Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12,
Қосымша әдебиеттер: 9,10,16,19.
Дәріс тақырыбы №3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерді түсінуден естіген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, үйренеді. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру оның компоненттері, сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Балалардың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілді материалды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.
Байланыстыра сөйлеудің 2 типі бар: 1 Диалогтық.
2 Монологтық.
2. Диалог дегеніміз 2 немесе одан да көп адамның әңгімесі. Балабақшада диалогтық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.
Бірнеше диалогтық іскерліктер тобын бөліп көрсетуге болады:
1. Арнайы сөйлеу іскерліктері:
- қарым-қатынасқа түсу (таныс және таныс емес адаммен қалай және қайда әңгіме бастау керектігін білу);
- қарым-қатынасты қолдау және аяқтау (қарым-қатынас ситуациясын және жағдайын ескеру, әңгімелесушіні тыңдау және есту, өз көзқарасын дәлелдеу, өз ойын ашық ілдіру, салыстыру, мысалдар келтіру, сұрау, жауап беру, бағалау, келісу, келіспеу, логикалық байланысты айту);
- қалыпты деңгейде мәнерлі сөйлеу, диалогтың интонациясын қолдану.
2. Сөйлеу этикеті іскерлігі: (сөйлеу этикеті – бұл сөйлеу тәртібінің ережесі). Оған: танысу, амандасу, назарын аудару, шақыру, өтініш, келісу және келіспеу, кешірім, ескерту, құттықтау, алғыс білдіру, кешірім және т.б. енеді.
3. Жұппен, топпен, ұжыммен араласа білу іскерлігі.
4. Бірлескен әрекетті жоспарлау, нәтижеге жету және оны талқылау үшін, арнайы тақырыпты талқылау үшін араласа білу іскерлігі.
5. Вербалды емес іскерлігі – мимика мен жестілерді қолдануы.
Күнделікті қарым-қатынаста диалогтық сөйлеуді қалыптастырудың негізгі әдісі – тәрбиешінің балалармен әңгімесі болып табылады. Тәрбиешінің балалармен әңгімесі, егер топта жағымды атмосфера болған жағдайда дамытушылық сипатта болады. Бұл жағдайда қарым-қатынаста басты жағдай бала тұлғасын түсіну қабылдау болып табылады. Бала егер үлкендер әңгімесінен ақылдылық, қызығушылық сезінсе ғана олармен қарым-қатынасқа шын ние тімен кіріседі.
Тәрбиеші балалармен кез-келген уақытта әңгімелеседі. Тәрбиешінің сөзі әр түрлі болады: сұрақ, түсіндіру, нұсқау түрінде.
Балалармен әңгіме жеке және ұжымдық болады. Ұжымдық әңгіме үшін нағыз уақыт – серуен болып табылады. Жеке әңгіме үшін кешкіі және таңертеңгі сағаттар болып табылады.
Әңгіменің тақырыбы және мазмұны тәрбие міндетімен және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Кіші топта әңгіме балаларды қоршап тұрған заттармен байланысты: олар ойыншықтарды, транспорттарды, даланы, отбасын бақылайды. Естияр және ересек топтарда әңгіменің тақырыбы балалардың қоршаған өмірден, кітаптан, теледидардан алған тәжірибелері мен жаңа білімдері арқылы кеңейеді.
Балалардың сөйлеуіне тәрбиеші қатты әсер ететіндіктен оның сөзі балалардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.
Балабақшаға алғаш келген бала үшін кіші топта жеке әңгіме басымырақ болады. Баланы қызықтырып, өзіне қарату өте маңызды. Көңілін аударатын ойыншықтар, ашық суреттер, табиғат бұрышындағы аңдарды көрсетуді қолдану керек. Тәрбиеші балаларды ұжымға тарта отырып, үлкендерді және бірін-бірін тыңдауға үйретеді..
Ересек топта ұжымдық әңгіме басымырақ болады. Мұнда тәрбиеші балалардың сөйлеу мазмұнына олардың дұрыстығына назар аударады. Олармен көшеде не көргені, кітаптардағы әңгімелерді мазмұндай отырып, салыстырулар, әдемі сөздер қолданады. Әңгімелесу кезіндегі балардың тәртібіне қатаң талап қойылады: олар әңгімені бөлмейді, анық, асықпай, бірізді сөйлеу керек.
Диалогтық сөйлеуді қалыптастыру үшін ауызша нұсқау беру тәсілі қолданылады (кубиктерді жуу үшін тәрбиешінің көмекшісінен тряпка сұрау, көрші топқа кітапқа барып келу). Бұл тәсілдің сөйлеу этикетін игеруде маңызы зор. (Самал өтінемін Алма Мұхтаровнаға барып былай де: Алма Мұхтаровна егер сізге қиын болмаса легендегі суды ауыстырып бере аласыз ба?) үлгіні тәрбиеші ұыснады,оны балар қайталайды.
Ересек топта диалогтық сөйлеуді дамыту үшін біріккен әрекет өте маңызды. Ол балаларға диалогтық іскерлікті игерудің қажеттігін сезінуге, оны дамытуға көмектеседі.
Осымен қатар, диалогтық сөйлеуді дамытудың келесі тиімді әдісі дидактикалық, қозғалыс ойындары болып табылады.
Әңгіме – бұл алдын-ала таңдалған тақырыпқа ұйымдастырылған, дайындалған диалог және мақсатқа бағытталған талқылау.
Достарыңызбен бөлісу: |