3. Су ресурстарының негізгі ластаушылары
Жер беті мен жер асты суларына зиянды заттектерді, микроорганизмдерді
және жылуды енгізетін көзді ластаушы көз деп,ал судың сапалық нормасын
бұзатын компоненттерді ластағыш заттар деп атайды.
Табиғи суларды ластайтын компоненттер биологиялық және физикалық-
химиялық қасиеттеріне қарай бірнеше топқа бӛлінеді:
1.Физикалық күйіне байланысты: ерімейтін, коллоидты, еритін;
2.Табиғатына қарай – минералды, органикалық, биологиялық немесе бактериалық.
Минералды компоненттерге анорганикалық қосылыстар,яғни суда еритін
және онда молекулалық пен иондық түрде болатын заттектер жатады. Табиғи
суларда еріген түрде әр түрлі газдар, сонымен қатар еріген тұздар
болады. Бұлардың бар-жоғы химиялық әдістерді қолдану арқылы
анықталады, себебі еріген қоспалар құмды және қағаз сүзгіштерін ұсталмайды.
Органикалық компоненттерге өсімдіктерден немесе жан-жануарлардан,т.б.
жолмен пайда болган органикалық заттар жатады. Өсімдіктен пайда болган
заттарга олардың қалдықтары, өсімдік майлары,қағаз,т.б.ал жануарлардан пайда болған заттарға, мысалы, мал ткандары, желім заттар, қи және организмнен шығатын басқа да заттар жатады.Суда еритін минералды және органикалық қосылыстардан басқа ерімейтін қалқыма немесе коллоидты бөлшектер кездеседі.
Биологиялық немесе бактериялық компоненттерге - бактериялар, вирустар,
балдырлар, ең төменгі сатыдағы жәндіктер, құрттар, микробиологиялық
зауыттардың қалдықтары және т.б.кіреді.
Суды негізінде ластайтын көздерге өнеркәсіптік және комуналдық канализациялық ақаба сулары де басқа ондіріс қалдықтары, құрамында әртүрлі агрохимикаттары бар егістік жер қыртысының шайындысы, суармалы жүйенің дренажды суы, мал шаруашылығының ағындылары, су қоймаларына жауын-шашын арқылы әкелінетін аэрогенді ластағыштар жатады.
Әртүрлі мақсатта қолданылған судың 80-85%-тейі ластанған ақаба су
түрінде табиғатқа қайтып оралып отырады. Жыл сайын бүкіл әлемде 420 км
қалдық сулар төгіледі, бұл сулар 7000 км таза суды ластандыра алады. Суды
ластайтын заттектердің саны 500 мыңның үстінде,ал гидросферадағы
ластағыштардың жалпы массасы шамамен 15 млрд. т/жылына, олардың ішіндегі қауіптілігі жоғары қосылыстар деп фенолды, мұнай мен мұнай өнімдерін, беттік активті заттар,ауыр металдардын тұздарын, радионуклеидтерді,пестицидтерді және басқа да органикалық және анорганикалық улы заттарды, биогендерді атауға болады.
Біздің республикамызда балық шаруашылығы негізінде өндіріс дамыған
аймақтарда орналасқан, олардан шыққан қалдықтардың көп мөлшері, әсіресе
ақаба сулары, су қоймаларына, атап айтқанда, Каспий теңізіне, Жайық, Ертіс
өзендеріне, Бұқтырма су қоймасына, Балқаш көліне және т.б. су обьектілеріне тасталып тұрады.
Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ
ұңғыларын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен
боялардың, пестицидтердің, тамақ ӛнімдерінің, т.б. құрамына кіретін,
өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып
келеді. Олар су қоймасына түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсер тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1 мг/л деңгейінде болса – планктон, 5 мг/л–ден жоғары болса балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға соғады.
Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында
ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші екінші ластаушы түрге
айналады. Осының нәтижесінде олар бірте – бірте су түбіне шөгудің орнына
тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Осы қосылыстар
өсімдіктерде, судағы ұсақ жәндіктерде көп мөлшерде жинақталады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді, сӛйтіп біртіндеп кӛптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Мысалы, Нидерландияда пестецидтер теңіз қарлығаштарының бір түрінің құрып кетуіне себепкер болды. Егерде суқоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтер мен және т.б. ластағыштармен ластана берсе басқа да суда жүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады.
Жылына гидросфераны ластайтын антропогендік ластағыштардың
жалпы массасы 15 млрд. тоннаға жетіп отыр. Су объектілерінің ішінде ең
көп ластанатын көзге өзендерді жатқызуға болады, ce6e6i орта есеппен
олардағы ластағыштардың концентрациясы 400 мг/л жетіп отыр. Сонымен
қатар, өзендер теңіздер мен мұхиттарды ластайтын ең күшті фактор
болып табылады. Кейбір улы заттектер мұхиттарда бірнеше жыл бойы сақталып, теңіз фаунасына және адамдар денсаулығына қауіп туғызады. Ластану мұхиттың бойымен біркелкі тарамайды, ол негізінде жағалау жазықтықта және континенталды шельф аудандарында жиналады.
Қышқылды шауын-шашынның немесе ақаба сулар әсерінен ластану
нәтижесінде сулы ортаның рН мағынасының өзгepyi, әcipece төмендеуі
алюминий және ауыр металдар қосылыстарының ерігіштігін жоғарылатады,
epireн түрге айналған қосылыстар ӛсімдіктер мен организмдерді (ағзаларды)
уландырады. Содан кейін олар адам организміне өтіп әртүрлі ауруға
шалдықтырады.
Судағы ағзалардың таралуы кӛбіне сутек ионының концентрациясына
байланысты келеді. Тұщы су бассейндерінің рН 3,7 - 4,7 аралығында болса
қышқылданған, 6,95 - 7,3 бейтараптанған, 7,8 үстінде — сілтіленген болып
саналады. Тұщы суаттарда рН мағынасы тәулік бойы ӛзгеріп отырады. Қандай су болса да рН тереңдік деңгеймен байланыс ты болады. Тұщы сулармен салыстырғанда теңіз сулары сілтілеу келеді, рН мағынасыда аз өзгеріп отырады. Суы тұщы өзен мен көлдерде рН мағынасы 6 - 7 аралығында болады, көбіне организмдер осы деңгейге бейімделген.
Тұщы судағы балықтардың көбi рН 5-тен 9-га дейін ауытқуын кӛтере алады.
рН оптимум мағынасынан 6ip шамаға ауытқитын болса, олардың кӛбіci мазасыз күйге түседі, кейде кейбір түрлер өсіп-өну npoцесінің тоқталуына байланысты жойылып та кетеді. Мысалы, рН мағынасы 5-тен төмендесе, балықтардың жаппай қырыла бастайды, ал рН 10-ның үстіне шықса, балықтар мен басқа жануарлар түгелімен жойылып кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |