Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені өлгий 2022 Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнының тізімдемесі



бет17/17
Дата03.12.2023
өлшемі57,62 Kb.
#194866
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
МЕКТЕП-ЖАСЫНА-ДЕЙІНГІ-БАЛАЛАРДЫҢ-ТІЛІН-ДАМЫТУ-ӘДІСТЕМЕСІ.docx-123

Нормативті әдебиеттер
Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы. А., 1999.
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы. А., 1989.
«Балбөбек» бағдарламасы. А., 2006.
«Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары. –А,2009.
Интернет көздері
www.edu.gov.kz/.../
www.predschool.kz/.../
irbis.pushkinlibrary.kz/.../cgiirbis
www.oouk.vko.gov.kz/kz/files/conference
3.2. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
1. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті.
2. Тіл дамыту әдістемесінің зерттеу әдістері.
3. Тіл дамыту әдістемесінің ғылым болып қалыптасуы, дамуы.
4. Б. Баймұратованың тіл дамыту әдістемесіне қосқан үлесі.
5. К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М.Бородич және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.
6. Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы.
7. Тіл дамыту әдістемесінің негізгі міндеттері.
8. Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері.
9. Сабақтарда сөздік, көрнекілік әдістерін қолдану.
10. Балабақшадағы тәрбиелеу, білім беру бағдарламасы. 
11. Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік.
12. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздері.
13. Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны.
14. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
15. Тіл мен ойдың адам өміріндегі маңызы. Ойлау әрекетінің ерекшелігі.
16. Балабақшадағы әр жас тобындағы балалармен әңгімелесудің мақсаты.
17. Монологты сөзге үйрету әдістері. Ойыншыққа, затқа, картинаға қарап әңгіме құрастыру және олардың маңызы.
18. Көркем шығарманың мазмұнын қайталап айтуға үйретудегі тәрбиешінің басшылығы.
19. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде лексикалық жаттығу, логикалық сөздік тапсырмалар орындату және дидактикалық ойындардың ролі.
20. Балабақшада балалардың жас мөлшеріне қарай сөздік қорын молайту жұмысының мазмұны.
21.Бала тіліндегі актив және пассив сөздер.
22. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері
23. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың тәсілдері
24. Сөздік қорды дамыту сабақтарының ерекшеліктері
25. Жалпылама сөздерді меңгерту.
26. Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі сауат ашу жұмыстарының арасындағы сабақтастық.
27. Күнделікті өмірде және сабақта балалардың сөздік қорын активтендіру жұмыстары.
28. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда картинамен жұмыстың алатын ролі.
29. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда бақылау мен топсаяхаттың ролі.
30. Әр жас топтарына байланысты жалпылама сөздерді меңгертудің ерекшеліктері.
31.Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері.
32. Бір топтағы балалардың грамматикалық құрылысының бір деңгейде болмау себептері
33. Грамматикалық жаттығулардың түрлері, олардың ерекшеліктері
34. Дыбыстау мәдениеті деген не?
35. Дауысты және дауыссыз дыбыстар
36. Тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру мазмұны
37. Тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру міндеттері.
38. Дыбыстарды дұрыс айтудың кезеңдері
39. Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде жаңылтпаш айтқызудың мәні.
40. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру жолдары
41. Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
42. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру
43. Балаларға шығармашылық тапсырма орындату
44. М.ж.д. балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізілуі
45. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің алатын орны
46. Көркем әдебиетпен таныстырудың әдіс-тәсілдері.
47. Балалардың жас ерекшелігіне қарай көркем шығарманы оқытудың ерекшелігі.
48. Сабақтан тыс кезде көркем әдебиетпен таныстыру жолдары
49. Мектепке дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
50. Сауат ашудың мақсаты, міндеттері.
51. Сауат ашудың кезеңдері.
52. Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
53. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлау мен есепке алудың мәні.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет