодтық (ағымдағы және стандартты) түрлерін ажыратады.
Жоспарлау көкжиегі – бұл жоспарлық міндеттер орындалуы тиіс уақыт аралығы (ай, тоқсан, жыл және т. б.).
90-шы жылдардың басына шейін отандық кәсіпорындар жоспарлаудың түрлі көкжиекті жоспарларын қолданды. Қазіргі таңда көбінесе ағымдағы (оперативті) жоспарлаудың түрі ретіндегі жылдық жоспар қолданылады. Шетелдік тәжірибеде жоспарлау көкжиегі әртүрлі болатын екі (бірнеше) жоспарларды құру кең таралған. Бұл кезде жоспардың бір түрі басқасын толықтырады, оны бұдан қысқарақ уақыт аралығына нақтылайды. Нәтижесінде жоспарлау нақтырақ болады.
Фирма қызметін жоспарлаудың процесі. Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың айрықща ережелері бар. Олар жоспарлы жұмыстарды ұйымдастыру тәртібімен, жоспарлаудың ерекше әдістері мен схемаларымен байланысты. Жоспарлы жұмыстың негізгі 4 кезеңін атап көрсетеді:
нарықтағы (аймақтағы, саладағы, қызмет саласындағы) жағдайды талдау; жағдайлық талдау келесілерден тұрады:
аймақтық экономикалық талдау (аймақ, нарық динамикасы);
аймақтағы негізгі салалар мен тұрғындар тобын, қазіргі және мақсатты клиентураны талдау;
бәсекелестік ортаны талдау – негізгі бәсекелестерді диагностикалау (нарықтағы үлесі, бәсекелестік облыстары мен әдістері);
техникалық даму бағыттарын талдау;
республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарымен әріптесу бағалау.
кәсіпорын позициясын талдау. Бұл талдау келесілерді бағалауды көздейді:
жергілікті нарықтағы кәсіпорынның жағдайын;
техникалық қамсыздандыруын;
кәсіпорын мекемелері желілерінің дамуын;
кәсіпорынның инфрақұрылымын;
кадр ресурстарын.
меншіктік жоспарлау. Кәсіпорын қызметін жоспарлау ресурстарды оптималды қолдану принципі бойынша жүзеге асырылуы қажет. Жоспарды толықтай орындамау немесе асыра орындау жағдайында ресурстарды қолдану және тарту туралы шешімді басшылықпен бекітілген кәсіпорын қызметінің құрылымдық көрсеткіштеріне сай қабылдау қажет.
жоспарды орындауды бақылау. Бақылаудың мәні іс жүзіндегі көрсеткіштердің есебін жүргізуде және қызмет нәтижесін анықтау үшін оларды жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруда, сондай-ақ, жоспарлық процестің әдістемелік және мазмұндық сәйкестігін байқаудан тұрады.Бақылау бекітілген жоспарлы міндеттерді орындауға жауапты бөлімдердің басшыларының материалдық және әкімшілік жауапкершілігімен үздіксіз байланыста болады.
Жоспарлау көкжиегі әртүрлі болатын бірнеше жоспарларды әзірлеуден тұратын жоспарлау процесін бірнеше стадиялар бойынша модельдеуге болады. Осындай модельдердің біреуін жапон экономисті Т. Коно ұсынды. Оның моделі бес стадиядан құралған: алғышарттарды жасау, мәселенің мәнін ашу, ұзақ мерзімді стратегия, орта мерзімді жоспарлау, ұзақ мерзімді жоспарлау. Жоспарлаудың бұл моделінің ерекшеліктері мынада: алдымен жобаланатын және ағымдағы көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтары анықталып, оларды бодырмау жолдары белгіленеді. Бұның мақсаты өндірісті максимилизациялау емес, қойылған міндеттерді қанағаттандырарлықтай орындау болып табылады. Содан соң ұзақ мерзімді стартегия мен орта мерзімді жоспарларға директивалар жасалынады. Жұмыстың жүйелілігі – жалпы міндеттерден нақты шешімдерге дейін.
1.Кәсіпорынның қызметін жоспарлау мен басқару келесі өндірістік менеджменттің
Қызметтерімен тығыз байланысты
Мақсатты таңдау.
Ресурстарды анықтау.
Процесстерді ұйымдастыру.Олардың орындалуына бақылау жасау.
Жұмысты үйлестіру.
Қойылған мәселеге түзету енгізу.
Мамандарды ынталандыру.
Жалақы төлеу т.б.
Олардың орындалуына көптеген категориадағы персоналдар-барлық басқару деңгейінің басшылары,экономист-менеджерлер,жоспарлаушы,атқарушылар т.б. өз үлестерін қосады.Жоғарғы деңгей басшыларының негізгі қызметі дамуының біртұтас стратегиасын құру немесе жоспарлау мақсатын негіздеу,мақсатқа жетудің негізгі әдістерін таңдау,жоспар құрудың әдістері мен технологиасын анықтау.
Басқа деңгей басшылары сонымен қатар жоспарлау қызметінің мамандары ағымдық және тактикалық жоспарларды құрады.Олардың қызметіне кәсіпорынның сыртқы және ішкі ортасын талдау,өзгерісінің бөлімшелерінің дамуына болжау жасау,қажетті ресурстарды және жоспарлы көрсеткіштерді есептеу және бағалау.
Кәсіпорынның жоспарлы экономикалық қызметінің жетекшілігі барлық ағымдық және перспективті жоспарлы қызметті басқару бойынша басқада басты қызметтерді,жалпы ғылыми,әдістемелік қызметтерді жүзеге асырады.
Жоспарлау қызметінің мамандары жоғарғы деңгей басшыларымен бірге отырып,фирма стратегиясын құруға экономикалық мақсатты таңдауға және негіздеуге,нормативті базаларды құруға,кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдауға бағалауға қатысады.Cонымен қатар жоспарлау менеджерлерімен кәсіпорын дамуына болжам жасау.
2. Кәсіпорынның жоспарлы экономикалық жұмыстарын ұйымдастыру көбінесе кәсіпорынның мөлшері өнім өндіру сипаттамасы,меншік түрі және нарықтағы орнына байланысты.
Шағын кәсіорында басқарушылық қызметтер тереңірек бөлінбейді және жоғарғы деңгей басшылары өндірісті жоспарлау мен ұйымдастырудың барлық юөлімдерін өз бетінше анықтайды.
Ал орта және ірі кәсіпорында стратегиалық,тактикалық және күнтізбелік жоспарлар ұйымдық құрылымға міндеттерді ұжым арасында бөлуге,ұйымдастырудың барлық қызметін бақылау және үйлестіругу сәйкес жүргізіледі.Мұнда жоспарлау мәселесі бойынша қызметшілердің нақты ұсыныстары есепке алынады.
Кәсіпорындағы ұйымдық құрылымды таңдау үшін негізі ретінде, әдетте оның дамуының перспективті жоспары , өнім өндіру көлемі, жұмысшылар санының нормативтері мен әр түрлі компазициядағы қызыметшілердің өзара қарым-қатыстық т.б сипатталады.
Кәсіпорынды басқару құрылымы әр түрлі бөлімдердің сызықтық және функционалдықағидасы негізінде құрылады.
Сызықтық құрылым ретінде жүйелі құрылымдық бөлімдерді айтуға болады:
Бас директор
Бас экономист
Жоспарлы экономикалық басқару
Жоспарлы қаржылық басқару
Қаржы бөлімі
Жоспарлы есептеу бөлімі
Функционалдық құрылымда шешім қабыылдау және бұйрық тапсырмалар беруде нақты функциаларға қатысы бар бөлімдер жұмылдырады.
Қазіргікездебасқарудыңұйымдыққұрамынадевизианалды,өнімдік,матрицалық,жобалық т.б құрылымдар кіреді.
Басқарудың ұйымдық құрылымын жетілдіру қажеттігі ішкі және сыртқы экономикалық факторларға тәуелді.
Сыртқы факторлар:
1. Өнім немесе қызымет, нәтиже түрі
2. Функция немесе ресурстардың түрлері
3. Нарық, клиенттер тобы
Негізгі ішкі факторлар- Әр бір жетекші немесе менеджердің өкілеттілігінің деңгейімен байланыстыбасқаруды орталықтандыру немесе орталықтан босату қағидасы кіреді.
Жоспарлау қай ұйымдық құрылым деңгейінде пайда болуына оны орындаушыларына нұсқалар бойынша орындалады:
1. «Жоғарыдан төмен қарай»
2. «Төменнен жоғарыға қарай»
3. «Интерактивті»
Көптеген ірі және орта орталықтандырған кәсіпорындар «жоғарыдан төмен » жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.
1.сурет «Жоғарыдан төмен»жоспарлау сызба нұсқасы
Кәсіпорынның жоғарғы деңгей басшылары
|
Жоспарлы бөлім құру
|
Ұзақ мерзімді
|
Орта мерзімді
|
Қысқа мерзімді
|
Кәсіпорын бөлімшелері
|
«Төменнен жоғары» қарай жоспарлау бөлімінің жоспары арқылы жергілікті жоспардан жалпы жоспарға келісімдер, бірігулер, және түзетулер арқылы жүзеге асырылады.Мұнда көп жағдайда мақсат және стратегиялы кәсіпоындар бөлімшелері құралды бірақ идея жоғ деңгейде пайда болады.
Интерактивті (қарсы ) жоспарлау –алдыңғы екі сызба нұсқаның арасындағы орта шамасы болып табылады. АҚШ-та кәсіпорынның 2/1 бөлігі жоспарлауды төменнен жоғарыға қарай жүргізеді , ал 3/1 интерактивті жоспарлау сызба нұсқасын пайдаланады.
Миссия-кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы оның негізгі мақсаттарының негізделуі әрекет ету сферасы, әлеуметтік мәселелерді шешудегі ролі мен іс-әрекет нормасы.
Мақсат- кәсіпорынның келешекте қойған жағдайы,оның қызыметшілерінің мінез құлқы мен әрекет ету мативі.
Кәсіпорындағы жоспарлау органдарының құрылымы. Жоспарлау схемасын таңдау. Фирмаішілік жоспарлау типтері. Фирмаішілік жоспарлаудың реттілігі. Жоспарлау динамикасы. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын жоспарлардың негізгі түрлері.
Тақырып 5. Жоспарлы нормативтер мен көрсеткіштердің жүйесі.
1. Жоспарлы нормалар мен нормалардың түсінігі, жүйесі.
2. Жоспарлау нормасының жіктелуі.
3. Еңбек нормативтері, олардың түрлері мен бағыттары.
1.Норма термині латын тілінен аударғанда жетекшілік, бастама, ереже, үлгі, міндетті болып саналатын тәртіп, бекітілген өлшем, орташа шаманы білдіреді. Норматив – кәсіпорын шаруашылық қызметін жоспарлауды, еңбекті нормалауды, пайдаланылатын материалды ақшалай ресурстарды жұмыс уақытты шығынның есептік шамасы.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде ғылыми техникалық жаңа жетістіктерінтехникалық өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін кәсіпорынның өндірістік қуатын қолдану және алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибені есепке алу қажет.
Норма дегеніміз - нақты өндіріс- техникалық шарттарда экономикалық ресурстардың шығыстарының ғылыми негізделген шамасы. Норматив іртүрлі өндірістік экономикалық ресурстарды тұтыну, пайдаланудың жалпылама шамасы.
Нормалар мен нормативтер - өздерінің мәні болатын абсолютті және қатысты жалпы және жеке, жоспарлы және фактілік перспективті және ағымдық, макро және микроэкономикалық, сандық және сапалық б.к .
Нормативтер мен нормалар келесі топтық белгілер бойынша жоспарлы нормативтің жүйесін құрады:
1. ресурстардың түрлері бойынша : өндіріс қорлары, еңбек құралдары, жұмысшы күші, жұмыстар мен қызмет көрсету шығынның шамасын реттейтін нормалар мен нормативтер кәсіпорындағы әртүрлі өндірістік ресурстарды пайдалану норматив пен коэффиценттері.
2. өндіріс сатысы бойынша: ағындық сақтандыру , техникалық өндіріс, көлік материалдар қорлары, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, жинақтаушы ұйымдар және дайын, өнімді шығаратын нормативтер олардың өлшемі мен динамикасы материалдарды ресурстардың дайын тауар, қызмет түрлеріне айналу процесін сипаттайды.
3. орындалған қызметтер бойынша: жоспарлы, экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, еңбек, экология, басқарушылық, құқықтық т.б болып бөлінеді.
4. іс-әрекет ету уақыты бойынша: перспективті, ағындық, шартты тұрақты және уақытша, бір реттік және маусымдық болып бөлінеді.
5. тарату сферасы бойынша: сала аралық, салалық, ішкі өндірістік, халықаралық, республикалық, аймақтық және жергілікті болып бөлінеді.
6. тағайындалу әдісі бойынша: есептік, аналитикалық,эксперементалды, ғылыми аналитикалық зерттеу, статистикалық болып бөлінеді.
7. мәндерінің анықталу нысаны бойынша: кестелік және аналитикалық болып бөлінеді.
8. детальді дәрежесі бойынша: индивидуальды, топтық, бөлшектік, үлкейтілген, жеке және жалпы спецификалық және жиынтықты
9. сандық мәні бойынша: оптималды мүмкін, масимум, минимум және орташа
10. мақсаттық белгіленуі бойынша: шығындық және техникалық бағалау және технологиялық, экономикалық, оперативті, өндірістік, күнтізбелік, жоспарлы нормативтер.
Еңбек нормасының жүйесі бойынша кәсіпорын иелеріне фирма мамандарының жұмыстарын әртүрлі элементтерімен кешендерін орындауға жұмсалған шекті еңбек шығындарының жиынтығы –уақыт нормасы. Бұл - өнім бірлігін дайындауға, бір жұмысты немесе қызметтерді орындауға, жұмыс уақытын қажетті немесе ғылыми негізделген шығындарды бейнелейді (минут) дана, сағ(дана)
Өндірілім нормасы – жұмыс уақытының сәйкес есептік кезеңде дайындалған өнімдердің қажетті кешенесін белгілейді. Жұмысшылар санының нормасы, өндірістік процестерге қызмет көрсететін, берілген жұмыс көлемін орындау үшін сәйкес категориядағы жұмысшылардың қажетті санын анықталады.
Қызмет көрсету нормасы – бір жұмысшы топ бригадаға бекітілген аудан және басқа да өндірістік объектілерінің өлшемі жұмыс орындарының саны өндірістік тапсырмалардың нормасы, ол бір жұмысшыға немесе бригадаға жұмыс уақытының берілген (смена, апта, ай, тоқсан) орындалатын жұмыстар немесе қызметтер, дайындалған өнім, номенклатуралары бекітеді.
Басқару нормасы – бұл кәсіпорынның сәйкес бөлімінің бір жетекшісіне бағынатын жұмысшылар санын шектейді.
Жұмыс уақыт номенклатурасына: еңбек процесінің ұзақтығы , жұмысшының еңбек сыйымдылығы және жұмысшылар сананың нормативті жатады.
Ұзақтық нормативы- бір станок немесе жұмыс орындағы жұмыс бірлігі орындалатын жұмыс уақыт есептік шамасы.
Еңбек сыйымдылығының нормативы – бір өнім өндірісіне кететін әртүрлі жұмыстарды орындауға жұмсалған еңбек шығының жоспарлы шығыны.
Еңбек сыйымдылығының нормативі 3 бөлінеді:
1.технологиялық көрсеткіштер – дайындық жұмыстарды детальді құру және дайындау, машиналарды жинау және монтаждау сияқты еңбек құрамына техниканың әсер ететін негізгі жұмысшының еңбек шығынына байланысты.
2.өндірістік емес - өнім өндіруге жұмылдыратын негізгі және қосымша жұмысшының шығындары кіреді.
3.толық емес – белгілі бір өнім бірлігін өндіруге өнеркәсіптік - өндірістік персоналдардың еңбек шығынының жалпы шамасын сипаттайды.
Толық емес жоспарлау кезенінде тікелей және жанама шығындар бөлініп қарастыру қажет. Толық еңбек сыйымдылығы өндірісті дайындау, қызмет өрсету және басқаруға кететін еңбек шығындарының суммасы. Жұмыс уақыт жұмсалған шығынның түрі бойынша нормалар мен нормативтер келесі категорияға бөлінеді:
1.Негізгі және машина – уақыт
2.Қосымша уақыт
3.Жедел уақыт
4.Жұмыс уақытына қызмет көрсету уақыты
5.Жұмысшының демалу және жеке қажеттер уақыты
6.Дайындау және қорытындылау уақыты
7.Бірыңғай және типтік нормалар.
Тақырып 6. Стратегиялық жоспарлау
Фирма қызметін стартегиялық жоспарлау (СЖ).
СЖ мәні.
СЖ міндеттері мен кезеңдері.
Фирмалардың стратегиясы.
Стратегиялық жоспар әр уақыт өзгеріп отыратын ортада компания өз мүмкіндіктерін қолдануға жәрдемдесу үшін жасалады. Бұл бір жағынан компанияның мақсаттары мен мүмкіндіктерінің, екінші жағынан нарықтың өзгермелі мүмкіндіктерінің арасындағы стратегиялық сәйкестікті тағайындау және сақтау процесі.
Стратегиялық жоспарлау компаниядағы жоспарлаудың қалған түрлері үшін фундамент болып табылады. Ол компанияның жалпы мақсаттары мен миссиясын анықтаудан басталады. Содан кейін нақтылы мақсаттар бекітіледі. Ол үшін ұйымның ішкі ортасы туралы, олардың бәсекелестері, нарықтағы ахуал мен компания қызметіне әсер ете алатын жайттар жөнінде толық ақпарат жиналады. Бұл процесс SWOT-талдау деп аталады. SWOT-талдауды өткізгеннен кейін компанияның күшті және әлсіз жақтары туралы, мүмкіндіктері мен келешекте кезігетін қауіптер туралы толықтай түрдегі есептілік даярланады. Содан соң жоғарғы басшылық қызметтің қай түрімен нақтылы айналысуы керектігін, олардың әрбіреуіне қандай қолдауды көрсету керектігін шешеді. Өз кезегінде, белгілі бір тауарға немесе қызмет түріне жауапты әрбір бөлімше өзінің маркетингілік жоспарларын жасауы тиіс. Осылайша, бөлімшелер деңгейінде жүзеге асырылатын маркетингтік жоспарлау стратегиялық жоспарлауды жеңілдетеді.
Жоспарлау процесі төрт кезеңді қамтиды: талдау, жоспарлау, іске асыру және бақылау. Осы төрт кезеңнің өзара байланысы төмендегі суретте келтірілген:
Талдау
Жоспарлау
Стратегиялық жоспарларды жасау
Іске асыру
Жоспарларды орындау
Бақылау
Сандық анықтау
1-сурет. Жоспарлау процесі.
Компанияның стратегиялық жоспары компанияны дамытатын қызмет бағыттары және олардың әрбіреуімен байланысты міндеттерді анықтайды. Содан соң қызмет бағытының әрбіреуін толығырақ жоспарлаған жөн. Стратегиялық мақсаттарға жету үшін компанияның негізгі шаруашылық бірліктері барлық облыстарда – маркетингте, қаржылық саясатта, бухгалтерлік есепте, жабдықтауда, өндірісте, кадрларды таңдауда және т.б. бірегейлі жұмыс істеуі тиіс.
Фирманың жалпы стратегиясы мен маркетингтік стратегиясы көп жағдайларда бір-бірімен дәл келеді.
Кәсіпорында маркетингтік жоспарлау кәсіпорынның болашақ шығындары мен табыстарын анықтау үшін қолданылады. Алдымен тұтынушылар саны анықталады, осыған сәйкес өндірілетін өнім көлемі мен оны өндіруге қажетті шығындар есептеледі. Стратегиялық жоспарлау алдағы ұзақ мерзімге саналған кәсіпорынның қажетті экономикалық өсуі мен даму деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол көптеген ішкі және сыртқы экономикалық процестердің өзара әрекетінің негізі болып табылады.
Стратегиялық жоспарлау кең мағынада өсуді жоспарлауды, кәсіпорын дамуының жоспарлауын және инновациялық жоспарлауды білдіреді.
Стратегиялық жоспарлаудың қажеттілігі келесі жағдайлармен айқындалады:
- Стратегиялық жоспар кәсіпорын дамуының перспективалы бағыттарын айқындайды,
оның негізгі қызмет түрлерін анықтайды, сондай-ақ, қажеттіліктер құрылымын, жоспарлау процесін, өнімнің қозғалуы мен өткізілуін, нарықтық бағалардың қалыптасу механизмін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.
ол кәсіпорынның әрбір бөлімшесіне нақты мақсаттарды тағайындайды, бұл мақсаттар кәсіпорын дамуының жалпы стартегиясымен бірегейленеді.
Кәсіпорынның барлық функционалдық қызметтерінің жұмыстарын координациялайды;
Стратегиялық жол басқарушыларды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, мүмкіндіктер, шектеулер және қоршаған ортаның өзгерістері тұрғысынан қарағанда кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын дұрыс бағалауға ынталандырады;
Стратегиялық жоспар ұзақ мерзімге кәсіпорынның альтернативті іс-әрекеттерін анықтайды;
Стратегиялық жоспар қолда бар экономикалық ресурстарды бөлуге негіз жасайды;
Ол жоспарлаудың, ұйымдастырудың, басқарудың, бақылаудың және кәсіпорын қызметін бағалаудың негізгі функцияларын бірегей стратегиялық басқару жүйесіне бірктіреді.
СЖ міндеттері мен кезеңдері.
Стратегиялық (перспективті) жоспарлау өзара байланысты 3 міндеттерден құралады:
кәсіпорынның миссиясын анықтау;
миссияны ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттер түрінде көрстеу;
қойылған мақсатқа жетудің стратегиясын әзірлеу.
Миссияны анықтау, яғни «Кәсіпорынның жағдайы 5-15 жылдан кейін қандай болады?» деген сұраққа жауап беру деуге болады.
Жалпы түрде стратегия кәсіпорынның міндеттерін іске асыруға және анықталған миссиясын орындауға бағытталған басқарушылық және ұйымдастырушылық шешімдердің жүйесі.
Экономикалық стратегия ең маңызды талапқа, алдын-алу белгісіне жауап беру керек. Оның тауарлық және бағалық саясат, өндіріс шығындрын төмендету, кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы іс-әрекеттері сияқты құрамдастары үйлесімді оранласуы керек.
Стратегиялық жоспарлау бірнеше өзара байланысты кезеңдерден тұрады. Алдымен ұйымның ішкі және сыртқы ортасына зерттеу жүргізіледі, содан соң фирманың негізгі ориентирлері анықталады. Фирма 1-ші және 2-ші кезеңдердің нәтижелерін салыстырады, стратегиялардың мүмкін болатын нұсқаларын анықтайды, содан кейін нұсқалардың ішінен біреуін таңдап, өзінің стратегиясын қалыптастырады. Ақырғы кезеңде фирма төменгі деңгеймен ұсынылғандарды қарастырып, қорытынды стратегиялық жоспарды дайындайды.
Кәсіпорынның ішкі ортасы келесідей негізгі элементтерден тұрады: өндіріс, қаржы, маркетинг, персоналды басқару, ұйымдастырушылық құрылым. Сыртқы орта жұмыс ортасынан (экономикалық ресурстармен жабдықтаушылар, бәсекелес фирмалар және БАҚ), сондай-ақ, жалпы ортадан (экономикалық, технологиялық, саяси және әлеуметтік факторлар) тұрады. Жұмыс ортасын фирманың микро ортасы деп, ал жалпы ортасын макро орта немесе «фирманың экологиясы» деп атайды.Ұйым ортасының маңызды факторлары анықталғаннан кейін олар жөнінде толық ақпаратты жинастыру қажет. Ортаны бағалаудың ең кең таралған әдістерінің бірі болып SWOT-талдау (SWOT – ағылшын сөздерінің алғашқы әріптері бойынша: «күш», «әлсіз жақтары», «мүмкіндіктер», «қауіптер») табылады. Бұл әдіс стратегиялық талдау мен фирманың нақты перспективаларын анықтауда және де фирманың инновациялық ортасын диагностикалық талдау үшін қолданылады.
Ішкі және сыртқы ортаны талдағаннан кейін фирма алдыңғы кезең нәтижелеріне негізделген өзінің қызмет ориентирлерін анықтайды. Фирма қызметі ориентирлерінің барлық жиынтығын басты 3 типке топтастыруға болады:
идеалдар – жақын болашақта жетуге есептелмеген ориентирлер;
мақсаттар – толық көлемде жетуге тиеселі жалпы ориентирлер;
міндеттер – фирманың нақты сандық өлшемді ориентирлері.
Стратегиялық талдаудың ең кең әдістеріне үзілістер талдауын, шығындар динамикасын талдау мен тәжірибе қисығы, нарық динамикасын талдау, стратегияны талдаудың портфельдік әдістері (Бостон Кеңестік Топ матрицасы), кешенді іскерлік PIMS талдау, Мак-Кинси «7С» моделі, бәсекелестік талдау әдісі.
3. Фирмалардың стратегиясы.
Стратегиялық талдау кезеңінен кейін стартегияны қалыптастыру жүргізіледі. Ол стартегиялық баламалардың ішінен біреуін таңдауға бағытталған. Стратегияны қалыптастыру процесі 3 стадиядан тұрады:
фирманың жалпы стратегиясын қалыптастыру,
бәсекелестік стратегияны қалыптастыру;
фирманың функционалды стратегияларын анықтау.
Фирманың жалпы стратегияларынң әртүрлілігін негізгі 3 типке жатқызуға болады: өсу стратегиясы (тік және көлденең интеграция), тұрақтану стратегиясы, қысқарту стартегиясы (шұғыл бұрылыс стратегиясы, бөліну стратегиясы, ликвидациялау стратегиясы). Кей кезде жалпы стратегияны портфельді деп атайды, өйткені ол фирма инвестицияларының деңгей мен белгісін айқындайды, яғни ұйымның инвестициялық портфелінің белгілі бір құрамы мен құрылымын қалыптастырады.
Фирманың бәсекелестік стратегиясы бәсекелестік артықшылықтарға жетуге бағытталған.
Функционалдық стратегиялар фирманың әрбір функционалдық бөлімшесі үшін арнайы жасалынады және де олардың келесі түрлері болады: НИОКР стратегиясы, өндірістік стратегия, маркетингтік стартегия, қаржылық стратегия, персоналды басқару стартегиясы, ақпараттану стратегиясы (реинжиниринг), қауіпсіздік стартегиясы.
Фирманың қортынды стратегиялық жоспары келесілерден тұрады:
көру, миссия және жалпы мақсаттар;
фирма стратегиясы: жалпы, іскерлік (бәсекелестік) және функционалдық.
Фирма әрекетінің саясаты.
Стратегиялық жоспардың толық ашылған көрінісі келесі бөлімдерді қоса алады:
Кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері;
Кәсіпорынның ағымдағы қызметі және ұзақ мерзімді міндеттері;
кәсіпорынның негізгі стратегиялары және оның баламалары;
Функционалды стратегиялар;
Ең мәнді жобалар;
Сыртқы операциялардың сипаттамасы;
Салымдар мен ресурстарды бөлу;
Мүмкін тәуекелдер;
Қосымшалар: есептеулер, справкалар, іскерлік құжатнама, сонымен қатар сату көлемінің, пайданың, ақша ағымдарының және т.б. іріленген көрсеткіштері.
Стратегиялық жоспардың мәні мен құрамы
Стратегиялық жоспардың ерекшеліктері
Стратегия элементтері мен түрлері
1 СҰРАҚ
Стратегиялық жоспарлау ұзақ мерзімді бағытталуы қажет. Осы жерге персонал жұмысшыларының жоғары сапасын және жұмысшылардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен әртүрлі өндірістік техникалық факторлар мен ұйымдық басқарушылық құрылымды кезең бойынша жүзеге асыру негізінде экономикалық өсудің жоғары қарқынына жетуге бағытталуы тиіс, корпорацияның өсуіне, оның өлшемінің артуы келесі көрсеткіштер бойынша қызметтердің кеңейтуді (өндіріс көлемі, нарықтағы үлесі, мамандар саны, сату шамасы, таза табыс және тағы басқа жатады)
Даму – бұл индивидтің өз қалауларымен басқа тұлғалардың қажеттілігін қанағаттандыруға өз мүмкіндіктермен талабын арттыру процессі. Даму өмір сүру деңгейіне қарағанда сапамен тығыз байланысты.
Сонымен стратегиялық жоспарлау кәсіпорынның келешектегі ұзақ мерзім кезеңінде даму деңгейімен экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы стратегиялық жоспарлау процессі келесі өзара байланысты қызметтерді жүзеге асырады:
1. Ұзақ мерзімді стратегияны анықтау.
2. Стратегиялық бөлімшелерді құру.
3. Маркетинг мақсатын негіздеу.
4. Жағдайлық талдау
5. Маркетинг стратегиясын құру
6. Практиканы жүзеге асыру
Ұйымның даму стратегиясын зерттелмеген нарықтық жағдайларды есепке ала отырып, сыртқы орта мен оның қызметінің мүмкін ішкі перспективаларын зерттеу нәтижелерінде анықталады.
2 СҰРАҚ
Шетелдік фирмаларда стратегиялық жоспарлау тәжірибесінде келесі ерекшеліктерін бөліп қарастырайық.
1.Жоспар әдетте келешекте әрекет етудің бір ғана стратегиясын құрайды.
2.Жоспарда фирманын барлық әлсіз және күшті жақтары бағаланады.
3.Жоспарда болжамдар мен алдын ала ұйғарымдар, тұжырымдар көрсетіледі.
4.Көптеген жоспарда тәуекел бағаланбайды, бірақ әртүрлі мүмкін болатын іс әрекет нұсқаларын қарастырғанда ескеріледі.
5.Барлық жоспарлар фирманың қаржылық қызметтерінің негізгі көрсеткіштерінің бейнелейтін, күтілетін мақсаттар негізінде құрылады.
6.Ұзақ мерзімді жоспарда қажетті инвестицияның көлемі, күтілетін табыстар мен шығыстар, ұзақ мерзімде төленетін дивиденттер туралы мәліметтер бейнеленеді.
7. Жоспарда мүмкін болатын фирмалардың бірігуі нәтижесіндегі диверсификация бағасы беріледі.
Фирманың дамуының біртұтас стратегиясы ретінде «7С» үлгісі алынған. Құрылым (система), жүйе қызметкерлер (сотр), стиль, біріккен құндылықтар (сов.ценности) және қабілеттер жиыны – 7С білдіретін сөздер сияқты әлеуметтік экономикалық факторлар өзара әрекет ету механизмін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |