4. Сөздік жұмыс принциптері:
- ойлау, қабылдау, қиялдың дамуымен сөздік қорды дамытудың бірлігі;
- қоршаған ортаны белсенді тануға сүйену;
- біртіндеп дамыған балалардың ойлау әрекеттерімен, қоршаған ортаны тану мүмкіндіктерімен сөздік жұмыс мазмұнының байланыстылығы;
- байланыстырып сөйлеуінің дамуымен, сөйлеудің фонетикалық және грамматикалық қалыптасуымен өзара байланысындағы сөздік жұмыстың барлық міндеттерін шешу.
Сөздік жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Әдістің екі тобы бар: балалар сөзінің мазмұнын толықтыру әдісі (қоршаған әлеммен таныстыру және сөздік қорды байыту әдісі); сөздік қорды белсендіруге және бекітуге бағытталған әдістер.
Әдістердің бірінші тобына: заттарды қарау және зерттеу, бақылау, балабақша ғимаратын қарау, мақсатты саяхат, толық таныс емес суретті қарау, көркем шығарманы оқу, кино, бейнефильмдер көру енеді.
Негізінен, сөздік қорды белсендіруде басты орынды ойын алады. Сюжетті-рольдік ойындарда тұрмыстық тақырыптарда, тұрмыстық сөздер, ал өндірістік тақырыптағы ойындарда – кәсіби лексика, құрылыс ойындарында – заттардың кеңістікте орналасуын және сапасын, қасиытеін білідіретін сөздер белсендіріледі.
Сөздік жұмыс бағдарламаның басқа бөлімдері бойынша барлық сабақтарда жүргізіледі. Мысалы: бейнелеу өнері сабағында балалар заттардың, жабдықтардың, материалдардың, олардың қасиеттерінің атауын игереді.
Сонымен, сөздік қорды дамыту әрекеттің әр түрлі түрлерінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |