3. Сөздік қоды белсендіру. Балалардың игерген сөздері екі категорияға бөлінеді: пассивті сөздік қор (бала түсінеді, байланыстырады бірвқ қолданбайтын сөздер) және белсенді (активті) сөздер (бала түсініп қана қоймай, оны белсенді, саналы түрде қоладанады). Балалармен жұмыста жаңа сөз балалардың белсенді сөздік қорына енгенін қадағалау керек. Ол оның тілінде бекітіліп, қайта жаңғыртылған кезде ғана жүреді.
4. Балалардың тілінде әдеби емес сөздерді алшақтату. (жаргондар және т.б.). Бөтен ортада болғанда жаман.
Жоғарыда аталған міндеттер өзара байланысқан және сәйкес терминологияны қолданбай-ақ практикалық деңгейде шешіледі.
Мектепке дейінгі жаста сөздік жұмыстың мазмұны сөздік қордың құрылуымен анықталады.
Алғашында балалар тұрмыстық сөздерді игереді: дене, бет бөліктерінің атаулары; ойыншық, ыдыс, жиһаз, киім, тамақ, ғимараттар атауы;
Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер: өлі табиғат құбылыстарының, өсімдік, жануарлар атауы;
Жалпы сөздер: қоғамдық өмірдегі құбылыстарды білдіретін сөздер (адамдардың еңбегі, туған жер, ұлттық мерекелер, әскер және т.б.).
Эмоционалды-бағалаулексикасы: эмоцияны, сезімді (батыр, адал, қуанышты), заттардың сапалы бағасын білдіретін сөздер(жақсы, жаман, ғажап).
Уақытты, кеңістікті, санды білдіретін сөздер.
Мектепке дейінгі әр түрлі топта сөздік жұмыс мазмұны бірнеше бағыт бойынша қиындатылады. В.И.Логинова 3 түрлі бвғытты бөліп көрсетті:
біртіндеп жоғарлайтын заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде сөздік қорды кеңейту;
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында білімдерін кеңейту негізінде сөздерді меңгеру;
нақты белгісі бойынша заттарды айыру және жалпылау негізінде қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді енгізу.
Балабақшада сөздік жұмыс алдымен аномасиологиялық аспект (объектінің атауына назар аударылады – Бұл қалай аталады?) негізінде жүргізіледі. Осымен қатар семасиологиялық аспект (назар сөздің өзіне аударылады – Мына сөз нені білдіреді?) бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |