Пәннің оқу-әдістемелік кешені «тж кезіндегі құтқару қызметін ұйымдастыру және басқару іі» пәнінен



бет10/13
Дата10.06.2017
өлшемі2,61 Mb.
#18925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Өзін – өзі тексеру сұрақтары

  1. Төтенше жағдайлар кезінде тұрғындарға тіршілік қамсыздандыру, адамдардың денсаулығын және жұмыскерлік жағдайын көтеру шаралары

  2. АҚ шараларын және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері.

5 сабақ Шұғыл авариялық – құтқару жұмыстарын жүргізу. Құтқару техникасын қолдана білу, апат ошағының жерін залалсыздандыру
Сабақтың мақсаты: Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу жолдары. Толық немесе жартылай санитарлық тазалауды қарастыру.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Көлік қызметі (әуе, теміржол, көлік тасымалы). Қызметтің міндеттері: бейбіт жағдайда және соғыс кезінде АҚ жоспары бойынша көлікпен қамтамасыз етудің есебін әзірлеу, темір жол, әуе жолы және автомобиль көлігі ұйымдарымен бірлесе отырып, зардап шеккен адамдарды, әскери бөлімшелерді, техникаларды және мүлікті, АҚ және ТЖ құрамаларын Қ және БКЖ өткізетін жерге тасымалдау, оларды отырғызу және түсіру орындарын анықтау, қажетті құрал-жабдықтармен, техникамен жарақтандыру, ауысым жұмысшыларын жұмыс объектілеріне тасымалдау (отырғызу, түсіру), бірінші кезектегі тәртіп бойынша апаттан құтқару қызметінің жеке құрамын және ТЖ зардабын жоюға қажетті арнайы жүктерді жеткізуді қамтамасыз ету, зардап шеккен халыққа көмек көрсету.

Ядро қаруын немесе химиялық заттарды қолданғаннан елді мекен аймағы, үйлер, құрылымдар, транспорт құралдары, әр түрлі мүлік радиациямен немесе химиялық улы заттармен ластанады. Осы ластанған заттарды тазарту өте көп уақытты және еңбекті талап етеді. Мұндай жұмыс істеген адамдар, противогаз, комбинезон, резина етік, қолғаппен жұмыс істейді. Сондықтан олар өте шыдамды, жатыққан және тазалап жатқан нәрселерін өте жетік білетін адамдар болулары керек.

Бұл жұмысты АҚ күштерінің арнайы жасақшылары өткізеді. Қажетіне қарай олардың құрамына оқу орындарынан да адамдар тартылуы мүмкін. Қорғаныс киімдерін киіп алып студенттерде оқу ғимаратын, басқа да орындарды тазалауға кіріседі. Дезактивация дегеніміз радиоактивті (РЗ) заттармен ластанған нәрселерді тазалау. Оларды денелердің үстінен сыпырып немесе жуып кетіруге болады. Осы мақсатта жуғыш ерітінділерді пайдаланылады, майлы жердегі немесе қуыс – қуыстағы РЗ – ны әбден кетіреді. Бұдан кейін сумен жақсылап шаю керек. Осы мақсатта жер қабатын, қардың бір шама бетін сылып алып тазалайды. Киімінен, жиһаздан, басқа да үй заттарынан РЗ – ны шаңсорғышпен, қағумен, щеткамен тазалап та кетіруге болады. Осындай жұмыстарды дезактивация деп атайды.

Дегазация дегеніміз ластанған денелерден улы заттарды жою. Дезинфекция деп ауру жұқтыратын немесе ауру тасымалдайтын микробтарды жоюға арналған шараларды айтады. Еден жуу, сүрту, кір жуу арқылы жұқпалы микробтар жойылмайды. Оларды тек жоғары температураны пайдаланып және 2 – 3 сағат қайнатып қана жоюға болады.

Қаланың ауқымын, өндіріс орындарын көлік тазартуды т.с.с жұмыстарды тек дезактивация, дегазация жүргізе алатын машиналарды, қондырғылары бар АҚ күштері өткізеді. Бұл жұмыс үшін басқа да техникалар пайдаланылады. Сонымен қатар қол құралдары: бүріккіштер, сушашқыштар, сыпырғыш, күректер т.б. қолданылады. Үй ішін, өндіріс орындарын, басқа да орындарды дезактивация жасағанда мынадай реттілікті сақтайды. Ылғал шүберекпен немесе щеткамен алдымен үйдің төбесін, кейін қабырғаларды, соңында еденді жуып – сүртіп шығады. Бұдан кейін жиһаздарды тазалайды, шкаф, стол, орындықтарды ылғал затпен сүртеді де, жұмсақ мебельдерді шаңсорғышпен тазалайды. Киімді, аяқ киімді басқа қорғаушы киімдерді дезактивациялау АҚ адамдары жұмыс істеп жатқан алаңдарда және киім тазалайтын әдейі орындарда өткізіледі. Жоғарыда айтылғандай киімдерді дезактивация жасаудың негізгі тәсілдері: қағып – соғу, щеткамен тазалау, сыпыру, шаңсорғышпен сорғызу. Аяқ киімді де щеткамен, сыпырғышпен, ылғал тампондармен қармен тазалайды. Резина аяқ киімдерді жууға болады. Металл, фарфор, әйнек ыдыстарды сабынмен немесе ерітінділермен мұқият жуып, соңынан кран суын ағызып жуады. Дезактивация ластанбаған арнайы алаңдарда немесе тұрақты жуу пункттерінде өткізіледі. Халық өз киімдерін АҚ мамандарының басшылығымен өздері тазалайды. Тазалау алаңы лас алаң және таза алаң болып бөлінеді. Таза алаңда дозиметриялық бақылау постысы, киімді, аяқ киімді ауыстыратын орын болады. Халық алдымен бөлек алаңда күтеді, содан кейін кезекпен тазалау орнына барып, мамандардың басшылығымен дезактивация өткізеді. Алдымен қол жуып алып, содан кейін противогазды, үстеріндегі киімді шешіп, қолдарын, беттерін, мойнын қайта жуады да, санитарлық тазалық өтетін алаңға шығады. Тұрғын үйлерді, дәлізді, баспалдақты, жануарлар үшін қораларды халықтың өздері де дезактивациядан өткізеді.

Матадан тоқыған киімдерді, іш киімдерді соданың 2 % – дық ерітіндісінде 2 сағат бойы қайнатады. Асханадағы, кухнядағы ыдыстарды да 2 сағат бойы 2 % – дық сода ерітіндісінде қайнатады. Үйде тазалауға келмейтін заттарды жинап тапсырады. Коридорды не басқа бөлмелерді әуелі төбесін, содан кейін қабырғасын, жоғарыдан төмен қарай, ең соңынан үй мүліктерін, еденді тазалайды. Үйден шыққан қоқысты дереу өртейді.

Дезактивация, дезинфекция жұмыстарын өте сақтықпен жүргізеді. Тек противогаз, респиратор, не шаңға қарсы тігілген маска киіп жұмыс істеу керек. Бұларды жұмыс біткен соң қауіпсіз жерде шешуге рұқсат етіледі. Барлық тазалау жұмысын бітіргеннен кейін өздері толық санитарлық тазалықтан өтеді,пайдаланылған құралдарды, киімді, аяқ киімді және барлық құралдарды толық немесе жартылай тазалықтан өткізеді.

Жартылай тазалық дегеніміз – адам денесінің ашық бөліктерінен,киімдерден, аяқ киімнен және жеке дара қорғану құралдарынан РЗ – ны жәнеУЗ-ны сыпырып, сүртіп қана тазалау болып табылады.

Толық санитарлық тазалық дегеніміз – денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі киімді қажет болса сырт киімдерді ауыстыру. РЗ – мен ластанған ауданнан шыққан барлық адамдар, жасақшылар тобы жартылай дезактивациялық тазартудан өтеді. Бұлай тазаланудың мынадай реттері сақталады. Тазалық өткізетін адамдар сыртқы киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан шешіледі. Бұларды қағып – соғып, сыпырғышпен, щеткамен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанатын етегі мен жеңін мұқият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады. Содан кейін противогазды, оның қорабын, шлем – маскасын пакеттегі ерітіндімен тазалайды, тек осыдан кейін ғана противогазды шешуге болады. Матадан тігілген масканы қағып – соғып тазалап, содан кейін жуады. Дәке – мақтадан жасаған байламаны жойып жібереді өртейді. Дезактивация жасағанда шаң өзіңе түспес үшін, жауырынды желге бұрып тұру керек. Осыдан кейін жартылай санитарлық тазалыққа кіріседі. Тазарту уақытында жуынған су көзге, ауызға, мұрынға кірмеу керек. Жартылай дезактивация және тазалаудан өткен соң дозиметриялық бақылаудан өтеді. Әлде де радиациялық заттар нормадан жоғары болса, жартылай тазалық қайталанады немесе толық санитарлық тазалықтан өткізіледі.

Дегазация жұмысы былайша жүргізіледі: химиялық заттармен ластанған ауданда адам денесінде, киімінде улы заттардың тамшылары болса, ол жерді пакеттегі сұйықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртіп алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, ластанған ауданнан тезірек шығуға асығады. Осыдан кейін олар толық санитарлық тазалықтан өтеді. Егер ондай мүмкіндік болмаса, жартылай тазалық мына ретпен өткізіледі: алдымен қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі, теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан кейін сыртқы және қорғану кимідерін дененің ашық жеріне немесе ішкі киімге тигізбей әуелі противогазды, соңынан қолғапты шешеді. Енді қолды және басқа ашық жерлерді пакеттегі сұйықпен немесе сабынмен жуады. Көзді соданың ерітіндісімен немесе таза сумен жуады, тамақты мұрынды сумен шаяды. Осыдан кейін осы адамдар толық санитарлық тазалыққа жіберіледі. Жазда ластанбаған өзен суында жуынуға болады. Қыста жартылай тазалыққа қарды пайдалануға болады.

Уақытында ұқыптылықпен жүргізілген тазарту жұмысы улы затпен улануды мүлдем болдырмауға немесе оның дәрежесін азайтуға септігін тигізеді.

Өзін өзі тексеру сұрақтары


  1. Дегазация жұмысы қалай жүргізіледі?

  2. Жартылай тазалық дегеніміз?

  3. Дезактивация, дезинфекция жұмыстарының жүргізілуі.

6 сабақ. Жұмысты басқаруға байланысты халықты құлақтандыруды ұйымдастыру


Сабақтың мақсаты: Жұмысты басқаруға байланысты халықты құлақтандыруды ұйымдастыруды қарастыру.
Тәжірбиелік сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6

Құлақтандыру

Құлақтандырудың мақсаты - уақытында басқарушы құрамға, қала тұрғындарын және ауыл тұрғындарын төтенше жағдайдың қаупі мен одан қорғану шараларын қолдану жөнінде хабарлау. Құлақтандыруға АҚ -ның «Баршаңыздың назарыңызға!» ескерту дабылы қолданылады.



Инженерлік учаскелерді байланыс және хабарландыру құралдарымен қамтамасыз ету.

Басқаруды қамтамасыз ету үшін, жағдайдың өзгергенін хабарландыру және түрлі сигналдар мен бұйрықтар беру үшін инженерлік учаскелер байланыс және хабарландыру құралдарымен жабдықталу керек. Байланыспен қамтамасыз ету аудандық байланыс торабы мен АҚ және ТЖ байланыс қызметімен келісіп, телефон байланысының бөлінген каналдарына қосылумен жасалады. Каналға қосылу жақын жердегі бөлгіш құрылғыларға қосылған нөлдік сымды қолдану арқылы жасалады. Учаскеде әрекеттегі телефон тізбегі бар болғанда оның толығымен пайдалануы жобаланады.

Хабарландыру жергілікті радиожеліні (объектінің, ауданның, қаланың, облыстың) пайдалану арқылы инженерлік учаскеде қосымша абоненттік дауысты күшейтулер, дабылсоққыш қоңырау және т.б қосу арқылы жасалады. Сонымен бірге жылжымалы байланыс және хабарландыру құралдары пайдаланады, мысалы, автоинспекция машиналары, автоклубтар мен басқа жылжымалы байланыс құралдары. Әрбір инженерлік учаскеде байланыс және хабарландыру жоспары жасалу керек.

Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы  кезінде ақпаратты беру жөніндегі нұсқау

      Төтенше жағдайлардың қауіп-қатері, туындауы немесе жоюы кезінде ақпаратты беру төтенше жағдайлардың қауіп - қатері, туындауы немесе жоюы туралы ақпаратты беру жүйесін, өзінің күштері және құралдарымен жоюға қабілетсіз табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мен трансшекаралық таралу мүмкіндігі туралы мәліметтері бар жүйені анықтайды. Төтенше жағдайлардың қаупі, туындауы немесе жоюы туралы ақпарат дер кезінде беріледі: қалалардың, аудандардың, қаладағы аудандар, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің аппаратымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына; ұйымдармен (меншік түріне тәуелсіз) – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына;

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне аймақтық төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындау жағдайында олар туралы ақпарат дер кезінде беріледі:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі мен тиісті аймақ әкіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен шектес болғандарға және Қазақстан Республикасының әкімшілік-аймақтық бірлігімен шектес әкімдерге; ведомствоға бағынысты ұйымдардағы төтенше жағдай туралы орталық атқару органдарымен – «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесіне;


      «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесімен ақпаратты анықтағаннан кейін – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жағдайдың дамуына байланысты тиісті орталық атқарушы органдарға.

Төтенше жағдайлар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне әрекеттегі барлық арналар мен байланыс түрлері бойынша шұғыл хабарлама табеліне сәйкес, соның ішінде келесідей уақытша сипаттамалары бар электронды поштаны пайдалану арқылы беріледі:



  • төтенше жағдайлардың қаупі немесе туындауы туралы шұғыл ақпарат (баяндамалар), төтенше жағдайларды жоюдың күштері мен құралдарын шұғыл басқару бойынша ақпарат, басқа шұғыл ақпарат – төтенше жағдай туындағаннан кейін кідірмей;

  • төтенше жағдай кезіндегі жағдай туралы және оларды жою жөніндегі қабылданған шаралар туралы анықталған ақпарат – соңғы 30 минут ішінде;

  • төтенше жағдайды жою бойынша жүргізілген жұмыстар мен құтқару операцияларының барысы туралы анықталып жатқан деректер – екі сағат мерзімділігімен;

  • анықтамалық ақпарат – сұраным кезінен бастап бір сағаттан кешікпей;

  • төтенше жағдайларды жою бойынша жұмыстарды басқару кезіндегі тәулік ішінде жүргізілген іс-шаралар туралы қорытылған ақпарат – күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;

  • табиғи орта мен төтенше жағдай аймағындағы ықтимал қауіпті нысандардың жағдайы туралы ақпарат және шұғыл емес ақпараттың басқа да түрлері - күн сайын сағат 07.30 және 16.00 сағатта;

  • сейсмикалық жағдай туралы ақпарат – күн сайын, апталық болжам – аптаның әрбір үшінші күні, ал қауіп төнген кезеңде (жоғарғы даярлық режимі) – бекітілген кесте бойынша күн сайын;

  • гидрометереологиялық құбылыстар жөніндегі ақпарат – күн сайынғы болжам 17.00 сағатта, дауылды ескерту – қауіпті метереологиялық құбылыстардың туындау қаупі немесе туындауы немесе зиянды заттармен табиғи ортаның ластануы кезінде дереу;

  • төтенше жағдайлардың туындауы кезіндегі санитарлық–эпидемиологиялық жағдайдың өзгерісі және медико–санитарлық салдары туралы ақпарат – дереу.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел қызметтер төтенше жағдай саласындағы ақпаратты өз құзыры аясында басқарманың өзара әрекет етуші органдарынан сұрайды және алады.

Төтенше жағдайлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарына ұйым және мемлекеттік басқару органдары басшыларының қол қоюына, "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарының басшыларының қол қоюына, өзгеше жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдары жедел кезекшілерінің қол қоюына жіберіледі.

Барлық төтенше жағдайлар үшін ақпарат 7, 8-тармақта келтірілген табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар сипаттамасы көрсеткіштерінің біреуі белгіленген жағдайда ұсынылады.

Техногенді сипаттағы жағдай. Транспорттық авариялар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны үш адам және одан көп;
      теміржол транспортында - өрттер, жарылыстар, апаттар, магистральды тасымалда жылжымалы құрамның шығуы және поезд қозғалысын 1 сағаттан аса уақытқа тоқтататын төсемнің бұзылуы;

автомобиль транспортында – соның ішінде көлік жолдарындағы өрттер, жарылыстар, мұнай өнімдерінің, жанғыш және улы заттардың, прекурсолар мен басқа да заттардың 1 тоннадан аса мөлшерде төгілуі;

жер мен әуедегі әуе кемелерімен болған авиаапаттар мен оқиғалар; ұшу алаңдары мен аэропорттағы өрттер, жарылыстар; ұшу апараттарының бөлігі мен сынықтарының құлауы;

су транспортында – өрттер, жарылыстар, тасқын сулар;


      магистральды құбырларда – өрттер, жарылыстар, бұзылулар, ажыраулар; мұнайдың 1 тонна көлемінде немесе газдың 100 м 3 және одан көп мөлшерде авариялық тасталуы.

Өндірістік авариялар мен оқиғалар, өндірістегі жарақаттар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:


      шахтадағы авариялар – қираулар, таулы өнімдердің үйінділері, шахта жұмысының бүтіндей тоқталуына әкелетін технологиялық процестердің бұзылуы;

өндірістік авариялар – мұнай мен мұнай өнімдерінің 1 тоннадан аса тасталуы; мұнай газдарының фонтандары (құрамында мұнай мен газы бар күкірт сутектерінің 100 м 3 аса шығарылуы), өрттер; жарылыстар; су басулар; теңіз құрылысы мен платформалардың құлауы; республика аймағы мен іргелес мемлекеттердің қоршаған ортасына кері әсері: Солтүстік Каспийдің аса елеулі экологиялық аймағының ластануы; өндіріс ғимараттары мен құрылыстарының кенеттен қирауы.

Өрттер, жарылыстар, от пен газдың кенет шығарылуы, технологиялық процестің бұзылуы – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:

өнеркәсіп және құрылыс нысандарында – реңдік мәнін, ең мүмкін шоғырлануын, ең мүмкін деңгейлерін айтарлықтай артатын қоршаған ортаның ластануы

энергетикалық нысандар мен энергоблоктарда (гидроэлектрстанцияларда, жылуэлектрстанцияларда және электр желілерінде), – электрмен жабдықтауды тоқтатудың авариялық жағдайы;

шахтада, жерасты және таулы өндірістерде – өрттің кез–келген жағдайы;

биологиялық, химиялық, радиациялық–қауіпті нысандарда – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылатын технологиялық учаскелердің жануы;

әлеуметтік–тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды, билік органдарында, мемлекеттік меншіктің, діни конфессиялар, елшіліктер мен дипломатиялық өкілдердің аса маңызды нысандарында – өрттің кез–келген жағдайы;

ауылшаруашылық нысандарында – 50 бас ірі қара малдың өлуі және одан көп; 100 үй құсының өлуі және одан көп; 100 тонна және одан да көп пішеннің өртенуі;

жаратын құрылғының жарылуы, жарылғыш заттар мен жаратын құрылғыны, оқ–дәрілерді табу (жоғалту) – бақыланбайтын жарылыстың кез–келген жағдайы, жарылғыш заттар немесе жаратын құрылғыны табу немесе жоғалту.

Шығарумен болған авариялар, күшті әсер ететін улы заттарды, биологиялық қауіпті заттарды табу (жоғалту) – тұрғындарға зақымдау қаупі, шығарумен болған аварияларды тіркеудегі кез–келген жағдай немесе кемуі, көзін табу немесе жоғалтудың кез–келген жағдайы.

Радиоактивті заттардың тасталуымен болған авариялар – аварияны тіркеудің немесе радиоактивті заттарды табудың (жоғалтудың) кез–келген жағдайы:

атом электрстанцияларында (одан әрі - АЭС), ғылыми–зерттеу мекемелерінде – санитарлық қорғаудан тыс зонада қоршаған ортаның радиоактивті ластануы 100 және одан көп; АЭС үшін болуы мүмкін тәуліктік тастамалардан 10 есе артық радиоактивті заттардың шығарылуы; трансшекаралық таралуға әкелетін радиоактивті заттардың шығуымен болатын кез–келген авариялар.

Тіршілікпен қамтамасыз ету жүйесіндегі авариялар мен қираулар – шаруашылық нысандары іс–әрекетінің бұзылуына әкелген; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер – бір адам және одан да көп:

бөгеттердің бұзылуы (дамбалар, шлюздар)– тұрғындар мен аймақтарға қауіп төндіруі;

электроэнергетикалық жүйелерде (гидроэлектрстанцияларда, теплоэлектрстанцияларда, электр желілерінде) – электрэнергияны, жылу мен су беруді 1 тәулікке және одан көпке ажыратуға әкелу;

тіршілікпен қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелерінде (жылу желілерінде, ауыз сумен, коммуналдық газ құбырларымен қамтамасыз ету) – 50 адамнан аса тұрғындардың тіршілік әрекеті жағдайының бұзылуына әкелу;

қарқынды суды тазарту құрылысында; транспорттық қатынас элементтерінің кенеттен қирауы (көпірлердің, туннельдердің және басқа да құрылыстардың), соның ішінде салынып жатқан; ғимараттар мен тұрғын үй, өнеркәсіп құрылыстары, әлеуметтік–тұрмыстық және мәдени мақсаттағы құрылыстар.

Табиғи ортаның айрықша жоғарғы ластануы: атмосфералық ауаның ластануы – атмосферадағы зиянды қоспаның 50 есе және одан көп артуы: 8 сағат ішінде 30–49 есе; 2 тәулік ішінде 20-29 есе; қышқыл шөгінділерінің көлемді аймағының пайда болуы; теңіз (өзен) суының жоғарғы қабатының ластануы – ластаушы заттардың максималды бір жолғы артуы 100 есе және одан көп, егер бұл акваториялар хроникалық ластану зонасы болып табылмаса; су исінің 4 балдан аса қарқынмен және суға тән емес ерте пайда болуы; балықтар мен басқа да су организмдерінің жойылуына әкеліп соқтыратын улағыш заттардың пайда болуы; ерітінді оттек құрамын 2 мг/л және одан аз төмендету; көлемі 6 км 2 су айдынының 1/3 және одан көп ауқымын төсеммен жабу; ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы;

Топырақтың ластану – ауыр металдар (соның ішінде радиоативті) мен басқа да зиянды заттардың жоғары болуы; химиялық қауіпті және экологиялық зиянды заттар бойынша 50 есе және одан да көп артуы немесе радиоактивті заттар бойынша 100 есе және одан көп; жер қойнауының өндірістік сипаттағы токсиканттармен ластануы; бедерсіз бір түстердің 50 немесе 100 есе артуы; жер қыртысының санитарлық токсикологиялық белгілер бойынша пестицидтермен 50 көп немесе 100 га аумақта фототоксикологиялық белгілер бойынша 100 көп ластануы.



Табиғи сипаттағы жағдай.

Жер сілкінісі – Рихтер шкаласы бойынша 2 және одан көп балл. Геологиялық қауіпті құбылыстар: жердің үстіңгі қабатының көшкіндері, үйінділері, белдіктері, шөгінділері – шаруашылықтың басқа салаларындағы жұмыстың бұзылуы; қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп.


      Метереологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар мен басқа да зардап шеккендер саны бір адам және одан көп:
      күшті жел (соның ішінде құйындар мен дауылдар) – желдің жылдамдығы қарқынды кезінде 25 м/сек және одан көп, таулы аймақтарда 30-35 м/сек дейін;

iрі бұршақ – бұршақ диаметрі 20 мм және одан көп; күшті жаңбыр (нөсер) – жауын–шашын мөлшері 12 және одан аз сағат ішінде 50 мм және одан көп, ал таулы, селолық және нөсерлі қауіпті аудандарда – 12 және одан аз сағат ішінде 30 мм және одан көп; күшті қар – жауын–шашын мөлшері 12 сағат ішінде 20 мм және одан  көп; күшті боран (қарлы борасындар) – желдің 15 м/сек жылдамдығы кезінде ұзақтығы 12 сағат және одан көп; күшті тайғақ, қатты мұз басу, жабысқақ қар – сымдардағы шөгінділердің диаметрі 20 мм және одан көп, жол учаскелеріндегі мұздың болуы 1 км және одан көп; күшті аяз, күшті ыстық – жергілікті органдармен анықталады; қатқақ – вегетативті мезгілде ауа температурасының төмендеуі (топырақтың жоғарғы қабатында) 0 о С төмен; ауылшаруашылығы мәдениетінің белсенді вегетациясы кезіндегі олардың жойылуына әкелетін мезгілдер (көктем–жаздың басы) мен шұғыл ерте мезгілдер (жаз–күздің басы); құрғақшылық – 20 күн және одан көп уақытқа ауаның салыстырмалы ылғалдылығының сақталуы күндіз 30% және одан аз, бұл 35 мм және одан аз ылғал қоры кезінде өсімдіктердің бұзылуын туғызатын жер қыртысының метрлік қабатында; күшті тұман – 12 сағат және одан көп уақыттағы көру мүмкіндігі 100 м және одан аз; күшті шаңды (топырақты) дауылдар – желдің 15 м/с және одан көп басым жылдамдығында ұзақтығы 12 сағат және одан көп; аңызақ жел – 5 м/с қатты жел мен гүлдену, дәннің пісіп жетілу мезгіліндегі ауаның 30% кем салыстырмалы ылғалдылығы кезінде ауаның орташа тәуліктік температурасының 5 күн ішінде сақталуы 25 о С.

Гидрологиялық қауіпті құбылыстар – қаза тапқандар саны бір адам және одан көп; жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер – үш адам және одан көп: тасқын су, жаңбырлы селдер, мұз кептелісі мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі (су басу) – елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басумен немесе су басу қаупімен аса қауіпті (жоғарғы) деңгейден асып түсу;

судың төменгі деңгейі – ірі қалалардың, өндірістік аймақтардың су дуалдары мен жер суландыру жүйесінің жобалық белгісінен төмен, бір ай және одан көп уақыт ішінде кеме жүзетін өзендердегі навигациялық деңгейден төмен;

селдер – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы селдердің өтуі;

қарлы борасындар – елді мекендер, шаруашылық кешендерінің нысандары болған зақымданған аймақтардағы қар көшкіндерінің түсуі.

Табиғи өрттер – қаза тапқандар, жараланғандар, зақымданғандар және басқа зардап шеккендер бір адам және одан көп; 50 бас және одан көп ірі қараның өлуі; 100 бас және одан көп үй құсының өлуі; 100 тонна және одан көп пішеннің өртеніп кетуі: орман өрттері – 2 га және одан көп ауқымда; далалық өрттер (жер оттылығы) – 50 га және одан көп ауқымда; дәнді және басқа дақылдардың егінді алқабының жануы – 20 га және одан көп ауқымда;
      мұнай мен газды конденсаттық кен орындарында – өрттің кез–келген жағдайы; жанғыш пайдалы қазбалардың жерасты өрттері – жерасты қазбаларындағы жанудың кез–келген жағдайы.

Жұқпалы аурулар мен уланулар: жұқпалы аурулар – ауырғандар немесе аса қауіпті жұқпалы аурулардың – чума, тырысқақ, безгек сияқты вирусты тасығыштар анықталған кезінде; әрбір өліммен аяқталар диагноз немесе аса қауіпті жұқпалы ауруларға – бруцеллез, бөртпе сүзек, жамандат, құтыру, туляремия, крымдық геморрагиялық безгек, Эбол безгегі сияқты; әрбір анықталған ауру – құтыру, жапондық энцефалит, малярия жағдайында; аса қауіпті жұқпалы аурулар кезінде: бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 5 және одан көп – бруцеллез, эпидемиялық; бір уақытта немесе аудан аймағында бір инкубациялық мезгіл ішінде туындаған науқастар саны 10 және одан көп – іш сүзек, паратиф, геморрагиялық безгек, лептоспироз, энцефалит, Ку безгегі сияқты; менингококтық індет 15 және одан көп аурулар санымен; дизентерия, сальмонеллез, вирусты гепатит және 25 ауру және одан көп адам санымен белгіленген немесе белгіленбеген этиологияның басқа да қатты ішек аурулары; 20 ауру және одан көп адам санымен анықталмаған этиологияның бір уақытта туындаған аурулары кезінде, 15 және одан көп аурулар санымен диагнозы анықталмаған безгек аурулары; этиологиясына байланыссыз топтық аурулар 50 және одан көп адам санымен;

Сәулелік зақымданулар қатты немесе созылмалы сәулелік аурулар, жергілікті сәулелік зақымдану диагнозы анықталған әрбір жағдайда;
      Тағамдық улану – зардап шеккендер санына қарамастан өндірістің тағамдық саласының кәсіпорындарымен, қоғамдық тамақтану мен балалар және емдік-профилактикалық мекемелердің тағамдық одақтарымен байланысты тағамдық улану жағдайында.

Анықталмаған улы заттармен улану – жаппай жойылу, соның ішінде жабайылар, өлім (саны) мен ауру орташа статистикадан 3 және одан көп асып түскенде.

Өсімдіктердің ауруы мен жойылуы (ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті және жаппай ауруы; жабайы өсімдіктердің аса қауіпті және жаппай жойылуы) - өсімдіктің жойылуы (күюлер, қураулар мен басқа да белгілер), соның ішінде ормандар мен ауыл шаруашылығы өсімдіктері, 0,25 га ауқымда; зиянды жәндіктердің жаппай жойылуы.

Суда батып кеткендер – бір адам және одан көп.

Астрономиялық қауіпті құбылыстар: аспан денелерінің құлауы – аспан денелері құлауының кез-келген жағдайы; ғарыштық ұшқыш аппараттары мен олардың сынықтарының құлауы – тіркелудің кез-келген жағдайы; жер айналасы ғарыштық кеңістігіндегі радиациялық жағдайдың нашарлауы – протон ағымының қысымы энергиясымен 25 мэв 5х10 см ауқымда; аномальды атмосфералық құбылыстың пайда болуы – тіркелудің кез-келген жағдайы.

Төтенше жағдай туралы ақпаратты бағыттау туралы шешім ұйым басшылығымен, әкім аппаратымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық органдарымен оның нақты жағдайын және төтенше жағдайдың туындау мүмкіндігін, маңыздылығын есепке ала отырып қабылдайды.

7 сабақ. 1 - межелік бақылау
8 сабақ Іздеу құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет