Пәннің оқу – әдістемелік кешені


Қолданылатын әдебиеттер тізімі



бет12/23
Дата21.04.2017
өлшемі4,32 Mb.
#14299
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. А.А. Харлампиев. Борьба Самбо. -М.: ФИС,- 1957. 460 с.

  2. Ж. Бөжиг. Самбо және қол сайысты үйрету негіздері. -Қарағанды: ҚарМУ баспасы, -2007.-160 б.

  3. Е. Алимханов. Самбо күресін үйрету негіздері. –Алматы: ҚазМСТА, 1999.-50 б.

  4. Есмағамбетов З.Е. Дене тәрбиесін өткізу және басқару. - Қарағанды: Арко, 2004.-325 б.

  5. Қуанышов Т. Ш. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.- Алматы: Санат, -2002.- 290 б.

16 тақырып Қоян-қолтық ұрыстың құрылымы

Жалпы жекпе–жек өнеріне қызығушылар оны ғылыми тұрғыдан қарамай-ақ тез арада оны меңгеруді армандайды, сол арқылы денсаулығын шыңдауды, батыл болуды, өз - өзіне сенімді болуды, т.б. с

Жалпы қол сайысының шығу тарихына қарап отырып оның өзін - өзі қорғау жағдайынан туындағанын аңғарамыз уақыт өте келе адамдар бір – біріне үстемдік көрсетіп, әлім-жеттік жасайтын болды, адамдар қатыгездікке бой ұрды. Қоғамның дамуы адамдардың ой қабілетінің жетілуіне әсер етті, имандылыққа мойын ұсынды, ең қымбат адам екенін түсінді. Осы уақыттан бастап көптеген қол сайыс мектептері діни ұйымдарға, жоғарғы биліктерге тәуелді болды. Арнайы ғалымдар, мамандар (шеберлер) сайыс түрлерінің жаңа тәсілдерін ойлап тапты.

Әскери жауынгерлік өнері дегеніміз не? неден тұрады? Қандай мақсат көздейді? Неден құралады? - деген сауал туындары сөзсіз.

Ал, спорттық күрестің анықтамасын алар болсақ ол екі адамның арнайы ережеге сай жекпе–жегі. Өкінішке орай бұл анықтама қол сайыс өнеріне сай келмейді. Неге десеңіз әр дайым қарсыластар екеу бола бермейді, олар ережемен сайыспайды. Әскери жауынгерлік өнер дегеніміз не? Алдымен айтар болсақ, кез–келген өнер екі деңгейден тұрады. Біріншісі–осы өнерге қолданылатын әдістерден тұрады. Ал, екіншісі - өзінің жеке талантының арқасында аталған әдістерді қолдануы және дамыта білуі негізінде дағдыдан шеберлікке айналдыра алуы. Кез – келген әскери жауынгерлік өнері осы ережеге бағынады. Біріншіден өзіндік негізгі әдістері, бұны үйренбеген кез – келген талант өзін - өзі көрсете алмайды.

Қоян-қолтық ұрыстың анықтамасы (жауынгерлік өнердің әліппесі) оның бірінші сатысын табу қиын емес. Мысалы: Нели Озиобилисинда «қол сайысы өнерінің ішіне кіретін барлық әдістермен жеке өзін- өзі қорғау тәсілі мен шабуылы, олардың іс жүзіндегі оқытылуы мен шын ұрыстың ғылыми талдауы және оның жағдайы негізделеді.

Енді оның қандай компенентерден тұратынын қарастырайық. Қол сайысын, бірінші негізгі ұрыс және бос қолына түскен нәрселермен жауын жою, бұл ең қажеті және бірінші адамның іскерлігінің берілген мақсаты түрі. Қол сайыстың мақсаты жарыс емес, бұл ережесі және төрешесіз айқас.

Қоян-қолтық ұрыстың екінші негізі – техникасы.

Техникасыз ұрыс төбелес болады. Төбелесте техника пайда болса, ол ұрысқа ауысады. Төбелесте жеңу үшін көп тәсілдер бар. Мысалы: ауыр соққыға жығу, дем алу ретін бұзу, қылқындыру, ауырту тәсілдерін жасау т.б.

Ұрыс жолдары әртүрлі болады. Сондықтан түрлі техникасы түсінікті болуы заңдылықты құбылыс.

Қоян-қолтық ұрыстың үшінші негізі – оқыту әдісі. Әдіссіз ештеңе шықпайды. Әдістің құпиясы туралы көп айтуға болады, бірақ жаттығу алгоитмі бұрыннан өзгермей келеді. Әрбір тәсіл төрт кезеңде ретімен істеледі.

І – кезең – тәсілді «ауада» жаттықтыру. (траектория, соққының бетін тұжырымдау)

ІІ – кезең –тренажорда қозғалысты қайталау. Оқушы бұл кезеңде өз күшін салады.

ІІІ – кезең - әріптеспен үйренген әдістерін бір–біріне жасау арқылы қайталайды.

ІҮ – кезең –еркін ұрыста қарсыласпен жұмыс жасау. Бұл кезеңде сарбаз әдісті қарсыласына сенімді қолдана алғанына дейін жаттығады.

Сонымен біріншіден «жауынгерлік өнер» (қол сайыс) ұрыстың мақсатын құрайды (кәдімгі ұрыс), қолданатын техника, және осы техникасын қайталау әдісі.

Жауынгерлік өнер – бұл техниканы кәсіби білу және қол сайыстың тактикасы мен өзінің дарындылығы, стератегиялық қайталаудан жақсы игерген «азов» өзіндік деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік береді.

Жекпе–жек өнеріне машықтандыру мақсатында жас ерекшеліктеріне, жынысына байланысты әр түрілі тәсілдер дүниеге келді. Кейбір мемелекеттерде дәстүрлі жекпе – жек өнерлерін жетілдіріп жаңаша, тиімді қол сайыс түрлерін қалыптастырды. Мысалы: Кикбокс (бұл қол сайыс түрі тай боксымен ағылшын жұдырықтасу өнерінің таңдаулы тәсілдер жиынтығы бұл спорт түрі әлемде кеңінен дамуда).

Қол сайысының тәсілдерін орындалуына байланысты лақтыру әдістері, қылқындыру, аяқ және қол буындарына ауырту әдістері, аяқпен және қолмен соққылар жасау деп топтауға болады.

Қазіргі қолданыстағы және әлемде кеңінен тараған қол сайыс түрлері тәсілдерімен қатар күрес тәсілдерін қолдану тиімды, сондықтан қол сайыстағы тәсілдерді топтауда күрес түрлеріне де баса көңіл аудардық.

Жалпы күрес түрлерін ұлттық және халықаралық спорттық деп екі топқа бөлуге болады.

1.Ұлттық күрес түрлері сол халықтың салт–дәстүріне, өмір сүру ортасына, жалпы ұлттық физиологиялық ерекшелігіне тікелей байланысты. Мысалы: Қазақ күресте аяқ әдістері жиі қолданылса, татарша күресте ұлы денемен жасалынатын әдістерді қолданады, қазақ күресте шапан киіп күрессе, түріктер жалаңаш денесіне май жағып күреседі. Осындай ерекшеліктеріне байланысты әрбір ұлттық күрестерде дене сапаларының даму ерекшеліктері әр түрілі болады және психологиялық дайындықтары, ойлау қабілеттері т.б. сол сияқты жалпылама ерекшеліктер көп болады.Ұлттық күрестерді қолданылатын киімдеріне (форма) байланысты белдіктен ұстап күресетін күрес түрлері, жалаңаш денеден ұстап күресу, киімнен ұстап күресетін күрес түрлері деп топтауға болады.

Күрестердегі қолданылатын әдіс–тәсілдерді жасалу қасиеттеріне байланысты: аяқпен жасалынатын, ұлы денемен, қолмен жасалынатын деп топтауға болады. Сонымен қатар халықаралық спорт күрес түрлерінде киіммен және жалаңаш, белдікпен күресетін болғандықтан қолданылатын әдіс– тәсілдерде әр түрілі болады бұл күрес ережесіне тікелей байланысты [12].

Жу-до, самбо күрестері арнайы киімен күресетіндіктен киімнен үстап әдіс жасауға рұхсатталады. Еркін күрес, Грек – рим күресінде киімнен ұстауға болмайды. Сумо, ширм (корея күресі), татар, парсы күрестерінде белдіктен әдіс жасауға болады. Осындай ерекшеліктерге байланысты жасалатын әдіс, тәсілдер әр түрілі болады бұл спортшының дене сапаларына тікелей әсір етеді мысалы киімен күресетін күрес түрлерінде саусақ, білек күштері жоғары дамыған, белдіктен күресу ұлы дене, қол күштерін дамытуды талап етеді. Бұндай ерекшеліктерді ескере отырып сол ұлттың, жеке шеберлердің негізгі тәсілдерін анықтауға болады, бұл олардың басты ерекшелігі.

Жалпы жауынгерлік жекпе –жек өнері дегеніміз не? Деген сұраққа жауап іздеп көрейік: барлық өнердегі сияқты, бұл өнердің өз шеберлері, өз таланттары, өз жанкүйермендері бар.

Кез келген кәсіпқой спортшы бұл өнерді игеріп кете алмайды, сонда бұл өнердін құпиясы неде?

Жан–тәнімен берілу, ішкі жан дүниені ашу. Бастапқы да айтқанымыздай бұл өнердің өз шеберлері, таланттары бар олар кімдер? олар кез–келген әскери жекпе–жек өнерінің негізгі әдістерінің 90% меңгерген немесе қол сайысының техникаларын толық білетін мамандар.

Әскери жекпе–жек өнері осылайша адамның дене қалыпын (формасын) жақсы сақтауын, рухын, күш қуатын тәрбиелейді.

Осылайша әскери жекпе–жек өнерімен шұғылдану барысында дене шынықтыруға, күш қуатты артыруға, рухты шыңдауға болады десек бұл өнер түрімен кез келген адамға шұылдану артық болмайтынын аңғарамыз.

Әскери жекпе жек өнерінің әлппесі қол сайысы деп санасақ, онда оның алғашқы сатысын бастай беруге болады .Мысалы: Нила Ознобишин «Қол сайыс өнері өзін -өзі қорғанумен шабуылдаудың әдістерінің практикалық үйрету негізі мен қатар нақты бетпе бет белдесудің ғылыми сараптау жиынтығы» деп атап көрсеткен.

Ғаламданған ХХІ–ғасырда әлемде жаңа заман талабына сай жабдықтанған, әртүрілі бағыттағы қол сайыс мектептері ашылып жастарды тәрбиелеуде. Бұл мектептердің бір – бірінен айырмашылықтары олардың стильдік (мәнерлік) жағыдайы болып отыр.

Сонымен қатар қол сайысының пайда болуына өмір сүру салты, қоршаған ортасы ұлт ерекшеліктері, физиологиясына т.с жағдайларға байланысты қалыптасқан [13].

Адамдар қол сайыс өнерін тез арада меңгеріп сол арқылы қоғамдағы кереғар топ пен күш сынасып оларды жеңіп әділет орынатуды армандаса, келесі адам өз дұшпанынан кек алуды армандайды, бірақ сол үшін олар бұл өнердің құпиясын іздеп шарық ұрады оның сыры дұрыс жоспарланған оқу жаттығу жоспары бойынша қажымай–талмай еңбек ету, жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мектеп қалыптастыру.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.

17 тақырып Қоян-қолтық ұрыстың айла-тәсілі

Топтау - күрес тәсілдерін және соққылардың жасалу ерекшелігіне сай топтастыру (квалификациялау) барлық белгілі әдістер мен соққыларды ортақ белгілеріне қарай бөлуге саяды.

Жіктеу - тәсілдердің әртүрлі топтарының арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді тауып, оларды қиындық дәрежелеріне, құрылымының күрделігіне т.с.с белгілеріне қарай бірінен соң бірін орналастыру.

Атау беру- педагогикалық және спорттық жұмыс кезінде пайданылатын қол сайысқа тән атаулар.

Топтау, жүйелеу және атау беру оқытушыларға педагогикалық үдерісті тәртіпке келтіруге көмектеседі.



Жүйелеу - топтау негізінде жүргізіледі. Ол жаттықтырушының қол сайыс әдіс–айласы мен соққылардың топтармен амалдар арасындағы өзара байланыс жөнінде жаттығушыға түсінік беруіне көмектеседі. Бұл спортшыларды дәйекті түрде және дұрыс оқытуға мүмкіндік береді. Қол сайыста топтау негізіне қарсыласпен сайысқан және жекпе-жекке түскен кезде қолданылытын және жарыс ережелерінде рұқсат етілген әдістер мен соққылар алынған. Қол сайыстағы әдіс -айласындағы кейбір түсініктерді анықтау.

Қоян-қолтық ұрыстың атаулары (терминологиясы) оның топтау және жүйелеумен тығыз байланысты. Атаулар оқу процессін жақсаруға көмектеседі, қол сайыстың әдіс – айласы мен тактикасын дұрыс атаудың жаттығулардың мәнін түсіну үшін маңызы зор.

Атаулар мынандай төменгі ережелер негізінде жасалады: ықшамдылық, дәлдік және анықтық, тіл түзілуінің және грамматикалық заңдылықтарға сәйкес.

Атаулар әдетте бір-екі сөзден тұрады. Олар дұрыс түсінік береді.

Атаулар былайша түзіледі:


  1. Қазақ тіліндегі кейбір сөздер жаңа мағанаға ие болады. Мысалы: көпір- шалқайып басымен және аяқтарымен жер тіреп белін көтеріп көпірге ұқсап тұруы.

  2. Өндірістік сөздерден жаңа мағанаға ие болатын сөздер түзіледі: орап алу- аяқпен арнайы жасалатын қимыл.

  3. Сондай-ақ сөз тіркестері дәл қолданылады: шалқайып лақтыру.т.с.с.

Ұсынып отырған атаулар әбден қалыптасқан өзгермейтін атаулар емес.

  1. Әдістердің аттарының түзілу ережелері.

Самбо күресінің әдіс–айласы құрылымы сан-алуан қимыл–қозғалыстар мен әдістерден тұрады. Күрестің әрбір әдістерін жеке атаулармен атайтын мүмкіндік жоқ. Бірақ дәл түсіну үшін әдістің дұрыс аталуының маңызы зор. Сондықтан әдіске ат бергенде оның құрылымына қарамайды.

Әдістің атын анықтау үшін мынандай ереже бар:

Қол сайыстың әдіс- айласы, құрылымы сан-алуан қимыл–қозғалыстар әдістерден тұрады. Сондықтан әдіске ат бергенде оның құрылымына қарамайды.

Әдістің атын анықтау үшін мынандай ереже бар:

Әдістің аты екі немесе үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі негізгі әдіс- айлалық белгіні, негізгі топтау топтың атын білдіреді. Мысалы: Лақтыру. Екінші бөлігі әдіс құрылымындағы негізгі элементті сипаттайды, негізгі әрекеті орындауды ерекшелігін білдіреді. Шалқайып лақтыру, тобықтан қағу т.б. Үшінші бөлігі детальдардың, қосымша қимылдарды және ұстау түрлерін, олардың бағытын ерекшкліктерін анықтайды. Мысалы: жеңнен және жағадан ұстап ашалап тастау, жеңнен және белдіктен ұстап жамбастан тастау т.б.

Екі элементті немесе қозғалысты қосу үшін «және», «мен» жалғаулары қосылады. Егер дененің жекелеген бөліктерінен қалай ұстауды анықтағанда “және” жалғаулығы қолданылған болса, бір қолмен дененің бір бөлігі, екінші қолмен екінші бөлігі ұсталатындығы көрсетіледі. Мысалы: Жеңнен және жағадан ұстап.

Егер «мен» жалғаулығы қолданылса, қарсыластың денесінің екі бөлігі қоса ұсталып, қолдарының айқастырлатыны сөз болғаны, мұндайда «қаусырып» деген атауды қолданса да болады. Мысалы: Кеуде мен қолды ұстап ( қоладары мен кеудесін қаусырып ұстап). Егер екі элемент қатар аталса, онда бірінші әрекет (қимыл) негізгі, екінші қосымша болғаны. Мысалы: Шалқалап кеудеден асыра лақтыру. Мұнда –шалқалау негізгі, кеудеден асыра- қосымша, лақтыру - әдіс - айлалық атау [14].



Қоян-қолтық ұрыстың әдіс–айласы (техникасы: қол сайыс әдіс-айласы-дегеніміз спортшының жеңіске жетуі үшін қолданатын, қол сайыстың ережесінде рұқсат етілген қимыл–қозғалыс амалдарының жиынтығы.

Қоян-қолтық ұрыстың әдіс - айласы жекпе - жекте қарапайым қозғалыстан (ол қозғалыс кеңістік және уақыт арқылы бірімен-бірі байланысты) тұратын тұтас әрекет болып табылады. Яғни әр бір әдіс қол, аяқ, дене арқылы жасалатын қарапайым қозғалыстан тұрады, ол қарапайым қозғалыс деп аталады. Күресте қозғалыстар шартты түрде былайша бөлінеді:



Қолдардың қозғалысы - ұстау, орап ұстау, қысу, итеру, жұлқу, тұю, тарту, тіреу, басу,т.б.

Аяқтардың қозғалысы- қою, аттау, кейін қою, аттап кету, бүгу, жазу, ілу, шалу, қағу, үстіне салу, итеру т.б

Дененің қозғалысы- еңкею, тік көтеру, иілу, бұрылу, қысу, итеру, құлату.т.б.

Спортшының қимылдарының біразы бір мезгілде, біразы бірінен соң бірі орындалады. Барлық әдістерді шартты түрде қарапайым қозғалыс және қозғалу фазасы деп бөлуге болады.

Споршының негізгі жағдайы және қозғалыстары, олардың биомеханикалық талдауы (тіреу алаңы, жалпы ауырлық орталығы. Сайысқанда кезде спортшылар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды.

Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Жалпы ауырлық орталығына түсетін түзу сызық тіреу алаңының ішіне келсе не одан шығып кетсе тепе -теңдік бұзылады. Сондықтан спортшы қимылдаған кезде ауырлық орталығының түзу сызығы алаңның ортасына жақын болуының маңызы зор. Тепе -теңдікті сақтау өнері мынаған саяды:

Тіреу алаңын тез өзгертіп, «қауіпты бағытта» орнықтылық бұрышын арттыратын қимылдар жасау; қарсылас жұмсаған күшін бейтараптау немесе кері серпу үшін тиісті бұлшық етерін қатайту немесе босату. Мұндай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды қол сайыста спортшының тұрысы деп атайды.

Бастапқы қалыпта әдіс-айласы-тұрып күрескенде қолданылатын амалдар.

Ұстасу- қолмен орындалатын әрекет, спортшы шабуылдау, қорғану немесе қарсы шабуылдау мақсатында қарсыласының киімінің бір жерінен ұстау.

Бір жақты ұстау- оң қолмен қарсыласының оң қолынан (сол қолмен сол қолынан ) ұстау.

Әр жақты ұстау - оң қолмен қарсыласының сол қолынан (сол қолымен оң қолынан) ұстау.

Шалу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде спортшы балтырын, жіліншігін қарсыласының тізесінен төмен қойып, сырттан шалады.

Ілу-аяқпен жасалатын қимыл, бұл кезде спортшы қарсыласының денесінің қандайда болмасын бір бөлігін ұстап, өзіне немесе бір жағына қарай тартады да, аяқтың басымен не өкшесімен қарсыласының өкшесінен іледі.

Орау- аяқпен жасалатын қимыл. Спортшы қарсыласын қимылдатпай ұстап, оны өзіне немесе бір жанына тартып, онымен бір мезгілде жіліншігімен және аяғының басымен аяғынан орайды.

Қағу- аяқ қимылы. Спортшы табан жағымен, табанның ішкі ,сыртқы қырларымен қарсыласын аяқтан қағады.

Төрт таған- екі қолмен және аяқпен кілемге (алақан, шынтақ және тіземен) бауырын көтеріп яғни ішін тигізбей тіреп тұру.

Жүде- кілемнің үстінде етбетімен яғни ішімен жатуы.

Соққы- қолмен және аяқпен жасалатын қимыл.

Төте соққы- қолмен тіке жасалатын соққы.

Қапталдан жасалатын соққы- қолмен құлаштап не аяқпен жаннан жасалатын соққы.

Арқаға ұстау- спортшыдың кілемнің үстінде арқасына (жауырынына) белгілі уақыт ұстау.

Буынын ауырту- қол және аяқтың белгілі бір буынын (иық, шынтақ, тізе, қылта, шат, бел және жуан сіңірді) бүгілуіне қарсы қайырып ауырту.

Қылқындыру – миға баратын қан тамырларының жолын бөгеу (қол сайысқа тән).

Тұншықтыру – тыныс алу жолын бөгеу (қол сайысқа тән).

Көтере итеру- аяқ қимылы. Спортшы қарсыласын санымен немесе жіліншігімен өзінің алдынан жоғары көтере итереді.

Еңкею- денені тік тұрған күйінен горизанталь күйге қозғалту.

Тікею- денені горизанталь күйден тік күйге келтіріп қозғау.

Шалқаю- денені артқа қарай шалқайтып доғаша иілу.

Айналу- артқа қарай құлаған кездегі дененің қозғалысы: спортшы шалқалап құлап бара жатқанда кеудесімен немесе төрт тағандап түсу үшін айналады.

Жұлқу- спортшы қарсыласын қатты тартып қалады.

Итеру- спортшы қарсыласын өзінен ары қарай немесе қапталға қарай қатты итереді.

Жығу- түрегеліп тұрған қарсыласты кілемнен көтеріп алмай-ақ кеудесімен немесе арқасы, қырынан түсіруге көмектесетін әдістер.

Әдіс- спортшының толық аяқталған әрекеті, қарсыласынан басым түсу немесе жығу амалы.

Қорғану- қарсыласының шабуылын тойтаруға мүмкіндік беретін әрекеттер.

Қарсы әдіс- қарсыласының әдісіне қарсы қолданылатын әдіс.

Лақтыру- қарсыласын кілемнен көтеріп алып жауырынымен немесе кеудесімен түсіруге көмектесетін әдістер.

Күрес әдіс - айласын анықтау үшін спортшыдардың барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу қажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек. Ең қарапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бір қатар ағзалары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес әдіс–айласын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Күресте оның қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Сонымен спортшыдар әсер етуші күш мыналар ескеріледі:

-салмақ күші;

-бұлшық еттің тарту күші;

-дененің инертті (қозғалыссыз тұрған кездегі) қарсылығы;

Осы күштер әсер еткенде спортшы денесі әртүрлі жағдайға түседі, оның жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ынғайлы.

Қол сайыстың айла – тәсілі (тактикасы)



Қол сайыстың айла–тәсілі – дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі.

Тактикалық даярлық амалдар- спортшының шабуылдау немесе қарсы шабуылдау үшін қолайлы жағдай жасайтын әрекеттер.

Барлау- спортшының қарсыласы жөнінде мәліметтер алуына көмектесетін тактикалық әрекеттер.

Бүркемелеу - спортшы қарсыласынан шын ойын жасыру үшін жасайтын тактикалық әрекет.

Қауып төндіру- спортшының қарсыласын қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін тактикалық әрекет.

Жалған әрекеттер- арырына дейін жеткізілмеген және қарсыласты тиісті қорғанысқа көшуге мәжбүр ететін амалдар, қарсы амалдар. Ұстау. Жұлқу, итеру және басқа да әрекет.

Алдау - бұл да жалған әрекет.

Шақыру - спортшының қарсыласын белсенді қимылдар жасауға мәжбүр ететін тактикалық әрекет.

Тұқырту-спортшы қарсыласын еркін қимылдауына мүмкіндік бермейтін тактикалық әрекет.

Тепе-теңдіктен шығару - спортшының өзінің шабуылға шығуына ыңғайлы, ал қарсыласы тепе -теңдігін сақтай алмай қолайсыз жағдайға түсуге мәжбүр ететін тактикалық әрекеттер.

Шабуыл-тактикалық әрекет оның мақсаты басым түсу немесе жеңіске жету.

Комбинация- белгілі нәтижеге жету үшін орындалатын әрекеттерді тактикалық жағынан ұштастыру немесе әдістерді бірінен соң бірін орындау.

Алдын алу- спортшының қарсыласының шабуылымен бір мезгілде жүргізілетін шабуылдау әрекеттері, барлық спортшы қарсыласының алдын алу үшін оны шапшаң орындайды.

Қол сайыс тактикасында аса тиімді әрекетер сараланып шықты. Оларды шабуылдау, қорғану, қарсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде спортшының әдіс-айлалық шеберлігін артыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.

18 тақырып Шабуыл тактикасы

Шабуыл тактикасы - сайысты күшті қарқынмен басталып. Алдына бәсекелесін таза немесе ұпай санымен ұтуды мақсат етіп қояды. Тактиканың бұл түріне тән қасиеттер: кілемде еркін жүру, өзі жақсы білетін әдістерді бірінен соң бірін қолданып, түйдек–түйдек комбинациялар құру, қарсыласының шабуылына іле – шала қасы жауап әдіс жасау, шегінбеу, тайсақтамау тән. Шабуыл тактикасы спортшының жан – жақты және жақсы психологиялық дайындығын, әдіс - айланың техникалық жағынан шебер орындалуын талап етеді. Міне мұның өзі үдемелі және мезгілдік болып екіге бөлінеді.



Үдемелі шабуыл тактикасы - спортшы бар мүмкіндікті өз қолына алып, өзіндік әдістерді қолдана отырып, қарсыласын таза немесе ұпай санымен ұту мақсатын көздейді. Үдемелі шабуыл тактикасын қолдану үшін спортшы өте күшті. Шыдамды, айлакер болумен қатар жан – жақты дайындықтан өтуі тиіс. Осындай қасиеттері аз спортшыдар кейде өте үдемелі шабуыл тактикасының құрбаны болып кетуі де жиы кездеседі. Себебі олардың белдесуді жоғары қарқынды өткізуіне шыдамдылығы жетпейді де, соңында күші жетпей ұтылып қалып жатады. Бұл арада жаттықтырушыға үдемелі шабуыл тактикасының екі спортшынан да көп күш талап ететіндігін ескеру керек.

Мезгілдік шабуыл тактикасы- спортшы тек өзіне ыңғайлы деп тапқан кезеңдерде шабуылға шығады. Шабуыл арасындағы әр қимыл арасындағы уақыттар да ол қарсыласының әр қимылын бағып, жалған қимылдар жасап шатастырады. Осылай өзіне қолайлы сәт тудырған кезде қапы қалмай күтпенген жерден үрдіс шабуылға шығады.

Қарсы шабуыл тактикасы- қарсыласының алға ұмтылуын бағып жүріп, өзіне қолайлы сәтте шабуылға шығады.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.

19 тақырып Қорғаныс тактикасы


Қорғаныс тактикасы - көбінесе өзінен күші басым, тәжірибесі мол, дайындығы жақсы спортшыдармен кездесу кезінде қолданады. Сондықтан қорғанушы жағдайы шабуыл жасаушы спортшының қимылына тікелей байланысты. Қорғаныс тактикасы қарсы әдістерді шебер қолдана білеті спортшыдар үшін өте пайдалы [15].

Қоян-қолтық ұрыстың тактикасы - деп жекпе жектің әр сәтіндегі жағдайды, қолданған айла - әдістерді дәл әрі дұрыс бағалап, спортшының жан - жақты дайындығы мен ерік күшін бір бағытқа, жеңіске жете беру үшін пайдалана білуді айтамыз.

Қоян-қолтық ұрыстағы арақашықтықты сақтау әдістемесі: қол сайыста спортшы жекпе–жек кезінде түрлі арақашықтықты сақтайды. Олар–алыс, орта және жақын арақашықтықтар деп үшке бөлінеді. Спортшы бұл арақашықтықтардың өзіндік ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Себебі әр қашықтықтағы жекпе-жек тәсілі әр түрлі болады.

Алыс арақашықтық. Спортшылар техникалық жетілдіру кезінде алыс арақашықтықтарда жекпе-жек өткізуге машықтанады. Бұл – спортшының бір қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын арақашықтығы болуы тиіс.

Мұндай қашықтықты жекпе-жек кезінде сақтай алу спортшы үшін өте қиын. Бұл жаттығу кезінде көп көңіл бөлінетін, әбден дағдыға айналған әдіс болуы керек. Арақашықтықты дұрыс анықтап, оны үнемі сақтай алатын спортшының қарсыласын дәл және ауыр соққылардың астына алуына мүмкіндігі де мол болады.

Бір қадам ілгері аттап, қарсыласына соққы дарыта алатын спортшы үнемі шешуші шабуыл жасайтын кезді күтіп жүреді. Мұндай кезде қарсыласының назарын аударатын әдіс-айлаларды көбірек қолданады. Қарсыласының назарын сол немесе оң қолмен жасайтын алдамшы соққыларға аударған жөн. Оңқай қарсыласқа соққы негізінен сол қолмен жасалғаны дұрыс. Оңқай спортшы шабуылды үнемі сол қолмен бастайды. Сондықтан мұндай алдамшы соққылар қарсыластың шабуыл жасау мүмкіндігін жояды.

Сол аяқты алға басып тұрған бастапқы қалыпта оң қолмен соққы беру сол қолдың соққыларына қарағанда төзімді. Ал егер жұдырық тимей кетсе, онда шабуылдаушы ашық, қорғаныссыз қалады. Сондықтан оң қолмен соққы беру үшін біраз жайындық жасау керек. Алдамшы қимылдармен қарсыласты алдап, оның қорғанысын әлсірету қажет. Бұл арада өзінің де қорғаныссыз қалуы мүмкін екенін естен шығармағаны жөн [16].

Шабуылдаушы өзінің қорғанысын жеңілдету мақсатымен көп жағдайларда қарсыласының жұдырығын дарытпау үшін немесе өзінің жылдамдықтағы басымдығын пайдалану үшін алыс арақашықтықты қалайды. Қарсыласын алыс арақашықтықта ұстауға да спортшы көп дайындалуы қажет. Жекпе-жекті осындай арақашықтықта өткізетін спортшының бойы да, қолы да ұзын болуы және адымы кең болуы керек. Сондай-ақ шабуылшының жылдамдығы, қарсыласының ерекшелігі мен тактикасы да естен шықпағаны жөн [17].

Орта арақашықтық. Ілгері қарай қадам жасамай–ақ, спортшы қарсыласына кең құлаштап жұдырық дарыта алатын қашықтығын орта арақашықтық дейміз. Бұл жағдайда қарсыласына тым жақындамай-ақ шабуыл жасауға болады. Мұндай жекелеген және қосарланған соққыларды, тіпті үздіксіз бірнеше соққы тізбегін де пайдаланады. Бірақ бұл қашықтықтың өзіндік ерекшелігі бар. Спортшы бұл сәтте де өте сақ болуы керек. Себебі кез келген жағдайларда ауыр соққының астында қалады.

Алыс немесе жақын арақашықтықтарға қарағанда бұл жағдайда қорғану да қиындау. Орта арақашықтықтықта жүруге қалыптасу үшін спортшы өзіне-өзі өте сенімді, шабуыл мен қорғанысты дұрыс құра білгені және жекпе-жек тізгінін уысынан шығармағаны ләзім.

Шабуылдаушы соққы беруге үнемі дайын болғаны жөн. Мұнда аяқтың қозғалысы алыс арақашықтықтағы сияқты әдіс-айла қолдануға, сондай-ақ, арақашықтықты сақтауға және соққының күшін арттыруға жұмылдырылады. Сондықтан орта арақашықтықтағы шауылдаушы негізінен жеке қадамдар немесе сүйретпе қадамдар жасайды. Бұл спортшының өзіне үнемі сенімді болуына мүмкіндік береді. Мұнда әдіс айла және алдамшы қимылдар көбіне денемен ғана жасалдады.

Спортшылардың көбі орта арақашықтықты өте аз шабуылды үдету немесе қарсы шабуыл кезінде соққылар тізбегін жасау үшін ғана пайдаланады. Сонан кейін олар алыс арақашықтыққа немесе жақын қашықтыққа ауысады. Сондықтан болар, бұл қашықтықты көбіне «жартылай арақашықтық» деп те атайды. Соған қарамастан орта арақашықтықты жақсы көретін спортшылар да баршылық.

Жақын арақашықтық. Бұл–спортшылардың қысқа соққылар ғана жұмсай алатын қашықтығы. Мұндай жағдайда спортшылардың бір – біріне денесі тиіп тұруы да мүмкін. Бұл қашықттықтағы бәсекеде өте жинақы болып, денеде жұдырық даритын ашық жер қалдырмауға тырысу керек.

Қарсыласымен бетпе-бет келгенде спортшылардың аяқтары оған дейінгі таңдаған соққы жұмсауға ыңғайлы арақашықтықта болуы тиіс. Егер тіресіп тұрған спортшылардың бірі итерсе немесе кейін кетсе, аяқ дененің тепе-теңдігін сақтайды. Тіпті жақын арақашықтықтың өзінде де спортшы күшті соққылар беруге болатын жағдайды іздеуі керек. Дененің салмағын бір аяқтан екінші аяққа алмастырғанда да шабуыл мен қорғанысты ұмытпаған дұрыс [18].

Жақын арақашықтықта жекпе-жек өткізуде дәлдік керек. Арақашықтықты дұрыс есептемеу, қарсыласы өте жақын тұрғанда сәтсіз қимылдар жасау көбіне қолайсыз қимылдарға соқтырады. Мұндай кезде шабуылдаушыға қарсыласының басы тиіп жарақат алуы да мүмкін. Осындай жағдайда көбіне спортшылардың қабағы жарылады. Мұндай сәтсіз қимылдар споршыны жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырады.

Қолданылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.

  2. А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.

  3. Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.

  4. Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.

  5. Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.

  6. М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.

20 тақырып Буынды ауырту әдістерін үйрету әдістемесі


Буындарды ауырту әдістері ішінен үш топқа бөлінеді: (қол буындарын ауырту, аяқ буындарын ауырту, белді ауырту) (2-6 суреттерде көрсетілген).

Қол буынын ауырту әдістері: (шынтақ, иық буындарын ауырту әдістері).

Аяқ буындарын ауырту әдістері: (тізе, қылта, шат және жуан сіңірді ауырту әдістері).





Белді ауырту – белді қайырып ауырту әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет