ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет17/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Манихей діні.

Манихей дінінің негізгі идеясы зороастризм діні сияқты дуалистік идеяларға толы болды.

Манихей дінінің негізін қалаған Мани шамамен 215 жылы дүниеге келген. Алғашында Сасанидтер манихей дініне қарсылық көрсетпей жүрген, бірақ кейін келе бұл діннің мемлекетке және шіркеуге қарсы уағыздарда таратаныны білгеннен кейін манихей дінін ұстаушыларды аяусыз жазалып қуғындады. Ал Маниді түрмеге қамап, 276 жылы оны өлім жазасына кесті. Бұл діннің ұстанушыларына ендігі жерде жасырынуға тура келді, сондықтан да олар батысқа қарай жылжиды.

Кең көлемде жазылған христиандық аңыз әдебиеттерде манихей дінінің ықпалы өте жоғары болғандығы айтылады.

Манихей діні Орта Азияда согдий қалаларында кең таралады. Осы қалалар арқылы біл дін Шығыс Түркістан мен Қытайға тараған. Иранда манихей діні ештееңге қарамастан сақталып қалды, және де өз ықпалын Иран қоғамына тигізді. ІІІ – Ү ғасырларда Иран билеушілері өз жерінде христиан дінін ұсынушылардың жүруіне қарсы болмады, өйткені олардың Римге қарсы соғысында көмегі тиіп қала деп ойлады.

Сун әулеті билігі кезінде (Х-ХІІІ ғасырлар) қытай филосоиялық мектебінің жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфуцийшілдіктен айырмашылығы – онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. ХІ-ХІІ ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы конфуцийшілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материялық. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады. Бұған бәсекелес екнші бағыт болған Лу Цзю-юань Ван Янмин мектебі ХVІ-XVІІ ғасырларда идеялық басымдыққа жетті. ХVІІ-ХІХ ғасырларда классикалық мәтіндерді сыни тұрғыда оқып, табиғатты тәжірибемен зерттеу қолға алынды. ХХ ғасырда батыс философиясы теориялары назарға алынды. Әлеуметтік тәртіп пен реттіліктің бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа Конфуцийшілдік ХХІ ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.



Синтоизм бұл Жапонияның VI-VII ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. «синто» (құдайлар жолы) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін («ками») білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу–синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы. Синтоизм тас, тау, орман, өзен рухына бас ию.

Синтоизм қағидалары VI-VIII ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: «Кодзики», «Нихон секи» (тарихи-жылнамалық жинақ), «Синсэн седзироку» (генеалогиялық тізімдер).

Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырды. Екінші концепция жер бетіндегі жер қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және тапалық құдайларға табынудан пайда болған Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культы жатыр. Адам әлемі «ками» әлемінен бөлінбегендіктен, белгілі мағынада адамның өзі де «ками» болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық «камиге» және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайлықпен рухани байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: ирригациялық жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.

Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрлерге сай, құдай ана жапондықтардың алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі) Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағындыруды өсиет етеді. Мифтегі айна–адалдықты, семсер –даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі де император тұлғасында толық көрініс табады. Синтоистік храмдар кещеніндегі ең негізгі Исэдегі храм- Исэ дзингу (VII ғасыр соңындағы негізі қаланса керек). Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.

Синто дамуындағы маңызды кезең–«Исэ синто» тұжырым дамасының қалыптасуы. Оның басты мақсаты – император культын нығайту. Бұл тұжырымдаманың пайда болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281 жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі қорғаны исэні мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVI ғасырдың екінші жартысында «исэ синтоның» дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға жол ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл XII ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық ақсүйектердің (самурайлардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің билігін синто культының саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза номиналды билік қана қалды. Феодалдық дикта тор Ода Нобунага (1534-1582 жж.) елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей табынуды талап етті. Оның әріптестері диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596 жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-феодалдық басқарудың бсшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995


3 Практикалық (семинар) сабақтары
1 Семинар. Қытай орталықтанған мемлекеті.

Жоспары:

  1. Қытай империясы жоғары дамыған кезіңінде.

  2. Суй империясынан Тан империясына қарай.

  3. Тан кезеңі: Қоғамдық – экономикалық, саяси дамуы.Конфуциандықтың ролі.Мәдениеттің «алтын ғасыры».

  4. Тан және сыртқы әлемі:доктрина және практика. Кореяға және оңтүстікке шапқыншылықтар.

  5. Сун империясы.

  6. Вань Ан Ши Реформалары.


2 Семинар. Жапония.

Жоспары:

  1. Ямота патшалығы кезеңі.

  2. Тайка көткрілісі. Мемлекеттің құрылуы.

  3. «17 бап заңы», «Тайхере»заңдар жинағы.


3 Семинар. Жапония.

Жоспары:

  1. Жапонияның әлеуметтік экономикалық дамуы:жаңа белгілері.

  2. Әлеуметтік құрылымы: Самурайлар қалыптасуы.

  3. Фудзивара, Тайра, Комакура кезеңдері.

  4. Сегунат кезеңі.


4 Семинар. Корея.

Жоспары:

  1. Корея үш патшалық кезеңінде.(пәкче, Когуре, Силла).

  2. Коре династиясының кезеңі.

  3. Ли династиясының қалыптасуы. Тәуелсіздік үшін күрес.

  4. Корея мәдениеті.


5 Семинар. Вьетнам.

Жоспары:

  1. Вьет мемлекеті.

  2. Дайвьет. Мемлекетті орталықтандыру. Әскери, әкімшілік реформалар.

  3. Дайвьеттің сыртқы саясаты.

  4. Діні, мәдениеті.


6 Семинар. Иран.

Жоспары:

  1. Иран сасанидтер кезеңінде.

  2. Иран сыртқы шапқыншылықтар кезінде.

  3. Сефевилер мемлекетінің құрылуы.

  4. І Аббастық соғыстары.

  5. Діні, мәдениеті


7 Семинар. Үндістан.

Жоспары:

  1. Гуптар империясы. Чандрагупта ІІ.

  2. Эфталиттердің шапқыншылығы.


8 Семинар. Үндістан.

Жоспары:

  1. Дели сұлтанаты.

  2. Ұлы Моғолдар империясы.

  3. Әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы.

  4. Моғолдар және сыртқы әлем.


9 Семинар. Арабтар.

Жоспары:

  1. Арабтар мемлекетінің құрылуы. Ислам діні.

  2. Омейядтар және Аббасидтер кезеңі.

  3. Араб жаулаушылықтары.

  4. Жер, салық түрлері.


10 Семинар. Араб мәдениеті.

Жоспары:

  1. Мәдениеттің дамуы.Исламның ықпалы.

  2. Ғылым-білімнің дамуы.

  3. Тарих, география, медицина.

  4. Архитектура. Кола мәдениеті.

  5. Араб мәдениетінің Батыс және Византияға ықпалы.


11 Семинар. Сельжуктер.


Жоспары:

  1. Сельжуктер мемлекетінің құрылуы.

  2. Әскери-лендік жүйе.

  3. Халықаралық қтынастар.

  4. Сельжук мемлеетінің мәдениеті.


12 Семинар. Осман мемлекеті

Жоспары:

  1. Осман мемлекетінің құрылуы.

  2. Осман империясы. Әскери – лендік жүйе.

  3. Осман мемлекеті және Еуропа.

  4. Осман мемлекеті және Ресей.

  5. Османлылар мәдениеті.


13 Семинар. Моңғолдар мемлекеті.

Жоспары:

  1. Монғолдардың әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Мемлекеттің құрылуындағы негіздер, сыртқы әскерлер, Шыңғысханның ролі.

  2. Монғол шапқыншылықтары: бағыттары және сипаты.

  3. Монғол империясының ыдырауы. Әдебиеттерде берілген баға.


14 Семинар. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуы: ортақ белгілері және ерекшеліктері (салыстырмалы - сипаттама).

Жоспары:

  1. Батыс және Шығыс елдеріндегі феодализм дамуының негізгі кезеңдрі.

  2. Батыс және Шығыс феодализмінің ортақ белгілері, ерекшеліктері.

  3. Саяси даму қортындылары.

  4. Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.


4 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

Кесте-1



Тапсырма

Бақылау формасы

апта

5.1

Шығыс елдеріндегі феодализмнің даму ерекшеліктері

Конспек

4 апта

5.2

Қытай тарихы бойынша деректер

Реферат

4 апта

5.3

Ерте орта ғасырлардағы Корея

конспект

6 апта

5.4

Дамыған орта ғасырлардағы Орта Азия

Сараптама , слайд

6 апта

5.5

Араб халифатындағы феодалдық қатынастардың қалыптасуы

конспект

10 апта

5.6

ІІІ-Х ғғ.Африка елдері

Сараптама , слайд

10 апта

5.7

Кейінгі орта ғасырлардағы Қытай

конспект

14 апта

5.8

Индия – Ұлы Моғолдар билігі кезінде

реферат

14 апта



БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Тест тапсырмалары

1) Сасанидтер әулетінің негізін салушы

А. Ардашир В. Чандрагупта I С. Янцзянь Д. Ли Юань

Е. Сефи-ад дин

2) Гуптар мемлекетінің негізін салушы

А. Ардашир В. Чандрагупта I С. Янцзянь Д. Ли Юань

Е. Сефи-ад дин

3) Аббасидтердің Астанасы

А, Паталипутра В. Чаньань С. Персеполь Д. Бағдат Е. Исфахан

4) Сефевидтердің Астанасы

А, Паталипутра В. Чаньань С. Персеполь Д. Бағдат Е. Исфахан

5) Арабтардағы Вакфтық жерлер

А, Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Ёскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену

Д. Халиф жерлері

6) Арабтардағы Икталық жер иелену

А, Діни адамдарға, діни ұйымдарға берілетін жерлер

В. Ёскери қызметі үшін берілетін жер иелері

С. жеке меншікке берілетін, салық толеп тұратын шартты жер иелену

Д. Халиф жерлері

7) Мұсылмандардан алынатын жер салығы

А, Ұшыр В. Зекет С. Харадж Д. Джизия

8. Жапонияның үлкен қалалары:

А, Персеполь, Ктесифон, Мерв, Герат

В. Агра, Панипат, Лахор, Мультан

С. Хаката, Нагасаки, Эдо, Киото

Д. Чаньань, Нанкин, Пекин

Е. Бурса, Эдерне, Анкара

9. Газан хан реформалары кай елде жүргізілді

А, Қытайда

В. Осман империясында

С. Хулагидтер мемлекетінде

Д. Сасанидтік Иран

Е. Үндістанда

10. Аравия тарихында 617 жылы

А, Ислам дінінің пайда болуы

В. Курейш тайпасының хашимидтерге байкот жариялауы

С. Мұхаммедтің Меккеден Мадинаға кошуі

Д. Мұхаммедтің Меккені бағындыруы

Е. Бағдад қаласының негізі қаланды

11. Хинин дегеніміз

А, Мал бағатын көшпелі арабтар

В. Монғолияда ерікті шаруа

С. Жапониядағы кедейленген қауым мүшелері

Д. Жапониядағы қылмыстылар мен кедей қаңғыбастар

Е Жапониядағы қоқыс тазалайтын, мал соятын, таза емес жұмыстарды істейтін ең төменгі адамдар тобы

12. Үндістандағы әскери лендер

А, Дайме В. Займдар С. Амарам Д. Джагир Е. Тимориттер

13. Хосров I Аношорванның сыртқы саясаты

А, Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды

В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді

С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды

Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды

Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды

14. Шыңғысхан өлімінен кейінгі монғолдардың сыртқы саясаты

А, Оңтүстік Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны, Ауғанстан, үндістан, Армения мен Грузияны жаулап алды

В. Византиямен, Сириямен, Закавказье елдерімен соғыс жүргізді

С. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Қытайды, Орта Азияны, Оңтүстік иранды Ауғанстанды бағындырды

Д. Русьті, Волга мен донның төменгі ағысын, Венгрия, Чехия, Польша бағындырды

Е. Белград, Радос, Лахон, Венгрияны, Молдавия мен Валахияны, Аравияны, Солтүстік Африканы бағындырды

15. IX-XV ғ.ғ. Нигер өзенінің жоғары және орта ағысы бойындағы мемлекеттер

А. Аксум, Нубия

В. Коре мемлекеті

С. Гана, Мали, Сонгай

Д. Иоруба, Бенин, Дагонея, Ашанти

Е. Борну, Канем және Хаус

16. Жапониядағы провинциялар кезеңі не деп аталады

А, Магриб В. Судан С. Сэнгоку дзидай Д. Суахили

Е. "Канунамэ-мысыр"

17. Суахили дегеніміз не

А. Африканың Солтүстік ендіктегі 8 градус дейінгі тарихи облыс Арабтың "қара адам" деген сөзінен шыққан

В. Тунис-Алжир-Марокко, Африканың мұсылман елдері

С. Шығыс африка қала-мемлекеттері

Д. Түріктердің Египеттегі басқару үшін шығарған заңдар жинағы

Е. Жапониядағы провинциялар кезеңі

18. Сафаридтер әулетінің негізін салушы

А, Тахир ибн Хусейн

В. Иакуб ибн Лейс

С. Саман куда

Д. Ағайынды Али, хасан, Ахмет

Е. Субектегин

19.Үндістандағы дели сұлтанатының негізін салушы

А, Кутуб-ад-дин Айбек

В. Мұхаммед Бабыр

С. Минотама Еримото

Д. Бахмани

Е. Ағайынды Бухи мен Харихара

20.Хулагидтер мемлекетінің билеушісінің титулы

А. Сұлтан В. Ильхан С. Шахиншах Д. Халиф Е. Сегун

21.Испанияда Араб халифатының құрамынан бөлініп кеткен мемлекет

А, Хордова эмираты

В. Тахиридтер

С. Саманидтер

Д. Аглабидтер

Гайдуктер дегеніміз кімдер

А. Египеттегі жауынгер құлдар

В. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары

С. Араб халифатындағы словяндардан, африкалықтардан тұратын әскер

Д. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары

Е. Туркиядағы христиан балдарынан құралған әскер

23.Янычарлар дегеніміз кімдер

А. Египеттегі жауынгер құлдар

В. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары

С. Араб халифатындағы словяндардан, африкалықтардан тұратын әскер

Д. Түріктерге қарсы азаттық соғыс жүргізген болгар жіне серб партизандары

Е. Туркиядағы христиан балдарынан құралған әскер

24. Вей мемлекетінің территориясы

А. Батыснда Данхуаннан, шығысында Ляодунға дейінгі Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі, оңтүстікте Хуанхе мен Янцзы өзендерінің аралығы

В. Сычуань, Ганьсу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары, Юньнани және Гуйчжаудың үлкен бөлімі, Гуансидің батыс бөлігі

С. Бұрынғы Хан империясының оңтүстік-шығыс аудандары

Д. Кіші Азия

25. Гуптар мемлекетінің территориясы

А. Бенгалиядан Пенжабқа дейінгі Солтүстік Үндістан

В. Батыс Декан

С. Оңтүстік Үндістан Тамиль жерлерімен, бенгал шығанағымен қоса

Д. Иранның көп бөлігі, Армения мен Азербайджан, Ирак, Грузия

26.Хулагуидтер мемлекетінің территориясы

А. Бенгалиядан Пенжабқа дейінгі Солтүстік Үндістан

В. Батыс Декан

С. Оңтүстік Үндістан Тамиль жерлерімен, бенгал шығанағымен қоса

Д. Иранның көп бөлігі, Армения мен Азербайджан, Ирак, Грузия

27. I Мұраттың жаулап алған жерлері

А. Балқанда Адрианополь, Фракияны, Филиппопольды, Марица өзенінің алқабы

В. Болгрияны, Македонияны

С. Хорезмді, Бүкіл Иранды, Азербайджанды, Күрдістан мен Иранды

Д. Константинопольді, Орта Грецияны және Пелопонесті

28. Сасанидтік иранның мемлекеттік діні

А. Зороастризм В. Синтоизм С. Ислам Д. Буддизм Е. Ламаизм

29. Монғолияның мемлекеттік діні

А. Зороастризм В. Синтоизм С. Ислам Д. Буддизм Е. Ламаизм

30.618-907 ж.ж. Қытайда өмір сүрген мемлекет

А. Суй империясы

В. Тан империясы

С. Сун империясы

Д. Мин империясы

31. XIV-XV ғ.ғ. Оңтүстік Үндістандағы мемлекеттер

А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер

В. Суй, Тан, Сун империясы

С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты

Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер

Е. Бахмани мен Виджаянгар

32.Ерте орта ғасырлардағы Аравиядағы мемлекеттер

А. Гуптар, Чалолар, Чалукейлер

В. Суй, Тан, Сун империясы

С. Омеядтар, Аббасидтер халифаты

Д. Сасанидтер, Тахаридтер, Сафаридтер

Е. Бахмани мен Виджаянгар

33. I Мұрат тұсындағы Осман түріктердің астанасы

А. Тавриз В. Нанкин С. Эдерне Д. Дели Е. Эдо

34. Дели қаласы

А. Сефевидтік Иранның астанасы

В. Ұлы Моғолдар империясының астанасы

С. Жапонияның астанасы

Д. I Мұрат тұсындағы Осман түріктердің астанасы

Е Мин империясының астанасы

35. VI ғ. басындағы Ирандағы бұқаралық қозғалыс

А. Сербердарлар көтерілісі

В. Хуан Чао көтерілісі

С. Бабек көтерілісі

Д. Маздакиттер

Е. Симабара көтерілісі

36.Ұлы Моғолдар мемлекетінің соңғы патшасы

А. Изергед III (632-652)

В. Аурангзеб (1658-1707)

С. Масуд Газневи

Д. Фираз-Шах-Тоғалақ

Е. Мелих шах (1082-1092)

37.Сефевидтер мемлекетінің ең гүлденген кезі

А. Ақбар тұсында

В. Хосров I Аношорван тұсында

С. I Аббас тұсында

Д. Озуд-ад-Доум тұсында

Е. I Сүлеймен тұсында

38. Ақбардың сыртқы саясаты

А. Түріктермен 10 жыл соғыс жүргізіп, Грузия, Армения, Азербайджан, Ширван, Күрдістан мен бағдатты тартып алды

В. Бенгалияны, Ориссаны, Гуджарат пен Кашмирді, Хандеши және Ахмеднагар қаласын тартып алды

С. Оңтүстік шекерадағы иеліктерді кеңейтті, 1632 ж. Ахмеднагарды, 1636 ж. Голконда мен Бинджапурды, Махаратштраны бағындырды

Д. Иракты жаулап алды

Е. Кореяға басып кірді

39. Хорасан дегеніміз

А. Оңтүстік Үндістан

В. Мауренахр және қазіргі Ауғанстанның 1 бөлігі

С. Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығы

Д. Жамина және ганга өзендерінің аралығы

40. Амасье бітім шарты қандай мемлекеттер арасында

А. Рим империясы мен Иран

В. Туркия мен Франция

С. Туркия мен Сефевидтер державасымен

Д. Туркия мен Англия

41. Жапониядағы ірі феодалдар

А. Азнаур

В. Нахарарлар

С. Махараджалар

Д. Тэгалар

Е. Дайме

42.Жапониядағы сословиеге кірмейтін, кедей қаңғыбас қылмыстылар

А.Бонгэ

В.Райат


С.Эснаф

Д.Сэмин


Е.Хинин

43. 1526 ж. Туркиядағы шаруалар қозғалысының көсемі

А. Шиваджи

В. Нанак


С. Халифэ

Д. Копендаршах

44. 1524-1533 ж.ж. Туркия қай елмен соғыс жүргізді

А. Габсбургтер империясымен

В. Ресеймен

С. Сефевидтік Иранмен

Д. Венеция, Австрия, Испания, Генуяның біріккен одағымен

45.Лепанто шайқасы

А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары

В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия

С. Серб әскерлері мен Турция

Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында

Е. Қытай мен Монғолия әскерлері

46. Ұлы Моғолдар империясы кезіндегі өндістандағы сәулет өнерінің ескерткіші

А. Танджур храмы

В. Тадж-Махал

С. Гумбади Алавии кесенесі

Д. Сулеймен мешіті

Е. Али-Кану сарайы

47. Токугава сегунаты өмір сүрген жылдар

А.1502-1736 ж.ж

В.1526-1858 ж.ж

С.1336-1568 ж.ж

Д.1603-1867 ж.ж

Е.1250-1517 ж.ж

48. Васко до Гамманың Үндістанға келуі

А. 756 ж


В. 637 ж

С. 642 ж


Д. 1623 ж

Е. 1498 ж

49. Монғолдардың Ирандағы қолөнер мен саудадан алынатын салық

А. Татикара

В. Тамға

С. Гезит


Д. Ашар

50.Еуропалықтардың Қытайдағы алғашқы келген жері

А.Шираз бен Исфахан

В.Сацума провинциясы

С.Каликут қаласы

Д.Кантон провинциясы

51. Судан дегеніміз не

А, Африканың Солтүстік ендіктегі 8 градус дейінгі тарихи облыс Арабтың "қара адам" деген сөзінен шыққан

В. Тунис-Алжир-Марокко, Африканың мұсылман елдері

С. Шығыс африка қала-мемлекеттері

Д. Түріктердің Египеттегі басқару үшін шығарған заңдар жинағы

Е. Жапониядағы провинциялар кезеңі

52) 1571 жылы Туркия қай елмен соғыс жүргізді

А. Габсбургтер империясымен

В. Ресеймен

С. Сефевидтік Иранмен

Д. Венеция, Австрия, Испания, Генуяның біріккен одағымен

53) Манцикерт шайқасы

А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары

В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия

С. Серб әскерлері мен Турция

Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында

Е. Қытай мен Монғолия әскерлері

54) Косова шайқасы

А. Бату әскерлері мен чех-мора рыцарлары

В. Европалық одақтастар әскерімен Туркия

С. Серб әскерлері мен Турция

Д. Селджұқтар мен византиялықтар арасында

Е. Қытай мен Монғолия әскерлері

55. Осман империясыдағы сәулет өнерінің ескерткіші

А. Танджур храмы

В. Тадж-Махал

С. Гумбади Алавии кесенесі

Д. Сулеймен мешіті

Е. Али-Кану сарайы

56. Сефевидтер мемлекеті өмір сүрген жылдар

А.1502-1736 ж.ж

В.1526-1858 ж.ж

С.1336-1568 ж.ж

Д.1603-1867 ж.ж

Е.1250-1517 ж.ж

57. Ұлы моғолдар империясы өмір сүрген жылдар

А.1502-1736 ж.ж

В.1526-1858 ж.ж

С.1336-1568 ж.ж

Д.1603-1867 ж.ж

Е.1250-1517 ж.ж

58. Голландия мен Иран арасындағы сауда келісімі

А. 756 ж

В. 637 ж


С. 642 ж

Д. 1623 ж



Е. 1498 ж








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет