ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет8/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Дели сұлтандығының құрылуы. XII ғасырдың аяғында Солтүстік Үндістан жаулап алушылардың қолында қалды. 1175 жылы Гуридтер әулетінің өкілі Газни Шихаб-ад-дин Мухаммед Гури Газнавилер әулетін құлатып билікке келген соң Газнавилер әулетінің соңғы билеушісі тығылған Пенжабқа шабуыл жасады. Бұл облысты басып алған соң одан әрі шығысқа жылжи берді. 1192 жылы Тараин түбінде Аджимира мен Дели князі Притхви Раджей басқарып келе жатқан үнді княздарының одақтастар әскерін жеңіп, ол бүкіл Доабо (Джамна мен Ганга) арасына өз билігін орнатты. 1199-1200 жылдары ол Бихар мен Бенгалияны бағындырды. Жаулап алынған жерлер Гуридтер державасының мемлекеттік жерінің құрамына енгізіліп, оның жоғарғы егесі Мухаммед Гури болды. Ол бұл жерлерді әскербасыларға феодалдығ негізде берді. Оған Кутуб-ад-дин Айбекті басшы етіп қояды.

1206 жылы Мухаммед Гури қайтыс болады. Әскербасылар жаңа билеші Газнидің билігін мойндамады және олар Солтүстік Үндістан территориясында өздерінің жеке Газниге тәуелсіз, астанасының атымен аталатын Дели сұлтандығының негізін қалады. Бұл мемлекеттің басшысы болып алдыңғы намесник Кутуб-ад-дин Айбек тағайындалды.

Кутуб-ад-дин Айбек сұлтан болған соң Делиде 100 жылға жуық түрік гулямдарының билігі орнады. Айбек Делиде бірнеше ірі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Мысалы: Лал Кот (Қызыл бекініс), “Кувват ул ислам” (Ислам күші).

Кутуб-ад-дин Айбектің негізгі әлеуметтік тірегі - әскері болды. Мемлекеттік дін ислам діні болып, жарияланды. XII ғасырдың аяғы мен XIIІ ғасырдың басында мүсылмандар саны артты. Айбек мыңдаған храмдарды жойып, орнына мұсылман мешіттерін тұрғызды. Мемлекеттік тілі – фарсы тілі болды.

1210 жылы Кутуб-ад-дин Айбек ат үстіндегі ойындарда (чауган) аттан құлап қайтыс болады. Түрік ақсүйектері Шамс-ад-дин Илтумышты (1210-1236 ж.ж.) отырғызады. Илтумыш түсында Дели сұлтандығының территориясы кеңейе түсті. 1225 жылы Дели сұлтандығына Бенгалия билеушілері алым-салық төлеп тұруға келісім берді. 1232 жылы Шамс-ад-дин Илтумыш Гвалиурды, 2 жылдан соң Бхилсу мен Уджжаинды бағындырды. Шамс-ад-диннің әскери жетістіктері ақсүйектердің бірігуіне және сұлтандықтың күшейуіне жағдай жасады.

Бұған осы кезде шығыс елдерінде басталған монғол шапқыншылығы да үлкен әсер етті. Илтумыш өлімінен соң оның жақындар мен әскери гулямдар арасында өзара күрес басталды.



2.Дели сұлтандығының гүлденуі мен құлдырауы. XІІI ғасырдың ІІ жартысында монғол хандарының жағынан қауіп күшейді де Дели сұлтандары Үндістанның жаулап алынбаған басқа территорияларына басып кіруін тоқтатуға мәжбүр болды. Сыртқы жаулардан басқа сұлтанға ірі феодалдармен күресуге тура келді. Сұлтан Алау-ад-Дин Хильджа (1296-1316 ж.ж.) өзінің күшті жалдамалы әскерінің арқасында қауіпті қарсыластарын жойды және монғолдардың үш шабуылына тойтарыс берді. Алау-ад-Дин салық есебінен мемлекеттік кірісті көтеруге, әскерді нығайтуға, феодалдарға өзінің абсолюттік билігін орнатуға бағытталған реформалар бастады. Алау-ад-Диннің негізгі іс шаралары:

  • салық жүйесін өзгертті;

  • “базарлық құрылымды” енгізді;

  • әскерді қайта құрып, оны күшейтті;

  • икталық жүйені қайта қарады;

  • алғаш рет аттарды таңбалауды енгізді;

  • елде қатаң репрессиялық режим орнатты;

  • бай адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды.

Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау әскерді күшейтті, солтүстік-шығыс шегарада монғолдарға бірқатар ауыр шабуылдар жасауға және Деканға жорық бастауға мүмкіндік берді. Атақты әскербасы Малик Кафур кішкене облыстармен, Малабарадан басқа түгел Деканды бағындырды. Алау-ад-Дин – талантты қолбасшы, ақылды, шешімтал саясаткер болды. Оның өлімінен соң оның орнатқан жүйесінің тіпті ізі де қалған жоқ деп жазды Барани.

Сұлтанаттың экономикалық жағдайының гүлденуі Мұхаммед Тоғалақ (1316-1320 ж.ж.) кезінде болды. Ол өз әкесін жасанды түрде өлтіру арқылы билікке келді. Мұхаммед Тоғалақ тәжірибелі әскербасы еді және өзі ІІ Александр Македонский сияқты әлемді билегісі келді. Салық жүйесінде өзгеріс жасады, икталық жүйені нығайтуға бағытталған іс-шаралар жүргізді. Мемлекет астанасын Делиден Деогирге ауыструы, Дели сұлтандығының әлсіреуіне жол ашты. Мұхаммед Тоғалақтың сәтсіз іс-әрекеттерінің бірі – ақша реформасы болды. Елде ашаршылық басталып, халық көтерілістер көбейді. 1358 жылы Гуджараттағы көтеріліс кезінде Мұхаммед Тоғалақ қайтыс болды.



3. Виджаянгар мен Бахмани. Дели сұлтандығы өзінің соңғы күндерін өткізіп жатқанда, Деканда екі мемлекет пайда болды. Бірі Деканның солтүстік бөлігінде мұсылман әулетінің билеушісінің атымен аталған Бахмани мемлекеті болса, екіншісі Тунгабхадр өзенінің қасындағы астанасының атымен аталған - Виджаянгар мемлекеті болды. Бұл индус билеушісінің билігінде болды. Бахмани мемлекетін М.Тоғалаққа қарсы көтерілген Дели сұлтандығының наместниктер мен Декан иктадарлары құрды. Мемлекет басына ірі жергілікті иктадар – Ала –ад-дин Бахманиді шах титулымен отырғызды. Феодалдық тәртіп бұрынғы Дели сұлтандығындағыдай жүйеде сақталды. Бахмани шахтары өз феодалдарына үлкен билігі болды. Мұндай билікті Дели сұлтандары ең гүлденген кезде де ие болмаған еді. Бахмани мемлеетінде 1469-1492 ж.ж. орыс көпесі Афанасий Никитин 3 жыл болып, олардың өмір сүру үрдісі туралы көп деректер қалдырды. Мұхаммед шах (1463-1482 ж.ж.) тұсында оның күшті бас уәзірі Махмуд Гаван декандық феодалдардың кірісінің бір бөлігін алып қояды. Ол облыстарды тарафдарлардан (бұрынғы наместник) тартып алып, өз жақтастарына берді. Гаван тарафдарлардан кірістің бір бөлігін қазынаға беруін, әскер ұстауын талап етті. Ол Виджаянагарға шабуыл жасап, бай Гоа портын тартып алды. Гаван феодалдардың талабымен шахтың келісімімен өлім жазасына кесілді. Махмуд Гаван өлімінен соң мемлекет тез ыдырай бастады.

Солтүстік Индия бірнеше княздықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ірілері Джамна-Ганга өзендерінің Канаудждан Бенареске дейінгі жерінің иесі Раджпултық Гахарварлар әулеті, Аджер мен Делиді иемденген Чаухандар әулеті, Банделкханды иемденген Манделдер әулеті, Бихардағы Палдар, Беигалиядағы Сендер әулеті болды. XII ғасырдың екінші жартысында олардың арасында Ганг өзенінің алқабы үшін ұзақ күрес жүрді. ХП-ғасырдың 80-жылдарында Притхва князі Чаухан Чанделдер әулетіне соққы беріп, Канаудждың билеушісі Гахарварға қауіп төндірді. Бірақ бұл қырқысты шет ел басқыншылығы тоқтатты.

1175 жылы Шихаб-ат-дин Мұхамед сұлтанның әскері Пенджабқа басып кірді. Калған Үнді княздары алауыздықты тастап, бірігуге мәжбүр болды. 1191 жылы біріккен Үнді әскерлерін басқарған князь Притхви Раджа (Аджмир мен Делидің князі) Шихаб-ат-дин Гуридің әскерлерін женді. Бірақ, келесі 1192 жылы жеңіліп қалды. Притхви Раджа соғыста қаза тапты. Шихаб-ат-дин Аджмирды басып алды. Бірақ, Притхви Раджаның баласы князь болып қала берді. Ол тек Шихаб-ад-динге тәуелді екендігін мойындап, вассалы ретінде салық төлеп тұратын болды. Өзі Газниге қайтып, Шихаб-ад-дин Гури түркі тұқымынан шыққан әскери қолбасшы Кутуб Ад-Дин Айбекті Индияға наместник етіп қалдырды. Айбек Солтүтік Индияны жаулап алуды одан әрі жалғастырды. 1193 жылы ол Делиді алды, оны өзінің астанасына айналдырды. 90-шы жылдардын аяғында Айбек Бихар меч Бенгалияны да басып алды. Бұл жақтағы Палдар мен Сендер княздықтары жойылды. Бүкіл Солтүстік Индияда түрік, ауғаң, тәжік феодалдарының билігі орнады.

1206 жылы Шихаб-ад-дин (Мухамед Гури) өлген соң оның Солтүстік Индиядағы наместниктері Газнидің жаңа патшасын мойындаудан бас тартты. Солтүстік Индиядағы наместниктер Кутуб-ад-дин Айбектің қол астына бірігіп, соның билігін ғана мойындады. Газни мемлекетінен бөлінген мұсылман феодалдары Дели сұлтанатын құрды. Айбектің қол астына біріккен наместниктер бара-бара бір-бірімен соғысып, сүлтанат әлсіреді, Осы жағдайды Үнді княздары пайдаланып қалуға тырысты. Олар тәуелсіздіктерін қалпына келтіре бастады. Осындай жағдайда мұсылман наместниктердің көпшілігі қайтадан Айбектің төңірегіне топтасып, біріккісі келмеген облыстарды күшпен қосып алды. Сөйтіп, Дели сүлтандығы нығая түсті. Бірақ 1221 ж. Пенджабка Хорезм шахы Джелал-ад-динді қуып келген монғолдар басып кірді. Шыңғыс ханның әскері Пенджабты талан-таражға ұшыратып, кейін қайтты.

1241 жылы монғолдар тағы да Шығыс Пенджабқа басып кірді. Осы жерден Делиге шабуыл ұйымдастыра бастады. Монғол шапқыншылығына қарсы жергілікті феодалдар бір орталыққа бағындырылған мемлекетті нығайтуға бет бұрды. Дели сұлтандығы 1206-1526 жж. өмір сүрді. Оны ХҮ ғасырдың ортасына дейін түрік халқының өкілдері, ХҮ ғасырдың ортасынан - ауғандық Лоди әулеті басқарды. 1526 ж. Дели сұлтандығын Ұлы Моғолдар жаулап алды.

Ол әскермен қатар бір-бірінен тәуелсіз үш түрлі тыңшылар мен жазалаушылар мекемелерін құрды. Ірі ақсүйектердің, княздердің бір-біріне қонаққа баруына тыйым салды. Үкіметке қарсы пікір айтушылар қатаң жазаланды. Тіпті өлім жазасына кесілді. Ала-уд-дин өлген соң түрмелерден он жеті мыңнан астам жазықсыз адамдар босатылды. Ала-уд-Дин арпа-бидайға, күріш пен бұршақ дақылдарына тұрақты баға енгізді. Нанның бағасын үкімет өзі белгіледі. Ол өте төмен баға болды. Бірақ, барлық жерде тек сол бағамен сатылатын болды. Қазынаға түсімді көбейту үшін егістік жер қайтадан есепке алынды. Ал жер салығының мөлшері жерден түсетін өнімнің жартысына дейін ұлғайды. Тарихи хрониканың авторы Барани салық жинаушылардың қаталдығын ашына жазады.

1308 жылы Деканға жорық басталды. Бұл жорықтың басшысы Малик Гафур ерекше ерлік көрсетті. Ол барлык Декан жарты аралын басып алды. Жаулап алынған жердің елдері контрибуция ретінде патша қоймаларында жиналған байлықтарын, үш жүз жауынгер пілдерін, жиырма мың жылкы беріп, салық төлеп тұруға міндеттенді. Ала-уд-дин ихта иелерінің әскери міндеткерлеріне қатаң бақылау орнатты. Жауынгерлерді қаруландыру соншалықты қиын іс болған жоқ. Ол кездегі қару-жарақ қарапайым еді. Қылыш, семсер, найза, қалқан, оққа толы дорбасы мен садақ. Мұндай қару-жарақ әркімде болуға тиіс еді. Сондықтан ихта иесі оларға көп шығынданбайтын.

Сұлтанаттың экономикалық жандануы Мұхамет Тоғалақтың (1325-1351) патшалық құруы кезінде басталды. Ол таққа өз әкесі Гияс-Уд-дин Тоғалақты ым-жымсыз өлтірген соң отырды. Бенгалияға сәтті жорықтан соң әскердің салтанатты шеруі өткізілді. Сол шеру кезінде жауынгер пілдер Гияс-уд-дин отырған шатырды құлатып кетеді. Патша құлаған шатырдың астында қалып, қайтыс болады. Бұл кезге қарай Мұхамет Тоғалақ тәжірибелі қолбасшы, саясаткер болып қалыптаса бастаған еді. Ол тарихта екінші Ескендір, яғни Александр Македонский ретінде қалуды армандады. Алғаш оның бұл арманы орындалатын сияқты болып көрінді. Ала-уд-дин өлген соң сұлтанаттан бөлініп кеткен Жерлерді ол бірінен соң бірін қайтадан косып ала бастады. Ол Ала-уд-дин тұсындағы Дели сұлтандығын одан сайын кеңейтіп, бүкіл Индияны дерлік өзінің қол астына бағындырды. Бұл Дели сұлтандығының территориясының ең үлкен кезі болды. Мүндай жеңісті жорықтар тек соғыс қимылдары үшін ғана емес, сондай-ақ басып алынған жерлерді бағыныштылықта үстау үшін де көп Каржы мен әскерді кажет етті. Сол себеиті Мұхамет Тоғалақ Ала-уд-диннің салық саясатын қайталауға мәжбүр болды.

Тоғалақтың патшалық құруындағы сәтсіздіктің негізгі екі себебі болды. Біріншісі: астананы елдің дәл ортасына орналасқан Дева-гири деген қалаға көшіруі болды. Ол қаланың атын Дәулет-Абад деп өзгертті. Қанша қаржы шығындап, зәулім сарайлар салғанымен жаңа қала саяси өмір орталығына айналмады. Патша басқа қалаға көшкенімен Делиде қалып қойған мықтылар ел тағдырын шешуде бұрынғы ықпалынан айырылмады. Ақыры Тоғалақ бірнеше жылдан соң Делиге кайта көшуге мәжбүр болды.

Тоғалақтың екінші сәтсіздігі - ақша реформасына байланысты болды. Ол алтын-күміс монеталарды мыстан жасалған монетамен ауыстырды. Алтын монетаның құны сол мыстан жасалған монетада көрсетілетін: "он алтындық", "жүз алтындық" деп. Мұндай монеталар көбейіп кетті. Әр үй монета сарайына айналды. Бара-бара мұндай ақшаның құны балшықтың құнымен бірдей болып қалды. Монета көбейгенімен мемлекеттік қазына қаңырап бос қалды. Тоғалақ ызаға булыға отырып, бұрынғы ақша жүйесіне қайта көшуге жарлық шығарды. Қазынаны қайта толтыру үшін Тоғалақ алым-салықтарды өсірді.

ХІҮ ғасырдың аяғында феодалдық өзара қырқыстар жаңа қарқын алды. Сүлтанаттан Мальва, Гуджарат, Хандеш бөлініп шықты. Осындай жағдайда 1398 жылы Солтүстік Индияға Тимур әскерлері басып кірді. Ол Делиді алды. Қаланы талқандап, талан-таражға салып, олжаларын алып, Тимур Орта Азияға қайтып кетті. Осыдан кейін Дели сұлтандығы қайтып оңала алмады. Сейіттер тұқымы сұлтандық құрған (1414-1451) жылдары Дели сүлтандығы Делидің өзінен басқа шығыс Пенджабты ғана қамтыды. ХҮ ғасырдың ортасында Делидегі Үкімет билігін Афғандық Лоди Бахлул кландары басып алды.

Оның арғы аталары Индияға ХІҮ ғасырдың аяғында қоныс аударған болатын. Оның жиырма мындык әскері ауғандықтардан құрылған болатын. Бахлул Лоди 1451-1489 жылдар аралығында патшалық құрды. Ал оның тұқымы Делиде 1526 жылға дейін билік құрды. Соңғы сұлтан Ибрайым Лоди орталық өкіметті нығайтуға тырысты. Ол сарай қызметкерлерін қатаң тәртіп бойынша ұстады. Олар ұлы тақсырдың малайы деп саналды. Мұндай менмендік сарай қызметкерлерінің, ірі ақсүйек феодалдардың наразылығын туғызып, биліктің құлауына себеп болды. 1526 жылы Индияны Бабыр басып алып, ұлы моғолдар түқымының билігін орнатты.

Оңтүстік Индиядағы ХҮІ ғасырдың басындағы ірі мемлекеттер Хандеш, Виджаянагар (1336-1565) болды. Олар мұсылмандардың билігінде еді. Екі сарай төңкерісінен кейін Кришна Рай (1509-1529) империяның бытырап кеткен облыстарын қайта жинап алып, бір мемлекетке біріктірді. Ол армияны, қаражатты тәртіпке келтірді, жерді, одан түсетін салықты реттеді. Малабарды басып алып, солтүстікке бірнеше жорықтар жасады. Кришна Райдың әскери табыстары Виджаянагар империясының құлдырауын тоқтата алмады. Империя шағын князьдықтарға бөлініп кетіп отырды.

1510 жылы португалдықтар Гоаны басып алып, Виджаянагармен келісімге келу жолын қарастырған болатын. 1547 жылғы келісім бойынша португалдықтар Иран мен араб елдерінен жылқы, қару, қытай жібегі мен мыс, сынап тағы басқа тауарлар әкелетін болды. Ал Виджаянагар португалдықтарға селитра мен үнді матасын беретін болды. Португалдықтар қолдауына сүйене отырып, әрі ішкі алауыздықтарды шебер пайдаланып, Рама Раджа өз иелігінің шеңберін солтүстікке қарай кеңейте түсті.

Виджаянагар тарапынан төнген қауіп алдында Ахмедиагар Виджапур, Бидар және Голконда басшылары алауыздықтарын ұмытып, бірлесе түсуге мәжбүр болды. Олардың біріккен қарулы күштері 1565 жылы шайқастарда Виджаянагар әскеріне қатты соққылар берді. Рама Раджа қаза тапты. Оның ағайындары астананы тастап қашты. Астана (Виджаянагар қаласы) талкандалды. Кейін қайтып оралып, Махараджа болған Тирумала оны қайта қалпына келтіруге кіріспей, Пенуконда қаласын астанаға айналдырды. І-Веиката (1586-1614) империяны бұрынғы қалпына қайта келтірді. Бірақ І-Венката өлісімен өзара қырқысулар қайта басталып, империяны әлсіретті. Империядан бірінен соң бірі: Майсур, Мадура, Иккери, Танджур князьдықтары бөлініп кетті.

Халық бұқарасын кеңінен қамтыған көтерілістер 1480 ж. Танжурда, 1546 жылы Баркурда (Мангалор маңы) болды. Әскери, азаматтық істердегі барлық билік махараджаның қолында болды, бірақ әкімшіліктегі басты фигура үлкен, бірінші министр -махапрадхан болды. Ол қаражат жағын басқарды, басқа минястрлерді - прадхандарды басқарды. Әскери қолбасшы "далада-адхикари" деп аталды.

Мемлекет басында губернаторлар тұратын бірнеше провинцияға бөлінді. Губернатор жеке өз басының пайдасына майда салықтар жинап отырды. Оның әрбір қадамын орталық үкімет тыңшылар арқылы өте мұқият қадағалып отырды. Шамамен әрбір 2-3 жылда губернаторлар ауыстырылып отырды. Провинциялар бірнеше шағын әкімшіліктерге бөлінді. Олардың әкімдері ірілі-ұсақ жер иелері болды. Әкім кызметі әкеден балаға мұра ретінде қала беретін болды.

1525 жылы Пенджабтың наместнигі Дәулет-хан Бабырды Делиде билік құрып тұрған сұлтан Ыбрайым Лодиге қарсы бірге күресуге шақырды. Бабыр 12 мың әскермен Пенджабқа кіріп, Дәулет ханды орнынан алды. Бабырдың сұлтан Ыбрайым Лодидің 40 мыңдык әскерімен шешуші шайқасы Пенджаб иен Делидің арасындағы Панипат алқабында 1526 жылғы сәуірде болды. Бабыр әскері зеңбірегінің басымдығының арқасында жеңіске жетті. Оған Делиге жол ашылды. Бірақ енді Бабырға қарсы шайқасқа Раджпуттық князьдар әскерімен Рана Санграм Сингх шықты.

1527 жылғы наурызда Кхнау маңындағы шайқаста Бабыр тағы да жеңіске жетті. Бабыр орнатқан мемлекет ұлы моғолдар державасы деп аталып кетті. Бабырдың қайтыс болуына қарай бұл держава батысында Кабулмен, шығысында Бенгалиямен шектесіп жатқан ұлан-ғайыр мемлекет болды. Бірақ ондағы салық – әкімшілік жүйесі нашар болды. 200 жылдан астам уақытқа (1526-1761) дейін өмір сүрген бұл мемлекеттің негізін қалаған Бабыр өте көрнекті қолбасшы, әрі саяси қайраткер болды. Ол өте сезімтал, дарынды акын да болған. Өзбек, тәжік, ауған, үнді тілдерінде емін-еркін сөйлеген. Үнді елінің салт-дәстүрін сақтап, әдет-ғұрпымен танысып, құрмет көрсетіп отырған.

1530 жылы таққа Бабырдың баласы Хумаюн отырған соң оңталық өкімет билігі біраз әлсіреді. Өз інілеріне енші-иеліктер бөліп беруі моғолдық биілеуші топ арасындағы қырқыстарға әкеп соқты. Бұл қақтығыстар саудаға кесірін тигізіп, елдің экономикасын әлсіретті.

1537 жылы Хумаюнға қарсы көтерілісті бихарлық ұсақ феодал Фарид басқарды. Ол ауғандық сур тайпасының өкілі болатын. Өз інілерінен ешбір көмек ала алмаған Хумаюн Фаридтен жеңіліп, 1542 жылы Персияға кашты. Шер-шах деген атпен тәж киіп (1539-1545), Фарид қоғам талабына сай өзгерістер енгізді. Жан-жағына ағаштар отырғызылып, 1700 керуен-сараймен қамтылған төрт сауда жолы салынды. Ол жол астана Аграны Бенгалиямен, Раджпутанамен, Аттокпен және Мултанмен қосты. Бүкіл ел кіші-гірім әкімшілік-паргандарға бөлінді. Ол орталықтың бақылауын күшейтті. Феодалдардың жерін тартып алуға батпай, жаңа жер иеліктерін үлестіруден шах үкіметі аулақ болды.

1545 жылы Шер-Шах өлді. Хумаюн сол жылы Кабулды, Қаддағарды басып алды. 1554 жылы Индияға басып кіріп, Пенджабты бағындырды, бір жылдан соң Дели мен Аграны да бағындырды. Хумаюн 1556 жылы қаңтарда өз астрономиялық обсерваториясыңдағы мәрмар баспалдақтарыңда тайып жығылып, қайтыс болды. Шах деп оның 13 жасар баласы (1355-1605) Әкбар жарияланды. Оған қарсы Хаму деген үндіс қолбасшысы көтеріліске шықты. 1556 жылғы Панипаттағы шайқаста үндістер жеңілді.

Акбар таққа отырғанда оның тірегі Индияға Бабырмен және Хумаюнмен келген орта азиялық, ауғандық және персиялық феодалдардың шағын ғана тобы болды. Осы топтың шексіз билікке деген ұмтылысын шектеп қана шах үкіметі Индияға атам заманнан бері келіп қоныстанған, жергілікті үндістерден дінінен басқа ешбір айырмашылығы қалмаған мұсылмандарды өз жағына тарта алды. Индияның түкпір-түкпірін жаулап алған кезде Акбар жергілікті феодалдарға зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ. Қарсылық көрсетпеген феодалдарға сыйлық пен билік беріп отырды.

Акбар таққа отырған алғашқы жылдары әмір лауазымы бар 200 ірі феодалдардың 70 проценті Индияға Бабырмен, одан кейін келген орта азиялық, ауғандық феодалдар болды. 1582 жылғы мәлімет бойынша эмирлердің 40 проценті моғолдар жаулап алушылығы кезінде келгендер еді, ал келесі 40 проценті жергілікті, үнділік мұсылмандар болды. Ал үндіс феодалдар эмирлердің 20 процентін құрады. Сөйтіп, шах билігі жергілікті индус және мұсылман феодалдардың қолдаушылығына сүйенді.

Моғолдар державасының құрамына кірген жерлерде феодалдық қырқысулар тоқтап, ішкі кеден салықтары жеңілдеді. Сөйтіп, егіншілік пен сауда-саттық үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Сауда әсіресе 1572-1573жж. Таяу және қиыршығыстың көптеген елдерімен теңіз саудасын қызу жүргізетін бай Гуджаратты порттарымен қоса жаулап алған соң айтарлықтай жандана түсті. Құрғақта үстемдік құра тұрып, моғолдар теңізде дәрменсіздік көрсетті, сөйтіп олар Үнді мұхитының суларында португалдықтардың қожайындық етуімен келісуге мәжбүр болды. Португалдықтарды Гуджараттың, бүкіл Малабар жағалауьшың ірі порты Суратқа кіре берістегі ұялары Диу мен Даманнан қуып шығу әрекеті моғолдар үшін сәтсіз аяқталды.

Индияның едәуір бөлігінің Моғолдар державасының құрамында саяси бірігуі, мемлекеттік басқару ісінің орталықтандырылуы, салық рентаны жинауды реттеу жөніндегі шаралар елдің экономикасының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

1572-1573 жж. Гуджаратты басып алғаннан кейін моғолдар басқыншылық жорықтарын уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Мемлекеттік билікті нығайту мақсатымен падишах Акбар (1556-1605) біраз өзгерістер енгізуге кірісті.

Салық реформасы әкімшілік аппаратты орталықтандыруды күшейтті. Феодалдық мемлекеттің жерге меншігін нығайтты. Феодалдық рентаны натуралды салықтан ақшалай салыққа көшіру жерге феодалдық меншіктің бұл түрін әлсірету қаупін төндірді. ХҮІ ғасырдың соңы ширегінде Индия деревнясына ақша-товар қатынастарының енуі одан әрі үдей түсті. Осы негізде деревня қауымының ішіндегі мүлік және жер үлесі жағынан теңсіздік ұлғая түсті.

Акбардың патшалығы кезінде бірнеше рет жагирдарлар бүлігі болған. Олардың наразылығы әсіресе қазынадан айлық алатын әскербасыларды жагирдарлардың орнына тағайындамақ болған кезде күшейе түсті. Жагирдарлар оларға жер иеліктері елдін түкпір-түкпірінен берілгенде де, бір иеліктен екінші иелікке қайта-қайта ауысуға мәжбүр болғанда да, олардың контингенттерінің жағдайын жиі-жиі тексеріп отырғанда да шыдады. Олардың шыдамы жагир жүйесін жоюға әрекет жасалғанда мүлдем таусылды. Олар 1580-1582 жж. ірі бүлік жасады. Бұл бүлік моғолдар державасының құрып кету қаупін туғызды. Бұл бүлік әскери күшпен емес, саяси шарамен басылды. Пенджабтағы моғолдық қолбасшы Шахбаз-хан бүлікшілерге қарсы күрес кезінде Акбарды жақтаймын дегендерге жагирді кеңінен үлестіріп берді. Акбардың өзі де жагирдарларға арқа сүйеу керектігін түсініп, олардың талабын орындауға келіскенде ғана бүлік басылды. Сөйтіп Акбар жагирлық жүйені жоя алмаса да, өзінің орталықтандырылған билігін күшейтуде, ірі феодалдардың дербестігін шектеуде айтарлықтай табысқа қол жеткізді.

Моғол империясы саяси-әкімшілік құрылымы жағынан феодалдық деспотияға негізделген мемлекет. Сословиелік мекемелер, сайлау ұйымдары болған жоқ. Мемлекет басында – падишах – сұлтан – шексіз билікке ие болды. Моғол империясында, декан сұлтанаттарында т.б. бірқатар қалаларда ислам мемлекеттік дін, биліктің тірегі болды. Сондықтан билеушілер ең алдымен мұсылман ақсүйектерінің мүдделерін қорғады. Мұсылман ақсүйектері жоғарғы билік басында ықпалды билікке ие болды. Әмірлер мен мансабдарлардың басым көпшілігі жаулап алушылар немесе мигранттар болды немесе солардың ұрпақтары. Жаулап алушылардың Орта Азиядан, Иран, Ауғанстаннан шыққаны белгілі. Мансабдарлардың арасында жергілікті ақсүйектер, индус дінін ұстаушылар болды.

Мемлекеттің түпқазығы – билеуші адамдар, маңызды мекемелердің басқарушылары болды. Салық мекемесін – диван немесе уәзір; әскери мекемені – мир-бахши; шеберханалар мен әр түрлі «қызметтерді» - мгер – саман; мұсылмандық істерді – садр – ус – судур (кази ул – куззат) басқарды. Маңызды қызметтерге сұлтан тағайындады. Провинция – жергілікті жерлер – суба, ірі қалаларды – қала басшылары – котвал басқарды. Сұлтанға әр жауапты чиновник өз штатынан қызметкерлердің кандидатурасын ұсынды, оларға ақы төленді немесе жер түрінде берілді. Ақша алумен шектелген чиновниктер – накди, ал қызметкерлердің басым көпшілігі әскербасыларды қоса джагир – жер үлестіріп алды.

Джагир – мансабдарға белгілі бір жерден (деревня, бірнеше деревнялар, аймақ) қазынаға төленетін салықты жинау құқығы. Джагирді қайтарып алып отыруды немесе басқа жерлерге ауыстырды. Сұлтанның жарлығымен джагирдардың жер шаруашылығынан алынатын мемлекеттік салық көлемі белгіленді. Диван және чиновник джагирдардан табыстары мен шығындар жөнінде есеп талап етті. Оның тиісті міндеттерді белгілі бір әскер санын ұстау, қандай да әкімшілік қызметтерді атқаруды орындауын қадағалады. Іс жүзінде джагирдарлар өздерінің міндеттерін үнемі орындаған жоқ. Джагирде өз жанұясымен тұрып, өнімнің мөлшерін өзі анықтады, джагирді мұраға қалдырып отырды.

Джагир батыс Еуропадағы бенефицийге ұқсас, Бенефиций немесе ленге қарағанда джагирдардың жеке меншік құқықтары шектеулі болды.

Сұлтанның иелігінде іс жүзінде халисе («ерекше», «айрықша») жерлері болды, оны чиновниктер арқылы басқарды. Халиседен түскен табыс бекіністер салуға, сұлтан саарайының қажеттеріне, гарем, әскер, ат қора, жеке гвардия, мемлекеттік кархан, т.б. қызметтерді төлеуге жұмсалды.

Билеушіге тиісті жерлерден түскен табыс джагир жерлерінен келетін табыстан аз болды. «Аин – и Акбари» мәліметтері бойынша 67-76 % салық көлемі джагирдарлардың қалтасына түсті. Халисе жерінен түсетін салық 24-36 %. Осы табыстың бір бөлігі ақысын ақшалай алатын мансабдарларға берілді.

Джахангир кезінде халисе жерінен түсетін табыс 50 лакх рупийді құрады, салықтың 5 % ғана қамтыды. Қаржы тапшылығы бұрын қазынадағы қор есебінен жабылды. Бұл қысқару жерді есепсіз тарату нәтижесі. Сұлтанның бұл әрекетіне сарайда наразылықтар өсті. Шах – Джахан кезінде халисе жерлерінен табыс 3 крор рупий, ал джагирдарлардан түсетін табыс – 22 крор болды.

Барлық кірістің 1/7 бөлігін құрады. Аурангзеттің алғашқы билік құрған жылдарында Халисе жерлердің қоры өсіп, билік құрушы үйдің табысының 1/5 құрады. Акбар кезіндегі қазына табысынан сәл ғана кем болды. Алайда көптеген джагир беру халисе жерінің қорын тауысты. Аурангзебтің шексіз соғыстары мен жазалау жорықтары көп қаржы талап етті. Сұлтанның джагирдралардың табыстарын қысқартуға ұмтылуы олардың қатты қарсылығын туғызды.

Джагирлық жүйе ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы сияқты раджпут және басқа жергілікті феодалдық иеліктердің шартты жерлері болып табылады. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. деректерде оларды ватандарлар немесе заминдарлар деп атады. (жер иелері). Бір бөлігі империялық иеліктен тәуелсіз болып, табысты феодалдық рента түрінде иеленді. Енді бір бөлігі делдалдық роль атқарды. Заминдарлар жергілікті индус-феодалдардың жерлері.

Жерге меншіктің категорияларының бірі – мүлік жерлері. Заң жүзінде, іс жүзінде де мүлік жерлері мұраға қалдырылды. Жаңадан игерілген жерлер, сулы жерлер, деревнядағы қауым жерлері, қалалардағы үйлер тұрған жерлер – мүлікке жатты.

Қандай да салық төлеуден босатылған жерлер - мұсылман мешіттері, сопылық монастырь – ханека, медресе, индус храмдары, жеке дінбасылар, абыздар, тұтас діни қауымдар иелігіндегі жерлер. Деректерде оларды сойырғал, мадад - и-мааш, мадад и харадж, инам, вазифа – йе – аима деп атады. Көлемі жағынан ұсақ және орташа жер теліктері болды.



Әдебитеттер:

1. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987

2. Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.

3. Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.

4. Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.

5. История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995

М.,РАН-1998.

6. История средних веков (под ред. Сказкина) М.,88

7. С.А.Тортаев. Орта ғасырлардағы Шығыс елдерінің тарихы А.1998ж.

8. История стран зарубежной Азии. Л.,1970.

9. История Индии в средние века М.,1967.

10. Неру Дж. Откритие Индии М.,1995.

11. Антонова К.А., Бонгард-Левин Г.М., История Индии М.1979.

12.Касты в Индии М.,1965.

13. Бабур З.М. Бабур-нама. А.1996.

14.Медведев Е.М. Очерки истории Индии до ХІІІ в. М.,1990.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет