КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді.
КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді.
ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады.
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ-жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші,жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі).
ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау.
ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал.
ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ (методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні- екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылад
МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы
МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады.
МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. ХХ ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады. Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, «дұрыс», « дұрыс емес» және «айта алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәнді жауаптар арнаулы «кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандық өңдеуден өткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа «жалған» шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы), нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы(мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалық бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап-белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің қысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, қайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зерттеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне қол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықталып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштық және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды.
МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі.
ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау.
ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді.
ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.
ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді.
ПСИХОПАТИЯЛАР (грек.psyche-жан, pathos- зардап шегу, ауыру)- мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды.
ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады.
ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді
ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады.
ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.
ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді
ЭКСПЕРИМЕНТ (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.
2 Дәрістер
Дәріс сабақтарының мазмұны.
Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:
1-тақырып. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен тарихы.
Мақсаты: Педагогика пәні мен қызыметінің мақсатын түсіндіру, тарихы мен ғылым жөнінде мағлұмат беру.
Жоспар:
Педагогика- тәрбие жөніндегі ғылым.
Педагогиканың пайда болуы мен дамуы.
Педагогика нысаны, пәні және қызметі.
Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Педагогика ғылымының дамуының хронологиялық таблицасын жасаңыз.
Педагогика ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз.
Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның даласында дамығанын айтыңыз.
Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?
Бөлім- 3. Дәріс сабақтарының мазмұны.
Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:
Әр бір тақырыпты қарастыру барысында толық құнды, жүйелі білім беру.
Тақырыптың фундаментальды негізін, қазіргі кездің мәселелерін түсінуге көмектесу, зерттелінетін тақырыптардың теориялық және қолданбалы тұжырымдамалары бойынша өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.
Әр жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, әр түрлі авторлардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін және ғылыми мектептердің жақсы жақтарымен кемшіліктерін бағалай алуға үйрету.
Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету. Ғылыми-материалистік дүниетанымын қалыптастыру.
Психодиагностикаға кіріспе.
Психодиагностика пәні, міндеттері, мазмұны. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психологияның басқада салаларымен байланысы. Психологтың жұмысындағы психодиагностиканың атқаратын ролін анықтау. Практикалық психология аумағында дифференциалды психодиагностикалық білімдерді қолдану. Психодиагностикадағы зерттеу әдістері, оның теориялық эксперименттік психологиямен байланысы. Психодиагностикалық әдістердің негізгі топтары. Проективті техникалар: тестілік, суреттік. Бақылау әдісі, оның түрлері. Контент- талдау құжаттары (іс-әрекет нәтижесін талдау). Диалогтық техникалар: әңгімелесу, интерактивті ойындар.
Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі.
Психодиагностика пәні мен міндеттерін анықтау. Психодиагностиканы шешу тәсілдері. Психодиагностиканы қолдануды талап ететін арнайы практиканың аумағы. Психодиагностика және аралас зерттеу бағыттары: дифференциалды психология, психометрия, психологиялық бағалау. Психикалық қызметтер. Ақыл-ой деңгейін диагностикалау мәселесі және жалпы қабілеттер. Диагностика функционалдық және даралық стильдік, тұлғаның құндылық мотивациялық мінезі.
Психодиагностикалық зерттеуді жүзеге асырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетеміз:
Берілулерді жинақтау.
Берілулерді өңдеу және талдау.
Шешім шығару- психологиялық диагноз қою және психологиялық болжам жасау.
Қазіргі кезде психодиагностика саласында психодиагностикалық зерттеуді жүзеге асырудың бірнеше схемалары қолданылады:
И.Шванцаре бойынша психодиагностикалық үрдістің кезеңдері:
1. Зерттелінуші жайында алынған мәліметтер негізінде мәселені тұжырымдау (талдау, арнайы медициналық қорытындылар, оқу орнындағы оқу үлгерімі туралы мәліметтер).
2. Болжамды тұжырымдау және диагностикалық әдістерді іріктеу.
3. Зерттеуді жүргізу: алынған берілулерді талдау.
4. Қорытынды тұжырымдау (мысалы, психикалық даму деңгейі туралы).
5. Бірінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап қайтару.
6. Психологиялық қорытынды негізінде жүргізілуі мүмкін іс-шараларды белгілеу.
Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы.
Мәселені анықтау.
Талдау жасалынатын берілулерді жинау.
Эксперименталды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тест.
Диагностикалық тұжырым жасау.
Қорытынды шығару.
Кеңес беру.
Психологтың психодиагностикалық жұмысы анықталады:
жұмыс құралдарының сенімділігімен (психодиагностикалық зерттеу әдістерін меңгеруі, зерттеу бағдарламасын жасай алуы, әдістемелерді іріктей алуы және т.б.);
кәсіби бағдарымен (психологиялық теорияларды білуі);
кәсібіне деген жеке қатынасы (зерттелінушілер, клиентпен қатынас орната алу)
Психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері психологиялық қорытынды ретінде тұжырымдалады. Психологиялық қорытынды келесі талаптарға сай болу керек:
Психологиялық қорытынды сұраныстың мақсатына және сұраныс жасаушының мұндай мәліметті қабылдауға даярлық деңгейіне сәйкес болу керек.
Қорытындының мазмұны диагностиканың мақсатынан шығу керек.
Қорытындының мазмұнында алынған берілулерге негізделген нұсқаулар болуы қажет.
Қорытындыда психодиагностикалық үрдістің сипаттамасы, яғни қолданылған зерттеу әдістер, алынған берілулер, олардың талдану.
Қорытындыда зерттеуді жүргізу барысындағы мүмкін болатын өзгермелі жағдайларды көрету керек, олар;
респонденттің жағдайы
зерттелінушінің психологпен қатынас орнатуы
тестік тексеруді жүргізудің жағдайлары және т.б.
Берілген мәліметті бағаламай, адекватты түрде ұсынып, клиенттің оны қалай түсіне алғанына назар аудару керек.
Практикалық психодиагностика психологиялық іс-әрекеттің ең күрделі және жауапты саласы. Ол арнайы білімділікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Сол себептен психодиагностикада психодиагностқа әлеуметтік-этикалық талаптар қойылады. Олар: психодиагностиканың құпиясын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің негізділігі, тексерілушіге зиян келтірмеу, зерттеу нәтижесінің олар үшін ашықтығы, қорытындылардың обьективтілігі және берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Осы талаптарды біз психодиагностың принциптері ретінде қарстырамыз.
Құпияны сақтау принципі- психодиагностикада оның нәтижелерін сол адамның келісімінсіз жариялауға болмайтындығын көрсетеді. Бұл принцип біріншіден кәмелеттік жасқа толғандарға қатысты. Егер сөз кәмелеттік жасқа толмағандар жайлы болса, онда психодиагностиканың нәтижесін жариялау ата-ананың немесе олардың орнын басушы, бала үшін адамгершілік және заңды жауаптылардың келісімі бойынша жасалады. Психодиагностика ғылыми мақсатта жүргізілетін жағдайда ғана принципті ескермеуге болады. Бұл жағдайда зерттелінушінің аты-жөні жазылмайды.
Ғылыми-негіздеме принципі. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамды және сенімді болуын қажет етеді, яғни нәтижелері сенімді болу керек.
Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностиканың нәтижелерін сол адамға зиянды пайдалануға болмайды. Егер психодиагностика конкурсты іріктеу немесе адамды жұмысқа алу үшін өткізілсе, онда бұл принцип психодиагностика нәтижелерінің ашықтығы принципімен бірге қолданылады.
Қорытындылардың обьективтілік принципі. Тестік тексеру нәтижелері – ғылыми негізделген болуы керек.
Берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Ұсынылып отырған ұсыныстар адамдарға пайдалы болу керек. Адам өміріне қауіп келтіретін ұсыныстар өткізілмеу керек.
Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары.
Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:
Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.
Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.
Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.
психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.
Психодиагностиканың пайда болуының тарихы.
Психодиагностиканың алғы шарттарының тарихы. Психодиагностиканың алғы шарттары ғылым ретінде. Экспериментальды психологияның шеңберінде психодиагностиканың қалыптасуы. Психологиялық тесттік әдістердің пайда болуы. XX ғасырдың басында психологиялық тестердің қолданылуы. XX ғасырдың басында АҚШ- та тестік әдістердің дамуы. Францияда психодиагностикалық әдістерді қолдануы.
Психологиялық диагностика психологиядан бөлініп, тәжірибенің талаптары әсерінен жекелей 19 ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптаса бастады, яғни ол бастауын психологиялық білімдегі клиникалық деп аталатын кезеңнің дамуынан бастады. Бұл кезең дірігерлердің адам туралы психологиялық білімді басты ролде иемденуімен сипатталады. Дәрігерлерді сол жылдары әлемнің дамыған елдерінде барынша таралған ішкі күйзеліс аурулары және невроз сияқты аурулардың шығу себептері мазалады. Осы уақытта психологиялық диагностиканың бақылау, сұрақ – жауап, құжаттарға анализ жасау сияқты әдістері шыға бастады. Бұл әдістер сол уақыттарда өзінің сапалық сипаттамасымен ерекшеленеді.
Психологиялық диагностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап өңделе бастады. Оған арқау болған В. Вундтың әлемдегі ең алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ашуы.
Психологиялық процестерге, адамның қасиеті және көңіл – күйіне байланысты психологиялық диагностикадағы жаңа әдістердің шыға бастау кезеңі 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басына жатады.
Одан кейінгі уақыттарда сандық психологиялық диагностикадағы психологиялық құбылыстар үшін арнайы тәсілдер шыға бастады, мысалы, факторлық анализ. Ол алғаш пихологиялық диагностикадағы жеке пішін және интеллектуалдық даму деңгейі үшін қолданылады.
Бірінші арнайы психометриялық орынды Англияда ағылшын психологы Гальтон ашты. Ол 1884 жылы антропометриялық лабораторияның негізін салды, ондағы мақсат адамның қабілеттері туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттерін өлшеуге мүмкіндік ала алды және бұл психометрикалық эксперименттен шамамен 10000 адам өтті.
Гальтон психологияда статистиканы қолданудың негізін салды. Атап айтқанда, Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды.Ол өзімен бірлестікте жұмыс істеуге ғалым – математиктерді шақыра бастады. Мысалы: Пирсон, Фишер және т.б. Фишер дисперсионный анализді ойлап тапты, ал ағылшын ғалымы Спирмен факторлық анализді шығарды.
Спирмен өзінің классикалық «Объективті түрде анықталған және өлшенген, жалпы интеллект» атты 1904 жылы шыққан еңбегінің арқасында психология тарихына кірілді.
Француз ғалымы А. Бине алғаш статистикалыққа негізделген интеллекттік тесттерді өңдеп және 1905 – 1907 жылдары басып шығарды. Кейінірек басқа француз ғалымы Т. Симонмен бірге осы тестті әбден өңдеп қайтадан шығарды және психологиялық диагностика тарихында бұл тест: «Бине – Симон тесті» деп аталды.
Осы ғасырдың екінші жартысында 20 – шы жылдары адамдағы әртүрлі процестер мен қасиеттерге психологиялық диагностика жүргізі алуға болатын жаңадан психологиялық, интеллектуалдық және тұлғалық тесттер шыға бастады. Тарихы жағынан артына боп кірген әдіс – тәсілдерге - әлеуметтік психологиялық зерттеулермен байланысты әдістер жатады. Бұлар: американ психологы Дж Морено шығарған социометриялық тест, К. Левиннің (неміс психологы, фашизм жыодары АҚШ – та жер аударылған) ізбасарлары – американың әлеуметтік психологтары бірігіп өңдеген көптеген өлшеу әдістері.
Психологиялық диагностиканың дамуының алғашқы бастамасы – эксперименталды психология. Себебі, психологиялық диагностика әдістерінің негізінде эксперименттік әдіс жатыр.
Эксперименттің жалпы психологиядағы жетістіктері (Гальтонның «сөздік ассоциативтік» әдісті ашуы, Эббингауздың алғаш есті зерттеуі, Дж Кеттелдің зейіннің көлемін өлшеуді (тахистаскоп арқылы) және оқу дағдысын зерттеуі – «антиципации» феноменін шығаруы) оны педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды.
Екінші қайнар – көз – дифференциалды психология. Онда жекелей – психологиялық ерекшеліктер көрсетілген. Дифференциалды психологиясыз психологиялық диагномтиканың дамуы мүмкін емес. Яғни, дифференциалды психологияда – адамның жекелей психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |