Өндірістік қуатты жоспарлау
Кәсіпорынның өндірістік қуаты – бұл айқындалған уақыт кезеңінде ұсынылған номенклатурада жабдықты, өндірістік ауданды, алдынғы технологияны толық қолдану мен еңбекті ұйымдастыру кезінде максималды мүмкін өнім шығару. Өндірістік қуат натуралды бірлікте анықталады.
Номенклатура – кәсіпорында шығарылатын өнім атауының тізімін анықтайды.
Ассортимент – берілген атаудың ішіндегі өнім түрлерінің тізімі.
Өндірістік қуат бастаушы, яғни негізгі болып табылатын жабдық бойынша анықталады.
Өндірістік қуатты анықтаудың негізгі 2 әдістемесі бар:
Цехтер үшін, мұнда негізгі, жалпы жабдықты бөлуге болады:
Мұнда Тэ – жабдықтың тиімді жұмыс істеу уақыты, ti – i-ші бұйымды шығарудағы еңбек сыйымдылығы, q – бір типті жабдықтың саны.
Цехтер үшін мұнда бастаушы жабдық жоқ;
Мұнда Тн – цехтің номиналды уақыт қоры, ti – i-ші бұйымды шығарудағы еңбек сыйымдылығы, S – цех ауданы, s – бір жұмыс орнының ауданы.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты жабдық номенклатурасына, өндіріс амортизациясының деңгейіне, еңбекті ұйымдастыруын тәуелді болады және өзгермелінің мөлшері болып табылады.
Осыған байланысты келесідей қуаттылықтарды бөледі:
Жыл басына (Мжб);
Еңгізілген (Мең);
Шығарылған (Мшығ);
Жыл аяғына (Мжа).
Мжа= Мжб - Мең - Мшығ
Орта жылдық қуаттылық келесі формула бойынша анықталады:
Мұнда Тен – қуатты енгізуден бастап жыл аяғына дейінгі айлар саны; Тшвғ – қуатты шығарудан бастап жыл аяғына дейінгі айлар саны.
Өндірістік қуаттын қолданылуын талдағанда қуатты қолданылу коэффиценті анықталады:
Мұнда Q –бір жыл ішінде шығарылған өнім саны.
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының көрсеткіштері
Көрсеткіштер натуралды болуы мүмкін, өнім шығаруды заттық сипаттайтын және құндық, өнім шығаруды ақшалай белгіде сипаттайды.
Құндық көрсеткіштерге жатады:
Тауарлық өнім - өткізуге арналған дайын өнім.
Жалпы өнім - өзіне кәсіпорында өндірілген барлық өнімді қосады, оның арнауы және дайындық деңгейіне қарамастан.
Өткізілген өнім – бұл кәсіпорын есеп шотына ол үшін ақшасы түскен өнім.
Таза өнім – кәсіпорында қайта құрылған құн. Таза өнім – бұл материалдық шығындар мен амортизация алып тасталған жалпы өнім.
3. Ресурстарға қажеттілікті және өзіндік құнды жоспарлау
Өнім өндірісі процесінде шикізат, материалдар, отын, энергия, еңбек ақы және т.б. шығындалады. Барлық осы шығындар өндіріс шығындарын (өзіндік құн) құрайды.
Өзіндік құн – бұл өнімді өндіру мен өткізуге кеткен барлық шығындар. Жалпы түрде өзіндік құн келесідей болады: Өқ=М+А+ЕА
мұнда М – материалдық шығындар, А – амортизация, ЕА – еңбек ақы.
Өзіндік құн бағаның жартысы болып табылады: Ц = С+П+НДС
Өзіндік құнды барлық өнім бойынша, оның жеке түрлері бойынша, түйіндері бойынша, бөлшектері, өндірістік процесс, бөлімшелердің жұмысынан, учаскелер, цехтер бойынша анықтауға болады.
Өндірісте барлық шығындарды ерекше белгілеріне байланысты топтастыру қажет. Негізгі шығындар тобына келесі жатады:
Экономикалық элементтері бойынша:
Материалды шығындар – шикізаттың және барлық материалдардың құны, қайтарылған шығындарды алып тастағанда.
Еңбек ақы.
Әлеуметтік қажеттіліктерге бөлімдер.
Амортизация.
Өткізуді және өнім сапасын жоспарлау.
Өткізу нарығының классификациясы
Нарық үлесін бағалау
Өнім сапасын жоспарлау
1. Өнімді өткізу нарықтарының бағалары (қызмет көрсету)
Өткізу нарығын зерттеу үшін келесілерді білген жөн:
Әр нарықтың негізгі мақсаты
Кімнен және неден нарық құралады
Нақты нарықта ережелердің қолданылуы
Нарықты ұйымдастыру
Нарықтың мүмкіншіліктері
Аса маңызды мақсаттардың бірі болып сатылатын тауардың әр түрі бойынша нарықтың сыйымдылығын дұрыс анықтау болып табылады. Түр бойынша нарық классификациясы:
1. Өткізу көлемі бойынша:
1.1 негізгі нарық
1.2 қосымша нарық
1.3 таңдамалы нарық
2. Алдағы өткізу бойынша:
2.1 бедеу нарық
2.2 өспелі нарық
2.3 потенциалды
2.4 көп қабатты
3. Сатып алушылар мен сатушылар жағдайына байланысты:
3.1 таза бәсекелестік нарық
3.2 монополис бәсекелес нарық
3.3 олигополистік нарық
3.4 таза монополия нарығы
4. Тұтынушылардың әр түрлігіне байланысты:
4.1 өнеркәсіптік нарық
4.2 тұтынушылық
4.3 әскери және т.б
Нарық түрін анықтағаннан кейін, нарыққа сипаттама берген жөн:
1. нарықтың даму кезеңі бойынша
2. тарихы және экономиалық пайда болу себептері бойынша
3. нарықты шектеуі бойынша
Тұтынушылық нарықты талдау үшін нарық сегменттеуді талап етеді
Аталған сегменттер критерийі келесідей:
өзгеріске тұтынушылардың мінез – құлқы міндетті түрде аууы тиіс екені сегментте көрсетілуі қажет д/б;
фирманы қажетті кіріспен қамтамасыз ету сегменті ;
әлде қайда нәтижелі өткізу әдістерін қолдану қолайлығы сегменті д/б;
мыңызды сегмент д/б;
негізгі бәсекелестердің тәуекелімен бірге сегменттеу д/б;
осы сатып алушылармен фирма жұмысының тәжірибелігінің сәйкес болуы сегменті д/б;
күшті бәсекеден максималды қорғау сегменті д/б.
Сегметтеу әдістері:
әлеуметтік – экономикалық және демографиялық параметрлер негізінде;
аймақтық сегменттеу;
сатып алушылардың мінез – құлықтық ерекшеліктері негізінде;
психографиялық сегменттеу;
соңғы тұтынушылардың әр түрлілігіне орай;
тұтынушылардың салмақтылығына орай.
Бәсекелестік нарықта позициялаудың мәні ол бәсекелестердің тауарларынан ерекше көрсету болып табылады.
Нарықты зерттеу барысында негізгі 7 маңызды сұраққа жауап беру керек:
Не сатып алады?
Қандай бағамен?
Кім сатып алады?
Не үшін сатып алады?
Сатып алуды қалай жүзеге асырады?
Қашан сатып алады?
Қайдан сатып алады?
2. Фиманың нарықтағы үлесі – ол фирма өз тауарларын сатуға пайдаланатын нарық салаларының бір бөлігі. Нарық үлесі ішкі және сыртқы факторларға байланысты өзгеретін уақытпен өлшенеді.
Потенциалды сатылу көлемі
Нақты сатылу көлемі.
Фирма бәсекелестерін талдау
Негізгі бәсекелестерді анықтағаннан кейін, олардың күшті және әлсіз жақтарын талдауға кіріскен жөн, әдетте келесілер қолданылуда:
!S! – Strenght – күшті жақтар
!W! – Weaknesses – әлсіз
!O! – Opportunity – мүмкіншіліктер
!T! – Threat – қауіптер
Кәсіпорынның салыстырмалы артықшылықтарын талдау барысында негізгі бәсекелестер бойынша нарықты сегменттеу әдісі қолданылады, ол фирманың бәсекеге қабілеттілігі мен негізгі бәсекелестердің ақпараттарын жүйелеуге мүмкіндік береді.
Факторлар тізімі әр түрлі уақыт кезеңдерінде нақты шарттардың өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін. Кестеде келтірілген факторларды бағалау келесідей жүзеге асырылуда:
0 балл – дәл осы бәсекеге қабілеттілік факторы бойынша әлде қайда әлсіз позиция;
5 балл – өткізу нарығындағы басым позиция.
Баға кестенің әр бағанында қойылып, одан кейін қосындысы есептеледі.
Таладуда маңызды мәнде әр фирманың қосынды баллы есептеледі. Салыстыру кезінде қосындылардың айырмашылығы бәсекелестерге қарағанда 20% ға артық болса фирманың бәсекеге қабілеттілік жағдайы айтарлықтай ауыр екенін көрсететді, ал егер 40% дан артық болса осы нарықтан кетуін немесе фирма стратегиясының түбегейлі өзгертуін талап етеді.
3. Өнім сапасын жоспарлау. Өндірілетін өнім, көрсетілетін қызмет сапасын талдау барысында, жеткілікті жоғары квалификациялы жұмысшыларлар және заман талабына сай жабдықтардың болуы кәсіпорында ақау түріндегі мүмкін жоғалтулардың болмауына кепіл бере алмайтынын ескерген жөн. Тапсырыстардың сапасыз орындалуы фирма имиджіне кері әсерін тигізеді, және сатылатын тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Ақауы бар өнім көптеген себептер салдарынан пайда болуы мүмкін, сондықтан ақаулы өнімдер себептеріне талдау және ақауы бар өнімдерден келген шығындарға талдау жүргізу керек. Кәсіпорында ақауы бар өнімнен пайда болатын жоғалтылымдар жалғыз немесе сирек болуы мүмкін, бірақ негізгі материалдардың құнының жоғарлығы өнімнің өзіндік құнына әсерін тигізеді, осылайша баға құру процесіне кері әсерін тигізеді. Ақауы бар өнім салдарынан болатын жоғалтылымдар ақауы бар бұйымдарды өңдеуге, түзетуге кеткен өндіріссіз жұмыс уақытын жұмсауынан, сонымен қатар технологиялық процестің нормасының бұзылуы салдарынан пайда болады.
Талдау нәтижесін қорытындылай келе өнімнің бәсекелік қабілеттілігін жаңа бәсекелік стратегияларды жасау, сонымен қатар өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау мен болжаудың жаңа әдістерін қолдану арқылы күшейту қажеттілігі туындайды. Нарықты зерттеу барысында БГК матрицасы кең қолданылуда. (1сурет)
(кесте1)
|
|
«Мысықтар» «Ж
|
ұлдыздар»
|
«Иттер» «Са
|
уылмалы сыйырлар»
|
|
|
Нарық дамуын талдаудың пайдалы тәсілдерінің бірі – «нарық және тауар дамуының торы» (кесте2).
3. жаңашылдық пен модификация енгізу
|
4. бар тауарларды диверсификациялау
|
1. нарыққы тереңірек ену
|
2. жаңа нарықтарды игеру
|
Тақырып 10. Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру
Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз ету процесі кәсіпорын қоймаларына немесе бірден жұмыс орнына жоспарға сәйкес талап етілген материалдық – техникалық ресурстарды уақытымен жеткізуге бағытталған. Материалды – техникалық қорлар құрамына: шикізат, материалдар, сатып алынатын технологиялық жабдықтары, есептеу техникасы, сатып алынған отын энергия, су және т. б. жатады.
Ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында отын (көмір, мұнай, газ, ағаш т.б.) су, электр энергиясы, су қолданылады, отын технологиялық қажеттіліктерге, жылу энергиясын алуға шығындалады. Су техникалық қажеттіліктерге және кәсіпорын цехтарында санитарлық гигиеналық жағдайларды ұстауға тұтынылады. Машиналар мен приборлар көп электр энергиясын қолданылады. Жоспарлаудың міндеті электр энергия қажеттілігін анықтау және оны алу көзін, мерзімін бекіту.
Шикізат пен материалдық – техникамен жабдықтауды жоспарлау шығындарды нормалаудан, материал, ресурстар қажеттілігін жоспарлаудан, кәсіпорынға шикізатты, материалды, отынды және энергияның барлық түрін жеткізуді ұйымдастыруды, дайын өнімді өткізуді ұйымдастырудан тұрады.
Шикізатпен және материалмен - техникамен жабдықтауды жоспарлаудың міндеті
өндірісті қажетті мөлшерде шикізатпен толық қамтамасыз ету, олардың түсу көздерін анықтау, жеткізу мерзімін, сапа көрсеткіштерін бекіту, жоспарда шикізат аз мөлшерде шығындалатын, тез табылатын және қымбат емес материалдар қолданылатын өнімдер ассортиментін қарастыру керек.
Шикізатты тасу жағдайы оның сапасына бірталай әсерін тигізеді, сондықтан
жоспарда шикізатты озық әдіспен тасымалдау, тиеу, түсіру жұмыстарын механикаландару және автоматтандыру қарастырылуы тиіс. Кәсіпорындар жабдықтаушылармен келісім шартқа отырады, онда жеткізу уақыт, шикізат саны мен сапасы көрсетіледі.
Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаты:
кәсіпорын бөлімшелерін талап етілген сан мен сападағы ресурс түрлерімен нақтылы қамтамасыз ету.
Ресурстарды пайдалануды жақсарту, еңбек өнімділігін, қор қайтымдылығын арттыру, өнім дайындаудың өндірістік циклының ұзақтығын қысқарту, екінші, ресурстарды толық пайдалану, инвестиция тиімділігін арттыру.
Өндірістің ұйымдастыру – техникалық деңгейін, бәсекелес жабдықтаушының өндіретін өнім сапасын талдау, жеткізілетін материалдық ресурстардың бәсекелестік қабілетін арттыруға немесе нақты ресурс түрімен қамтамасыз ететін жабдықтаушыны өзгертуге ұсыныс дайындау.
Осы мақсаттарға жету үшін кәсіпорында келесі жұмыстар тұрақты орындалуы тиіс:
1. Нақты ресурс түрлері бойынша жабдықтаушылар нарығына маркетингтік зерттеу жүргізу, жабдықтаушыны таңдау үшін келесі талаптар есепке алынады:
1. Лицензиясы және осы салада жеткілікті жұмыс тәжрибесі
2. Өндірістің жоғарғы ұйымдастырушылық – техникалық деңгейі
3. Жұмыстың сенімділігі мен пайдалылығы
4. Шығарылатын тауардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету
5. Олардың қолайлы бағасы
6. Жеткізудің қарапайымдылығы және тұтастығы
2. Нақты ресурс түрлеріне қажеттілікті нормалау
3. Ресурстарды жұмсаудың нормалары мен нормативтерін төмендетудің ұйымдастыру техникалық шараларын жасау.
Шикізат материалдық – техникалық ресурстарының шығындарын нормалауды
өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарды анықтау үшін жүргізеді. Осыған байланысты шикізат және материалдар, отын және энергияға прогрессивті нормалар бекітеді. Энергияның барлық түрлеріне , суға және сығылатын ауаға шығын нормалары кәсіпорында, шикізатты өндеудің технологиялық процессінде, техникамен жабдықтауына, жабдықтау көздері мен әдістеріне байланысты жасалады және бекітіледі.
4. өндірісті материалдық – техникалық жабдықтау каналдары мен формаларын іздеу
5. материалдық баланс жасау
6. өндірісті ресурстармен материалдық - техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау
7. өндіріске ресурстарды жеткізу, сақтау және дайындауды ұйымдастыру
8. жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
9. ресурстарды қолдану есебі және бақылау
10. өндіріс шығындарын жинау мен өңдеуді ұйымдастыру
11. ресурстарды пайдалануды жақсартуды ынталандыру.
Өндірісті материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай бюролардан тұрады:
ресурстармен жабдықтау маркетингі
өндірісті ресурстармен қамтамасыз етуді нормалау және жоспарлау
запастарды басқару
жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету
ресурстарды тиімді қолдануды басқару
Маркетинг бюросы ресурс топтары бойынша ( жабдық , шикізат, материал т.б.) немесе маркетинг фукнкциясы бойынша (ақпараттық қамтамасыз ету тобы, жабдықтаушылар имиджін зерттеу тобы, жабдықтаушылардың бәсекелестігін, олардың тауарын зерттеу тобы бағаны, қоғамдық байланысты зерттеу тобы.
Өндірісті ресурстармен қамтамасыз ету нормалау және жоспарлау бюросы:
кәсіпорындағы ресурстарды тиімді пайдалануды талдау
стратегиялық және тактикалық.
Кәсіпорынды шикізатпен, материалдық – техниканың жабдықтауды ұйымдастыру кәсіпорынды материалдарын, энергетикалық ресурстарын, техникамен бірқалыпты және нақтылы қамтамасыз ету жоспарын орындау шараларының жүйесі. Шикізат және материал – техникалық жабдықтауды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
өнім және қоймадағы материалдар сапасын сақтау, олардын санын есептеу және сапасын бақылау, ұтымды пайдалану, жабдықтау шығындарын азайту, тез табылмайтын, үнемді материалдарын алмастыру. Кәсіпорынды шикізат, материалдық- техниканың жабдықтауды ұйымдастырудың мәні барлық келісім шарт міндеттемелерін, жеткізуді, қабылдауды, сақтауды орындау.
Өнімді өткізуді жоспарлауды ұйымдастыру тұтынушыларды жоспарлаған мөлшердегі дайын өніммен және ассортиментпен уақтылы қамтамасыз ету.
Тақырып 11. Персоналдар санын жоспарлау
1. Сандық жоспарлау.
2. Еңбек ақыны жоспарлау.
3. Ұйымдастырушылық құрылымды жоспарлау.
4. Фирманың құқықтық дәрежесі.
1. Сандық жоспарлауды өнеркәсіптік – өндірістік персоналдар құрылымын анықтаудан бастаған жөн.
Кәсіпорынның барлық жұмысшылары өнеркәсіптік – өндірістік персоналдарға (ӨӨП) – жақ, яғни өндіріске немесе қызмет көрсетуге тікелей әсер ететіндер, және өнеркәсіптік емес пресонал – жақ, яғни өндіріске қатысы жоқтарға бөлінеді. Санау жүргізгенде және еңбек өнімділігін есептеу кезінде тек ӨӨП есепке алынады. Жалпы ӨӨП санын келесі жұмысшылар категориясы құрайды:
Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер етушілердің өзі негізгі және көмекші болып бөлінеді.
ИТЖ – инженер – техникалық жұмысшылар – кәсіпорында ұйымдастырушылық, техникалық басқарулармен айналысатын адамдар.
Қызметкерлер – құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмысымен айналысатын жұмысшылар.
КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.
Оқушылар – кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.
Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.
ӨӨП құрылымын белгілі категория жұмыскерлері жалпы санының пайыздық үлесін құрайды.
Кәсіпорын жұмыскерлердің санын жоспарлау.
Жұмысшылар санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді.
Міндетті келетін жұмыскерлер саны – өндірістік бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті жұмысшылар саны.
Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорында қабылданған, оның кадрлық тізімде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарда, демалыста, мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарды атқаратын, сырқатына байлансты келмеген жұмыскерлерді есепке алу).
Жұмыскерлердің саны келесі үш әдіс арқылы анықталады:
Уақыт нормасы бойынша.
Штаттық жұмыс орындарымен.
Қызмет көрсету нормасы бойынша.
1. Персоналға қажеттілікті жоспарлаудың мазмұны, міндеттері мен технологиясы
2. Еңбек өнімділігін жоспарлау
. Нарықты экономикада кәсіпорындағы әлеуметтік еңбектік көрсеткіштерді жоспарлаудың басты міндеті бұл еңбек ресурстарының толық жұмысбастылығын және жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету, персоналдардың жұмыстары үшін қалыпты жағдайлар қалыптастыру және еңбек ақы деңгейін көтеру, экономикалық өсімге жету жұмысшылардың өмір сүру сапасын арттыру. Әлеуметтік еңбектік көрсеткіштерді фирма ішілік жоспарлаудың негізгі міндеті бұл әрбір кәсіпорындағы барлық жұмысшылар категорияларын толық және тиімді жұмысбастылықпен қамтамасыз етуі.
Толық жұмысбастылық- бұл жұмыс орындарының саны мен еңбек ресурстарының немесе жұмысшы күштері арасындағы тепе-теңдікке жету. Тиімді жұмысбастылық- бұл нәтижелердің шығындармен теңесу немесе одан артық болуына жету үшін жұмысшы күштерін пайдалану дәрежесі. Персонал – бұл кәсіпорындағы әртүрлі кәсіби біліктілікті топтардағы жұмысшылармен оның тізімдік құрамына кіретін жұмысшылардың жиынтығы. Еңбек ресурстары түсінігі – потенциалды жұмыс күшін сипаттайды. Ал персонал жалдамалы, тұрақты және уақытша, білікті және арнайы біліктігі жоқ жұмысшылардың барлық құрамын айтамыз. Кәсіпорынның мамандары – бұл кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің негізгі құрамы. Еңбек ресурстарының сандық сипаттамасы ең алдымен жұмысшылардың тиімдік жұмысқа келу және орташа тізімдік санымен өлшенеді. Кәсіпорын жұмысшының тізімдік саны – бұл белгілі бір күнде қабылданған және жұмыстан кеткен жұмысшыларды есепке ала отырып, сол күндегі жұмысшылардың орташа құрамының саны. Жұмысқа келу саны – бұл жұмысқа нақты келген жұмысшылардың тізімдік құрамының саны. Орташа тізімдік саны – бұл еңбек өнімділігін, орташа ақыны, айналым коэффициентін, кадрлардың ағымын және т.б. көрсеткіштерді есептеу үшін қолданылады. Бір айдағы жұмысшының орташа тізімдік саны- бұл демалыс және мереке күндерін қоса есептегенде бір айдағы әрбір күнтізбелік күндегі жұмысшылардың тізімдік құрамының санын қосып, қосылған сомманы сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу жолымен анықталады.
Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады. Еңбек өнімділігі – бұл бір өнім мөлшерін өндіруге кететін уақыт мөлшерімен өлшенеді. Еңбек өнімділігінің деңгейі 2 көрсеткіш арқылы анықталады.
1. Белгілі еңбек бірлігінде өнімді шығарумен анықталады. (таза көрсеткіш)
2. Еңбек сиымдылығымен (кері көрсеткіш)
в =В/Т
в - белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім
В - шығарылған өнім көлемі
Т- өнім шығаруға кеткен нақты уақыт.
t= Т/В=1/в кері көрсеткіш.
t- еңбек сиымдылығы
Еңбек өнімділігін арттыру резервтеріне мыналар жатады:
1. Өндірістердің техникалық деңгейін жоғарлату:
- Өндірісті механикаландыру және автоматтандыру
- құрал-жабдықтың жаңа түрін қолдану
- жаңа технологиялық процестерді қолдану
- өнімнің конструкциялық қасиетін жақсарту
- шикі заттардың және конструкциялық материалдардың сапасын арттыру.
2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:
- Қызмет ету көлемін және нормаларын ұлғайту
- Нормаларды орындамайтын жұмысшылар санын азайту
- Есеп және есептеу жұмыстарын толық механикаландыру
- өндірісті мамандандыру деңгейін арттыру
- басқару құрылымын жақсарту.
3.Өндірістегі құрылымдық өзгерістер:
- өнімнің жеке түрлерінің көлемі мен деңгейін өзгерту
- өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығын өзгерту
- жартылай дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектердің көлемін өзгерту.
Еңбек ресурстарының қоры (Фрт) бұл- жұмысшының орташа тізімдік санын (Чсп) күн немесе сағаттағы жұмыс кезеңінің орташа ұзақтығына (Трв) көбейту жолымен анықталады.Фрт=Чсп*Трв
Еңбек ресурстарының сандық сипатттамалары кәсіпорын мақсатын орындау үшін және жұмыстарын атқару үшін жұмысшының кәсіби және біліктілігінің жарамдылық дәрежесін анықтайды. Еңбек қызметіне байланысты кәсіпорын мамандары мамандығы және біліктілік деңгейіне байланысты бөлінеді.
Профессия – бұл белгілі бір теориялық білімдер мен тәжірибелерді талап ететін еңбек қызметінің ерекше түрі.
Мамандық – жұмысшылардың қосымша арнайы білім тәжірибесін талап ететін және спецификалық ерекшелігі бар професссия шегіндегі қызмет түрі.
Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби біліктілік құрылымы штаттық кестеде бейнеленеді.
Штаттық кесте – бұл кәсіпорын басшысы жыл сайын бекітетін жұмыс разряды және қызметтік оклады көрсетілген қызметкерлерінің қызметтік бөлімдері бойынша топтастырылған тізімді көрсететін құжат.
Кәсіпорындағы еңбек ақы қорын жоспарлау және орташа жалақыны есептеу жұмысшылардың талап етілген санын анықтағаннан кейін, сонымен қатар орындалған жұмыстар мен қызметтердің еңбек сиымдылығын анықтағаннан кейін жүргізіледі. Жылдық еңбек ақы қоры еңбек сиымдылығы мен күрделілігі негізінде жоспарлады.
Фр= Тпл*Чср*(1+Кд)
Фр - жылдық еңбек ақы қоры
Тпл - жылдық өндірістік бағдарламаның еңбек сиымдылығы
Чср - орташа тарифтік ставка (тг/сағ)
Кд – жұмысшыға төленетін сыйақыны есепке ала отырып, қосымша еңбек ақының коэффициенті (%)
Барлық персоналдардың еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:
Фр= 12Мм*Чпл*Кср*(1+Кд)
Мм- еңбек ақының төменгі мөлшері
Чпл- өнеркәсіптік өндірістік персоналдардың жалпы саны
Кср- жұмысшылардың орташа біліктілік коэффициенті
Жеке категориядағы жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы жылдық еңбек ақы қорын орташа жылдық санына бөлу жолымен анықталады.
Зср= ФР/12*Рср
Рср- жұмысшылардың орташа жылдық саны.
Еңбек өнімділігінің өсімі % келесі формуламен анықталады:
∆Птр=Эi*100/Чпл-Э
Эi- жеке фактор боцынша есептелген жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.
Э- барлық фактор бойынша жұмыстан босатылған жұмысшылардың мүмкін саны.
Мысал, 1 жұмысшының сағаттық, күндік және жылдық өндірілімін анықтау керек. Есепті кезеңде 16 млн. тенге суммада өнім өндірілді. Жұмысшының орташа жылдық саны 580 адам, бір жылда 221000 адам – күн, 1 480000 адам – сағат жұмыс істелінді.
Шешуі: 16000000/1480000=1081 тенге
16000000/221000= 72,4
16000000/850= 18823
Мысалы, базалық кезеңде өнімді шығару 8200000 тенге орташа жылдық өндірілім 51000 тенге. Өткен кезеңмен салыстырғанда өнімнің жоспарлы өндірілімі 10%-ке артады. Жұмысшылардың жоспарлы саны 167 адам.
Анықтау керек: жаңа техниканы енгізу есебінен еңбек өнімділігінің жоспарлы өсімін.
Шешуі: жоспарлы кезеңде өнімді өндіру 8200000*1,1=9020000 бір жұмысшының жоспарлы орташа жылдық еңбек өндіріліміне : 9020000/167= 54012
Жұмыс уақытының қорын тиімді пайдалану есебінен жұмысшылардың еңбек өнімділігінің өсуі мына формуламен анықталады: ∆Птр2=(Ғдб – Ғдп) /Ғдп*100
Ғдб- Ғдп- базалық және жоспарлы кезеңдегі жұмыс уақытының нақты қоры.
54012-51000= 3012/51000*100=5,9%
Мысалы, бөлімдегі жұмысшылардың тізімдік және жұмысқа келу санын анықтау?
Бұйымның жылдық өндірілімі 1400 дана, барлық фрезерлік жұмыстарын жалпы жоспарлы еңбек сиымдылығы 20 норма сағат токарлі 40 норма – сағат. Бұрғылаушы жұмыстарының еңбек сиымдылығы 10 норма – сағат. Жұмысшының уақыт нормасын орындаудың орташа коэффициенті 1,2 бір жылда жұмыс күні 259 күн бір күндегі жоспарлы жұмысқа шықпау 29 күн жұмыс күнінің орташа ұзақтығы 752 сағат. Жұмысшылардың тізімдік санын мына формуламен анықталады: Rсj =∑tj / (Квн * Ғд) тізімдік саны
Rявj =∑tj / (Квнj + Ғн) жұмысқа келу саны
∑tj- бұл j- шы кәсіптің жұмысшылардың атқарған жұмыстарының жалпы жоспарлы еңбек сиымдылығы;
Квн j- j- шы кәсіп жұмысшының уақыт нормасының орындалуын ескеретін коэффициент.
Ғд, Ғн- j- шы кәсіп жұмысшының жұмыс уақытының нақты және номиналды қоры жұмысшылардың жұмыс уақытының жылдық нақты қоры. Ғд = (259-29)*7,52= 1729,6 Ғн= 259*8=2072 сағат/жыл /адам
Кәсіп бойынша жұмысшының тізімдік және жұмысқа келу санын?
Фрезерлік Rcп
T 1400*20=28000/(1,2*1729,6) =28000/2075,52= 14 адам
Rяв = 1400*20=28000/(1,2*2072) = 2486,4= 11 адам
Токарлі Rсп=( 1400*40)= 56000/(1,2*1729,6)=27 адам
Rяв =( 1400*40)= 56000/2486,4= 23
Бұрғылау
Rсп = (1400/10) =14000/2075,52= 6,7
Rяв = 14000/2486,4 = 6 адам
Rсп = 48 (14+27+7)
Rяв = 40 (11+23+6)
Мысалы, кәсіп бойынша жұмысшының санын анықтау керек. Қызмет көрсету нормасы кестеде келтірілген.
Кәсіп
|
Қызмет көрсететін жұмыс орындарының жалпы саны
|
Қызмет көрсету нормасы
|
Смена (кезек) саны
|
1. крановщик
|
30
|
15
|
2
|
2. электросварщик
|
20
|
10
|
2
|
3. наладчики
|
50
|
5
|
2
|
Rявj = Орм/Но R= 30/15*2= 4 R= 20/10*2 = 4 R= 50/5*2= 20
Тақырып 12. Еңбек ақыны жоспарлау.
Еңбек ақыны жоспарлау тарифтік және тарифсіз жүйе арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.
Тарифтік жүйе келесі элементтерден құралады:
Тарифтік – квалификациялық анықтама – жұмысшылардың орнындайтын және жауап беретін жұмысқа сипаттама мен талаптарының тізімін көрсетеді.
Тарифтік тор – ол тарифтік разрядтар мен оларға сай тарифтік коэффициенттер шкаласы. Тарифтік коэффициент – ол берілген разряд бірінші разрядқа қарағанда қаншалықты жоғары екенін көрсететін сан. Топта 1-8 разрядтар; топта 2-6 разрядтар. Тарифтік коэффициенттің соңғы және бірінші разрядтарының айырмашылығын тарифтік тор диапазоны деп аталады.
Тарифтік ставка (қойылым) – үақыт бірлігіне төленетін ақы мөлшері. Жұмыскерлер үшін ол уақыт бірлігіне еңбекке ақы бірінші разряд түрінде құрылады.
Аймақтық коэффициент – жұмыстың климаттық және басқа да шарттарын есепке алады.
Еңбекке ақы төлеудің окладтық жүйесі – кәсіпорында бекітілген лауазым негізінде төленетін ақы мөлшері.
Жоспарлауда еңбек ақының 2 формасын бөліп қарстырады:
Кесімді: еңбекақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өндіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбекақы деңгейі.
Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:
Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорционалды.
Кесімді – сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сыйақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.
Кесімді – прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.
Кесімді – жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбекақы беріледі. Еңбекақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.
Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.
мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:
Қарапйым мерзімді;
Мерзімді – сыйлықты. Кесімді – сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.
Бір жылдағы бір жұмысшының жоспарлық уақыт балансы.
Көрсеткіштер
|
Жыл
|
Жылдық есеп
|
Жоспар
|
1. Күнтізбелік уақыт қоры.....................................
Жұмыс емес күндер.....................................
мейрамдар.....................................................
демалыстар...................................................
2. Уақыттың номинальды қоры ............................
жұмысқа келмеу............................
кезекті немесе қосымша демалыс...............
оқуға байланысты демалыс..........................
босануға байланысты демалыс....................
ауруға байланысты демалыс........................
мемлекеттік міндеттемелерді орындау.......
адменистрация шешімі бойынша................
3. Нәтижелі уақыт қоры..........................................
Номинальды ауысым ұзақтығы........................
Ішкі жүйелік жоғалтылым.................................
Ауысымдағы нәтижелі уақыт қоры..................
4. Бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры...........
|
365
105
8
97
260
26
17
0,5
3
4
1
0,5
234
8с.
0,3с.
7,7с.
1800с.
|
365
103
8
95
262
25
17
0,5
3
3,5
1
-
237
8с.
0,1с.
7,9с.
1872с.
|
Жұмысшылар саны мен еңбекақы қорын есетегеннен кейін еңбек ақыны жұмыскерлер тобы бойынша бөледі:
Кесте 1. Еңбек ақыны бөлуді жоспарлау
Жұмысшылар категориясының атауы
|
жылдар
|
0
|
1
|
2 және т.б
|
Қажет, адам
|
Орташа еңбекақы, тенге
|
Еңбекақыға шығын, тенге
|
Есептелген еңбекақы, тенге
|
|
|
|
|
|
1.Негізгі өндіріс жұмысшылары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2.Көмекші өндіріс жұмысшылары
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.Мамандар мен қызметкерлер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.Басқа категориялар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тақырып 13. Өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындарды жоспарлау.
Фирмаішілік шығындардың жіктелуі
Өнімнің озіндік құнын жоспарлау
Нарықтағы бағаны жоспарлау
Баға белгілеу әдістері
3. Бағаға әсер ететін факторлар:
1. Өндіріс шығыны
2. Сұраныс
3. Тұрғындардың сатып алу қабілеттігі(ақша табысына байланысты)
4. Ақша өрісінің жағдайы (ақша көлемі,инфляция,ұлттық ақша бірліктері,вольюталық бағандардың қозғалуы және т.б)
5. Бәсеке
6. Бағаны мемлекеттік реттеу
7. Тауар сапасы
8. Тасымалдау көлемі
9. Сатушы мен сатып алушылар арасындағы өзара қарым-қатынас
10. Жеткізу шарттары
Баға белгілеу мақсаттары:
Нарықта қалуды қамтамассыз ету;
Пайданы мейлінше көп табу;
Рарық үлесін жаулап алу;
Тауар сапасы бойынша берілетін нарықта жетекші (лидер)орын алу
Кез келген нарықта бір баға түрі бағалық элементтердің қалыптасу процесіне байланысты. Құрамдас элементтері бойыншатауар бірлігінің бағасы (б) былай анықталады:
Б=Оқ+П+ҚҚС +Сқ
Мағынасы: Оқ-тауардың өз құны
П-пайда
Сқ-Делдалдық сауданың үстемесі ол оның жеке шығ-ы ,пайдасы және ҚҚС-тан тұрады.
Егер фирма акциздік тауарды өткізетін болса ,онда тауар бағасы мынаған тең
Б=Оқ+П+А+ҚҚС+Сқ
А-акциз
Баға-тауар(жұмыс,қызымет)құнның ақшалай көрінісі
Кәсіпорынның баға саясаты- нарықтық экономикада кәсіпорынның өмір сүруін қамтамассыз ететін бағаны анықтау оған баға белгілеу әдістерін таңдау,баға жүйесін қалыптастыру, нарықтық баға стратегиясын таңдау кіреді.
Баға жүиесі келесі параметрлерді сипаттайды:
Баға деңгейі –ақшалай соммадағы бағаның абсолютті сандық мәні;
Баға құрылымы-баға элементінің пайыздық немесе үлестік қатысын көрсетеді
Баға серпіні(динамикасы)-бұл белгілі бір уақыт кезеңіндугі баға деңгейінң өзгеруі
Баға белгілеу әдістері
Шығындық әдіс Параметірлік әдіс
Толық шыгындар әдісі Үлестік баға әдісі
Стандарттық шығындар әдісі Болл ә
Тікелей шығындар әдісі Регрессиялық әдіс
Мақсатты пайда алу әдісі
1. Толық шығындар әдісі манаполиялық кәсіпкерлер үшін арналған мұнда өткізу толығымен кепілденген. Бұл әдісте айнымалы(тікелей) және тұрақты (үстеме) шығындардың жиынын және пайданы қосу арқылы баға қосылады.
Бөнім = Өқ+Пр+С
Ө-өзіндік құн
С-жанама салықтар
Пр-пайда
Стандартты шығындар әдісі нақты шығынның нормотивтен ауытқуы иесінен норма бойынша шығындар есебі негізінде баға белгілеуге мүмкіндік береді
Тікелей шығындар әдісі бойынша айнымалы шығындарға белгілі бір үстеме пайданы қосу жолмен баға белгілеуді білдіреді.
Зиянсыздық және мақсатты пайда алу әдісі күтілетін пайда көлемін қамтамассыз ететін баға белгілеуді білдіреді. Есептеу негізі болып зиянсыздық графигін құру табылады.
2) Параметірлік баға белгілеу әдістері тауардың техника-экономикалық параметірлері щсы негізделген.
Үлестік баға әдісте қатаң келешектерді болдырмау үшін бағытталған (арентированный) бағаларды пайдаланылады.
Балдық әдіс- сандық өлшеуге тікелей жатпайтын параметірлері әр түрлі тауар бағасын белгілеу кезінде қолданылады (қолайлылық,дизайн,қуат,түс,дәле,иіс т б)
Регрессия әдісі параметірлердің жиынына байланысты баға өзгерісін маделдеу және тауар бағасын анықтауымыз үшін регрессия теңдеуін пайдалану. Баға параметірлеріндегі функция ретінде болады.
Б=f(х1,х2,х3....,Хn);
Мұндағы Х1,Х2,Х3,n- тауар сапасының негізгі параметірлері
Тақырып 14. Қаржылық жоспар.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері
2. Кәсіпорын бюджеті және оның түрлері
3. Кәсіпорындағы пайданы жоспарлау
4. Өндіріс рентабельділігін жоспарлау
1) Қаржылық жоспарлау – кәсіпорынның табыстары мен шығындарының өзара байланысын қамтамасыз ететін және қаржылық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қаржы бойынша іс- әрекеттерді жоспарлау.
Қаржылық жоспарлау барысында келесідей есептеулер жүргізіледі:
1. кәсіпорынның табыстары (пайда) мен шығыстарын жоспарлау
2. меншікті айналым қорларына қажеттіліктерді есептеу
3. ақша ағымдарын талдау және жоспарлау
4. қажетті қарды ресурстарын есептеу (ішкі және сыртқы қаржыландыру көлемі мен құрылымы, несиелік ресурстарға қажеттіліктер)
5. кәсіпорынның табыстары мен шығындарының балансын құру
Қаржы жоспары стратегиялық, ағымдық, оперативті жоспардың құраушы бөлігі болып табылады.
Ағымдық қаржылық жоспарлаудың негізі болып табыстар мен шығыстардың балансы, ақша қаражаттары қозғалыстарының жоспары және пайда мен зиян жоспары табылады.
Оперативті қаржылық жоспарлау – төлем күнтізбесін, кассалық жоспар және қысқа мерзімді несиеге қажеттіліктердің есебін құру болып табылады.
Қаржылық жоспар бөлімдерінің мазмұнын келесі негізгі табыстар мен шығыстар баптарынан көрсетуге болады:
I. Табыстар мен қаражат түсімдері:
1. өнімді өткізуден түсетін түсім
2. басқаларды өткізуден түсетін түсім: (негізгі қорлар)
3. жоспарланған өткізуден түскен тыс табыстар: (басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына үлестік қатысудан түсетін түсімдер, бағалы қағаздардан алынатын табыстар, банк т.б қаржылық несиелік мекемелердің депозиттік шоттағы ақша қаражаттары, мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер)
4. негізгі қорлар және материалдарды емес активтерді қалпына келтіруге амортизациялық аударымдар
5. басқа кәсіпорындардан түсетін қаражаттар (ғылыми зерттеу жұмыстары жөніндегі келісім шарт бойынша құрылыста үлестік қатысудан болатын түсімдер)
6. бюджеттік емес қорлардан түсімдер
7. басқа да табыстар
II. Шығыстар мен қаражат аударымдары:
1. табыс салығы
2. таза пайданың жинақтау немесе тұтыну қорларына бөлінуі
3. ұзақ мерзімді инвестициялар
4. басқа да шығыстар
Қаржылық менеджмент бұл – кәсіпорынның нарықта қызмет етуінің стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуге бағытталған кәсіпорынның қаржыларын басқару жүйесі.
Оперативтік қаржылық жоспарлау:
1. төлемдік күнтізбені құру – бұл барлық есептеулерде жүргізудің нақты ретін немесе (тәртібін) және мерзімін анықтау. Бұл бюджет және бюджеттік емес қорларға уақытылы төлем аударуға және кәсіпорынның қалыпты шаруашылық қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2. кассалық жоспар – бұл банктен нақты ақшаларды өз уақытында алу және оның түсімдерімен пайдасына бақылауды қамтамасыз ететін кәсіпорынның кассасы арқылы өтетін нақты ақшалардың айналым жоспары. Кассалық жоспардың бөлімдері:
а) нақты ақшалардың түсім көздері
б) шығыстар
с) еңбек ақы және басқа да төлемдердің есебі
д) белгілі бір мерзімдегі жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек ақы төлеу күнтізбесі жатады.
2) Бюджеттеу – қаржылық шығындар мен нәтижелерді анықтау мақсатымен кәсіпорын және оның бөлімшелерінің жалпы бюджетін құру жолымен кәсіпорын қызметінің өндірістік қаржылық жоспары.
Бюджжет – қаржылық нәтижелермен қаражаттарды анықтауға мүмкіндік беретін кәсіпорынның кірістері мен шығыстарын сипаттайтын жоспардың сандық көрсеткіштері.
Бюджетті құру кезеңдері:
1. сатуды болжау және бюджетін дайындау
2. өндірістің күтілетін көлемін анықтау
3. өнім өндірісімен оны өткізуге байланысты шығындар есебі
4. ақша ағымдарын есептеу және талдау
5. қаржылық есеп беру формасын немесе нысандарын құру
Операциялық бюджет - өндіріс, өнімді өткізу, кәсіпорындарды және оның жеке бөлімшелерінің басқару шығындарын сипаттайтын бюджет жүйесі.
Операциялық бюджетті құру барысында әртүрлі шығындардың бюджеті дайындалады, атап айтқанда:
1. сату бюджеті
2. өндіріс бюджеті
3. шикі зат материалдарды сатып алу және пайдалану бюджеті
4. еңбек бюджеті
5. жалпы цехтық шығыстар бюджеті немесе сметасы
6. цехтық өзіндік құн бюджеті
7. жалпы өндірістік өзіндік құн бюджеті
8. өндірістік өзіндік құн бюджеті немесе толық өзіндік құн
9. коммерциялық шығыстар бюджеті
10. басқарушылық шығыстар бюджеті
11. толық өзіндік құн бюджеті
12. пайда мен зиян бойынша бюджет
Қаржы бюджеті - қорлар көздері (құрылымы, көлемі) мен оларды пайдалану бағыттарын бейнелейтін жоспар. Бұған кіретіндер:
1. ақша қаражаттарының қозғалыс бюджеті (түсімдер, төлемдер)
2. күрделі қаражат салымдары
3. бюджеттік бухгалтерлік баланс
Бюджеттік бухгалтерлік баланс – жоспарланған операцияларды орындау шартындағы кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайының өзгерісін сипаттайды. Бұл баланс 2 бөлікке бөлінеді: активтер және пассивтер.
3) Кәсіпорынның қаржылық қызметін жоспарлау өндірістің соңғы нәтижесімен тығыз байланысты. Пайда немесе фирма табыстарын максимизациялау стратегиялық, тактикалық, ұзақ мерзім, қысқа мерзім фирмаішілік жоспарлаудың соңғы мақсаты болып табылады.
Қаржы – шаруашылық субъктілермен мемлекеттің ақшалай табыстары жинақтарының құрылуы, бөлінуі, қайта бөлінуі мен пайдалануы процесінде пайда болған экономикалық қарым-қатынастар.
ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» туралы заңына сәйкес (2008 жыл 28 ақпанда шыққан).
Кірістер – есепті кезең ішінде активтердің түсімі немесе өсімі немесе міндеттемелерінің азаю нысанында экономикалық пайданың ұлғаюы.
Өнімді өткізуден түсетін табыс – кез-келген сату деңгейінде бағаның өнім өткізуге жоспарланған санына көбейту жолымен анықталады:
*Np
– бұйымның нарықтық құны
– бұйымның өзіндік құны
Np - өткізілген өнім көлемі
Пайда және зиян туралы есеп беру нысаны:
1. өнімді өткізуден түсетін табыс
2. өткізілген өнімнің өзіндік құны
3. жалпы табыс (зиян) (1-2)
4. кезең шығыстары оның ішінде:
а) жалпы және әкімшілік шығыстар
б) өткізуге байланысты шығыстар немесе коммерциялық шығыстар
в) пайызды төлеуге кететін шығындар
5. негізгі қызметтен түсетін пайда (зиян) (3-4)
6. негізгі емес қызметтен түсетін табыс
7. салық салуға дейінгі пайда (зиян) (5+6)
8. корпоротивті табыс салығы бойынша шығыстар (30%)
9. салық салғаннан кейінгі пайда (зиян) (7-8)
10. ЧС бойынша табыс (зиян)
11. таза пайда (зиян)
Қаржылық есеп беру формалары:
- бухгалтерлік баланс, форма
- пайда мен зиян туралы есеп, форма №2
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, форма №3
- капиталдағы өзгерістер туралы есеп, форма №4
- түсіндірмелік жазба
Пайда келесілер үшін бағытталады немесе бөлінеді:
1. кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржыландыру
2. тұтынушылық және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру
3. әлеуметтік мәдени саланы қаржыландыру
4. еңбек ақылық жоғары төлемдер үшін еңбек ақы қорына аударымдар
5. қайтарымдылық қажеттіліктер мен басқа да мақсаттар үшін
4) Фирманың тиімді жұмыс істеуі өнімнің бәсекеге қабілеттілігін тауарлар мен қызметтердің табыстарын көрсететін маңызды көрсеткіштердің бірі ол - өндіріс рентабельділігі.
Рентабельділік көрсеткіш жалпы пайданың шығындарға қатынасымен анықталады. Рентабельділіктің түрлері:
1. өндіріс рентабельділігі
2. нім өнім рентабельділігі
3. сату рентабельділігі
4. меншікті капитал рентабельділігі
Жалпы өндіріс рентабельділігі (Ро) – кәсіпорынның табыстарымен сипатталады және ол келесі формула бойынша анықталады:
– кәсіпорынның жалпы пайдасы
– негізгі өндіріс қорлардың орташа жылдық құны
– материалды айналым қорының нормаланған жиыны немесе сомасы
Өнім рентабельділігі - өнімнің пайдалылығын (жеке өнім түрлері немесе жалпы тауарлық өнім бойынша) және келесі формуламен анықталады:
- өнім рентабельділігі
- өнім бірлігінен түсетін пайда (жалпы тауарлық өнім бойынша)
С - өнімді өндіруге және өткізуге кететін шығындар (толық өзіндік құн)
Сату рентабельділігі () - әрбір өткізілген өнімнің 1тг кәсіпорынның қаншалықты пайда (пайызбен) алатынын көрсетеді және ол мына формуламен анықталады:
- жалпы табыс
- өнімді өткізуден түскен түсім
Меншікті капитал рентабельділігі () - әрбір 1 тг шаққандағы меншікті капиталдан түсетін пайдамен сипатталады және келесі формуламен анықталады:
– таза пайда
– меншікті капиталдың құны
Негізгі қорлардың рентабельділігі – бұл көрсеткіш негізгі қорлардың немесе өндірістік қорлардың жеке корпорацияларында, өндірістік салаларында жұмыс істеу тиімділігін айқындап көрсету үшін қолданылады және мына формуламен анықталады:
– салық салуға дейінгі пайда
- негізгі қордың орташа жылдық құны
1 мысал; Өнімді өткізуден түскен түсім 500000 ақша бірлігін құрайды, өнімді өндіруге кеткен шығындар 350000 а.б құрайды, материалды құндылықтарды өткізуден түскен пайда 15000 а.б, мүлікті жалға беруден түскен пайда 5000 а.б құрайды, салықтық төлемдер 70000 а.б, ал кәсіпорынның меншікті капиталы 1600000 а.б, т/к: таза пайданы, салық салуға дейінгі пайданы, сату рентабельділігі және кәсіпорынның меншікті капиталының рентабельділігін.
Шешімі: П=500000-350000=150000
Салық салуға дейінгі пайда 150000+5000=155000
К/о т.п 170000-70000=100000
Т.п б/ша (100000/500000)*100%=20%
М.к б/ша (100000/1600000)*100%=6,25%
2 мысал: Базистік кезеңде айнымалы шығындар 450000 а.б құрайды, тұрақты шығындар 200000 а.б, өнімді өткізуден түскен табыс 700000 а.б, анықтау керек: есепті кезеңде өнімді өткізу 20% ұлғайған жағдайда өнімді өткізуден түскен пайда қалай өзгереді.
Шешімі: Б.к.п 700000-(450000+200000)=50000
Е.к.п (700000*1,2)-(450000*1,2)-200000=100000
П.ұл 100000/50000=2
3 мысал: Кестенің мәліметтерін пайдаланып әрбір нұсқа бойынша қатарларды толтыру қажет.
Кесте-1
Нұсқа №
|
Баға а.б
|
Өзіндік құн а.б
|
Пайда а.б
|
Рентабельділігі %
|
1
|
1000
|
900
|
100
|
11,1
|
2
|
1000
|
1000
|
0
|
0
|
3
|
1000
|
1100
|
-
|
-9
|
4
|
3000
|
2400
|
600
|
25
|
5
|
1250
|
250
|
1000
|
400
|
6
|
3500
|
2500
|
1000
|
40
|
7
|
125000
|
25000
|
1000
|
4
|
4 мысал: Кәсіпорынның өнімді өткізуден түскен табысы 150369 а.б құрайды, өткізілген өнімнің өзіндік құны 125829 а.б, кезең шығындары жалпы және әкімшілік шығыстары 11099, өткізу бойынша шығыстар 12917, пайызды төлеу бойынша шығыстар 4807, т/к: негізгі қызметтен түсетін табыс; негізгі емес қызметтен түсетін табыс 4366 а.б.
3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1.Тапсырмалар. Кәсіпкерлік даму шарттары Бизнес жоспар құрамы.
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесі мәселелерді талқылауға жинаңыздар:
.Соңғы жылдары дамыған елдерде шаруашылық қызметіне әлеуметтік баға беру бизнестің әлеуметтік құндылықтарға, өз мүддесімен, ең алдымен Экономика, адам еңбегі табиғи қорлар саласында үйлестіруге деген қатынасын. Нарық инфрақұрылымы түрлері: банк тік жүие, биржалық жүие, маркетинг тік құрылымдар,салық мекемелері,сауда палатасы консалтинг т. б. құрылым түрлері. Сату және сатып алу нарығындағы қалыптасқан жүйелер Экономика, бизнес көрсеткіштерінің өсүі
Негізгі әдебиеттер: [6] бет. 5 – 19, 21 – 23; [14] бет. 100 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Бақылау сұрақтары:
1. Бизнес объектілері меншік түрлері.
2.Корпорациялар.
3. Серіктестіктер түрлері
2.Тапсырмалар. Кәсіпорын талғау, жоспарлау.
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Негізгі бәсеклес компаниялары, компаниялардың жоспарланған бизнесте алатын орны, ұтымды және осал жерлері көрсетіледі., Конкуренттік мүмкіншіліктеріне объективті түрде баға беріледі немесе ұсына аласыз; клиенттеріңіз кімдер және олардың ұсынымдары; кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы және капиталының құрылымы жатады.Барлық сипаттар ақпарат түрінде болады және болашақ немесе жүргізіліп отырған бизнеспен байланыста ғана келтіріледі. Кәсіпорын орналасқан жерді таңдау бизнестің шығын бөлігіне әсер етеді.
Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 13 – 19, 119 – 123; [12] бет. 100 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Бақылау сұрақтары
1.Жалпы резюме, кәсіпкерлік негізгі көрсеткіштерімен параметрлері.
2.Бизнес жоспар дың түиіні, барлық есептелген позицияларының шешімші мазмуны ретінде келтіріледі.
3Бизнес жоспарлық сипаттар, кәсіпорын орналасқан орны, профилі, жұмыс тәжірибесі, сатып алушыға қандай өнімді немесе қызметті ұсынасыз.
3.Тапсырмалар. Бизнес кәсіпкерлікті несиелендіру.
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Коммерциялык банктердің керемет мумкіндігі мен оларды басқа қаржылык институттардан ерекшелейтін сипаттама - ақшаларды қуру мен жою болып табылады.Ақшаны құру несиелік жуйенің икемділігімен іске асады. Өзнің депозиттік және несиелік операцияларымен уақытша бос ақша каражаттарын шогырдандырып, оларды несие турінде усынады, сонымен, олар халык шаруашылығын ақшаға деген кажеттігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды.
Банктерден 100 млн. тенге мөлшерінде 3 жылға несие алынған. Жыл сайынғы банкілік проценті (пайызы) 6 %. Бастапқы алынған сомаға байланысты қайтару сомасын есептеу керек. Егер процент, паиызы кудрелі және жай ставкамен берілсе қайтарылатын соманың есебі.
Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 7 – 29, 39 – 103; [13] бет. 100 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Бақылау сұрақтары:
1.Ақшаларды қуру, депозиттік операциялар
2.Несиелік операциялар түрлері.
3.Халык шаруашылығын ақшаға деген кажеттігін қанағаттандыруы.
4.Тапсырмалар. Жарнама жоспары. Тауарлар мен қызметтерді сатып өткізу .
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Жарнама мәні маңызы және өнімді өткізу функциясы, жарнамалық компанияны ұйымдастыру, жарнама тарату каналдары. Бұқаралық ақпараттардағы жарнама орны. Сыртқы жарнама, электронды жарнама.Тауардың жарнамалық қорабы, түрлері: парфюмерия, косметика салаларында және т.б. Жаңа тауар нарық базарына шығарудың алдында потенциалды алушыларды тауармен кең ауқымды таныстырылады. Жарнамалық жоспар дайындалғанда, барлық бөлімшелер мен келісілгенде, түзетулер қабылданған соң, тауарды буып түю, өткізу жылдарына қарасты алынған жарнама идеялары тауар нарық базарына шығарылады
Жарнама түрлерінің тиімділігі фирмалық стильді жасау іске асыру шаралары. Бизнестің жеке түрінің кең дамуына логотиптің септігі зор, тауар сатылуына тиімді түрде әсер етеді. Логотип (гр,logos сөз, typos ерекшілік, белгі) фирманың немесе осы фирма тауарлары тобының ( толық немесе қысқарған атын арнаиы әсемдеп сызып жасау.
Негізгі әдебиеттер: [2] бет. 13 – 19, 29 – 123; [13] бет. 100 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Бақылау сұрақтары:
1.Тауарға қанағаттанатын тұтынушылар контингенті;
2.Бәсекелес қажеттіліктер;
3.Тауарлық себебі (мотив) күші, сипаттамасы;
5 Тапсырмалар. Ұйымдастыру жоспары. Менеджмент
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Команданың біліктілігі мен кәсіптілігі. Команда лидері туралы, идея немесе жоба инициаторы туралы ақпарат беріңіз. Басқару командасының әрбір мүшесінің біліктілігі мен кәсіптілігін сипаттаңыз. Жобаны жүргізу барысындағы өкілеттілікті беру функциялары мен дәрежесін анықтаңыз.Басқаруды дұрыс ұйымдастыру - жұмысы дұрыс жолға қойылғанда басқа бизнеске жақсы ойларды енгізудің кілті."Біз компанияға емес, адамдарға инвестиция жасаймыз" деп инвесторлар жиі айтады.
Фирманың ұйымдастыру кұрылымына басқарудың сызба нұсқасы (атқарымдық, бөлімшелік, қалыптамалық), бөлімшелер құрамдары, олардың міндеттері мен өзара байланысты қызметтерін үйлестіруенеді.
Негізгі әдебиеттер: [4] бет. 21 – 29, 115 – 128; [13] бет. 100 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Бақылау сұрақтары:
1.Жұмыстың бернесіне, үдерісіне, жабдық пен өнімнің түріне немесе тұтынушылар категориясына (жоғары, орта, төменгі буын) байланысты қызмет түрлері;
2.Міндеттер мен өкілеттікті бөлу, т.б.
3.Басқаруды ұйымдастыру құрылымының түрілері.
6. Тапсырмалар. Тәуекелдік. Банкроттыққа ықтималдылықты алдын ала ескерту. Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Аудиттық қорытынды шешімдері аудит фирмаларымен клиенттер арсында қатынастар. Аудит әдістері ақша ағымында жүйелік аудит ерекшелігі құнды қағаздар аудиты..Бюджетке басқа да төлемдер толықтығы дұрыстығы. Бухгалтерлік есеп және балансын дер кездігі. Қолма – қол ақша ағынының аудиті.Қолма – қол операцияларын тексеру, алдыңғы құжаттарды түбегейлі қарау олардан алуы және ақша берілуін, кассалық кітап, құндылықтарды аналитикалық есеп кітабы, кассада сақталатын, ревизиялық акті, регистерлерді тіркеуі.
Негізгі әдебиеттер: [6] бет. 10 – 19, 79 – 103; [7] бет. 101 – 109;
[7] бет. 11 – 17; [14] бет. 145 – 154.
Қосымша әдебиеттер: [8] бет. 27 – 49. [12] бет 282 309
Бақылау сұрақтары:
1.Шетел валютасымен операцияны тексеру.
2.Аудитордың тексеру объектісі болып: экспорттаушы өзінің валюталық табысын пайдаланады.
3.Кеден төлемдері және тасымал шығындары
7.Тапсырмалар. Бизнес жоспар технологиясмы
Әдістемелік ұсыныстар. Ұсынылған әдебиеттерді пайдаланып, келесімәселелерді талқылауға жинаңыздар:
Технико-экономикалық негіздеу (ТЭН)
Өнеркәсіпті дамыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО)
Кәсіпорын қызметінде бизнес жобаны жүргізу жұмыстарын бірнеше этапта жасау ұсынылады:
мақсаттың құрылымын қайта құру, яғни лоарды маңыздылық және бағыну дәрежесіне қарай, сондай-ақ мерзімді белгілері (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) бойынша бөлу;
қызметтің күшті және әлсіз жақтарын анықтау және болашақтағы қауіп-қатердің алдын-алу мүмкіндіктерін қолдану;
жобаны жүргізгенде қауіп-қатер мен кәсіпорынның әлсіз позицияларының болашақтағы жағдайдың нашарлауына әсер ету дәрежесін анықтау;
басты мақсатты нақтылау және оны сандық түрде анықтау;
кәсіпорын қызметінің функционалды облыстары бойынша басқа деңгейдегі мақсаттарды сандық мөлшерін анықтау арқылы бөлу.
Негізгі әдебиеттер
1. ҚР Азаматтық кодекс. Алматы 1994
2. Буров В. П.Бизнес план фирмы М. 2005
3. Ақша, несие, банктер. Оқулық (жалпы ред.Ғ.С. Сейтқасымов) Алматы. Экономика 2001
4.Ильбисинов Ш.С.Организкция и управление предприятием. Электронный учебник 2002
5.Internet: http// yaca/ yandex/ yca/ cat/ Buisiness.
4 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛАР
Студенттердің өздік жұмысы берілген курс бойынша аудиторлы сабақ түрінде диалог режимінде және аудиториядан тыс түрінде кеңес беру арқылы жүргізіледі.
Дәріс материалдары мен оқу құралдарымен қатар студенттер біздің еліміздің мерзім сайын шығатын басылымдарды, сондай-ақ, экономикалық журналдар мен салалық журнал мен газеттерді жүйелі түрде оқып отырған дұрыс болады. Осының бәрі курс материалын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді. Ерекше назарды біздің елемізде шыққан немесе шығарылып жатқан заңдарды, ҚР Президентінің Жарлықтарын, экономикалық реформаларды енгізу және іске асыруға байланысты жоспарлар, бағдарламалар мен басқа да нормативтік актілер мен мәліметтерді зерттеуге аудару қажет
Берілген курс бойынша арнайы оқу-тәжірибелік құрал дайындалған. Бұл құралда берілген курс бойынша оқылатын тақырыптарға арналған бақылау сұрақтары, есептер және тесттік тапсырмалар және өзін-өзі тексеру сұрақтары енгізілген. Берілген құралдың соңында студентке есеп шығарғанда қажет болатын барлық формулалар келтірілген және нақты әдебиет ұсынылады. Берілген тапсырмаларды студенттер аудиторлы және аудиториядан тыс уақытта орындау қажет. Есептерді шығарғанда студенттер оның нәтижелерін жеке дәптерге енгізуге тиіс. Оны оқытушы семестр аяғында тексереді.
Аудиторлық СОӨЖ сабақтарда пікір талас, диспуттар, әртүрлі көзқарастарды тыңдау, талқылау түрінде жүргізіледі, аудиториядан тыс СОӨЖ рефераттар мен баяндамалар түрінде тапсырылады және оқытушы оларды сұрау арқылы тексереді;
СӨЖ тапсырмалары жазбаша немесе ауызша түрінде беріледі, ол пәнің жұмыс бағдарламасында келтірілген талаптарға тәуелді болады;
СӨЖ бойынша жазбаша тапсырмаларды А4 форматтағы қағаздарда орындалуға тиіс (компьютермен), бет параметрлері: 2:2:2:2. Кегль 14 Times New Roman, интервал 1,5.
Студенттер, сонымен қатар, қосымша рейтинг алу үшін өздік жұмыстарын реферат түрінде жазуға мүмкіндік алады. Рефератты оқытушыға міндетті түрде рецензия жазу үшін тапсырылады. Рецензия жазылғаннан кейін студент өз рефератын топ алдында қорғайды. Семестр бойы студент 2 реферат жаза алады. Рефераттардың тақырыптары төменде көрсетілген. Қажет жағдайда студент оқытушымен ақылдасып, басқа тақырыпқа реферат жаза алады.
Рефераттар тақырыптары:
Фирма қызметінің SWOT талдауы.
Фирманың қаржылық жағдайын талдау.
Өткізу көлемін болжауға нарықтық факторлардың әсері.
Фирма қызметін инвестициялық жоспарлау.
Фирма өнімінің сапасы мен бәсекелестік қабілетін болжау және жоспарлау.
Өнімді өткізу нарығындағы бәсеке.
Тәуекелді сандық талдау әдісі.
Тәуекелді сапалық талдау әдісі.
Өнімді өткізуді болжау әдістері.
Фирма қызметін болжау қажеттілігі.
Ұйымдастырушылық жоспарлау.
Өндірістік тәуекелдің негізгі түрлері.
Экономиканың әртүрлі салаларында фирмаішілік жоспарлаудың қажеттілігі.
Фирма мүмкіншілігі мен потенциалын талдау және бағалау.
Өнімді өткізу нарығын талдау және бағалау.
Тәуекелді бағалау және сақтандыру.
Фирманың маркетингілік қызметін жоспарлау.
Еңбекті төлеуді жоспарлау және ынталандыру.
Фирманың өндірістік бағдарламасын жоспарлау.
Фирма қызметін құқықтық жағынан қорғау.
Іскерлік ортаны болжау және болжау түрлері.
Фирма дамуының стратегиясы.
Фирма қызметін стратегиялық жоспарлау.
Фирманың маркетингілік қызметінің стратегиясы.
Фирманың іскерлік жоспар мәні және қағидалары.
Фирманың қаржылық жоспары.
27. Бизнес-идеялар мен жобаларды жүзеге асырудың теориялық мәселелері.
28. Бизнес-жоспар ұғымы, құрылымы, ерекшеліктері.
29.. Стратегия "Қазақстан 2030".
30. ҚР 2003-2015 жыл. Арналған индустриялдық-инновациялық даму стратегиясы.
31. Жоспарлы экономика кеше, бүгін, ертең.
32. Индикативти жоспарлау.
33. Стратегиялық менеджменттің стратегиялық жоспарлаудағы маңызы және орны.
34. Макроэкономикалық жомпарлау.
35. Нарықтық экономикадағы жоспарлау ерекшеліктері.
36. Стратегиялық жоспарлау процесі.
37. Стратегиялық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі.
38. Жоспарлау принциптері және оның сипаттамасы.
39. ҚР экономика және бюджеттің жоспарлау министрлігінің қызметі, ролі.
40. Стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі.
41. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар стратегиясы.
42. Аймақтық стратегиялық жоспарлау.
43. Фирманы стратегиялық басқару.
44. Кәсіпорын деңгейіндегі стратегиялық жоспарлау.
45. Мемлекеттік органдардың жоспарлау қызметтері.
46. Жоспарлау әдістері.
47. Стратегиялық жоспарлау кезеңдерінің сипаттамасы.
4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАР
4.1. Өндiрiстiк бағдарламаны құрастыру және дәлелдеу.
4.2. Маркетинг стратегиясын және жоспарын құрастыру.
4.3. Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарын құрастыру.
4.4. Кадрлар және еңбек ақы төлеу жоспарын құрастыру.
4.5. Өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлау. Бағаның жасалуы.
4.6. Қаржы жоспары. Инвестиция тиiмдiлiгiн есептеу.
Достарыңызбен бөлісу: |