ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет6/7
Дата25.08.2017
өлшемі2,83 Mb.
#27535
1   2   3   4   5   6   7
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Интрузиялық магматизм және рельеф.

  2. Эффузиялық магматизм және рельеф.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
6 дәріс Экзогендік процестер мен рельеф. Тау жыныстарының үгілуі.

Мақсаты: Экзогендік процестер мен рельеф және тау жыныстарының үгілуімен танысу.

Жоспар:

1. Тау жыныстарының үгілуі.

2. Үгілу қабығы.

6 дәрістің қысқаша конспектісі



Тау жыныстарының үгілуі. Тау жыныстарынын. үгілуі деп ауаның, су мен тірі организмдердің әсер ету нәтижесінде жер бетіндегі минералдар мсн тау жыныстарының бүзылып ыдырауын айтады.

Тау жыныстарынын. үгілу карқындылығы оның әр түрлі физика-механикалык қасиеттеріне және химиялык төзімділігіне байланысты. Жыныстардың негізгі касиеттеріне олардың каттылығы, түсі, еру касиеті, кат-кабаттылығы және тағы баска касиеттері жатады. Тау жыныстарынын. қаттылығы олардың механикалық әсерге төзімділік көрсетуі, мысалы, біртұтас катгы порфирит нсмесс кварцитке үқсас жұмырланған магмалық жыныстар баяу, бәсең үгіліп, жер бетінде дөңес бедерлерді күрайды, ал икемді, жүмсак жыныстар керісінше сыртқы, экзогендік әсерден жылдам бұзылып шайылып кетіп жер бетінің ойыс пішіндерін түзеді. Түсі акшыл жыныстар күн сәулесін шағылтады, ал кара түсті тау жыньгстары күн сәулесін өзіне тартып, көбірек кызып, өз аумағын үлғайтып жылдам үгіледі. Бұған мысал үшін гранитті алайық. Ол өзінің каттылығына карамастан шөлді аймактарда тез үгіледі, себебі оны қүрайтын минералдар әр түсті болады. Әр минералдың түсі әр түрлі болғандыктан олардьгң күн сәулесін кабьглдау касиеті де біркелкі болмайды, үлғаю коэффициенті де әр түрлі. Сонда жылыну мен суыну кезі алмасқан кездс бірнеше минералдардан құралған тұтас гранит тастар босап мүжіле бастайды. Осы гранит тастарды күрайтын кызғылт дала шпат минералы химиялык ыдырау нәтижесінде сазды топыракка айналып, кварц түйіршіктері кейін борпылдак. құм түйіршіктеріне ауысады.



Табиғат факторларына байланысты үгілудін. үш түрі бар. Олар: физикалык, химиялык және органикалык. Физикалык (механикалык.) үгілуге температураның өзгеруі, тау жыныстарының жарыкшактарында судың катуы мен еруі, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті, булану, су құрамындағы тұздардың кристалдану процестері жатады. Физикалык үгілуде тау жыныстарынын, кесек тастары температураның күрт өзгеруіне байланысты көлемін бірде үлкейтіп, бірде кішірейтіп тұратындықтан шытынап сынады. Мүндай жағдайлар шөлді аймактарда және биік таулы өлкелерде жиі кездеседі. Әсіресе күн мен түннің ауысуына байланысты ауа тсмперагурасынын тәуліктік ауыткуынан тау жыныстарының күндіз катты кызып, түнде сууының зор маңызы бар. Температура жоғарылаған сайын тау жыныстарынын. сырткы бөлігі күн сәулесінен, ішкі бөліктерінен гөрі молырақ кызып, көлемі үлғаяды. Тау жыныстарынын. жылу өткізгіштігі біршама төмен болғандыктан олардың сырткы кабаттары кабыршактанып, ішкі массадан боліне бастайды. Ал, температура төмендеуінен тау жыныстарынын. сырткы кабаттары ішкі кабаттарға қараганда жылдамырак суиды. Сөйтіп, алма-кезек жылыну мен суыну тіпті ең төзімді, берік тау жыныстарынын. өзін бұзып ыдыратады. Тау жыныстарынын, механикалык ыдырау нәтижесінде олардың ауамен, сумен шектесуі әлдекайда арта түсіп, химиялық үгілудің дамуын жеңілдете түседі. Су және әр түрлі еріткіштер әрекетінен тау жыныстары еріп, сілтілену (выщелачивание) гидратация (су жұту), дегидратация (судап арылу), гидролиз күбылыстарын тудырады. Оттегі тотығуды күшейтеді, комірқышқыл газы судың химиялык белсенділігін жәие сутегі иондарының шоғырлануын арттырады. Химиялык процесс нәтижесінде жана минералдар пайда болады. М ы с ал ы, дала ш п атта ры м е н с л юда л а р ка о л и н итке, гидрослюдаларга айналады, ал ерітіндіге түскен заттар шайылып кетеді. Физикалык және химиялык. үгілулер бір мезгілде өтеді, бірак. накты физикалық-географиялық жағдайларға байланысты біреуі екіншісінен басым болады. Қуаңшылықты, биік таулы, полярлык аймактарда физикалык үгілу басымдау, ал кон.ыржай белдемдерде - ылғалды субтропиктік белдеулерде химиялык үгілу басым.

Химиялык кұбылыска көбірек үшырайтындар: әктастар, доломиттер, тас түздар, гипстер. Бүлар жеңіл еріп, сумен ерітіндіге шығады. Нәтижесінде жер бетінде әртүрлі куыс рельф пішіндері пайда болады, мысалы үңгірлер, карстық шұңқырлар, кұдықктар және т.б.

Органикалык үгілуде механикалык. және биохимиялық әрекеттер аркылы тау жыныстарынын. бүзылуы. Механикалык бүзуды өсімдіктер өздерінің тамыр жүйесі аркылы агкарады. Ағаштардың тамыры тіпті берік катты түпкі тау жыныстарынын, өзін сындырып едәуір бөлшектеп жібереді. Мысалы, өсімдіктердің тамыры каланың көшелеріндегі бетон, плитаны немесе асфальт кабатын тесіп өтетіні баршамызға аян. Механикалык әрекеттен басқа органикалык үгілу өсімдіктердің, жануарлардың,

микроорганизмдсрдің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, б а л д ы рл ард ы ң, кын ал арды н., м үктерд і ң б и ох и миялық әрекеттерімен тығыз байланысты. Олар өздерінің тіршілік етуі үшін, не болмаса өзі солғаннан сон. бойынан көптеген көміркышкыл газдарын және органикалық қышқылдарды шығарып тау жыныстарын бөлшектеуге және ыдырау үшін едәуір әрекет жасайды. Сөйтіп, химиялык жәие биохимиялық ыдырау процестері тоқталмастан өте береді. Үгілген тау жыныстарыныц көп бөлігі ешкашанда өз орнында калмайды, тасымалдау агенттері арқылы (салмақ күші, ағын сулар, жел күші, мұздык әрекеті) рельефтің төменгі ойпат аймақтарына және мұхиттарға барып шөгеді. Үгілу және үгіліске үшыраған бөлшек заттардың тасымалдануының және шөгінуінің жинақтык процестерін денудация (лат. denudatio - ашылу) немесе жалпы казак тілінде мүжілу деп атайды. Баскаша айтқанда, денудация - бұл тау жыныстарының бүзылуы, үгілуі және пайда болған үгінділердін. көтеріңкі аймақтардан салмақ күші су, жел, мүздың әрекетінен сырғып, ойыс өңірлерге шөгуі. Мүжілу нәтижесінде жер бетінде бір жағынан минералдык массалар өзгеріп орнынан ауысып түрса, екінші жағынан шайылу әрекетінен төменде жатқан түпкі қабаттар үнемі жер бетіне ашылып шығып, үгілу процесі одан әрі тереңдей түседі. Сөйтіп жер беті үдайы жаңарып, қүрлықтың көтеріңкі жерлелері төмендейді, таулар құлдырап жазыкка айналады, рельефтің бір түрі жойылып баска түрдер пайда болады. Акырында жер бетінің кедір-бүдыры тегістеліп денудациялык жазыктықтар (пенеплен) калыптасады.



Үгілу қабығы (кора выветривания). Литосфераныц беткі бөлігі әр түрлі факторлардың (ауа, су, организмдер) әсерінен өзгерістерге үшыраған магмалык, метаморфтык және шөгінді тау жыныстары есебінен қалыптасқан және сол орнынан козғалмай сакталып калған үгілген жыныстардың жиынтығын үгілу кабығы дейді.

Үгілу кабығының түрі және калыңдығы көптеген табиғи факторлармен байланысты. Оның калыптасуына алдымен жоғарғы температура мен мол ылғал және тегіс бетті жазык колайлы. Сонымен катар тау жыныстарынын тозу-үгілу мерзімі үзак болуы шартгы. Үгілу қабығы өзінің күрамы мен калындығына карай бірнеше түрге бөлінеді: а) химиялық аса өзгермеген, немесе аз мөлшерде өзгерген, негізінде түпкі жыныстрдан күралған кесек тасты үгілу кабығы; б) химиялык. мөлшерде өзгсргеи түпкі жыныстармен катар дала шпат пен слюданьң өзгеру арқылы сазды - гидрослюда минералынан қүрылған гидрослюдалык кабык; в) монтмориллониттык кабык - алғашкы минералдардан терем. химиялык өзгерістен өтіп түзелген негізінен сазды минерал монтомориллониттен күралады; г) каолинит кабык; д) Кызыл топыракты кабык; е) латеритты кабык. Үгілген қабықтардың соңғы екі түрі үзак мезгіл бойы және түгелімен үгіліп, алғашкы жыныстар күрамынан толык ажырауы иәтижесінде пайда болған. Жоғарыда атап айтылған үгілген кабаттар түрлерінің әр , кайсысының өздерінің табиғат белдеулік сипаттамасы бар. Мысалы кесек тасты үгілу кабыктар полярлық биік таулы өлкелерде, сонымен катар тасты шөлдерде кездеседі.



Гидрослюдалық кабықтар суык және коңыржай белдеулерде дамиды. Монтмориллониттык кабык дала және шөлейт аймақтарда,

каолинитті және қызыл топырақты қабықтар - субтропикалык белдемде түзілген, ал латеритті кабык алюмосиликаттардьщ әбден өршіген химиялық үгілудің әсерінен, ыстық және ылғалды экваториалдық белдемдердің жазык. өлкелерінде түзілген тау жыныстарыныц қызыл түсті ерекше түрі.

Жоғарыда айтылған үгілу ітроцестерінің рельеф қүратын ролін ерекше айтып кетуге болады. Жалпы айтқанда үгілу процесінің өзі кандай да болсын ерекше рельеф пішіндерін қүрмайды. Бірак тау жыныстары ыдырауынын. үнемі және маңызды факторы болатүрып, бұл процесс баска экзогендік агенттердің тасымалдауына колайлы борпылдак материалын дайындайды да ауырлык күш әрекеті аркылы сол материалды гипсоштриялык төмен жерге ауыстырып әкелуге эсер етеді. Дәл осы жағдайда үгілу процессі нің рельеф күрылуыпда аткаратын орны өте зор.

Үгілу кабығынын. елеулі практикалык маңызы да бар. Көптеген кымбатты пайдалы қазбалар, мысалы, бокситтың, темір тотықтарыиың кені, никель, кобальт және хром кендерінің кейбір түрлері, осы үгілу кабығымен байланысты. Түрлі түсті минерал-дардын. шашыранды кен орындарын іздестіруде үгілу кдбығын зерттеудің келешегі өте зор.

Дүние жүзінде әр геологиялык дәуірлерде қалыптасқан үгілу кабығы ксң таралған. Мысалы ТМД аумағында протерозой эрасының үгілу кабығы Карелия мен Украинада, девон кезеңінің кабығы Тиман қыратында, мезозой мен төменгі кайно-зой дәуіріндегі үгілу кабыктары, Орал тауында және Қазақстанның Сарыарқасында кездеседі. Торғай облысындағы белгілі Аманкелді боксит кен орны осы мезозой кезіндегі кен, жазык пенепленмен байланысты.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Тау жыныстарының үгілуі.

2. Үгілу қабығы.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
7 дәріс Флювиальды процестер және рельеф пішіндері.

Мақсаты: Флювиальды процестер және рельеф пішіндерімен танысу.

Жоспар:

1. Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құратын рельеф пішіндері.

2. Тұрақты ағын сулардың рельеф құру әрекеті. Өзен аңғары.

3. Өзен жайылмалары. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері

7 дәрістің қысқаша конспектісі

Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құрайтын рельеф пішіндері.

Уакытша ағын сулар әрекетінен пайда болған бастапқы эрозиялык. пішіндер - жүйек (атыз). Олар делювийлік беткейлер кеңістігінде жайылып аққан су бір арнаға жиналған кезде ғана пайда болады. Жүйектердің терендігі 3-тен 30-см-ге дейін, ені тереңдігімен бірдей немесе одан сәл артык. Эрозиялык жүйектердің көлденең кескіні v-әрпі тәрізді немесе жәшік пішіндес. Жүйектердің жағалары көбіне құламалы, тік болып келеді. Ағын тоқтағаннан кейін жүйектер жағалары жылдам жайпакталып,олардың ені үлғаяды. Әдетте жүйектер бір-бірінен бірнеше метр алшак орналасады да тармақталған жүйектерді құрайды. Жүйектердің терендігі мен морфологиялық бейнесі беткейлерден төмен аккан судың көбеюіне орай үлғая береді.



Жыртылған және сирек өсімдікті беткейлерде жүйектер уақыт ете бере терендігі 1,0-2,0-м-ге, ені 2,0-2,5 м-ге жететін эрозиялык жырашаларға айналады. Жыраша ернеулері де жарлауыт келіп көлденең кескіні көбінесе v-әрпін елестетеді.

Алайда кез-келген эрозиялық жүйектер жырашаларға айнала бермейді. Ол үшін ағыс күштірек, жиналған судын. көлемі молырақ болу тиіс. Сондыктан да жырашалар эрозиялык жүйектерге карағанда әлдекайда сирек кездеседі және бір-бірінен ондаған метр алшак жатады.

Оңай шайылып кететін жыныстарда (құм, саздак, топырак, құмдак топырақ, лесс және т.б.) эрозиялык жүйектер мен жырашалар бір нөсердің кезінде немесе көктемгі кар тез kyh ерігенде пайда болуы мүмкін. Кейіннен жырашалар жаңбыр мен еріген кар суының жинактау ролін аткарады.

Су коры жеткілікті мөлшерде жиналғанда жырашалардын. бір бөлігі терендей және кеңи келе, бірте-бірте жыраларға айнсілады. Жыралардың терендігі 10-20 м не одап да коп, ені (бір кабақтан екінші кабаққа дейін) 50 м, немесе одан да артык болады. Жыралардың жағалары көбінесе тік. Көлденең кескіні v-әрпі пішіндес. Кейде жыралардың табаны жайлак, емі бірнеше метрден аспайды. Жыра жырашадан тек өзінің көлемімен ғана емес, сонымен катар өзіне тән жеке бойлық кескінімен өзгешеленеді, онысы ол тіліп өтетін беткейдің кескінінен өзгеше болады. Ал жырашаның бойлык кескіні әдетте беткейдің бойлык кескінінің сәл тегістелген түрін кайталайды Жыра жылдам өсіп-өршитін эрозиялык пішін. Оның бас бөлігі регрессивті эрозия нәтижесінде өзенаралык аймактарға созылып өсуі мүмкін. Осы себептен жыралар жұздеген метрге, тіпті километрлерге жететін үзындығымен сипатталады.

Жыраның өсіп отыратын бас бөлігі әр тұрлі. Көбінесе жыра бірден, биіктігі 1,0-3,0 м, тік жармен - бас қүламамен басталады. Кейде жыралардың бас бөлігі сопакша, эллипс пішіндес немесе дөңгеленген күрек пішіндес болады да, жер бетінде аса айқын көрінбейтін ойпандар түрінде байкалады. Рельефтің мүндай пішіндерін су жиналатын ойпандар (водосборные понижения) деп атайды. Кейде жыралардың бас бөлігінен жоғарырақ, өзен аралығының өлкелеріне баяу ауысатын, терең емес (1,0-3,0 м) жаркабактары айқын білінбейтін, жағалары шымтопырақты жайпақ жағалары үзынынан-үзақ созылған ойпандар орналасады. Рельефтің мүндай ойпаң пішіндері колат (лощина) деп аталады. Топографиялық карталарда, тіпті ірі масштабты карталарда қолаттар аса білінбейді, алайда ірі масштабты әуе суреттерде, әсіресе егістер мен сирек өсімдікті жерлерде колаттың бейнесі айкын көрінеді. Айтып кететін бір жай, осы арнасы жоқ қолаттар жыралар дамуының нәтижесі емес, олардың пайда болуының себебі болып табылады. Сондықтан да бүрыннан дамыған эрозиялык. пішіндердің түбінде эрозиялык оралымның (циклдың) кайталану нәтижесінде пайда болған жыраларды түптік (донный) немесе кейінгі (вторичный) жыралар дейді, ал өзен аңғарларының беткейлерінде кішірек эрозиялык пішіндерден бірден түзіліп



дамыған жыраларды - алғашкы жыралар деп атаиды.

Жыра үзарып, оның бойлық қимасы калыптаскан сайын, акқан судың эрозиялык күші азая береді. Жыраныц екі жағалары тегістеліп, опда өсімдікжамылғысы пайда болады. Жыра бүйірлік эрозия әрекетінен кеңейе береді. Ақырында жыра сайға (балкаға) айналады. Бірак жыраның бойлык кимасы бірден сайға айналмайды. Бүл процесс жыраның төменгі, ең көне бөлігінен, яғни сағасынан басталады да, бірте-бірте жоғары карай тарайды. Кейбір жағдайларда калыптаскан сайдың түбін жыра жаңадан жътрып тілімдеуі мүмкін. Жыралардың кайта-кайта жырумен сай түбінде аллювийлік материалдардан күрылған алаңша баспалдактары - сай террасалары пайда болады.

Жыралар мен сайлар түбінде шөккен аллювийлік материал сүрыпталмаған түйіртпектерден түрады. Әдетте бөлшектенген материал жыра кимасының төменгі бөлігінде, ал үсактауы -жоғарғы бөлігінде жиналады. Алайда олар нашар сүрапталған, күмды-күмдакты материал үшкіртастармен және нашар жүмырланған жүмыртастармен араласкан.

Егер жыралар мен сайлардан ысырылып шыккан материалдарды, өзен ағызып алып әкетпесе, онда олар сағаларда жрГнальтп ысырынды конустарды күрайды. Осы ысырынды конустарды күрайтын материалдар пролювий деп аталады. Пролювийдің күрамы жыра немесе сай кесіп өткен беткейлерді құрайтын жыныстардың сипатына, жыра дамуының кезеңіне және жаңбыр мен еріген кар суының ағу сипатына байланысты. Жалпы алғанда ысырынды конусты қүрайтын түйіртпекті материалдардың нашар сүрыпталуымен, кесек сыныктардың нашар жүмырлануымен, ысырынды конустың басынан, шетіне карай бөлшектердің мөлшері кеми беруімен сипатталады.



Сайып келгенде, жыраның дамуын С.С.Соболев (1948, 1960) мынадай төрт кезеңге бөлген:

  • эрозиялык карык кезеңі;

  • жыраның өз түбін тілімде кезеңі. Бүл кезең жыраның сағасында күлама түптің күрылғанынан басталады. Жыраның бойлык кимасындағы кұламалы түбі ойлы-кырлы, сағасы аспалы болады да, түпкі эрозия мейлінше дамиды. Нөсер жауған кезде, немесе көктемде кар күрт еріген кездегі ағыны жыраның түбін әрі карай жырып, копарып кете береді. Бүған коса, кемердің биігінен құлап аққан судың энергиясы

күшейіп жыраның түбін тереңдетіп, кертпештің іргетасын копарады. Төніп түрған кертпештін. жоғары жар кабак бөлігі опырылып қүлайды, соның салдарынан жыра жоғары қарай біртіндеп өсіп отырады. Сөйтіп жыра бірте-бірте су айрыққа карай өсе береді. Нәтижесінде жыраның терендігі 25-30 м-ге дейін жетіп, одан да терең болуы мүмкін. Мүндай жыралардың түбінде әдетте шөгінділер болмайды;

- жыраның бойлық тепе-тендік кесіндісінің калыптасуы. Бүл


кезде жыраның сағасы төмен карай өсіп, жергілікті эрозия
базисіне дейін - өзен жайылмасына, немесе террасаның деңгейіне
дейін жетеді. Жыраның екі жак беткейі көлбеуленеді де, олардың
төменгі жағында беткей іішғінділері калыптасады.

- басылу (шөгу) кезеңі. Жыранын, бас жағы неғүрлым


суайрыкка жакындаған сайын, соғүрлым су жинағының көлемі
кішірейіп мүлде тоқтағанша азая береді.

Кейбір жағдайда жыраның тұбі тереңдей бере, жср асты суларынын. деңгейінен жетіп, содан үздіксіз ағынды су, яғни өзен басталуы mymkjh. Бірак жоғарыда суреттелген эрозиялык пішіндердің бір пішіннен екіншісіне өтуі, немесе бір кезеңнің келесі кезен.ге өтуі - тіпті табиғаттың зандылығы емес. Кез-келген эрозиялык жүйектер жырашаға және жыраша жыраға айнала бермейді. Ксйде жъгра, терендік эрозия кезеңінде-ак жер асты суларынын, деңгейіне жетіп, сай кезеңінен өтпей тікелей түрақты су ағыны бар бұлақ алабына айналуы да мүмкін. Сол сияқты кез-кслген сай, өзен аңғарына айналмауы мүмкін және кез-келген сай өз ламуында жыра кезен.інен өткен емес. Мьгсалы, Гумидті климат жағдайында, орман өскен жерлерде, сай іспеттес көптеген эрозиялык пішіидер ешкашан жыраға ауыспаған, олар әуелден-ак сай немесе колат түрінде қалыптасып дамыған.



Таудағы уакытша ағынды сулардың өздеріне тән белгілі бір морфологиялык ерекшелігі бар. Мүнда су ағыстарының жоғарғы жағында айкын білінетін, амфитеатр тәрізді жырашалармен тілімденіп тармакталған су жинағыш шүңкырлар (водосборные воронки) пайда болады. Осы жерден тау беткейімен темен карай созылған көлденен. кимасы жыра іспеттес V-тәрізді терең, әрі тар ағыс каналы (канал стока) басталады. Ағыс каналыныңтөменгі шетінде ысырынды конус калыптасады. Жыраның бастауынан сағасына дейін бойлык кималарынын. едеуір қүламалы болуы ағып жаткан тау суларынын. мейлінше бүзу әрекетіне себеп болады.

Сай тәрізді жыраның үзындығы I шакырымға дейін және одан да астам болады, тереңдігі 10-25 м. Жыраның көлденең қимасының сипаты әр түрлі, оның жоғарғы жағы лесс топырағының калындығына сәйкес тік, жарлауытты, ал төменгі жағы жайпақтау келеді. Мүндай жыралар жүка лесс қабаттарымен жабылған малтатас жыныстарының эрозиялык. тілімделуі нәтижесінде тау етегіндегі пролювиалдык жазықтардъщ үстінде калыптасады. Осындай жыралар суландыру далаларында кдраусыз қалған каналдар мен арыктардың орныида пайда болуы мүмкін. Мысалы, Алматы маңындағы Ақсай өзенінің қүйылысы түсында суармалы судың әсерінен 30 жылдың ішінде канал бойында осындай жыра түзілді.

Ернеу (карниз) тәрізді жыра - өзен аңғарыныц екі жағаларында кездеседі (Шарын аңғарында), ол өте күрделі түрде ыдырап жыралы-сайлы торап қүрайды. Көбінесе бүлар терендігі 30-50 м дейінгі сайлар. Олар бір-бірімен кезектесіп жазық бағытта астасқан малтатас қүмдар, саздар-кат-қабаттарының дамыған жерлерінде болады. Мүндай күрделі жыралы лабиринттердің болуы таңбалы денудация немесе күрғақ климат, өсімдіктер дерлік жоқ жағдайлармен байланысты, қатты нөсер жауған кезде, тасқын судың шаю күші мейлінше жаңғыра түскен кездерде пайда болады. Сондыктан жыралардың екі жақ беткейі карниз, діңгек, күнқағар түрінде кездесіп, таң қаларлық архитектуралык әшекейлерді елестетеді.



Жыра эрозиясы - халық шаруашылығына елеулі зиян келтіретін табиғи апат. Олар ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлердің біразын істен шығарады да, өндеуге жарамайтын аймақтарға айналдырады, жол бұрылыстарын бұзады және т.б. Жыралардың өсу жылдамдығы су ағынының қуаттылығы мен шайылатын жыныстардың сипатына байланысты жылына 0,5-1 м-ден 2-3 м-ге дейін болады. Жыралар көбіне лесс тәрізді топырақтар түзілген өңірлерде кеңінен тараған. Бүл жерлерде жыра эрозиясы адамның шаруашылық әрекетінен, оларды шамадан тыс жыртқаннан, eric айналымы дүрыс болмағандықтан, шектен тыс мал жайғаннан пайда болады.

Жыра эрозиясымен қарсы күрес жүргізу үшін алдын ала сақтандыру әрекеттеріне назар аудару керек. Көптеген халық шаруашылык. жүмыстарына (гидротехникалық қүрылысында, суландыру жүйелерінде, жол және басқа өндіріс қүрылысында)



эрозияға карсы шараларды зерттеп жүзеге асыру және колдану кажет.

Мүндай жағдайда ең алдымен, беткейлерде өсіп түрған орман-бүтактарды кесіп жоюдан және шөпті тақырлап шабуға болмайды. Ал екінші шаралар табиғатта бар жыралармен күресу. Бүл үшін жыралардың бастауындағы ағын-суларды бүрып жіберу керек болады. Содан кейін шөп егіп, орман-бүталар мен беткейлерді бекіту шараларын жасау керек.

Тұрақты ағын сулардың рельеф құру әрекеті Эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы. Өзендер негізгі арнадан (русло) және оның тармақтарынан түрады. Олар әр қатардағы өзендер жүйесін түзеді. Екі кішкене тармақ косылып, екінші катардағы тармакты қүрайды, ал екінші катардағы екі өзен тармағы косылып үшінші қатардың тармағын қүрайды. Ссылай өзен тармағынын. төртінші, бесінші т.б. катарлары қүрылады.

Үлкен өзен барлық тармақтарымен бірге қосылып өзен жүйесін қүрайды, ал белгілі бір аумактағы өзендер саны сол жердің өзен торабын (речная сеть) қалыптастырады. Олардың жиілігі аймактын. физикалык-географиялык сипатына, климатына релъеф жағдайларына, геологиялык. қүрылымы мен өсімдік жамылғысына байланысты болады.

Өзеннің пегізгі рельеф қүру факторлары: 1) езен ағысы; 2) өзен ағысының жылдамдығы. Өзенніңағысы мен шығыныжауын шашынның мөлшеріне және су жию алабына тәуелді. Ал жер бетімен әрі жер астымен топьтрак, және тау жыныстарының кабаттары арқылы) өзенге су жинайтын су аймакты өзен алабы деп атайдьғ Өзен алабынын. ерекшелігі: онын. аумағы бастаудан қүйылысына дейін өседі, сопдай-ақ су шығыиы да көбейеді. Керісінше, суайрыкка жақындағап сайын өзеи ағысы толық токтағанға дейін азаяды. Бүл сшіаттамалардын. маңыздылығы мынада: ол кейбір геоморфологиялық мәселелерді, мысалы, сү айрықтардың эрозия әрекетінде түрақтылығын, өзендердің бір-біріне косып алу күбылысын тау өлкесінің пенепленденуін т.б. негіздеуге және ттсіндіруге мүмкіндік береді.

Көктемгі су тасқыны кезінде взсннің су шығыны жоғары (максимальды) болады, сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бүзу жүмысын жүргізеді, ал су азайғанда онын жылдамдығы бәсендеп, рельеф к.үру әрекеті де төмендейді. Өзен ағысынын, жылдамдығы оныи. еңістігіне байланысты. Еңістік - өзеннің құлау биіктігінің (падение) оның үзындығына қатынасы. Қүлау биіктігі деп бастауы мен сағасынын. нақты (абсолютты) биіктіктері арасындағы айырманы айтады.

Еңістік өлшемі ондық бөлшектер түріиде, немесе өзеннін. қүламалы (м/км), яғни промиль арқылы өрнектеледі. Мәселен, өзеннің орташа еңістігі 0,07% немесе 0,07 м/км делік. Әрине, өзеннің еністігі неғүрлым мол болса, соғүрлым оныи. жылдамдығы жоғары болып, өзен өз арнасыи мейлінше бұзып жеміреді.

Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әр түрлі көлденең циркуляциялық ағыстары бар. Өзен, яғни иін үлескілерінде ең алдымен өзен түбінің ағысы (донное течение) калыптасады. Ол арнаның жар кабак, ойын.кы жағасынан жайпактау келген шығын,кы жағасына карай аіады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, керісінше, өзен бетімен арнаның шығын.кы жағасынан ойын.кы жағасына карай үмтылады Сөйтіп ағын бойында судың көлденең циркуляциясы жұзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай ағынның көлденең циркуляциясынан басқа, өзеннің бойлық ағыны да бар. Бүл екі ағын қосыльш шиыршык, тәрізді (спираль тәрізді) ағыс түзеді. Спираль тәрізді ағыс өзен бүрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, бірте-бірте екі өзен иінінің ортасында оның қаркыны азаяды. Осыған байланысты ағын су жылдамдығы бәсендегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювиалдық материал жиналып, өзеннің саяз жері - кайраң (перекат) калыптасады. Бүдан төмен карай спираль тәрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы кайта дамиды. Сөйтіп, айтылған процесс жаңадан кайталанады. Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы

нәтижесшде ариа ағысының нспзп зиңдылыктарыныц оірі меандрлану құбылысы пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, су ағынының әрекетінен арнаның ойыңқы жарлауыт жағасы қопарылыл бүзылады да, содан қалыптасқан топырақ бөліктері өзен түбінің ағысымен шығыңкы жағада үйіліп, арна бойындағы малтатастан және құмнан қүрылған арна бойы жалдар (прирусловые валы) құрады(55-сурет).





55-сурет. Өзсн мсаидрларының кұрылуы жәнс жылжымалы жслпсуіш тәрізді арнабойы жалдардың калыптасуы (Е.В.Шанцер бойыпша).

Өзен ағысы өзінің агу барысында арна айналасындағы тау жыныстарын бүзып, ағызып әкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, яғни арна эрозиясын түзеді. Опын. процесі меи механизмі мынадай:

  1. турбуленттік ағыс кезінде су ауытқып, теңселіп құйынша араласып ағады. Соның салдарынан ағыс бойында көтеру күшін туғызады, осы таскын күш арна түбінен топырақ бөлшектерін козғап, айырып алып, ағыс бойымен төмен ағызыл әкетеді:

  2. эрозия ағысы арна тұбінде тікелей динампкалық эсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол тау жыныстары түйіршіктерінің өзен түбімен домалана тасымалдануына, сөйтіп өзен арнасынын жиегіне соққылана, тырмалана, үйкелене және кажала козғалуына байланысты;

  3. эрозия судыц қүрамы мен температурасына қарай химиңлык ыдырауына (еру, сілтілену және т.б.) байланысты.

Осы процестер судың үдемелі ағуы нәтижесінде пайда болады.

Сондықтан эрозия түрақты каркындылығымен және динамикалық өзгешелігімен сипатталады.



Эрозиялык әрекеті ағып жаткан судың кинетикалық энергиясы (тірі күш) аркылы жүзеге асады. Эрозияның жүмыс өлшемі су массасы мен су жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең:

мүнда:


m - су массасы, v - өзен ағысының жылдамдығы. Бүл формула барлық жағдайда, яғни су ағысы бар уақытта оның өн бойында және әр мезгілде жарамды болып табылады. Бүл туралы Н.И.Маккавеев (1955) былай деп жазады: "Ағын әркашан өзен түбін шайып эрозиялай алады, тіпті ағыс жылдамдығы әлсіз болған жағдайда, жыныс бөлшектері бірте-бірте еру аркылы майдаланып, ағызып әкетілуіне жағдай жасалынады."

Өзендер мен жылғалар суы КҮйылатын су коймасының (өзен, көл, теңіз, мүхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады. Еділ өзенінің эрозия базисі - Каспий теңізінің деңгейі, Іле өзені үшін - Балхаш көлінің деңгейі, Енисей, Обь, Лена, Сібір өзендерінің эрозия базисі - Солтүстік мүзды мүхит, ал Кама өзені үшін - Еділ өзенінің деңгейі. Негізгі эрозия базисімен қатар жергілікті, немесе аралык эрозия базистері болады. Олар - арнаның бойлык қимасындағы кез келген нүкте, немесе аңғар бойындағы су күламалары, көлшіктер. т.б. Ең акыры шөл мен шөлейт аймақтарда ешкандай су коймасына күймайтын "сокыр" ернеумен бітетін биік таулардан саркырап ағып шығатын (Шу, Тарим, Талас) өзендер бар. Олардың эрозиялык базисі ролін сол өзен суы толык буланып, ағысы толық токталған шөлді жер аткарады. Әрине мүндай күйылыс орындары түракты емес, ылғалдылыкка және күрғакшылыкка байланысты темен немесе жоғары ауысып отырады.

Эрозия базисінің белгілі бір деңгейде орналасуы өзеннің эрозиялык және аккумулятивтік әрекетіне байланысты. Оның төмендеуі нәтижесінде, өзеннің еңістігі үлғайып, соған байланысты эрозиялык процестер күшейіп, өзен өзінің түбін тілімдей бастайды. Ал, өзен эрозиясы базисінің жоғарылауы



кёзінде, өзеннің ағу жылдамдығы баяулап, аллювиалдык материал өзен аңғарларында жинала бастайды.

Белгілі казак географы М.Ж.Жандаевтың (1994) пікірі бойынша биік өлкелердің баурайларында пайда болған алғашкы су ағындары темен карай ағу барысында эрозиялык жүмысын жүзеге асырады. Мүндай ағын арнасының алдыңғы саға бөлімі эрозия аркылы үзарып одан әрі дами береді. Бүл процесс кез келген су коймасына (теңіз, көл, өзен) жеткенге дейін, немесе ағынныц өзі рельефтің төменгі жерлерінде су коймасын калыптастырғанға дейін жалғаса береді. Сол кезде ғана осы өзен күйылысының деңгейі оның эрозия базисі болып саналады. Сондыктан өзен аңғары алғашкы калыптаскан кезде өзінін. сағасынан басталмайды, өйткені эрозия базисінін өзі тек өзен калыптасканнан кейін ғана пайда болады.

Жалпы эрозия туралы мәселені козғасак, ол тереңдік (глубинная), бүйірлік (боковая), регрессиялык және трансгрессиялык эрозияға бөлінеді. Әрине, 6үл бөлу шартты түрде ғана , өйткені эрозия механизмі табиғатта күрделі сипатта кездеседі.



Өзен еңістігі едеуір болса, терендік эрозиясы да басымдау, сонымен бірге өзеннің бүйірлік эрозиясы да дамиды. Алайда бүйірлік эрозия негізінен өзен арнасының жазык бағытта ауысуына, немесе меандрлануына байланысты. Бүл жағдайда өзен жағалауына тиесілі жардың төменгі бөлігі сумен копарыльтп темен ағызып әкетіледі, ал жоғарғы жағы опырылып күлап айырылады, сөйтіп өзен жағасы бірте-бірте кейін шегініп отырады. Мұнда өзен жиегінің ірге жағында су ағынының активті, агрессиялы екені айкын байкалады, ал жардың жоғарғы бөлімдерінің опырылып күлап отыруы ауырлык күші (гравитациялык) процестермен байланысты.

Регрессшілык эрозия ағыска карсы бағытта, су айрыкка карай жүреді, яғни шегіну эрозиясы нәтижесінде өзен арнасы жоғары карай өседі. Ағыс бойында, арнатүбінде түпкі тау жыныстарынан күрылған тік күламалар кездескен жағдайда, оны бүзуға эрозиямен катар гравитациялык процестер де катысады. Бірак суайрыкка жакындаған сайын регрессиялык эрозияның каркыны бәсеңдейді де сонымен байланысты су ағыны азаяды.

Трансгрессиялык эрозия келесі құбылыстармен түсіндіріледі.

  1. Жоғарыдан төмен карай су жинау алабының өсуіне байланысты осы бағытта өзеннің су шығыны мен эрозиялык мүмкіншілііі көбейе береді.

  2. Трансгрессиялык эрозия өзен сағасының үзаруы нәтижесінде (в результате устьевого удлинения рек) жүзеге асырылады:

а) тау етектеріндегі тау бөктерінен акқан өзендер еш жерге
қүймай "сокыр" күйылыспен бітіп, ысырынды конустарды түзеді.
Келесі тасқындарда немесе ылғалды кезеңдерде ағындар әлгі
конустарлы жарым-жартылай бүзып-шайып, өзен аңғарының
сағасын эр карай алға ығыстырып, тағы да жан.адан ысырынды
конусты к.үрады да бүдан әрі осьғлай жалғаса береді.

б) трансгрессиялык эрозия мен езеннің күйылыс ман.ындағы
сағаларынын. үзаруы оның төменгі бөлігінің тармакталуы мен
миграциялануы кезінде айкын көрінеді.

в) тен.із суы кейін тартылып шегінген кезде оған күятын өзен
сағасы онын. сон.ынан ілесіп, езінің үзындығын теңізге карай
үзартады.

г) көптеген өзен агырауларының теңізге карай өсуі аркылы
әздерінің аңғарын темен карай үзартады, мәселен, Лена өзені
төрттік кезенде осындйй жолмен 300 км-ге дейін есті.

Осылайша, өзен аңғарының дамуыпда ағыннын. алға ығысу әрекетінің мәиі өте зор. Кез-келген езеннің бастауларында регрессиялык, эрозия аркылы өзеннің су айрык бағытына есуі сол айрык беткейінің үзындығына байланысты шектеледі. Ал өзеннің күйылыс жағынан үзаруы ештен.емен шектелмеген. Өзен теңізге қүйғаннан кейін де атыраудын. есуімен бірге оның алға ығысуы да жалғаса береді.

Сөйтіп, өзен аңғарларының даму барысында арнаның эрозиядан баска жалпы денудациялык процестері де едеуір ыкпал етеді. Олар езен аңғарының есуі мен кеңеюіне жағдай жасап, беткейлерге өздеріне тән белгілі кима береді. Сондыктан, бір-бірімен тығыз байланысты, ал мәні жағынан әр түрлі екі күбылысты айкын беліп карастырған абзал, бүл айтылып өткен эрозия мен аңғардын, кеңістікте дамуы. Эрозия (тау жыныстарының ағын күші әсерінен механикалык шайылуға үшырауы, су арнасы түбіндегі тау жаныстарының ағын күшімен козғалған түйіртпектердің үйкелісі әсерінен кажалуы және тау жыныстарының химиялык жемірілуі) арна ағысының кез-келген бөлігінде айкын білінетін бірыңғай процесс.



Ал аңғардың кеңістіктегі дамуы регрессиялық (жоғары қарай есуі) трансгрессиялык (күйылыс сағаларының үзаруы), бүйірлік және тереңдік бағытгарда жүруі мүмкін. Бүған эрозиядан баска, көптеген басқа да табиғи қүбылыстар сырғымалар, опырылмалар, сусымалар, аккумуляция және г.б. эсер етеді (М.Жаидаев, 1994).

Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері. Өзен аңғарларының морфологиясы олардын, жергілікті физикалық-географиялык жағдайларына, геологиялық құрылысына және даму тарихына байланысты болады. Таулы өлкенің жоғары өрлеуіне байланысты каркынды түрде эрозиялык. тілімдеу нәтижесінде саңылау, шатқал және каньон тәрізді терең аңғарлар пайда болады. Саңылау (теснина, щель) - екі жағы тік қүламалы, тар аңғар. Тау шатқалы (ущелье) - көлденең қимасы v- әрпі тәрізді терең аңғар. Көп жағдайда, шатқал тектоникалық жарыктар бойында қалыптасады, кейіннен ағын сумен одан әрі кеңейіп, тереңдей түседі. Мысалы, Кавказдағы Терек өзені бойындағы Дарьял шатқалы, Іле Алатауындағы Есік, Үлкен Алматы, Шілік тау шатқалдары т.б. Каньон - жағаларыныц беріктігі - әр түрлі, оның үстіне жазық бағытта кат-кабатталған жыныстарды су тіліп өткен жағдайда кертпештеніп қалыптасқан жағалауы саты тәрізді аңғар эрозияға төзімді жыныстар тегістеліп каньонның жағасында террасаға үқсас жазык алаңшалар күрады.

Дұние жүзіндегі ен. ірі өзеннін. бірі Солтүстік Америкадағы Колорадо өзені каньонының терендігі 1200-1800 м, үзындығы 320 км. Қазақстанда Іленің саласы Шарын өзені бойында терең каньондар кең дамыған. Бүдан басқа каньондар Маңғыстауда кездеседі.

Жоғарыда айтылған үш түрлі аңғарлардың (саңылау, шаткал, каньон) түбін түгелімен немесе түгелге дерлік су басып жатады.

Аңғардың даму жолындағы кейінгі кезеңдерінде бүйірлік эрозия күшейе түсіп, аңғар кеңейіп түбінде жазық жайылма алаңк.ылар калыптасады. Аңғар одан әрі тілімденіп, және аккумуляцияға ұшырап жағалары жайпак кең аңғардың түбінде бірнеше террасалар түзеледі. Мүндай аңғардың көлденең кимасы жәшік немесе астау пішінді болады да, өзен дамуының 6үл кезеңін онын. толысқан яки жетік кезеңі деп атайды.



Геологиялық құрылымына және тектоникалық элементтерімен байланыс с и паты на карай аңғарлар синклинальды антиклинальдык, моноклинальдық, грабендік (опырықтьод антецедентах және тектоникалық жарылым бойы сәйкес келген аңғарларға бөлінеді.

Мұндай аңғарларды жаралу тегіне орай тектоникалық аңғарлар деп айтуға болады (мысалы, Германиядағы Рейн аңғары, Орта Азиядағы Алай аңғары және т.б.). Жоталармен жарыса жагқан аңғарларды немесе геологиялық қүрылымдардьщ өсуімен сәйкес келген аңғарларды бойлык аңғарлар дейді (продольная долина). Бойлык аңғарлар енді келеді және олар үзына бойында морфологиялық жағынан көп . өзгермейді, яғни біркелкі болады. Ал тау жотасын жарып өтетін аңғарларды көлденсң аңғарлар (поперечная долина) деп атайды. Көлденең аңғардың тұйык және ашык түрлері бар, Түйык аңғар тау жотасынын. бір-ак беткейінде дамиды. Ашык аңғарлар көлденең жаткан жас тау жотасын бірте-бірте тілгілеп өтуі нәтижесінде түзіледі. Мысалға, көлденең аңғарға куэст аймақтарының консенвенттік өзендер аңғары және жотаны тесіп өткен антецеденттік аңғарлар жатады. Антецеденттік аңғарлар немесе кесіп өткен аңғарлардың түрі терең шатқал аңғарға үксайды. Жалпы көлденең аңғарларда тар шатқалдар мен аңғардың жайпак кең бөліктері алма-кезек ауысып отырады.



Аңғарлар өзінің өтетін аймақтарының сипатына карай таулык және жазыктык деген аңғарларға бөлінеді. Таулык аңғарлар әдетте терең, тар және жағалары тік болады, ал бойлык кесіндісі өте еңіс немесе қүлдилау болып келеді. Жазыктык ацғарлар керісінше, кең, жағалары жайпак, көлбеу немесе сатылы болады.

Аңғарлардың халык шаруашылығындағы маңызы өте зор. Қазакстанның Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария сияқты жазыктыктағы өзендерінің жайылмалары шұрайлы шабындык үшін, ал террасалар әр түрлі ауылшаруашылық дақыддарын егу үшін кең пайдаланылады. Елді мекендер көбіне өзен аңғарларына қоныстанады.

Судыи. еріткіштік қасиетіне байланысты карбонатты жыныстардың (әктас, бор, доломит) кең тараған аймактарында карстык аңғарлар кездеседі. Жалпы каретка үшыраған тау жыныстар дамыған аймақтарда карстық аңғарлардың бойлык. к.имасы кездейсоқ бүрылыстармен және аңғар түбінде кездесіп калагын куыстармен немесс "қалташыктармен" ерекшелінеді.

Мүздык аңғарлары (трог) ray өлкелерінде мүздық әрекеті нәтижесінде пайда болады. Трогтың көлденең кимасы тік беткейлі, астау тәріздес ойпаң түпті болып келеді. Оның жағалары каншама тік болғанымен етек жағында едәуір көлбеуленеді де, аңғар түбіне ауысады. Екі жақ беткейлердің көлбеуленген үстіңгі түсында трог иығы (млечо трога) деп аталатын бүгіс байқалады. Трог - ең алғаш V - әріпі тәрізді таудын. эрозиялык пішіні болған, ал кейінірек мүздык осы тау аңғары бойымен темен ығысқан кезде, ол ангар жағаларын өз салмағымен копарып, кеңейтіп астау тәрізді аңғар түзген.

Көмулі аңғарлар (погребенные долины) - көне өзен пішіндері, оларәдетте борпылдақ тәрттік шегінділермен бұркелген. Орталық Қазакстандағы Сарыарка даласында көмілген аңғарлар жиі кездеседі (65-сурег). Токырау, Қусақ, Шар және т.б. өзендердін. ан.ғарлары осы көмиіген аңғарларға жатады. Кезінде көмілген аңғарлардың аумағы қазіргі кезеңмен салыстырғанда суы мол, өзен торлары жиі ауқымды камтыған. Кейін физикалық-географиялық жағдайлардың өзгеруіне байланысты өзендердің суы тартылып, аллювий шөгінділері азайып, аңғарлардың аумагы едәуір кішірейген. Мысалы, Орталық Қазакстандағы кейбір аңғарлардың казіргі көлемі көне аңғарлардын. оннан бір бөлігін ғана камтиды.

Көмілген аңғарлардың халык- шаруашылығындағы маңызы зор. Олар әр түрлі шашылымдардың, жер асты суларының және құрылыс материалдарының кен орны болып табылады. Мысалы, Балкаш каласын сумен жабдыктау түгелімен Токырау өзеннің жер асты суын сактаған қүмды кабаттар есебінен камтамасыз етіледі.



Су асты аңғарлары (подводные долины) өзен сағасынан теңіз түбіне карай жүздсген, мыңдаған километрге дейін созылады. Мәселен, үстінен карағанда Үнді мүхитынын. түбінен Инд пен Ганг өзендерінің су астындағы жалғасы айқын көрінеді. Сібір өзендерінің (Обь, Лена) су асты жалғасы 200-300 километрге жетеді. Дүние жүзіндегі суы мол Амазонка өзені ағысының ыкпалы өзі күятын Атлант мүхит түбінің рельефіне де едәуір эсер етеді.

Ғалымдар осындай аңғарлардың пайда болуын көбінесе суға батып кеткен күрлыктағы өзен аңғарлары десе, екіншілері оларды өзеннің су асты эрозиялык. әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан деп есептейді.

Жалпы жер бетінде аңғарлардың геоморфологиясын зерттеу сол жердің даму тарихын, яғни палеогеографиялык жағдайын аныктауға пайдалы қазбалардың кен к.орларын іздестіруге, (әсіресе, шашылымдарды аныктауға), гидротехникалык күрылыстар мен су электр станцияларын салуға, с.уару каналдарын жүргізуге және баска инженерлік-күрылыстар түрғызуға керекті деректерді алуға жәрдемдеседі.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Уақытша ағын сулардың әрекеті және олар құратын рельеф пішіндері.

2. Тұрақты ағын сулардың рельеф құру әрекеті. Өзен аңғары.

3. Өзен жайылмалары. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері



Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
8 дәріс Мұздық процестер және рельефтің мұздық пішіндері.

Мақсаты: Мұздық процестер және рельефтің мұздық пішіндерімен танысу.

Жоспар:

1 Мұздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі. Мұздықтардың түрлері.

2. Рельефтің таулық-мұздық пішіндері.

8 дәрістің қысқаша конспектісі



26. Мүздық (гляциалды) процестер және рельефтің мүздық пішіндері

Мүздық рельеф күрушы процестер мүз әрекетіне тікелей байланысты, Мүндай процестердің дамуы үшін жер бетінің белгілі бір аймағында мүздықтың үзак. уақыт сақталып түруы кджет.

Егер жер бетінің кандай да бір бөлігі хионосфера шегінде болса, оида мүз кддыптасу жағдайы тууы мүмкіп. Хионосфора (ғрек сһіоп - кар және sparia - шар) деп өз қүрамында атмосфералык ылғалдың басым көпшілігі қатты заттардан түратын тропосфераның кабатшасын айтады. Мүнда кар жауу басым болып, үнемі кар мен мүз сакталуы мүмкін. Хионосфераның төменгі шегі - кар сызығы (О.Леонтьев, ПРычагов, 1988).

Қар шекарасынын. биіктік деңгеЙі климат жағдайына тікелей байланысты. Мәселен, Анды тауларында, Магеллан бүғазының Зймағында ол 900 м. биіктікте орналасса, оңтүстік тропикалық ендігінде 6700 м биіктікке жетеді. Демек, кар шекарасының ең биік жері - тропикалык белдеу. Ал, экваторлық белдеуде жауын-шашыннын. молдығынан оның деңгейі біраз төмендеу болады. Мысалы, Килиманджаро тауларында кар шекарасынын. биіктігі -5500 м. Экватордан солтүстік бағытқа кар шекарасынын биіктігі темен tycc береді: Шпицбергенде оның биіктігі 600-м-де байқалса, Франц-Иосиф жерінің солтүстік аралдарында 50 м., ал полюске жақындаған кезде кар шекарасы тен.із деңгейіне дейін төмендейді.

Табиғи мүз екі түрге - су мүзы және кар мүзы болып бөлінеді.

Су мүзы - күрлыктағы судын. немесе мүхит суыныц катуы кезінде пайда болса, кар мүзы - кардыц метаморфизмді жацарыи баска түрге ауысуы кезінде пайда болады. Қар сан мәрте кату мен ерудін. сондай-ак кысымныц нәтижесінде баданадай ірі түйіршікті кұрылым алып, фирнге (түйіршікті тығыз карға) айналады. Ол одан арғы өзгеру процестерінен өткеи сон. глетчер мүзына, нғни күрлыктағы мүздыктар мүзына айналады. Сөйтіп, шамасы 10-13 м3 кардан і \г мүз жаралады.

Мүздықтардың пайда болу жағдайы мен қоректенуі. Мүздықтардың түрлері

Жер бетінде үзақ уакыттар бойына сакталатын кристалды мүз

шоғырын (қорын) мүздык деп атайды. Олар таулы өлкелерде тек карлы шекарадан жоғары аймактарда түзіледі. Мысалы, Іле Алатауында кар жиегі 3700-4000 м. биіктікте орналаскан. Алайда динамикалык процеске орай мүздыктар бұл шекарадан томен псе алады. Көлемі үлкен мүздықтар ез салмағынан және созылмалы (пластичность) қасиеттерінің әсерінен гаудан темен карай жылжиды. Мүздыктардын. жылжу жылдамдығы тәулікте бірнеше сантиметрден ондаған метрге дейін жетеді.

Мүздыктардын, коректенуі онын. бетінс кар түріндс түсстін атмосфералык жауын-шашын есебінен, жел аркылы айдап алып келген және тау баурайларынап кллаған кардан, сонымен катар мүздын. үстінде ауадағы булардын. суға айналуынан жүзеге асады.

Судын катты фазасының, яғни кардыц, фирннын, мүздың балансы жағдайына карай мүздыктыц өзі аккумуляцияжәне абляция белдеміне болінеді. Мүздык массасынын. еру және булану аркылы кемуі абляция деп аталады. Абляция мүздыкдыц шеткі бөлігі калын.дығынын. жүкаруына әкеліп соғады. Абляциянын каркындылығы ауа температурасына тікелей байланысты. Температуранын. ауыткуымен кагар абляция да ауыткып түрады. Сондыктан мүздыктың алдыңғы жиегі түракты орныпда калмай өзгеріп түрады. Онын. сәл ғана алға козғалуы мен артка шегінуі осциляция деп аталады. Мүздыктардыц пегізгі түрлері туралы айтсак, ең алдымен ажырата белгілейтініміз, жамылғы мүздыктар немесе материктік мүздыктар және таулык мүздыктар. Таулык мүздыктар

көбінесе биік тау беткейлерінде және аңғарлардың бастауында тараған. Мүздықтардың осы екі негізгі түрлерімен қатар тау етегі

мұздыктары мен шельфтік мүздыктарды атап айтуға болады.



Жамылғы мүздықтар миллиондаған шаршы километр аумактарды алып жатады және үсті жайпақ дөңестеу келеді. Мұндағы мүздар МҮЗДЫК.ТЫҢ ортасынан шетке карай жылжиды. Қазіргі кезде Жер шарында бар-жоғы екі материктік жамылғы мүздықтар бар. Олар Греландия мен Антарктиданың мүз жамылғылары. Мүндай мүздыктардың өздеріне тән ерекшеліктеріңің бірі - олардың кең байтак көлсмі мен (Антарктидадағы мұздану көлемі 13.2 млн. шаршы километрге жуык. алкдпты алып жатыр) және орасан зор калындығы (4 километрге дейін). Мүздық жамылғысының ен, жоғарғы калындығы оның орталық бөлігінде. Ал жиектерінде мүздыктын. калыңдығы кемиді, сөйтіп бүл аймактардың астынан тасты қүндағының кейбір шығыңқы түстары көрінеді. Мүндай жерлерді Ангарктидада "оазис" (жазира)леи атайды. Мүның мысалы Советтік антарктидалық "Мирный" станциясы төңірегінде Бангер оазисі. Егер мүндай тасты сілемдер мүздыктын. бетінде окшауланып көрініс бсрсе, оларды нуішгнки дейді.

Гренландия мен Антарктиданың жамылғы мүздықтары өздері көмкеріп жаткан рельефтің жағалаулык еңіс жазыктықтары арқылы тен.ізге карай жылжиды. Мүздардың 6үл ағысы ысырылған мүздыктар (выводные ледники) деп аталады. Суға жеткен мүз жүзіп шығады да сынады, соның нәтижесінде тен.ізде еркін жүзіп жүретін орасан зор мүздар (қалқыма мүздар)мүзтаулар (айсбергтер) пайда болады. Теңіз ағысымен жұзген мүзтаулартөменгі ендіктерге жетіп, бірте-бірте ери бастайды. Еру барысында мүзтаудың ішіндегі түйіртпекті материал мүзтаудан босап, теңіз түбіне шөгеді.

Антарктида шеткі аймақтарындағы мүздардын, едәуір көлемі шельфтерде жатады немесе біразы жүзіп жүреді. Бүларды шельфтік мүздыктары дейді.

Егер кар шекарасы, мүздануға үшыраған тау етегі деңгейімен шамалас жатса, мүздық тау етектік жазыкка шығып, жан-жакка жайылып кетеді. Осы даму сатысындағы мүздықтар, тау етектік мүздык (ледники подножий) деп аталады. Мүндай мүздыктың бірі - Аляскадағы Маластин мүздығы. Бүл бірнеше аңғарлы мүздыктардың тау етегінде бір-бірімен косылуы нәтижесінде пайда болған.

Жер бетінде мүздықтар көмкерген алкапгыц жалпы колемі 16 миллион шаршы километр, немесе олар қүрлық бетінің 11 %-ін сьтып жатыр. Онын. 13,2 млн, шаршы километрі Антарктиданын. үлесінде (барлык мүздык көлемінің 85,3%-і). Мүздық көлемі ең аз материк - Африка. Мұнда бар жоғы 23 шаршы километрді ғана алып жатқан мүздықбар. Гренландия мүздығы 1,7 млн. км2 алапты алып жатыр. ТМД елдерін арктикалық және таулы аймакгарыида 28000 мүздыктар бар, олардын аукымы - 75 мың км2. Бүкіл жер бетіндегі мүздык пен мәңгі кардың жалпы келемі 27-30 млн км\ Егер осы мүздыктар түгелімен ерісе, әлем мүхитының децгейі шамамен 60 м-ге дейін кәтерілу мүмкін екендігі есептелген.

Қүрлык.тыңедәуір бөлігін көмкере отырып, мүздыктар экзогендік морфогенезде елеулі және маңызды ролін агкарады. Мүз к.агу кезеңінде жазғы және ортажылдыктемпературанын, тәмендегенінен климаттың сууынан, кар есебінен атмосфералык жауын шашынпык мөлшері үлғаяды. Нәтижесінде мүздыктардың рельеф қүру ролі арта түседі. Мүндай кезде тау өлкелерінде мүз кату жағдайы үлғая келіп, Солтүстік Америка мен Евразия жазыктарында калыц жамылғы мүздықтар пайда болған да, кар шекарасының төмендсуіне әкеп

соккан.


Мүз балансынын. кіріс және ікығыс бөліктерінің ара кдтынасына байланысты оныңдамуы бірнеше тарамдарға (фазаларға) бөлінеді; мүздыктын үлгайып каркындауы, мүздыктын. түрғылык калыпты жағдайы және еріп кейін шегінуі. Осы мүздыктын. әр фазасына байланысты рельефтің мүздыктык пішіндерінің белгілі комплекс! калыптасады. Мысалы, мүздыктын, каркынды шағында, мүз негізінсн кираткыш жүмысын жүргізеді, ал түрғылыкты калпында, немесе кеміп не кейін шегінген кезде көбінесе аккумулятивтік мүзлык пішіндерін түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет