Үшінші турымызда үш топтың капитандарына осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жарысады.
Бірінші тур: ( 30 минут; 1 сұраққа 1,5 минут беріледі)
Сұрақ:
Отандық психологияның дамуына не себеп болды?
Жауап: Жоғары жүйке жүйесінің физиологиясына байланысты эксперименттік зерттеу әдістері енгізілді және неміс ғалымы В. Вундтың лаборатоиясынан психолог – экспериментаторлар алғаш стажировкадан өткен.
Сұрақ: Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында қай ғалымдар зор үлестерін қосты?
Жауап: Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында екі ұлы кемеңгерлердің маңызы зор: - олар И. М. Сеченов (1829 – 1905 ) және И. П. Павлов (1849 – 1936 ).
Сұрақ: В. М. Бехтеревтің ( 1885 ) лабораториясы қай қалада ашылды?
Жауап: Петербург қаласындағы Психоневрологиялық институтта.
Сұрақ: Орыстың белгілі психиатры С. С. Корсаков қай жылы және қай қалада психологиялық лаборатория ашты?
Жауап: 1895 жылы Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішінен ашады.
Сұрақ: Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішіндегі психологиялық лабораторияны кім басқарды?
Жауап: А. А. Токарский басшылық етті.
Сұрақ: Алғашқы отандық жұмыстарда психологиялық диагностика қай ғасырда пайда болды?
Жауап: 20 ғасырдың он жылдығында
Сұрақ: Отандық жұмыстарда алғашқы тестті қай невропатолог жасады және қай жылы?
Жауап: Г. И. Россолимо, 1909 жылы
Сұрақ: Г. И. Россолимо жұмыстарының басты мақсаты?
Жауап: Психикалық процестердің қалыпты және патологиялық жағдайдағы зерттеулердің көптеген әдістерін табу.
Сұрақ: Г. И. Россолимо психикалық процестерге жасаған әдісі негізінен неше топты құрайды?
Жауап: Үш топты құрайды: зейін, ерік, қадылдау
Сұрақ: Г. И. Россолимоның методикасының жағымды жақтарын көрсеткен психолог?
Жауап: П. П. Блонский.
Сұрақ: А. Ф. Лазурский осы уақытта қандай ғылыми еңбек атқарады?
Жауап: Дифференциялдық психологияның ғылыми сипаттамасын ашады.
Сұрақ: Қызығушылықты тудыратын жаңа формадағы тесттердің бірі « Ақыл – ой шкаласын өлшеу » тестін кім және қай жылы енгізді?
Жауап: А. П. Болтунова 1928 жылы.
Сұрақ: А. П. Болтунова қай психологтардың еңбектерін өзінің жұмысының негізі етіп алады?
Жауап: Бине – Симон және П. П. Соколов
Сұрақ: Бине – Симон шкаласынан А. П. Болтунова шкаласының айырмашылығы қандай?
Жауап: Спецификалық: көптеген тапсырмаларына өзгертулер мен жаңартулар енгізілген, жаңа нұсқаулар мен оны орындау формалары, тестік тапсырмалардың орындалу уақыты көрсетілген.
Принциптік: топтық тапсырмаларды орындауына мүмкіндіктің болуы.
Сұрақ: Психологиялық диагностикадан алғаш конференциялар қай жылы және қай қалада өтті?
Жауап: 1970 жылы, Таллин қаласында өткізілді.
Сұрақ: Ақыл – ой әрекеттерінің дамуы әдістерін кімдер ұсынды?
Жауап: П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина
Сұрақ: 1982 жылы К. М. Гуревич пен В. И. Лубовскийдің редакциясымен А. Анастазидің қандай еңбегі аударылып шықты?
Жауап: « Психологиялық тестілеу »
Сұрақ: Осы уақытта клиникалық психологиялық диагностикада психометрика бойынша қай психологтар жұмыс істеді?
Жауап: В. С. Аванесов, В. М. Блейхер, В. К. Гайда, Ю. З. Гильбух, А. Г. Шмелев, Л. Т. Ямпольский.
Сұрақ: Ұжымдағы әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас жайында кім еңбек еткен?
Жауап: А. В. Петровский және оның шәкірттері
Сұрақ: Батыс тесттерін бірінші енгізгендер?
Жауап: Ф. Б. Березин, Л. Н. Собчик, И. Н. Гильяшева