Қолданылған әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 2002ж.
А. Е. Тарас. (под. общ. ред.) Боевые и спортивные единоборства. Справочник. –Минск: Харвест, – 2002. 565 с.
Рудман Д. Самбо.Техника борьбы в стойке. Защита Москва, 1984г.
Рудман Д. Самбо. Техника борьбы лежа. Защита Москва, 1983г.
Ю.А. Шулика. По системе СПЕЦНАЗА. Боевое самбо и прикладные единоборства. Ростов – на Дону «Феникс» 2004г.
М.Н Шепетюк. Обучение в спортивнсй борьбе. Алматы. КазГАСТ – 2003г.
№ 21 тақырып Қолмен жасалатын соққыларды үйрету әдістемесі
Қол сайыста қолмен жасалатын бокс техникасындағыдай негізгі үш түрлі соққы бар. Олар: төте соққы, төменнен және қапталдан жасалатын соққылар. Бұл соққылардың әрқайсысын оң қолмен де, сол қолмен де қарсыластың басына немесе денесіне дарытуға болады. Соққылардың түрі (төте, төменнен және қапталдан) сол соққыны атқаратын қол (оң немесе сол) және нысана (бас немесе дене) бірімен-бірі байланысты. Сондықтан бокс терминологиясында соққыларға арналған он екі тізбек бар: «оң қолмен басқа төте соғу», «оң қолмен денеге төменнен жасалған соққы», «сол қолмен денеге қапталдан жасалған соққы» және тағы басқалар.
Жекпе-жек кезінде негізгі соққылардың техникасы шабуылдаушының өзіндік ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Бұл арада жекпе-жек қалай өтіп жатқандығы, жылдамдық қарсыласаның бәсекені жүргізу әдісі мен тактикалық міндеттері де соққыға өзгеріс енгізуі мүмкін. Осыған орай соққылардың ерекшелігі байқалады, дәлірек айтқанда, олардың орындалу техникасы ғана өзгереді. Қандай соққы болса да арақашықтыққа байланысы әр түрлі. Мұндай қолдың бір түзудің бойымен созылуы да, тіпті созылмауы да мүмкін. Ныснаны көздеген соққының бағыты да өзгеруі ықтимал. Қапталдан жасалған соққылар нысанаға төменнен немесе жоғарыдан тиеді. Мұндай соққылар кезінде аяқ қозғалысы да өзгереді. Сол аяқты алға қойып тұрған кезде дененің салмағын екі аяққа бірдей түсіріп, жоғарыда аталған соққыларды қолданады. Сондай-ақ оңға немесе солға жылжып та, қарсыласын соққы астына алуға болады [20].
Көптеген жекпе жек шеберлерінің техникасында өзіндік ерекшеліктер бар. Осындай ерекшеліктер кейбір спортшының соққыларды жүзеге асыруына ықпал етеді. Олардың соққыларында шеберлік байқалады, ал техникалық орындалуына ешқандай мін таға алмайсың.
Мұндай мысалдарды көптен келтіруге болады. Сондықтан қол сайыстағы соққылар техникасын өзгермейтін, тұрақты деп қарамау керек. Бұл соққылар спортшылардың қалыптасу кезеңінде негізге алынуы тиіс. Ал шеберлігі толысқан спортшылар өзінің қабілетіне, мүмкіндігіне қарай өзіне пайдалы, тиімді әдістер іздейді. Енді сол соққылардың түрлерімен танысалық.
Соққылардың негізі. Қол сайыста әр соққының тактикалық негіздері болады. Спортшылар шабуыл соққыларын, қарсыласы шабуылға шыққанда қарсы және жауап соққыларды, әріптесінің қорғанысын бұзуға арналған алдамшы соққыларды, қарсыласының шабуылын тоқтататын соққыларды пайдаланады. Мұндай соққылар әртүрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Спортшылардың арақашықтығына байланысты ұзын және қысқа соққылар көбірек пайдаланылады. Жақын арақашықтықта қысқа соққылар ғана жүзеге асырылады.
Соққы үйреткен кезде дәлдік және жылдамдық сияқты қасиеттерді спортшының бойына сіңіруге басты назар аудурған жөн. Бірақ еш уақытта спортшыдан қарсыласын құлататын күшті соққыларды талап етуге болмайды. спортшының шын шеберлігі қарсыласын ұрып құлатуда емес, оны жан – жақты тактикамен, ұшталған техниканың көмегімен жеңуде.
Татамиде жекпе-жек ең алдымен айла тәсілдердің бәсекесі. спортшылардың күшті соққылармен беріле әуестенуі көбіне өздерін қиын жағдайда қалдырады. Әрине, жекпе-жекке түскен жұптың қайсысы болмасын соққы тигізбей кете алмайды. Бірақ мұнда шебер қорғана білетін, шабуылды да есеппен жасайтындар ғана жеңеді.
Қандай соққы жасаса да спортшы өзінің тепе – теңдігін сақтауы керек. Егер оның жұдырығы ауаға босқа сілтенсе, онда спортшы тепе – теңдіктен, онымен қоса қорғаныстан да айырылады. Бұл терезесі тең қарсыласпен жекпе – жекте сәтсіздікке ұшыратуы мүмкін.
Жылдам қарсыласпен бәсекеде соққы да жылдам болуы тиіс. Көптеген тәжірибелердің арқасында, осындай жекпе – жекте әр соққының шамамен жарты секундта жасалатыны анықталады.
Тез соққылар негізінен әр бір қимылдың дәлдігіне байланысты. Әр бір соққы мынадай элементтерден тұрады: аяқпен демеп, дененің салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыру, денені ыңғайлап соққы жасайтын қолды алға жұмсау. Сонымен қатар тездік спортшының соққы басталар кездегі қалпына да байланысты.
Дәл соғу және қарсы соққылардан қорғана білу – жекпе – жектің сәтті аяқталуын қамтамасыз ететін тактикалық есеп. Сондықтан тактика мен техниканы үнемі бірге пайдалана білу қажет. Жаттықтырушылар шәкірттеріне жекпе жек техникасын үйреткенде осы сүйікті өнердің тактикасын да естен шығармағаны жөн.
Соққы кезіндегі жұдырықтың қалпы. Қолдың саусақтары мен олардың буындары дененің басқа мүшелерімен және буындарымен салыстырғанда әлсіздеу болады. Ауыр соққылар кезінде саусақ немесе оның буындары жарақат алуы мүмкін. Жұдырықтың соққы кезінде түйілу керектігі де сондықтан. Саусақты жарақаттау немесе буынды тайдырып алу жиі кездесетін жайлар. Жекпе жекпен әуестенушілердің көбі алғашқы сәттерде осындай жарақаттар алады.
Саусақтың немесе буынның жарақат алуының басты себебі соққы жасаған кезде жұдырықтың дұрыс түйілмеуіне байланысты. Оның үстіне ол соққылардың өзі де көздеген нысаннаға емес, қарсыластың денесінің ең қатты жерлеріне – шынтаққа, маңдайға, кейде жамбас сүйекке тиеді.
Соққы кезінде түйілген жұдырық мынандай болады: саусақтар бүгіліп алақанға тиіп тұруы керек. Қолдағы ең мықты жер және қарсыласына соққы кезінде даритын жер – алақанның ортасы. Ал бүгілген саусақтардың буындары соққы кезінде ауырсынып, қолды жарақаттан қорғайды.
Жұдырықты түюдің де әдісі бар. Қол қарсыласына қарай сілтенген сәтте ғана қатаюы керек. Егер жұдырықты үнемі қатты түйіп жүрсе, онда қолдың жұмысы ауырлайды, бұлшық еттері шаршайды.
Саусақтарды байлау әдісі. Саусақтарды, буындарды түрлі жарақаттан сақтау үшін жаттығу кезінде де, үйрену жекпе – жектерінде де жарыстарда да боксшы саусақтарын орап, шанду қажет. Бұл, әсіресе, басбармақ үшін өте қажет. Спортшылардың көбі абайсызда бармағын тез тайдырып алады [21].
Қолмен жасалатын төте соққылар: қол сайыста әсіресе төте соққылар көп қолданылады. Ол үйренуге жеңіл және жылдам, дәл орындалады. Төте соққылар көбіне алыс және орта арақашықтықтарда пайдалынылады. Кейбір спортшылар жақын арақашықтықтарда да төте соққылар жасайды. Сонымен бірге мұндай соққылар шабуыл кезінде немесе қарсыласының шабуылын тоқтатуға, сондай – ақ алыс және орта арақашықтықтарды сақтауға жұмсалады.
Жекпе–жекті тек алыс қашықтықта өткізуге тырысқан спортшы көбіне төте соққылармен қаруланады. Мұндай жағдайларда олар үнемі әр жаққа жылжумен болады. Бұл оған бәсекеге тізгінін уыстан шығармауға, жарыста көп ұпай алып, жеңіске жетуге мүмкіндік береді.
Қол сайысты үйренгісі келгендер алдымен осы төте соққыларды үйренеді. Себебі мұндай соққылар жекпе – жек кезінде жинақылыққа үйретеді. Сонымен қатар спортшыға алыс арақашықтықта бәсеке өткізудің техникасын жете меңгеруге мүмкіндік береді.
Сол қолмен басқа төте соққы беру және одан қорғану.
Бұл соққы татамиде өте жиі қолданылады. Себебі сол қолмен қарсыластың арасы жақынырақ болады. Сондықтан шабуылдаушы бұл соққыны дәл және тез орындай алады.
Сол қолмен төте соққылар алыс қашықтықтағы түрлі-түрлі тактикалық шешімге байланысты қолданылады. Оның негізгі міндеттері – шабуыл алдында шабуылдаушының назарын басқа жаққа аударып, өзіне қолайлы арақашықтықты сақтай отырып, жақындатпау, шабуылын тоқтату, келесі шешім қабылданғанша инициативаны қолдан шығармау үшін қарсыласының өзін осындай есептермен қақпанға түсіру. Сол қолмен жасалған көп әрі соққылар оның есін жиюына мүмкіндік бермейді.
Сол қолымен қарсыласының басына соққы берген кезде спортшы өзін сенімді сезінеді. Себебі ол мұндай кезде қарсы соққы ала алмайды. Алыс арақашықтық қарсыластың қысқа соққыларынан сақтайды.
Мұндай соққылар негізінен спортшының бастапқы қалпынан басталады. Соққы болар алдында дененің салмағы екі аяққа тең түседі. Сонан кейін аздап оң аяққа ауыса бастайды. Оң аяқ серпілген кезде дене қарсыласқа қарай жылжиды да, сол аяқ ілгері қарай сүйретпе қадам жасайды.
Сол қолын қарсыласына тез сілтеген сәтте де дене де солдан оңға қарай шапшаң бұрылады. Бұл соққының күшін бұрынғыдан да арттыра түседі. Жұдырық нысанаға тиген кезде, бүгілген саусақтар төмен қарап тұруы қажет. Кейбір спортшылардың соққысы кезінде бүгілген саусақтар оңға қарап та тұрады. Бұл да ыңғайлы.
Дененің бар салмағы сол аяққа түскен кезде ғана қол нысанаға тию керек. Бұл соққының күшті болуына көмектесіп қана қоймай, жұдырық қарсыласына тимеген сәтте тепе – теңдікті сақтауға да мүмкіндік береді. Желеген шабуыл кезінде, шешуші шабуылдарда да мұны естен шығармаған жөн.
Осындай соққы кезінде алақаны қарсыласына бағытталған оң қол иекті, сол шынтақ денені қорғап тұрады. Сонымен қатар иекті сол иықпен жабу керек. Шабуыл кезіндегі мұндай қорғаныстар спортшының дағдысына айналғаны дұрыс.
Қорғаныс: сол қолмен басқа төте соққы жасаған кезде шабуылдаушының сол қолының сырт жағына қарай аттап, жалтарып шығып соққы жасаған қолының сыртынан оң қолмен ұстап, сол қолмен шабуылдаушының басын қолына қыса сол аяқпен сырттан шалу әдісін жасау керек (7-сурет).
7- сурет. Сол қолмен денеге төте соққы беру және одан қорғану.
Бұл соққыны қолданған кезде де шабуылдаушының денесі ілгері әрі оңға қарай қозғалады. Ол қарсыласының қарсы соққыларынан басын қорғайды. Себебі бастың негізгі бөлігі сол иықтың тасасында қалады. Сол қолмен соғукейде қарсыласының басын қорғаныссыз қалдыратын алдамшы соққы ретінде пайдаланылады.
Мұндай шабуыл кезінде сол аяқпен бір қадам ілгері жылжиды. Иек астына қарай жұмсалған сол жұдырық нысанаға бағытталған сәтте, оң қол басты қарсы соққыдан қорғайды. Оның үстіне оң қол да соққы беруге дайын тұрады.
Соққы кезінде салқындылық өте қажет. Сол аяқтың басы оңға қарай бұрылуы керек. Бұл егер жұдырық нысанаға тимеген сәтте, дененің алға кетіп, тепе–теңдікті жоғалтуынан сақтайды. Оң аяқтың да қажетті қашықтықта болғаны дұрыс. Егер спортшы мұндай ұсақ жайларды ескермесе, нысанаға тие алмаған кезде теңдікті жоғалтып, қорғаныссыз қалады. Сөйтіп, өз қарсыласына ашық нысана болады. Оның үстіне нысанаға тимеген жұдырықты, сондай-ақ қолдың бұлшық еттерін тез босатып үйренгенде дұрыс. Мұның да дененің теңдігін сақтауға тигізер көмегі аз емес.
Қорғаныс: шабуылдаушы денеге сол қолмен төте соққы жасаған кезде еңкейіп соққыны өткізіп жіберу арқылы шабуылдаушының өзіне жақын тұрған аяғын ұстап өзіне қарай көтере жұлқи тарту керек (8-сурет) [22].
8- сурет. Оң қолмен басқа төте соққы беру және одан қорғану.
Бұл ең күшті соққылардың бірінен саналады. Себебі оң қолды қарсыласына жұмсағанда, дене солға қарай кілт бұрылады. Дененің осындай бұрылысы және оң аяқтың серпілуі соққының күшін едәуір арттырады. Сол аяқты алға жіберген бастапқы қалыпта оң қол шешуші соққы жасауға үнемі дайын тұрады. Дененің бұрылысына, оң аяқтың қозғалуына және қарсыласынан алыстауға оң қолдың жұмсалуына біраз уақыт кетеді. Қарсылас мұндай шабуылдан оңай қорғана алады. Сондықтан ондай шабуылды бастауға, оң қолды нысанаға дәл жұмсауға алдын ала дайындалу керек.
Оң қолдың жұдырығы нысанаға дәл тию үшін алдымен шабуылды оң қолмен бастайды. Толассыз соққылар қарсыластың назарын басқа жаққа аударуы керек. Сонан кейін ғана қорғаусыз қалған нысанаға оң қол жұмсалады. Осындай шабуыл кезінде тепе-теңдікті сақтауды да ұмытпау керек.
Оң қолмен соққы берген кезде өте сақ болған жөн. Ол кезде басты сол қолдың жұдырығы, ал денені шынтақ қорғайды. Соққы бергеннен кейін боксшы бастапқы қалыпқа тез келуге тырысады. Себебі мұндай шабуыл кезінде кеуденің біраз жері қорғаусыз қалады. Әсіресе, оң қолдың жұдырығы нысанаға тимей кетсе, қорғанысты тез ұйымдастыру қиынға соғады. Егер дәл осы кезде шабуылға сол қол араласса, онда шабуылдаушының жағдайы бұрынғыдан жақсарады. Бұл арада сол аяқта созылып, соққыға күш қосады (9-сурет).
9- сурет. Оң қолмен дененге төте соққы беру.
Қорғаныс: Оң қолмен жасалған соққыға сол қолмен білек түсынан тосқауыл қойып, оң қолмен шабуылдаушының оң қолынан ұстап, сол қолмен желке түсынан ұстап күрестің сырттан шалу әдісін қолдау тиімді.
Бұл соққының орындалу техникасы өте көп. Көбіне сол қолдың дайындық, жалған шабуылдарынан кейін орындалады. Сондай-ақ сол қолымен қарсыласының басына соққы жасағаннан кейін қосалқы күшті соққы ретінде пайдаланылады. Немесе қорғанысқа тығыз байланысты қарсы соққы ретінде қолданылады. Сонымен қатар шабуылды өрбітетін соққылар тізбегіне де енеді. Бұл қарсыласты басына бағытталған төте соққының одан айырмашылығы сол, бұл соққыны жасағанда дене көбірек иіледі, екі тізе жиі–жиі бүгіледі.
Оң қолмен денеге төте соққы жасаған кезде алда тұрған сол аяқ еденге ұшымен ғана тиіп тұрады. Бұл жұдырық нысанаға дарымай кеткен жағдайда дененің тепе–теңдігін сақтауға мүмкіндік береді. Оның үстіне осы соққыны жасаған кезде тізе көбірек бүгіледі. Бұл да соққыны күшейтуге көмек етеді. Сонымен бірге шабуылды одан әрі үдетуге де қолайлы болады.
Оң қолмен денеге төте соққы жасаған кезде қорғаныстың әлсірейтінін естен шығармау керек. Дене солға қарай бұрылғанда әсіресе, оң жақ ашық қалады. Спортшы сол қолдың жұдырығымен басты, сол білекпен және шынтақпен денені түгел қорғауға тырысуы керек.
Қорғаныс: шабуылдаушының оң қолның сыртына қарай аттап, шабуылын сол қолмен білек тұсынан тосқауыл қойып, сол сәтте оң қолмен ұстап, сол қолмен желке тұсынан басын қолына қапсыра қысын алдынан қрқа шалу әдісін қолдану жөн.
Екінші жолы шабуыл жасаушының өзінің күшін пайдаланып, желке тұсынан баса, сол аяқпен алдынан қырқа шалып сүріндіре құлату керек (10-сурет) [23].
10- сурет. Оң қолмен жасалған төте соққыға қарсы соққы жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |