ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені психологиялық менеджмент пәні 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған ОҚытушыға арналған пәннің ЖҰмыс



Дата27.11.2019
өлшемі219,5 Kb.
#52449
Байланысты:
b77ade1b-644c-11e4-afee-f6d299da70eeУМКД 01
posobie zhalpy pedagogika

ПОӘК 042-18-31.1.34/01-2014

11.09.2014 жылғы

№ 2 басылым



13 беттің -шісі



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Психологиялық менеджмент пәні


5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының

2 курс студенттеріне арналған



ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

СЕМЕЙ 2014



Алғысөз

1 ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырған: педагогикалық психология кафедрасының доценті, псх.ғ.к.

30.08.2014 ж. ___________ Джумажанова Г.К.


2 ҚАРАЛДЫ

2.1. Педагогикалық психология кафедра меңгерушісі, псх.ғ.к.:

_____________Г.К. Джумажанова

Хаттама №1 «03» 09 2014 ж.

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің бюросында талқыланды:

Хаттама №1 «05» 09 2014 ж.
Оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы ____________ Т.Ш. Ахметова
3 БЕКІТІЛДІ

3.1. Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №1 «11» 09 2014 ж.
ОӘК төрайымы,

оқу-әдістемелік жұмысының проректоры ______________Г.К. Искакова


4 05.09.2013 ж. №1 басылым орнына ауыстырылды

Мазмұны




  1. Қолданыс аясы

  2. Нормативтік сілтемелер

  3. Жалпы ережелер

  4. Оқу пәнінің мазмұны (модуль)

  5. БӨЖ тақырыптары

  6. Пәннің оқу-әдістемелік картасы

  7. Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы

  8. Әдебиеттер


1 ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

Психологиялық менеджмент пәнінің оқу-әдістемелік кешенінің құрамына кіретін оқытушыға арналған пәннің жұмыс бағдарламасы 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттеріне арналған.


2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Осы Психологиялық менеджмент пәнінің оқытушыға арналған жұмыс бағдарламасы берілген пән бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін төмендегі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:

- «5В010300» «Педагогика және психология» мамандығының 3.08.275-2006 бекітілген ҚР МЖМБС мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

- «5В010300» «Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу жоспары;

- СТУ 042-РГКП-СГУ-5-2012 Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар университет стандарты;

- ДП 042-1.07-2012 «Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен құрылымы» құжаттық іс-жоспары.


3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

3.1 Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазақстан Республикасының нарықтық заман талаптарының қазіргі жағдайларында түрлі «Қазақстан-2030» стратегиялық жоспарын нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін, оның ішінде толыққанды, психологиялық денсаулығы мықты тұлғаны, сонымен қатар келешек дамып келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу үшін қоғам және жеке адам дамуының психологиялық механизмдері туралы білімнің терең болуы қажет. Психологиялық менеджмент – бұл психологиялық жүйелердің және психикалық құбылыстардың қызметі мен дамуының тиімді болуына бағытталған, оларды басқару принциптерінің, әдістерінің, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тәсілдерінің кешенді құрылымы.



3.2. Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің бойында дамудың психикалық механизмдері, қызметі және оларды басқару туралы теориялық білімдерді қалыптастыру. Сонымен қатар, жеке адамның өзін және социумды басқару жайында практикалық дағдыларды қалыптастыру.

3.3 Пәнді оқыту міндеттері:

    • психологиялық менеджменттің теориялық-әдіснамалық негіздерімен танысу;

    • психологиялық менеджменттің әдістері және принциптерін;

    • психологиялық менеджменттің қазіргі заңдылықтарын;

    • студенттредің өзіндік тәжірибесінде психологиялық менеджмен негіздері туралы білімдерін қолдануға ұмтылдыру.

Болашақ педагог мамандарды – кәсіптік іс-әрекетке дайындауда менеджмент психологиясы курсы арқылы жеке тұлғалық қасиеттерді ұштау, арнайы кәсіби-мамандық біліктілікке ие болу.

3.4 Курстың соңында студент

Білуі керек:

    • психологиялық менеджменттің негізгі заңдылықтары туралы толық меңгеруі тиіс;

    • психологиялық менеджменттің мазмұны мен маңызын, қазіргі әдістерін, қызметі және тәсілдерін, сендіру, иландыру, қызықтыру механизмдері туралы білуі қажет;

    • меңгерген ғылыми-психологиялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу;

    • психололгиялық менеджмент білімінің дамуының қазіргі заманңы ағымдарын бағдарға алу.

  • пән бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс - әрекет, сонымен қатар кәсіби іс - әрекет практикада өздігінен қолдана білу.

Іскерлігі:

  • Ұйымдастыру-басқару іс-әрекеті бойынша теориялық білімдер мен практикалық іскерлігі;

  • Білім беру сапасының тиімділігі жақсарту мен арттыру, психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешу іскерлігі болуы қажет.

Дағдысы:

  • Ғылыми-психологиялық білімдерді басқарушылық шешімдер қабылдау барысында тәжірибеде қолдану дағдысына ие болуы тиіс;

  • Қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға мүмкіндік беретін әлеуметтік дағдыларды меңгеруі керек.

Біліктілігі:

  • Теориялық білімдерді практикалық кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;

  • Психологиялық-педагогикалық салада басқаруды және ақпараттық технологияларды жетік білуі керек;

  • Психологиялық-педагогикалық процесті басқарудың алдыңғы қатарлы әдістерін игеруі қажет.


3.5 Курстың пререквизиттері: психологиялық мамандыққа кіріспе, жалпы психология; даму психологиясы, леуметтік психология, әлеуметтану, тұлғаның педагогикалық-психологиялық диагностикасы.

3.6 Постреквизиті: практикалық психология, кәсіптік білім беру, әлеуметтік педагогика.

3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

1 Кесте

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

ОБӨЖ

(сағ)


БӨЖсағ)

Бар

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

7

8

9

10

3

6

3

30

15

22,5

67,5

135

емтихан


4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 Кесте



Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Психологиялық менеджмент теориялық-әдіснамалық негіздер

Тақырып 1. Психологиялық менеджмент туралы түсінік.

Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы ол материалдық өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық процестерді белгілейді. «Менеджемент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін білетін мамандырылған басшы. Менеджмент психологиясы: жалпы психология, жеке тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, психофизиология, практикалық психология, психологиялық диагностика ғылымдарымен байланысты. Қосымша байланысы бар салалар: әлеуметтану, антропология, кадрлық менеджмент, маркетинг, экономика және т.б. Басқарудағы мектептер.Ғылыми басқару мектебі.



2

Тақырып 2 . Менеджмент генезисі.

Психологиялық менеджментке кіріспе.Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олапдың өзара ықпалы. Басқару мектептері.Басқару деңгейлері.



2

Тақырып 3. Психологиялық менеджменттің ғылыми-әдіснамалық негіздері.

Пс Менеджмент (ағылшынша) – алға қойған мақсатқа жету іскерлігі. Менеджмент – түрлі ұйымдарда адамдардың басқаруымен орындалатын іс- әрекет, қызмет. Менеджмент – кәсіби басқара алатын басқарма субъектісі.Менеджмент – адамның талпынысын қанағаттандыруға көмектесетін, басқаруды жүзеге асыратын психологиялық үрдіс. Менеджменттің даму тарихы, басқару ойларының эволюциясы. ХХ ғасырдың басы. Ф. Тейлор (тейлоризм). Өндірісті ғылыми тұрғыдан басқаруға болады тұжырымына негізделген. Менеджмент ғылым ретінде XIX-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Фредерк Тейлор. Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Қазіргі кезде басқарудың – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты. XX ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстан экономикасындағы басқару ситуациясы айтарлықтай өзгерді. Нарықтық жүйе басқарудың әкімшілік-бұйрықтық әдістерін ауыстырды. Осының нәтижесінде кәсіпорындар шаруашылық дербестік пен сыртқы нарыққа шығу перспективасын алды.



2

Модуль 2. Психологиялық менеджменттің әдістері және принциптері.




Тақырып 4. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер.

Басқару әдістері: ұймдастырушылық әдіс, құқықтық реттеу әдісі, экономикалық әдіс, психологиялық әдістер, әкімшілік әдістер. Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеудің негізгі тәсілдері. Отандық психологияда әлеуметтік-психологиялық климаттың табиғатын түсінуде төрт негізгі әдіс қарастырылады.

Өндірістік-технологиялық қызметтер әкімшілік және кадрлық қызметтерге, басқару іс-әрекетінің құрылымын әрі қарай күрделендіре отырып, тәжірибелік бағытталу береді. Жетекші үшін олар өзінің іс-әрекетінің тікелей мазмұны ретінде болады. Инновациялық процесс үш кезеңнен түрады: Маркетингтік кызмет.

Маркетинг мәселелері спектрінің кеңдігі оларды шешу үшін ұйым құрылымында мамандандырылған бөлімшелер құруды талап етеді. Маркетингті басқару келесі негізгі бағыттармен іске асырылады. Маркетингтің психологиялық мәселесіне байланысты қазіргі кезде жарнама психологиясы (психологияның арнайы саласы) қаркынды дами түсуде.



2

Тақырып 5. Психологиялық менеджмент әдістері.

Психологиялық менеджмент ғылым ретінде. Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері.Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты.Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының дамуы. Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.



2

Тақырып 6. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

Менеджер қызметінің мақсаты - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б.Басқару кадрларын басқару жүйесінде істейтін және белгілі бір басқару қызметін орындайтын немесе оны жүзеге асыруға ықпал ететін жұмыскерлер, яғни басқару қызметінде іскерлікпен қатынасатын, әрі басқару аппаратына енетін жұмыскерлер жатады. Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі буындар; кәсіптік құрамы бойынша-инженерлер, қызмет түрі бойынша ауыл-шаруашылығы, өнеркәсіп кадрлары; басқару еңбегін мамандандыру түрі бойынша әкімшілік, экономикалық, білімі бойынша жоғары және арнайы орта білімді, адамдар, практиктер, орындайтын жұмысының күрделілігі және жауапкершілігі бойынша. Басшыларды қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы қызметкерлер болып бөлінеді. Басқару жүйесіндегіқызметшілердің бұл әрбір категориясы еңбек әрекетінің ерекшеліктеріне, кәсіптік даярлығына және даярлықтан қайта өтуіне байланысты сипатталады. Кадрларды іріктеу - негізгі қызмет талаптарына сай келетін адамдарды іздестіру және зерттеу процесі.



2

Тақырып 7. Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

1.Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

2.Білім беру мекемелерінің түрлері.

3.Білім беру мекемеліррінде жүргізілетін жұмыс формалары



2

Тақырып 8. Психологиялық менеджмент барысы.

Басқару – іс-әрекет мақсатын, бағдарлама реализациясын, іс-әрекет тәртібінің белгілі бір құрылымын сақтап отыруы. Б.Ф.Ломов, іс-әрекеттің кез келген әмбебап жағын алатын болсақ, сонымен қатар басқару, соның ішінен негізгі функциональдық блоктарын былай бөліп қарастырамыз: мотив, мақсат, жоспар, ақпараттандыру, оперативті бейне, шешім қабылдау, іс-әрекет, қорытындыны тексеру және іс-әрекетті түзету. А.К.Марков басқарудың құрамын 5 кезеңге бөлді: Мақсатты, дескриптивті, прескриптивті, реализациялық, ретроспективті. Әрбір бөлінген кезең басқару актісінің ерекше бөлімі бір анықталған кезектілікпен жүретін іс-әрекет. Қалыптастыру дегеніміз – бұл педагогикалық мақсат және міндет, ескілерді жаңарту, жаңа жоспарлар енгізу, білім беру мен тәрбие бағдарламаларына енгізілген ақпараттың ең негізгілері болып табылады. Осының барлығы педагогикалық жұмысшылардың іс-әрекеті. Басқарудың негізгі үрдісі. Басқару бұл үрдіс ретінде қарастырылады, өйткені жұмыс басқалардың көмегімен мақсатқа жету, бір мезеттік іс-әрекет емес, үздіксіз жүретін өзара байланысқан іс-әрекет.



2

Тақырып 9. Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі..Психологтың ұйымдағы қызметі, орны. Қызмет бабын табыстау. Қызмет бабын табыстау алгоритмі.

2

Тақырып 10. Ұйым. Ұйымды психологиялық басқару.

Ұжым туралы түсінік.Басқарудың объектісі мен субъектісі.

Әлеуметтік басқару. Басқару және бағыну.Америка басқару мәдениеті.Жапон басқару мәдениеті


2

Тақырып 11. Адам ресурстарының қалыптасуы және адам ресурстарын дамыту.

Ішкі ортаны бағалау және талдау.Адам ресурстарына байланысты проблемалар.Адам ресурстарын дамыту мәселелері.



2

Модуль 3. Іскерлік қарым-қатынас және конфликтология.




Тақырып 12.Қарым-қатынас барысын басқару.

Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде. Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Коммуникация - басшылық етудің байланыстырушы процесі болып табылады. Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет. Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет алу болып саналады, әрі басшыға топтың іс-әрекетінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Коммуникациялық процесс – бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация – бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет. Стресс түрлері: жағымсыз, зиянды (дистресс) және жағымды, эйфорикалық стресс. Стресс деңгейлері: физиологиялық, эмоционалдық, психологиялық.



2

Тақырып 13. Персоналды таңдау және жұмысқа қабылдау.

1Кадрларды іріктеу әдістері.Жұмысқа қабылдау.Жұмыстан босату.



2

Тақырып 14.Кәсіби бағдар және бейімделу.

Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде.Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты.Жұмысшы іс-әрекетін бақылау. Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік.



2

Тақырып 15. Жүріс-тұрысты басқару.

Жүріс-тұрысты басқару түрлері



2

Барлығы

30

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




1 Тәжірибелік.

Психологиялық менеджмент туралы түсінік.

  1. «Менеджемент» түсінігі Менеджмент психологиясы

  2. Басқарудағы мектептер.

  3. Ғылыми басқару

1

2 Тәжірибелік. Менеджмент генезисі.

  1. Психологиялық менеджментке кіріспе.

  2. Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олапдың өзара ықпалы.

  3. Басқару мектептері.

  4. Басқару деңгейлері.

1

3-Тәжірибелік. Психологиялық менеджмент әдістері.

  1. Психологиялық менеджмент ғылым ретінде.

  2. Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері.

  3. Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты.

  4. Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының дамуы.

  5. Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.

1


4 Тәжірибелік. Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер.

  1. Басқару әдістері: ұймдастырушылық әдіс, құқықтық реттеу әдісі, экономикалық әдіс, психологиялық әдістер, әкімшілік әдістер.

  2. Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеудің негізгі тәсілдері.

1

5 Тәжірибелік. Психологиялық менеджмент әдістері.

  1. Психологиялық менеджмент ғылым ретінде.

  2. Психологиялық менеджмент пәні, әдістері және қызметтері.

  3. Басқарушылық қарым-қатынастар және оның іс-әрекетінің бағыты.

  4. Қазақстанда психологиялық менеджмент теориясы мен практикасының дамуы.

  5. Қазіргі психологиялық менеджмент теориясының пайда болуы және дамуы.

1

6 Тәжірибелік. Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

  1. Менеджер қызметінің мақсаты

  2. Басқару кадрларының алуан түрлі белгілері бойынша бағалауға болады: басқару деңгейі бойынша-жоғары, орташа және төменгі буындар;

  3. Басшыларды қызметтегі ролі бойынша мамандар және қосалқы қызметкерлер.

  4. Басқару жүйесіндегі қызметшілердің бұл әрбір категориясы

1

7 Тәжірибелік. Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

1. Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

2. Білім беру мекемелерінің түрлері.

3.Б ілім беру мекемеліррінде жүргізілетін жұмыс формалары



1

8 Тәжірибелік. Психологиялық менеджмент барысы.

  1. Басқару – іс-әрекет мақсатын, бағдарлама реализациясын, іс-әрекет тәртібінің белгілі бір құрылымын сақтап отыруы. БА.К.Марков басқарудың құрамы

  2. Қалыптастыру

  3. Басқарудың негізгі үрдісі.

1

9 Тәжірибелік. Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі.

  1. Психологтың ұйымдағы қызметі, орны.

  2. Қызмет бабын табыстау.

  3. Қызмет бабын табыстау алгоритмі.

1

10 Тәжірибелік. Ұйым. Ұйымды психологиялық басқару.

  1. Ұжым туралы түсінік.

  2. Басқарудың объектісі мен субъектісі.

  3. Әлеуметтік басқару.

  4. Басқару және бағыну.

  5. Америка басқару мәдениеті.

  6. Жапон басқару мәдениеті

1

11 Тәжірибелік. Адам ресурстарының қалыптасуы және адам ресурстарын дамыту.

  1. Ішкі ортаны бағалау және талдау.

  2. Адам ресурстарына байланысты проблемалар.

  3. Адам ресурстарын дамыту мәселелері.

1

Модуль 3. Іскерлік қарым-қатынас және конфликтология.

1

12 Тәжірибелік. Қарым-қатынас барысын басқару.

  1. Қарым-қатынас әлеуметтік феномен ретінде.

  2. Коммуникация

  3. Коммуникациялық процесс

  4. Стресс түрлері: жағымсыз, зиянды (дистресс) және жағымды, эйфорикалық стресс.

  5. Стресс деңгейлері: физиологиялық, эмоционалдық, психологиялық.

1

13 Тәжірибелік. Персоналды таңдау және жұмысқа қабылдау.

  1. Кадрларды іріктеу әдістері.

  2. Жұмысқа қабылдау.

  3. Жұмыстан босату.

1

14 Тәжірибелік. Кәсіби бағдар және бейімделу.

Жұмысшы тұлғасы басқару объектісі ретінде.Жұмысшының еңбекке бейімделу процесінің сипаты.Жұмысшы іс-әрекетін бақылау. Кәсіби жауапкершілік және әлеуметтік жауапкершілік.



1

15 Тәжірибелік. Жүріс-тұрысты басқару.

Жүріс-тұрысты басқару түрлері



1

Барлығы

15



5 БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Менеджмент генезисі.

5.2 Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері.

5.3 Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі

5.4 Қарым-қатынас барысын басқару

5.5 Іскерлік қарым-қатынас және басқарудағы шиеленістер.

5.6 Лидерлік туралы ғылыми зерттеулер



6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте


Тақырыптар

Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау

Түрі


Дәріс сабақ


Тәжірибелік сабақ


1

2

5

6




Психологиялық менеджмент туралы түсінік.

Психологиялық менеджмент туралы түсінік

Кітап көрмесі, портрет, интерактивті тақта

Зерттеу еңбектермен жұмыс

Жазбаша

ауызша


Менеджмент генезисі.

Менеджмент генезисі.

Модульді оқыту технологиясы

Монографиялық зерттеулер оқу

Жазбаша

ауызша


Психологиялық менеджмент әдістері.

Психологиялық менеджмент әдістері.

Интерактивті тақта, кестелер, суреттер

Библиографиялық жұмыс

Жазбаша

ауызша


Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер.

Психологиялық менеджментті зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер

Баспасөз материалдар, сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Баспасөз материалдарымен жұмыс

Жазбаша

ауызша


Тәжірибелік. Психологиялық менеджмент әдістері.

Тәжірибелік.Психологиялық менеджмент әдістері.

Кітаптар, кесте

Айтыстарын зерделеу

Жазбаша

ауызша


Психологиялық менеджментті жүзеге асырудың практикалық әдістері

Психологиялық менеджментті ж

үзеге асырудың практикалық әдістері.



Альбомдар, суреттер, интерактивті тақта

Туындыларындағы қарсылық сарынды анықтау

Жазбаша

ауызша


Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

Білім беру мекемелеріндегі басқарудың мәні.

бақылау тапсырмалары

«Үш жігіт», «Қасқыр» туындыларына теориялық талдау

Жазбаша

Психологиялық менеджмент барысы.

Психологиялық менеджмент барысы.

Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар

Шығармаларының мазмұнына талдау

Жазбаша

ауызша


Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі.

Қызмет бабын табыстау өнері және алгоритмі.

Интерактивті тақта, теориялық зерттеулер

Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу

Жазбаша

ауызша


Ұйым. Ұйымды психологиялық басқару.

Ұйым. Ұйымды психологиялық басқару.


Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, баспасөз материалдары

Зерттеулерді саралау

Жазбаша

ауызша


Адам ресурстарының қалыптасуы және адам ресурстарын дамыту.

Адам ресурстарының қалыптасуы және адам ресурстарын дамыту.

Зерттеу еңбектері, Интерактивті тақта

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша

ауызша








Кітаптар, суреттер, кестелер, бейнетаспалар

Шығармаларының мазмұнына талдау

Жазбаша

ауызша


Қарым-қатынас барысын басқару.

Қарым-қатынас барысын басқару.

Интерактивті тақта, теориялық зерттеулер

Әдеби-теориялық кітаптар мен зерттеулерді оқу

Жазбаша

ауызша


Персоналды таңдау және жұмысқа қабылдау.

Персоналды таңдау және жұмысқа қабылдау.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, баспасөз материалдары

Зерттеулерді саралау

Жазбаша

ауызша


Кәсіби бағдар және бейімделу.

Кәсіби бағдар және бейімделу.

Зерттеу еңбектері, Интерактивті тақта

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша

ауызша


Жүріс-тұрысты басқару.

Жүріс-тұрысты басқару.

Зерттеу еңбектері, Интерактивті тақта

Әдеби-зерттеу еңбектерін оқу.

Жазбаша

ауызша



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ «ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ» ПӘНІНЕН

4-Кесте



Оқулық және оқу-әдістемелік құрал саны


Кітап саны

Студенттер саны

% Қамту пайызы

1

2

3

4

5

1.

Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. –М.,1990.

5

13

60

2.

Андреева Г.М. Социальная психология. СПб., 1999.

10




100

3.

Аверченко Л.К. Законы психологии в помощь менеджеру. Новосибирск., 1997.

10




60

4.

Айзенберг М.Н. Менеджмент рекламы. М., 1993.

10




100

5.

Бодалев А.А. Восприятие и понимание человеком человека. М., 1994.

10




100

6.

Битянова М.Р. Социальная психология. М., 1996

10




100

7.

Витке Н. Вопросы управления. Проблемы теории и практики управления. 1991.

5




60

8.

Вудкок М., Френсис Д., Раскрепощенный менеджер. Для руководителя практики. М., 1991.

5




60

9.

Викентьев И.Л. Приемы рекламы. Спб., 1999.

10




100

10.

Громова О.Н. Конфликтология. М., 1993.

10




100

11.

Датян П. Реклама. М., 1999.

5




60

12.

Добрович Л.Л. Общение наука искусство. М., 1980

10




100

13.

Мескон., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. М., 1992.

5




60

14.

Шепель В.М. Управленческая психология. М., 1993

5




60

15.

Шмидт Р. Искусство общения. М., 1992.

10




100

16.

Якока Л. Карьера менеджера. М., 1990

5




60

17.

Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А. 1995

5




60

18.

Битянова М.Р. Тренинг личностного роста. М., 1995.

10




100

19.

Искусство разговаривать и получать информацию. М., 1983

5




60

20.

Каренов. Кадровый менеджер. Алматы., 1999.

5




60


8 ӘДЕБИЕТТЕР

8.1 Негізгі әдебиеттер:

8.1.1 Агеев В.С. Межгрупповое взаимодействие. Социально-психологические проблемы. –М.,1990.

8.1.2 Ансофф И. Стратегические управление. М., 1989

8.1.3 Варущев. Принципы японского управления. М., 1989

8.1.4 Вудкок М., Френсис Д. Раскрепощенный менеджер. М., 1991

8.1.5 Гастев А.К. Как надо работать. М., 1972

8.1.6 Гастев А.К. Трудовые установки. М., 1973

8.1.7 Гвишиани Л. Организация и управления. М., 1972

8.1.8 Якока Л. Карьера менеджера. М., 1990.

8.2 Қосымша әдебиеттер:

8.2.1 Жуков Ю.М. Ценности как детерминанты принятия решения. В кн: «Психологические проблемы социальной регуляции поведения». М., 1976

8.2.2 Зигерт В., Ланг Л. Руководить без конфликтов. М., 1975

8.2.3 Авдеев В.В. Психотехнология решений проблемных ситуаций. М., 1997.

8.2.4 Ковалевский С. Руководитель и подчиненный. М., 1973

8.2.5 Козелецкий Ю. Психологическая теория решений. М., 1979

8.2.6 Котарбинский Т. Трактат о хорошей работе. М., 1975

8.2.7 Ксенчук Е.В., Киянова М.К. Технология успеха. М., 1993

8.2.8 Ладензак К. Стиль работы и образ жизни руководителя. М., 1985

8.2.9 Ляхов И.И., Горячев Г.Д. Социологические и психологические методы управления. М., 1973

8.2.10 Управленческие консультирование. Т.1-2, М., 1992

8.2.11 Фалмер М.Р. Энциклопедия современного упарввления. Т.1-5, М., 1992

8.2.12 Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы) - А., Экономика. 1997.

8.2.13 Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.

8.2.14 Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.

8.2.15 Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет