ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»



бет10/16
Дата15.11.2016
өлшемі3,75 Mb.
#1802
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхамед ибн Ахмед әл-Бируни – ұлы түркі ғалымы. 973 жылы қазіргі Қарақалпақстандағы Қият қаласының маңында туған. 1948 – 50 жылы Ауғанстан жеріндегі Ғазни қаласында қайтыс болған. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минерология тағы басқа ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл-Бируни көптеген тілдерді білген. 1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «Әл-құруын әл-Һалия» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хамар тағы басқа ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның 1048 жылы жазылған «Асыл тастар» еңбегі екі бөлімнен тұрады, «1-бөлімде (36 тарау бар) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, жылан тасы тағы басқаларға сипаттама берілген. Ал, 2-бөлім (12 тарау бар) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы тағы басқа металдар мен солардың қоспаларын сипаттауға арналған. Ал, «Масғұд каноны» , «Минералдардың меншікті салмағын аңықтау ережесі» сияқты еңбектері белгілі. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45 астрономия мен математикаға арналған. Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек, дәрігерлік еңбектер жазған. Олар әлем тілдеріне аударылған.

Махмұт Қашқари, Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед – түркі халқының әлемге танытқан ұлы ғалым. Туған және қайтыс болған жылы белгісіз, XI ғасырда өмір сүрген. Махмұт алдымен Қашқар қаласында білім алып, кейін Бұхара мен Нишапур қалаларында жалғастырған. Махмұт Қашқари ғылымының барлық саласын қамтыған, өлмес мұра «Диуан Лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегінде түркілердің өмір-салтын барлық қырынан ашып берген. Онда XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының қалары, олардың туысқандық бөлініс, ас-ерекшелігі, дәстүр бәрі-бәрі қамтылған. Қазақ жерінде сол дәуірде болған оқиғалар жайында мол мәлімет берілген, Махмұт Қашқаридың еңбегі түркология ғылымының ірі жетістігі.

«Диуани лұғат ат-түрік» Махмұд Қашқаридың ірі еңбегі. Бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына. «Диуани лұғат ат-түріктің» автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатех кітабынан табылды. Ғалым А. Егеубайдың аударуымен бұл еңбек қазақ тілінде 1997 – 1998 жылдары жарық көрді



Қожа Ахмет Иасауи – түркістандық ғұлама. Қожа Ахмет Иасауи Сайрам (Исфиджаб), қаласында дүниеге келді. Ол «Диуани Хикмет» атты еңбегінде өзінің Түркістанда туғандығын білдіріп отырады. Қожа Ахмет Иасауидың туған жылы аңық емес. Кейбір деректер оның жүз жиырма бес, жүз отыз жыл өмір сүргенін айтады.иасауи 1103 жылы туған деген көзқарас басым. Оның әкесі Исфиджабта атақ, даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх Ибрахим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (қазақтар ол кісіні Қарашаш ана дейді). Мұса шейхта Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Қожа Ахмет Иасауидың ұстазы атақты Арыстан баб.Иассауидің алғашқы шәкірті атақты Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Иасауидың асыл мұрасының бірі – « Диуани хикмет». Хикмет – білімінің қайнары. Адам «кемелдікке» жету үшін қажетті білімді игеріп, онымен қарулануы қажет. Ғұламаның одан басқа «Мират ул-Құлуб», «Пақырнама» деген еңбектері бар.

Қожа Ахмет Иасауидың еңбектері «Диуани Хикмет», «Ақыл кітап» – Қожа Ахмет Иасауидың дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы, «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әріпімен көшірілгені. Кейіннен, бұл ескерткіш 1887 – 1901 жылдары Қазан қаласында, 1901 жылы Стамбұлда, 1902 – 1911 жылдары Қазан қаласындағы баспалардан жарық көрген. «Диуани Хикмет» – әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын, тәрбиелік мәні аса зор еңбек, Қожа Ахмет Иасауи әрбір адамның қадір-қасиетін оның жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді және адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді отыруы тиіс деп түйіндейді. «Мират ул-кулуб», «Көңіл айнасы» – XIV ғасырда жазылған Қожа Ахмет Иасауидің рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисаланы жинақтаған – Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи. Ол Қожа Ахмет Иасауи шәкіртерінің бірі болған. Оның қабірі, Әлим Шейхтың мәлімдеуінше, Отырар қаласында жатыр. «Көңіл айнасының» жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады
20 Дәріс. Сельжуктер.

Мақсаты:

Жоспары

  1. Сельжуктер тарихы бойынша деректер мен зерттеулер.

  2. Түріктер Кіші Азияда.

  3. Сельжук мемлекеті гүлденген кезі.

  4. Басқа елдермен байланысы.


21 Дәріс. Осман мемлекеті.

Мақсаты:

Жоспары

  1. Түрік мемлекетінің құрылуы.

  2. Түрік шапқыншылықтары.

  3. мехмед ІІ жүргізген реформалары.

ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман империясы құрыла бастады. Бұл мемлекеттің негізін XI ғасырдың басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түркмен) тайпасының Қайы руы калады.

Тогрул-бек (993-1063 жылдары, қыркүйек) сұлтан атанып, 1040-1050 жылдар аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алыл, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да сельжуктер қол астына көшті. Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064 жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжуктер Манцикерт маңында византиялықтарды женді. 1071 және 1081 жылдар аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.

Санжар өлген (1157) соң Хорасандағы "Ұлы сельжуктер" билігі жойылды. 30 жылға созылған феодалдық өзара кырқыстардан кейін Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды. Сельжуктер тек Кони сұлтандығын сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе Алад-дин Кейқуат (1219-1236 жж.) сұлтанының тұсында күшейді. 1243 жылдан бастап Иранда билік құрған монғол елхандарының вассалдарына айналды. 1307 жылы ұсақ княздықтарға бөлініп кетті. Сол князьдықтың бірі - Осман бейлігі (бейлік - округ) ХІҮ ғасырдың басында құрылған Осман мемлекетінің ядросы болды. І-Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 (1326) жылдары билік құрды.

Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар - өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, джизья төлеп тұрды.

1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны (казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп өтпей, түріктер Донның Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.

Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ 1457-1467 жылдары III Иванмен одақтасып, түріктерге қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның қол астында болды. (1793 жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті). 1473 жылы Кіші Азиядағы Қараман эмиратын басып алғаннан кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген мемлекетінің қарсылығына тап болды.

Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқтары шектеулі болды.

ХІ ғасырдың аяғына қарай Кіші Азияда жаңа қуатты мемлекет - Түрік Осман империясы құрыла бастады. Бұл мемлекеттің негізін XI ғасырдың басында Сырдария алқабынан қоныс аударған оғыз (түркмен) тайпасының Қайы руы калады. XI ғасырдың 30-жылдарында ағайынды Тогрул-бек лен Чағрыл-бек Селжуктер көршілерінен бас сауғалап қол астындағы 1000-ға жуық отбасымен Иранға қоныс аударды. Газневидтер мемлекетіне вассалдық тәуелсіздікте болуға келісіп, Хорасанды мекендеуге рұқсат алды.

Біраз жылдан кейін Газневидтерге қарсы көтеріліске шығып, 1040 жылы Данденакан маңында олардың әскерін талқандап, жеңіске жетті. Тогрул-бек (993-1063 жылдары, қыркүйек) сұлтан атанып, 1040-1050 жылдар аралығында Хорезмді, бүкіл Иранды, Әзірбайжанды, Күрдістан мен Иракты басып алыл, өз билігін орнатты. 1055 жылы Бағдад қаласы да сельжуктер қол астына көшті. Алыл Арыслан (1063-1072) кезінде, 1064 жылы Армения басып алынды. 1071 жылы селжуктер Манцикерт маңында византиялықтарды женді. 1071 және 1081 жылдар аралығында сельжуктер кіші Азияны, т.б. жерлерді жаулап алды.

Мәлік-шах сұлтан (1072-1092) тұсында сельжуктер мемлекеті өзінің саяси қуаттылығының шырқау шегіне жетті. Бұл кезде олар грузияны, қарақандар мемлекетін басып алды. Сонымен катар бұл сұлтанның билігі кезінде феодалдық бытыраңқылық та орын алды: сельжуктер басқарған бірнеше сұлтандықтар құрылып, олар орталық өкіметке номиналды ғана тәуелді болды. Олар: керман султандығы (1041-1187), Рум (1077-1307), Сирия (1094-1117) сұлтандықтары. Бірінші кресшілер жорығынан кейін (1096-1099) сельжуктер Палестинадан, кейінірек Сириядан, Кіші Азияның текіз жағалауларынан, Грузиядан айырылды.

1118 жылы Сельжуктер мемлекеті Мәлік-шах балаларының арасында бөліске түсті. Санжардың үлесіне астанасы Мерв (Мары) болған шығыс облыстары, Махмудтың үлесіне - Батыс Иран мен Ирак тиді. 1141 жылы қарақытайлықтардан жеңіліген Санжар Орта Азиядағы билігінен айырылды. 1153 жылы балхтық оғыздар көтеріліске шығып, Марыны, Нишапурды, Тусты, т.б. Хорасан қалаларын талан-таражға салды. Санжар өлген (1157) соң Хорасандағы "Ұлы сельжуктер" билігі жойылды. 30 жылға созылған феодалдық өзара кырқыстардан кейін Керманды, Хорасан мен Батыс Иранды хорезмдықтар басып алды. Сельжуктер тек Кони сұлтандығын сақтап қалды. Кони (Рум) сұлтандығының куаты әсіресе Алад-дин Кейқуат (1219-1236 жж.) сұлтанының тұсында күшейді. 1243 жылдан бастап Иранда билік құрған монғол елхандарының вассалдарына айналды. 1307 жылы ұсақ княздықтарға бөлініп кетті. Сол князьдықтың бірі - Осман бейлігі (бейлік - округ) ХІҮ ғасырдың басында құрылған Осман мемлекетінің ядросы болды. І-Осман Гази өз үлесіне тиген бейлікте 1282-1324 (1326) жылдары билік құрды.

Эмираттың астанасы Бурса қаласы болды. Осман әкесінен калған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен ұлғайтқан болатын. Осман жақсы қаруланған, қатаң тәртіпке бағынған атты әскер құрды. Ат Османның баласы - Орханның (1326-1359 жж.) тұсында Византияның Кіші Азиядағы иеліктері түгел дерлік Осман эмиратына қосылды да, империяға айнала бастады.

1354 жылы Османдық түріктер Балқан түбегін жаулауға кірісті. Алдымен Европадағы Галлиополь қаласын басып алды. Бұл кез» Балқандық елдер арасында бірлестік жоқ еді. Орханнан кейін Осман эмиратын басқарған оның баласы I Мұрат (1359-1389жж) сұлтан деп аталды. Ол Балқанда Адрианополь (1362 ж.) қаласын Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабын басып алып, тез қарқынмен батысқа карай жылжи берді. Эмираттын астанасын І-Мұрат Адрианопольге көшіріп, ол қаланы Эдирце деп атады. 1389 жылы османдар Сербияға шабуыл жасады. Шешуші ұрыс Косово деген алаңда 15 маусымда болды. Серб королі Лазарьдің сербтер мен босниялықтардан, албандықтардан вадахтар мен венгерліктерден тұратын 20 мыңдық әскеріне түрік сұлтаны І-Мүрат басқарған 30 мыңға жуық әскер қарсы тұрды. Сербтер жеңілді. Князь Лазарь түтқынға түсті, соңынан өлтірілді. Милош Обилич деген серб жауынгері жасырын түрде сұлтанның I шатырына кіріп, І-Мүратты капыда өлтірді.

1396 жылы османдық Түркияға карсы кресшілер жорығына I венгр, чех, поляк, француз, т.б. рыцарлары қатысты. Ол жорықты венгр королі Сигзмунд басқарды. Дунайдағы Никопольде олар түріктерден жеңілді. Он мыңға жуық кресшілер түтқынға түсті, қалғаны қырылды, қашты. Баязит үш жүзге жуық бай рыцарларды салық төлеткізіп босатты да, қалғанын құлға айналдырды. І - Мұраттың баласы - Баязит (1389-1402 жж.) Болгарияны Македонияны басып алды. Енді Фессалоникиді алып, Константинопольдің берілуін талап ете бастады. Баязит "Иылдырым" - Найзағай" - деп аталды.

Европада жаулап алынған жерлерге коныстанған түріктер отырықшылық өмірге көшті. Ал Кіші Азияда қалған түріктері отырықшылыққа кейін көшті. І-Баязит 1402 жылы 20 шіддедегі Анкара маңындағы шайкаста Ақсак Темірден жеңіліп калды. Өзі тұтқынға түсіп, сонда өлді. Түрік әскерлері Балқан жаққа қашып кұтылды. Оған гректер мен т.б. европалықтар көмектесті. Тимур бұрынғы эмираттарды қайтадан қалпына келтірді. Олардың арасында араздық туғызып отыруға тырысты. Баязиттің одан қалған 4 баласының арасында бақталастық болды. Бұл бақталастықта 1413 жылы Мұхаммед жеңіп шықты. Ол түрік елін кайта қалпына келтіруге кірісті.

Әдебиеттер тізімі:


  1. Васильев Л.С.- История Востока.-М., В 2-х т.-М, 1998 т.1

  2. Всемирная история В 24.-Т.- Минск, 1996 Т.9

  3. Тортаев С.А. – Орта ғасырдағы Шығыс елдерінің тарихы.- Алматы, 1998

  4. Хитцель Ф.- Османская империя.- М.: Вече, 2006

  5. История Востока. Т.2.: Восток в средние века.- М, 1995


22 Дәріс. Осман мемлекеті.

Мақсаты:

  1. Осман империясы.

  2. І Сүлейман кезеңі.

  3. Мемлекеттік құрылысы.

Осман мемлекетіндегі феодалдық қатынастар. Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұл уақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар және 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын заимдар болып, әсіресе әскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сүлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір әскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді- хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған зандар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін және олардын шаруалармен қарым-қатынастарын катаң қадағалады.

Халықтың басым бөлігі - феодалдық тәуелділіктегі шаруалар - өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық - харадж, джизья төлеп тұрды.

ХҮ ғасырдың 20-шы жылдарында Баязит балалары арасындағы араздық басылып, Түркии мсмлекеті қайта күшейген кезде, олар назарын қайтадан Константинополге аударды. 1422 жылы түріктер Констаптинопольді қоршап алды. Бірақ, көп ұзамай, елде ақсүйектер бүлігі қайталана бастаған соң ІІ-Мұрат сұлтан қоршауды қойып, кейін қайтуға мәжбүр болды. Византия Макслония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, низантнилықтар бір кездегі ұланғайыр иеліктерінің болмашы қалдықтарын ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі зкономикалық орталыгы - Фессалониканы басып алды.

2.2 ХҮІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. 1457 жылы Албанияны басып ала алмаған түріктер оны 1468 жылы ақыры бағындырып алды. Албан халқының ұлттық батыры Скандарбег (1405-1468) шайқаста қаза тапты. Скандарбсг Кастриоти деген албан князінің әулетінен шыққан. Ол бала кезінде түрік сүлтанына кепілдікке бсрілген, ІІ-Мұрат сүлтанның қолында тәрбиеленіп, ат жалын тартып мінісімен, соның әскерінде қызмет атқарды. Әскер басқарудағы ерекше қабілеті үшін "бэй" атағын және Александр Македонскийдің құрметіне Ескендір атьын алды. Бұл ат бұрмалана келіп "Скандарбег" болып кеткен. Өз халқының түрік сұлтандығына қарсы күресіне жан-жақты дайындалды. Оның ішкі және сыртқы жауларымен қатынас орнатты. Венгр әсксрбасы –Янош Хуньядимен келіссөз жүргізді.

1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны (казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп өтпей, түріктер Донның Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.

Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ 1457-1467 жылдары III Иванмен одақтасып, түріктерге қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның қол астында болды. (1793 жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті). 1473 жылы Кіші Азиядағы Қараман эмиратын басып алғаннан кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген мемлекетінің қарсылығына тап болды.

Арабтармен күрес. Түріктер ХҮІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен (1516-1517 жж.) сұлтан I Сәлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктер әскери-феодалдық кастаға ұйымдасқан, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.

Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны I-Сәлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы I Түманбей әскери бекініс түрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын мамандар болмағандықтан I пайдалана алмады.

1517 жылдың басында І-Сәлим бастаған түрік армиясы I Каирды басып алды. Туман-бэйді Египет бедуиндері Сәлимге I ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды (Батыс Аравия) басып алды. Мұсылмандар үшін бұл ең "қасиетті ел" болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мәдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққа барып тұрады. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. І-Сәлим I Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына "қос қасиетті қаланың қызметкері" деген атақты қосып алды.

Жаулап алынған халықтардың осман-түріктерге қарсы көтерілістері. Ол халықтар өздерінің тәуелсіздік жолындағы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары - "гайдуктер" деп аталды. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік чиновниктері мен жауынгерлеріне шабуыл жасады. Гайдуктер жиі-жиі қажетсіз қаталдыққа барып, тонаумен және зорлық-зомбылықпен айналысты. Славян феодалдарының едәуір бөлігі ислам дінін қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.

Осман империясына кірген жерлер ірі әскери-әкімшілік бірліктерге-уалаяттықтарға, ал олар - санджактарға бөлінді. Уалаяттарды, санджактарды басқарушылар тек азаматтық билікке ие болып қана қоймай, жергілікті әскерлерге де басшылық етті. Сот билігі әкімшілік өкіметтерге тәуелсіз судьялардың -Кадилердің қолында болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырылды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің дербестіктері жойылды. Балқан түбегіндегі барлық православиелік халық Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.

ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркияның және оның жаулап алған жерлерінің экономиқалық жағдайлары біршама жақсарды. Түркия үкіметі мен түрік армиясы қолөнері мен сауданың өркендеуіне мүдделі болды. Қолөнершілердің цехтық бірлестіктері эснафтар деп аталды. Түріктер әдетте сауда жұмыстарымен аз айналысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар мен еврейлерден құралды. Өнеркәсіп товарларын шет елден әкеліп тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұның өзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап, жергілікті қолөнер кәсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды. ХҮІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алуы аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды, армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.

2.3 ХҮІ ғасырда түрік мемлекетінің әскери-феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман Империясындағы калыптасқан әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң актілерімен бекітілді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол "заң шығарғыш" деген сөз. Заң жинағы "Канун-намэ" деп атадды. Бұл заң бойынша шаруалар феодалдың рүқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қол өнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.

Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтаннын өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға (ротаға) бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, тәртібі күшейді. Сүлейменнің кезінде Түркияның 200 мындық әскер, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігі болды.

Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқтары шектеулі болды.

Антифеодалдык қозғалыстар. ХҮІ ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды. Оның көсемі өзін Шахқұлы деп (Исмаил шахтың) атады. Сөйтіп, ол өзін шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер Шайтан құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзірбайжанға қашты.

Шаруалардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья аудандарында өріс алды. Оны Нуралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң Жәлел деген басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды. 1525 жылы Баба-Зуииун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды. Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те жеңілді.

Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік-османдардын бұл арманын жүзеге асыруға Сефевидтер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Ол соғыс Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының маңында болды. Венгер, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.

1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты. 1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Австрия мен Түркия бөліп алды. Трансильвания (Румыниянын солтүстігі) Турция вассалына айналды. Закавказьедегі соғыс әрекеттерін Түркия 1533-1538, 1547-1555," 1578-1588 жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевидтер державасы арасындағы 1555 жылы Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения (Ван көлінің бассейні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен Шығыс Грузия - Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны курдтердің билеп-төстеуіне берді.

1578 ж. Карабах пен Оңтүстік Әзірбайжанды да қол астына қаратты. 1578 жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі - 1579 жылы - Тебризді басып алды.

1587 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына айналдырды. Ал ислам дінін кабылдаған грузин бай-феодалдарының мал-мүліктері аман қалды. 1595 ж. Гурджистанда ең алғашқы адам санағы жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қатынасына 9,5 млн. сом салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Бүкіл Закавказье Туркияның қол астына көшті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет