Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жаратылыстану»



бет75/203
Дата07.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#86512
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203
Байланысты:
ed04d2c0-d947-11e4-b960-f6d299da70eeУММ жаратылыстану

Насекомдар
Насекомдар — жануарлар әлеміндегі ең саны көп тобы, олардың белгілі түрі 1 миллиоиға жуық.
Насекомдардың көптеген түрлері сан жағыиан орасан көп болады. Олар ауада да, суда да, жер бетінде де таралған. Кейбір түрлері топырақта тіршілік етеді.
Өте ірі және әдемі насекомдар тропикте мекендейді.
Ең дағдылы, кең тараған насекомдар: қоңыздар, көбелектер, жарғақ қанаттылар, тарақандар, тура қанаттылар, қандалалар; биттер, бүргелер. Бұлардың ішінде пайдалылары да (түкті аралар, бал аралары, көптеген құмырсқалар, кейбір қоңыздар мен көбелектер) көп. Бірақ зиянды насекомдар да аз емес (шегірткелер, безгек масалары, кәдімгі шыбындар, төсеніш қандалалары, биттер, бүргелер).
Насекомдардың (бұғы-қоңыз бен көбелекті, құмырсқа мен көкқасқа шегірткені, т. б. салыстырыңыздар) сыртқы пішіні мен мөлшері әр алуан болса да, олардың қүрылысы біркелкі; мұның өзі оларды ерекше шектелген бір ғана класс деп санауға мүмкіндік береді.
Насекомдардың құрылысы. Барлық буын аяқтыларға тән қасиеттер насекомдарда болады: денесін хитин қабық қаптайды, ол ірі насекомдарда әжептәуір қалың да, мықты болса, ұсак насекомдарда әлдеқайда жұқа болады. Аяқтары буылтықты болып келеді.
Денесі үш бөліктен: бас, көкірек және құрсақтан тұрады, аяқтары әрқашан да үш жұпты, ересек насекомдардың бірсыпырасында қанат болады.
Басы буылтықтарға бөлінбеген, көкірегінде үш буылтық, құрсағында әдетте жеті-сегіз буылтық болады.
Басында үнемі төрт жүп аяқтары: олардың бір жұбы мұртша (антенна) және үш жұптары ауыз аппаратың түзуші аяқтар болады.
Әр түрлі тіршілік жағдайларына байланысты насекомдардың дене мүшелері (ауыз органдары, қанаттары, аяқтары) күшті өзгерген.
Ауыз аппараты мына бөліктерден тұрады: жоғарғы жақтар, төменгі жақтар, қармалағыш, төменгі және жоғарғы еріндері.
Ауыз аяқтары мына негізгі төрт құрылыс желісінен тұрады: кеміргіш (немесс шайнау), жалайтын (немссе жалап ішу), сорушы, шаншушы ауыз аппараттары.
Кеміргіш органдар — ең қарапайым органдар. Ертедегі насекомдардың бәріндс де осындай органдар болған. Қазіргі уақытта насекомдар отрядының түгелге жуығының личинкасында кеміргіш органдар бар.
Түкті аралардың, бал араларының, араның жалайтын немесе жалап ішетін органдары болады.
Сорушы орган көбелектерге тән.
Қандалалардың, өсімдік биттерініц т. б. шаншушы органдары болады.
Насекомдардың нерв системасы жақсы дамыған. Соған байланысты сезім мүшелерінің (сезу органдары, иіс сезу, дәм сезу, көру, есту) құрылысы күрделенген.
Сезу органдары негізінен мұртшаларда, жақ аппаратының сезім мұрттарында және аяқтарында болады.
Насекомдардың көпшілігінің иісті сезетін органдары болады. Олар негізінде мұртшаларда орналасқан.
Дәм сезу органы құрылысы жағынан иіс сезу органына ұқсас. Дәм сезу органы төменгі ерінде, сезім мұрттарында, ал көбелетердің табанында болады.
Насекомдардың көру органдары жақсы дамыған. Оларды екі түрлі құрылыстағы көздер: жай көз және күрделі (фасетті) көз болады.
Насекомдардың көпшілігі дыбысты естиді, есту органы денесінің әр жерінде болады. Олардың құрылысы да әр түрлі. Мысалы, көк қасқа шегірткенің есту органы аяғында болады.
Насекомдардың дамуы. Әдетте ұрғашы насекомдар бірнеше ондаған жұмыртқа салады. Жұмыртқалар ұрғашы насеком салған өсімдікке жабысады және личинкалары да сонымен қоректенетін болады. Капуста көбелегі жұмыртқасын капуста жапырағының астыңгы жағына салады. Сақиналы жібек көбелегінің жұмыртқа салуы өте ерекше. Ұрғашы маса жұмыртқасын су бетіне салады.
Жұмыртқа бастабында бір-ақ клеткадан тұрады да, бірнеше рет бөлінудің нәтижесінде, белгілі уақыт аралығында, көп клеткалы ұрыққа айналады және жұмыртқа қабығын жарып шығып, жедел қоректене бастайтын личинка болады. Ұрғашы насекомның тікелей личинкаға қажетті қорекке таяу жерге жұмыртқа салу инстинкті тамаша-ақ.
Жұмыртқадан шыққан личинканың ересек насекомға дейін дамуы барлық насекомдарда бірдей өтпейді. Кейбір түрлер шала, ал кейбіреулері толық түрленіп дамиды.
Шала түрлене даму процесі үш сатыда: жұмыртқа, личинка, ересек насеком сатыларында өтеді. Толық түрлену төрт сатыда өтеді: жұмыртқа, личинка, қуыршақ, ересек насеком.
Шығу тегі ертеректегі насскомдардың — тарақандардың, инеліктердің — құрылысы әлдеқайда қарапайым болады да, шала түрленіп дамиды. Тек мөлшері мен қанатының болмағандығы болмаса, личинка денесінің пішіні ересек насекомды еске түсіреді. Мысалы, жазда ашық жасыл және сұр жасыл көк касқа шегірткелерді табуға болады. Олардың дене мөлшері ірілерінде қа-нат болады, ал +пішіндері осындай көк қасқа шегірткелердің дене мөлшері кішіректерінде қанат болмайды. Бұл көк қасқа шегірткелердің личинкалары.
Насекомдардың басым түрлері: көбелектер, қоңыздар, бал аралары, шыбындар едәуір күрделі формада (толық түрлену) дамиды. Жұмыртқадан шықкан личинка ересек насекомға мүлде ұқсамайды. Мұны олардың басқа жағдайда тіршілік етіп, басқаша қоректенуімен түсіндіруге болады. Мысалы, көбелек жұлдыз құртының дене пішіні құрт тәрізді. Егер көбелек жұлдыз құртына зер салып қарасақ оның денесінен бастың жекеленіп тұрғанын көруге болады. Басында кеміргіш ауызбен (жақтары) бірге қатты хитин бар. Ересек насекомдардағыдай үлкен көздері де бол-майды, бастың екі жағындағы дөңестср астынан, әрбір жағында 4—6-дан, жылтыраған кішкене көз ноқаттары көрініп тұрады. Бастан кейін барлық насекомдарға тән белгі — үш жұп аяқтары бар үш буылтық жатады. Жұлдыз құрттың ақырғы буылтықтарында тағы да 4—6 жұп жалған аяқтар орналасқан. Жұлдыз құрт осы тері— бұлшык ет өскіндерінің көмегімен бұтақты мықтап қармап алады. Кейбір насекомдардың да личинкаларында — бал араларында, шыбындарда аяқ болмайды да, олардың пішіндері ақ құрт сияқты. Құрт тәрізді личинканың пішіні кейде қысқалау да жалпақ, кейде толық болып келеді.
Личинка денесін өте жұқа хитин қаптап жатқандықтан, көптеген личинкалар сипағанда жұмсақ болып сезіледі. Кейде личинкаларда жақсы дамыған аяқтар болғандықтан, олар жыртқыштықпен тіршілік етеді (сүңгуір қоныз, инеліктер, қанқыз). Личинка ескенде мүйіздік хитин ұлғая алмайды, сондықтан личинка тіршілік еткен кезінде төрт рет түлейді, яғни хитинді жабынын ауыстырады (ол жарылады да, денесінде жаңа қабық пайда болып, ұлғайып ескен личинка ескі қабығын тастап, одан шығады).
Личинка мөлшерлі шегіне жеткенде ғажап құбылыс болады. Личинка қимылсыз қалады да, жаңа хитин қабыққа оралады, сөйтіп үшінші даму сатысы — қуыршақ — басталады.
Жібек көбелектер тұқымдастарының жұлдыз құрттары қуыр-шақтанбастан бұрын басының алдыңғы ұшынан ермек жібін шығарып, өзін пілләға орайды. Бұл кезде жұлдыз құрт жіп шығарып, оны шөрік толтырғандай өзіне орағанда алдыңғы жағымен тынбастан мыңдаған айналу қозғалыстарын жасайды. Сонымен қабат сілекей безінен жабысқақ сұйық зат бөлініп, ол жіп қабаттарын желімдестіріп, созылмалы мықты қабырғаға айналдырады. Қуыршақтану қимылсыз қалған насекомды түрлі жағдайлардан қорғайтын тығыз піллә ішінде өтеді. Адамдар ежелден-ақ жіңішке жіпті тарқатып, одан жіп иірген және жібек деп аталатын мата тоқыған.
Емен жібек көбелегінің пілләсіне оралғаи жіптің ұзындығы бір километрден (900 м шамасыпда) болады.
Көбелектердің көпшілігі піллә жасамайды. Жұлдыз құрт қуыршақтану үшін оңаша жатқан жасырын жерге кіріп алады, сонда сары түсті қорғаныш реңі бар құрғақ қабықтағы қуыршақ жауларына елеусіз болады. Насекомдардың көпшілігі әдетте қуыршақ сатысында қыстап шығады.
Ұзаққа созылған дамылдан кейін қуыршақтың терісі (қабығы) жарылады да, пайда болған саңылаудан толық қалыптасқан ересек насеком шығады. Бірақ, лпчинка қуыршактанды ғой! Одан із де қалмаған. Жыртылып айырылған қабық кұрғақ және іші бос қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет