ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет2/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Тақырып 3. Қытай


Мақсаты:

1.Ежелгі дүние мен Орта ғасырлар өтпелі кезең. Қытай өркениеті.

2.Қытай дамуының циклдық кезеңдері.

3.Көшпенділер және Қытай.



1.Үш патшалық кезіндегі Қытайдың саяси тарихы. ІІ ғасыр аяғы мен ІІІ ғасырдың басы Қытай үшін ішкі саяси өзара қырқысу кезеңі болып, күрес барысында ірі әскербасылар ерекшеленіп шықты. Солардың бірі Цао Цао солтүстікте Хуанхе бассейнінде билік құрып, 220 жылы оның баласы Цао Пей өзін Вей мемлекетінің билеушісі деп жариялады. Келесі Лю Бей елдің оңтүстік - батысында Шу мемлекетінің билеушісі деп жарияланды. Ал үшінші Сунь Цюань Қытайдың оңтүстік-шығысындағы У патшалығының негізін қалады. Осы кезең Қытай тарихында “Үш патшалық кезеңі” деп аталды.

Вей мемлекеті (220-265ж.ж.)­Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігі батысында Дуньхуаннан шығысында Ляодунға дейін, оңтүстігінде Хуанхе мен Янцзы өзендері аралығы;



Шу мемлекеті (221-263 ж.ж.)­Сычуань, Гансу мен Шэньсидің оңтүстік аудандары, Юньнани мен Гуйчжоудың үлкен бөлігі жіне Гуансидың батысы;

У мемлекеті (222-280 ж.ж.)­ бұрынғы Хань империясының оңтүстік-батысында өмір сүрді.

Вей патшалығының орнында 265 жылы Цзинь империясы құрылды да Шу патшалығын қосып алды, ал 280 жылы У мемлекетін бағындырды. Цзинь мемлекетінің негізін салушы Сыма Янь елде реформалар жүргізді.

ІV ғасыр басында солтүстік тайпалар бірінен соң бірі Солтүстік Қытайға шабуыл жасаудың нәтижесінде Цзинь мемлекеті құлап, оның орнына Қытайда оңтүстік және солтүстік патшалықтар құрылды.. ІІІ-VIІІ ғ.ғ. Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық құрылысы.

ІV ғасырдан бастап Қытай территориясына солтүстіктен көшпелі тайпалардың шабуылы жиіледі. Көшпелі монғол-түрік тайпалары Қытайдың солтүстігінен және батысынан елдің ішіне ене түсті. Бүл шабуылдар Қытай шаруашылығына үлкен зиян әкелді. Суғару құрылымдары қирап, түгелдей деревнялар жойылып, солтүстіктегі қалалар босап қалды. Ең алғашқы шабуыл жасағандар ғұндар болды. Олар311 жылы Лоянды, 316 жылы Чананьды алды да Цзинь патшаларының құрамында тек оңтүстік-шығыс қалып, мемлекеттің аты да Шығыс Цзинь (317-420 ж.ж.) деп аталды. Ғұндардан кейін Қытайға сяньби, цян, цзе, ди тағы басқа тайпалары шабуыл жасады. Шабуылдар нәтижесінде Қытай әбден әлсіреп көптеген ұсақ мемлекеттерге бөлініп кетті. ІV ғасырдың соңы солтүстікте барлық өзара соғыстарды жеңіп сяньби тайпаларының көсемі Тоба Гуй Хуанхе бассейнінің территориясында Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.) мемлекетінің негізін қалады. Тоба әулеттерінің өкілдері барлық қарсыластарын жеңіп, күшті ішкі-сыртқы саясат жүргізе бастады. Ішкі саясатта қытайландыру саясатын жүргізді. ІV- V ғасыр басында астаналық әкімшілікте 2% қытайлықтар болса, 423-452 жылдары оның саны 25% өсті. Императордың өзі фамилиясын Тобадан Юанға өткізді тек қытайша киінуді, тек қытайша сөйлесуді енгіз ді. Елдің астанасы солтүстіктегі Пинченнен ежелгі Қытай астанасы болған Лоянға көшірілді. 485 жылы 2 ғасыр алдын Сыма Ян жүргізген үлестік жүйе жаңартылды. Ол бойынша ер адамдарға 40 му, әйелдерге 20 му берілді. Егер құлдары болсы қосымша үлес берілді. Бұнымен қатар бау-бақша егуге әр отбасыға 20-30 му қосымша үлес берілді. Чиновниктерге қызметіне байланысты үлестік жер берілді. Салықтар мен міндеткерліктер анықталды.



Солтүстік патшалықтар: Солтүстік Вей (386-534 ж.ж.); Солтүстік Ци (550-577 ж.ж.); Солтүстік Чжоу (550-577ж.ж.);

Оңтүстік патшалықтар: Сун империясы (420-479 ж.ж.); Ци (479-502 ж.ж.); Лян (502-557 ж.ж.); Чэнь (557-589 ж.ж.) патшалықтары.
Әдебиет:

1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.

10.Китай: между прошлым и будещем. М.1999


Тақырып: 4 Қытай орталығының мемлекет кезеңінде.

Мақсаты:

1.Суйдан –Тан империясына қарай.

2.Тан империясы.

3.Сун империясы.

Қытайда феодалдық кезеңнің дамыған кезеңі VIII ғасырда болды. Қытайда 610 - 18 жж. Халықтық толқулар орын ала бастады. Оның түрткісі болған Суй-династиясы мен Когуре (Корей түбегіндегі патшалық) арасындағы жиілеп кеткен соғыс еді. Шаруалар көтерілісінің негізгі ошағы Шаньдун провинциясы болды. Бұл жерде күшті феодал аристократтардың салтанатты үйі болып, олар шаруаларды аяусыз қанады. Шаньдун - Суй династиясының Хэньан мен Хэбэй сияқты біршама бай және халқы тығыз орналасқан ірі провинцияларының бірі болды. Сонымен қатар Кореямен соғыс кезіндегі әскерлерді тамақ пен оқ-дәрі мен қамтамасыз еткен провинция болады. Осы кезде 611 жылы Хэньан мен Гуаньдунда күшті су апаты орын алады. Миллиондаған шаруалар үйсіз-күйсіз қалып, сонымен қатар қалыптасқан салықтар мен барщиналарды өтеуге тиіс болды.

Ал 610 жылы Хэньан мен Гуаньдунда шаруалар көтерілісі тұтанып, келесі жылдар Шаньдун провинциясында орын алады. Шаруалар көтерілісі ендігі жерде басқа да провинциялар: Хэбэй, Шэньси, Чжэцзян, Цзянсу, Гуанси, Ганьсуға тарайды. 614 жылдың басында Қытайда 130 ірі және ұсақты отрядтарға бірігіп олардың үлкен бөлігі Шаньдунда, Хэнэн мен Хэбэйде еді. Көтерілістерге шамамен 4 миллион адам қатысты.

Жоғарғы тап өкілдерінің көпшілігі Ян Гуанның деспоттық билеуімен күштеп ұстап отырған орталығына оппозицияда болды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Шаньси, Хунань, Шэньси, Шаньдун, Чжэцзян, Ганьсу феодалдары императорға қарсы шыға бастады. 613 жылдың жазында Хэнанда Суй династациясына қарсы көтерілісті генерал Ян Сюань - Гань басқарады. Толқулар екі айдан астам уақытқа созылды. Ян Сюань - Гань әскері Лоянға кауіп төндірді. Суй династациясы бұған қарсы шаралар мен күштерін дайындады.Корей майданынан халыктың көтерілісін басып -жаншу үшін аса үлкен армия жөнелтеді. Бірақ, бұл амал-шаралар халықтың козғалысына ешқандай әсерін тигізбейді. Шаруалардың көтерілісі Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бассейніне таяп жетеді. Шаруалар көтерілісінің ең күшейген кезі тарихта Ваган көтерілісі деп аталады. Ол Хэнань провинциясындағы таулы аймақтың атымен аталады.

611-613 жылдары Ваган көтерілісінің жетекшісі Чжай Чжан болды. Біраз уақыттан соң әскер қолбасшысы болып Суй чиновнигі Ли Ми тағайындалады. Бұл шэнсилік ірі феодал шаруалар көтерілісін өз мақсатына жарытып жаңа династия кұрғысы келді. Ваган әскеріне Доу Цзяньде баскарған. Хэбэй провинциясының шаруалар отряды үлкен көмек көрсетеді. Көтерілістің нәтижесінде 617 жылдың аяғында Суй үкіметінде аз ғана, яғни Хэньан, Цзянсу провинциялары қалады. Суй династациясының тағдыры осымен аяқталады. Ел астанасында қактығыстар ершіп, ақырында Ян Гуан мен жақтастары Цзян Ду (нанкинге) қашып кетеді. 618 жылдың көктемінде император сарайында бүлік шығып, Ян Гуан карсыластарының арқасында көз жұмады. Болған оқиғаны ірі феодалдар пайдаланып, Ян Гуанның немересін император етіп тағайындайды. Бірақ, 618 жылдың ортасында император титулын Ли Юань қабылдайды. Ол өзі құрған жаңа династияны Тан империясы деп жариялайды. VII ғасырда орын алған шаруалар көтерілісі Цинь-Хань дәруірінен кейінгі Қытай тарихындағы аса ірі көтеріліс болды. Халықтың көтерлісінің соңында Суй империясының кабырғасы кұлайды. Көптеген уақытқа дейін Тан династиясы гегемония мен елді біріктіру үшін көп күрес жүргізеді. 618-620 жж. Бұл күрес , әсіресе елдің солтүстік батысындағы Шэньси мен Ганьсу провинцияларында түркілер мен одақтас феодал - сепаратистерге қарсы бағытталады.

Түркі тайпаларының көсемдері феодалдарды Тан империясының елді біріктіру саясатына қарсы қойды. Тан әскерлері түркілерден кұрылған отрядтарды талқандап, оларды бір-бірлеп тұтықынға алды. 624 ж. дейін Қытайдың әр аймақтарында шаруалар көтерілісі тоқтамады. Хэбэй Доу цзянь-деннің отряды қимыл-әрекет жасап тұрды. Суй армиясының көлеңкесімен Ли Ми бастаған Ваган әскері қақтығысып отырды. 618 жылдың күзінде феодалдар ваган әскерін талқандап, Ли Ми Тан жаққа шығып кетеді. Бірак, көп кешікпей Ли Ми бастаған көтеріліс бой тігеді. Ли Ми өлім жазасына кесіледі. Шаруалар көтерілісін басып -жаншуда Тан династиясы шешімді әрі сәтті қимылдар жасайды. Ли Юань бірнеше мереке мен мейрамдар ұйымдастырып, шаруалардың көңілін аулайды, салықтардың өтемі азайып, ал кейбір аймақтарда, салықтар тіпті алынып тасталды. Мемлект барщинаны азайтады. Үкімет басшылары ирригацияльгк жолдар тауып, жолдарды жөндей бастайды.

Құлдықта жүрген шаруаларды босату жөнінде шешім қабылдайды. Феодалдарға шаруаларды өлтіруге тыйым салынды. Императорлар буддалық сенушілерден колдау тапты. Әсіресе, тан үкіметі аяусыз шаруалар көтерілісін жазалап отырды. Ресми түрде кетерлісшілердің көсемдеріне жеке бастарының кауіпсіздігі мен амнистиясын сақтаймыз деген алдаумен, 621 жылы Доу цзянь-дэ қастарын тұтқынына түсіріп, тамаша шаруалар көсемі мен серіктестерін аяусыз жазалады. 628 жылы Тан династиясы солтүстіктегі помещик-сепаратистер отрядының соңғысын талкандап, Қытайды біріктіруін аяқтайды. VII ғасырда Тан империясы сол уақыттағы әлемнің күшті мемлекетгерінін біріне айналды. Оның шекарасы Корей түбегінен шығысында Ыстық-көлге дейін, батысында Моңғолиядан оңтүстігінде Үндіқытай түбегіне дейінгі алып территорияны алып жатты.

Тан империясын 2 кезеңге бөледі: бірінші кезеңі - VII ғ. 20 жж. VIII ғ. ортасына дейінгі, өнеркәсіптің дамуы мен империясының гүлденуі, ал екінші кезеңі - VIII ғ. ортасынаи бастап, империянын құлауы - X г. камтиды. Бірінші кезеңде, әсіресе VII ғ. ауыл шаруашылығы өнеркәсіптің дамуы көрініс алады. Жерді өңдеудін амал-тәсілдері жеңілденіп, су арнасы көбейді. Шаруашылықта май шайқау ісі етек жайды. Жібекті өңдеу үшін ағаш жібегінің жапырағы қолдана бастады. Әдейі шығарылған шай ауыл шаруашылығының дамығанын көрсетті. Он бір жаңа каналдар іске қосылып ортақ су системасы қатарына Хуанхэ өзені де асырылды. Тұз өндіру үлкен орын алып, әсіресе елдің солтүстігіндегі Цзянсуда темір, күміс, олова мен қорғасын өңделе бастады. Әсіресе фарфор өңдеу жоғары бағаланды. Қытайда ең бастысы -металл шынылары мен шамшырақтар шығарыла бастады.

Қағазға деген сұраныс өсіп, қағаз өндіру дамиды. Экономикалық даму барысында, қалалардың дамуы өркендеп, қала тектес қоныстар саны көбейіп, олардың кейбіреулерін административтік орталық санатына көтеріліп қызмет көрсету мен әскери горнизондар бой көтерді. Қалалардың көпшілігі сауданың, өнеркәсіптің, мәдени өмірдің орталықтарына айналды.

Сауда жэне өнеркәсіптік қалалар одақтарға хаңдықтарға бірігіп, өздерінің басшысын байлауға тиісті болды. Ішкі сауда кеңейді. Жаңа почталық станциялар құрылып олардың жалпы саны 1600-ға жетті. Басшыларды сауда барысындағы тракаттар алаңдатты. Ауыл шаруашылығының дамуы халық санының көбеюіне әкелді. 618 жылы Қытайда екі миллионға жуығы аула болса, 754 жылы халық санағы бойынша аулалар саны 9 миллионға шамамен 5.3 миллион адам санына жетті. 624 жылы жер жүйесі туралы мемлекеттік указ шығады. Ары қарай бұл заңға үкімет басшылары толықтырулар енгізді. 619 жылы салық жүйесі іске асырыла бастайды. Оның негізгі белігі: Цзу - дақьшдар арқылы төленетін, жер салығы болды. Салықтың мөлшерін жергілікті басшылар белгілеп, сол немесе басқа жердің ауласына қарай үдты Қытай емес тайпаларға, салық мөлшерінің жартысын бөлуге тиіс болды.

«Дяо» - аула өнеркәсібіне карай белгілейді. Оны жібек немесе халатпен төлену тиіс болды. «Цзу дяо юн» салық жүйесі біршама уақытқа дейін қазынаға түсіп тұрды. Қытайдағы феодалдық кезеңдегі мемлекеттің кұрлымы, Суй кезеңінде іске қосылып VII ғ. бірінші ширегінде анық орнықты. Тан империясының мемлекеттік басқару құрылымы Корей патшалықтары Силла, Пэкче және Когуре, сонымен қатар Жапонияның мемлекеттік басқару жүйесіне ұқсас болды. Тандық Қытайдың саяси кұрылымы, Ежелгі Қытай доспотының сарқыншактарын іске асырды.

Император - аспан ұлының билігі шексіз болды. Император және көрнекті санебниктер кеңесі мемлекеттік аппаратты басқарды. Мемлекеттік істерді бірінші санаттағы министрлер басқарды. Алты ведомоства жұмыс істеді. Олар: салык-финанстық, әскери іс, қылмыстық іс, жалпы жұмыс бөлетін, әдет-ғұрып, соңында азаматтық Чин болып өзара бөлініп жұмыс атқарды.Сонымен катар, арнайы басқару ұйымдары-аула ісіне байланысты бөлініп служба, елшілер қабылдау, вассалдық территориялардан бөлу т.б. жүйелер қалыптасты. Орталық аппараттың басшысы - инспекторлар палатасы болды. Ол тікелей императорға қарады. Ол провинция басшылары мен астаналық мекемелерді қадағалап отырады. Тан империясының: Чаньань, Лоян жэне Тайюань деген үш астанасы болып, оның әр қайсысын наместник басқарды. Ел провинцияға, облыс пен уездге бөлінді. Олардың басында, император тағайындаған чиновник тұрды. Уездер ауылдық округтерге бөлініп, оның ең төменгі сатысы ретінде ауылдың община - пятидворға өзінің старостасын сайлады. Тан империясының вассалы болып көптеген Қытай емес тайпалар мен халықтар саналды.

Шекараны кадағалау мен басып алынған жерлерді басқару үшін арнайы құрылған администрация жұмыс жасады. Барлық елдегі әскери күш император қолында болды. Астанада әскери мектеп жұмыс істеді. Тан империясының әскери ұйымы үлкен қиындықтар туғызды. VIII ғ. ортасына дейін оның негізгі бөлігін «округтар әскерилері» құрып, 5% үлкен ер адамдар болды. Әскери кызмет еткендерге сый ретінде жер үлестірілді. Бүкіл ел округтарға бөлініп, олардан іріктеп, әскерлерді белгілі уақытқа дейін әскери кызметтерге алып отырды. Соғыс кезінде әсіресе, әскер қатарына алу үшін іріктеу сынын өткізді. Округ әскерлерінің көп бөлігі астанада қызмет атқарып, император резиденңиясын қадағалау олардың негізгі міндеті болды. Округ әскерлерінен басқа тан императорларының қарауында жалдамалы түркілердін атты әскері де болды. 623 жылдан бастап, солтүстіктегі Шекара әскерилерде коныстандыру басталды. Әскерилер қоныстанған аймақтардағы жерлерде жұмыс істеуші шаруалар, бейбітшілік уакытында әскерді азық-түлік пен фуражбен қамтамасыз етуге, ал соғыс болған жағдайда өздері де солдат қатарына косылуға тиіс болды.

VII г. 50 ж басында 631 жылдан бастап қолға алынған Тан империясының қылмыстық кодексінің күшіне енуі аяқталады. Кодекс 6 үлкен тараудан, бес жүз баптан тұрып, мемлекет және қоғамға әсерін тигізді. Қылмыс жасағандар мен жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайына қарай, оларға әр түрлі жаза өтеуі ескеріледі. Егер шаруа өзінің қожайынын өлтіретін болса, ол өлім жазасына кесілетін. ал егер қожайын шаруаны өлтірсе, ол тек дүре соғумен құтылатын. Тан заңдары феодалдық жеке меншікті, помещиктер мен чиновниктердің билеуіне, және жұмысшы тап өкілдершің каналуына жол берді. Тан империясында 4 негізгі сословия: титулды шен - мұралық аристократия; «қызмет етуші чин» -азаматтык және әскери чиновниктер. «мейірімді адамдар» - шаруалар, кұлдар, үй қызметшілері, тау-кенде жұмыс істейтін адамдар т.б. болды. Тан империясының мемлекеттік құрылымы негізінде Қытайдың орта ғасырлық сарқын шақтары сақталды

Империяның финастық жағдайы төмендейді. Металл ақшаның шынуы кысқартылады, акшаның құны өседі. Азық-түлікті өндіруші шаруалар оны алу үшін жағдайы екі есе төмендеді. Шаруалар жерлерін тастап, қашып кетуге мәжбүр болды. Аяқ астынан күріш қымбаттатылды. Екі жүз жыл Уақытында күріштің бағамы 750 есеге дейін көтерілді.

Қытайда бұрыннан бері өкілі шықпаған уакытта үкіметтік амбарлар құрылып құрғаушылық жылдары дәндерді аш қалғандарға үлестірілуі тиіс болды. Бірақ, ұры чиновниктер мемлекеттік запастарды өздеріне қағыстырып отырды. Өзінің шығармасында көрнекті жазушы Цао Е «үкіметтік амбарлардагы крысалар» атты еңбегінде, чиновниктердің жек көрінішті қылыктарын амбардағы дәнді кеміретін крысаларға теңейді. 764 жылдан бастап тағы күштеп қосымша салық түрі енгізіледі. Екі жылдан соң салық күшіне енгеннен кейін үкімет тағы да қосымша чайға, винога, лак ағашына, тұрған үй салықтарын енгізеді. Тұздың бағасы қымбаттатылады. Көптеген шаруаларға түз жетпеді.

Әсіресе салықтың көп мөлшерді түрі елдің оңтүстік - шығыстың аймақтардағы халықтың наразылығын туғызады. Бұл аймақ Тан империясының аса ауқатты аймақтарының бірі болды. Осы провинцияларда бірінші болып шаруалар көтерілісінің аты өргенеді. 762 жылдың күзінде Чжэцзян провинциясының шығысында Юань Чао басқарған шаруалар көтерілісі бүрқ етеді. Бұл жердің билеушілері қатыгездік пен заңсыздықтың жоқтығы ерекшеленетін. Олар шаруалардан барлық дәндері мен маталарын тартып алып отырды. Кімді-кім қарсы шыққан жағдайда шаруаларды өлім жазасына кесті. Ызалы ауыл тұрғындары таулы және өзенді аймақтарға қашып кетті. Юань Чао қашқан шаруаларда отрядтарға біріктірін, өзі басқарып, елдің төрт облысы басып алады. Соңында, бұл әскер саны, екі жүз мыңға жетті. Бұл көтеріліс 763 жылы жазына дейін созылды, бірақ үкімет оны басып-жаншыды.

Жаңа таптық күрестің басы IX г. 50 жылдары қайта өршіді. 851 жылы Сычуанда солдаттар мен шаруалар көтерілісі, ал 852 жылы Цю Фу басқарған көтеріліс бұрқ етті. Оның негізгі козғаушы күші - кашып кеткен шаруалар болды. 86 жылдың басында Цю Фудың басқарушымен мұлда бірнеше мың шаруалар болса, көтерілістің өршіген кезінде олардың жалпы саны - отыз мыңға жетті. Көтеріліс басшысы Цю Фу Астанастының басшысы болып жарияланады. Шаруалар мемлекеттік, помешиктік және монастырлык амбарлар мен қоймаларды жаулап алып, дәнді-дақылдарды және басқа да бұйымдарды кедей адамдарға үлестіріп берді. Цю Фу ремесленниктерді өнеркәсіпке тартып, оқ - мылтық жасау үшін арнайы тапсырма береді. Көтерілісшілердің өз фолты құрылады. Көтерілісті басып-жаншу үшін тан үкіметі аса үлкен әскерді жіберді. Оған көмек ретінде жергілікті гарнизондар іске косылып, сонымен қатар ұйгырлар мен тибеттерден құралған отрядтар біріктірілді. Аса күшті кақтығыстар басталды. Үш күннің ішінде шаруа-повстанттар 83 қақтығысты басынан кешірді. 860 жыры терең күзінде көтерілістің негізгі бөлігі қиратылып, Цю Фудың өзі бір соғыс кезінде мерт болады. Тек ержүректер ғана жау коршауынан шығуын мүмкіндік туғызып, тауға қашып кетеді, бірақ бір айдан соң повстанттықтардың сарқыншағы жойылады. 863 жылы елдің оңтүстік аймактарындагы көтерілістер бой кетереді, өз уақытын өтеген солдаттар, үйлеріне қайтуды сұрайды, бірақ командир олардың өтінішін қабылдамайды. 868 жылы Гуйчжоуда 500 толқу көтеріп, өздерінің басшысын өлтіріп, ал командир етін офицер-интендент Пан Сюняны тағайындайды. Солтүстікке жылжу керектігі шешілді. Осы кезде Хуайхэ солтүстік өңірі, су тасқынынан жапа шегіп, шаруалардын көпшілігі үйсіз-күйсіз қалады. Осыған байланысты Пан Сюннын отряды осы маңнан өткен кезде, көптеген халық қосылады. Сол кездін өзінде Тан Сюняның әскер отрядында 50-60 адам болып, кейіннен онын саны 200 мыңға жетеді. Әскери бүлік шаруалар көтерілісіне айналып кетеді. Повстанттар Хунан, Хубэй, Аньхуэя, Цзянсу мен Шаньдун сияқты аймақтарындағы облыстарды жаулап алып, Янцзы өзені арқылы ары қарай жүзіп кетеді. Байлардан тартып алынған нәрселер кедейлер арасында бөлінеді. Бірінші айда тан әскері көтерілісті басып-жаншуды ойластырып, Шато, Тогон, татар тайпаларынан отряд құруды сұрайды. 869 жылы көтеріліс опық жейді.

874 жылы солтүстік-шығыстағы шаруалардың карсылығы күшті шаруалар көтерілісінің шаруалар соғысына айналды. Шаруалар көтерілісінің ошағы Хэнань мен Шаньдун провинңиялары болды. Осы провинцияларда IX ғасырдың 50 жылынан бастап әсіресе шекарадағы жалданушыларға қарсы үкімет әскерлері көптеп келе бастады. Контингенттік әскерлерді қамтамасыз ету жергілікті халықтың мойнына жүктелді. 873 жылы кос өзен Янцзы мен Хуанхэде аса күшті құрғақшылық орын алады. Мыңдаған адамдар аштық азабын бастан кешіреді, бірақ катыгез - қаскүнем чиновниктер шаруалардың соңғы ала жібіне дейін тартын алуды тоқтатпады. Ашу - ызаға толы, жергілікті тұрғындар отрядтарға бірігін, уездік облыс орталықтарына, помещиктер усадьбалары мен монастырбларға шабуыл жасайды. Хэбэйде повстанттар ортасынан түз сатушы Ван Сянь Чжи сұрылып шығады. 874 жылы ол көтеріліс өртін тұтандырып, он мыңға жуық серіктес жинайды. Келесі жылы Шаньдунда Хуан Чао атты, тағы бір түз сатушысы мен сегіз оның серіктестері отрядтар кұрып, Ван Сянь Чжи бастаган повстанттық күш иелері осы отрядтардың қатарына қосылады. 876 жылы Ван Сянь-чжи мен Хуан Чао әскерлер саны жүз мың адамға жетті. Олардың қимыл -әрекеттері арқасында бес провинция алынып, Лоянға кетерілісшілер қауіп төндірді. Үкімет әскеріне қиындык туғызып, олар повстанттыктардың оңтүстікке шегінуіне бұйрық берді.

Тан билеушілері көтеріліс көсемдерін салып алуға тырысты. Ван Сянь-чжи бұл ұсынысты кабыл алып, егер ол әскери жоғарғы шенеулік болса, мемлекет басшыларынан қолдау тауып, шаруаларга көмек көрсете аламын деп тұжырымдайды. Бұл тұрғыда көптеген кикілжіңдер туады. Хуан Чао ызаланып, өзінің жақтас - қатарластың шешіміне қарсы, шығып оны сатқындық жасадың деп қабылдайды. Бірақ, екі повстантық басқарушылар арасында үлкен қикілжіндік туады. Хуан Чао баскарған отряд - солтүстік-шығысқа қарай бөлініп кетеді. 678 жылдың наурызында Ван Сянь-чжи басқарған отряд әлсізденін, жеңіліс тауып, ол отряд қолға алынып, өлім жазасына кесіледі. Хуан Чао әскер отряды Лоянды жаулап ала алмаған соң, 879 жылдың күзінде артқа шегініп, Гуанжоу провинцияларының батарын бағындырады. Қаланың тұрғындары повстанттарға жаңа ашырлықпен қарады. Гуанчжоуда - ірі сауда порты болып, саудагерлер мұнда арабтардан, парсылардаи, еврейлікгерден кұралған. Саудамец айналысушылар, Қытай құрғындарын гартты, көтерілісшілерге олар аля көзбен қарады. Көтерлісшілер әскерлер Гуанчжоуда көп уақыт тұрақтайды. Күзде олар қаланы тастап, кайтадан солгүстікке карангаң зәулім эпидемия болады. әскерлердің 40% эпидемияға шалынады. Солтүстікке жорық барысында шаруалар отряды жаңарып, олардың жалпы саны жарты миллионға жетеді.

Көтерілісшілер күннен - күнге Чаньанға бірнеше шаралар ұйымдастырады. Хубэй провинциясында өткен ірі тан әскерлері повстаннарға күшті соққы беріп, олар Янцзы өзенінің жағалауына шегінуіне мәжбүр болды. Янцзыда - көтерілістіі жаңа орталығы ашылып, шарулар отрядтары біріге бастады. Соңында, Хуан Чао басқарған отряд әскер саны үш жүз мыңға жетті. 880 жылдың жазында ол Лоянға қарай аттанды. Лоян 880 жылдың қараша айында құлады. Тарихи дерек көздеріне жүгінгеннің өзінде Хуан Чао Лоянга кіргенде оның әскерлері тыныштықта еді. Көтерілісшілер император туыстары мен сарай қызметшілерін, жоғарғы чиновниктерді өлтіреді. Сонымен қатар Тунгуань бекініс - заставасы көтерлісшілерге беріледі. Астанаға жол ашық болды. 881 жылы 10 каңтарында Хуан Чао басқарған отряд Чаньанда баяндама жасайды. Император оңтүсгікке - Сяпь янға қашып, содан соң Сычуаньнан орын тебеді.



Сун мемлекеті

Сун кезеңін –Қытай экономикасының, мәдениетінің, басқарушылық іс-әрекетінің шарықтау шегімен байланыстырады. Бірақ ішкі саясатпен империяның суверенитетіне байланысты біршама мәселелер өз шешімін таба алмады. Хғ. басында Қытай мемлекетінің солтүстік-шығысында өмір сүрген монғол этникалық қоғамынан құрылған қидандар қытайлармен, олардың мәдениетімен ұзақ қарым-қатынас жасап отырған. Қытай империясының басына саяси қиындық туған жылдары Елюя әулетінен шыққан Апока жоғарғы көшпенділердің басшысы және өзін император жариялаған болатын. 947 жылы олардың негізінде құрылған мемлекетке Ляо деген қытайлық мағына берген. Олардың өмір сүруі 916-1125 жылға дейін созылды. Қытайды жаулауға байланысты болған соғыстар жас мемлекетке ірі-ірі жеңістер әкелді. 946 жылы қидандар Кайфын патшалығының астанасын да жаулап алған. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады. Ляо мемлекетінің әскері қытайдың солтүстігін толығымен жаулап алды, олар жаулап алған әрбір аймақ Ляо мемлекетінің қол астына кірді. Қытайлықтар мен корейліктер Ляо мемлекетінің басқарушылық құрылымын біршама ретке келтіріп отырды: қытай иероглифтік базасында қытай элементтерінің жазу үлгісіндегі әрбір иероглифтің мән-мағынасын ашу, бірнеше қалалар, салт-дәстүр, сауда еркін түрде дамып отырды. Мұның барлығы қытайлықтар мен корейліктердің арқасында жүзеге асып отырды.

Тан династиясының артынан 907 жылы империя құлады. Анархияның уақыты туып, Қытай тарихында «бес династия» деген кезең басталды. Бес диктатуралар аз уақыт ішінде елдің солтүстігінде бірін-бірі алмастырып отырды: Кейінгі Лян (907-923); Кейінгі Тан (923-936); Кейінгі Цзинь (936-947); Кейінгі Хань (947-951); Кейінгі Чжау (951-960).Бұл тұрақсыз династияның императорлары болып әскери, соның ішінде варварлық тұқымнан шыққан адамдар болды. Сол кездері басқару ретсіз болған еді, оның себебі тұрақсыз императорлардың салдарынан болды. Бұл ретсіздік елдегі азаматтық соғыстың басталуына әкеп соқтырды.

Сун мемлекеті Қытай жерін бір империяға үш рет біріктірді, олардың әрбір әрекеті Хань мен Тан мемлекетінен айырмашылықта болды. Мемлекеттің құрылуы жағынан, беделімен ішкі және сыртқы саяси өмірі де, тіпті құлдырауы да тек өздеріне ғана тән іс-әрекет бола білді. Хань мен Тан мемлекетінен айырмашылығы ұлттық байланыстар бейбітшілік жолмен шешіліп отырды. Жаңа династияның жаулары болып империяның халқы емес, солтүстіктен ұлы қорғанға дейінгі өмір сүріп жатқан дала халқы болды. Сун династиясының негізін салушы Чжао Куан-инь, Чжочжау ақсүйектерінен шыққан солтүстік азаматы еді. Болашақ император генерал болатын.

Егер Қытай мемлекеттері мен провинцияларының көпшілігі Сун империясын қуанышпен құптаса, солтүстік халқы оңайлықпен беріле қоймайды. Сун мемлекетінің екінші императоры Пекин мен Ұлы Қорған арсындағы жоғалтылған территорияларды қайтаруға тырысты. Сун мемлекетінің құрылуындағы бірнеше саяси, экономикалық жағдайлар қытай халқының психологиясын, сана-сезімін де күрт өзгертті. Салық салу саясаты да, жер бөлігі, тұрмыстық өмірі де өзгерген.

946 жылы қидандар Кайфын патшалығының біраз бөлігін өздеріне қаратып алған болатын. Қытайлықтар мен корейліктер Ляолармен басқару негізі бойынша бірнеше мәселелерді шешуге тырысты. Мысалы, қытайлықтар өздерінің иероглифтары негізінде жазып отыруға, қаланың архитектурасын дамытуға, сауда мен қолөнерін сол қалпында сақталуына келісім жасады. 1004 жылы қидандар қытайлармен мынандай бейбітшілік келісімге отырды: Сун астанасы жыл сайын Ляоларға 200 мың бірлік жібек, 100 мың лян күміс тапсырып отырды. 1075 жылы Қытай қидандарына бірнеше солтүстікқытай бөлігін жаулап алды.Бірақ қидандар қытайлардың негізгі жауы болатын. Х-ХІ ғ. басында Қытайдың солтүстік аймағында Батыс Ся деген мемлекет құрылды.

Әлеуметтік прцестің жылдамдауы мен мүліктік теңсіздік монғолдардың мемлекет араларындағы шабуылдарын жиілей түсті. Монғол даласымен көршілес жатқан оңтүстік Сібірді жаулап алғаннан кейін, Шыңғыс армиясы 1210 жылы чжурчжэндармен соғысып, 1215 жылы Пекинді жаулап алды. 1226-1227 жылдары Қытайдың солтүстік –батысындағы тангуттар мемлекеті жойылып кетті. Тангуттардың жартысы аяусыз өлтірілсе, ал қалған бөлігі монғолдардың құлдары болып кетті. 1231 жылы монғолдардың келесі күші қайтып Солтүстік Қытайға қайтып, осы жерде чжурчжэндер құрған Цзинь мемлекетінің күл-талқанын шығарды. Дәл осы уақытта Шыңғыс әскерінің қалған бөлігі Азия мен Европаны жаулап алуға кірісті. 1235 жылы Қытайдың оңтүстігі толығымен Шыңғыс әулетінің иелігіне өтті.Қытайдың оңтүстігін жаулап алуға 40 жыл уақыт кетті. Бұл ұзақ уақытқа созылған соғысты басқа соғыспен салыстырсақ, сундық қытайларға деген қатыгездікті байқауға болады. Жүздеген жылдармен құралған Қытай экономикасы мен мәдениеті, мүліктік қазынасы бір күнде-ақ жоқ болды. 1276 жылы ғана Ханчжоу астанасы, оның соңғы императоры да қарсыластық көрсетті.

1280 жылы Сун мемлекеті толығымен монғол билігінде болды, ал ұлы Хубилай монғолдық Юань династиясының қытай императоры болып жарияланды. Юань династиясы Қытайдың негізгі бөлігінде бір ғасырға дейін, ал Солтүстік Қытайда бір жарым ғасыр үстемдік етті. Бұл Қытай тарихы үшін Нань-бэй чаодан кейінгі басынан өткізген ең қиын кезең еді. Мысалға,монғолдарға қарсы келген, қытайлық сол жерде аяусыз өлтіріліп отырды. Бұл аяусыз жағдайлар Елюй Чу – цайдың ұсынысынан болған. Елюй Чу – цайдың кеңесшісі болған. Кеңесші бірінші ол адам қоғамға қандай кіріс әкеледі деген сұрақтарға жауап іздеп одан кейін барып қана, оларды атып отырған. Қытай тарихында бұрын болмаған құлдар көбейді.

Қытайды монғолдар басып алғаннан кейін Сун мемлекетінің экономикасы біршама нашарлап кетті, ал сауда мен жер мәселесі мүлдеи ақылға сыймады. Әкімшілік басқаруына келетін болсақ, конфуция ақсүйектері мүлдем биліктен алынып тасталып, өз орындарын монғолдардың хандарымен әскер басшыларына берді. Қытай тұрғындарын ешқайда шығармады. Қытайдың оңтүстігіндегі халықтар үшінші және төртінші сорттағы адамдардың қатарына жатқызылды. Мұндай монғолдар салған ережелерге қытайлықтар ондаған жылдар өткеннен кейін қалыптасты.Салық салу саясаты да, жер бөлігі, тұрмыстық өмірі де өзгерген. Сонымен Сун мемлекетінің негізін қалаған Чжан, Ван, Ли және Чжаолар есімі Қытай тарихындағы ұлы тұлғалар Қытай тарихындағы ең ұлы мемлекетке, өмір сүру ұзақтығы да осы Сун мемлекетінің еншісінде болатын.

Әдебиет:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Китая с древнейших времен до наших дней. М.,1974.

10.Бокшанин А.А. Китай и страны южных морей в XIV-XVI в.в. М.,1968.

11.Китай: между прошлым и будещем. М.1999.
Тақырып: 5. Жапония.

Мақсаты:.

1.ІІІ-ІҮ ғасырдағы Жапония. Ямато патшалығының құрылуы. Мемлекеттік басқару жүйесі.

2. Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы

3. VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты.



ІІІ-VI ғ.ғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Джомон және Яйои мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тенно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. «Император» патриархальды билік жүргізді. Одан кейін әскери көсем, абызжэне сот қызметін қатар атқарды,

Жапония  (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2. Астанасы — Токио қаласы. Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония— бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні).

Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.



Жапон жеріндегі алғашқы тайпалық бірлестіктер III ғасырда қалыптаса бастады. Тарихи деректерге қарағанда, IV ғасырдың ортасына қарай Ямато тайпалық одағынан таптық негіздегі алғашқы мемлекет пайда болды. Елдің неғұрлым күшті дамыған оңтүстік-батысы VII ғасырда орталықтандырылған жапон мемлекетінің қалыптасуына негіз болды. Алғашқы астаналардың іргетасы Осака шығанағының жағалауында қаланған. Ұзақ уақыт бойы (VI—IXғғ.) елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына көршілес Қытайдың ықпалы зор болды. Олардан жапондар иероглифтік жазу үлгісін, буддизм мен конфуций діндерін, ғылым негіздері мен шаруашылық жүргізу тәжірибесін қабылдады. IX ғасырдың соңына қарай Жапония Қытаймен ресми қатынастарын үзді, бұл жапон өркениеті сипаты қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды. XII ғасырдан бастап ел астанасының (алғашында Камакура, кейіннен Эдо, қазіргі Токио) солтүстіккі ығысуы, феодалдық қатынастардың дамуы солтүстіктегі аудандардың біртіндеп шаруашылық тұрғыдан игеріле бастауына ықпал етті. Осыған қарамастан, ұзақ уақыт бойы елдің шаруашылық қуаты, негізінен, оңтүстікте шоғырланып келді, экономикалық орталық қызметін Осака қаласы атқарды.

Жапонияның неғұрлым ертеректегі тұрғындары қазіргі айнулардың ата-бабалары эбисулар деп есептелді. Жаңа эраның басында олар Хонсю аралының солтүстік-шығысында өмір сүрді. Олардың этникалық шығу тегі әлі анықталмаған, бірақ кейбір зерттеушілер олардың оңтүстіктен шығуын Малаямен, Үндіқытай түбегімен және қазіргі Индонезия аралдарымен байланыстырады. Жапон аралдарына бірнеше рет корейлер, қытайлықтар және әртүрлі манчжур тунгус тайпалары қоныс аударып, эбисуларды солтүстікке ығыстырды.

Кескілескен күрестер барысында бір тайпаны екінші біреуінің бағындыруы нәтижесінде біртіндеп араласу процесі жүрді. Күшті тайпалардың арасынан Ямато тайпалары іріктеліп шықты. ІІІ ғасырдың соңы мен ІV ғасыр ортасында олар барлық қарсыластарын жеңіп, Хонсю аралының оңтүстік бөлігінде Ямато тайпалар одағын құрды.Осы атаудан Япония атауы пайда болды.

Қазіргі жапондықтардың ата-бабалары егіншілікке жарамды, құнарлы аудандарға қоныстанды. ІІІ-VІ ғ.ғ. өзінде-ақ негізгі ауылшаруашылық өнімі құрғақ және игерілген жерлерде өндірілетін – күріш болды. Суландыру каналдары мен тоғандар сала бастады. Негізгі дақыл күріш пен дәнді дақылдармен бірге, V ғасырдан бастап жібек өндіру басталды.

Қытайлықтардың Жапонияға қоныс аударуы ІІІ ғасыр аяғында Қытайдың батысынан көшпенділердің шабуылы нәтижесінде күшейіп, V ғасырда корей-қытай қоныс аударуы қарапайым құбылысқа айналып қалды. Қоныс аударушылар тұрғындардың әртүрлі тобына жатып, “бэ” деп аталды. Бұларға тағы жеңіліп қалған қауымдардың басшылары, пұтқа табынушы абыздар, “грометейлер” – яғни қытайша оқып, жаза алатын қалыптасып келе жатқан мемлекеттің алғашқы чиновниктері, сонымен бірге қылмыс істеп құлға айналған қауым мүшелері жатты. Үй шаруашылығында құлдар еңбегі қолданылды, дегенмен олардың саны аз болды.

Қарапайым сауда қатынастарының даму нәтижесінде V ғасыр басында рыноктар пайда болды. Ең алғашқы рынок Хонсю аралының орталық бөлігіндегі қазіргі Осака қаласы ауданындағы “Қытай рыногы” болды. Жапон қорғандарынан табылған қытай тиындары осы континентпен сауда қатынастарын жүргізген деп болжауға мүмкіндік береді. Қоғамдық еңбек бөлінуінің негізінде мүлік теңсіздігі өсіп, аристократтық отбасылар бөлініп шыға бастады және құлдар мен бэлерді қанау күшейді. ІV ғасыр соңы мен V ғасырда патша функциясын атқаратын тайпа одақтарының көсемдерінің билігі күшейді. Оның билігі маңызды жер көлемін иелену, қауым мүшелеріне салық салу, құладар жаулап әкелу, егінші, қолөнерші бэлердің еңбегін пайдалану болды. Дамыған таптық қоғамда егіншілікпен шұғылданушы қауымның ролі күшті болды.

Жеке-жеке ақсүйектер отбасыларының билік үшін күресі барысында Сого әулеті 592 жылы патшаны өлтіріп, билеуші жағдайды иеленді. Өздерінің ықпалдарын күшейту мақсатында елге корейліктер мен қытайлар әкелген, VІ ғасырдан кең тарқай бастаған буддизмді қолданды. Сонымен бірге жапон тайпаларының ежелден келе жатқан пұтқа табынушылық діні синтоизмге (құдайлар жолы) үлкен соққы берді. Буддизм қалыптасып келе жатқан ерте феодалдық қоғамның алғашқы қауымдық қалдықтарына қарсы қолданған идеологиялық қаруы болды.

Билік үшін кескілескен күресте бұрынғы патша үйінің өкілі Сетоку Тайси билікке келеді. Сетоку-Тайси қызметінің атақты ескерткіші 604 жылы жасалған “17 статьялық заңы” болды. Бұл ескерткіште буддалық және конфуцилік діннің ықпалы күшті болды. Мұнда алғаш рет жапон аұсүйектерінің талабына сай мемлекеттік құрылысы анықталды. Бұл заң патша билігін күшейтуге жағдай жасады. Сетоку Тайси саяси тіректі сырттан табуға тырысты. 607 жылы Қытайға елшілік жіберді. Мәдени байланыстар орнатты. Сога әулетінің қарсыластары бірігіп, төңкеріс ұйымдастырды.



2.Тайк төңкерісі және елдегі реформалар, мемлекеттік құрылысы.

VІ-VІІ ғғ. қандас-туыстыққа негізделген қауым, ендігі жерде шаруашылық аймақтық байланыстар негізінде көршілік цауымга айналды. Мұнда ішінара жерді бөлу жұмыстары жүргізілді. Жеке отбасыларға бөлінген жер уақытша пайдалануға берілді. Шұрайлы қауымдық жерлер ру-тайпалык ақсүйектерге бөлініп, олардың жеке меншігіне өтті. Оларға кедейленген қауым мүшелерінен шыққан жартылай ерікті адамдар («табэ») жұмыс істеді. «Менікі» және «өзгенікі» деген үғымдар пайда болды. Алайда көптеген жерлер (ормандар мен алқаптар, көлдер мен тогандар) ұжымның қарауында қалды. Көршілік қауымның мұндай дуализмі алғашқы қауымдык қүрылыстың негізін бұзды және оның орнына келген таптар мен мемлекеттің құрылуын тездетті. Бүл көршілік қауымды жер иелеріне басыбайлы етуге жол ашты.

Жапониядағы төңкеріс және Тайка реформалары (645-646 жж.). Мемлекет пен таптардың қалыптасуы тайпалық одақтарда біріншілік үшін үзақ әрі, табанды күрес жағдайында жүрді. Бұл процесс Ү ғ. ортасынан бастап 587 ж. дейін Кацура, Хэгури, Отомо, Мононобэ, кейіннен тайпалық одақтың басында түрған Сого үйлері арасында қылаң берді. Ақырында бүл күрес Сого үйі мен «патшаның» Сумэраги руы арасында күшейді. VІІ ғ. басында тайпалық басқаруды өзгертуге және «аспан баласы»- монархтың басшылығымен орталықтанған күшті мемлекет құруға эрекет жасалды. Сол дәуірдің сауатты адамдарының бірі, ҮІ ғ. Жапонияға енген конфуцийлік, будизммен етене таныс, «Сого» үйінен шыққан тайпалық одақ басшысының мұрагері «принц» Сетоку-тайси (572-621 жж.) 603 ж. иерархиялық ақсүйектер үшін «12 ранг табелін» («Табель 12 рангов») жасады, 604 ж. «17 баптан тұратын Заң» шығарды. Онда мемлекет туралы және монархтың суверенитеті туралы конфуций ілімі мен буддизм идеялары басшылыққа алынды. Төменгідердің жоғарғыларға бағыныштылығы, шексіз билікке құқылы императордың басшылығымен орталықтанған мемлекет құру қажеттілігі жарияланды. Сетоку-тайси заңнамасы Тайка төңкерісінің («үлы өзгерістер») шығуына себеп болды.

«Тайка төңкерісіне» ру-тайпалық ақсүйектердің екі үйлер коалициясы: Сумэраги және Накатоми (669 ж. бастап Фудзивара тегін алған) дайындалды. Оны принц Нака-но Оэ, Накатоми Каматари және Абэ Курахасимаро басқарды. 645 ж. Сого үйі талқандалып, билікке Сумэраги үйі келді. Бүдан кейін 645-646 жж. төңкерістің мақсатымен тыгыз байланысты бірқатар реформалар жүргізілді. Ру-тайпалық ақсүйектердің бүрынғы мүрагерлік атақтары жойылды, сондай-ақ олар жерге жеке меншік құқығынан айрылды. Жер мемлекет меншігі жарияланды және император бақылауына алынды. Тандық Қытайдағыдай жер иеліктері «егістік жерлерді қайта бөлу» жүйесіне («хандэн») сэйкес 6 жьшда бір рет отбасылар арасында бөлінді. Осылайша Жапон қоғамының негізін жерге мемлекеттІк меншік құрады, ал халқы жер үлесін ұстаушыларға айналды. Шаруалар өздеріне тиесілі үлестік жерлерін тастап кетуге қүқысы болмады. Бұл бұрынғы ерікті қауым мүшелерін басыбайлы етудІң басы еді. Осы кезде жер қоры мен халық санағын мерзімінде зерттеу ісі қолға алынды.

VІІ ғасырда Жапонияда орталықтанған мемлекет құрылды. Мұнда тарихта “Тайк төңкерісі” деген атқа ие болған (сөзбе-сөз аударғанда “Ұлы өзгерістер кезі”) саяси төңкеріс үлкен маңызға ие болды. Принц Наканооэ мен Накатоми Камако бастаған ақсүйектер император сарайындағы Сого руының билігін жойды. Бұл төңкеріс және елде жүргізілген реформалар “Тайк реформалары” қоғамдағы дағдарысты жағдайлардан келіп шықты. Халықты алдыңғы басқару құрылымымен қанау мүмкін емес еді.



Тайка төңкерісі мен реформаларының маңызы императордың мұрагерлік билігі орнады, әскермен қамтамасыз етілген орталықтанған мемлекет қүрылды. Билік заңмен бекітілді, соңдай-ақ жапон халкының қалыптасу процесі аяқталды. Тайка реформалары, әсіресе мемлекет аппаратының құрылысы, жер туралы заңдары Қытай үлгісінде жасалды. Императорлық Нара мен Хэйана қалаларының қүрьшысын салуға Тан және Суй империясы астаналарьшьщ (Чаньан, Лояна қ.) сәулет өнері ықпал етті. Мемлекеттік басқарудың жаңа әкімшілік жүйесі енгізілді: провинциялар мен уездер құрылып, оған орталық үкімет губернаторлар мен уезд бастықтарын тағайындады. Олардың негізгі қызметі егістік жерлердің бөлінуі мен міндеткерліктердің өтелуін қадағалау, халық санақтарының жүргізілуі мен алым-салықтардың жиналуьш бақылау болды.

Реформаларды жүргізуге сыртқы факторлар да әсер етті. Қытайдағы Тан империясы күшейіп Корей түбегін тіпті Жапонияның өзін жаулап алу қаупі күшейді.



VІІ ғ. екінші жартысы мен VIII ғ. басында Жапонияның мемлекеттік аппараты әрі қарай дамыды. Ортапық үкіметтің орнынабірінші министр басқаратын мемлекеттік (үлкен) кеңес құрылды. Оған сегіз атқарушы департаменттер бағынды, соның негізгілері әскери, заң және қаржы саласы. ҮШ ғ. басында Жапон халқының саны 60 млн.-ға жетті. ІХғ. ортасынан бастап император билігін ығыстырған Фудзивара үйінің ықпалы күшейді. Жапон халқы көптеген славян және герман тайпалары сияқты қүлдық қоғамға соқпай алғашқы қауымдық қүрылыстан бірден феодализмге өтті. Ертефеодалдық кезеңде алғашқы және қүлдық қоғамның сарқыншақтары сақталды. Тіпті феодалдық қатынастар жүздеген жылдар бойы құлдық қатынастармен қатар дамыды.

645 жылдан бастап-ақ үкіметтік басқару аппаратын қайта құру басталды. Арнайы министрліктер құрылды. Императордың кеңесшілері тағайындалды. Жергілікті дәрежеде де өзгерістер енгізілді. Шығыс облыстарда жерді өлшеу жүргізілді, тұрғындарға тұрақты салық жүйесі енгізілді, провинциялардың губернаторларымен, уездердің басшылары тағайындалды.

Сотқа арыз берудің жаңа жүйесі енгізілді. 646 жылғы Үкімет жарғысынан көрінгендей реформалардың мәні төмендегідей:

1. Жеке жер иеленуді өзгерту, император отбасымен аристократтарға тәуелді адамдар категорияларын жою, адамдар мен, жерді түгел мемлекет меншігі деп жариялау. Аристократтар компенсация ретінде ранглік, қызметтік және басқа үлестер алып, қанаушы тап жағдайын сақтап қалды.

2. Басқарудың орталық органдары құрылды, территориялық әкімшілік бөлу енгізілді.

3. Жер есебі алынды, қауым санағы жүргізілді, әрбір шаруа жер үлесін алатын болды.

4. Ұйымдастырылған жаңа салық жүйесі енгізілді.

Бұл реформалар орталықтанған мемлекет құруға бағытталған еді. Бұл реформа кейін 647,649 және 664 жылдары өз жалғасын тауып отырды.



Жапонияда 645 ж. бастап әр императордың ерекше атаумен аталатын басқару жылдары көрсетілетін ресми жы санау жүйесі бекітілді. Елдің императорға — «тэнно» (жогары) тікелей бағыньштылығы жарияланды. Халық екіге бөлінді: тең құқылы адамдар («ремин» — мейрімді адамдар) оларға шаруалар мен қолөңершілер кірді, екшшісі, «төменгі халық» қарапайым адамдар («сэммин» — тэуелділер).
Шаруашылықтың маңызды саласы — егіншілік елдің 80-90% қүрайтын шаруалардың (ерікті қауым мүшелері) қолына шоғырланды. Өндірістің негізін шаруалар құрады, өнімділігі төмен қүлдардың еңбегі тек қосымша шаруашылыққа пайдаланылды. Оның үстіне Жапон аралдарының таулы болуы мен қарапайым ауыл шаруашылық құралдары ірі патифундиялар құруға мүмкіндік бермеді. Әйтпесе, тау-тасты жерлерді өңдеуге тегін құл еңбегі тиімді болар еді. Қүлдық қоғамға өтуге құлдарды толықтыру көздерінің шектеулі болуы кедергі жасады. Жапон кұлдығы феодалдық ақсүйектердің қарауындағы үй құлдығымен ерекшеленді. Сондай-ақ кұл еңбегі монастырьлар мен храмдарда пайдаланылды.

Ертефеодалдық мемлекеттің аграрлық заңын «Тайхо» кодексі бекітіп берді. Бұл заң жерге мемлекеттік меншік қағидасы мен оны мезгілдік бөлу құқығын бекітті. Алайда, Жапонмядағы феодапдану процесі жерге мемлекеттік меншік қағидасы мен жер үлесі жүйесінің қүйреуіне экелді. Заңға сәйкес егістік жерді бөлу мерзімі ұзаққа созылып, біртіндеп жер бөлінісшің мүлдем тоқтатылуына, ақырында жердің жеке иеліктерге өтуіне жол ашты. X ғ. екінші жартысында жерді ұстаушылар үлестік жерлерін сақтап қалуға тырысты. Шаруалардың шаруашылық бастамасына мемлекеттік реттеу мен бақылаудың күшеюі кедергі келтірді. Сондай-ақ, феодалдардың орталыққа кету тенденциясы мен жерді сатып алу-сатудың іске асырылуы жер бөлінісін тоқтатуға негіз болды. Жапониядағы құнарлы жерлердің бәрі феодал ақсүйектері мен синтоистік және буддистік храм иелерінің қолына шоғырланды. Басқаша айтқанда, жерге меншік иерархиясы белгілі саяси билік иерархиясымен сәйкес болды.

3.VII-X ғасырлардағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыртқы саясаты. Белсенді сыртқы саясат қарастырып отырған кезеңнің тек бас кезінде ғана жүргізілді. 663 жылы Кореяның ішкі істеріне араласу жеңіліспен аяқталды. Аралға Қытай шапқыншылығының қаупі төніп, жапондар жағалауда бекіністер сала бастады. Астана 667 жылы Нанива портыван елдің ішкі Оми ауданына көшірілді. 653, 654, 659, 665 жылдары Қытайға арнайы елшілер жіберілді. 668 жылы император Тэндзи (бұрынғы принц Наканооэ) тұсындағы алғашқы заң кодексі “Омире” кодексінің жарық көруімен және 670 жылы алғашқы бүкіл ел көлемінде тұрғындардың санағының жүргізілгенінен орталықтанған мемлекеттің негізі қаланды.

Ерте орта ғасырлардағы Жапониядағы жер иелену екі формада мемлекеттік үлестік жүйеде және ірі жеке феодалдық вотчина (ірі жер иелеріне рулық мұра есебінде берілген иелік) негізінде (сеэн) берілді. Үлестік жүйені ресми түрде енгізу VІІІ ғасыр жатады. Осы кезде 702 жылғы “Тайхоре” кодексінде ерте феодалдық аграрлық құрылымдардың негізгі принциптері заң жүзінде бекітілді. Әрбір шаруа жерді отбасы мүшелерінің санына қарай 6 жастан асқан баланың есебіне қарай алды. Ер адамдардың үлесінің мөлшері 2 тан (1 тан -0,12 га) болды. Ал әйелдерге 2/3 берілді. Әр 6 жыл сайын отбасы мүшелерінің өзгеруіне байланысты жер қайта бөлініп отырды. Үлестік жері бар шаруалар мемлекетке дән салығын және қолөнер бұйымдарының салығын төлеуге мәжбүр болды. Азық-түлік рентасынан бөлек шаруалар барщиналық міндеткерлік өтеді. Шаруалардың үлестік жерден кетуі немесе одан бас тартуға тыйым салынды. Үлестік шаруалар “Тайхере” кодексі бойынша “қайырымды адамдар” деп аталды, ал құлдар “төменгі адамдар” деп аталды. Сонымен ерте феодалдық заң бойынша құлдық сақталып қалды. Құл иелену қосымша жер иеленуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік құлдарға азат адамға берілетін жер үлесімен бірдей үлес берілсе, ал жеке тұлғалардың құлдарына азат шаруа үлесінің 1/3 бөлігі берілді. Ақсұйектердің құлдары өте көп болды да, ол құлдар есебінен көп жерге ие болды. Билеуші топтар өздерінің құлдарын көбейтуге тырысты. Құлдарды негізінен жаулап алған жерлерінен әкелді десек бұл кезде жаулап алу соғыстарының болмауына байланысты құлға айналдырудың басқа жолдарын қарастыра бастады. Ақсүйектер шаруаларды ұрлауға, күшпен әкетуге, әсіресе кішкене балаларды әкесінен сатып алуға көшті. Салық төлемеген және қылмыс істеген шаруалар құлдарға айналып отырды. VІІ ғасырда бүкіл халық саны 6 миллион болды, оның 10-15 % құлдар құрады. Құлдар еңбегі негізінен құрылыс істерінде қолданылды. Нира қаласын негізінен құлдар салды. IX ғасырдан құл еңбегі сирек қолданылып, кейін мүлде жойылды.

Елді билеушінің абыройын көтеру мақсатында оған император (тэнно, сөзбе-сөз “аспан ұлы”) титулы беріліп, оның шығуы жөнінде құдаймен байланыстырылған аңыз қалыптасты. Император жанындағы жоғарғы мемлекеттік орган Мемлекеттік Кеңес болды. Орталық үкімет құрамына 8 ведмоства кірді. Олар: діни істер, қамба және қаржы, жалпы мемлекеттік істер, азаматтық істер, әкімшілік істер, сән-салтанат және шендер, сарай ведмоствасы, әскери істер, қоғамдық істер ведмоствасы. Ел провинцияға, провинциялар уездерге бөлінді.

Ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы әкімшілік-саяси, қолөнер-сауда және діни орталықтардың құрылуына жағдай жасады. 320 жылы корей-қытай қоныс аударушылары Нанива қаласының негізін қалады (қазіргі Нанива қаласы). 593 жылы Асука қаласы салынды. Бұл қалаға солтүстік Корей мәдениетінің ықпалы күшті болды. VІІІ ғасырдан қалалардың салынуында Қытай ықпалы күшейді. 710-787 ж.ж. және 792-1192 мемлекеттің астанасы Нара, Хайан қалаларының салыну жоспары Қытайдың Чанань қаласының үлгісімен салынды. Нара, Хайан қалалары ірі сауда және қолөнер орталығы болып онда жоғары сапалы сән салтанатты қолөнер бұйымдары, парча, металл бұйымдар мен ауылшаруашылық құралдар тағы басқа тауарлар қала рыногына шығарылды.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. Жуков Е.И. История Японии. М.,1969.

10.История Японии (с древнейших времен до наших дней) М.,1988.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет