ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені курс – 2 Семестр – ІV кредит саны – 3



бет2/5
Дата06.12.2016
өлшемі0,79 Mb.
#3288
1   2   3   4   5

2 апта.


4 кредит сағат.

№ 3 Дәріс Жеке тұлғаның гуманистік теориясы.



  1. Гуманистік теория туралы түсінік.

  2. Маслоу бойынша мотивация деңгейлері және қажеттіліктер мен блоктар.

ОЖСӨЖ-4 мазмұны:

  1. Инстинкт туралы түсінік

Тұлғаның дамуы

5 кредит сағат

№ 4Дәріс. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы

Жоспары:


  1. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы туралы түсінік.

  2. Жеке тұлға теориясындағы тұлға блоктары, ерік бостандығы мәселелері.

ОЖСӨЖ-5 мазмұны:

  1. Үрей табиғаты

  2. Адам табиғатына қатысты З.Фрейдтің ой-пікірлері


6 кредит сағат

Семинар-2 Тақырыбы: Тұлға теориясындағы психодинамикалық бағыт



  1. З.Фрейдтің өмірбаяны

  2. Психоанализдің негізгі концепциялары мен принциптері

ОЖСӨЖ-6 мазмұны:

  1. Санасыздықты зерттеудегі психоаналитикалық терапия

  2. Психоанализ

3 апта

Семинар-3 Тақырыбы: А.Адлер мен К.Густав, Юнгтің психодинамикалық

теориясыы


  1. А.Адлердің индивидуальды тұлға теориясы

  2. А.Адлердің өмір жолы мен қызметі

ОЖСӨЖ-7 мазмұны:

  1. Индивидуальды психологияның басты тезистері

  2. Индивидуальды психологияның негізгі концепциялары мен принциптері

ОЖСӨЖ-8 мазмұны:

  1. Адам табиғаты қатысты Адлер көзқарастары

  2. Индивидуальды психологияның эмпирикалық валидизация концепциясы

ОЖСӨЖ-9 мазмұны:

  1. Невроз және оны емдеу

  2. Аналитикалық психологияның негізгі концепциялары мен принциптері

4 апта

Семинар-4 Тақырыбы: Эго психология және онымен байланысты тұлға

теориялары

1.Э.Эриксон және оның тұлға теориясы

2. Эго психология – бұл психоанализ дамуының нәтижесі

ОЖСӨЖ-10 мазмұны:



  1. Э.Эриксонның өмір жолы мен қызметі

  2. Эпигенетикалық принцип

ОЖСӨЖ-11 мазмұны:

  1. Тұлға дамуының психоәлеуметтік стадиясы

  2. Адам табиғатына қатысты Эриксонның ой-пікірлері

ОЖСОЖ-12 мазмұны:

  1. Теорияның экспериментальды қолдану тәжірибесі

  2. Психоаналитикалық теориясы

5 апта

Семинар-5 Тақырыбы:



  1. Э.Тролмның гуманистік тұлға теориясы

  2. Гуманистік теорияның негізгі концепциясы және принциптері

ОЖСӨЖ-13 мазмұны:

  1. К.Хорилдің әлеуметтік тұлға теориясы

  2. К.Хорилдің өмір жолы мен қызметі

ОЖСӨЖ-14 мазмұны:

  1. Әлеуметтік-мәдени теориясының негізгі концепциялары мен принциптері

  2. Диспозициональды тұлға теориясы

ОЖСӨЖ-15 мазмұны:

  1. Т.Олпорттың диспозициональды тұлға теориясы

  2. Тұлға типтерінің концепциясы

6 апта

Семинар-6 Тақырыбы: Г.Олпорттың, Р.Кеттело және Г.Айзенктің диспозициональды тұлға теориясы



  1. Функциональды автономия

  2. Есейген тұлға

ОЖСӨЖ-16 мазмұны:

  1. Олпорттың адам табиғатына қатысты көзқарастары

  2. Р.Кеттелдің тұлға белгілерінің құрылымдық теориясы

ОЖСӨЖ-17 мазмұны:

  1. Р.Кеттелдің өмір жолы мен қызметі

  2. Тұлға белгілері теориясының негізгі концепциялары мен принциптері

ОЖСӨЖ-18 мазмұны:

  1. Т.Айзенктің тұлға типтері теориясы

  2. Тұлға типтері теориясының негізгі концепциялары және принциптері

7 апта

Семинар – 7 Тақырыбы: Б.Ф.Скиннердің үйрену-вихевиоральды бағыты



  1. Б.Ф.Скиннердің оперантты үйрену теориясы

  2. Б.Ф.Скиннердің психологияға қатынасы

ОЖСӨЖ-19 мазмұны:

  1. Б.Ф.Скиннердің өмір жолы мен қызметі

  2. Б.Ф.Скиннердің адам табиғатына қатысты көзқарастары

ОЖСӨЖ-20 мазмұны:

  1. Оперантты үйрену концепциясы

  2. Оперантты үйренуді тәжірибеде қолдану

ОЖСӨЖ-21 мазмұны:

  1. А.Бандураның өмір жолы мен қызметі

  2. Д.Роттердің өмір жолы мен қызметі

8 апта

Семинар – 8 Тақырыбы: А.Бандура мен Д.Роттердің әлеуметтік-когнитивті тұлға теориялары



  1. А.Бандураның әлеуметтік тұлға теориялары

  2. Әлеуметтік-когнитивті тұлға теориялары

ОЖСӨЖ-22 мазмұны:

  1. Модельдеу арқылы үйрену

  2. Бақылау арқылы үйрену

ОЖСӨЖ-23 мазмұны:

  1. Бандураның адам табиғаты туралы көзқарастары

  2. Бандура теорияларының тәжірибеде қолданылуы

ОЖСӨЖ-24 мазмұны:

  1. Д.Роттердің әлеуметтік үйрену теориялары

  2. Әлеуметтік үйрену теорияларының негізгі концепциялары мен принциптері

9 апта

Семинар-9 Тақырыбы: Д.Келлидің когнитивті тұлға теориясы



  1. Д.Келлидің когнитивті теорияларының негізі

ОЖСӨЖ-25 мазмұны:

  1. Д.Келлидің өмір жолы мен қызметі

  2. Тұлғалық құрылым теорияларының негізгі концепциялары мен принциптері

ОЖСӨЖ-26 мазмұны:

  1. Келлидің адам табиғатына қатысты негізгі көзқарастары

  2. Келли теорияларын тәжірибеде қолдану

ОЖСӨЖ-27 мазмұны:

  1. А.Маслоудың өмір жолы мен қызметі

10 апта

Семинар-10 Тақырыбы: А.Маслоудың гуманистік тұлға теориялары



  1. Гуманистік психологияның негізгі принциптері

ОЖСӨЖ-28 мазмұны:

  1. Қажеттілік иерархиясы

  2. Десиуитарлы мотивация

ОЖСӨЖ-29 мазмұны:

  1. Маслоудың адам тмбиғатына қатысты кейбір ойлары

  2. Гуманистік психологияның тәжірибеде қолданылуы

ОЖСӨЖ-30 мазмұны:

  1. К.Роджерстің өмір жолы мен қызметі

11 апта

Семинар–11 Тақырыбы: К.Роджерстің тұлға психологиясындағы феноменологиялық бағыты



  1. Роджерстің адам табиғатына қатысты ой-пікірлері

ОЖСӨЖ-31 мазмұны:

  1. Өмірдегі жетекші мотив

  2. Роджерстің феноменологиялық позициясы

ОЖСӨЖ-32 мазмұны:

  1. «Мен»-концепциясы

  2. Толықтай қалыптасышы тұлға

ОЖСӨЖ-33 мазмұны:

  1. Феноменологиялық теорияның эмперикалық валидтілік концепциясы

  2. Феноменологиялық теорияның тәжірибеде қолданылуы

12 апта

Семинар-12 Тақырыбы: Тұлға психологиясындағы жаңа бағыттар



  1. Ретроспективтегі негізгі жолдар

ОЖСӨЖ-34 мазмұны:

  1. Тұлға теориясын бағалау

  2. Тұлғаны эмперикалық және теориялық зерттеудің жаңа перспективалары

ОЖСӨЖ-35 мазмұны:

  1. Тұлға құрылымының ерекшелігі

  2. Тұлғаны қалыптастыру жолдары

13 апта

Семинар – 13 Тақырыбы: Адамнаң даралық психологиялық сипаттары



  1. Темперамент туралы жалпы ұғым

  2. Темперамент ілімінің дамуы

ОЖСӨЖ-36 мазмұны:

  1. Жүйке жүйесі темпераменті

  2. Темперамент типтеріне сипаттама

ОЖСӨЖ-37 мазмұны:

  1. Темпераменттің өзгеруі

  2. Темпераментті тәрбиелеу

ОЖСӨЖ-38 мазмұны:

  1. Мінездің генотиптігі

  2. Темпераменттің генотиптігі

14 апта

Семинар-14 Тақырыбы: Мінез

1. Мінез құрылымы және қасиеті

2. Мінез және темперамент

ОЖСӨЖ-39 мазмұны: мазмұны:

1. Мінез құрылымы және қасиеті

2. Мінез және темперамент

ОЖСӨЖ-40 мазмұны:



  1. Еліктеу туралы түсінік

  2. Еліктеу және оның адам мінезінде қалыптастыру рөлі

ОЖСӨЖ-41 мазмұны:

  1. Қабілет туралы түсінік

  2. Нышан және қабілет

15 апта

Семинар-15 Тақырыбы: Адамнаң даралық психологиялық сипаттары



  1. Темперамент туралы жалпы ұғым

  2. Темперамент ілімінің дамуы

ОЖСӨЖ-44 мазмұны:

  1. Жүйке жүйесі темпераменті

  2. Темперамент типтеріне сипаттама

ОЖСӨЖ-45 мазмұны:

  1. Темпераменттің өзгеруі

  2. Темпераментті тәрбиелеу



3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Реферат тақырыбына байланысты

7,13 апталар

5%(үй тапсырмасы түрінде беріледі.

Реферат және баяндама

2

Практикалық сабақтарда үй тапсырмасын сұрау

Білімді тексеру

Семинар тақырыбына байланысты

Практикалық сабақ кестесі бойынша

Әрбір практикалық сабаққа жауап бергенге2-ұпай-30%

Тапсырмалардың орындалуын,сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру

3

ОЖСӨЖ тапысрмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

ОЖСӨЖ тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт көлемінде

Тақырып бойынша әрбір ОЖСӨЖ-ге0,5 ұпайдан -15%

Тапсырмалардың орныдалуын,сұрақтарға жауап беруін тексеру


4

СӨЖ тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілеттерін арттыру

СӨЖ тақырыбына байланысты

Лекция соңында

Тақырып бойынша әрбір СӨЖ тапсырмасына 025 ұпайдан 6 ұпай

Тапсырмаларды орындауын тексеру

5

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ойлау қабілетін және білімін тексеру

Бірінші жұмыс 1-7 тақырыптарға байланыс-ты Екінші жұмыс 8-15 тақырыптарға байланысты

Семинар №7

14 семинар



2 жұмысқа 10 ұпайдан=20 ұпай

Жазба жұмысын тексеру

6

Емтихан

Білімді кешенді тексеру







Тест -40





4.ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТА

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

Кафедра: «Педагогика және психология» тьютор: Калаханова С.Б.

аты-жөні

Пәні: Жеке тұлға психологиясы. (пән атауы)
Кредит саны 3





Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

АдлерЮ.ППредпланированиеэксперимеата М.1978ж

10д










Орысша.

2

Анастазии А. Урбина Психологическое тестирование П.2001

5 д.










Орысша.

3

Быков В.В. Методы науки М. 1972.

10д













4

Бурлачук Л. Морозов С. Словарь-справочник по пиходиогностике СП1999 г

10д










Орысша.

5

Готтсдонкер р. Основы психолдогического эксперимента М. 1982г.

10д










Орысша.

6


Дружинин В.Н. Эксперименталная психология М.2004г.

10д










Орысша.


7

Кумеков Л.В. Психологическое исследование СП 1994г.

10д










Орысша.

8

Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладноных исследованиях М. 1980г

12д










Орысша.

9

Лбов Г.С. методы оброботки разнотипных экспериментальных и группавой деятельности м, 1980г

10д










Орысша.

10

НалимовВ.В. Теория эксперимента м, 2002г.

14д










Орысша.

11

Хармон Г. Современный факторный анализ м. 1972

10д










Орысша.

12

Шмелев А.Г. Введение в экспериментальную психосемантику.м, 1983г.

12










Орысша.

13

Бодалев А. А. Столин В.В. Общая психодиогностика СП2004г

20д










Орысша.

14

Крылова А.А. Практику по общей экспериментальной иприкладной пси-и М,2006г.

10д










Орысша.

15

Хьелл Л. Зиглер Д. Теория личноси М, 2003г.

20д










Орысша.

16

Романин А.Н. основы психотерапии Ростов 2004г.

20д










Орысша.


ГЛОССАРИЙ

«Жеке тұлға психологиясы» пәні бойынша глоссарий

пән атауы




Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

1

2

3

Артефакт

Артефакт

Arte Factor

Болжам

Гипотеза

Hypothesis

Инторспекция

Инторспекция

Introspect

Әдіс

Метод

Me tot

Эксперименталды

Экспериментальный

Experimental

Нұсқау

Инструкция

Manual

Таңдау

Выборка

Bar chart Sample

Гистограмма

Гистограмма

Measuring

Өлшеу

Измерение

Measuring

Латинский квадрат

Латинский квадрат

Latin square comma

Бақылау

Наблюдение

Observation

Сенімділік

Надежность

Reliability safety

Жалпылау

Обобщение

Generalization

Іріктеу

Отбор

Selection

Парадигма

Парадигма

Paradigm

Айнымалалық көрсеткіштер

Переменные данные

Variable data

Популяция

Популяция

Population

Рандомизация

Рандомизация

Randomization

Фактор

Фактор

Factor

Қарым-қатынас

Общение

Communication

Тест

Тест

Test

Семантикалық диференцал

Семантический диференцал

Semantics differentia

Редукционизм

Редукционизм

Reduction

Арте факт-жанамалы айнымылылықтардың әсерінен тәуелді айнымылылықтың өзгерілу нәтежиесі.

Болжам-негізге бағытталған болатын құбылыс жөнінде бекітілімін шынайылығын және жалғандығын эксперименталдық жолмен ғана жолмен тексеру.

Интроспекция-психологиялық шындық жолындағы өзінің психологиялық жағдайын өзі бақылау.

Әдіс-Субьектінің танымдық позициямын практикалық әрекет немесе обьектінің ғылыми таным әдісі.

Эксперименталды – белгілі бір болжамды ғылыми бағытта зерттеу.

Нұсқау- Белгілі бір әдістің зерттелушіге жүру барысын түсіндіру.

Таңдау-Арнайы процедуралардың көмегімен көптеген қатысушылардың ішінен іріктелу.

Гистограмма-тәуелсіз айнымалалық деңгейіне қатысты кездейсоқ көлемнің бейнесін көрсететін диограмма.

Латинский квадрат-п-п көрсететін квадратты матрица оның әрбір жолы көптеген әрекеттерден тұратын элементтердің қайта құрылуы.

Бақылау-зертелушіні белгілі бір мақсат үшін сырттай психологиялық әрекетін бақылау.

Сенімділік- өлшеу нақтылығы.

Жалпылау-жалпы білімнің заң,заңдылық бейнесі құрылу әдісі.

Іріктеу-процедуралардың көмегімен көптеген қатысушылардың ішінен іріктелу.

Парадигма-ғылымның мақсатын ,әдісін, нәтежиелі бағалаудағы критерилер жүйесі ретіндегі жалпы қабылданған ғылыми стандарт.

Айнымалылық көрсеткіш-экспермименталды зертеуде өлшенетін және өлшенбейтін шындық параметр.

Популяция-арнайы құрылым жиынтығ бар көптеген табағи индивид.

Рандомиция-субектінің топқа кірісуге бірдей мүмкіндігі бар кезіндегі кездейсоқ таңдау стратегиясы.

Фактор-тәуелді айнымалылыққа әсер ететін көптеген математикалық обьектінің ерекшелігі.

Қарым-қатынас-экспериментатор мен зерттелушінің арасндағы мақсатты әрекет.

Тест- психологиялық өлшеудегі ғылыми практикалық әдіс.

Семантикалық деференциал-барлық субьектінің –топтық сана және мағынның

сандық сапалық таңдау.

Редукционизм- күрлелі процестерді қарапайым процестер арқылы түсіндіру.

5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ

Дәріс № 1. Психологиядағы тұлға мәселесі.

Жоспары:


  1. Тұлғаны зерттеудегі негізгі тұрғылар.

  2. Тұлғаны талдау деңгейі психологиялық білім беру ретінде.

1. Әрбір адам тұлға туралы әр түрлі көзқараста болады. Әсіресе тұлға және бұқаралық имидж ерік күш жігері өзіне жоғары сенімділік, жоғары дамыған өзіндік сана танымал адам ретінде ассоциалды. Кейбір адамдарда бұл қасиеттер анық байқалады.

Неліктен кейбір адамдар басқа адамдарға қарағанда агрессивті? Біреулері кез - келген жағдайда өзін бір қалыпта ұстаса, енді біреулері үнемі қысымда ұстайды т.б. осы сияқты мәселеде тұлға психологиясы қарастырылады.

Қазіргі психология тұлғаны зерттеудің 7 ұрғысын бөліп көрсетеді. Әр тұлғаның өзіндік теориясы, зерттеу әдістері, өлшемдері. Тұлғаның құрылымы және қасиеттері жөнінде көзқарастар бар. Сол себептен тұлғаға мына анықтама беруге болады.

Тұлға – адамның уақытша жіне жағдаяттық тұрақтылықтарын, индивидуалдық ерекшеліктерін қамтамасыз ететін психологиялық сипаттаманың көп өлшемді, көп деңгейлі жүйесі.

Тұлға теориясы – бұл тұлғаның даму табиғаты механизмі жөніндегі көзқарастар немесе болжамдар жинағы. Тұлға теориясы адамның мінез- құлқын түсіндіріп қана емес, алдын-ала болжап айтуға тырысады.

Тұлға теориясы төмендегідей негізгі сұрақтарға жауап беруі тиіс.



  1. Тұлғаның негізгі даму көздерінің сипаты қалай туа әлде жүре пайда болады ма?

  2. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қандай жас ерекшеліктер кезеңі маңызды?

  3. Жеке тұлғалық құрылымдағы қандай процестер басым, саналы ма (рационалды) немесе санасыз (ирроционалды) ма?

  4. Тұлға ерік бостандығына ие ме және адам өзінің мінез-құлқына қандай деңгейде бақылау жасай алады?

  5. Адамның жеке ішкі әлемі субьективті ме, обьективті ме және обьективті адамдар арқылы анықтауға бола ма?

Дәріс № 2. Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы.

Жоспары:


  1. Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы туралы түсінік.

  2. Аналитикалық теориядағы архетип, жеке тұлға элементтері, блоктары мәселелері.

  1. Жеке тұлғаның аналитикалық теориясы, жалпы негізгі жағынан кейбір нәрселері ортақ болғандықтан классикалық психоанализ теориясына жақын. Бұл бағыттың көптеген өкілдері Фрейдтің ізбасарлары болған. Бірақ, аналитикалық теория классикалық психоанализдің ерекше жетілген жаңа даму этапы деп санауға болмайды. Бұл жаңа теориялық ұстанымдар қатарына негізделген сапалық жағынан өзге көзқараснемесе тұрғы. Мұның көрнекті өкілі Швейцарлық зерттеуші К.Юнг.

Юнг тұлғаның дамуының негізгі көздері туа пайда болатын психологиялық факторлар деп санады. Адам тұқымқуалаушылық арқылы ата-аналарынан дайын алғашқы идеяны – «архетип» алады. Кейбір архетиптер әмбебап болады. Мысалы, құдай, қайырымдылық, жауыздық барлық халықтарға тән. Бірақ, мәдени және индивидуалдық ерекше архетиптерде бар.

2. Юнг архетиптер түстерде, фантазияларда және кейде символдар түрінде түрінде өнерде, әдебиеттерде, архетиктурада және дінде көрінеді деп есептеді. Әрбір адамның өмірінің мәні туа пайда болатын архетиптерді нақты мазмұнмен толықтыру. Юнгтің пікірі бойынша тұлға өмір бойы қалыптасады. Жеке тұлғаның құрылымында негізгі бөлімі «ұжымдық бейсаналық» болып табылатын бейсаналық басым. Ұжымдық бейсаналық барлық туа пайда болатын архетиптердің жиынтығы. Тұлғаның ерік бостандығы шектеулі адамның мінез құлқы түгелдей дерлік туа пайда болатын архетиптерге немесе ұжымдық бейсаналылыққа тәуелді. Тұлғаның ішкі әлемін ашуға, түстерді жору, мәдениетін өнердің символдарына қатынасын анықтау арқылы қол жеткізуге болады.

Тұлғаның негізгі элементері болып белгілі адамның жүзеге асырылған кейбір архетиптерінің психологиялық қасиеттері саналады. Бұл қасиеттерді жиі мінез сипаттары немесе көріністері деп атайды. Мысалы, «персона» (маска) архетипінің қасиеттері бұл біздің барлық психологиялық сипатамаларымыз көрсететін, көрсетуге тырысатын рөлдеріміз «көлеңке» архетипінің қасиеті. Бұл біздің адамдардан жасыратын шыни қасиеттері – батыл, қатты болу, қорғау, қорғану т.б. «Анима» (жан) архетипінің қасиеттері – жұмсақтық, нәзіктік т.б.

Аналитикалық модельде негізгі 3 концепциалық жеке тұлғаның блогы немесе сферасы бөліп көрсетіледі.



  1. Ұжымдық бейсаналылықтың - тұқымқуалаушылық арқылы брілген архетиптер түрінде адам психикасында бейнеленген адамзаттың бүкіл мәдени – тарихи тәжірибесі жинақталған тұлғаның негізгі құрылымы.

  2. Индивидуалдық бейсаналылық – санадан ығыстырылып шығарылған «комплекстің» немесе «эмоционалды зарядталған ойлар мен сезімдердің» жиынтығы. Комплекстің мысалы ретінде «билік комплексін» атауға болады, яғни мұнда адам өмір бойы санасыз түрде іс-әрекетін билікке жетуге тікелей және жанама түрде жұмылдырады.

  3. Индивидуалды саналылық – нәтижесінде біз өзіміздің саналы іс-әрекетімізді реттейтін саналы түсінетін сезімдер, ойлар өзіндік сана негізін құрайтын құрылым.

Архетиптердің негізгі мақсаты – ұжымдық бейсаналылықтан шығу, адамдарды жекелендіру «өзіндік» ұйымдастырып үйлестіреді, адам психикасын біртұтас біріктіреді. өзіндіктің мұндай интеграциясының 2 жолы бар.

  1. экстроверсия – туа пайда болатын архетиптерді сыртқы ақпаратпен толықтыратын ұстаным (обьектіге бағытталу)

  2. интроверсия – адамның өзінің ішкі әлеміне, сезімдеріне бағытталуы (субьектіге бағытталу).

Әрбір адамдарда экстроверсия, интроверсия әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар Юнг ақпаратты қорытудың 4 типін көрсетті. Ойлы, сезімдік, интуитивті, сезімтал. Бұлардың біреуінің басым болуы адамдарда экстроверсия немесе интроверсия ұстаным анықтайды. Мысалы тұлғаның 2 типін көрсетуге болады.

  1. Экстроверт – ойлы. Ойы сыртқы әлемді зерттеуге , фактілерді жинақтауға, логикалық ойлауға бейім.

  2. Интроверт – ойшыл. Философиялық мәселелерге, өзінің идеясын түсінуге, талқылауға, өзінің өмірінің мәнін іздеуге, адамдардан алшақ болуға бейім.

Дәріс № 3. Жеке тұлғаның гуманистік теориясы.

  1. Гуманистік теория туралы түсінік.

  2. Маслоу бойынша мотивация деңгейлері және қажеттіліктер мен блоктар.

1. Жеке тұлғаның гуманистикалық теориясында 2 негізгі бағыт көрсетіледі.

  1. «клиникалық» (клиникаға бағытталған) өкілі американ психологы Карл Роджерс.

  2. Мотивациялық негізін салушы американдық зерттеуші А.Маслоу.

Олардың өзара айырмашылықтарымен қатар ұқсастықтары да бар. Гуманистикалық психология өкілдерінің пікірлері бойынша жеке тұлға дамуының негізгі көзі туа берілетін өзін-өзі өзектендіруіне тенденция. Жеке тұлғаның дамуы туа берілетін тенденцияның жүзеге асырылуы.

К.Роджерс бойынша адам психикасында 2 туа пайда болатын тенденция бар. 1. «өзін-өзі өзектендіретін» тенденция.

2. «бірізді ағзалық үрдіс» - жеке тұлғаның дамуының бақылауы мен механизмі. Бұл тенденцияның негізінде адамның даму үрдісінде «мен» деп аталатын ерекше тұлғалық құрылым пайда болады. Оған «идеалды мен» және «реалды мен» кіреді. Бұл екі құрылым толықтай үйлесімділіктен толықтай үйлесімсіздікке дейін өзара күрделі қарым-қатынаста болады.

К.Роджерс бойынша өмірдің мақсаты туа берілетін потенциалды толық жүзеге асыратын толықтай қызмет атқаратын адам болу, яғни өзінің барлық қабілеттерін, талантын қолданып жүзеге асыратын өз потенциалын толық пайдаланатын және толықтай өзін тануға ұмтылатын өзінің ішкі әлемін шыни табиғатын білуге ұмтылатын адам болу.



2. Маслоу тұлға дамуының негізінде жататын 2 қажеттілік типін көрсетеді.

  1. «дефицитарлы». Қанағаттандырылғаннан кейін тоқтап қалады.

  2. «өсімді». Жүзеге асырылғаннан кейін әрі қарай күшейе түседі.

Маслоу мотивацияның 5 деңгейін бөліп көрсетті.

  1. физиологиялық

  2. қауіпсіздікке деген қажеттілік

  3. белгілі ортаға деген қажеттілік

  4. өзін-өзі бағалау

  5. өзін-өзі өзектендіру.

Дәріс №4. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы

Жоспары:


  1. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы туралы түсінік.

  2. Жеке тұлға теориясындағы тұлға блоктары, ерік бостандығы мәселелері.

1. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясын кейде үйретушілік деп атайды. Өйткені бұл теорияның негізгі тезисі: біздің тұлғамыз үйретудің жемісі болып табылады. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясының 2 бағыты бар:

1) рефлекторлық 2) әлеуметтік

Рефлекторлық – белгілі американ бихевиористері Уотсон мен Скиннердің еңбектерінен көрініс тапқан. Әлеуметтік бағыттың негізін салушы американ зерттеушілері Бандура мен Роттер. Екі бағыттың көзқарастары бойынша жеке тұлға дамуының негізгі көзі- орта жеке тұлғаның бойында ешқандай психологиялық және генетикалық берілу болмайды. Жеке тұлға үйретудің жемісі, ал оның қасиеттері мінез-құлықтық рефлекстерімен әлеуметтік дағдылар. Бихевиористердің көзқарастары бойынша тапсырысқа байланыты жеке тұлғаның кез келген типін қалыптастыруға болады. Мейлі қарақшы, ақын, саудагер, т.б болсын. Мысалы: Уотсон адамның бойындағы эмоционалдық реакцияны жасау мен иттің сөл бөлуінің рефлексі арасында ешқандай айырмашылық көрмеді. Барлық эмоционалдық қасиеттер ( үрей, қуаныш, ашу, ыза, т.б) классикалық рефлекстердің нәтижесі болып табылады. Скиннердің ойынша жеке тұлға әлеуметтік дағдарыстың жиынтығы, бұл дағдарыстар үйретудің нәтижесінде қалыптасады. Адам қандай да бір операцияны орындаған соң одан кейін оны бекіту болса, соны дағды ретінде қалыптастырады және жазалаудан қашады. Осылайша белгілі бекітулер мен жазалаулар жүйесінің нәтижесінде жеке тұлғаның қайырымдылық альтруизм, шынайылық, агрессивтілік сияқты қасиеттері пайда болады.

Екінші бағыттың өкілдерінің көзқарастары бойынша жеке тұлғаның дамуында сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да маңызды роль атқарады. Мысалы: күту, мақсат, маңыздылық, т.б. Бандура адамның мінез-құлқын іштей өзін-өзі реттеумен детерминацияланған деп көрсетеді. Өзін-өзі реттеудің негізгі міндеті- өзіндік тиімділікті қамтамасыз ету, яғни адам әрбір сәтте ішкі факторларға сүйене отырып, жүзеге асыра алатын мінез-құлық формаларын ғана орындауы тиіс. Ішкі факторлар өзінің ішкі заңдылықтар бойынша әрекет етеді, дегенмен ол өткен тәжірибе негізінде еліктеу арқылы үйретудің нәтижесінде пайда болады.

Роттер Бандураға қарағанда когнитивист болып саналады. Ол адамның мінезқұлқын түсіндіру үшін арнайы «мінез-құлық потенциал» ұғымын енгізеді. Ол қандай да бір деңгейде адам белгілі ситуацияда мінез-құлықты көрсету мүмкіндігін білдіреді. «Мінез-құлық потенциалы» 2 компоненттен құралады: осы мінез-құлықты бекітудің субьективтік маңыздылығы және оны бекітудің қол жетерлілігі (алда тұрған бекіту осы жағдаятта қаншалықты жүзеге асырылуы мүмкін).

2. Бихевиористер жеке тұлға әлеуметтену, тәрбие және үйретуге байланысты өмір бойы қалыптасады және дамиды деп есептейді. Дегенмен адамның ерте балалық , жастық кезеңдері маңызды деп саналады. Кез келген білімнің қабілетті сонымен қатар шығармашылық және руғани қасиеттерінің негізінде олардың пікірінше балалық кезең басты роль атқарады. Тұлғаның бойында рационалды және иррационалды процестер бірдей деңгейде оларды қарсы қою мәнсіз , барлығы мінез-құлық типі мен күрделілігіне байланысты. Адам кей жағдайда өзінің қылығын саналы сезіну мүмкін. Ал кейде сезінбеуі мүмкін.

Мінез-құлықтық теория бойынша адам ерік бостандығына ие емес, біздің міне-құлқымыз сыртқы жағдайларға детерминацияланған. Біз кейде өзімізді марианеткалар сияқты ұстаймыз және өзіміздің мінез-құлқымызды неге апаратындығын түсіне бермейміз, өйткені үйреніп алған әлеуметтік дағдылар және рефлекстер ұзақ уақыт қолданылғандықтан автоматты түрде жүзеге асады. Адамның ішкі әлемі обьективті, ондағы нәрселер ортадан келген. Біздің мінез-құлқымыз- тұлғаны мінез-құлықтық белгілер обьективті өлшенеді.

Бихевиористік теорияда тұлғаның элементтері ретінде рефлекстері мен әлеуметтік дағдылар айтылады. Әлеуметтік дағдылардың тізімі (қасиеттер, мінез ерекшеліктері,т.б) әлеуметтік тәжірибе, яғни үйретумен анықталады. Жеке тұлғаның қасиеттері немесе әлеуметтік орта талаптары сәйкес егер сіз қайырымды бір қалыпты болып, отбасында тәрбиеленсеңіз және осы қасеттеріміз үшін сізді мадақтаса, онда осы қасиеттер сіздің бойыңызда нық қалыптасады. Егер сіз қайғылы, көңілшек болсаңыз бұл да сіздің кінәңіз емес, сіз қоғаммен тәрбиенің жемісісіз.

Бихевиористтердің пікірі бойынша бекіту мәселесі тікелей тамаққа байланысты емес. Бұл бағыттың өкілдері бекітудің өзіндік иерархиясы бар деп есептейді. Бала үшін тамақтан кейін күшті бекіту ретінде белсенді бекіту болып теледидар көру, видео, т.б. Содан кейін манипулятивті (ойнау, сурет салу) содан соң поссесиял (поссес- меңгеру, бекіту), яғни папасының не мамасының алдында отыру,мамасының юбкасын кию және әлеуметтік бекіту (мадақтау, көтермелеу, иіскеу).

Мінез-құлықтық теорияның рефлекторлық бағытының шеңберінде жеке тұлғаның блоктары қарастырылмаса, әлеуметтік-үйретушілік бағыттың өкілдері мұндай блоктарды бөліп көрсетуге тырысады. Мінез-құлықтық модельде жеке тұлғаның 3 негізгі концептуалдық блогын бөледі. Негізгі блок- өзіне тиімділік- бұл «қолынан келеді-келмейді» конструкциясынан тұрады. Бандура бұл құрылымды болашақ бекітуді алуға сенім , күту деп көрсетеді. Бұл блок белгілі мінез-құлықты тиімді орындауға әлеуметтік дағдыларды тиімді меңгеруге мүмкіндік жасайды. Егер адам қолынан келеді деген шешім қабылдаса, белгілі әрекеттерді орындауға кіріседі. Егер қолынан келмейді деген шешім қабылдаса, бұл әрекеттен және оны меңгеруден бас тартады. Мысалы: егер сіз қытай тілін үйрене алмаймын деп шешсеңіз, онда оны ешқандай күш сізге оны үйрете алмайды. Егер сіз қолынан келеді деп шешсеңіз ерте ме кеш пе үйренесіз. Бандураның пікірінше, адамның бойында ол істей алады және істей алмайды деген сенімділікті қалыптастыруды анықтайтын 4 негізгі шарт бар:

1) өткен тәжірибесі (білімі, дағдылары); мысалы: егер бұрын қолынан келсе, қазір де қолынан келеді.

2) өзіне-өзі нұсқау беру: мен мұны істей аламын.

3) көтеріңкі эмоционалдық көңіл-күй (алкоголь, музыка, махаббат).

4) ең бастысы, бақылау- модельдеу, басқа адамның қылығына еліктеу (шыни өмірді бақылау, кинофильмдерді қарау, кітап оқу, т.б). Мысалы: басқалар істей алса, менде істей аламын.

Роттер жеке тұлғаның ішкі негізгі 2 блогын бөліп көрсетеді:

1) субьективтілік маңыздылығы

2) қолжетерлілік (өткен тәжірибе негізінде бекітуді күтумен байланысты)

Бұл блоктар өзара бөлек қызмет атқармайды, ортақ бір блок құралады. Бұл блок мінез-құлықтық потенциал немесе когнитивтік мотивация блогы деп атайды.

Жеке тұлғаның тұтас қасиеттері 2 блоктың біріккен әрекетінен көрініс табады. Кейбір адамдар өзінің мінез-құлқымен оның нәтижесі арасындағы байланысты түсіне алмайды. Роттердің пікірінше сыртқы немесе экстерналды «бақылау локусы» болады. Экстерналдар бұл ситуацияны басқармайтын адамдар. Кейбір адамдар өзінің қылығымен оның нәтижесі арасындағы байланысты нақты көреді. Яғни, ішкі немесе интерналды «бақылау локусы» бар. Интерналдар бұл ситуацияны басқаратын, бақылайтын адамдар.

Неліктен кейбір адамдар басқаларға қарағанда агрессивті?деген сұраққа бұл теория былай жауап береді: өйткені бұл адамдарды тәрбиелеу процесінде агрессивті қылығы үшін мадақтап отырған, оның ортасы агрессивті адамдардан құралған және агрессивті қылық субьективті маңызды және қол жетерлік.

Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы
Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясын кейде үйретушілік деп атайды. Өйткені бұл теорияның негізгі тезисі: біздің тұлғамыз үйретудің жемісі болып табылады. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясының 2 бағыты бар:

1) рефлекторлық 2) әлеуметтік

Рефлекторлық – белгілі американ бихевиористері Уотсон мен Скиннердің еңбектерінен көрініс тапқан. Әлеуметтік бағыттың негізін салушы американ зерттеушілері Бандура мен Роттер. Екі бағыттың көзқарастары бойынша жеке тұлға дамуының негізгі көзі- орта жеке тұлғаның бойында ешқандай психологиялық және генетикалық берілу болмайды. Жеке тұлға үйретудің жемісі, ал оның қасиеттері мінез-құлықтық рефлекстерімен әлеуметтік дағдылар. Бихевиористердің көзқарастары бойынша тапсырысқа байланыты жеке тұлғаның кез келген типін қалыптастыруға болады. Мейлі қарақшы, ақын, саудагер, т.б болсын. Мысалы: Уотсон адамның бойындағы эмоционалдық реакцияны жасау мен иттің сөл бөлуінің рефлексі арасында ешқандай айырмашылық көрмеді. Барлық эмоционалдық қасиеттер ( үрей, қуаныш, ашу, ыза, т.б) классикалық рефлекстердің нәтижесі болып табылады. Скиннердің ойынша жеке тұлға әлеуметтік дағдарыстың жиынтығы , бұл дағдарыстар үйретудің нәтижесінде қалыптасады. Адам қандай да бір операцияны орындаған соң одан кейін оны бекіту болса, соны дағды ретінде қалыптастырады және жазалаудан қашады. Осылайша белгілі бекітулер мен жазалаулар жүйесінің нәтижесінде жеке тұлғаның қайырымдылық альтруизм, шынайылық, агрессивтілік сияқты қасиеттері пайда болады.

Екінші бағыттың өкілдерінің көзқарастары бойынша жеке тұлғаның дамуында сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да маңызды роль атқарады. Мысалы: күту, мақсат, маңыздылық, т.б. Бандура адамның мінез-құлқын іштей өзін-өзі реттеумен детерминацияланған деп көрсетеді. Өзін-өзі реттеудің негізгі міндеті- өзіндік тиімділікті қамтамасыз ету, яғни адам әрбір сәтте ішкі факторларға сүйене отырып, жүзеге асыра алатын мінез-құлық формаларын ғана орындауы тиіс. Ішкі факторлар өзінің ішкі заңдылықтар бойынша әрекет етеді, дегенмен ол өткен тәжірибе негізінде еліктеу арқылы үйретудің нәтижесінде пайда болады.

Роттер Бандураға қарағанда когнитивист болып саналады. Ол адамның мінезқұлқын түсіндіру үшін арнайы «мінез-құлық потенциал» ұғымын енгізеді. Ол қандай да бір деңгейде адам белгілі ситуацияда мінез-құлықты көрсету мүмкіндігін білдіреді. «Мінез-құлық потенциалы» 2 компоненттен құралады: осы мінез-құлықты бекітудің субьективтік маңыздылығы және оны бекітудің қол жетерлілігі (алда тұрған бекіту осы жағдаятта қаншалықты жүзеге асырылуы мүмкін).

Бихевиористер жеке тұлға әлеуметтену, тәрбие және үйретуге байланысты өмір бойы қалыптасады және дамиды деп есептейді. Дегенмен адамның ерте балалық , жастық кезеңдері маңызды деп саналады. Кез келген білімнің қабілетті сонымен қатар шығармашылық және руғани қасиеттерінің негізінде олардың пікірінше балалық кезең басты роль атқарады. Тұлғаның бойында рационалды және иррационалды процестер бірдей деңгейде оларды қарсы қою мәнсіз , барлығы мінез-құлық типі мен күрделілігіне байланысты. Адам кей жағдайда өзінің қылығын саналы сезіну мүмкін. Ал кейде сезінбеуі мүмкін.

Мінез-құлықтық теория бойынша адам ерік бостандығына ие емес, біздің міне-құлқымыз сыртқы жағдайларға детерминацияланған. Біз кейде өзімізді марианеткалар сияқты ұстаймыз және өзіміздің мінез-құлқымызды неге апаратындығын түсіне бермейміз, өйткені үйреніп алған әлеуметтік дағдылар және рефлекстер ұзақ уақыт қолданылғандықтан автоматты түрде жүзеге асады. Адамның ішкі әлемі обьективті, ондағы нәрселер ортадан келген. Біздің мінез-құлқымыз- тұлғаны мінез-құлықтық белгілер обьективті өлшенеді.

Бихевиористік теорияда тұлғаның элементтері ретінде рефлекстері мен әлеуметтік дағдылар айтылады. Әлеуметтік дағдылардың тізімі (қасиеттер, мінез ерекшеліктері,т.б) әлеуметтік тәжірибе, яғни үйретумен анықталады. Жеке тұлғаның қасиеттері немесе әлеуметтік орта талаптары сәйкес егер сіз қайырымды бір қалыпты болып, отбасында тәрбиеленсеңіз және осы қасеттеріміз үшін сізді мадақтаса, онда осы қасиеттер сіздің бойыңызда нық қалыптасады. Егер сіз қайғылы, көңілшек болсаңыз бұл да сіздің кінәңіз емес, сіз қоғаммен тәрбиенің жемісісіз.

Бихевиористтердің пікірі бойынша бекіту мәселесі тікелей тамаққа байланысты емес. Бұл бағыттың өкілдері бекітудің өзіндік иерархиясы бар деп есептейді. Бала үшін тамақтан кейін күшті бекіту ретінде белсенді бекіту болып теледидар көру, видео, т.б. Содан кейін манипулятивті (ойнау, сурет салу) содан соң поссесиял (поссес- меңгеру, бекіту), яғни папасының не мамасының алдында отыру,мамасының юбкасын кию және әлеуметтік бекіту (мадақтау, көтермелеу, иіскеу).

Мінез-құлықтық теорияның рефлекторлық бағытының шеңберінде жеке тұлғаның блоктары қарастырылмаса, әлеуметтік-үйретушілік бағыттың өкілдері мұндай блоктарды бөліп көрсетуге тырысады. Мінез-құлықтық модельде жеке тұлғаның 3 негізгі концептуалдық блогын бөледі. Негізгі блок- өзіне тиімділік- бұл «қолынан келеді-келмейді» конструкциясынан тұрады. Бандура бұл құрылымды болашақ бекітуді алуға сенім , күту деп көрсетеді. Бұл блок белгілі мінез-құлықты тиімді орындауға әлеуметтік дағдыларды тиімді меңгеруге мүмкіндік жасайды. Егер адам қолынан келеді деген шешім қабылдаса, белгілі әрекеттерді орындауға кіріседі. Егер қолынан келмейді деген шешім қабылдаса, бұл әрекеттен және оны меңгеруден бас тартады. Мысалы: егер сіз қытай тілін үйрене алмаймын деп шешсеңіз, онда оны ешқандай күш сізге оны үйрете алмайды. Егер сіз қолынан келеді деп шешсеңіз ерте ме кеш пе үйренесіз. Бандураның пікірінше, адамның бойында ол істей алады және істей алмайды деген сенімділікті қалыптастыруды анықтайтын 4 негізгі шарт бар:

1) өткен тәжірибесі (білімі, дағдылары); мысалы: егер бұрын қолынан келсе, қазір де қолынан келеді.

2) өзіне-өзі нұсқау беру: мен мұны істей аламын.

3) көтеріңкі эмоционалдық көңіл-күй (алкоголь, музыка, махаббат).

4) ең бастысы, бақылау- модельдеу, басқа адамның қылығына еліктеу (шыни өмірді бақылау, кинофильмдерді қарау, кітап оқу, т.б). Мысалы: басқалар істей алса, менде істей аламын.

Роттер жеке тұлғаның ішкі негізгі 2 блогын бөліп көрсетеді:

1) субьективтілік маңыздылығы

2) қолжетерлілік (өткен тәжірибе негізінде бекітуді күтумен байланысты)

Бұл блоктар өзара бөлек қызмет атқармайды, ортақ бір блок құралады. Бұл блок мінез-құлықтық потенциал немесе когнитивтік мотивация блогы деп атайды.

Жеке тұлғаның тұтас қасиеттері 2 блоктың біріккен әрекетінен көрініс табады. Кейбір адамдар өзінің мінез-құлқымен оның нәтижесі арасындағы байланысты түсіне алмайды. Роттердің пікірінше сыртқы немесе экстерналды «бақылау локусы» болады. Экстерналдар бұл ситуацияны басқармайтын адамдар. Кейбір адамдар өзінің қылығымен оның нәтижесі арасындағы байланысты нақты көреді. Яғни, ішкі немесе интерналды «бақылау локусы» бар. Интерналдар бұл ситуацияны басқаратын, бақылайтын адамдар.

Неліктен кейбір адамдар басқаларға қарағанда агрессивті?деген сұраққа бұл теория былай жауап береді: өйткені бұл адамдарды тәрбиелеу процесінде агрессивті қылығы үшін мадақтап отырған, оның ортасы агрессивті адамдардан құралған және агрессивті қылық субьективті маңызды және қол жетерлік.



Әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет