Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.
Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің
күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт
қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
Германий топшасының элементтерінің а)негіздік қасиеттері жоғары; б)қышқылдық қасиеттері жоғары гидроксидтерін жазыңдар.
Суда ерімейтін PbCl2 және Pb(OH)2 не себептен концентрлі тұз қышқылы мен сілті ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді?
Алюминийді оксидінен тотықсыздандыру арқылы алу өндірісте тиімді ме? Оны өндірісте қалай алады?
Неге алюминий судан сутегін ығыстырып шығармайды? Алюминий а)концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен; б)сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен; в)натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңда.
Алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.
Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?
Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б
3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с
4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б
5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с
Дәріс 14. Бейметалдардың жалпы қасиеттері.
Мазмұны:
1.Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.
2.Физикалық қасиеттері.
3.Химиялық қасиеттері.
Күкірт – ағзада негізінен органикалық қосылыстар құрамында және күкірт құрамды амин қышқылдарының құрамында кездеседі. Олар цистин, метионин, инсулин т.б. Егер ағзада күкірт жетпесе ақуыз түзілуі әлсірейді.
Оттегі өмірге керек барлық органикалық заттар құрамына кіреді: ақуызда, майларда. Оттегі арқылы тіршіліктің барлық процестері жүреді. Тыныс алу, аммиак қышқылдарының тотығуы, майлардың тотығуы.
Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |