ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка елдерінің тарихы»



бет5/17
Дата31.12.2019
өлшемі1,46 Mb.
#54782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Мемлекеттік құрылысы. ІІІ ғасырдың басында сасанидтердің белгілі өкілі Ардашир бүкіл Парсы елін және Иранның орта аймақтарын, Хузистанды өзіне қаратып, билігін жүргізді. 226 жылы Ардашир мемлекет басшысына айналды. Ол 241 жылға дейін билік жүргізді.

Мемлекеттің жоғарғы билеуші шаханшах деп аталды. («Царь царей»). Мұрагерлікпен билікке келу қатаң түрде сақталмаған, бірақ билік басына келетін адам Сасанидтер әулетінен шығуы міндетті болды. Шаханшазты сайлау көбінесе белгілі адамдардың ықпалымен өтті. Административтік аппараттың басында вазург – фрамадар тұрды. Орталық өкіметтің міндетіне әскер және елдің әлеуметтік жағдайы кірді.

Провинциялар жергілікті шіркеулер мен князьдар билік жүргізді. ҮІ ғасырға дейін Сасанидтердің әскері тайпалардың біріккен отрядынан тұрды. Негізінен оларда атты әскер басты роль атқарды. Әскерді әскери аристократтардың өкілі басқарды.

Мемлекеттік дін – зороастризм. Заратуштрашылдықзороастризм —Заратуштра негізін салған ең көне діни және философиялық ілім.

Зардұштшылық – отқа табыну дінінің есімі оны бастаушысы Зардұшт атына байланысты қойылған. Бұл дін Зардұшта пайғамбардың насихаттық кітабі Авестада айтылған Ахұра Мазда ұғымын өзек етіп өрбиді. Кейде бұл дінді Маздалық дін деп те атайды.

Осыдан 3000 жыл бұрын Орта Азияда пайда болып, кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста». Заратуштрашылдық ізгілік пен қараулықты бір-біріне қарама-қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық процестерді осы «мәңгілік екі бастаудың» күресімен байланыстырады. Бір ғана Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сиынуды уағыздайды. Оттың адам баласының бойын тазартудағы рөлін жоғары бағалайды.

Зардұштшылық діні әлде бір жаратушы бар екенін, от оның бейнесі екенін айтады, сол үшін де олар маздаған отқа табынады. Авестадағы басты ұғым Мазда қазақ тіліндегі маздағанотпен байланысты дейді, қазақ этимологтары. Ол ғана емес, батыс тіл танушылары үшін түсініксіз болып келген Авеста сөздері қазақ тілінде, түп түркілік тілнде өзінің әуелгі мағынасын шығарып сарнап кетеді. Сондықтан да Авеста зерттеуші қазақ ғалымдары қазақ аңыздарында айтылатын Бабай түкті шашты әзіз бабаны осы Зардұшт пайғамбармен бір адам деген ойды алға қояды.

Зороастризм ақсүйектер билігін нығайтуда маңызды орын алды. Зороастризм негізінде Сасанид кезеңінде дуалистік идеялар болды. Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі. Көптеген құдайлардың және сыртқы тылсым күштерге сену культі көптеген абыздар арқылы жүргізілді. Культтік орындар храмдар болып табылды. Храмдар үнемі жанып тұратын от болған. Ол оттың жанында әр түрлі әндер мен қасиетті мәтіндерді оқумен өтетін рәсімдер жүргізілген. Зороастристік храмдар мен абыздардың жоғары өкілдерінде құлдар еңбек ететін жерлер болған храмға әкелінген әр-түрлі заттардың арқасында олар мол табысқа ие болды. Сондай-ақ абыздар діни рәсімді өткізуден біршама табысқа қол жеткізген. Кейде абыздар діни ережелер мен рәсімдерді дұрыс атқармаса, оларға айып пұл төлеткен.



Сасанидтердің сыртқы саясаты Алғашқы кезде Сасанид мемлекетінің сыртқы саясаты құл иеленушілік құрылыстың дамуымен сипатталды. Құл иеленушілік құрылыстың, шаруашылықтың ең басты шарттарының бірі жаулап алу соғыстары мен құлдарды тұтқындау болып табылды.

Ардашир І парфияндарға тиесілі болған жерлердің бәрін жаулап алды. Ардашир І тұсында Сасанидтер әскерлері Римдік Месопатияға, Сирия мен Кіші Азияға шабуыл жасап тізе бүктіртті.

Сасанидтер әскерлерінің шабуылына Кушан державасы әлсіреді. Хорасан мен Мерв оазисінде Сасанидтер билігі күшейді. Месопатия мен Армения үшін Риммен болған күресте Сасанидтер әскерлерінің күші көбірек болды. Шапур І тұсында Риммен болған соғыс 260 жылы Сасанидтердің жеңісімен аяқталды. Қолға түскен тұтқындар мен Рим императоры Валериан тұтқындалып, құлдыққа сатылған. Олардың қолдарымен Карун өзені бойына үлкен Иран платиналары салынған.

Римді жеңген Сасанидтердің Закавказьедегі ықпалы күшейді. Шапур І Шығыста да көп жетістікке жетті. Шапурдың жазбаларында Сасанидтердің Орта Азия мен Чач (қазіргі Ташкент) деріне дейін жеткен туралы айтылады. Сасанидтердің территориясы Мерв оазисі Герата мен Сакастан таулы аймақтарына жеткен.

283 жылы Месопатамияга жүргізілген сапар сәтсіз аяқталды. Соның нәтижесінде Сасанидтер Арменияға оз ықпалын жүргізе алмады. Сонымен қатар Орта Азия тайпалары Сасанидтерге қарсы шықты.

IV ғасырда Рим мен Сасанид арасындағы жаңа жанжал пайда болды. Жанжалдың басты себебі Армения жеріне билік жүргізу. Шапур II (310-379) римдіктердің ең мықты қамалдарын жаулап алды. 363 жылы Юлиан император басқарған римдіктер Сасанидтер державасына кенеттен шабуыл жасады. Бірақ бұл сәтсіздікпен аяқталды. 371 жылы римдіктреге қарсы соғыс басталды, бұл 5 жылға созылды. IV ғасырдың соңында екі мемлекет Армения жері бойынша шешімге келді. Арменияның көп бөлігі, яғни 4/5 бөлігі Саснидтерге, қалғаны Шығыс Рим империясына (Византияға) тиесілі болды.

IV ғасырдың аяғында Иран қоғамында әлеуметтік қозғалыстың күшейуі мен ішкі жағдайдың өзгеруі Сасанидтер мемлекетінің сыртқы саясатына әсер етті.

V ғасырдың аяғындағы ішкі жағдай. Халықтарды эксплуатациялау күшейгендіктен, яғни соның нәтижесінде қауым шаруашылығына зиян келді. Кейбір деректерде Бахрама Yгора (421-438) билігі кезінде халықта, не мал, не егін егетін тұқым болмаған. Шығынға ұшыраған қауымдар, шаруалар жерлерін тастап кетіп қалған. Күндерін көру үшін қолөнермен немесе басқа да істермен шұғылданған, тіпті үйсіз-күйсіз жандарға айналып кеткен кездері де болған. Эксплуотаторлар қарапайым халықты, шаруаларды жерлерін тастап кетті, жалқаулар деп оларға кінә тақты.

Шаруашылықтың құлдырауы елдің эканомикасына кері әсерін тигізді. Кейбір деректерде былай айтылады: «Пероза (459-484) билігі тұсында өзендер мен арықтар тартылып қалды, малдардың барлығы аштықтан қырылып, адамдардың өздері ашаршылықты бастарынан кешті». Қауымды кенеттен эксплуататциялаудың салдарынан ауыл шаруашылығының дамуы тоқтады.

Ақсүйектердің күш көрсетуінен және қауымды эксплуататциялаудың жоғарлауынан қауым мүшелері ғана емес «Азаттар» қиыншылық көрді. Азаттар мен қауым мүшелеріне мемлекеттік қызметті және әскери қызмет атқаруға рұқсат етілмеді. Сондықтан V ғасырда азаттар мен декхкандар құл иеленуші таптарға қарсы шықты. Декхкандар мен азаттар белгілі бір әлеуметтік топты құрды. Ақсүйектерге қарсы соғыста шаханшах осы әлеуметтік топқа сүйенді. Осы ақсүйектердің саяси ықпалын жоюға, әлсіретуге тырысқан Ездигирде І (399-420ж) болып табылды. Ездигирде І көптеген ақсүйектерді репрессияға ұшыратқан. Бірақ оның ұлы Бахрам V таққа отырғанда ақсүйектердің ықпалында болып, өз әкесінің ісін теріске шығарды.

Сасанидтер державасының әлсіреуін пайдаланған Орта Азия жэне Кавказдың көшпелі тайпалары оларға шабуыл жасады. Біраз уақыт Сасанидтер көшпелі тайпалардың шабуылына төтеп бере алды. Бірақ Пероз шаханшах тұсында жеңіліске үшырады. Алғашында Пероз эфталиттерге біріншісінде үлкен контрибиция төлеп, оларға өзінің ұлын Каваданы кепілдік ретінде қалдырды. Екінші рет жеңілісінде Пероздың әскерлері түгелдей кырылып, шаханшахтың өзі де мерт болды. Осы согыстың нәтижесінде эфталиттер Сасанидтер патшалығының Шығыс бөлігін өзіне каратып алды.

Ашаршылык пен әскери жеңілісті басынан кешірген елде халык көтерілістері басталды. Ү ғасырда басталган ең кауіпті шаруалар қозгалысының бірі, сол кездегі Батыс Азиядағы тарихи окиғаның бірі Маздакит козғалысы болып табылады.



Маздакит қозғалысы.

Маздакит қозғалысының негізгі қозғаушы күші Иранның қауым мүшелері, шаруалары мен колөнершілері. Сонымен катар бұл қозғалыска азаттар мен дикхандар катысқан.

Маздакит қозғалысы Иран жерін мекендейтін халыктарды қамтыды. Маздакит қозгалысы Манихей (Манихей діні — зороастризм, шаманизм, буддизм, христиандық діндердің қосындысынан шыққан қойыртпақ дін. Оны месопотамиялық жазушы, суретші Мани деген ойлап тапқан. Қазақ жерінде манихейліктің орталығы Тараз қаласында болды. Манихейліктің негізгі қағидасы — дуализм) және зороастризм дінімен тығыз байланысты болды.

Маздакит қозғалысының негізгі себебі - қоғамда элеуметтік және мүлік теңсіздігінің орнауы. Маздакизм қозғалысы ақсүйектердің қысымына қарсы бағытталған. Жеке меншік жердің бөлініп берілуі, мүлік тендігінің сақталуы маздакиттердің негізгі талаптары болды. Кей деректерде маздакиттер туралы былай айтылған: «Егер кім де кім өзіне мүлік немесе жер, кұлдардың саны жағынан артык алып иемденсе, біз одан артығын алып, оны басқа біреуге теңестіру үшін береміз». Өздерінің әлеуметтік талаптарын орындау мақсатында маздакиттер ақсүйектердің жерлерін тартып ала бастады. Олардың байлығын өзара бөлісіп отырды. Аксүйектердің малдары, кұлдары мен қамбада сақталған бидайларын өзара тең бөлісіп пайдаланды.

Маздакит козғалысын пайдаланып калғысы келгендердің ішінде шаханшах Кавад I болды. Шаханшахтың маздакиттермен уақытша одақ құруының негізгі себебі - Каваданың ақсүйектер билігін кұрту еді. Каваданың көмегімен маздакиттер мемлекеттік істергі кірісті. Бүл козғалыстың жетекшісі Маздак мемлекеттің ең көрнекті түлгаларына айналды. Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында Византиямен соғыста ірі жеңіске жеткендігі туралы, сонымен қатар көшпенділердің шабуылына карсы түра алғандығы туралы айтылады.



Маздакит қозғалысы ен, алдымен ірі аксүйектерге қарсы бағытталған. Осы козғалыстың гтайдасы әсіресе азат-дикхандарға тиді. Себебі олар ақсүйектерден айтарлыктай жер үлестерін, мүліктерін алды. Азат - дикхандардың козғалыстан кетуі маздакит козғалысын айтарлықтай эсер етті. Шаруалар отряды жан-жакқа шашырап кетті.

Кавад өзінің позициясын өзгерте бастады, ол аксүектермен ынтымақтаса бастады. Билік басындағы, эскери қатардағы маздакиттерді орындарынан кетірді. Қозғалыс 529 жылы жеңіліс тапты. Бірақ маздакит қозғалысы халық арасындағы ең атақты қозғалыс болып табылды.

Маздакиттер козғалысының салдары: шаруалардың жағдайы біршама жаксар ды, қулиеленушілік құрылыстың элсіреуіне, феодалдық қатынастардың дамуы на ықпал етті.

Хосрова I реформасы. Халық көтерілісі орын алған Сасанидтер мемлекет терінде ескі тәртіптің сақталып қалуы мүмкін емес еді. Сондықтан жаңа сасанид шаханшахы Хосров І Аноширван (531-579) елде феодалдық тәртіпті орнықтырып дамыту мақсатында реформалар жүргізе бастады. Халық көтерілісі кезінде алынған жерлер конфикацияланып, мемлекеттің жеріне кірді. Жердің басқа бөлігі, яғни құлиеленушілердің жері жаңа жер иесіне берілді.

Билеуші тап өкілдері арасында да өзгерістер пайда болды. Жерінен айырылған ақсүйектер өкілдерін Хосров патшалықтың қызметіне қабылдады. Осы арқылы ол ақсүйектерді өзіне бағынышты қылдырмақ болды.

Хосров І реформасының ең маңыздысы салық реформасы болып табы лады. Бұл реформа бойынша ол көптеген салық түрлерін алып тастады. Негізгі деген екі салықтың түрін қалдырды. Олар хараг және гезит деп аталады, бұлар жер салығы болып табылады. Каваде мен Хосров І тұсында жерлер өлшеніп соған байланысты салық мөлшері белгіленген. Егер де жер өлшемі көп болса, салық көп мөлшерде алынған. Салық ақшалай түрде алынған.

Деректерде билік басындағы адамдардың кірісі ұлғайған сайын, олар өздерінің шаруаларына жер мен жерге себетін тұқым берілді. Осы реформаның жүргізілуі Сасанидтер державасында феодалдық қатынастардың дамуына себеп болды. Реформаның салдарынан шаруалардың экономикалық жағдайы біршама жақсарды. Хосров І реформасының нәтижесінде азат-дихкандар феодалдық қоғамда әскери сословиеге кірді. Маздакит қозғалысының жойылуынан кейін бұл әлеуметтік топ өкілдері мемлекеттің әскери және административтік қызме тін атқарды. Елде төрт әскери округ құрылып, әскери және азаматтық билік болып бөлінді. Ел төрт аймаққа бөлінді, азаматтық аймақтық билік әскери бастыққа, яғни спахабадаға бағынды.



Хосров І кезіндегі сыртқы саясат. Хосров І көрші елдеріне байланысты жаулап алу соғыстарын жүргізді. Кавада тұсында өріс алған Иран мен Византия арасындағы соғыс Хосров тұсында жалғасын тапты. 540 жылы Иран әскерлері Сирияның ең маңызды экономикалық орталығы болып табылатын Антиохияны жаулап алып, Оронт арқылы Жерорта теңізіне шықты. Антиохиядан әкелінген тұтқындарды арнайы соларға салынған Ктесифондағы бір жерге орналас тырған. Византия мен Иран Лазика үшін соғысты. Кавказдың шығысында Хосров күшті бекініс жүйесін тұрғызды.

Ирандықтар оңтүстікте ірі жеңістерге жетті. 570 жылы Иеменді жаулап алды. Иеменді жаулап алуы олардың Индиядан батысқа өтетін сауда жолына билік етуіне мүмкіндік алды. Иранның шығыс шекарасына эфталиттер қысым көрсете бастады. 600 жылдардың басында эфталиттерге ҮІ ғасырда ұлы держава құрған түріктер қысым көрсете бастады. Бұл жағдай Хосровқа эфталиттерді жеңу үшін көмектесті.

605 жылы Византиямен соғысты жалғастыра отырып, Иран әскерлері Армения жеріне енді. Кіші Азия арқылы Месопатамия мен Константинопольге өтті. Олар Босфор бұғазындағы Халкедонды жаулап алды. Иран жерлерінің бір бөлігі Сирия мен Палестинаға еніп, 614 жылы Ирусалимді жаулап алды. Сасанидтер армиясы Төменгі Египет жерінде өз ықпалын жүргізді.

Иран Бағдат халифатының күйреуі кезінде. Иранда Сасанидтер кезінде басталған феодалдық процесс мемелекеті арабтар бағындырғаннан кейін дами бастады. Бұл жаулаушылық Ирандағы құлиеленушілік қатынас пен касталық қатарға үлкен соққы тигізді. Азия, Африка және Европадағы жеке аймақтарда сауда дами бастады. Бұл айналым Иран шаруашылығы мен мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Араб бғаныдырушылары Сасанид кезіндегі басқару жүйесін сақтап қалды. Бірақ жер мен жан басына салынатын салық Сасанид кезіне қарағанда жеңіл болды. Тұрғылықты халыққа нақты көрсетілген мөлшерленген салықтар келісімшарттағы беліленген бөліктің негізінде өнеркәсіпті дамытудың мақсатында ланыды. Кейінне феодалдық қатынастың дамуына байланысты омеядтар салықты күшейтуге көшті. VII ғасырдың - VIII ғасырдың басында салық төлеушінің жағдайына қарай, тұрмы сына байланысты салық төлей алатындығы жайла жүйеге ауысты.

VII-IX ғасырларда ауыл шаруашылық дамыды. Жерді өңдеудің сапасы жақсарды. Күріш, қант, жидектер өсіру сияқты ауыл шаруашылық түрлері пайда болды. Бұлар Сасанидта жаңа пайда болғандықтан аз өсірілді. Сонымен бірге арпа, бидай, мақта мен тұт ағаштары өсірілді. Қалалық тұрғындар саны біркелкі өсті, қолөнер мен қалалар арасында сауда-саттық дамыды. Ал ауылды жерлерде әлі де патриархаттық қатынас еді, олардың шаруашылығы нағыз халықтық болды. Олар феодализмнің дамуы баяу болды. Көшпелі мал шаруашылығының ет пен сүт өнімдер іүшін ғана емес, жүн мен былғарыны шикізат ретінде қалалардағы шеберханаларға берді.

Иран халқын арабтар икемдеп, жергілікиі халыққа ислам діні тарата бастады. X ғасырдың аяғында тұрғындардың көпшілігі бұл дінді қолдады. Басқаларға қарағанда жергілікті феодалдар көп қызықты. Исламдықты қабылдай отырып өздерінің қоғамдағы жағдайын жөндеп, мықтылап ламақшы болды. Ауқатты адамдар өздері де мұсылмандықты қолдады. Себебі олар салықты мұсылмандар аз, мұсылман еместер көп төлейтініне байланысты болды. VII ғасырдың аяғында Иран араб тіліне көшті. Өйткені бүкіл оқылатын халифаттар жалпы осы араб тілінде болды. VII ғасырда Араб феодалдарының үстемдігі халықта наразылық туғызды. Иранда араб династиясына қарыс көтерліске шықты.

747 жылы Хоросанда араб династиясына қарыс көтеріліс болды. Ол Халифаттағы басқа көтерілістің боуына бірден-бер себеп болды. Әбу-Муслимнің басқаруы күш қосты. Аббасидтер халифаты пайда болды.

Аббасидтер халықтық көпшілікке айтқан сөздеріне, уәделерінде тұрмады. Көтерілістің басындағы ережелерін сақтамады. Иран мен Орталық Азияның феодалдары мен Аббасидтер жақтаушылары да осылай істеді. Салық төлемін азайтпады, күштеп жұмыс істеуді тоқтатпады. Содан барып шаруалар көтерілісіне VII-IX ғасырда жаңадан шығуға мәжбүр етті.

Халықтық қозғалыс религияның өзгеруіне әкеп соқты. Ислам дінін қабылдағанға дейінгі меникейлер – маздахитша мен хуррамизм негізгі идео логиялық шаруа көтерілісіне айналды. Хуррамидтер жалпылама теңдік, әйел теңдігі мен салықтандан босату, материалдық жағдайды түзету үшін жеңілдет пекші болды. Дамаскіде Абу – Муслимнің халифеттерінің бұйрығымен өлтіріл уі жаңа көтеріліске итермеледі. Абу – Муслим аббасидтьнер династиясының мүддесін жоқтаса да, хурамидтер оның бейнесін идеал етіп, оның өлімін өздерінше бағалады.

755 жылы Сумбада Маганың басқаруымен хурамидтер жаңа көтерілістерді Солтүстік Иранда бастады. «Низам аль-Мулька» кітабында абу – Муслми туралы аңыз жазылды. Сумбад онда Абу-Муслим халиф оны өлтірер кезінде ол, көгершінге айналып, ұшып кетті, енді ол жерге әділдік пен бақыт беру үшін қайтып оралды деді. Халықтық көтеріліс жеңіліс тауып отырса да, феодадық эксплутацияны әлсіретіп тастады.

Араб билеушілерінің әлсіреуі, сепартизмнің өсуіне әкелді. 821 жылы Хорасанда Тахиридтардың тұқымдық эмиранты құрылды. Систанда Саффаридтер эмиранты деген де болды. Сафаридтер әскері саманидтерден ойсыра жеңілді. Хорасан бірнеше жылдардан кейін тұтас Шығыс Иран Тәжік мемлекетінің құрамына кірді. Ал Саманидтер Бұқараның орталығымен жүздеген жылдар болды. Каспий маңындағы аудандар әсіресе Гиляна мен Дейлемеде бірнеше ұсақ мемлекеттер пайда болды. Олар халифтер атынна формальді түрде басқарылды. Олардың құрамына: Арабтық Ирак, Хузистан, Фарс, керман, Хамада, Исфахан, Рефя аудандары кірді.



Ауыл шаруашылық қатынастардың дамуы. X-XI ғасырларда Иран эканомикалық көтеріліс пен өндірістік күшетердің өсуін бастан кешті. Завказье және Орта Азиядағы мемелекет Иранда көшпенділерден қорғады. Салықтан түскен пайда өнделмеген жерге жіберілді. Жаңа өсімдіктер түрлері шыға бастады. Күріш, жеміс, мақта, бидай кеңіне таралды. Хузистанда, Керманда және Фарста қант өсірілді. Керманда құрма, хузстанда лимон және қарбыз өсіру кеңінен тарады. Шираз бен Рейде құнды шарап пен қызғылт май және Каспий маңындағы аймақтарда жібек өндірілді. Көшпелі мал шаруашылығымен, кейбір жерлерде отырықшылану дамады. Көшпелі мал шаруашылығы нақта таула аймақтарда жер мен бақшасы бар мемлекеттің жоғары билеушілері тұрды. Ең көне фамилиядағы дихандар, жеке меншік мүлік иелері кеңінен тарады. Мүлікті ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырды. Ұсақ және орташа жағдайы бар феодалдар істерін тұралатып жағдайда оны аяғынан тік тұрып кеткен ірі купецтер иелік етті. Ал оның әкімшілік және әскерилік жазасы – мүлікті кәмпескелеп қазынаға өткізу болды.

Басқа мұсылман мемлекеттері сияқты Буид және саманид мелекетінде де белгілі адамдарға, әскери шенділерге, Арабтар мен Ирандардан икьтаны тарату тәжербиеленді. Буидтарға қазынашы блоып қызмет еткен Ибн Мискавейх (1030 жылы өлген) иктаны иеленушілер өздерінің иеліктерін жылдамдатып құлдыратып, қазынаға өткізіп,оның орнына өз қалауынша басқа нәрсе лаып отырады деп айтқан екен. Сондықтан IX-X ғасырларда мемлекеттің жер аумағы икта үшін төлеген төлем сый үшін әжептәуір қысқартылып отырды.



IX-X ғасырлардың басында шаруалардың феодалдық қаспақтан құтылуларына аз да болса мүмкіндік туды. Жергілікті жердің басқарушылары қоғамдық жұмыс ведомостваларына көп көңіл бөлді. Осындай басқару барысында Абдаллах ибн Тахир (828-844) Хорасанда жасанды жолмен суды шағарудың ережесі құрылды. Буидтар кезінде Нұр өзенінде ең ірі Фарс деген платина салынды. Шаоуалардың түсіи түсірудің жолы да қарастырылды. Бірақ та X ғасырда алғашында шаруалар жағдайы тағы да күрт төмендеді, феодалдық эксплуотацияны және жер үшін иеленушілердің еркінен тыс айырбасталып отырды. Оның себебі шаруалардағы бар құрал жабдық үлкендерді иеруге байланысты болды.

Қала, қолөнер, сауда.Тауарлық кәсіпорынның дамуы IX-X ғасырларда қалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында тұрған ірі ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды. Олар қолөнер орталығы ретінде жергілікті базарды қамтамасыз етті. Тахиридтердегі Нишапурдың резинденциясы басқа қалалардың дамуына үлкен стимул, мағынасында болды.Мысалы, Буидтардағы Шираз бен Исфахан, Саффаридтарда зерендж т.б Олар мықты жолдар, көпір құрылыстарын, бай көріністегі ыңғайлы үйлер, құрылыстарды астанаға сала бастады, Бұл қаладағы қолөнерлік шеберханалар, кәсіпорындардың өсуі біріншіден әскерді, әкімшілікті, феодалдарға, ішкі рыноктың дамуыменбайланысты болды. Қолөнер өнімдері Ираннан орыс жеріне, Үндістанға, Қытайға, Батыс Еуропа елдеріне жіберілді. Осы айтылған уақытта Иранда әсіресе текстильді қолөнер қарқынды дамыды. Қымбат карма, жібек, қлаың маталар мақталы қалың кілемдер шығарылды. Металдан да заттар – суық қару (кежел, найза, семсер) бас, дене сауыттары қола күміс ыдыстар. Әр түрлі мөлшердегі керамиаклық ыдыстарды тұрғылықты адамдар пайдаланды. XII ғасырда Иранда ең жоғарғы сапалы аспалы шамдары-қолөнердің ең танымал түріне айналды. Ішкі рыноққа ыдыстар мен рйыншықтар көптеп шығарылды. Былғары өнімдері де жоғары сапамен өнделіп кеңінен таралды. Олар ат әбзелдері, өнделген таза былғарының өзі және аяқ киімдері. Орта ғасырларда Иран қалалары ірі базалардың орталығы болды, мұнда тек сауды ғана емес, сондай-ақ қолөнер өнімдерінің жері болып табылды. Қолөнершілердің шеберханалары жай қарапайым нүктелер болды. Қолөнершілер бірдей түрдегі бірдей түрдегі қолөнерін жасау үшін базардың нақты бір қатарында жұмыс істеді. Сол кезде Исфаханда 200000 тұрғын блоған екен. 40000 адам Арраганда (фарста) тұрды. Нишапурды 44 квартал болды, географтардың сөзіне қарағанда оның кейбіреуінің ауданы Шираз қаласының жартысына пара пар еді, ал тұрғындардың саны бірнеше жүз мыңдарға жеткен. Нишапур мен Исфаханнан басқа тағы Рей, Шираз деген ірі қалалар болды. Ол қалаларда кітапханалар мен медреселер болды. Медреселерде мұсылмандықтан басқа математика, медицина, философия және тарих оқытылады. Бұл қалаларды сонда тұратын жергілікті жер иелері мен феодалдар басқарды. Рсыдан барып феодалдар мемлекеттік ірі күштердің саяси эканомикалық қызығушылығы өсті. Иранның қалаларында орта ғасырлық Бтыстан айырмашылығы ірі купецтер феодалдарға өзін қарсы қоймады, керсінше олармен бірге антифеодалдық қозғалыстаға қатысып отырды. Иранда квартал аралық, купецтік корпорация аралық, қолөнераралық өзара өзін-өзі басқару болды. Алайда жалпы қала арасындағы өзін-өзі басқару жолға қойылды.

Шығыс Иран Газневидтер қол астында. Саманидтардың гулям гвардиясына үстемдік етіу әрекеті іске аспай қалды. Орта Азия мен Амудария шығыс-солтүстік басқа жерлер қараханидтер түріктерді қамтиды. Шығыс иран Орта Азияның кейбір бөліктерімен бірге, Ауғаныстанды қосып алғанда Газневидтер мемлекетінің құрамына енген.

962 жылы саманидтер әскери басшаларының бірі Альп Тегин саманид терге қарсы бүлік шығарғанымен жеңілсіке ұшырады. Ол Ауғаныстанға қашып барып сонда басша болды. Оның шәкірті Махмұд Газневид (998-1030) Буидтармен соғысы, өзінің өктемдік ететінін мойындатты. Әсіресе Рейя мен Исфаханда Махмудтың ең ірі соғыс саяхатында 17 рет Үндісианның солтүсті гінде тонаушылық жасады. Газневид мемлекетінде гвардиясының қоғанысы Махмуд әскери экспедицияға дайндық «түсінбейтіндерге қарыс соғыс» деген лозунгімен өтті. Оған қала мен ауылдың кедейлері тартылды. Олардың саналарын ренгиялық фанатизм мен әскер жорықтан түскен тегін үлеспен улады. Махмуд оның ішкі маңындағы ұсақ түйек мәселен гөрі халықты тонаудан түсетін байлыққа итермелеп, еш уақытта жеңіліске ұшырамау керектігін ескертіп отырды. Сұлтанның айтуы нәтижесінде қала тұрғындар аса ауыр күйге түсті. Жеңіліс пен кедейлікке көп көрді. Нишапурда жұт жылы болған жылдардың бірінде аштықтан 100000 адамға дейін өлді.

Махмуд орталық билікті күшейтіп қазыналық жерді иеленуді кеңейтуге тырысты. Бірақ ол діни феодалдардың алдында оның беделін түсірді. Осыдан барып халық арасында қозғалыстар пайда болды, әр түрлі діни секталар пайда болды. Қолөнершілер мен саудагерлердің, тіпті феодалдардың кейбіреулердің арасында исламдағы суфизм мистико-аскетикалық жаңа ағым таралды. Тонаушылық саяхаттары тоқтағаннан кейін мемлекеттің ішкі көзқарасы түзеліп түрік көшпенділеріне дұрыс қарай бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет