Іс-тәжірибелік тапсырма: 9-11 сынып оқушыларына арналған (қыздар, ұлдар) күш және жылдамдықты дамыту әдістерін, жаттығуларын және жұмыс тәртібін таңдап алып, көрсетіңіз
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: әрбір дене қуаты қасиетін дамытуға арналған бес-бестен жаттығу ойластырыңыз. Жүктеме жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет. Әдебиеттер: негізгі - 1-7, 9,10
қосымша – 2,3,4,5
2-ші тақырып. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлері.
Сабақтың мақсаты: мектептегі дене тәрбиесі түрлері бойынша білімдерін тереңдету. Оқушылармен дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін ұйымдастыру іскерліктерін қаыптастыру.
Тапсырмалар, сұрақтар:
Өзбетімен оқу үшін берілген бөлімдер мен тақырыптар
Өзбетімен жүргізілетін жұмыс түрлері мен мазмұндары
Жазбаша түрде төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарының түрлерін көрсетіңіз.
2. Мектептегі жұмыстарды ұйымдастыруға дене мәдениеті ұжымының әсері. ДМ ұжымының құрылымы, жұмыс мазмұны.
3. Оқу тәртібіндегі сауықтыру шараларын көрсетіңіз, жұмыс мазмұнын қысқаша жазыңыз.
Іс-тәжірибелік тапсырма: 1.Орта сынып оқушыларына арналғантаңғы гимнастикалық жаттығулар кешенін құрастырыңыз.
2.Жоғарғы сынып оқушыларына арналған үзақ үзіліс кезіндегі жаттығулар кешенін құрастырыңыз.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: іс-тәжірибеліктапсырмалар орындау кезінде саналылық және белсенділік, біртіндеушілік және реттілік қағидасын сақтаңыз. Жаттығулар кешені оқушылардың жас ерекшеліктеріне және дене қуаты дайындықтарына сай болуы қажет. Әдебиеттер: негізгі - 1-8,11,12
қосымша – 1,6,7