ПӘннің ОҚУ – Әдістемелік кешені «Орта ғасырдағы Азия және Африка тарихы»


Мемлекеттік құрылымдар (Гана, Мали, Сонгай)



бет12/16
Дата27.02.2020
өлшемі1,42 Mb.
#58644
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мемлекеттік құрылымдар (Гана, Мали, Сонгай)

Нигер өзенінің жоғарғы және орта ағысы бассеинінде Гана, Мали, Сонгай мемлекеттік (құрылымдар) бірлестіктері қалыптасты.

Гана мемлекеті туралы алғашқы мәлімет ҮІІІ ғасырға жатады. Оның этникалық негізін сонинке халқы құрды. Астанасы – Кумби-­Сале қаласы болды. ІХ ғасырда Гана сауда керуендерін тонап, тыныштық бермейтін көршілері - көшпелі берберлермен жиі соғысып отырды. Берберлердің лемтун тайпасының көсемі Тилутан Батыс Сахараның барлық берберлерін біріктірді. 919 жылы Лемтундар билігі құлаған соң басшылық зенага тайпасына көшті. 990 жылы Гана зенагаларды жеңіп, олардың басты қаласы, маңызды сауда орталығы Аудагoсты алды.

Х ғасырдың басында Гананың саяси қуаты шырқау шегіне жетті. 1054 жылы Мароккандық Альморавидтер мемлекеті Ганадан Аудагост қаласын басып алды. Бірақ бұл Гананың Батыс Судандағы үстемдік жағдайына нұқсан келтірген жоқ. Гананың 200 мыңдық әскері болды, оның 40 мыңы садақшылар мен атты әскер болды.

Гана барлық Батыс Суданның Магриб елдерімен саудасындағы үстемдігін сақтады. Оның территориясы арқылы сол кездегі барлық белгілі сауда жолдары өтетін, Бірде-бір берберлер мен араб көпестерінің керуендері Ганаға соқпай кете алмайтын. Саудаға түсетін бұйымдар азық-түліктер, негізінен мыс, каур раковинасы, тұз, мата, финик еді. Гана қазіргі Мавританияның Онтүстік аудандарымен жүргізілетін саудаға да бақылау орнатты. Гана үкіметі өз территориясы арқылы өтетін барлық сауда керуендерінен кедендік салық жинап отырды. Араб саяхатшылары мен көпестері Гана патшаларының байлығы туралы таңғажайып аныздар таратты.

Альморавид (қазіргі Мавритания, Батыс Сахара, Онтүстік Марокко) сұлтаны Абу Бекр ибн-Омар Батыс Суданның Солтүстік бөлігін басып алуға, сөйтіп онда Ислам дінін енгізуге тырысты. 1076 жылы ол Гананың астанасын басып ала алды. Қала талан-­таражға салынды. Көптеген тұрғындары тұтқынға әкетілді. Гана тункасы (патшасы) Менен өзін Альморавидке тәуелді деп мойындады, жыл сайын салық төлеп тұрды. Гана ислам дінін қабылдады. Mароккандықтар алтын өндірілетін Бамбук ауданын басып алды.

Мароккандықтардың Ганадағы үстемдігі қысқа болды. 1087 жылы Адрар ауданында көтеріліс басталды. Ол көтерілісті басу кезінде Абу-Бекр өлді. Мароккандықтар Ганадан әскерінің басым көпшілігін шығаруға мәжбүр болды. Бірақ шет ел басқыншылары Гана державасына ауыр соққы болып тиді. Мароккандықтар қуылғаннан кейін Гананың территориясы Аукар және Бассикуну облыстарымен ғана шектелді.

Батыс Суданда тәуелсіз мемлекеттер пайда болды. Солардың бірі Каньяга болды. Ол ХІІ ғасырда Гананың біраз жерін тартып алып, қуатты Сосо мемлекетін құрды. Бұл мемлекет, күшейіп келе жатқан Мали патшалығы сияқты, Ганаға қауіп төндіріп тұрды. Гана Суданның Солтүстік бөлігінің сауда байланыстарының орталығы болудан қалды. 1203 жылы Сосо патшалығы Гана территориясын толық жаулап алды. 1230 жылы Батыс Судандағы ең ірі мемлекетке айналып, барлық сауда керуен жолдарын өз бақылауына алды. 1224 жылы сауда жолдарының қиылысында үлкен Уалата қаласы салына бастады.

Сосо мемлекетінің қауіпті бақталасы Мали болды. Мали мемлекетінің қалыптасуы ҮІІІ ғасырға жатады. Малидың шекарасы алғаш Шығыста Нигердің жоғарғы ағысымен, солтүстікте - Белдугу, батысында - Бакай өзенінің жоғарғы ағысымен шектелді. Мемлекеттің негізгі ядросы тароре, конате, кейта рулары орналасқан солтүстік аудан болды. ХІ ғасырда билік құрып тұрған әулет ислам дінін қабылдады. Бірақ халықтың басым көпшілігі Бұрынғы діндерінде қала берді. Арабтар мен берберлердің мұсылман көпестері Малиге жиі қатынасып тұрды және үкімет тарапынан қудалаушылыққа ие болып отырды.

Малидың экономикалық және саяси қуатының күшеюі ХІІ ғасырдын екінші жартысына жатады. Бұл кезде Малиден өкімет билігі Кейт руының қолына көшті. Бұл рудың көрнекті мемлекеттік қайраткері, қолбасшысы Сундиата 1230-1255 жылдары патшалық құрды. Оның кезінде қатаң тәртіпке бағынған күшті армия құрылды. Алғашқы басқыншылық жорық нәтижесінде Мали өзіне Санкаран мен Фута-Джаллон облыстарын қосып алды. Сонан соң Сундиата Шығысқа жорық жасады. Оның барысында Нигар мен Бауле өзендерінің аралығын жаулап алды.

Сундиата Сосо патшалығымен оның оңтүстігін басып алу үшін соғысты. Сундиата Белдугу мен Киринуды, Нигердің оң жағасындағы Кениенко ауданын жаулап алды. 1235 жылы Кирине маңындағы шайқаста Сосо әскері талқандалды. Сөйтіп, Cocо жерінің едәуір бөлігі Малиге қосылды. 1240 жылға қарай Сундиатаның қоластына барлық Сосо жері көшті.Сундиата мемлекеттің жаңа астанасы - Ниани қаласын салғызды. Ол Санкарани өзенінің оң жағасында салынды (қазіргі Ниора қaласының манында).

Мали батыс Судандағы ең күшті мемлекетке айналды. ХІІ ғасырдың екінші жартысында Мали басқыншылық соғыстары жалғастырып, территориясын онан сайын кеңейтті. Көптеген әскери қолбасшылар жаулап алынған жерлерде қалып, вассалдық патшасымақтарға айналды. Мали империясының құрамына Батыс Суданның ірі сауда және мәдени орталықтары - Уалата мен Томбукту да кірді.

Mалидың басқа елдермен сыртқы байланысы кеңейді. Магpиб (Тунис-Алжир-Марокко) пен Египет мемлекеттерімен жүйелі сауда айырбасы қалыптасты. Малидың сыртқы саяси байланысы да кеңейді. Марокко сұлтандарымен дипломатиялық қатынас орнатылды.

ХІҮ ғасырдың екінші жартысындағы Мали тарихы мемлекеттік төңкерістерге, ішкі талас-тартыстарға толы болды. Бұл жағдайды оның көршілері пайдаланып қалуға тырысты.

Малидың басты бақталастары Сонгай мемлекеті мен Моси тайпасының мемлекеті - Ятенга болды. Мали мемлекетіндегі қoғaмның негізгі ячейкасы патриархалды отбасы болды. Оның құлдары мен ерікті қызметкерлері де отбасы мүшесі деп есептелді. Осындай бірнеше отбасы ауылдық қауым-дугаға бірікті. Патриархалды отбасының басшысы үстемдік етті. Онан соң кіші отбасыларының иелері келесі сатыда тұрды. Ерікті қол өнершілер мен дихандар қауымның қатардағы мүшелері болды.

Қоғамдық иерархияның ең төменгі сатысында құлдар тұрды. Құлдың келесі ұрпақтары ерікті қызметкерлер қатарына қосыла беретін. Қауымның қатардағы мүшелері, құлдар мен еркімен жүргендер аптасына 5 күн патриархалды отбасының иелігінде жұмыс істеуге тиіс болды. қалған екі күнді өз үлестерінде істейтін. Ол үлесінен түскен өнім өзінде қалатын. Жер бөлу, сот биліктері патриархалды отбасының қолында болды. Қызметтері үшін әскербасылары, жауынгерлер ел басшыларынан алтын, жер алып отырды. Жері үшін қызмет атқаруға міндетті болды.

Ортағасырлық Малидың шаруашылығы натуралды болды. Мали қауымдарында қолөнершілер тобы болғанымен, басқа қауымдармен товар айырбасы қажет болмады. Жергілікті рыноктар болды, бірақ олар шағын аудандар көлемімен шектелді. Томбукту мен Дженне Малидың маңызды сауда және қолөнері орталықтары болды. Қалаларда солтүстік африкалық көпестер мен мұсылман-діндарлар да тұрды. Олар жеке кварталдарда тұрып, өздерін-өздері басқарды.

Сонгай мемлекеті. Мали мемлекеті әлсіреген кезде Сонгай мемлекеті күшейе түсті. Сонгайлықтар Малидың шығысында тұрды. Бірнеше ғасырлар бойы Мали патшалығына алым-салық төлеп келді. ХҮ ғасырдың басында сонгайлықтар Малиден тәуелсіздігін алды. Көрші тайпаларды бағындырып, сонгайлықтар өз биліктерін Дженнеге дейінгі Нигер өзенінің орта ағысындағы территорияға орнатты. Мемлекет басында берберлік әулет тұрды.

Сонгай мемлекетінің күшеюі ХҮ ғасырдың ортасына, Али Бер билігі (1464/1465-1492 жж.) кезіне жатады. 1468 жылы Али Томбуктуды басып алды. Жеті жылдан кейін ол ірі сауда орталығы Дженнені басып алды. Али-Бер 1492 жылы кезекті бір соғыс кезінде қаза тапты. Оның баласы Бакари-Дааның билігі ұзаққа созылмады. Али Бердің әскер қолбасшысы, Сонинке тайпасының өкілі Мухаммед Туре Бакари-Дааға қарсы шықты. Ол 1493 жылы Ангоо маңындағы шайқаста Бакари-Дааның әскерін жеңді. Сонгай астанасына кіріп, өзін І-Мухаммед (1493-1528) деген атпен патша деп жариялады.

Мухаммед күшті кәсіпқой армия құрды. Енді шаруалардың жұмыстан қол үзуінің қажеті болмады. 1494 жылы Сонгай Диага патшалығын қосып алды. Көп кешікпей Мухаммед Малидің ірі провинциясы - Багануды Сонгайға қосып алды. 1513 жылы хаусандық Кацина мемлекеті жаулап алынды. Келесі бір хаусандық мемлекет - Кеббимен бітім жасалды. 1515 жылы Агадес қаласы мен оның облысы басып алынды.

Жаулап алынған жерлердің халықтары Сонгай үстемдігіне қарсы көтеріліс жасап отырды. 1517 жылы Баганада бұрынғы Мали патшасының әкімі Кама Кейт басқарған көтеріліс болды. Ол өте қатаңдықпен басып тасталды.

Сонгай державасының қоғамдық құрылысы құлдықтан феодализмге өту кезеңінде болды. Ел басшылары өз иеліктерінде 200-300 құлдан 1000 құлға дейін ұстады. Бірте-бірте бұл құлдар басыбайлы шаруаларға айналып, өз қожайындарына натуралды рента төлеп тұрды. Құлдардың 3-4-ші ұрпақтары ерікті шаруаларға айналып отырды. Бірақ өзінің қожасына белгілі бір мөлшерде тәуелді болды.

Қала тұpғындapы еріктілер болды. Сонгай мемлекетінің астанасы - Гао қаласында шамамен 75 мың адам тұрды. "Тарих аль-Фетташ" деген Сонгай жылнамасының мәліметі бойынша Томбуктуда әрқайсысында 50 жұмысшысы бар 26 тері илеу, т.б. шеберханалары болған. Тіпті 100-ге жуық жұмысшылары бар шеберханалары да болған.



  1. Европа мемлекетінің отарлауының басталуы

ХҮ ғасырдың екінші ширегінен бастап Батыс Африканың мұхит жағасындағы аудандарына европалықтар, негізінен португалдықтар мен испандықтар ене бастады. 1434-1482 жылдар аралығында олар Бахадор мүйісінен Конго өзеніне дейінгі жағалықты аралап шықты. Португалдықтардың 1460-1469 жылдары отарлаған Көгілдір мүйіс аралдары Батыс Африкадағы ең алғашқы құл саудасының базарына айналды.

Португалдықтардың Батыс Африкаға ағылуы әсіресе 1475 жылдан кейін күшейді. Осы жылы Лиссабондық көпес Фернан Гомиштің экспедициясы Анкобр мен Вольта өзендерінің төменгі саласында алтынға бай елді анықтаған болатын. Бұл ауданда тұратын фанти тайпасы португалдық көпестердің африка халықтары арасындағы ең бірінші құрбаны болды.

Алтын жағадағы өз позициясын тез нығайту үшін 1482 жылы Сан-Хорхе-да-Мина (қазіргі Элмина) деген тастан қаланған форт (бекет) салды. Алғашқы кезде Африкадан тек алтын ғана тасылды.Құл сату онша кең өріс ала қойған жоқ.

Латын Америкасының жергілікті халықтарын қырып-жою арқылы жүргізілген Америка континентін жүйелі түрде отарлауға, ондағы плантациялық шаруашылықтың кең өріс алуына байланысты өте көп жұмыс күші қажет болды. Ол күштің көзі Африканың жергілікті халықтары болды. Батыс Африка бірнеше жүз жыл бойына тегін жұмыс күшінің резервуары болып, үлкен құл саудасы рыногына айналды.

ХҮІ ғасырдың аяғына дейін Португалия Батыс Африка жағалауына орныққан ең бірінші европалық ел болды. Бірақ португалдықтар көпке дейін материктің ішіне терең ене алмады. Тек Сенегал мен Гамбияның арасына ғана біраз енді. Осы өзендер арқылы португалдықтар 1534 жылы Малиге, 1565 жылы ­Томбуктаға жетті. Сенегал мен Гамбия арқылы португалдықтар ішкі мандинг рыноктары - Кантора мен Бамбукке жетті. Бұл жердегі ірі мемлекеттерді португалдықтар басып ала алмады. Олардың басты назары Төменгі Гвинея өзенінің жағалауларына ауды (Сьерра Леонеден Камерунға дейін). Олар бұл жағалауды төрт зонаға бөлді:

1. Перечный жағалауы. 2. Піл сүйегі жағалауы. 3. Алтын жаға. 4. Невольничий жағасы (Вольта өзені мен Нигер дельтасы аралығы).

Португалдық көпестер әсіресе Алтын жаға мен Невольничий жағасында зор белсенділік көрсетті. Элминадан басқа португалдықтар Аксимде, Шамда т.б. жағалық пункттерде бірнеше жаңа форттар салды. Онда барлық сауданы шоғырландырды. ХҮІ ғасырдың басындағы португалдықтардың Африкада өндіретін алтыны дүниежүзілік алтын өнімнің 1/10-ін құрады. Жағалық жергілікті халықтар португалдықтармен сауда қатынасында белсенді болды. Бірақ алтынды португалдықтар өте арзанға алып отырды.

Оңтүстік Нигерияның жағалауы алғаш португалдықтар назарына онша іліге қойған жоқ. Күшті Иоруб мемлекеттері ішкі аудандарға жылжуға берік тосқауыл болды. Бенин мемлекеті португал товарларының орнына Европа рыноктарында өте жоғары бағаланатын келімдәрі беріп отырды.

1486 жылы португал көпестері Гватода Бениннің экспорттық портына айналған сауда пунктін ашты. Бірақ 1506 жылы бұл пункттің маңызы болмай қалды. Себебі африка келімдәрісінен түсетін табыс Индия келімдәрісінің табысынан әлдеқайда аз болды. Сондай-ақ португалдықтар товарлары бениндіктерде өте төмен бағаланды.

Фернандо-По және Сан-Томе аралдарына бекініп алып, португалдықтар кант тростнигін өсіретін плантациялық шаруашылықпен айналысты. Оларға бұл шаруашылық үшін жұмысшы күші керек болды. Сол себепті құл саудасы кең өріс ала бастады. Ал құлдарды Нигер дельтасы мен Оңтүстік Нигерияның баска аудандарындағы ұсақ тайпалармен жиі соғысып отыратын Бенин көптеп сата алды. Португалдық көпестер құлдарды қант плантацияларына жақын Алтын жағаға апарып, алтынға айырбастап отырды. Португалдық құл саудасы әсіресе ХҮІ ғасырдың аяғында Бразилияны отарлай бастағанда кең қанат жайды.

Бұл кезде Испания мен Англияның, Францияның Америкада басып алған басқа да аудандарында плантациялық шаруашылық тез қарқынмен дами бастады. Құл еңбегіне сұраныс бірнеше есе өсті. Европа елдерінің арасында Африкадағы жұмысшы күшінің рыногын басып алу үшін қызу күрес басталды. Бұл күресте Португалия өте күшті европа мемлекеттерімен қақтығысты. Бұл күрестің басты құрбаны, әрине, африкандықтар болды. ХҮІІ ғасырда құлдар мен Африка жерлерін басып алу үшін ешбір заңға бағынбаған қарақшылық соғыстар басталды. Тек 1530-1600 жылдар аралығында ғана португалдықтар Америкаға 900 мың африкандықтарды апарып сатты.

1610 жылы португалия монополиясы голландықтар конкуренциясына шыдай алмай, жеңіліске ұшырай бастады. Голландықтар Вест-Индия компаниясын ұйымдастырып Батыс Африка жағалауындағы португалдықтардың сауда бекеттерін басып ала бастады. 1642 жылға қарай Аргуин Гори, Сан-Томе порттары Голландықтар қолына көшті. Олар португалдықтардың Алтын Жағадағы порттарын да басып алды. 1648 жылы лортугалдықтар біраз уақыт тәуелсіздігін жеңіп алған Сан- Томені қайтадан өзіне қаратып алды. Бірақ Атлантикадағы құл саудасындағы португалияның монополиясы біржолата жойылды. Оның орнын Голландия басты. ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысынан бастап Голландия Испанияның Америкадағы отарларына негізгі құл жеткізуші делдал болды.

Голландия үстемдігі де ұзақка созылмады. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында отар үшін күреске Англия мен Франция кірісті. Бұл елдердің плантаторлары құлдар үшін алтын сұрайтын португалдықтардың делдалдығынан қуылып, құл саудасының негізгі рыноктарын басып алуға тырысты. Англиямен, Франциямен қатар құл саудасына Европаның басқа елдері ­Швеция, Дания, Браңденбург те кірісті. Сөйтіп, ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы мен бүкіл ХҮІІІ ғасырдағы Европаның басты державаларының арасындағы қайнаған конкуренцияның өзектi мәселесі - құл саудасындағы үстемдік болды. Бұл күрестің аренасы Африка континенті, әсіресе Батыс және Орталық Африка аудандары болды.

Англия мен Франция африкандық құлдармен саудада үстемдік құқы берілген ірі сауда компанияларын құрды. Мұндай компанияны Франция 1664 жылы құрса, Англия 1672 жылы құрды. Ағылшын компаниясы "Королдық африкандық компаниясы'' деп аталды.

Францyздaрдың сауда экспансиясының тіреніш пункті Сенегал болды. Mұндағы алғашқы француз бекеті 1630 жылы салынды, ал кейінгі жылдары Сен-Луи аралында бекет салынды; гoлландықтaрдан Аргуин және Гори форттары тартып алынды. Гори бірте-бірте француздықтардың Батыс Африкадағы басты теңіз базасына айналды. ХҮІІ ғасырда Америкаға 2 млн. 750 мың құл апарып сатылды. Оның 213-ке жуығы Батыс Африкадан болды. Әрбір 6-шы африкаңдық жолда қаза тауып отырды. Құл саудасы Африка континентінің, әсіресе Батыс Африканың санын кемітті. Африка континенті келешегi зор жап-жас жұмыс күшінен айырылды.

Құл саудасы Батыс Африка елдерінің экономикасына, саяси жағдайына орны толмас зиян келтірді: өндіргiш күштер тоқырауға ұшырады, континенттің солтүстік облыстарымен дәстүрлі сауда­-саттық байланыстары үзілді, ірі мемлекеттер құлдырауға ұшырады. Батыс Африканың қорғаныс қабілеті әлсіреді, африка мемлекеттерінің құл саудасына қатысқан үстем таптарының азғындауы байқалды.

. Оңтүстік Сахарадағы Африка елдері біркелкі дамыған жоқ . ХУғ халықтар біраз феодалдық қоғам болып, кең көлемді мемлекет болып құрылса, ал кейбір жерлердің адамдары тайпа құрамынан шыға алмай жатты. Африканың Оңтүстік Сахара жерінде қоғамдық және экономикалық жағдайы жақсарған халықтарды атап айтуға толық болады, өздерінің тұрақтанған жерлеріне тән белгілері болды: Батыс Судан, Шығыс Африка, Батыс Тропиктік Африка және Оңтүстік Африка.

Африка қоғамында қарапайым кедей шаруалардың еңбегі басым болып келеді. Тіпті алғашқы қоғамда құлдарды қолданбаған, құлдар жерге салық төлеп тұрған.

Африканың халықтары металлды өңдеу әдісін меңгерген, әсіресе темірді өңдеген. Африкандықтардан қалған балқытылған пештерден байқауға болады. Олардың халықтары өзбеттерінше еңбек құралдарына металл қосуды меңгерген.

Тропиктік Африка халықтары ежелден жер шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Мал шаруашылығымен тек көшпелі халықтар:оңтүстік Сахарада берберлер мен туарегеттер, батыс Африкада фульбехтер, шығыс Африкада масаилер мен галла халықтары айналысты. Осы жерде малшаруашылығы нашар дамығанын жер шаруашылығы түсіндіреді. Дегенмен, орта ғасырда африкалықтардың ауыл шаруашылық мәдениетінің дамуын көрсетеді.

Африкада күнделікті астық мәдениеті және сол сияқты неше түрлі сұлы, күріш, т.б.сияқты дәнді-дақылдарды қолданған. Бобов мәдениетін таратқандарға сиыр бұршағы, т.б. берілді. Маңызды мәдениетте құрма, какос пальмасы, маңызды техникалық мәдениетте мақта, индиго, қант таяқшасы орын алды. Үлкен дамыған жетістікке -әртүрлі бау-бақша мәдениеті, әсіресе африкалық ямса және ХУІ ғ. америкадан әкелінген тағадар болды.

Орта ғасырларды орталық базар алаңдары ашыла бастады. ХІУ-ХУғғ.батыс мемлекеттерде шеберханалар, әртүрлі цехтар ашылды. Ең күрделі өнеркәсіп ол- металл, яғни темір, алтын, күміс, ауылшаруашылық құралдар, тігін бұйымдары, тері өнімдері, қару-жарақ және сәулеткерлік керамикаларды қолөнершілер тобы өңдірді. Африкандықтар керемет ерекше металлдың, пештердің конструкцисы мен технологиясын жақсы меңгерген осы әдіс барлық Тропиктік Африкалықтарға тән. Темір мен мыстың металургиясын кейінірек таратты, ал алтын онша дамыған жоқ.

Тігін текстильі бүкіл Батыс және Орталық Судан, әсіресе Хусан және Йорубуск елдерінде дамыды. Хауса елдері тері өндіруден яғни белбеу, қорамсоптар, сөмкелерді өндірді. Тері текстильімен қатар бояу өндірісі де дамыды. Йоруба, Бенине, Нупе елдерінде сәулеткерлік керамика, күмістен жасалынған мүсіндер, шыныдан істелінген заттар кеңінен дамыды. Сол сияқты ағаштан жасалынған әртүрлі ағаштан жасалынған мүсіндер, ритуалдық маскалар, сүйектер және тоқылған заттар орын алды.

Орталық Суданның тарихы

Батыс және Орталық Суданның халықтары ежелден бері жершаруашылығымен көршілес елдермен айырбас жүрігізді,соның бірі оңтүстік Сахараның шекарасымен айырбаспен айналысты. Батыс Суданның сахеле зонасында УІІ-УІІІ ғғ.үлкен сауда пунктері болды. Аукар, Мали, кейінен Пимбукту, Уалата, Гао қалалары батыс судандықтардың орталығы болған. Осы аталған үлкен қалалар керуен жолы Батыс Судан аймағымен байланыста болды. Маңызды сауда жолы Нигер өзені, Сенегал, Гамбин, Сокота, Камадугу, т.б.болды.

Айырбас ретінде жер шаруашылығының өнімдері , малшаруашылығы, тұз, алтын, ал Оңтүстік Батыс Суданда алтын және кола жаңғағы жүрді. Нигер мен Сенегала көлінің ортасында орта ғасырда бірінші білім беру жүйесі енгізілді. Гана, Мали, Сонгай ортағасырдағы Солтүстік Батыс аймақтың Чад көлі орта ғасырлық Бориу, Канем,т.б. мемлекеттер пайда болды. Оңтүстік Суданның Гвиней аралында Йоруба, Белин, Фаголия, Амантин орта ғасырлық мемлекеттер пйда болды. Осы аймақтағыхалықтардың этникалық және тілдік қатынасы мемлекетттің, экономикалық жағдайының пайда болуына әкеп соқты.

ХІ-ХУ ғғ. Судан. ХІ-ХУ ғғ. Суданның территориясы Нубия деп аталады. ХІ ғ Нубияда бірнеше тәуелсіз княздіктер өмір сүрді. ХІІ ғ Нубияда ұланғайыр, бай мемлекеттер өмір сүрді. Жекелеген князьдіктер өздерін Донгола патшалығының вассалы деп есептеді. Египеттегі орталық биліктің әлсіреуіне байланысты Мукурра нубийлерді Египеттің оңтүстік иеліктеріне шабуыл жасады. Салық жүйесіне өзгерістер әкелді. Мукурра өкіметі Египетке жыл сайын 400 ірі қара, 100 түйе, жабайы аңдар, финник, мата, құралдар жіберіп отыратын болды.

Египит үкіметі Мукурраның үстінен саяси үстемдік те жүрді. өздерінің көңілін таппайтын Мукурра басшысын орнынан алып тастап, қалаған адамдарын тағайындап отырды.



1304-1305жж Мукуррада көтеріліс болды. оны басу үшін Аммий Египеттен көмек сұрады. Үкіметке наразы болған халық жаппай мұсылман дініне кірді. Бұрынғы христиан дініндегі өкімет басшысы орнынан алынып, оның орнына Каире өскен, ислам дінін қабылдаған Бершамбо отырғызылды. Доголдағы кафедралы собор мешітке айналды.

ХІУ-ХУ ғғ. Судан территориясында араб тайпаларының, қоныстануы одан әрі жалғасты. Арб тілі мен діні тез тарай бастады. Араб халықтары ежелден Судан мәдениетін меңгерді. Араб әлеміне жату мақтаныш сезімін туғызатын болды. ХУІ ғ. Көк және Ақ Иілдің қосылатын жерінде Сеннар мемлекеті, Ніл алқабының батысында, Коржофон тауында Дарфут мемлекеті құрылды.

Б.) Гана мемлекеті

Бұл аймақтағы ең ежелгі мемлекет Гагна немесе Аукар. Осыған дәлел УІІІ ғасырдағы деректер Гана мемлекет болып қалыптасқанына көз жеткізеді. Этникалық құрамын сонинке халқы құрады. ІХ ғасырдың ортасына таман Гана Аукар аймағын, Багану, Сахараның Хода және Тоганте облыстарын, батысында Текуре жеріне дейін, шығысында Нигерге дейін, оңтүстігінде Сенегаланың үстіңгі ағысы мен Бауле жерлерін жаулап алды. Гана мемлекетінің астанасы – Кумбм-Сален болды.

Гананың билеушілері ІХ ғасырда бербер тайпаларымен күрес жүргізді.. гана жеріне бара жатқан сауда жолын және Ганадан Магриб жеріне бара жатқан сауда керуенін ұстап алды. Гананың ең қауіпті жаулары берберлер мен лемтуна халқы болды. 919 жылы Лемтін қоғамы толығымен күйрегеннен кейін соғыс 919 жылы Зенага қоғамымен аяқталады. Бұл соғыста Гана жеңіп, зеногтың бас қаласы мен Аудагост сауда орталығын жаулап алады.

Х ғасырдың басынды Гана мемлекеті саяси жағынан күшейе түсті. 1054 жылы Альморавида мароккалық мемлекет Ганадан Аудогасты тартып алды. Бірақ осыдан қарамастан Гана мойын сұнбады. Батыс Суданды сақтап тұрды. Гананың 200 мың әскері, оның ішінде 40 мың мықты отряды болды.

Осыған қоса Гана Батыс Суданның Магриб елімен сауда қатынасты сақтап тұрды. Оның жолымен атақты сауда керуені өтіп отырды. Бірде бір бербердің және арабтардың керуені Ганаға төтеп бере алмады. Сауда айырбасында мыс, тұз, мата, құма жүрді. Гана бүкіл Мавритони, Текрурам, Фалеме, Гангарон жеріндегі саудаларды бақылап, алтын топырақтың орта ғасырдағы болған қалаларды аңдып отырды. Тұз бен алтын Гананың экономикалық гүлденуіне әкеп соқты. Гананың территориясынан өтетін керуендерді кеденнен билеушілер мұқият болды. Арабтардың саяхатшылары мен саудагерлері Гананың билеушілерінің байлығы туралы сөз таратып, тайпалар мен мемлекеттердің бірінші кезекте Альморавидскийдің империясын қаратты. Альморавидскийдің сұлтаны Әбу Бекир ибн-Омар өзіне солтүстік бөліктегі Батыс суданды қаратпақшы болды. Сол сияқты сол өңірге «ислам» дінін таратпақ болды. Қала толығымен тоналып, қирады. 1476 жылы Гана қаласы сұлтанның қолында болды. Гананың сұлтаны Менен Альморавидскийді мойындап, жыл сайын дань беруге міндетті болды. Халықтары еріксіз, күштеп исламға бағынды. Мароккандықтар Бамбук жеріне орнықты.

Мароккандық билік Ганада қысқа болды. 1087 жылы халықтық шу шығып Аурара ауданында, сол кезде Әбу Бекир ибн-Омар өлді. Мароккандықтар Гана жерінен кетуге мәжбүр болды. Бірақ бөтен мемлекет Ганалаықтарға үлкен соққы берді. Мароккандықтады Ганадан қуғынан кейін Гакна тек Аукар және Бассицев жерімен шектелді. Батыс Суданның аудандарында тәуелсіз Данин, Каньяга мемлекеттері пайда болды.

ХІІ ғасырда Каньяганың билеушілері қастандық ойлап, Гананың бұрыңғы территориясын (Солтүстік Бемдущ, оңтүстік Багана,Диага бөлігі)

қаратып Сосо мемлекетін құрайды. ХІІ ғ ішінде Сосо мен Мали Гана ға қатер төніп тұрды.батыс Суданның сауда орталығы болудан қалды.

1203 жылы Сосо Гананың бүкіл жерін иемденді. Астанада қалған бай отбасылары мен саудагерлер қаладан кетті. Осылайша Сосо бүкіл Батыс Суданның маңызды сауда керуенін иемденді. Осылардың келуімен 1224 жылы Уалата қаласы пайда болып, экономикалық орталығы деп есептелді.

Сосоның қарсыласы Маи мемлекеті болды, Суданның сауда орталығында орналасқан бай аймақтардың бірі.

В) Мали мемлекеті

Мали мемлекетінің пайда болуы УІІ ғасыға сай келеді. ІХ ғасырда арабтардың деректерімен дәл келеді. Малидің шекарасы Нигердің алдыңғы ағысы шығысқа қарай, Беледугудың солтүстікке қарай, Бакой өзенінің алдыңғы ағысы батыста. Малидің орталығы солтүстік аймағы болды. ІХ ғасырда ислам дінін қабылдады, кейбіреулері өздерінің алғашқы наным –сенімдеріне сенді. Арабтың және бербердің саудагерлері мен мұсылмандары Малиге келе бастады. Себебі солармен күнделікті сауда-қатынастық жағдайда болу үшін.

Малидің экономикалық және политикалық гүлденуі ХІІ ғасырдың ІІ-ші жартысына сай келеді. Сол кезде Мали Кейта жеріне еніп, бұл жаңа династия болды. Мемлекеттік қайраткер , еңірі представитель ол Сундиата болды (1230-1253жж). Оның қарамағында мықты, тәртіптіәскер болды. Алғашқы жорығы Сангаран және Футо-Джаллон аймағы болды және Мали жеріне қосып алды. Кейінен Сосо патшалығының оңтүстік жерін, және Малиге Сосо территориясының көп бөлігі кірді. 1240 жылы Сундиаттардың басшылығымен Сосо жерінің бәрі Малиге кірді. Сундиаттың билеуімен Малидің жаңа астанасы ретінде –Ниани қаласы болды.

Батыс Судан жеріндегі ең мықты айбатты мемлекет –Мали болды. ХІІғ.ІІ жартысында Мали соғыстарды жалғастыра береді. Ниани астанасы осы уақыттың ішінде Нигердің үстіңгі ағысынан ірі сауда орталығы болды, осыны басып Магрибтан және Ливиуан сауда керунеі өтті. Мали империясына Батыс Судандағы- Уалата және Тимбукту мәдени орталығы болды. Малидің экономикалық жағдайы күннен күнге кеңейе түсті. Египет пен Магриб елімен сауда айырбас қарым-қатынаста болды. Айрбас ретінде Гана еліндегі сияқты мұнда да тұз, алтын, шыныдан жасалған бұйымдар жүрді. Ішкі саяси жағдай жақсара түсті. Марокканың сұлтанымен дипломаттық қарым-қатынаста болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет