Пәннің оқу – әдістемелік кешені


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет10/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Әр әдіске түсінік беру

  2. Тиімді жолдарын көрсету

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

14 тақырып Жүдеде күресу (Партер)

Сабақтың мақсаты: Самбо күресінің айырықша ерекшелігі – жүдеде күресу әдісіне түсінік беру.

Қаралатын сұрақтар:

1. Самбо күресінің айырықша ерекшелігі жатып күресу әдіс- айласы мұны үш түрге бөліп қарауға болады.

а). Арқаға ұстау;

б). Буындап ауырту.



Самбо күресі ережесі бойынша қарсыласын кілемде арқасына 20 секут толық бір рет ұстаса рұқсат (төрт ұпай береді де) әрі қарай басқа әдіске көшуіне шамамен бес секут береді. Басқа әдіске яғни буынын ауырту әдісін жасауға мүмкіндігі болмас тоқтатып орындарынан тұрғызып, бастапқы қалыптан күресті жалғастырады. Самбо күресінде жатып күресуде жас самбошыларға арнайы жасайтын жаттығулар беріп арнайы машықтандыру дұрыс.

а) Арқаға ұстау әдіс –айласы

Самбошыдан арнайы ептілік, күш, жылдамдық талап етеді және осы әдіс техникасымен арнайы әдіс - айлалық бағалаулар жоғары төрт ұпай алуға болады. Самбо күресі ережесі бойынша:

20-секунт арқасына ұстаса \ толық\ яғни 4-ұпай.

10-секунт сәл басымдылық \жартылай\ яғни 2-ұпай.



Арқаға ұстау әдістері: шабуыл жасаушы палуанның ұстауына қарай (бас жағынан ұстау, қапталдан, жанынан, кеудесіне мініп ұстау т.б) болып бөлінеді.

1\ Жанынан арқаға ұстау. Бұл әдіс техникасын оңға және сол жаққа жасауға болады. Әдісті жасау техникасына байланысты көп түрге бөлуге болады. Соның ішінен белдесу кезінде жиы қолданылатын түрі мойыннан және қолдан ұстап қайшылап арқаға ұстау әдіс -айласы. Бұл техниканы орындағанда оң \ сол\ қолымен қарсыластың мойынын қыса шынтағын сырттынан кимонаның жеңімен ұстап, аяқты қайшылап екінші қолмен бүйір тұсынан немесе белдігінен мықтап ұстайды.

Қорғаныс: а\. Шабуылдаушыны белінен қос қолдап құшақтап сәл алға итеріп, күшпен келесі жаққа аударып шығуға болады. ә\. Жартылай көпір жасап қаусыра көпір жасап күшпен итеріп аяқтың көмегімен асып түсуге болады

2\ Бас жақтан басып белдіктен ұстап арқаға ұстау. Бұл әдіс әдіс -айласын екіге бөліп қарастыруға болады.

    • Қарсыластың бір қолын қолтыққа қысып, екінші қолды иықтан асырып

    • белдіктен ұстау әдіс - айласы.

Бұл әдіс - айлада біріншісіне ұқсас. Бірінші қарсыластың екі қолын шынтақ тұсынан қолтыққа қысып белдіктен ұстау әдіс - айласы.

Қорғаныс: Шабуылдаушы бос қолымен қарсыласын өзінен жоғары күшпен итеріп барып, аударып шығуға немесе шынтағын тіреп шабуылдаушының арқаға ұстауына мүмкіндік бермеу.


3\ Жаннынан көлденең арқаға ұстау. Жанынан көлденең арқаға ұстау әдіс - айласы өте сенімді және ынғайлы болады.

Шабуылдаушы қарсыласының бір қолымен кимоносының жағасынан ұстап екінші қолымен аяқтың арасынан өткізіп белдіктен ұстайды. Аяқты артқа созып немесе тізерлеп отыруға болады.



Қорғаныс: Бұл әдістен қорғанудың бірнеше түрі бар.

-Аяқтың арасы арқылы белдіктен ұстаған қолын екі аяқпен мықтап қысып, бас жағына қарай етбетімен айналуға әрекет жасау керек. Осы сәтте жағадан ұстаған қолының шынтақ буынынан ауырту әдісін қолдануға мүмкіндік болады.



Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет