ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет9/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

16 Дәріс. Ұлы Моғол империясы.

Мақсаты:

Жоспары

  1. Бабырдың Үндістанды жаулауы. Бабырнама.

  2. Ұлы Моғолдар империясының ішкі құрылымы.

  3. Феодалдық жер иеленушіліктің дамуы.

  4. Акбар реформасы.

  5. Мәдениет.

Моғол империясы саяси-әкімшілік құрылымы жағынан феодалдық деспотияға негізделген мемлекет. Сословиелік мекемелер, сайлау ұйымдары болған жоқ. Мемлекет басында – падишах – сұлтан – шексіз билікке ие болды. Моғол империясында, декан сұлтанаттарында т.б. бірқатар қалаларда ислам мемлекеттік дін, биліктің тірегі болды. Сондықтан билеушілер ең алдымен мұсылман ақсүйектерінің мүдделерін қорғады. Мұсылман ақсүйектері жоғарғы билік басында ықпалды билікке ие болды. Әмірлер мен мансабдарлардың басым көпшілігі жаулап алушылар немесе мигранттар болды немесе солардың ұрпақтары. Жаулап алушылардың Орта Азиядан, Иран, Ауғанстаннан шыққаны белгілі. Мансабдарлардың арасында жергілікті ақсүйектер, индус дінін ұстаушылар болды.

Мемлекеттің түпқазығы – билеуші адамдар, маңызды мекемелердің басқарушылары болды. Салық мекемесін – диван немесе уәзір; әскери мекемені – мир-бахши; шеберханалар мен әр түрлі «қызметтерді» - мгер – саман; мұсылмандық істерді – садр – ус – судур (кази ул – куззат) басқарды. Маңызды қызметтерге сұлтан тағайындады. Провинция – жергілікті жерлер – суба, ірі қалаларды – қала басшылары – котвал басқарды. Сұлтанға әр жауапты чиновник өз штатынан қызметкерлердің кандидатурасын ұсынды, оларға ақы төленді немесе жер түрінде берілді. Ақша алумен шектелген чиновниктер – накди, ал қызметкерлердің басым көпшілігі әскербасыларды қоса джагир – жер үлестіріп алды.

Джагир – мансабдарға белгілі бір жерден (деревня, бірнеше деревнялар, аймақ) қазынаға төленетін салықты жинау құқығы. Джагирді қайтарып алып отыруды немесе басқа жерлерге ауыстырды. Сұлтанның жарлығымен джагирдардың жер шаруашылығынан алынатын мемлекеттік салық көлемі белгіленді. Диван және чиновник джагирдардан табыстары мен шығындар жөнінде есеп талап етті. Оның тиісті міндеттерді белгілі бір әскер санын ұстау, қандай да әкімшілік қызметтерді атқаруды орындауын қадағалады. Іс жүзінде джагирдарлар өздерінің міндеттерін үнемі орындаған жоқ. Джагирде өз жанұясымен тұрып, өнімнің мөлшерін өзі анықтады, джагирді мұраға қалдырып отырды.

Джагир батыс Еуропадағы бенефицийге ұқсас, Бенефиций немесе ленге қарағанда джагирдардың жеке меншік құқықтары шектеулі болды.

Сұлтанның иелігінде іс жүзінде халисе («ерекше», «айрықша») жерлері болды, оны чиновниктер арқылы басқарды. Халиседен түскен табыс бекіністер салуға, сұлтан саарайының қажеттеріне, гарем, әскер, ат қора, жеке гвардия, мемлекеттік кархан, т.б. қызметтерді төлеуге жұмсалды.

Билеушіге тиісті жерлерден түскен табыс джагир жерлерінен келетін табыстан аз болды. «Аин – и Акбари» мәліметтері бойынша 67-76 % салық көлемі джагирдарлардың қалтасына түсті. Халисе жерінен түсетін салық 24-36 %. Осы табыстың бір бөлігі ақысын ақшалай алатын мансабдарларға берілді.

Джахангир кезінде халисе жерінен түсетін табыс 50 лакх рупийді құрады, салықтың 5 % ғана қамтыды. Қаржы тапшылығы бұрын қазынадағы қор есебінен жабылды. Бұл қысқару жерді есепсіз тарату нәтижесі. Сұлтанның бұл әрекетіне сарайда наразылықтар өсті. Шах – Джахан кезінде халисе жерлерінен табыс 3 крор рупий, ал джагирдарлардан түсетін табыс – 22 крор болды.

Барлық кірістің 1/7 бөлігін құрады. Аурангзеттің алғашқы билік құрған жылдарында Халисе жерлердің қоры өсіп, билік құрушы үйдің табысының 1/5 құрады. Акбар кезіндегі қазына табысынан сәл ғана кем болды. Алайда көптеген джагир беру халисе жерінің қорын тауысты. Аурангзебтің шексіз соғыстары мен жазалау жорықтары көп қаржы талап етті. Сұлтанның джагирдралардың табыстарын қысқартуға ұмтылуы олардың қатты қарсылығын туғызды.

Джагирлық жүйе ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы сияқты раджпут және басқа жергілікті феодалдық иеліктердің шартты жерлері болып табылады. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. деректерде оларды ватандарлар немесе заминдарлар деп атады. (жер иелері). Бір бөлігі империялық иеліктен тәуелсіз болып, табысты феодалдық рента түрінде иеленді. Енді бір бөлігі делдалдық роль атқарды. Заминдарлар жергілікті индус-феодалдардың жерлері.

Жерге меншіктің категорияларының бірі – мүлік жерлері. Заң жүзінде, іс жүзінде де мүлік жерлері мұраға қалдырылды. Жаңадан игерілген жерлер, сулы жерлер, деревнядағы қауым жерлері, қалалардағы үйлер тұрған жерлер – мүлікке жатты.

Қандай да салық төлеуден босатылған жерлер - мұсылман мешіттері, сопылық монастырь – ханека, медресе, индус храмдары, жеке дінбасылар, абыздар, тұтас діни қауымдар иелігіндегі жерлер. Деректерде оларды сойырғал, мадад - и-мааш, мадад и харадж, инам, вазифа – йе – аима деп атады. Көлемі жағынан ұсақ және орташа жер теліктері болды.

Үндістандық мұсылман өнерінде тек сәулет өнері дамып қойған жоқ, сонымен бірге кескіндемеге көңіл бөлінді. Үндістандағы мұсылман кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы исламдық пуриатанизмді үнділік рух біржолата жеңгендігін көрсетті.

Ислам сәулетінің көне ескерткіштері қатарына Аджмердегі (Раджастхан) мешітті жатқызуға болады. Ислам сәулет өнеріне тән қабір басындағы ескерткіштер, күмбездер өзіндік ерекшеліктерге ие. Үнділік ислам сәулет өнеріне тән негізгі белгі – қоршаған табиғатпен жарасып тұратындығы. Сондықтан да бақтардағы мешіт жанында орналасқан исламға тән мұнаралар сәулет құрылысында пайдаланылды, оның құрылымы өте жақсы дамыды. Үнді сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға ықпал жасады. Ахмадабатағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі сәулет ескерткіші – Джами – Мазджид мешіті (1424 ж. салынған). Үндістандағы ерте ислам сәулет өнерінің інжу – маржаны – 1514 жылы салынған Рани Сепари мешіті, сонымен қатар Ахмад – шаһ (1414 ж.) мешіті. Сасарамдағы Шет – шаһ кесенесі мейлінше әсем және жақсы салынған (1540 – 1543). Бұл – иундар құмтасынан салынған сегіз қабырғалы кесене болатын.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Индия мәдениеті түрлі этнолингвистикалық және конфессионалдық қауымдардың мәдениетінің жиынтығы, ерекше, жан-жақты және көпқырлы. Индия мәдениеті ең алдымен бай, көпғасырлық дәстүрге негізделді, индуизммен тығыз байланысты еді. ХІІІ – ХҮ ғғ. Орта Азия, Иран, т.б. мұсылман әлемінің елдерінен келген ислам мәдениетімен синтезі жүрді.

ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. елдің мәдениетінің дамуында парсы тілі үлкен роль атқарды. Парсы тілі – Индиядағы мұсылман елдерінде ресми тіл болды. ХІІІ ғасырдан бастап жергілікті тіл мен әдебиет туындыларына ықпал етті. Осы кезеңдегі әдебиеттегі стиль күрделі, қарапайым адамдарға түсініксіз, ерекше болуымен айқындалды.

Моғол империясында парсы тілінде жазған ақындар Мулла Джами Бихуд, Мир Джалауддин Саядат өмір сүрді. Абул – Фазл Аллмаидің ағасы Файзи ең көрнекті ақындардың бірі. Аурангзебтің ағасы Дара Шукох сопылардың философиясы мен діни ізденістерімен жақсы таныс болды. Оның ықпалымен санекриттен «Бхагавадгита» т.б. шығармалар парсы тіліне аударылды. Ведалар, упанишадаларды жақсы білген, «Бес кітап» пен «Жаңа өсиет» пен таныс болған Дара Шукох, «менің дінім – Жетпіс екі халықтың діні» - деді. Көзқарастары үшін қудаланып, жазаланды.

Абдул – Кадир Бедиль (1644-1720) – философ – пантеист, индуизм философиясымен жақсы таныс, соңғы көрнекті парсы тілінде жазатын ақын.

Моғол кезеңінде парсы тіліндегі тарихнама одан әрі дамыды. Шежірежел – проза жанрының ерекше бір түрі. Ғалым-тарихшылардың әлеуметтік және саяси көзқарастарын білдіретін құрал болды. Абдул – Фазл – Аллами – парсы тіліндегі көрнекті тарихшы. Оның көрнекті, көлемді «Акбар-наме» - сұлтан Акбар кезіндегі 1556-1593 жылдарды толық қамтиды. Соңғы бөлімінде «Аин – и - Акбари» (Акбардың ұстанымдары) – сарай өмірі, Кархане – мемлекеттік шеберханалар мен қызметтер, армияны ұйымдастыру, Акбар реформалары, қызмет адамдарына арналған жадынамалар беріледі.

Абул – Фазл тарихшы ретінде өз замандастары - Низам уд – Дин Ахмад т.б. ықпал етті. Низам уд – Дин Ахмадтың көрнекті шығармасы «Таба – кат – и Акбари» («Акбардың разрядтары»). Абдул – Кадир ибн Мулук – Шах Бадауни – көрнекті тарихшылардың бірі, өзінің «Таңдаулы тарихтарында» («Мунтахаб ат – таварих») Акбардың реформаларына қарсы шығады. ХҮІІ ғ. бірінші жартысында көптеген тарихи шығармалар жазылып, билеушілер Джахангир мен Шах – Джаханға марапаттауларға негізделеді.

Эпистолярлық жанр негізінде прозалық шығармалар дамыды. Аурангзебтің қамаудағы әкесі Шах – Джахан мен ұлдарына жазған хаттары ерекше құнды. Бабырнама

Бабырдың немересі Бүлбадан – бегім әкесіне арнап «Хумаюн-наме» мемуарын жазды. Джахангир – сөз өнерінің хас шебері, өнердің бағасын білетін жан-жақты билеуші. «Джахангир – наме» мемуары құнды тарихи дерек.

Парсы тілінің ықпалымен хиндустани тілі, әсіресе оның әдеби түрі – урду араб графикасын қабылдап дамыды. Урду әдебиетінің маңызды орталығы ХҮ ғ. бастап Деканның қалалары болды. Мухаммад Кули Кутб – шах және Ваджихаурду тілді поэзияның көрнеті өкілдері. ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ. басында бұл қалалар әдебиет провинцияларына айналып, Дели орталық болды. Сафруддин Мухаммад Фаиз – көптеген Маснави және Газемилердің авторы. Оның ықпалымен қалыптасқан ақындар – Мир Таки Мир, Назир Акбарабади.

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Индияның басқа – бенгали, маратхи – тілдерінде бай әдебиет қалыптасты. Бхакти идеялары ықпал етті. ХҮ – ХҮІІ ғғ. көрнекті бхакти – ақындар құтқарудың жолы құдайға сенім идеясын синкретизм идеясы үнді – мұсылман мәдени синтезінің жарқын көрінісі. ХҮІ ғ. бхакти поэзиясының көрнекті өкілі сикхтар гуруы Нанак ХҮ ғ. атақты ақын – бхакты Кабира ықпалымен жазған өлеңдері «Ади Грантх» қасиетті кітабына кірді. Бенгалиядағы ақын-бхакт, діни қайраткер Чайтанья маратхида Намдев пен Экнатх. Хинди варианттарының бірінде Тулси Даса поэмасы «Рамаяна» жазылды, әлеуметтік утопияны білдіретін «Царство Рамы» - әділеттілік патшалығын сипаттайды. «Рамаяна» поэмасының кейіпкерлері хинди тілді тұрғындардың арасында белгілі болды. Поэманың адамдардың, соның ішінде, ең төменгі топтағылардың да Құдай алдындағы теңдігін жырлауы қарапайым халыққа жақын да түсінікті еді.

Аградан шыққан соқыр ақын, батыс хинди тілінде жазған – Сұрдас әлеуметтік теңдік утопиясын суреттеді. Оның «Гокуль деревнясы» - адамдардың бәрі тең, әділеттілік үстем болған патриархалдық қауымдық идеал.

Діни синкретизм идеясы саяси ой-пікірде де көрініс тапты. Жоғарыда айтылған тарауларда Абул – Фазл Аллами шығармашылығында және Акбардың діни саясатында көрінісі тапты.

ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үнді архитектурасында терең із қалдырды. Құрылыстарда екі жақты ықпал: жергілікті үндіс және ортаазиялық-ирандық архитектуралық стильдердің синтезі және құрылыс ішіндегі техникалық прогресс жолымен дамыды.

Архитектуралық стильдердің синтезі әсіресе Акбар кезінде тұрғызылған құрылыстарға тән. Аградағы бекініс – қамал, Фатих пур – Сикридегі құрылыстарда раджпут бекіністерінің сәулет өнері мен индус, джайна храмдарының ықпалын білдіреді. Фатихпур – Сикри 1569-1585 жж. Акбардың резиденциясы болды. Сонымен бірге мұсылман кесенелеріне тән қатал формалармен бірге, үнді архитектуралық дәстүріне тән декордың байлығы да бар.

ХҮІ ғ. екінші жартысындағы сәулет өнерінің маржаны Делидегі Хумаюннің кесенесі. Иран сәулет өнерінің үлгісімен парктің ортасында орналасқан. ХҮІ ғ. екінші жартысында фонтондар мен су көздеріне бай парктер салу өнері жоғары дамыды.

Моғолдар кезеңінің құрылысшылары мәрмәрді жиі қолданған. Акбардың сарайлары мен қамалдары мәрмәрдан тұрғызылған, шеберлер өңдеуге күрделі тасты шебер өңдеп, одан шілтердей нәзік туындылар жасаған.

Әдебиеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Индии в средние века М.,1967.

10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.

11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.

12.Касты в Индии М.,1965.

13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.

14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.


17 Дәріс. Арабтар.

Мақсаты:

  1. Аравияның әлеуметтік-экономикалық дамуы.

  2. Арабтар мемлекетінің құрылуының алғы шарттары.

  3. Халифаттың мемлекеттік құрылысы.

1. III-VI ғ.ғ. арабтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, діні, саяси тарихы.

Арабия түбегі 3 млн. шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ежелден бұл территорияны арабтар мекендеді. Бұл аймақтың әртүрлі аудандарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы біркелкі болған жоқ. Табиғат жағдайларына қарай оның тұрғындарын отырықшы егіншілер, көшпелі малшылар деп бөлуге болады. Аз ған бөлігінде егіншілік дамыды. Иеменнің қару жарақ шығарумен, тері өңдеумен даңқы шықты. Оңтүстік Арабияда алтын шығарылды. Иеменнің ертерек дамуына оның сауда жолында делдалдық саудамен айналысуы себеп болды. Арабиядағы көшпелі малшыларды – бедуиндер деп атады. Бедуиндер негізінен түйе өсірумен, сонымен бірге жылқы, қой, ешкі өсірумен шұғылданды. VI-VII ғасырларда бедуин тайпаларында алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау процесі жүріп жатты. Тайпа ақсүйектері қора-қора малымен, жайылымдарымен ерекшеленіп тұрды. Бұлармен қатар өздерін заңды түрде тәуелсіз деп есептейтін, бірақ мәжбүрлі түрде ақсүйектерге жұмыс істейтін тәуелді адамдар болды. Арабтарда маңызды мөлшерде құлдықта таралды. Құлдар негізінен Африкадан әкелінген шетжерліктер болды. Құл еңбегі экономикалық құрылыстың негізі болған жоқ.

Иемендегі құлиеленушілік құрылыстың дағдарысы және бедуиндердегі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезеңі Арабияның сыртқы жаулап алушылардың обьектісіне айналу кезіне сәйкес келді. VI ғасырда Византия мен Иран Иемен мен Батыс Арабия арқылы өтетін сауда жолдары үшін күрес жүргізді. 572-628 жылдары Иемен Сасанидтік Иранның сатырабына айналды.

2. Исламның пайда болуы. Аравияның біргуі. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы, тайпалық ақсүйектердің жерді, малды, маңызды кіріс бөлігін жеке меншікке айналдыруға ұмтылуы Арабияның саяси бірігуінің негізгі алғышарттарына айналды. Бұған оңтүстік Арабия құлиеленушілік мемлекетінің құлауы және сыртқы жауларға қарсы тұрудың қажеттілігі де әсер етті. Бірігудің орталығы егіншілікпен, сауданың, қолөнердің біршама дамыған ауданы Хиджаз болды. Хиджаздың Мекке, Таиф, Ясриб сияқты қалалары көшпелі тайпалармен тығыз байланысты болды. Меккенің географиялық орналасуы оның тұрғындарының отырықшы мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасады. Мекке тұрғындарының көп бөлігі Курейш тайпасынан тұрды. Қаланы Омейядтар руы басқарды. Тайпалық жіктелуді жеңіп, біртұтас араб мемлекетін құру бір құдайға табыну идеологиясына келіп тірелді. Аравияның әртүрлі аудандарында бір құдайға сыйынуды уағыздаушылар пайда бола бастады. Меккеде мұндай насихаттаушы Мұхаммед (570-632 ж.ж.) болды. Ислам діні 610 жылдар шамасында пайда болды. Алғашқыда ол Меккеде кең қолдауға ие болмады. Мұхаммедтің насихатын алғашқыда тек отбасы мұшелері мен бірнеше жақын туыстары ғана мойындады. Мұхаммедтің жақтастары “өздерін құдайға тапсырғандар” (муслимуна, мұсылмандар) деп атай бастады. 614 жылдан мұсылмандар саны 40-50 адамға жетіп, Мұхаммед көпшілік алдында үгіт-насихат жасай бастады. Мекке билеушілері Мұхаммедтің жақтастарын қуғындай бастады. 616 жылдың аяғы мен 617 жылдың басында кураиш руының рулары хашимит руына байкот жариялады. Ол бойынша: хашимиттермен сауда жасауға, іс жүргізуге, некеге тұруға тыйым салынды. Байкот 619 жылға дейін созылды. Осы кезде Мұхаммедті қолдаушы Абу-Талиб, сүйікті әйелі Хадиша қайтыс болды. 620 жылдан араб және иудей тайпаларының өзара қырқысынан әбден шаршаған Иасриб қаласында Мұхаммедтің үгіт-насихаттары естіле бастады. Иасриб қаласының тұрғындары Мұхаммедпен ауызша келісім жасады. Келісім бойынша: Иасрибтықтар Мұхаммедтің рухани абыройын мойындап, қалада өмір сүруіне кепілдік берді. Мұсылмандардың Меккеден Иасрибке көшуі басталды, ол 622 жылы 22 қыркүйекте Мұхаммедтің Иасрибке келуімен аяқталды. Мұхаммедтің Иасрибке келуі ислам тарихында төңкерісті оқиға болып, сол жыл хиджра (өз тайпасынан байланысты үзіп, басқадан пана табу) деп аталды да, мұсылман жыл санауының басы болды.

Иасрибке келген соң Мұхаммед дін уағыздаушы ғана емес, саяси қайраткерге айналды. Иасриб қаласы Мадина (Мадинат ан-наби –Пайғамбар қаласы) деп атала бастады. Жаңа жерде бекініп алған соң Мұхаммед меккеліктермен күрес бастады.

Ұзаққа созылған соғыстан кейін 630 жылы Мекке қаласының билеушісі Абу Суфиан Мұхаммедтің билігін мойындайды. 631 жыл ислам дінінің бүкіл Арабияға таралу жылы болды. Бұл жылы Таиф қаласының тұрғындары, Иеменнің, Орталық Арабияның және Бахрейннің әртүрлі тайпалары ислам дінін қабылдады.

3. Алғашқы халифтар тұсындағы Аравия және олардың жаулап алу жорықтары.

Мұхаммедтің өлімінен кейін мемлекет билеушілері оның туыстарынан сайланып, “халиф” титулын (пайғамбардың орынбасары) алды. Сайланған халифтар төртеу болды: Абу Бакр (632-634ж.ж.), Омар (634-644ж.ж.), Осман (644-656ж.ж.), Али (656-661ж.ж.). Алғашқы халифтар жаулап алу жорықтарын жүргізді. Араб жаулап алу жорықтарына халқаралық жағдай да қолайлы болды. Византия мен Иран арасындағы ұзаққа созылған соғыс (602-628 ж.ж.) сол уақыттың екі державасының күштерін сарқыған еді. Арабтар көп әскер жинап, бір уақытта Иранмен де Византиямен де соғыс бастады.

640 жылы Палестинаны, Сирияны, Египетті (640-642 ж.ж.), одан әрі Солтүстік Африкаға, ал 649 жылы Карфагенге жетті. 634-651 жылдары Иранды түгел жаулап алды. VII ғасыр ортасында Армения мен Грузияның бір бөлігі арабтардың вассалына айналды.

VIIІ басына дейін араб жаулаушылары бағындырған елдерінде жергілікті тәртіпті сақтап қалды. Жаулап алу нәтижесінде арабтар жаңа жерлерге қоныс аударды. Олардың бір бөлігі отырықшылыққа көшіп, басқалары көшпенділер күйнде қала берді. Бірқатар жерлерде арабтану процесі жүрді. Мысалы Иракта, Сирияда және Египет пен Солтүстік Африкада арабтану процесі жүріп, олар ислам дінін, араб тілі мен жазуын қабылдады. Ал Кавказға, Иран мен Орта Азияға қоныс аударған арабтар жергілікті тұрғындармен араласып, олардың мәдениетін қабылдады.

VII ғасыр ортасында Халифатта азамат соғысы басталды. Оны Мұхаммедтің туысқан інісі және күйеу баласы Али басқарды. Алидің жақтастары өздерін шейіттер деп атады. VII ғасыр ортасында исламның үш ағымы қалыптасып болды. Олар сунидтер, шейіттер және хариджиттер.

4. Омейядтар халифаты. Азамат соғысында араб феодалдық ақсүйектері жеңіске жетті. 661 жылдан 750 жылға дейін араб халифатын Омейядтар руы басқарды. Халифаттың астанасы Дамаск қаласы, Халифаттың орталық облысы Сирия болды. Сирия Азөамат соғысы салдарынан үзіліп қалған жаулап алу жорықтарын жалғастыру үшін тірек орталығы болды. VII ғасыр соңы мен VIIІ ғасыр басында арабтар Солтүстік Африкада берік тұрақтанды. 711 жылы Испанияға еніп бүкіл территориясын басып алды. Византияның астанасы Константинопольді бірнеше рет қоршауға алды, бірақ арабтар бұл жерлерде түрақтана алмады. VIIІ ғасыр басында арабтар Армения, Картли, және Картли түбегі жаулап алынды. 705-715 жылдары Орта Азиядағы соғыс қимылдарынан соң Хорезм мен Амудария аудандары жаулап алынды. 751 жылғы арабтардың Қытай әскерімен күресіндегі жеңісі халифаттың Орта Азиядағы ықпалын күшейтті.

Византия мен Иранның африкалық, азиялық провинциялары, Закавказье, Орта Азия, Испания елдері араб жаулаушылығы кезінде алғашқы феодалдану сатысында еді. Халифатта феодалдану процесі шапшаң жүрді. Жердің жоғарғы егесі –мемлекет болып есептелді. Халифатта жер иеленудің бірнеше формалары болды. Шаруашылықта анық дайындайлған салық жүйесі өмір сүрді. Салықтың түрлері: Зекет салығы – қолөнермен, саудамен және малшаруашылығымен айналысатын малшылар төледі; Джизья – мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы; Ұшыр – мұсылмандардан алынатын жер салығы; Харадж мұсылман еместерден алынатын жер салығы;

Саяси құрылысында бірқатар өзгерістер жасалды. Омейядтар мемлекеттік қызметке тек арабтарды алды. Барлық іс қағаздары араб тілінде жүргізілді. Араб тілі Батыс Азия, Солтүстік Африка және Испанияға дейінгі жерлерде халқаралық тіл ролін атқарды. Халифат өз теңгесін шығарды. Почта байланысы жолға қойылды. Халиф – барлық азаматтық және рухани (діни) билікке ие болып, оның билігі мұрагерлікке берілді. Өте үлкен мемлекетті басқару үшін наместниктік жүйе ұйымдастырылды.

Омейядтар Сирия мен Египеттегі ақсүйектерге арқа сүйеді. Ал оларға қарсы оппазицияға Алидің ұрпақтарымен Аббасидтер (пайғамбардың туысы Аббастың ұрпақтары) және пайғамбардың Мекке мен Мединадағы сыбайластары болды. Араб емес феодалдармен мұсылмандар да наразылық танытты.

VIIІ ғасыр ІІ ширегінде халифатта көтерілістер етек алды. 728-737 ж.ж. Мауренахрда соғдылықтар, 734-743 ж.ж. Магрибте берберлер және Испанияда, 740 жылы Куфте шейттер, 744-747 ж.ж. Қосөзенде, Батыс Иранда және Оңтүстік Аравияда хариджиттер көтеріліске шықты.

747 жылы Аббасид имамы Ибраһим ибн Мухаммад көтеріліс ұйымдастыру үшін өзінің құлы Абу Муслимді жібереді. Ол Мервке келіп өзін 7 пайғамбардың бірімін деп уағыздай бастады. Бұндай ұран Омейядтарға қарсы барлық топтарды шейіттерді, хариджиттерді біріктірді. Көтеріліс негізінен Хорасанды қамтып, көтерілісшілер ірі қалаларды бағындырды. 749 жылы Аббасид Абу-аль-Аббас-ас Сафах халиф болып жарияланды. Аббасидтер билікке келген соң көтерілісшілер Абу Муслимнің ұрандарының барлығы тек билік үшін жасалғандығын түсінді. Елде жаппай қырып-жою басталды.



5. Аббасидтер халифаты. Аббасидтер халифы билікке иран жер имеленушілерінің көмегімен келгендіктен оларды маңызды мемлекеттік билік орындарына қойды. Аббасидтердің астанасы – Бағдат қаласы болды (762 жылы салынған). Аббасидтердің Омеядтардан ерекшелігі жаулаушылық соғыстарын жүргізбеді. Халифаттың құрамынан Испания, Магрибтың бірқатар аудандары шығып кетті. Византиямен үзілмес соғыс жүргізді. Феодаллдық қатынастар одан әрі дамыды. Жер – мемлекет меншігі болды. Мемлекеттік жер иелену ірі суғару жүйелері бар Ирак пен Египетте кең қолданылды. Икталық жер бұрын мемлекетке салық төлеп тұрған жағ,дайда берілсе, енді әскери және азаматтық қызмет көрсететіндерге берілді. IX ғасырдан феодалдық жер иеленудің жаңа түрі - вакфтық жер иелену қалыптасты. Бұл жерлерді мемлекет немесе жеке меншік иелері әртүрлі мұсылман ұйымдарына, мешіттереге, мектептерге, жеке діни тұлғаларға сыйға тартты.

Халиф әскерлері бірнеше категориядан тұрды: араб тайпаларының жасағы, жалдамалылар және гулямдар. Гулямдар жасөспірім кезінен арнайы әскери тәрбиеленетін, түрік, словян, африкалық құлдардан тұратын халифтың берілген малайлары. Бірақ гулямдар аз уақыт ішінде үлкен күшке айналып, өз еріктерін халифке жеткізетін дәрежеге жетті.

Аббасидтер билікке халық көтерілісінің нәтижесінде келген еді. Бірақ бұлардың халық мүддесін ойламауы елде наразылыққа әкелді. 751 жылы Бұхарада, 755 жылы Нишапур мен Рейде, 776-778 ж.ж. Мауренахрда, 778-779 ж.ж. Гурганда көтерілістер болды. Ең ірі көтеріліс Азербайжандағы Бабек көтерілісі.

IX ғасырдың басынан Аббасидтер халифаты жеке-жеке эмираттарға бөліне бастады. Себебі: халықтардың жеке облыстардың экономикалық дамуы, этникалық құрамы, мәдениеті, тілі, діні әртүрлі болды. Мемлекеттік жер иелену есебінен ірі жер иеленушілердің күшейуі, бағынышты халықтардың тәуелсіздік күресінің өсуі араб халифатының құлауына әсер етті.


18 Дәріс. Арабтар.

Мақсаты:

Жоспары

  1. Халифаттың ыдырауы.Гулямдер және олардың халифаттың саяси өміріндегі орны

  2. Фатимилер.

  3. Маллюктер.

Алғашқы төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар Аравияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бедуин тайпалары көрші өркениетті елдерге бас ып кіре бастады. Нәтижесінде ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ территорияларында араб үстемдігін орнатқан араб жаулап алу соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы үш “әділ халифтардың- Абу Бәкр (632-634 жж.) және Осман (644-656жж.) билігі тұсында өтті.

633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері, Сирияға басып кірді. Медина хали фатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс өлі теңізден оңтүстіктегі Вади – л – Арабта және Газды ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы палестина және сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техниакалары араб отрядтарында қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шар тымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын. 635 жылы ақпанда Мардж ас – Суффара түбіндегі шайқастың нақты барысы қиял туындысы болмағанда, виза нтиялық әскердің қайсарлығын мойындауға болар еді. Белазуридің хабарлауына қарағанда византиялықтардың “қырғын күреске кіргені соншалық, суға аққан қанмен диірмен қозғалысқа келтірілген”.

Арабтардың Хирамен шекаралас оңтүстік Иракқа басып кіруі ал- йемамдағы соғысқа дейін басталып, шапқыншылық сипат алған. Йемамдық халифтердің қарсылығын басқаннан кейін, қолбасшылығында 500 мединалық пен меккелік қалған Халиф ибн ал – Валид бекр ибн вайл тайпасын өз жағына тартып солардың көмегін Хираны алады.

Бек ибн вайл Орталық Аравияда ал – Иемамнан Парсы жақтағы жерге көшіп қонған көп санды, әрі құдіретті тайпа болатын. Бұл тайпаның көп бөлігін несториандық дінге сенуші христиандар құрайтын. Сондықтан ислам діні жаулап алу жорықтарына үндейтін себеп бола алмайтын. Бірақ, бұл тайпа ларда ислам пайда болғанға дейін-ақ олжа табу мақсатымен Оңтүстік Иракқа басып кіру арқылы жинаған тәжірибесі бар болатын. 610 жылы осындай отрядтар Зу-Каре түбіндегі иран әскерімен шайқаста оларды жеңе алды. 634 жылы наурызда 500-800 салт атты әскері бар Хамид бұйрық бойынша шөл арқылы Мединадан Даманскіге жіберілді. Араб отрядтары Даман маңындағы бау-бақшалы аудан Гутуды алды және мұндай бекіністі не тәжірибелері, не құралдары жоқ болғандықтан қалай аларларын білмеді. 635 жылы қыркүйекте алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті эпископ қала халқының қысымымен Даманскіні арабтарға берді. Қоршағандардан, қосатынынан қала қабырғаларына шығатын бірде-бір саты табылмады, ал бекініс қақпалары ішінен тастармен және бөренелермен бітеліп тасталған еді. Жеңімпаздарға Гутудағы бір монастрдан саты алуға келді.

Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы мператор Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал – Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың отряд тары енді. Византия әскерінің саны, араб тарихшыларының асыра санауымен 200 мыңға жеткен дейді. Араб отрядтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Даманск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған.

Визатиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін – ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етуі Гассанид патшасы Джебел ибн ал – Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып кетті. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша император Ираклий бұл елді мүлдем тастай отырып, шекарадағы бір шатқалды: “Қош бол, Сирия !” – деген екен.

Арабтар Даманскіні қайта алып, содан кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы – жыл қоршаудан кейін – Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң – Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери – техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизон дарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Арабтардың визатиялықтардың теңіз флотымен күрестен еш құралы ол кезде жоқ болатын.

Иракта Хираны алғаннан кейін арабтар сасанид әскерімен шайқаста бірнеше рет жеңіліп, бұл қала мен оның облыстарынан кетуге мәжбүр болды. Бедуиндерге күшті әсер қалдырған, олар үшін қорқынышты жануар болып көр інген иран әскери пілдері еді. Бірақ, 635 жылдың аяғында Бувейте түбінде, Евфратта Иран әскерлерін әкеліп, жеңілген арабтар қайтадан Хираны алды, ал 637 жылы 31 мамыр немесе 1 маусымда Кадисия түбінде кейін, осы ірі шайқастан соң арабтар Сасанидтер астанасы Ктесифонға кірді, ол қала арабтарда Мадаин деген атпен белгілі Шахиншах ІІІ – Йездигерд пен сарай маңындағылар қашып, кетеннен кейін қала тұрғындары арабтарға қала қақпасын ашты.

Арабтар әскер басшыларымен Иран әскери қолбасшылығымен жасасқан бейбіт келісімі көп ұзамай арабтар тарапымен бұзылды. Сол кезде солтүстікке қарай жылжыған араб әскерлері 641 жылы Мосулды алып, Хамадағы Нехаведен түбінде ирандықтарға күшті тойтарыс берді. 644-645 жылдары Араб әскерлері Белуджистан арқылы Индияның шекарасына енді. 649 жылы Истахрды (ежелгі Персополь) алды. Мерв түбінде ІІІ – Йездигердтің өлген 651 жылы, арабтардың Иранды жаулап алуының аяқталған күні деп есептелді. Осы жылы олар Амударияға дейін жетті. Бұдан сәл ертерек Сирияны жаулап алғаннан кейін, арабтар 640 жылы Арменияға басып кіріп, оның астанасы Двин қаласын алды. 654 жылы олар Тбилисиге дейін барды.

Африкаға жорығын арабтар, араб қарулы күштер Сирияда жеңіске жет кеннен кейін барып бастады. Араб отряды Египетке алғашқы жорығы ибн ал – Асанның қолбасшылығымен аз ғана әскермен 639 жылы желтоқсанда бастады. Ескі пайым бойынша, өзінің Сирия әскеріндегі бағыныштылық жағ дайына риза болмағандықтан Ніл жазығына өздігінен жорық бастаған бұл қолбасшының әрекеті мүлдем мүмкіндігі жоқ ретінде алынып тасталуы керек еді. Іс жүзінде бұл жорық Египеттен Хиджазға астық, тағыда басқада азық – түлік жеткізу үшін жасалған болатын. Мекеннің тұтыну сұранысы, әсіресе Аравия біріккеннен кейін, қажыға барушы мұсылмандардың санының көбеюіне байланысты өсе түсті.

640 жылы қаңтарда Амрдың әскері Фарамды алды, одан соң Нілді басып өтіп, Файымға жорық жасады. Маусым айында арабтар қосымша күш алған нан кейін, Гелиопольде византиялықтарға соққы берді. 640 жылы қыркүйекте олар Вавилонды қоршады, бұл бекініс 641 жылы сәуірде берілді. Осыдан кейін Ніл арқылы төмен жылжи отырып, Александрияны қоршауға көшті. 641 жылы қарашада жергілікті патриарх Кир (ал – Мухавкис) Амрмен осы бекіністі беру жөнінде келісімге отырды. Келісім бойынша он бір айлық уақытша бітімнен кейін Египет астанасы арабтардың қолына өтті, ал бұл уақыт ішінде осы қалада тұратын бай және ақсүйек гректер қоныс аударды: 642 жылы қыр күйекте гректерді көшіру аяқталғаннан кейін, араб әскері, Александрияға кірді. Осы уақытқа дейін араб отрядтары Жоғарғы Египетке ішкерлей енген болатын. 645 жылы Византия флоты Александрия аймағына басып кіріп, десант түсіріп, қаладан арабтарды шегіндірді. Арабтар қаланы екінші рет қоршап 646 жылы жазда шабуылмен алды.

Араб әскерлері Египеттен онымен көрші Ливияға шапқыншылық жасауды ұйғарды. Жергілікті бербер тайпаларынан қарсылық кездестірмеген және Визан тия гарнизонына соққы берген арабтар 642 жылы күзде Барка қаласын алып, Киреналка облысын бағындырды. Осы облыстан шығып, Феззанның оңтүс тігіне дейін және батыста Трипаш қаласына дейін еніп, оны 643 жылы алды. 647 жылы араб әскері Египеттің наместнигі Абдаллах ибн Садтың қолбасшы лығымен Ифрикияға басып кірді және Византиялықтарды Сбейтла қамалының түбінде талқандады.



  1. жылы Иран құлының қолынан Омар қайтыс болғаннан кейін, Омейядтар руына жататын Осман ибн – ал Аффан халифтік қызметке келді. Осман ислам пайда болғанға дейін, өзінің жас кезінде тиімді өсімқорлық операцияларымен айналысып, бай адамдардың біріне айналған болатын.

Меккеліктердің арасында ал байлықты, асыл тұқымды жылқыны, жас құл қыздары жақсы көруші ретінде белгілі болатын. Осман Мұхаммедтің ең жас ізбасарларының бірі болды. Аңыз бойынша пайғамбардың қыздарының біріне үйленеді, ол жас қайтыс болуына байланысты, басқа қызын алады. Сондықтан Осман мұсылмандардың кезде “Алланың елшісінің екі қайтар күйеу баласы” деген атақ алған.

Осман халиф билігі тұсында (644-656 жж.) оның туыстары, Меккелік құл иеленушілік ру ақсүйектерінің өкілдері бағындырылған елдерде мемлекеттік билікті және жер иеліктерін жаулап ала бастады. 648 ж. Арабтар Кипр аралын басып алды. 653 ж. Кипрліктер Византия жағына шығып кетіп, Араб гарнизонын талқандады. Файника маңында болған шайқаста араб флоты византиялық флотты талқандап, Кипрді халифатқа қайтарып алды.

651 ж. Арабтар Иранды жаулап алуды аяқтады. Шахиншах ІІІ– Йездигерд мады жаққа қашып барып, сонда бір диірменшінің қолынан қаза табады. Сасандар империясы өмір сүруін тоқтатты. Сол жылы Араб әскері Әзірбайжан жақтан Арменияға басып кірді. 653 ж. Арабтар византиялықтарды Тайк облысында жеңіп, Арменияны алиарабтың құрамына қосып алды. 653-655 жж. Халифат Грузияны бағындырды. Сонымен бүкіл Закавказье араб халифатының қол астына көшті.

Мұсылман қазынасының ашықтан – ашық тоналуы, оған түскен қаржы мұсылмандарға тиесілі және олардың арасында теңдей бөлінуі керек деп санайтын, аз санды пайғамбар “серіктері” тарапынан наразылық туғызды.

Осман халифтың өзі өз отбасының мүддесіне мемлекеттік қаржыны қалай болса солай пайдалану арқылы теріс үлгі көрсетті. Мысалы, оның қызы Абдаллах ибн Хамидқа тұрмысқа шыққанда, ол жас жұбайларға басыр бейт ал – малынан 600 мың дирхем беруге бұйрық шығарды. Абдаллах ибн Абу Сарх Ифрикиядан үш мың қаптар алтын жібергенде, Осман ал – Хасам отбасына беруді бұйрық етті.

Османға қарсы Куфадан, Басрдан, Египеттен Мединаға қажылық түрімен келген мұсылман өкілдері күшті наразылық көрсетті. Осы қаланың тұрғындары ашық көтеріліске шықты. Көтерілісшілер халифтың үйін қоршап алып, өзін өлтірді. Енді Мұхаммедтің күйеу баласы, әрі ағайын бауыры, Әли (656 – 661жж.) халиф боды. Көтерілісшілердің қолдауымен билікке келген Әли халиф Османның байыған ықпалды “серіктері” мен туыстарының тарапынан қарсылыққа кездесті.

Арабияда күрес үшін жеткілікті күш құрал таба алмаған Әли, Ирактан сенімді әскери және әлеуметтік тірек табам деген үмітпен өзінің резиденциясын Куфаға ауыстырды. 657жылы ал – Джазирадағы Сиффин маңында, Ефраттың оң жағасында Муавияның сириялық әскері арасында ірі шайқас өтті. Бұл шайқаста екі жақта нақты нәтижеге жеткен жоқ.

Әли 661 жылы Куфа мешітіне кірер есікте хариджиттердің пышақ жұмсауынан алған жарадан қайтыс болды. Хариджиттердің үкімімен өлімге кесілген Муавия мен Амыр ибн ал – Асаға жасалған қастандық сәтсіз аяқталды. Төртінші тақуа халиф Әли ибн Абу Талиф Неджефте жерленді. Оның өлімінен кейін Мұхаммед пайғамбардың көрегіндікпен айтқан сөзі дәл келді. Ол: мен өлген соң 30 жыл өткенде Халифаттың орнына патшалық келді. Халифты силау әулеттік принциппен ауыстырылады деген еді. Шынында да билікке Омейялық Муавия ибн Ауб Суфьян (661 – 680 жж.) келді де 750 жылға дейін оның үрім бұтағы биледі.

Осылайша, арабтар 20 жыл көлемінде Византия империясының құрамына кіретін Азияны, Африкадағы кең – байтақ территорияны жаулап алды және Иран патшалығын түгелдей бағындырып, құдіретті державаның саяси тәуелсіздігіне нүкте қойды. Араб жаулап алушылығының тез, әрі жеңіл жүзеге асуының себептерін араб тарихымен айналысатын немесе өз еңбектерінде осы оқиғаға жолай тоқтаған Еуропа тарихшылары анықтауымен шұғылданды.

Арабтардың жеңіске жетуінің негізгі себептерін Византия мен Сасанидтік Иранның экономикалық әлсіреуімен, ең бастысы осы мемлекеттердегі әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен түсіндіруге болады.

Елдер мен облыстардағы еңбекші халықты езгі мен қанаудың күшейе түскен жағдайында, қарапайым халық осында келген араб жаулап алушыларына өз билеушілерінің ауыр езгісінен құтқарушы ретінде қарауға бейім тұрды. Оның үстіне арабтар өздерінің үстемдігіне бағынған жағдайда өмір сүрудің әлде қайда төзімді шарттарын ұсынды. Соның нәтижесінде арабтар жаулап алған елдердің халқының көбі оларға қарсылық көрсетпек түгілі, бірден олармен одақтасуға тырысты: (мысалы ерте орта ғасырлар).

Арабтардың әскери жетістігінің себептерін түсіндірудегі ескі, аты шулы жаулап алушыларды тырп еткізбеген діни фантизмнің нәтижесі деген тұжырым қазір іске асқысыз болып қалды. Араб әскерлерінің негізгі бөлігін құрған бедуиндердің жаңа ілімді білмегені және біле алмағаны белгілі. Өйткені, мұсылман діни әдебиетінің алғашқы шығармасы – Құранды құрастыру арабтарды жаулап алу жорықтарының бірінші кезеңі аяқталған кезде, яғни ҮІІ ғасырдың ортасында болатын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет