ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «экономиканы мемлекеттік реттеу»



бет14/15
Дата27.08.2017
өлшемі2,51 Mb.
#29812
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1. ОБСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау:
«ЭМР» пәнін оқу кезінде әрбір студент ОБСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі –эссе болып табылады.

Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін магистранттан оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, қаржылық нарық пен қаржылық жүйенің өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі.

Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс.

Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе ( нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі

Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және қаржылық талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі.

Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қазал жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек..

Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады.Бұл тізімде оқулықар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады. Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер , таблицалар)
4.2. СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар:
«ЭМР» пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында студент, өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік

Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Қызыл жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады.

Сырттай оқу бөлімі студенттері тестілер, жаттығулар, проблемалық есептер және басқа білімін өздігімен тексеру үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша тренингтер бар оқу-әдістемелік құралдарға қызығушылық білдіруі керек. Егер мүмкіндік болса, тестілер, есептерді шығару жолымен пәнді білуіне қатысты өзіндік жарыстар ұйымдастыруға болады. Осы сияқты ойындарды өткізу тәсілі бойынша негізгі жағдайлар мен түсініктерді жақсы есіне сақтауға қызмет етеді. Ол үшін келесі оқу құралдарын ұсынамыз: Мамыров Н.Қ. Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условия Казахстана (теория, опыт, проблемы): Оқу құралы.-А.: Экономика, 1998. «Практикум по микро и макроэкономике» (ред. жетекшісі Огибин О.Ю),

Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарын бағалауда біріншіден, студенттің өз бетінше талдау және қорытынды шығаруға ұмтылуы, екіншіден, жұмыс тақырыыбын, графикті, кестелерді орындаудағы тиянақтылығы қаралады. Сондай-ақ, статистикалық көрсеткіштерді пайдалану керек.






Тақырыптар

ОБСӨЖ

СӨЖ

Реферат, эссе

1

Тақырып 1. ЭМР түсінігі, міндеттері, мақсаттары мен қажеттіліктері


1.ЭМР қажеттілігі неден көрінеді.

2.ЭМР объектісі мен мақсаттары қандай

3.ЭМР қандай құралдарын білесіз

4.Экономиканы нарықтық және мемлекетік реттеуді үйлестіру қалай жүргізіледі.

5.Ұлттық ЭМР мемлекеттік органдарының міндеттері.


1.Экономикаға мемлекеттің әсерінің өзгеру тенденциясы қандай

2.Экономикадағы мемлекеттің рольіне жаңа ехнологиялардың әері қандай



Мемлекеттің экономикалық рольі туралы ғылымның негізгі бағыттары және олардың сипаттамасы

2

Тақырып 2. ЭМР-ге көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы.


1. Экономикалық саясатты дайындау және жүзеге асыру кезінде классиктер, кейнсиандықтар, неоклассиктерден не алуға болады.

2. ЭМР классикалық және кейнсиандық үлгілерінің айырмашылығы қандай.

3.ЭМР институтциональді-әлеуметтік үлгісінің ерекшелігі неде.

4.Монетаристік теорияны қолдайтын үкіметтің реттеуінің басты объектісі қандай



Экономикадағы мемлекеттің рольін анықтайтын тенденцияларды зертеп,талдау қандай мақсатта жүргізіледі.

1. Экономиканы циклге қарсы (конъюнктуралық) реттеу

2.Қазіргі заманғы экономикалық мектептердің мемлекеттің экономикалық қызметі туралы көзқарасы



3

Тақырып 3. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қызметтері


1. Мемлекет қандай себептерге байланысты табыстар мен байлықы қайта бөлуге қатысады.

2.Неліктен экономикалық өсу макроэкономикалық саясаттың бірі болып саналады.

3.Елдің азаматтары ЭМР тиімділігін қалай бағалайды.


1.Экономикаға мемлекеттің әсерінің құралы ретінде моральдық сенімділіктің тиімділігі қандай шаралармен анықталады.

2.Нарықтық процесссерге мемлекетің араласуының шегі қандай.



ЭМР әдістерінің қайсысын Қазақстан экономикасына қолданған оңтайлы.

4

Тақырып 4. ЭМР-дің әдістері


1.Заң шығару неліктен макроэкономиканың даму факторы болып саналады.

2. Экономиканың қай саласында әкімшілік әдістер барынша тиімді.

3.Неліктен реттеудің жанама әдістері нарықтық экономикамен тығыз байланысты.


1.Неліктен 20 ғ. аяғында көптеген елдердің үкіметтері ЭМР экономикалық ілімдердің әртүрлі бағыттарын біріктіріп пайдаланды.

2.ЭМР әдістерінің ауысып отыруы қандай жағдайға байланысты.






5

Тақырып 5. Экономиканы ақша-несиелік реттеу


1.Артық резервтер банктердің ақша жасау қабілеттілігіне қалай әсер етеді.

2.Ұлттық банктің нарықтық экономикалық жүйедегі рольі неден көрінеді.

3.ҰБ реттеуші рольінің даму факторлары қандай.

4.Есептік ставканың сапасының артықшылығы мен кемшілігі қандай.

5.Неліктен коммерциялық банктер экономикалық кризис жағдайында қысқамерзімді несие береді.


1.Мемлекет пен ҰБ әрекеттерінің жанама және тура әсеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

2. Неліктен коммерциялық банктер пассивтік операцияларды кеңейтіп, әртүрлі банктік салымдарды ұлғайтуға тырысады.



ҰБ пен коммерциялық банктердің өзара қатынасы.

6

Тақырып 6 Мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясаты


1Қандай салықтар бюджет табыстарының мөлшеріне максимальді әсер етеді.

2.Мемлекеттік бюджетті дайындап, атқарумен қандай ұйымдар айналысады.

3.Бюджет тапшылығының қай түрі үкіметтің фискалді саясатына тікелей байланысты.

4.Қандай аймақтық және жергілікті салықтарды білесіз.



1.Мемлекеттік қарызды басқарудың мәні

2.ҚР-ның экономикасына қандай бюджет концепциясын пайдаланған тиімді.

3. Неліктен салықтық табыстар бюджет қаржыларын жинаудың басымды бағыты болып саналады.


1.Қазіргі заманғы ҚР-ның салық жүйесі

2.Мемлекеттік бюджеттің экономиканың тұрақты өсуіне ықпалы.



7

Тақырып 7. Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру


1. Монополияға қарсы саясаттың дамуының заңдылықтары.

2.Неліктен көптеген елдердің үкіметі бәсекелестікті қорғайды

3.Кәсіпкерлер арасындағы бағалық келісімдерді неліктен шектейді.


1.Трансұлттық мұнай корпорацияларының қызметін БҰҰ бақылай ма?

2.Қандай әдістер мен тетіктер көмегімен мемлекет өзінің монополияға қарсы саясатын жүргізеді.



1.ҚР-ғы табиғи монополиялар және оның қызметін реттеу.

8

Тақырып 8. Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу


1.







9

Тақырып 9. Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу


1.Кедейшілік деңгейі қалай анықталады.

2.Әлеуметік теңдік пен экономикалық тиімділікті қалай үйлестіруге болады.

3.Әлеуметтік саясаты жүзеге асырумен қандай орган айналысады.


1.Үкімет бағдарламаларындағы әлеуметтік саясаттың мақсаттары.

ҚР-ғы табыстардың бөлінуіндегі мемлекетітң рольі

10

Тақырып 10. Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу


1.Мемлекеттің құрылымдық – инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері

1.Шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындарға мемлекеттік қолдаудың стратегиясы ( нақты мысалмен)

Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру

11

Тақырып 11. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу





1.Эколого-экономикалық талдау

Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу

12

Тақырып 12. Аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу


1.Аймақтық дамуды стратегиялық жоспарлаудың әдістемесі

1.Мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыру

Аймақтар бойынша саластырмалы талдау

13

Тақырып 13. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу


1.Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы

Сыртқы экономикалық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу

Мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын қалыптастыру мен оның жүзеге асырудың әкімшілік-экономикалық механизмдері.

14

Тақырып 14. АӨК тұрақты ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеу


1. Агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын мемлекеттік реттеу

Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының аграрлы секторын жедел дамытуға мемлекеттің ғылыми-ұйымдастырушылық және экономикалық механизмдерінің әсері.

15

Тақырып 15. Мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасының дамуының жаңа тенденциялар





1.Экономикалық талдау




Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнін базалық ғылым ретінде ынтамен оқуға тырысыңыз, ол көптеген арнайы экономикалық пәндерді жақсы игеруге септігін тигізеді.

Кредиттік жүйемен оқитын студенттерге қойылатын талаптар:



  • сабақтан кешікпеу;

  • сабақ үстінде сөйлемеу және ұялы телефонды өшіріп қою;

  • сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда тиісті анықтама қағазын әкелу;

  • жіберілген сабақтарды оқытушының бос уақытында өтеу;

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • берілген тапсырмаларды уақытында орындау;

  • оқытушы және курстастармен жақсы қарым-қатынаста болу қажет.

4.3.Суденттердің өздік жұмыстарының тапсырмалары
4.4.Экономиканы мемлкеттік реттеу пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар
Тақырып – бақылау жұмыстының жай ғана атауы емес. Тақырып – нақты ғылыми міндетті шешуден туған құбылыс. Сондықтан алдымен, шешпек болып отырған мәселені анықтап алу керек. Мәселедегеніміз белгілі бір ғылым саласындағы неғайбыл жағдай, яғни мәселенің ықтимал және нақты күйі арасындағы айырмашылық. Курстық жұмыс үшін мәселе осы неғайбылдықты барынша айқын дәлелдейтін объективтік әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштермен сипатталған болуы керек. Зерттеудің объектісі мен пәнін анықтаңыз. Объект – қандай бір мәселенің әлеуметтік-экономикалық жүйесі. Пән – дегеніміз объектінің тиісті саласы.

Бақылау жұмысы студенттің кафедраның белгілі бір пәні бойынша өзі таңдап алған тақырыпты тереңдетіп оқу мүмкіндігін тексеруге бағытталған. Ол қажетті кесте, сызба, диаграммалар, әдебиеттер тізімін қосқанда он екі беттік дәптер көлемінде орындауы қажет. Тақырыбы кафедра бекіткен бақылау жұмыстарының тақырыптарына сәйкес келуі керек. Жұмыс жоспары қажет. Жұмыс мазмұны мен қолданылған әдебиеттер тізімі жасалған жоспарға сәйкес болуы қажет.

Студент бақылау жұмысын орындау сұрақтары бойынша берілген пәнді жүргізетін оқытушыдан кеңес алуға құқығы бар, бірақ жоспарын, мазмұнын және барлық сұрақтарға жауап беруді талап ете алмайды. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша 60 тақырыптан бір тақырыпты таңдап алу ұсынылған. Барлық тақырыптар берілген пәннің типтік және жұмыс бағдарламасының құрылымын көрсетеді.

Әдебиеттер ретінде оқулықтар, экономиканы мемлекеттік реттеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар ғана емес, сондай-ақ мезгілді әдебиеттерден журнал мақалалары да пайдаланылады. Мысалы: «Қаржы-қаражат», «Саясат», «Аль Пари», «Транзитная экономика», «Ақиқат» және т.б.

Әдебиет таңдағанда студентке «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Әлемдік экономика» пәндерінің жұмыс бағдарламаларындағы әдебиеттер тізімі көмектеседі. Сондай ақ, кафедрада оқу процессін кітаппен қамтамасыз ету журналы бар.

Әдебиетпен жұмыс істеп отырып мыналарға назар аударыңыз:



  • сіздің зерттеу салаңыздың жалпы сипаттамасына, маңыздылығына және міндеттердің көкейкестілігіне;

  • бұл саладағы негізгі зерттеу бағыттарының жіктелуіне, тәжірибеде қолданылатын нәтижелерге, мәселені шешудегі түрлі көзқарастарға;

  • зерттеудің әр бөлімі бойынша қажетті ғылыми нәтижелерге;

Бақылау жұмысын бағалағанда студенттің өз бетінше экономикалық талдау мен қортындылар жасауға экономикалық концепцияларды нақты мысалдармен негіздеуге, сонымен қатар жұмыс мәтінің, сызба, кесте және т.б.ұқыпты орындауға тырысуы есепке алынады.

Басты назарды тақырыптың теориялық негіздеріне аудару керек; бұл уақытта теориялық ережелерді мүмкіндігінше кесте, сызба, графикпен белінелеу қажет. Мысалы, графиктер мынадай теориялық бағыттарға қажет: экономиканы мемлекеттік реттеуге көзқарастардың дамуы , еңбек нарығы (еңбекке сұраным мен оның ұсынымының қисығы), ақша нарығы, салық және салық саясаты (Лаффер қисығы), мемлекеттік әлеуметтік реттеу (Лоренц қисығы), жалақы мен жұмыссыздық (Филлипс қисығы)

Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнінің тақырыптарының бақылау жұмысының мазмұнын нақты практикалық мысалдармен бекіту керек және көбінесе Қазақстан Республикасы бойынша материалдарды белсенді қолдану ұсынылады. Мысалы: республиканың бюджеттік, салықтық, әлеуметтік, инфляцияға қарсы және сыртқы экономикалық саясатындағы қазіргі заманғы жетістіктері мен кемшіліктері. Жұмысты орындау кезінде негізгі теориялық тапсырмалар мен аналитикалық қорытындыны ауылшаруашылық тәжірибесі және экономикалық саясатқа негіздеу керек. Экономиканың ұлттық моделімен салыстыру, халықаралық тәжірибеде әлеуметтік-экономикалық мәселені шешу, салыстыра талдау бақылау жұмысының маңыздылығын арттырудың тиімді әдісі болып табылады. Әлеуметтік экономикалық дамудың әртүрлі салаларын мемлекеттік реттеуге дамыған және дамушы елдер бойынша салыстырмалы талдау жасаған дұрыс.

Бақылау жұмысын тақырыптың маңыздылығын және іс жүзіндегі мәнін бейнелетін кішігірім кіріспеден бастаған жөн. Қортынды бөлімінде негізгі қортындыларды шығарып және (автор тілегі бойынша) қойылған проблемалардың шешімін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасауға болады.



Егер студент белгілі бір даулы мәселе немесе сұрақ бойынша өз көзқарасын білдіргісі келсе, мүмкіндігінше статистикалық және шынайы мәліметтер келтіріп дәлелдеу қажет.


    1. Экономиканы мемлекеттік реттеу пәнінен емтихан сұрақтары:


Тақырып 1. ЭМР түсінігі, міндеттері, мақсаттары мен қажеттіліктері


  1. Мемлекеттік реттеу жүйесі түсінігі. Мемлекеттік реттеудің объектісі мен субъектісі.

  2. Экономиканы реттеудің нарықтық және мемлекеттік механизмдерін үйлестірудің қажеттілігі.

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, құралдары.

  4. Мемлекеттік реттеудің типтері мен модельдері. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде мемлекеттік реттеудің бағыттары мен қарқындылығының айырмашылығы


Тақырып 2. ЭМР-ге көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы.


  1. Меркантелизм теориясы (У.Стаффорд, Г.Скаруффи, Т.Мен, У.Петти, А.Серра, А.Монкретьен)

  2. Экономикалық либерализм (А.Смит, Д.Рикардр, Н,Кондратьев,М.Туган-Барановский)

  3. Неоклассикалық жүйедегі мемлекет (А.Маршалл, Э.Чемберлин, Л.Мизес, Ф.Хайек, М.Фридмен)

  4. Кейнсиандық жүйедегі нарық пен мемлекет.

  5. ЭМР жалпы принциптері.

  6. Экономиканы циклге қарсы реттеу.

  7. Экономикалық өсуді ынталандыру

Тақырып 3. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қызметтері


  1. ЭМР қажеттілігінің факторлары.

  2. Мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттары мен бағыттары.

  3. ЭМР құралдары.

  4. Экономикаға тура және жанама әсер ету әдістері.

  5. Мемлекеттің экономикалық қызметтері.

  6. Экономикаға мемлекеттің араласу шегі.

  7. ҚР, Ресей, АҚШ және Батыс Европа елдерінде ұлттық ЭМР жүйесі.


Тақырып 4. ЭМР-дің әдістері


  1. ЭМР-дің әкімшілік, экономикалық, құқықтық әдістері.

  2. Экономиканың дамуына мемлекеттің әсер етуінің тетіктері

  3. Жанама және тікелей әсер ету құралдары.

  4. Экономиканы ұзақ-орта-қысқамерзімді реттеудің әртүрлі құралдарының үйлесуі.


Тақырып 5. Экономиканы ақша-несиелік реттеу


  1. Ақша нарығы және мемлекеттің ақша саясаты.

  2. Елдің ақша жүйесі және оның негізгі компонеттері.

  3. Экономикадағы ақша ұсынысына Ұлттық Банктің әсер ету механизмі мен құралдары.

  4. ҰБ қолданатын экономиканы реттеудің құралдары: есетік ставка, міндеті резервтер саясаты, депозиттік және валюталық саясат.

  5. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу.

  6. Лицензиялар түрлері.

  7. Коммерциялық банктердің қызметінің экономикалық нормативтері.


Тақырып 6 Мемлекеттің бюджеттік-салықтық саясаты


  1. Бюджет жүйесінің қалыптасуы.

  2. Бюджеттің негізгі сипаттамасы.

  3. Экономикалық өсуге мемлекеттік шығындардың әсері және экономикадағы құрылымдық өзгерістер.

  4. Бюджет жүйесінің деңгейлері.

  5. Аумақтық бюджеттердің қалыптасуы мен қызметтері.

  6. Салық саясатының принциптері мен салық жүйесі. Лаффер қисығы.

  7. Салық жүйесінің экономикаға әсерінің құралдары.


Тақырып 7.Монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік ортаны қалыптастыру


  1. Бәсекелестік орта түсінігі мен негізгі көрсеткіштері.

  2. Заңсыз бәсеке түсінігі.

  3. Бәсекелестік ортаны қалыптастыру процессін заңдылық реттеу.

  4. Монополияға қарсы заңдылық, оның мәні, мақсаттары мен міндеттері.

  5. Қазақстандық монополияға қарсы реттеудің ерекшеліктері


Тақырып 8. Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу


  1. Валюта саясатының түрлері мен формалары.

  2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері.ҚР валюталық реттеу.

  3. Валюталық бақылау.

  4. Дамушы елдердің валюталық саясаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет